Количество, состав и названия таинств

1. Крещение — погружение крещаемого в воду или обливание его водой, совершаемое над человеком в знак приобщения его к Церкви и очищающее от грехов;

2. Миропомазание (конфирмация) — освящение человека путем смазывания его ароматической смесью (миро), заменило наложение рук архиереем на головы верующих по мере роста численности христианских общин;

3. Евхаристия (причащение), при совершении которого верующие, согласно христианскому вероучению, приобщаются к Христу (в Православной церкви и миряне, и духовенство причащаются Телом и Кровью, в Католической: духовенство — всегда Телом и Кровью; миряне, либо Телом и Кровью, либо только Телом);

4. Исповедь (покаяние) — раскрытие верующим своих грехов Богу в присутствии священника и получение «отпущения грехов» от имени Христа;

5. Брак (венчание) — христианский супружеский союз мужчины и женщины, заключенный через священнодействие в храме;

6. Елеосвящение (соборование) больного (согласно православному учению, больному прощаются грехи, которые он забыл или не успел исповедать);

7. Священство (рукоположение) — посвящение в священнослужители, совершаемое епископом.

№ 6 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Құран сөзінің этимологиясы

Құран сөзінің түбірі мен мағынасы жайында ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың өз араларында Құран сөзінің «хамзалы» (ء) яки «хамзасыз» сөзден шықты деген екі негізгі көзқарас бар. Алдымен «хамзасыз» сөзден шыққан деген пікірлерді ұсынайық:

1. Әбул-Хасан әл-Әшғаридың (ө.324\936) көзқара-сына қарай Құран сөзі бір нәрсені бір нәрсеге жақындату, жалғау мағынасындағы قَرَنَ «қарана» етістігі-нен шыққан. Өйткені Құрандағы сүре мен аяттар бір-бірімен жалғасып кеткен. Осыған қатысты оны «Құран» деп атаған. Қажылық пен умраны қосып, жалғаған-дықтан оған «қиран» делінген.

2. Құран сөзі кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша, قرينة «қарина» сөзінің көпше түрі قرائن «қараин» сөзінен шыққан. «Қарина» – дәлел, айғақ, ұқсас, байланыс мағынасына саяды. Құран аяттары мазмұн, ырғақ, ұйқас жағынан бір-біріне ұқсап, бір-біріне дәлел болуда. Сондықтан да Құранға есім етіп қойылған. Әбу Зәкәрия Яхия ибн Зияд әл-Фәрра (ө.207\822) осыны жақтайды.

3. Құран сөзі хамзасыз сөз. Ол ешқандай сөз түбірінен шықпаған. Құран – хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түскен кітаптың өзіне тән есімі. Бұл көзқараста болған ғалымның бірі атақты Имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи (ө.204\819). Ол Құран сөзі قرأ «қараә» (оқу) сөзінен шықпаған. Егер Құран есімі «қараә» оқу етістігінен шыққан болса, онда әрбір оқылған нәрсені «Құран» деп атауымызға тура келмек. Алайда Құран сөзі – Тәурат, Інжіл секілді хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түскен кітаптың өзіне тән дара есімі. Яғни, Аллаһ Тағала хазіреті Мұсаға кітап түсіргенде оны «Тәурат» деп атаған. Хазіреті Дәуіт пайғамбарға кітап бергенде, оның атын «Зәбур» деп атаған. Сондай-ақ ақырғы кітапты хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түсіргенде «Құран оқылған кезде оны тыңда» деп аятта айтылғандай оны «Құран» деп атаған.

Келесі топ Құранның «хамзалы» екенін жақтайды. Бұл топ үшке бөлінеді:

1. Құран сөзі «жинау» мағынасына келетін القرء «қар’» сөзінен шығып, فعلان «фу‘лән» формуласымен жасалған сипат. Құран тарихи әңгіме, жарлық, бұйрық, сүре мен аяттарды және бұрынғы кітаптардың жемістерін бір жерде жинағандықтан осы есім берілген. Әбу Убәйд әл-Қасым ибн Сәлләм және Әбу Исқақ әз-Зәжжаж осы көзқараста болған ғұламалар.

2. Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша, Құран сөзі «сыртқа шығару» мағынасына саятын قرأ «қараә» етістігінен шыққан. Құран оқыған адам сөз бен әріптерді оқып, аузынан сыртқа шығарғандықтан осы есім берілген.

3. Құран сөзі تلا «тәлә» оқу мағынасындағы قرأ «қараә» «оқу» етістігенен шығып, فعلان «фу‘лән» формуласымен жасалған. Бұл көзқарасты Әбул-Хасан Али ибн Хазм әл-Лихяни айтады. Құрандағы: «Расында, оны жинау, оқу Бізге міндет. Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес» аятында Құран сөзі оқу мағынасында берілген. Осы дәлелге қарай Құран сөзі «оқу» етістігінен шығып, хазіреті Мұхаммедке (с.а.с.) түскен илаһи сөздің есімі болған. Бұл көзқарас Ислам ғұлама арасында ең басым болғаны

2. Құран тілі және астарлы мағыналас сөздер (метафора)

Құран тілі – адамзатты қараңғылықтардан нұрға шығарушы, ақ пен қараны ажыратушы, әр әріпі сауапқа тұнған Аллаһтың кәләмі - Құран Кәрімнің жалпылама мағынасын түсіндіретін жоба. «Құран» сөзі араб.: قرأ‎ деген түбір сөзден шыққан, ал оның негізі «жинау» мағынасын беретін араб.: قرء‎ сөзі. араб.: ‎ деген сөз «суды хауызға жинадым» деген мағына береді. Құранның бұлай аталу себебі, оның аяттар мен сүрелерді жинап, бір-біріне жалғастыруында[2]. Бірақ «Құран» сөзінің шығу тегі турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан:

Құран деген — есім, оның һамзасы жоқ және «қара′ту»-дан алынбаған, бірақ ол Аллаһ кітабының аты.

Ал әл-Фарраның айтуы бойынша «ол қарāин (араб.: قرائن‎) (жұбайлар, достар; жекеше түрі: қарӣна) сөзінен шыққан, себебі Құранның аяттары бір-бірін растайды және бір-біріне ұқсайды, міне сол „қарāин»

«Құран» сөзі «фа′лāн» өлшемі (уазны) бойынша жаслаған, және ол көптеген қарилердің оқуындағыдай һамзалы боп келеді, және Абдуллаһ ибн Касир әл-Мәккидің оқылуында жуан болып келеді (араб.: قران‎). Құран сөзінің шығу тегіне сирия тіліндегі «қасиетті кітапты оқу» немес «дәріс» мағынасын беретін «қарйана» (قريانا) сөзі сәйкес келеді. Көптеген батыстық зерттеушілер «Құран» сөзі осы сөзден шыққан деп тұжырымдайды, бірақ мұсылман ғалымдардың көбісі бұл сөздің негізін «қара′» түбіріне қайтарады[4]. Қалай болса да «Құран» сөзі Мұхаммед пайғамбардың заманында араб терминіне айналды[1]. Құран сөзінің тағы бір маңызды мағынасы — оқу (қыраат). Ғалым әт-Табраси айтқан: «Құран сөзінің негізгі мағынасы — оқу. Және де ол „қара′ту“ (оқыдым) немесе „тәләуту“ сөзінің түбірі, бұл Ибн Аббастан риуаят етілген[5]».

Құранның бұдан басқа көптеген Құранның ішінде ишарат етілген атаулары бар. Мысалға: «әл-Фурқан», «әл-Һуда», «әз-Зикр», «әл-Хикма», «Каламу-Ллаһ», «әл-Китаб», және мұсылман жазушылар Құранның атулары мен мағыналары туралы еңбектер жазды. Ал «мусхаф» деп аталу Құранның жазылған нұсқасын айтылуға қолданылады. Бұлай аталу бастапқыда қолданылмағанымен, Әбу Бәкр Құранды жинақтағаннан кейін осы сөз оның атауына айналды. Құранға «Фурқан» деп айтылу себебі, ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы (фариқ), анық құжат және оның дәлелдері, парыздары, шектері мен басқа да білдіретін мағыналары хақ пен өтірікті айырушы. Бұл айыру ақиқатты көрсету мен өтірікті негізін жою арқылы[6]. Аллаһ тағала әл-Фурқан сүресінде айтады:

Өзінің құлына әлемдерге ескертуші болу үшін Фурқанды түсірген (Аллаһ) Берекетті

3.Библиялық сын пікір ғылыми пән ретінде.

Христиандар сенетін “Бибилия ” (қасиетті кітаптың) “Жаңа өсиет” және “Ескі өсиет” бөлімдерінің бір-біріне қайшы екендігін көрсеткен АҚШ-тың Калифорния университетінің профессоры Еллиот Фредман кітабында осыған қатысты мысалдар берген.

Неміс ақыны және философы Херден (1744-1803) “Von Geiste den hebraischen Poesie” атты еңбегінде “Ескі Өсиеттің” “Мазмурлар” кітабы ішіндегі өлеңдердің бірқатары ибрани ақындарына тән екендігін, әртүрлі кезеңдерде жазылғанын және кейіннен бір кітапқа жинақталғанын жазады. Сондай-ақ,“Өлеңдер өлеңі” кітабының да дүниелік және әдептілікке қайшы бір махабатты жырлаған өлең екенін, бұл өлеңдерді Сүлеймен алейһиссалам сияқты бір пайғамбарды мадақтау үшін оқудың дұрыс еместігін айтады. Бұған бұл кітапты оқыған кез-келген адам көз жеткізе алады.

ХІХ - ғасырда ибрани тіліне жасалған зерттеулер саны артқаннан кейін “Ескі өсиеттегі” кітаптардың әртүрлі уақытта топтастырылғандығы дәлелденді. Осы тақырыпта еуропалық көптеген тарихшылар, пірәдарлар мен эпископтар шығармалар жариялаған.

4.Библиядағы жер бетіндегі және о дүниелік өмір.

Алғашқы күнәдан бастап айта беріндер және адам бұл өмірде күнәһар болып туылады деп жалғастырындар. Содан кейін күнәсін өтеу жайлы... білесіндер ғой.

№ 7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Құрандағы адам болмысы

Исламның шарттарының әрбiрi жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше рол ойнайды. Пайғамбарымыз (с.а.) Исламның шарттарын хадисiнде былай түсiндiредi: “Исламның шарттары бесеу. Кәлимә шәһадат айту, намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау, шамасы келсе өмiрiнде бiр рет қажыға бару”. Осы бес негiздiң жеке адамды қалыптастыруда елеулі орны бар. Оны еңбекте егжей-тегжейлі айқындап көрсетуге тырыстық.

Адам баласы иман мен жақсы әрекеттерiнiң арқасында перiштелерден де жоғары дәрежеге шыға алғаны сияқты, адамдық қасиетiн жоғалтқан жағдайда хайуаннан да төменгi дәрежеге түседi. Құран Кәрiмде бұл жайлы былай дейдi: “Расында адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрлықта да теңiзде де көлiктендiрдiк. Әрi оларды жақсы нәселермен қоректендiрдiк. Һәм оларды жаратқандарымыздың көбiнен неқұрлым артық жараттық”.166

“Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердiң төменiне қайтардық”.167

Құлшылық ету адам бойындағы жақсы қасиеттердi оятады. Ал құлшылықтың негiзi сүйiспеншiлiктен тұрады.

Сүйiспеншiлiк Аллаһ пен құл арасындағы байланысты жақсартуда маңызды ролi бар. Егер ол болмаған жағдайда өмiрден мән-маңыз жоғалады. Өйткенi адамның жаратылуындағы басты мақсат, Аллаһқа құлшылық қылу. Бұлай дейтiн себебiмiз Аллаһ адам баласын жаратқанда ерекше сүйiспеншiлiкпен жаратқан. Оның дәлелi Аллаһтың бiзге берген сансыз нығметтерi болмақ. Абай атамыз мұны:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сенде сүй ол Аллаһты жаннан тәттi.

Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп,

Және сүй хақ жол деп әдiлеттi.

деп Аллаһты сүю керектiгiн һәм нағыз махаббаттың Аллаһқа ғана арналатындығын айқын көрсеткен.

Хз. Пайғамбар, «Мен тек қана мұғалiм ретiнде жiберiлдiм деу арқылы168 Пайғамбарлардың адамдарға бiлмейтiндерiн үйретiп, әдептiлiктiң озық үлгiсiн көрсететiн елшiлер екендiгiн бiлдiрген.

Барлық Пайғамбарлар, жiберiлген қауымының тамақ жеу, киiну, сәндену, үйленуiне, ерлi-зайыптылардың қарым-қатынасына, сауда-саттығына, әдет-ғұрыптарына да мән берулерi тиiс. Осы шындықты Құранда былай баяндайды: «Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрi Аллаһтан қорқыңдар.169 Аяттан Хз. Пайғамбарды үлгi-өнеге тұтып, оның артынан ерудiң маңыздылығынын түсiнуiмiзге болады.

Пайғамбар (с.а.у.), Аллаһ тағаланың тәрбиесiнен өткен, адамдар арасында теңi жоқ мұғалiм һәм тәрбиешi. Хз. Пайғамбар, Құранның көрсеткен жолымен жүрiп, негiзгi қызметiнiң оқыту әрi тәрбиелеу екенiн түсiнiп, адамдардың қолдарынан ұстап оларды кемелдiкке жеткiзу үшiн бар күшiн салған. Өйткенi Ол, осы әдiстi қолданғанда ғана өз мiндетiн атқара алатындығын түсiнген.

Құрандағы қағидалар мен Пайғамбар сүннетіндегі бүкіл адамзат баласына жарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру методы ақыр заманға дейін өз құндылығын жоймақ емес.
2. Құран тілі және астарлы мағыналас сөздер

Құран немесе Құран Кәрім (араб.: القرآن‎, al-qurʾān, [qurˈʔaːn]) — Ислам дініндегі басты қасиетті кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммедпайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп[1], иманкелтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегікітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелікбоп бөлінген 114 сүреден тұрады.

Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынанЖәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.

Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омардасақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.

Құран» сөзі араб.: قرأ‎ деген түбір сөзден шыққан, ал оның негізі «жинау» мағынасын беретін араб.: قرء‎ сөзі. араб.: ‎ деген сөз «суды хауызға жинадым» деген мағына береді. Құранның бұлай аталу себебі, оның аяттар мен сүрелерді жинап, бір-біріне жалғастыруында[2]. Бірақ «Құран» сөзінің шығу тегі турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан:

Құран деген — есім, оның һамзасы жоқ және «қара′ту»-дан алынбаған, бірақ ол Аллаһ кітабының аты

Әс-Суюти әл-Итқан фи ′улум әл-Қуран, 1 т., 169 бет

Ал әл-Фарраның айтуы бойынша «ол қарāин (араб.: قرائن‎) (жұбайлар, достар; жекеше түрі: қарӣна) сөзінен шыққан, себебі Құранның аяттары бір-бірін растайды және бір-біріне ұқсайды, міне сол „қарāин“[3]»

«Құран» сөзі «фа′лāн» өлшемі (уазны) бойынша жаслаған, және ол көптеген қарилердің оқуындағыдай һамзалы боп келеді, және Абдуллаһ ибн Касир әл-Мәккидің оқылуында жуан болып келеді (араб.: قران‎). Құран сөзінің шығу тегіне сирия тіліндегі «қасиетті кітапты оқу» немес «дәріс» мағынасын беретін «қарйана» (قريانا) сөзі сәйкес келеді. Көптеген батыстық зерттеушілер «Құран» сөзі осы сөзден шыққан деп тұжырымдайды, бірақ мұсылман ғалымдардың көбісі бұл сөздің негізін «қара′» түбіріне қайтарады[4]. Қалай болса да «Құран» сөзі Мұхаммед пайғамбардың заманында араб терминіне айналды[1]. Құран сөзінің тағы бір маңызды мағынасы — оқу (қыраат). Ғалым әт-Табраси айтқан: «Құран сөзінің негізгі мағынасы — оқу. Және де ол „қара′ту“ (оқыдым) немесе „тәләуту“ сөзінің түбірі, бұл Ибн Аббастан риуаят етілген[5]».

Құранның бұдан басқа көптеген Құранның ішінде ишарат етілген атаулары бар. Мысалға: «әл-Фурқан», «әл-Һуда», «әз-Зикр», «әл-Хикма», «Каламу-Ллаһ», «әл-Китаб», және мұсылман жазушылар Құранның атулары мен мағыналары туралы еңбектер жазды. Ал «мусхаф» деп аталу Құранның жазылған нұсқасын айтылуға қолданылады. Бұлай аталу бастапқыда қолданылмағанымен, Әбу Бәкр Құранды жинақтағаннан кейін осы сөз оның атауына айналды. Құранға «Фурқан» деп айтылу себебі, ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы (фариқ), анық құжат және оның дәлелдері, парыздары, шектері мен басқа да білдіретін мағыналары хақ пен өтірікті айырушы. Бұл айыру ақиқатты көрсету мен өтірікті негізін жою арқылы[6]. Аллаһ тағала әл-Фурқан сүресінде айтады:

Өзінің құлына әлемдерге ескертуші болу үшін Фурқанды түсірген (Аллаһ) Берекетті


3. Көне өсиет кітабының жалпы мінездемесі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: