П. Л. Капица

Ғылымды дамытуға бағытталған ұйымдастыру шараларын үш топқа бөлуге болады:

1) Ғылыми кадрларды іріктеу және тәрбиелеу;

2) Ғылыми ізденістердің әлемдік талаптарына сай және елдің мәдени

және өнеркәсіптік сұраныстарына сәйкес келетін бағыттарын дамыту;

3) Ғылыми жұмысты жүзеге асыруға қажет материалдық базамен қам-тамасыз ету: ғылыми институттар, приборлар жасау, информация және басқалары;

Ғылыми кадрларды іріктеу және тәрбиелеу

Ғылымды ұйымдастыру мәселелерінің арасындағы маңыздысы - ғылыми кадрларды іріктеу және тәрбиелеу. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, осы фактор ғылыми жұмыстың жоғары деңгейін және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Ғылыми жұмыс та адам қызметінің тек шығармашылық қабілеті бар адам табысты дамыта алатын саласы. Өнер, әдебиет, музыкамен творчестволық қабілеті, ерекше дарыны бар адам ғана айналысатыны секілді, ғылымда да ғылыми дарыны бар адам ғана табысты қызмет ете алады. Яғни, ғылыми жұмыс тиімді даму үшін дарынды адамдарды таңдап ала білу керек. Бұл ғылыми жұмысты ұйымдастырудағы ең қиын жұмыс, себебі ғылыммен айналысатын адамдардың саны қай елде болмасын өте аз, елде өмір сүріп отырған адамдардың кішкене ғана проценті. Сондықтан да осы аз ғана адамдық ресурсты мейлінше толық пайдалану жағдайларын туғыза білу қажет.

Ғылыми кадрларды дайындаудың ең кең тараған схемасы төмендегідей деуге болады. Болашақ ғылыми маман әуелі университете және инстатут қабырғасында басқа студенттермен бірге оқиды. Оқу бітірген соң ғана дарынды жастар іріктеліп, аспирантураға қалдырылады. Тек осы сатыда ол ғылыми жүмысқа бейімделе бастайды. Кандидаттық диссертация және оны қорғау адамның ғылыми дарындылығын көрсетеді.

Бұл жүйенің кемшіліктері бар. Ең бастысы - болашақ ғалымның шы-ғармашылық дарынын көрсету мүмкіндігі тек 23-25 жаста ғана пайда бо-лады, оған дейін оның өмірінің ойлау және жүмыс жасау қабілеті, миы мықты 4-5 жылы жалпы оқу процесіне кетеді.

Екіншіден, ғылыми кадрларға ғылыми басшылық жасай алатын профессура жоғары оқу орындарының бәрінде бірдей бар деп айту қиын.

Сондықтан да музыканттар мен суретшілерге арнайы оқу орындары құрылғаны сияқты, ғылыми кадрларды дайындайтын арнайы оқу орындары қажет. Оның мысалы ретінде Мәскеу физикалық-техникалық университетін айтуға болады.

Ізденіс тақырыбын таңдау

Ғылыми тақырып әлемдік ғылымның бағыттары мен елдің сұраныс-тарына сәйкес болуы тиіс. Мұндай тақырыпты тандауды тиімді жүзеге асыратын ғалымдардан тұратын ұжым, ғылым академиясы, ғылыми қоғам- дар, ғылыми кеңестер және тағы басқа қоғамдық ұжымдар.

Ғылыми жұмыстың материалдық базасы.

Бұған кіретіндер: ғалымдар мен қосалқы қызметкерлерге еңбекақы төлеу, институттар салу, приборлармен қамтамасыз ету, информацияны ұйымдастыру және тағы басқалары. Ғылыми нәтижелерді бағалау өтеқиын, бірақ ғылымның тиімділігін арттыру үшін өте қажет.

(П.Л.Капица. Эксперимент. Теория. Практика. М., 1987, с.208. Қазақ тіліне аударған Г.Нүрышева).

А.Койре. Ғылыми теориялардың дамуына философиялық концепциялардын ықпалы туралы

...Сонымен, ғылыми ойдың тарихы бізге (мен ең аз дегенде осыны дәлелдеуге тырысып бағамын) мынаны үйретеді:

а) ғылыми ой ешқашан да философиялық ойдан толығымен бөлек болған жоқ;

б) ұлы ғылыми революциялар үнемі философиялық концепциялардың күйреуі немесе өзгеруі арқылы анықталды;

в) ғылыми ой - әңгіме физикалық гылымдар туралы болып отыр -вакуумда дамыған жоқ; бұл даму ылғи да белгілі бір идеялардың, іргелі принциптердің шеңберінде дамыды, оларда философияға ғана тән деп есептеліп келген аксиоматикалық айқындылық бар.

Әрине, бұдан мен жаңа фактілердің, жаңа техниканың ашылуының маңызын, ғылыми ойдың автономдылығын немесе оның дамуының ішкі заңдылығын теріске шығарамын деген қорытынды жасауға болмайды.

...Сонымен, бізге тарих үйреткен сабақтардан екі қорытынды жасасам дұрыс болатын секілді.

1. Позитивистік бас тарту - орын беру - уақытша шегінудің кезеңіғана болып табылады. Адамның ақыл-ойы өзінің білімге деген ұмтылысында белгілі бір уақыт өткен сайын осы позицияға шегініп отырғанымен, ол оны ешқашан да - ең құрығанда осы уақытқа дейін осылай болып келді - шешуші және соңғы деп санамайды. Ерте ме, кеш пе ол бұлжағдайды өзінің жеңісі деп есептеуден бас тартып отырды. Ерте ме, кешпе, ол өзінің міндетіне қайта оралады және ол анықтаған және қабылдаған заңдардың себепті және реалды түсіндірмесін табуға тырысып, еш қандай мәні жоқ деп жарияланған мәселелердің пайдасы жоқ немесмүмкін емес шешімдерін іздеуге қайтадан ұмтылады.

2. Ақырында дұрыс болып шығатын философиялық ұстаным пози-тивистік немесе прагматикалық эмпиризмнің концепциясы емес, керісінше, математикалық реализмнің концепциясы; қысқаша айтқанда, Бэкон немесе Конттың концепциясы емес, Декарт, Галилей және Платонның кон-цепциясы.

...Эйнштейннің шығармашылығына шабыт беріп отырған философи-ялық пайымдаулар екендігі күмәнсіз, сондықтан да ол туралы, Ньютон туралы айтқанымыз секілді, қандай дәрежеде физик болса, сондай дәрежеде философ деуге болады. Оның абсолюттік кеңістікті, абсолюттік уақытты және абсолюттік қозғалысты үзілді-кесілді теріске шығаруының негізінде белгілі бір метафизикалық принцип жатқаны айдан анық.

...философия қайтадан - мүмкін қазір философиялық факультеттерде оқытылатын философия емес шығар, бірақ Галилей мен Декарттың зама-нында солай болды - физика діңгегі, ал жемісі механика болып табылатын ағаштың тамырына айналды.

(А.Койре. Очерки истории философской мысли. М., 1985. Қазақ тіліне аударған Г.Нұрышева).

Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: