Мансух аяттар

Насх (өшіретін) мансух (өшірілген) аяттар.

Құран аяттары бір сәтте түспей, әртүрлі себептерге байланысты бөлшектеніп түсірілген, сондықтан Құранның кей аяттары өзінен кейін түскен аяттардың заңдық күшін жойып тұратын болған. Бұл әдіс «насх» (өшіру, жою) деп аталады. Оның шариғат терминологиясындағы анықтамасы — қасиетті мәтінмен дәлелденген екінші дәрежелі практикалық үкімді, басқа қасиетті мәтінмен дәлелденіп, одан кешірек түсірілген екінші дәрежелі үкіммен ауыстыру[1]. Аллаһ Құранда айтады:

«Біз аяттың үкімін жойсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын немесе сонымен бірдейін алып келеміз. Сен Аллаһтың кез-келген нәрсеге құдыреті жететінін білмедің бе?»

— әл-Бақара сүресі, 106-107

Әбу Мұса әл-Ашғариден жеткен хадисте оның Тәубә сүресі сияқты сүрені білгені туралы айтылған, алайда оның үкімі жойылып, оны ұмыттырылған[2]. Сонымен қатар Омар ибн әл-Хаттабтан келген хадисте Құранда зинақорларды таспен атып жазалау туралы аяттар болған және олардың Құраннан Аллаһтың қалауымен өшірілгені, бірақ үкімінің сақталғаны туралы айтылған[3].

Насх түрлері[өңдеу]

Насхтың түрлері[4]:

Бір аяттың басқа аятпен үкімінің жойылуы.

Бір хадистың басқа хадиспен үкімінің жойылуы.

Бір аяттың басқа хадиспен үкімінің жойылуы.

Бір хадистің басқа аятпен үкімінің жойылуы.

Сонымен қатар үкімдері жойылған бірақ Құранда қалдырылған, үкімдері заңды күшке ие, бірақ Құраннан өшірілген аяттар бар.

2 ҚҰРАННЫҢ ТҮСУ ЖОЛДАРЫ

Құранды жіберген Заттың ұлылығын білдіру үшін не

бұл нұсқаулардың уахи түрімен келгендігін көрсету үшін

Құран аят кәримәларының келуі - нүзул (түсу) немесе сол

түбірден инзал (түсіру), тәнзил (көптеп және бөлек-бөлек

түсіру) түсініктерімен баяндалған. Бұл жердегі түсіру сөзінің

мақсаты білдіру дегенді білдіреді.

Аллаһ Тағала Құранды мына үш түрде түсірген. Олардың

әрбірі тәнәззүл (көпше түрі: тәнәззүлат) делінеді. 1) Құранды Ләухул-Махфузға түсірген. «Әрине ол, ұлы

бір Құран Лаухы Махфузда сақтаулы» (Бүруж, 21-22) деген аят

кәримә сөзімізді дәлелдейді.

2) Дүние аспанындағы (яғни жерге ең жақын көктегі)

«Бәйтул-иззәға немесе әл-Бәйтул-Ма’мурға» түсірілуі.

«Негізінен Құранды қадыр түнінде түсірдік» (Қадір, 1),

«Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік» (Дұхан, 3) және

«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда (…)» (Бақара, 185) деген аят

кәримәлары, Құранның Рамазан айының түндерінің бірінде

түскендігін көрсетеді. Бұл түн «Қадір түні» немесе «Қасиетті

түн» ретінде анықталған. Жоғарыда айтылғандай, Хазіре-

ті Пайғамбарға (с.а.у.) Құранның барлығы бір түнде толық

емес, жиырма үш жыл бойы түрлі себептердің арқасында жі-

берілген. Олай болса, жоғарыда айтылған үш аят кәримәмен

нұсқалғаны, Пайғамбарымызға (с.а.у.) түсіріле бастағанынан

басқа да түсу жолы болуы керек. Дүние аспанындағы Бәйтул-

иззәға түсуін түсіндірмек болған Ибн Аббаста мәукуф сахих

хадистер бар. Бірақ, осы жайлы сөйлеген сахабаның сөздері

– Пайғамбардан (с.а.у.) мәрфуғ түрінде жеткізілген. Өйткені,

бұлардың ижтиһадпен білінетін мәселе еместігі анық.

Сондықтан олардың бұл мәліметтерді Хазіреті Пайғамбардан (с.а.у) үйренгендері түсінікті жағдай.

Әл-Хаким Ибн Аббастан былай риуаят етеді:

«Құран Зікірден бөлініп Бәйтул-иззәға түсірілді. Арты-

нан Жәбірейіл оны Хазіреті Пайғамбарға түсіре бастады».

Бұл тақырыпта дәлелдеуге қиындық туғызған бірнеше

көзқарастар бар. Бұлардың біріне сүйенсек Құран дүниенің

аспанына жиырма үш қадыр түнінде түскен. Әрбір қадыр

түнінде Пайғамбарымызға бір жылда бөлініп-бөлініп, ене-

тін уахилар бір мәртеде түскен. Ал енді мына көзқарас бо-

йынша, Құран қадыр түнінде Хазіреті Пайғамбарға (с.а.у.)

түсіріле бастаған, кейіннен уақыт өткен сайын уахи жалғаса

берген. Бұл көзқарас Бәйтул-иззатқа тобымен ендірілген-

дігіне қарсылық пікір оятады. Тағы да бұл көзқарастардың

бірінде Ләухул-махфуздан бірден енген, Хафаза періштелері

20 түнде Жәбірейілге бөліп-бөліп ендірген. Жәбірейіл де жи-

ырма жыл бойы белгілі уақыт сайын бөліп-бөліп әкелген. 3

3) Үшінші ендірілуі уахи әмині (аманатшысы) Жәбірейіл

арқылы Пайғамбарға (с.а.у) әкелінуімен дүниені жарқырата

бастаған.

3.«Библия» сөзінің этимологиясы

БИБЛИЯ. XV ғ латын тілінен алынған biblia < грекше. biblia "кітаптар" (Жаңа және Көне өсиет) —biblion "кітап" деген сөздің көпше түрі. Кітап өзінің атауын Грециаға папирус жеткізетін Библос қаласынан алған.

4 Евангелиенің пайда болуы.

Евангелие ізгі хабар деген мағынаны білдіреді.

Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді. Сонымен қатр топтардың атауымен аталып, сол топтарда қадір тұтылған евангелиялар да, мысалы назорейлер, эбиониттер, еврейлер евангелиялары да пайда болды. Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі («Дидахе»), Герма «Пастрі» сияқты аян алу жанрына жататын кітаптарда кездеседі.

Клир алдында нағыз қасиетті ретінде пір тұтылатын шығармаларды сұрыптау қажеттілігі тұрды, сұрыптау ұзақ уақытқа созылды.

Христиандар арасындағы кикілжіңнің себебін түсінгісі келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін тездетті. Константиннің мақсаты бір орталықтан басқарылатын империяға сәйкес келетін бір орталықтан басқарылатын бір ілім негізінде шіркеулерді біріктіру болды. Константин қайтыс болғаннан кейін 363 жылы өткен Лаодикей соборы канондалған христиандық шығармалардың тізімін белгіледі. Алайда, жаңа өсиет құрамына енген кітаптар тізімі 429 жылы Карфаган сборында бекітілді. Жаңа өсиет құрамына 4 інжіл, апостолдардың 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.

Билет

1.Құрандағы ислам діні парыздары дәлелдері


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: