double arrow

Билет 9

Құранның тарихи түпнұсқалары

Құран Исламның алғашқы кезеңінен бастап жазылған. Бұл тақырыпта айтылатын мәселе солардың сақталуы. Ең алғашқы бір мұсхаф кітап болып Әбу Бәкір заманында жазылған еді. Осы мұсхаф Әбу Бәкірден кейін халифа Омардың қолында болды. Ол бұл өмірден өткенде қызы Хафсаның үйінде сақталды. Кейіннен хазіреті Оспан уақытша сұрап алып, Зәйд ибн Сәбиттің төрағалығымен құрылған топ арқылы көбейтіп, Хафсаға қайтып берген. Оның қолында сол нұсқа көп жыл бойы сақталған. Кейіннен Мәруән Хафсаға адам жіберіп, сол түпнұсқаны сұрады. Бірақ ол мұсхафты бермеді. Арадан жылдар өтіп, Хафса қайтыс болғанда, мұсхаф Омардың баласының қолына өтті. Міне осы кезде Мәруән тағы да адам жіберіп, Омардың баласынан түпнұсқаны сұрап алған. Осылайша алғашқы түпнұсқа Омяттардың қолына өткен[1]. Кейбір ғалымдар Омяттар оны сақтық үшін жағып жіберсе керек деген тұжырымдар жасайды. Бірақ Омяттардан кейін сол түпнұсқаның қайда кеткені хақында ешбір мағлұмат жоқ.

Халифа Оспан көбейтіп, негізгі бес қалаға таратқан Құран түпнұсқалары жайлы баян етелік:

1. Мәдина мұсхафы. Халифа Оспанның заманында көбейтілген Құранның біреуі Мәдина қаласында қалған. Ол кейіннен Мәдина қаласында Пайғамбарымыздың мешітінде ұзақ жылдар бойы сақталған. Оның сол жерде сақталғаны жайлы көптеген ғасырдың саяхатшылары баян етеді. Солардың бірі Ислам ғалымы Мәуләна Шибли «Тәһзибул-ахлақ» жинағында осы нұсқаның 735 жылы сол жерде болғандығын жазады. Кітаптың үстінде: «Аллаһ Елшісінің сахабаларының бір жамағатының жинағаны осы. Бұлардың арасында Зәйд ибн Сәбит, Абдуллаһ ибн Зубәйір және Сайд ибн Ас болған!» деп, нұсқаның екінші жағында жинауға қатысқан басқа сахабалардың да есімдері жазылған. Осы түпнұсқа бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін сол жерде сақталып келген. Соғыс уақытында ғана сақтық жасап, арнайы мықты жерде сақтауға алынған. Соғыс аяқталғанда қайта орнына қойылған. Мұса Жаруллаһ 1930 жылы большевиктерден қашып, мұсылман елдерінде жүргенде Құран түпнұсқалары жайлы зерттеп, Үндістанда басқан. Сол кітапта ол Мәдинадағы түпнұсқаның Пайғамбары-мыздың мешітінде тұрғанын жазады.

2. Куфа мұсхафы. Халифа Оспан көбейтілген Құранның біреуін Куфаға жіберген еді. Осы нұсқа кейінгі ғасырларда Тарсус қаласында сақталады. Ғалымдар оның Аббаситтер заманында барған болса керек деп жорамалдайды. Өйткені, Аббаситтер халифалары сол жерде өмір сүрген. Кейіннен осы түпнұсқа Сирияның Хумус қамалына өтіп, сол жерде сақталған. Атақты Наблуси 1689 жылы сол қамалдан көргенін жазады. Ол да бірінші дүниежүзілік соғысына дейін сол жерде сақталып, соғыс уақытында арнайы бір жерде қорғалған.

3. Мекке мұсхафы. Мәуләнә Шибли кітабында һижраның 735-інші жылы сол жерде болғанын жазады. Бұл мұсхаф жайлы терең мағлұматтар өте аз.

4. Басра мұсхафы: Бұл мұсхаф Басрадан Куртуба қаласына апарылған. Кейінгі жылдары Португалияға апарылған. Ол жерден бір саудагер сатып алып Марокко қаласына жеткізген. Ол сол жерде мемлекет қазына-сында ұзақ уақыт сақталған. Бірақ одан кейін не болғаны беймәлім.

5. Шам мұсхафы. Иерусалим мен Дамасктың арасында орналасқан Табәрия деген жерде сақталып, кейіннен Шам қаласына жеткізілген. Мәуләнә Шибли жинағында Әбул-Қасым әс-Сәбти һижраның 657 жылы Шам қаласының мешітінде хазіреті Оспанның сол жерге жіберген мұсхафын көргенін жазады. Басқа ғалымдар кейінгі жылдарда сол қалада, бірақ басқа мешітте көргендерін жазады. Бірақ Сұлтан Хамит заманында мешітте өрт шығып, ол да бірге жанып кеткендігі жайлы хабарлар да бар.

Бұдан басқа да хазіреті Оспанның мұсхафы деген түпнұсқа бар. Бұл түпнұсқа жайлы Мұса Жаруллаһ былай дейді: «Құран Кәрімнің бұл нұсқасы 1868 жылы Самарқандтан Хажей Ахзар «Убәдуллаһ Хазрет» медре-сесінен Петрбург кітапханасына апарылып, төңкеріске дейін сол жерде тұрды. 1917 жылы большевик төңкері-сінен кейін Ресей мұсылмандары ұйымы үкіметтің рұқсатымен сол мұсхафты орталық кітапханадан алып Уфа қаласына апарады. Ол осында алты жыл сақталды. Кейін Түркістан мұсылмандары қатаң талап етіп, үлкен мұсхаф ресми бір топтың бақылауымен арнайы бір вагонмен Уфадан Ташкент қаласына апарылып, Ресей мұсылмандарының Ислам Шейхінің қолымен 1923 жылы Түркістан мұсылмандарына тапсырылады. Қазір сол үлкен мұсхаф Ташкентте Бейлербейі мешітінде салынған бір бөлмеде сақтаулы» (Мұса Жаруллаһ, 1927)[2].

Бұдан басқа да қәзіргі уақытта Ыстанбұлда сақтал-ған хазіреті Оспанға тән һижраның отызыншы жылдары жазылған мұсхаф және хазіреті Әлидің жазуына ишарат етілген мұсхаф, һәм хазіреті Омарға тән теріге жазылған мұсхаф, басқа да сол алғашқы жылдары жазылған сүрелер бар. Бұдан басқа Мысырда да хазіреті Әли жазған және жаздырған Құран нұсқалары бар.

Құранның түпнұсқалары ғасырдан ғасырға көбей-тіліп, бізге жеткен. Құранның түпнұсқалары жайлы зерттелген кітаптарда қазіргі мұсылман әлемінің Түркия, Мысыр, тіпті еуропаның Париж, Лондон, Ватикан, Берлин, Петербург т.б. кітапханаларында әр ғасырда жазылған Құрандар бар. Міне, Құран осылай бұрынғы кітаптарға ұқсамай, толықтай бізге жеткен. Оның айғағы егер сіз жоғарыда айтылған Құран нұсқаларының бәрін бір жерге жинап, саралап қарасаңыз, ешбірінен өзгешелік таба алмайсыз. Сонау хазіреті Оспан заманында жазылған Құранның нұсқасы мен қазіргі қолыңыздағы нұсқаның бір әріп те болсын өзгешелігі жоқтығына кәміл куә боласыз. Сонда сіз Аллаһ Тағаланың «Расында, Құранды Біз түсірдік, әлбетте, оны Біз сөзсіз сақтаймыз» (Хижыр, 15:9) деп берген уәдесінің орындалып жатқанын аңғарып, бас иіп тағзым етесіз. Егер сол заманғы мен қазіргі заманғы нұсқалардың арасында бір әріп те болсын өзгешілік болса еді, батыстың шығыстанушы зерттеушілері құйындай құтырып, әлемге «бұл адамның сөзі», «талай өзгеріске ұшыраған» деп жар салар еді. Бірақ олар да күндердің бір күні қателектерін мойындап, Құран ақиқаттарына бас иер! Негізінде сол зерттеушілердің арасында Құранның ақиқатын аңғарып, қазір мойын-сұнып жатқан ғалымдар да бар.

2 Сахаба дәуірінен кейінгі Құран тарихы жауабы үстіндегіге ұқсайды басқа мәлімет жоқ

3 Христиандықтың шығу тарихы.

Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим импершк ы ның шығыс олкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д./і 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды

Б. з-дың бас кезінде Рим империясының басқа бөліктеріндегідей Палестинада да әлеуметтік, қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп тұрды. Сонымен қатар 1 ғасыр империяның жаңа саяси формасы қалыптасуының кезеңі болды. Антикалық тәртіптің дағдарысы, жаңа саяси шындықтың қалыптаса бастауы адамдардың өмірінде қиындық туғызып, қиыншылық пен зұлымдықтан құтылудың жолын іздеуге итермеледі.

Жергілікті дәстүрлермен, киелі діни орындармен санаспаған жатжерліктер билігіне деген наразылық, Римге қарсы көтерілістердің аяусыз басып-жаншылуынан туындаған енжарлық, әлеуметтік және мүліктік теңсіздіктің тереңдеуі, ішкі қайшылықтар, сенімсіздік пен селқостық, болашақтың бұлыңғырлығы сезімі мен мистикалық сарыуайым сарындарын туындатты. Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада көп кешікпей құтқарушының, мессияның (машиах) "құдай белгісі бардың” келетінін және оның иудей халқын құтқарып, "иудей патшасы” болатын­дығын уағыздаушылар қаптап кетті. Шығыстың әртүрлі діни ілімдері сияқты Рим діні де аш-жалаңаш халыққа ешбір үміт бере алмады, Рим дінінің ұлттық сипаты ұлттық әділеттілік, аман қалу теңдігі идеяларын нығайтуға мүмкіндік бермеді. Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқатын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды.

Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.

Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырды. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді.

Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрды. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты.

Шығыс славяндық алғашқы кітап бастырушылар Франтишек Скорин мен Иван Федров өз заманының конфессиональды және тілдік жағдайында.

4 Франци́ск Луки́ч Скори́на – Библияны белорус тіліне аударушы, баспагер. Ол Библияны шіркеуславяндық тілге аудара отырып көптеген белорус сөздерін қолданғандықтан қазіргі лингвисттер оның еңбегін белорус тілінде өңделген деп санайды әйтсе де бұл еңбекте чех және поляк сөздерінің кездесетіні айтылуда. Скоринаның Библиясы сол кездегі ережелерді бұзды, онда баспагердің сөздері мен гравюралары қолданғандықтан православтық және католиктік шіркеу оны мойындамады. Скоринаның қай конфессияға жатқандығы белгісіз.

Ива́н Фёдоров – ең бірінші орыс кітап баспагері болып саналады. Ең танымал еңбегі «Апостол» болып саналады. Бұл кітапта евангелист Лука гравюрасы өрнектелген. Ол «Жаңа Өсиет» пен славяндық Библияны басып шығарды.

№ 10 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Құран Ислам өркениетінің негізі

Мұсылмандар Құран Кәрімнің Аллаһ тарапынан Мұхаммед пайғамбарға түсірілген ақырғы қасиетті кітап екеніне иман келтіреді. Сондықтан олар Құранды тиләуәт етіп оқу, оны тыңдау, оған сәйкес амал ету адамды Аллаһқа жақындататын, жүрегін тыныштандыратын ғибадат екеніне сенеді. Олар Құранның олардың мәдениеті мен дәстүрінің бастауы екеніне, сол Құран арқылы олардың діни және дүнияуи өмірде дәуірлегеніне күмән келтірмейді.

Құранның артықшылықтары мен он үйренудің сауабы турасында көптеген хадистер келген.

Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің[8].

Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді[9].

Құран оқыған адамға айтылады: «Дүниеде қалай оқысаң солай оқы да (жәннәтқа) көтеріл, шын мәнінде сенің орның соңғы аятты қай жерде оқысаң — сол жерде»[9].

Қандай да бір қауым Аллаһтың үйінде жиналып Аллаһтың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Аллаһтың мейіріміне бөлінеді, оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды қасындағылардың жанында еске алады...[10]

және т.б.

Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл өмірі осы Кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Аллаһ разы болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл Кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды[5]. Бұл тұжырым Құранда келген аяттар мен Сүннетте келген хадистерге негізделген. Мысалға:

Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады[11].

Кімде-кім Мені еске алудан бет бұрса, оның өмірі тарылып, Біз оны Қиямет күні соқыр қып жинаймыз[12].

Әд-Дарими Әли ибн Әбу Талибтан жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар : «Фитналар (сынақтар) болады» деп айтқан. Әли одан сұрайды: «Одан қалай шығамыз?» деп. Ол былай жауап береді:

Аллаһтың Кітабы (арқылы). Оның ішінде сендердің алдарыңда және сендерден кейін не болатыны туралы хабар, араларыңда болған нәрселердің үкімі, ол шешуші, әзіл емес, кімде-кім оны тәкәппарлықпен тастаса — Аллаһ оны жояды, одан басқадан тура жолды іздесе — Аллаһ оны адастырады. Ол Аллаһтың мықты жібі, хикметті зікір, тура жол, онымен армандар адаспайды, онымен тілдер шатыспайды, ғалымдар оған тоймайды, ол қарсылықтың көптігінен тозбайды, оның ғажайыптары үзілмейді. Оны естіген жындар: «Біз ғажап Құранды естідік» деуді тоқтатпайды. Ол сондай Құран, онымен сөйлеген адам — шындық айтады, онымен үкім еткен — әділ болады, оған сәйкес амал еткен — сауап алады, оған шақырған — тура жолға салынады[13].

Құранның ішінде ақиданың, ораза, зекет секілді ғибадаттардың, сауда-саттық, үйлену мен айырылысу, мұрагерлік құқық сияқты адамдар арасында қарым-қатынастың және әдеп пен мінез-құлықтың үкімдері жинақталып, баяндалған[13]. Ислам ғұламалары ерте заманнан бастап адамдарға жеңілдету үшін Құран аяттарынан алынған фиқһ, ғибадат, мауамалат сияқты үкімдерге қатысты дәлелдерді жинақтауға арналған еңбектер жаза бастаған. Мұсылмандар Құранда тура жол мен дүниелік мәселелерді реттейтін бұрынғы қасиетті кітаптарда келген барлық нәрсе жиналғанына сенеді. Бұған дәлел ретінде олар әл-Мәида сүресіндегі келесі аяттарды келтіреді:

Саған Құранды шынайы түрде өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы әрі қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың арасында Аллаһ түсіргенге сәйкес үкім қыл да өзіңе келген хақтан айрылып, олардың ойларына ерме. Сендердің әрбіреуіңе заң мен тура жол жасап қойдық. Егер Аллаһ қалағанда барлығыңды бір үммет қылатын еді. Бірақ сендерге келген нәрседе сынау үшін. Ендеше жақсылыққа ұмтылыңдар! Сендердің барлығың Аллаһқа қайтасыңдар да Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.

Тәпсір ғалымдары Құранның Забур, Тәурат, Інжіл секілді кітаптардың ішінде айтылған заттарды қамтитынын айтады және оған қоса құдайлық мәселелері мен рухани этикетті баяндайтынын айтады.

2. Құранның қазақ мұсылман қоғамындағы орны

3. Иисустың тарихилылығы және Иисус өмірінің хронологиясы.

Құтқарушы Исаның шынымен өмір сүргендігінің ең маңызды айғағы — жиырма жеті жазбадан тұратын, әр­қайсысы Исаның өмірі мен ілімі және Ол бастаған қозғалыс туралы әңгімелейтін Інжіл шариф. Сол жаз­ба­лар­дың алғашқы төртеуі «Ізгі хабар» деп аталып, Иса­ның өмірі мен ілімі жайлы баяндайды. Бұлардың екеуін жаз­ғандар — Исаны өз көзімен көріп, бірнеше жыл бойы Оның қасында жүргендер. Ал қалған екі «Ізгі хабар» бәрін көздерімен көрген куәлардың баяндап айтқан­да­ры­нан жинақталып, құрастырылып жазылған. Осы құжат­тар Исаның өмірі мен іс-әрекеттерінің бұлтартпас дәлел­­дері.

Дегенмен, Исаның өмірі жайлы бұлардан басқа да тарихи айғақтар бар; Исаның жолына түспеген яҺуди тарихшысы Иосиф (Жүсіп) Флавий де «ЯҺудилердің көне тарихы» деген еңбегінде Иса туралы жазып қалдырған. Рим империясының Иса тұрған өлкесін билеген әмірші Понти Пилаттың дәуірін суреттей келіп, Иосиф Флавий (18 томының 3 тарауында) былай деп жазады:

«Ал сол кездің шамасында аса данышпан адам Иса өмір сүрді — егер оны адам деп атау орынды болса, себебі ол керемет істер жасап жүрді. Ол шын­дық­ты қуана қабылдағандардың Ұстазы болып, көптеген яҺуди­лер мен гректерді өзіне тартып отырды. Ол — Мәсіх (Құтқарушы Патша) еді. Арамыздағы басты адамдар­дың ұсынысымен Пилат оны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастауға үкім шығарғаннан кейін Исаны алғашқыда сүйгендер одан бас тартқан жоқ. Себебі ол үшінші күні қайта тіріліп, оларға көрінді. Құдайдың пайғамбарлары ол туралы мұны да, басқа да он мыңдаған ғажап оқи­ға­ларды алдын ала айтып кеткен болатын. Күні бүгінге дейін өздерін соның атымен мәсіхшілер руы (қауымы) деп атап жүргендер бар».

Иосиф Флавий осы «Көне тарихын» біздің заманы­мыз­дың бірінші ғасырының аяғында жазып, Рим импера­то­ры Домицианның билік құруының 13-ші жылы (б.з. 93-94 ж.) аяқтады. Бұл шығарма — көне еврей тарихы туралы негізгі мәлімет көздерінің бірі.

Сонымен қатар, Неронның билік құруын сипаттаған, Римнің басқа бір тарихшысы — Корнелий Тацит те Иса және Римде тұратын мәсіхшілер туралы айтып өтеді. (Жылнамалар,(Жылнамалар, ХI, 44, шамамен б.з. 112 ж. жазылған). Римнің тағы бір тарихшысы — Светоний де б.з. 120 жыл­дары жазылған кітабында Иса және Оның жолы­мен жүретіндер туралы айта кетеді. (Клавдийдің өмірі, 25.4). Рим тарихшысы Кіші Плиний де Иса туралы б.з. 112 жылы жазған (Хаттар, I, 96).

Інжіл шарифтегі «Ізгі хабарлардың» бірін жазып қал­дырған елші Лұқа болған оқиғаларды ерекше мұқият баяндаған тарихшы болған. Лұқа Иса Мәсіхтің өмірін сипаттап жазуда ерекше тәптіштеп зерттелген тарихи деректерге сүйенемін деп құрметті досын сендіріп, былай деп жаза бастайды:

«Қадірлі Теофил! Ізгі хабарды уағыздаушылар ара­мыз­даәбден белгілі болған оқиға­ларды басынан бастап өз көздерімен көріп, бізге қалай айтып жеткізсе, дәл солай әңгі­мелеп беруге көп адамдар кірісіп кетті. Олар іспетті мен де өзіңіз үйрен­ген осы ілімнің берік негі­зі­не әбден көз жеткізуіңіз үшін бәрін басы­нан бастап ұқып­ты зерт­теп, рет-ретімен жазып бер­сем игі бо­лар еді деп ұйғардым» (Лұқа 1:1-4).

Лұқа Исаның істерін сипаттай бастағанда, олардың қандай тарихи заманда болғанын атап көрсетеді:

«Рим патшасы Тіберидің билік құрғанынан кейінгі он бесінші жылында, ЯҺудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод Антипас — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі, ал Ханна мен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды (Лұқа 3:1-2). (Осындағы Итурея, Трахонит және Абілене — бүгінгі Ливан мен Сирия елдеріндегі аймақтар.)

Исаның өмірі мен ілімі туралы «Ізгі хабар» деген өзге үш баяндамаларда да айқын тарихи сілтемелер бар. Оларды тарихи деректерді қадірлейтін кісілер жазған. Бұл жазушылардың екеуі — Матай мен Жохан Иса­ның жер бетіндегі қызметі кезінде Оның шәкірттері болған. Ал Марқа болса, Исаның басқа бір шәкірті — Петірдің жақын досы болатын. Інжіл шарифте Петірдің өзі жаз­ған екі хаты да бар. Біз жоғарыда айтып кеткен Лұқа елші де Петірмен және Мәсіхтің бірнеше өзге шәкірт­терімен бірталай уақыт өткізіп, олардың Исамен бірге жүргенде Одан көріп-естігендерін тәптіштеп жазып қал­дырды. Лұқа, сондай-ақ, Иса Мәсіхтің өмірі мен ілімі­мен қатар, Оның ең жақын ізбасарлары мен солардың шәкірттерінің өмірі мен қызметі туралы Інжіл шариф­тегі «Елшілердің істері» деген баяндаманы да жазыпқал­дырды.

Сондықтан бізде Исаның шынымен өмір сүргендігі туралы бұлтартпас тарихи дәлелдер бар. Көне тарих­та­ғы көптеген басқа кең танымал тұлғалармен салыстыр­ған­да, Иса Мәсіхтің өмірі мен ілімі жайлы шынында да әлдеқайда көбірек білеміз.

4. Библия мәтіндеріндегі қарама қайшылық.

БИБЛЕЙСКИЕ ПРОТИВОРЕЧИЯ — противоречащие один другому по их смыслу тексты Библии. Америк, пастор Сендерленд насчитал ок. 10 тыс. таких противоречивых мест. Б. п. относятся к фактич. стороне тех или иных сообщений Библии и к смыслу религ. учений, в частности к содержанию норм морали.

Противоречия первого рода начинаются уже с первых строк Ветхого завета. Напр., I и II главы кн. Бытия дают совершенно несовместимые повествования о сотворении мира. Изобилует противоречиями сказание о всемирном потопе: от всех животных Ною было приказано взять в ковчег по паре (Быт. 6, 19), а по др. варианту — от «чистых» по 7 пар и от «нечистых» по одной (7, 2); дождь, вызвавший потоп, продолжался то ли 150 дней (7, 24), то ли 40 дней (7, 12). В двух несовпадающих вариантах даны знаменитые 10 заповедей (Исх. 20, 3— 17, Второзак. 5, 7—21, Исх. 34,12— 26). Не меньше подобных противоречий и в Новом завете, особенно в евангелиях. Три первых-евангелия дают совершенно иную картину жизни Христа, чем Евангелие от Иоанна. Но и между первыми тремя много разногласий. Так, в Евангелии от Матфея насчитывается от Авраама до Иисуса 42 поколения (1, 1—17), в Евангелии от Луки — 56 (3, 23— 33). По Матфею, Мария и Иосиф с младенцем Иисусом бежали в Египет (2, 14—15); по Луке (гл. 2), они не покидали Иудеи. Евангелия от Матфея и от Луки расходятся в перечислении имен апостолов: в первом фигурирует «Леввей, прозванный Фаддеем» (10, 3), во втором вместо Леввея— Иуда Иаковлев (6, 16). Евангелия расходятся и в вопросе о том, был ли крещен Иисус Иоанном Крестителем: по Евангелию от Луки, Иоанн во время крещения Иисуса находился в тюрьме (3, 19— 21). Значительно количество противоречий в сказаниях об аресте, казни, воскресении и вознесении Христа.

Весьма противоречиво выглядят моральные поучения Библии. Напр., к каждой из 10 заповедей можно привести ряд библ. текстов, либо прямо противоречащих ей, либо сообщающих о такой одобряемой богом практике, к-рая решительно противоречит данной заповеди. Так, с заповедью, запрещающей воровство, совершенно пе совмещаются наставления, как обокрасть египтян, данные богом израильтянам (Исх. 3, 22; И, 2—3; 12, 35-36). Заповеди, запрещающие убийство и прелюбодеяние, оказываются в полном противоречии с проводимой под руководством бога практикой систематич. истребления населения Ханаана, с повествованиями об отношении к женщинам Соломона, Давида и подобных им «праведников». Противоречивость библ. морали дает основания считать, что в Библии нет цельной морально-этич. системы, в ней содержатся разрозн. и разнохарактерные моральные нормы.

Богословы не в состоянии дать вразумит, объяснения Б. п., любые их объяснения подрывают догмат о боговдохновенности Библии. Даже ссылка на ошибки сделанные переписчиками и переводчиками, опасна для богословия, открывая возможность признать «поврежденным» существующий библ. текст. Правильное объяснение причин противоречивости библ. текста заключается в том, что на протяжении тысячелетия, в течение которого создавался этот текст, в нем наслаивались элементы разл. происхождения. Библ. книги представляют собой пеструю мозаику фрагментов разных истор. эпох; авторами этих фрагментов были представители не только разл. социальных слоев др.-израильского народа в разные эпохи его существования, но и др. древних народов средиземноморского бассейна. Выявление Б. п. в громадной степени способствовало развенчанию Библии как «свящ. писания».

№ 11 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Құранға түсініктеме жасаудың қажеттілігі.

Құран кәрімді толықтай тек Расулуллаһ алейһиссалам түсінген. Өйткені Құран кәрім пайғамбарымызға түскен. Одан басқа адам толық түсіне алмайды. Сол себепті Аллаһу та’ала «Адамдарға ашықтап түсіндіресің деп Құранды саған түсірдік.» деп бұйырған. (Нахл 44) Түсіндіру – аяти кәрималарды басқа сөздермен және басқа көріністе ашықтау дегенді білдіреді. Қарапайым халық былай тұрсын, Құран кәрімді егер үмметінің ғұламалары толық түсіне алғанда және астарлы аяттарды ашықтай алғандарында Аллаһу та’ала пайғамбарымызға “саған уахи жолымен жіберілгендерді адамдарға жеткіз” дер еді, ашықтап түсіндіруін әмір етпес еді. Осы және осыған ұқсас аяттардың барына қарамастан «Расулуллаһтың Құранды әкелуімен жұмысы бітті, ол ортада хабарды жеткізуші ғана еді» дейтін мазһабсыз дүмшелер бар. Сахабалар адамзаттың ең саралары, ең үстемі, пайғамбардың шәкірттері болуларына және ана тілдері арапша болуларына қарамай, кейбір аяттарды түсіне алмай пайғамбарымыздан сұрайтын еді. Расулуллаһ Құран кәрімнің толық тәфсирін жасап сахабаларына түсіндірген. Аяттарға сахабалардың білдіргендерінен басқаша мағына беретіндер адасады, тіпті күпірге де түседі. Тәфсир ілімі жеке ой пікірге емес, нақлға сүйенеді. (Нақл ету: қысқаша біреуден естіген немесе оқыған нәрсесін білдіру деген сөз) Хазреті Мұхаммед Масум Фаруқи былай деген:«Бір күні пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкірге нәзік марифат мәселелерін оның дәрежесіне қарай түсіндіріп жатқан еді. Қастарына хазреті Омар келгенде пайғамбарымыз сөздерін ол түсінетін деңгейге ауыстырды. Хазреті Осман келгенінде сөйлеу әдісін тағы өзгертті. Хазреті Әли келгенде сөздерін бәрі түсіне алатын деңгейге ауыстырды. Расулуллаһтың осылайша әр ретінде сөйлеу стилін өзгертуі ол жердегі адамдардың қабілеттерінің әр түрлі болуынан туындаған.» Құран кәрімді арапша білетін адам да толық түсіне алмайды. Тіл білу басқа, ілім білу басқа. Қазақша білетін адамның бәрі медицина, хұқық, инженерия ілімдерді түсіне ала ма? Хадис шәрифте «Құран Аллаһтың мәтін жібі. Мағыналарының барлығын түсіну мүмкін емес.» деп бұйырылған. Құран кәрім өте уәжиз (аз сөзде көп мағыналар берілген) екендігі және бітпейтін, таусылмайтын мағыналарының барлығы бізге білдірілген күнде де оны жазу үшін қағаз және сия жетпейтіні былай білдірілген: «Оларға айт: Раббымның (хикметті) сөздері үшін теңіздер сияға айналса, оған тағы да соншама теңіздер қосылса, теңіздер бітеді, Раббымның сөздері бітпейді.» (Кәһф 109). Мәудуатул-улум кітабында былай делінеді:«Құран ілімі – іші таңғажайып, ақылдарды таңқалдыратын сансыз көп ғажайып халдерге толы шексіз теңіз. Ондағы барлық ілімді үйрену, оның сырына жету мүмкін емес.». Адамдардың жазған Конституцияның өзін түсіне алу үшін юристтерге жүгінеміз. Заңның бір бабынан жұртшылық бірдей нәрсені түсіне алмай жатқанда Аллаһтың сөздерін қалай дұрыс түсіне аламыз?

2. Құранды түсінудегі діни таным мен діни тәжірибенің орны мен маңызы

Құран Кәрім – асыл дініміздің қайнар көзі. Ол амалға асырылу үшін түсірілді. Алайда, оны түсінбей тұрып, онымен амал ету әсте мүмкін емес. Алла Тағала «Ант етейік, Біз Құранды түсінуге жеңіл қылдық. Түсінуші бар ма?» (Қамар, 17) дей отырып, оның аяттары жайлы ойлануға, мағынасын түсініп, ғибрат алуға шақырады.

Ұлы Раббымыз Құран сөздерінің тіләуатын әрі жатталуын, мағынасының түсінілуін әрі үйренілуін жеңіл қылған. Өйткені, ол сөздердің ішіндегі ең көркемі және мағынасы ең турасы әрі ең ұғынықтысы. Сондықтан, Құран ілімі – ілімдердің ішіндегі ең жеңілі және ең ұлысы.

Құран Кәрімді түсіну және аяттарының мағынасы туралы ойлану тек ғалымдарға ғана тән нәрсе емес. Себебі, Алла Тағала Құранды түсінуге, мағынасы туралы ойлануға тек белгілі бір топты ғана емес, керісінше барлық құлдарын шақырады. Хазірет Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) тәпсірдің төрт қыры бар екенін айтқан.
Біріншісі: арабтардың өз тілдерінде түсінетіндері.
Екіншісі: жалпыға бірдей ұғынықты тәпсір.
Үшіншісі: ғалымдар түсіне алатын тәпсір.
Төртіншісі: Алладан басқа ешкім біле алмайтын тәпсір (Табари).

Ардақты сахабаның бұл сөздерінен қарапайым халықтың да Құран Кәрімнен түсіне алатын жерлері бар екенін ұғамыз. Мысалы, Құранда мағынасы ашық түрде айтылған үкімдерді, әсерлі уағыз-насихаттарды, Алланың аса құдіреттілігін, жалғыз ғана Жаратушы екенін, барлық нәрсені, тіпті құлдарының көкейіндегілерді білетіндігін, өлгеннен кейін қайта тірілуді, ақырет, жаннат және тозақтың бар екендігін т.с.с. нәрселерді Құран Кәрімді оқыған кез-келген адамның түсіне алары хақ.

Мұнымен қоса, Құранда мағынасын тек ғалымдар ғана түсіне алатын сырлы да құпия аяттардың бар екендігі жасырын емес. Мысалы, тіл ғалымдары араб тіліне тән «иғраб», «бәлағат» сынды ілімдерге сүйене отырып, басқалардың түсіне алмайтын нәрселерін түсіне алады. Сол сияқты, усулул-фиқһ саласының мамандары Құранның сырлы мағыналарына терең үңіле отырып, халал-харамға қатысты үкімдерді, дәлелдеу әдістерін және басқа да түрлі үкімдерді жарыққа шығарады. Бұл әрине қарапайым адамның қолынан келе салатын іс емес.

Құран Кәрімді оқыған кісінің мағынасы жайлы ойланғанда қате түсінікке жол беруі әбден мүмкін. Кейде адамның Құран меңзеген мағынадан мүлдем басқа бір мағынаны түсінуі ғажап емес. Бұл тіпті ардақты сахабаларда да кездескен жағдай. Абдулла бин Масғудтан жеткен бір риуаятта былай делінеді: «Иман келтіріп, имандарын зұлымдықпен араластырмағандар» деген аят түскенде біз: «Уа Расулалла! Қайсымыз өзіне зұлымдық жасамайды дейсіз?!» дедік. Сонда Алланың елшісі: «Ол сендер түсінгендей мағынада емес. Оның мағынасы – имандарын ширкпен, Аллаға серік қосумен араластырмағандар. Сендер Құрандағы Лұқманның өз ұлына: «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа. Расында, серік қосу – үлкен зұлымдық» деп айтқанын естімендіңдер ме?!» деп жауап береді (Бұхари, Мүслим). Сол сияқты, Хазірет Айша анамыз да бір хадисте былай дейді: Алланың елшісі «Қиямет күні кімде-кім есепке тартылса, ол азап шегеді» деді. Сол кезде мен: «Алла тағала: (бір аятта) «Келешекте, жеңіл есепке тартылады» демей ме?» дедім. Сонда Алланың елшісі: «Ол (аяттың мағынасы) есепке тартылу емес, құлдарға амалдарының көрсетілуі. Кімде-кім егер бүге-шүгесіне дейін есепке тартылса, ол азап шегеді» деді (Бұхари, Мүслим).

Айша анамыз аяттың сыртқы мағынасына сүйеніп солай айтқан еді. Себебі, есепке тартылу аз амалды да, көп амалды да қамтиды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) аяттағы есепке тартылуды мүмин пенде дүниеде істеген күнәларын Алланың жасырып, кешіргендігін білуі үшін амалдары өзіне көрсетіледі деп түсіндірген (Фатхул-Бари).

Құран ілімінің ғалымдары Құран Кәрімді түсіну және тәпсірлеу жолдарын баяндап өткен. Олар Құранды түсінудің негіздері болып табылады. Оларсыз Құранды түсінбек болған адамның қателікке бой алдырып, адасуы әбден мүмкін. Енді сол негіздердің бірнешеуіне тоқталып кетейік.

Бірінші: Құранды Құранмен тәпсірлеу. Мұның өзінің бірнеше жолы бар. Мысалы, мағынасын түсінбек болған аятты алдыңғы және кейінгі (сияқ-сибақ) аяттармен байланыстыра отырып, түсінуге тырысу. Аяттың мағынасын басқа сүредегі тақырыптас аяттардан іздеу. Себебі, бір сүреде қысқаша берілген аяттар келесі бір сүреде кеңінен баяндалады. Сол сияқты, бір тақырыпқа қатысты әр сүредегі аяттарды топтастырып, бір тұтас негізде қарастыру.

Екінші: Құранды сүннетпен тәпсірлеу. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мүбәрәк өмірі – Қасиетті Құранның жанды тәпсірі. Алла Тағала: «Біз саған Құранды адамдарға түсірілгенді баяндауың үшін түсірдік» (Нахл, 44) деп бұйырады. Имам Шафиғи: «Расулулланың берген үкімдері – ол оның Құраннан түсінгендері. Себебі, Алла Тағала былай дейді: «Адамдардың арасында Алланың өзіңе көрсеткені бойынша үкім етуің үшін саған шынайы түрде кітапты түсірдік», (Ниса, 105) деген.

Үшіншісі: Құранды сахабалардың сөздерімен тәпсірлеу. Себебі, олар Құран түскен алтын ғасырдың нағыз куәсі болды. Сондықтан олар Құран аяттарының кім хаққында, не турасында түскенін жақсы білген. Сондай-ақ, оларда өзгелерде жоқ толық әрі дұрыс таным мен салихалы түсінік болған. Ардақты сахаба Ибн Масғуд былай дейді: «Алланың атымен ант етейін, Құранда түскен барлық аяттың кімдер жайында және қайда түскенін жақсы білемін. Егер Алланың кітабын менен жақсы білетін біреуді білсем, міндетті түрде оған барар едім». Және ол: «Біз он аят үйренсек, олардың мағынасын толық түсініп, амалға асырмайынша басқа аятқа өтпейтін едік» деген (Ибн Кәсир).

Төртінші: Әсбабу нузул, яғни аяттардың түсу себептерін білу. Әсбабу нузулді білу Құранды дұрыс түсінуге жетелейді. Букайр Нафиғтан Ибн Омардың Харуриялықтар (Харижиттер) туралы ойын сұрайды. Нафиғ: «Ибн Омар оларды Алланың жаратқандарының ішіндегі ең жаманы деп есептейді. Себебі, олар кәпірлер хаққында түскен аяттарды мүминдерге қатысты етті» деп жауап береді.

Бесінші: Араб тілін жетік білу. Құран Кәрім араб тілінде түсті. Сондықтан оны тиісті дәрежеде түсіну үшін араб тілін, араб тілінің заңдылықтарын, әсіресе, Құран түскен дәуірдегі арабтардың сөйлеу ерекшеліктері мен тіл заңдылықтарын жақсы білу қажет.

Бұлармен қоса, Құран аяттарының мағынасы жайлы ойланғанда маңызды нәрселерге көңіл аударған жөн. Пайдасыз нәрселермен ойды шаршатпау керек. Мысалы, Кәһф сүресін оқығанда қиссадағы иттің түсі қандай болған екен?, үңгірге жасырынғандардың саны нешеу екен?, ол үңгір қай жерде екен? деген сияқты маңызсыз нәрселерді ойлап басты қатырмау керек. Керісінше, қиссада нағыз айтылмақ болған Алланың шексіз құдіреті, мүмин құлдарын қорғап, сақтайтындығы, өлілерді қайта тірілтетіндігі сияқты ғибратты да, маңызды нәрселер жайында ойланған жөн.

Құран аяттарының мағынасы жайында сөз ету Алланың атынан сөйлеу болып табылады. Сондықтан, сенімді тәпсір кітаптарын көріп шықпай тұрып, Құран аяттарынан өз бетіңше мағына шығару қате әрекет. Хазірет Ибн Аббас Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Кімде-кім Құран жайлы ілімсіз сөйлейтін болса, тозақтан орнын дайындасын», (Тирмизи) деп ескерткенін жеткізген. Ардақты сахаба Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын): «Құран хаққында ілімсіз сөйлейтін болсам, жер мені қалай көтермек, аспан маған қалай пана болмақ?» дей отырып, Құран аяттарына ілімсіз түсінік беруден сақтану керектігін меңзеген.

Қорыта айтқанда, «Құранды түсіну қайда!» деп одан алшақтамау керек. Сондай-ақ, ешбір негізге сүйенбестен құрғақ оймен оның аяттарына түсінік беруден де сақтану қажет.

Қадірменді мұсылман бауырлар! Қасиетті Құранды қабырғаға іліп қоймайық. Оқиық, түсінуге тырысайық, одан ғибрат алайық, Алланың ұлылығын сезініп, иманымызды күшейтейік. Түсінбеген жерлерімізді тәпсірден қарайық немесе ілімді кісілерден сұрайық. Алла Тағала бізді Құраннан алыстатпасын!

3. Евангелия туралы түсінігіңіз

Евангелия - Ӏнжілдің құрамына кіретін Жаңа Өсиет аталатын кітаптардың алғашкы төртеуінің атауы. Лукадан, Матвей, Марк, Иоаннан келген евангелиелер бар. Онда Христостың өмірі туралы негізінен жазылған. Евангелие Христос өлгеннен кейін жылдар өте жазылған. Оның мақсаты христиан дінің тарату, халыққа түсіндіру еді. Канондалмаған және канондалған болып бөлінеді. Канондалмағаны апокрифтер деп аталады. Ол көптеген хритиан шіркеулерінің көңілінен шықпағандықтан кітаптарға енбеген жазбалар.

4. Қазіргі жаратылыстану және Библия

№ 12 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Аят және Сүре

Аят (араб.: آية‎, белгі, кейде өлең деп те аударылады) - Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі. Құран 114 сүреден (тараудан) тұрады.[1] Ол сүрелер (Фатихадан өзгесі) ұзақтығы, көлемі бойынша белгілі бір тәртіппен орналасқан. Ал әрбір сүре аятқа бөлінеді. Аятты сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлшегі, яғни сөз тіркестері деп те айтуға болады. Құранның көп бөлігі ұйқасқан қара сөздер арқылы жазылған, яғни бірнеше аяттың соңы бірыңғай буында құралып отырады. Ең ұзақ сүреде 286 аят бар. Аяттарда бір сөзден 68 сөзге дейін болуы мүмкін. Құранда барлығы 6204-тен 6236-ге дейін (әртүрлі есептер бойынша) Аятта, 77934 сөз бар. Ибн Хузайма «ән-Насиху уәл Мансуху» кітабында Құранда 6666 аят бар деген тоқтамға келіп, аяттарды мына төмендегідей бөліктерге бөлген:

Уаъд (уәде беру) аяттары – 1000

Уаъид (жазалану туралы ескерту) аяттары – 1000

Әмір аяттары – 1000

Наһи (тыйым) аяттары – 1000

Хабар және қисса аяттары – 1000

Мысал және ғибрат аяттары – 1000

Ахкам (үкімдер) аяттары – 500

Дұға және тасбих аяттары – 100

Насих және мансух (үкімдері жойылған) аяттар – 66

Осылайша барлығы – 6666 аят болады деп жазған.

Дегенмен Куфа ғалымдары Құранда 6236 аят бар деген пікір айтқан.

Бүгінгі күні Куфилердің пікірі бойынша Құранда 6236 аят бар деген тұжырымға тоқталған.

Бүгінгі күні басылып жатқан Құран кітаптарының барлығында 6236 аят бар

Сүре (араб.: سورة‎ сӯра – қатар, дәреже) – Құран Кәрім мәсімдерінің 114 тарауының жалпы атауы. Сүре атауының сөздік мағынасы алғашқыда “бірінші дәрежелі”, “аса маңызды” деген ұғымды білдірсе, кейіннен терминдік мағынаға ие болды. Әдетте “әл-Фатиха сүресі”, “әл-Бақара сүресі”, “әл-Ықылас сүресі” сияқты мәсімінің негізгі атауымен қосыла қолданылады. Сүре ұғымының Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Құдаймен сырласқан хикметті сәтінің сырлары деген астарлы мәні де бар. Пайғамбарға (ғ.с.) Сүрелердің қай қалада түсуіне байланысты меккелік және мединелік болып бөлінеді. Құран Кәрімнің 114 сүресі 30 параға топтастырылған. Құран 114 сүреден тұрады. Ішіндегі 86-сы Меккеде, ал 28 — Мәдинеде уахи етілген.[1]Әр сүре аяттардан тұрады. 9-ыншы сүреден басқа барлық сүре "Ең Рақымды, Ең Мейірімді Аллаһның атымен бастаймын"-мен араб.: بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَـٰنِ ٱلرَّحِيمِ‎ басталады. Меккелік сүренің ерекшеліктері: 1) таза таухидке өлгеннен кейі қайта тірілуге, есеп беру күніне,ғайыбтағы жаратылыс біздің көзімізге көрінбейтін санамызбен ойап жете алмайтын (жәннәтпен, тозақтың) бар екендігіне сенуге шақырады. 2) Ислам дінінің алғашқы кезеңінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ға Алла тағала тарапынан уахи арқылы аят түсіп жатқан кезеңде жаһил, надан арабтардың құран сүрелеріне ұқсас сүрелер кетіру жайында хабарлайды. 3) Мүшріктер мен кәпірлер жайында. 4) Ад, Самуд сияқты жойылған қауымдар жайында қиссалар келтіріледі. 5) Алла тағаладан басқаға дұға ету арқылы жәрдем сұрау секілді серік қосудан сақтандыру жайында.

2. Қазақ даласындағы Құран туралы ой қазынасы мен дәстүрлер

3. Библия кітаптарын ғылыми зерттеу тарихы. Канон және рухани құдайшылдық.

Уильям Миллер 1782 жылы Массачусетс штатындағы Питтсфилдте методистер отбасында дүниеге келеді.Ол он алты баланың ең үлкені болды.Ол мектепте бастауыш бағдарламасын ғана оқыса да,өзге кітаптарды оқу арқылы өз білімін толықтырып отырды.Ол терең діндік атмосферада өскен болатын,алайда,жасөспірім болған кезде өз жолымен кетті.Одан кейін,ол скептикке айналып,өзінің жақындарының Құдайға құлшынылығын мазаққа айналдырды.Жиырма екі жас аралығында үйленген ол,Вермонт штатындағы Полтниға көшеді.Ал отызға толған кезде,ол бар құштарлығымен Библияны зерттеп,христиан дініне жүгінеді.Библияны зерттей отырып,ол өз назарын ақыр заманға аударады,яғни Христостың екінші рет пайда болуына.Ол Библиядағы сиқырлы тақпақтардың ақыр заманның болатын күнін анықтауға көмектесетініне сенеді. Библияны терең зерттеген сайын,Уильям Миллер ақыр заманның жақын арада келетініне сенімді болды.

Барлық заман белгілері мен қазіргі әлемнің жағдайын салыстыра отырып,және әрине,Пайғамбардың ақыр заманды қалай сипаттағанына қарай отырып,мен жақында Христостың қайтып келетініне көзім жетті.

История изучения и интерпретации Библии длится столь же

о, сколько существуют сами библейские книги. Процесс развития текста Библии уже подразумевал истолкование одних частей Ветхого Завета в других (например, Иер. 31:29-30 в Иез. 18; книг Царств в Паралипоменон), Ветхого Завета — в Новом (например, в Послании к Евреям), ранних писаний Нового Завета — в более поздних (например, Мф. 10:10 в 1 Тим. 5:18). В некотором смысле христианство можно назвать уникальной интерпретацией Ветхого Завета; согласно Евангелию от Луки, Христос начал свое служение с интерпретации книги Исайи 6 (Лк. 4:21).

Канон қасаң қағидалық сипаттағы інжілдік ережелер жиынтығы. Ежелгі еврей тілінде жазылып, б.з.б. 2 ғасырдың басында қалыптаса бастаған Таурат кмен оның грек тіліндегі аудармаларының арасында түсіндірілуі жағынан елеулі айырмашылықтар кездеседі. Інжіл канондарын 367 жылы Афанасий Александриский нақтылағанымен, ол төңіректегі талас-тартыстар 9 ғасырдың соңына дейін жалғасып келді. Сонымен қатар ол православиелік, протестанттық және католиктік канондар болып жіктеледі.Христиан дінінің негізгі үш тармаққа бөлінуі және олардың ішінде өз алдына иерархиялық қатынастардың пайда болуы осы канондық ережелердің өзара қайшы келуіне байланысты туындаған

4. Библиядағы әйел мәселесі.


Как известно Бог сотворил человека по своему образу и подобию для того, чтобы он владычествовал "над рыбами морскими, и над птицами небесными, и над скотом, и над всею землею, и над всеми гадами, пресмыкающимися по земле" (Быт.1:26). Доволен был Бог своим творением или нет, доподлинно неизвестно, но зафиксированный в Библии факт гласит, что человек приступил к исполнению вверенных ему обязанностей не начальника (владыки), а обыкновенного садовника "в саду Едемском, чтобы возделывать его и хранить его" (Быт.2:15). Видимо производительность труда у человека была не слишком высока, необходимость помощников стала очевидной. "И сказал Господь Бог: не хорошо быть человеку одному; сотворим ему помощника, соответственного ему" (Быт.2:18).
Психолог бы поставил диагноз: слишком длительное одиночество повлияло на Бога не лучшим образом и он начал совершать ошибку за ошибкой. Во-первых, создал для человека не помощника, а помощницу! Будто не предполагал (а обязан был!), как это скажется на работе в саду и на судьбе всей движимости и недвижимости на земле!
Дальше - хуже. Из чего делать помощницу? Почему-то Бога не устроил "прах земной", из которого делался человек, и Он решил использовать кость, изъятую у человека под наркозом. Тут же возникает вопрос: имел ли представление Создатель об арифметике, о числах четных и нечетных, об обыкновенной, в конце концов, симметрии. Скорее всего, он придумал симметрию после создания человека, раз у того вдруг нашлось лишнее ребро.
Ход операции по созданию помощницы: "И навел Господь Бог на человека крепкий сон; и, когда он уснул, взял одно из ребр его, и закрыл то место плотию. И создал Господь Бог из ребра, взятого у человека, жену, и привел её к человеку. И сказал человек: вот, это кость от костей моих и плоть от плоти моей; она будет называться женою, ибо взята от мужа [своего]" (Быт.2:21-23).
Итак, вывод: женщина - это прежде всего лишняя нечетная "кость" (пусть даже реберная), а про "плоть" человек добавил спросонок (видимо неблагоприятное последствие наркоза). Как ни удивительно, но он угадал верно - помощница и вправду оказалась местами довольно мягкая.
Казалось, что ещё надо, тем не менее, Бог не угомонился и усугубил число своих ошибок: "В начале же создания, Бог мужчину и женщину сотворил их. Посему оставит человек отца своего и мать и прилепится к жене своей, и будут два одною плотью; так что они уже не двое, но одна плоть" (Мк.10:6-8).
Как всё это понимать? Ведь Бог для человека в единственном числе - родитель (одновременно и мать, и отец)! А он оставляет Создателя, прилепляется незнамо зачем незнамо к кому (костяному, да ещё имеющему непонятный "женский" пол) и на добровольной основе теряет собственную индивидуальность (свободу), сливаясь в одну плоть, т.е., соединив свое тело с "костью", превращается в мягкую плоть, проще говоря, в тряпку.

Билет

· Уахи, илһам, уахи катибі, қырағат

1. Уахи және уахидің келу жолдары

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрім Хазіреті

Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсті. Уахи сөзі - жа-

сырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген

мағыналарға келеді. Аллаһ Тағала елшілеріне кез-келген

қалаған құбылысты не оқиғаны уахи арқылы білдіреді.

Уахидің қандай болатындығы мен қалай әсер ететін-

дігі бізге беймәлім, ол Аллаһ пен пайғамбар арасындағы

сырлы сөйлесу халі. Хазіреті Пайғамбарымызға уахи мы-

надай жолдармен келген:

1. Шынайы түс. Уахидің ең көне келу түрі шынайы

түс арқылы жүзеге асқан. Мысалы, Хазіреті Ибраһим

түсінде ұлы Исмайылды сойып жатқанын көреді. Соңынан

Аллаһтың әмірімен ұлы Исмайылды құрбандыққа шалмақ

болғаны баршамызға мәлім (қараңыз: 37.Саффат, 104-

105). Сондай-ақ Юсуф (а.с.) пайғамбардың түсінде күн

мен айдың және 11 жұлдыздың өзіне сәжде еткенін көруі

Хамди Дөндүрен, ж.к.е.,110-112-бет; Лүтфи Казанжы, ж.к.е., 163-

166-бет.Иман негіздері

де, (қараңыз: Юсуф сүресі) уахидің осы түріне жатады.

Сол секілді Хазіреті Пайғамбарымыздың да көрген түстері

айна-қатесіз дәл келіп отыратын. Бұл жөнінде Айша ана-

мыз: «Пайғамбарымыздың көрген түстері дәл келетін.

Бұл түстер таң нұры секілді анық еді» (Бухари, Бәдиул

уахи 3) дейді. Сол себептен сахабалар Пайғамбарымыз

ұйықтап жатқанда, өзі оянбайынша тұрғызып, мазаламай-

тын еді.

2. Хазіреті Пайғамбардың ояу кезінде Жәбірейіл

көрінбестен жүрегіне уахиді үрлеуі. Аятта бұл уахи

түріне былай деп тоқталады: «Оны (Құранды) Жәбірейл

(Рухул Қудус) келтірді. Ескертушілерден болуың үшін

жүрегіңе қондырды. Ап-ашық бір араб тілінде түсірді»

(26.Шуғара, 193-195).

3. Жәбірейіл кейде уахиді адам бейнесіне әкелетін.

Бұл уахи алудың ең жеңіл түрі. Риуаят бойынша, Жәбірейіл

көбіне Дихя

есімді сахабаның бейнесінде келетін.

4. Жәбірейіл көрінбестен, шыңғырлаған немесе

Дихя ибн Халифа ибн Фәруа әл-Кәлби (өл.50/670). Хазіреті

Пайғамбардың Гераклюсқа елші ретінде жіберген сахабасы.

Солтүстік Арабиядағы Кәлб руынан шыққан. Дихяның Хижра-

дан алдыңғы өмірі жайында нақты деректер жоқ. Бәдір соғысынан

бұрын мұсылман болғанымен Бәдір соғысына қатыспаған. Ухуд

соғысынан бастап өзге жорықтарға қатысқан. Худайбия келіссөзінен

кейін Хазіреті Пайғамбар көрші елдерге елшілер жібергенде Дихя-

ны Византия императоры Гераклюсқа жібереді. Яғни, Хижраның 7

- жылы Мухаррамда (628 мамыр) жібереді. Дихяның негізгі міндеті

хатты Гераклюсқа жеткізу үшін Палестина әкіміне тапсыру еді.

Дихя ибн Халифа саудамен айналысқан сахабалардың бірі бола-

тын. Жәбірейіл Дихя бейнесінде келіп, Хазіреті Пайғамбарға уахи

әкелгенде сахабалардың көбісі оны Ди


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: