Астана, 2014 ж. 1. Тақырып №16: Антисептиктер және дезинфекциялаушы заттар

1. Тақырып №16: Антисептиктер және дезинфекциялаушы заттар. Туберкулезге қарсы дәрілер. Спирохетаға қарсы дәрілер – 3.

Мақсаты туберкулез фармакотерапиясының принциптері және заманауи антисептиктер мен дезинфекциялаушы, спирохетаға қарсы заттар туралы білім алуға түсініктеме және мүмкіндік беру:

3. Оқыту мақсаты:

1. Антисептиктер мен дезинфекциялаушы және туберкулезге, спирохетаға қарсы дәрілердің фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтарын қарастыру.

2. Студенттерді препараттарды қолдану, қарсы көрсеткіштеріне байланысты дәлелді тағайындауға және осы топ препараттарына рецептті сауатты жазуға үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Антисептика және дезинфекция туралы түсінік. Антисептиктерге және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар. Жіктелуі.

2. Құрамында галоген бар қосылыстар. Механизмі, хлор және йод қосылыстарының әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

3. Тотықтырғыштар (сутегі тотығы, калий перманганаты). Әсер ету механизмі. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

4. Сілтілер және қышқылдар (бор қышқылы, аммиак ерітіндісі). Механизмі және әсер ету ерекшеліктері.

5. Металл қосылыстары (сынап дихлориді, сары сынап окисі, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты). Механизмі. Жергілікті әсерлері (тұтқыр, тітіркендіргіш, күйдіргіш). Ауыр металл тұздарымен улану. Улану кезіндегі көмек шаралары.

6. Фенол және оның туындылары (таза фенол, резорцин). Механизмі, әсер ету және қолдану ерекшеліктері. Мүмкін болатын жанама әсерлері.

7. Альдегидтер және спирттер. Әсер ету механизмі. Формальдегид және әр түрлі концентрациядағы спирт ерітінділерінің микробқа қарсы белсенділіктері. Қолданылуы және жанама әсерлері.

8. Бояғыштар-бриллиант көгі, этакридин лактаты. Механизмі және микробқа қарсы әсерінің ерекшеліктері. Қолданылуы және жанама әсерлері.

9. Туберкулезге қарсы заттар. Туберкулезге қарсы терапияның принциптері. Туберкулезге қарсы заттардың жіктелуі.

10. Әр түрлі топтағы препараттардың туберкулезге қарсы әсер ету механизмі, жалпы сипаттамалары.

11. Спирохетаға қарсы дәрілік заттар. Антибиотиктер (бензилпенициллин препараттары) және синтетикалық заттар (висмут препараттары).

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, ақуалды есептерді шешу, рецеттер жазу, кіші топтарда жұмыс жасау.

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.

2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.

5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...

6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.

7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.

Ағылшын:

Негізгі:

1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.

2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.

7. Бақылау: ауызша сұрау, бақылау билеті (рецепт жазу, алгоритм, фармакологиялық мінездемесі бойынша препаратты анықтау).

Рецепт жазуға арналған препараттар:

1. Хлоргексидин – Chlorhexidinum (0,05% еріт. 100 мл-нан)

2. Фурацилин – Furacillinum (0,02% еріт флак.түрінде 500 мл-нан)

3. Борная кислота – Acidum boricum (3% еріт 10 мл-нан)

4. Кислота салициловая – Acidum salicylicum (5% спирт ерітіндісі 20 мл-нан)

5. Изониазид – Isoniazidum (таб. 0,2 №20)

6. Рифампицин – Rifampicinum (капс. 0,15 №20)

Сипаттама беруге арналған препараттар


Йодовидон (бетадин), Церигель, Хлорофиллипт, Рифампицин, Этионамид.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Пәні: Фармакология - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Тақырып №17: Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілік заттар. Вирустарға қарсы дәрілік заттар. Құрттарға қарсы дәрілік заттар.

Сағат саны: 3

Курс: 2

Құрастырушы: Д.С. Уайсова


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: