Тапсырма №1452

24 жастағы қыз төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, зондтың ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде көрінген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Периодонттың созылмалы қабынуы

С) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Тапсырма №1453

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын периодонттың созылмалы қабынуымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерін таңдағаны дұрыс болады:

А) Рентгенография

В) сипап тексеру

С) +Термометрия

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

Тапсырма №1454

34 жастағы әйел төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

Тапсырма №1455

20 жасар қыз жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) +Термометрия

Тапсырма №1456

26 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суыққа ұзаққа созылатын реакциясы бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның жедел толық қабынуы

В) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

С) Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Жедел дамыған терең тісжегі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: