73. Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуға баланың іс-әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде
Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кернштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр.
74. Қазіргі таңдағы дамыта оқыту теориясының тұжырымдамалары:
1.Психикалық дамуға бағдарланғанын қарастырғандар: Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер.
2. Тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы қарастырғандар: Г.А.Цукерман, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.А.Смирнов.
75. Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды:
- қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту;
- бағдарламалық материалды оқытудың жоғарғы қарқындылығы:
- бастапқы теориялық білімінің маңызды рөлі;
- оқушылардың оқу процесін ұғынуы;
- барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.
76. З.И.Калмыкова тұжырымдамасы бойынша ойдың негізгі көрсеткіштері:
-ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
- ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы мен дамуы;
- мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;
- ойдың жүйріктігі – кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда болатын ассоциациялық идеалардың саны.
77. З.И.Калмыкованың дәлеледеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а) оқытудың мәселелігі;
ә) оқытудың жекелігі және даралығы;
б) ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық, абстрактылы және теориялық) үйлесімде дамуы;
в) ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
г) есте сақтау әрекеттерін арнайы ұйымдастыру.
78. Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:
1. Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оқу жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеасына сәйкестендірілуі керек;
2. Әрбір оқу пәнінде оқу жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;
3. Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.
79. Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес оқу бірлестігінде үш басты сипаттамалар ажыратылады:
- өзара әсердің симметриясыздығы;
- баланың танымдық инициативасы;
- жаңа білімге нақты сұраныс жасау.
80. С.А.Смирновтың тұжырымдамасына сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
- оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
- сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;
- оқушыларды шығармашылық әрекетке араластыру.
Дидактика -оқыту мен білім берудің теориясы.
81. Философиялық категория:
«Мән мен құбылыс», «байланыс», «жалпы және жалқы», «болмыс», «сана», «тәжірибе» және т.б.
82. Педагогиканың жалпы ұғымдары:
«Педагогика», «тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет», «педагогикалық ақиқат» және т.б.
83. Дидактиканың жеке ұғымдары:
«Оқыту мен оқу»,«оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі», «мұғалім», «оқушы», «сабақ» және т.б.
84. Жалпы ғылыми ұғымдар:
«Жүйе», «құрылым», «қызмет», «элемент», «тиімділік», «жағдай», «ұйым», «формалау» және т.б.
85. Әлемдік дидактиканың дамуына зор үлес қосқандар: