Сыныбы:1. Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру)

Пәні: математика

Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру).

Мақсаты:

1. Есептемей өрнектерді салыстыруға үйрету;

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Жаңа материалдармен таныстыру үшін амалдар компоненттерінің атауларын қайталау қажет, қомпоненттердің бірі артқан (кеміген) кезде амалдардың нәтижесі қалай өзгеретініне талдау жасалынады. Ол үшін 87-88 сабақтарға ұқсас жұмыстар орындалады. №1 тапсырманы пайдалануға болады.

«Жұбын тап» ойыны. Тақтада мысалдар жазылған жапырақтар бейнеленген, олардың арасында бірдей жауаптары бар өрнектер болады, балалар оларды тауып, сәйкес жұптарды атайды.

6+4 7+2 9+1 5+4 4+3 9-2

Ауызша жаттығулар:

- «артық» фигураны ата және тап, өз таңдауларыңды түсіндір.

               
     
       
 
 


-фигураларды топтарға бөл:

       
   
 


Ауызша жаттығуларды орындау кезінде мұғалімнің «артық» фигураның қандай белгілері бойынша алынғанын, топтарға қалай бөләнгенін (пішіні, түсі) нақтылап отыруы міндетт

№4 тапсырма теңдеумен таныстыруға дайындық жұмысы болып табылады. Мұғалім келесі сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды ұсынуына және балалардан осындай тапсырмаларды ойластырып, жолдастарынан оны орындауды сұрауын тапсыруға болады.

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Оқулықтағы №1 тапсырма сол күйінде дәптерде де берілген, жаңа тақырыппен танысу үшін дайындық қызметін атқарады. Тапсырма ұжымыммен түсіндіріле отырып орындалады. Кестенің әрқайсысы бойынша толтырылғаннан кейін міндетті түрде қорытынды жасалады.

№2 тапсырма «жеңілден күрделіге қарай» принципімен құрылған. Мұғалім алдымен теңсіздіктің оң және сол жақ бөліктерін талдап алу керектігін түсіндіреді. Оң жақта а әрпі, сол жақта осы санға 3 саны қосылды.олай болса, сол жақта өрнектің мәні артық болады. «<» таңбасын қоямыз. 5-с * 10-с теңсіздігі біршама қиындық туғызады. Қандай да айырманың мәні де кем болады. «<» таңбасын қоямыз.

Өзіндік жұмыс.

І V. Бекіту:

Жаңа сабақты бекіту.

Алғашқы білім деңгейлерін бақылау үшін №3 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды тапсыруға болады. Бұл тапсырманы орындау кезінде өз беттерінше орындау үлесін біртіндеп арттыра беру керек.

V Үйге тапсырма:

VІ. Бағалау: оқушылырды мадақтап, бағалау

Тексерілді:---------------

Күні: Реті:91


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: