Тапсырма 4 страница

Есептеу жүргізілген күні барлық дақылдардың егін көгін (өскіндерді) құм бетімен бірдей етіп кеседі де жеке-жеке мыналарды санайды:

1. Сыртқа шыққан қалыпты өскіндер.

2. Өнген бірақ сыртқы бетке шыға алмаган өскіндер;

3. Ауру жөне шіріген өскіндер;

4. Қалыпсыз өскен тұқымдар;

5. Ісінген (бөрткен) тұқымдар;

6. Шіріген тұқымдар.

Сонымен бірге сыртқы бетке шыққан өскіндерді өлшеп, 100 өскінге шаққандағы массасын (г) анықтайды.

Тұқымның өсу күшінің қорытынды керсеткіштеріне өскіндердің процентпен алынған орташа мөлшері мен 100 өскінге шаққандағы масасы (г) жатады. Барлық есептеулер мен өлшеулердің нөтижелері төмендегі кескіндегі жұмыс бланкісіне жазылады

12-к е с т е Тұқымның өсу күшін анықтаудың жұмыс бланкісі

Үлгі Есептеу жүргізілген күнгі сыртқа шыққан қалыпты өскіндер Саны, %
  Саны, % Массасы, г Есептеу жүргізілген күнгі сыртқа шыға алмаған қалыпты өскіндер Қалып сыз өскен тұқымдар бөрткен тұқымдар
    нақты өскіндер -дің 100 өскінге шаққандағы      
1.            
2.            
3.            
4.            
Орта ша            

Тұқымның өсу күшін анықтаудағы жұмыс тәртібі:

негізгі дақыл тұқымынан дәнді дақылдар мен зығыр үші 100 данадан екі үлгі жөне күнбағыс үшін 25 данадан төрт үлгі сана алынады;

күні бұрын қыздырылған кварц құмын саңылау диамет} 1,0 мм елеуіштен өткізеді (елейді);

дәнді дақылдар мен зығыр тұқымына құмды ең а ьлғалсыйымдылықтың 60%, ал күнбағысқа 15% мөлшеріне дейіі дымқылдаңдырады;

сауыттар дымқылданған құммен толтырылады тығыздалады, беті тегістеледі, тиісті түқьшдармен себіледі;

МСТ 12040-66 талаптарына сөйкес терендікке тұқымда себіледі де беті құммен жабылады;

Дәнді дақылдар мен зығыр себілген сауыттардың бет шьшы табақшалармен жабылады;

Көктету уақыты өткеннен кейін барлық егін көгі (өскінде{; кесіп алынады, жеке-жеке үлгілер бойынша саналады, өрі өлшенед басқа күйдегі тұқымдар да саналады;

Есептеулер мен өлшеулер нәтижелері жоғарыда келтірілгеі арнаулы жұмыс бланкісіне жазылады;

Тұқымның өсу күшінің саңдық (%) жөне сапалық (і көрсеткіштері анықталады.

ТҰҚЫМНЫҢ АУРУЛАРМЕН ЗАЛАЛДАНУЫН АНЫҚТАУ (МСТ 12044-66)

Тұқымтану практикасында (іс санасында) тұқымның аурулармен залалдануын (дерттенуін) анықтауға үжен мөн беріледі. Ауру тұқым жиі түрде ауылшаруашылық дақыддарьшың өнімі мен сапасыныі нашарлауына өкеліп соғады. Совдықтан да тұқымның аса қауіп аурулармен залалдануына жол берілмейді, немесе мемлекеттіі стандарттармен шектеледі.Тұқымның аурулармен залалдануын (дерттенуін) анықтағанда саңырауқұлақ жөне бактериялық аурулардың бар-жоғын, олардың түр құрамын және тұқымның залалдануы дәрежесін белгілейді.

Аурулармен заладдану нөтижелерін дақылға жөне ауру түріне байланысты массаньң процентімен немесе 1 кг тұқымға шаққандағы сонымен есептейді. Тұқымның аурулармен залалдануын анықтау үшін мемлекеттік стандарттармен төмендегідей 4 төсіл қарастырылған: макроскопиялық, центрифуга төсілі, биологиялық және люминесценттік. Біз екі тосілді баявдаумен ғана шектелмекпіз.

Макроскопиялық тәсіл. Тұқым тазалығын анықтағавда жай көзбен, немесе үлкейткіш шынының көмегімен ондағы қоспаларды да анықтайды: бидай, арпа, сүлы, астық тұқымдас шөптерде - қара күйе қапшықтары мен қастауыш (спорынья) склероцийлерін тұқым массасына процентпен, ал бұршақ дақылдарывда-ақ жөне сүр шірік склероцийлерінде де түқым массасына процентпен.

Люмгаесценттік тәсіл. Негізгі дақыдпың тұқымдары қара қағаз бетіне салынып, улътра күлгін жарықтағыш аспаптың астына орналастырылады. Бидайдың сау тұқымдары көкшіл-жасыл немесе көкшіл-күлгін түспен жарықталады, ал қара күйе ауруымен жоғары дөрежеде заладданған тұқымдар қоңыр,көмескі түсте қалады.

Асбүршақ тұқымының кесел (аскохитоз) жөне фузариозбен заладданған жерлері көмескі қызыл-қоңыр түспен жарықталады.

Қант қызылшасының тұқымдары құрғақ шірікпен (фомоз) дерттенгевде тұқымның бетшдегі саңырауқұлақ гшкшадалары ақ күңгірт түспен, ал фузариозбен заладцанған жүгері тұқымы ашық қызғылт-сары, немесе қызыл-күрең түспен жарықталады.

Тұқымның аурулармен залалдануын (дерттенуін) анықтау жұмысының тәртібі:

тұқым тазалығын анықтауға арналған бірінші орташа үлгі үлкейткіш шьшьшың көмегімен тыңғылықты түрде қаралады және овдага қоспалардың барлығы анықталады, сонымен бірге қаракүйе қапшықтары мен қастауыш склероцийлері үлгі массасының процент мелшерімен есептеледі;

ас бүршақ тұқымын қара қағазға жайып, ультракүлгін жарықтагаш аспабының астында тексереді;

аскохитозбен (кеселмен) дерттергендігі анықталса, оның процент мөлшерін үлгі массасы бойынша есептейді.

ТҰҚЫМНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРМЕН ЗАҚЫМДАНУЫН АНЫҚТАУ (МСТ 12045-66)

Тұқымның зиянкестермен зақымдануын айқын жөне жасырын түрінде анықтайды. Оның үстіне пакетпен альшған үшінші орташа үлгіні тұқым инспекииясына түскеннен кейін екі төуліктен кешіктірмей тадцаған жөн. Егер таддама (таддау) жылдың суық кезеңіңде жүргізілсе, онда тұқым үлгісі комната температурасында 1,5-2,0 сағат үсталады. Кенелерді қозғалысқа келтіру үшін тұқым үлгісін 25-28°С 20-30 минөт бойы жылытады.

Тұқымның айқын жарақаттануын (зақымдануын) анықтау. Тұқым үлгілерін диаметрі 2,5 және 1,35 мм дөңгелек саңылаулы екі елеуіште елейді. Ұсақ ұқымды дақылдарға саңылау диаметрі 1 мм елеуіі қолданылады. Тұқым 3 минөт еленеді. Елеуіштен өткен массаш_ астына қара қағаз салынған шынының үстіне тегеді де кенелердің бар I жоғын тексереді. Саңылау диаметрі 1,5 жөне 1,0 мм елеуіштерде қалғаі тұқымда бізтұмсық, зауза қоңыздары жөне олардың балапаі қүрттарының (личинкаларьшың) бар-жоғы қаралады; саңылау диаметр 2,5 мм елеуіште қалған түқым ірі зиянкестер және олардың балапаі құрттары мен гусеницаларының бар-жоғы қаралады.

Талдау кезінде табылған тірі зиянкестердің өр түрінің санын 1 кг* тұқымға есептейді. Кенемен зақымданудың үш дәрежесі белгіленген:' бірінші дәрежеде — 1 кг түқымда 20 данадан аспайтын тірі кенелер болады; екінші дөреже.лі зақымдануда-1 кг түқымда тірі кенелердів саны 20-дан артық және олар колония түзбейді, өрі еркін қозғалады;_ үшінші дәрежелі зақымдануда-кенелер киізденген түтас масса түзеді және олардың қозғалуы қиындайды.

Тұқымның бізтұмсықпен жасырьш зақымдануын анықтау.

Бидай, қара бидай, күріш жэне арпа тұқымының жасырын зақымдануын тұқым үлгісінде тірІ зиянкестер болмағанда, оның есесіне өлі бізтұмсықтар немесе олармен зақымданған тұқым болганда анықтайды. Жасырын зақымдануды анықтау үшін шөкіммен негізгі дақылдың 200 дана тұқымы сұрыпталады, абайлап оларды тілік-бойымен екіге жарып кеседі жөне үлкейткіш шынының астывда балапан қүрттар, қоңыздар жене куколкаларды айқындайды. Зақымданған тұқымдарды санап, олардың процентін анықтайды.

Тұқымның зиянкестермен зақымдануын анықтаудағы жұмыс тәртібі: күнібұрын дөңгелек саңылауының диаметрі 2,5; 1,5 жөне-1,0 мм елеуіштер дайындалады;

- олар арқылы тұқым үлгілері 3 минөт еленеді;

елеуіштен өткен массаны астына қағаз сальшған шыныға;

төгіп кенелер, бізтүмсықтар, зауза қоңыздары жөне олардың балапан.

құрттарының бар-жоғы қаралады;

кенелердің барлығы анықталса, олардың саны мен

тұқымының зақымдану дөрежесі белгіленеді;

ірі зиянкестер жөне олардың, балапан құрттары болғанда,, бұлардың талдауға алынған тұқым санына процент мөлшерш: анықтайды.

ТҰҚЫМ САПАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ (МСТ 120466-85)

Тұқымның себу сапасы мемлекетгік стандарттармен мөлшерленетін (лабораториялық өнгіштік, тұқымның қоспалардан тазалығы, ылғалдылығы, аурулар және зиянкестермен зақымдануын) жөне мөлшерленбейтін (өсу күші, тіршілікке қабілеттілігі, 1000 тұқымның массасы, өну энергиясы т.б.) көрсеткіштерге ажыратылады.

Екі негізгі керсеткіиггер-лабораториялық өнгіштік жөне санмен есептегендегі қоспалармен бірге тұқымның тазалығы-бойьшша дақылдарға байланысты тұқымдық материал үш немесе екі класқа бөлінеді (13-кесте).

13-к е с т е Тұқымның себу сапасына мемлекеттік стандарт

(12047-85 МСТ)

Дақыл МСТ Негізгі Кла Негізгі Оның ішінде кеп емес
  нөмірі дақыл тұқы-мы, % сы Дақылдың қоспасы, % басқа өсімдіктің тұқымы, 1 кг/дана оның ішіндегі арам шөп-тің тұқымы 1 кг/дана өнгшггі гі% кем емес
Жұмсақ бидай 10467-76 99 98 97   1,0 2,0 3,0   20 70 95,0 92,0 90,0
Қатты бидай 10467-63 99 98 97   10, 2,0 3,0   20 70 90,0 87,0 85,0
Қара бидай 10468-76 99 98 97   1,0 2,0 3,0     95,0 92,0 90,0
Сұлы 10470-75 99 98 97   1,0 2,0 3,0   20 70 95,0 92,0 90,0
Арпа 10469-76 98 97   1,0 2,0 3,0     95,0 92,0 90,0
Тары 10469-90 98 97   1,0 1,5 3,0   75 200 95,0 90,0. 85,0
Қара құмық 10247-76 99 98 97   1,0 1,5 3,0   20 100 93,0 90,0 87,0
Ас бұршақ 10246-76. 99 98,5 96         95,0 92,0 90,0
Еркекшш 19449-80 95 90   5,0 10,0 : 200 300 80,0 65,0
Қылтық-сыз арпабас 19449-80 85 90   5,0 10,0 - 240 320 75,0 65,0
Егістік жоңышқа 19450-80 96 96 1 2 4,0 4,0 : 100 200 80,0 70,0
Эспарцет 19450-80 97 97 1 2 3,0 3,0 - 40 50 75,0 65,0
Түйежо-ңышқа 19450-80 96 96 1 1 4,0 4,0 - 100 200 80,0 65,0
Итқонақ 19450-80 97 93   3,0 7,0 - 120 240 85,0 75,0
Судан шөбі   98 95 1 2 2,0 3,0   20 20 80,0 70,0

Мемлекеттік стандарттар (МСТ) талаптарына сөйкес келмейтін тқывдар кондициялы емес деп танылады жөне себуге рұқсат етілмейді.

Ауылшаруашылық дақылдарының тұқым сапасын анықтағаннан кейін мемлекеттік тұқым инспекциясы талдау нөтижелерІне байланысты "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куөлік" немесе "Тұқым талдаудың нәтижесі" деген арнаулы құжат береді. (Қосымшаның 3 жөне 4-кестелері).

Тұқым ковдициялылығы жөніндегі куәлік" себу сапасының барлық көрсеткіштері мөлшерленген стандарт бойынша тексеріліп және оның талаптарына сәйкес келген тұқымға беріледі. Егіні жиналган жылғы күздік бидай тұқымының өнгіштігін анықтамай-ақ оның тіршілікке қабілеттілігі көрсеткішше негізделіп "Тұқым ковдициялылығы жөніндегі куөлігін" беруге рүқсат етіледі.

Мемлекеттік тұқым инспекциясына ірі тұқым тобынан орташа үлгілер жеткізілгенде мынадай жағдайда беріледі: тұқым тобынан сүрыпталған барлық орташа үлгілердің сапа көрсеткіштері стандарт мөлшеріне сөйкес келгенде; тұқымның орташа арифметикалық сапа көрсеткіштері стандарт талаптарына сөйкес келгевде, бірақ тұқым үлгілерінің бір бөлігі кондициялы болмай, олардың сапа көрсеткіштері орташа арифметикалық шамадан ауытқуы рұқсат етілген мөлшерден аспағанда. Мұндай жағдайларда тұқымның сапа көрсеткіштерін орташа арифметикалық шамалармен анықтайды. "Тұқым кондициялылыгы женіндегі куөлікте" класты жазбаша түрде көрсетеді, ал ол мөлшерленетін сапа көрсеткіштерінщ теменгі бағасымен анықталады. Мысал: қатгы бидай тұқымы барлық себу көрсеткіштері бойынша бірінші класс талаптарына сөйкес келеді, тек қана басқа өсімдіктердің қоспасы үшінші класс деңгейінде; "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлікке" үшінші класты тұқым деп жазады.

Ауылшаруашылық дақылдарының көпшілігіне, оның ішінде дөнді дақыддарға "Тұқым ковдшщялылығы жөніндегі куөліктің" күші тұқымның өнгіштігіне байланысты жөне 4 ай мерзімге белгіленеді, ал қапталған және дөріленген жүгері тұқымы үщін-бір жыл. Кенелермен зақымданған тұқымға "Тұқым кондициялылығы жөніндегі куәлікгің" эсер ету мерзімі екі айға дейін кемітіледі.

"Тұқым кондициялылыгы жөніндегі куәліктің" күші жойылғаннан кейін түқымды өнгіштікке қайтадан таддағанда "Тұқым талдау нөтижесі" құжаты беріледі, бұл бұрын берілген "Тұқым КОНДИЦИЯШЫЛЫҒЫ жөніндегі куәлікке"

толықтырма болъш табылады және оның өсер ету күшінің мерзімі көрсетіледі. Егер қайтадан тексергенде тұқым кондицшшы болмай қалса, онда "Тұқым ковдициялылығы женіндегі куөліктің" күші жойылады.

"Тұқым талдаудың нэтижесі" тұқымның себу сапасы тиісті стандарі талаптарына сөйкес келмеген жағдайда, немесе тұқымныі мөлшерленетін көрсеткіштері толық тексерілмеген тұқымға беріледі.

Толық емес таддау жүргізілгевде, стандартпен мелшерленетіі көрсеткіштердің бір бөлігі ғана анықтажавда жөне бүл көрсеткіште] стандарт талаптарына сәйкес келгенде мынадай қорытынды жасалады "Тұқым пөлендей көрсеткіштер бойынша стандарт талаптарына сәйке келеді". Егер де талдау кезіңце түқым бір, немесе бірнеш мөлшерленетін көрсеткіштер бойьшша кондициялы болмас "Қорытынды" деген бапқа "Тұқым мына көрсеткіштерге байланысті кондициялы емес" деп жазады да түқымның сапасын арттыру жөніқп кепіддеме (ұсыныс) береді.

ТҰҚЫМНЫҢ СЕБУГЕ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ СЕБУ

МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ

Тұқымның себуге жарамдылығы дегеніміз талданып отырған тұқымдағы таза жөне өнгіш тұқымньщ процент мөлшері. Бұл ы көрсеткішті тек қана кондициялы тұқымға төмеңдегідей анықтама бойыюна есептейді.

мұнда Сж ~ тұқымның себуге жарамдылығы, %;

Тт - тұқымның тазалығы, %;;

Ле - тұқымның өнгіштігі, %;

Себуге жарамдылықты, әдетте, бүтін санмен көрсетеді. Мысалы, орташа үлгіні талдағанда мынадай нөтижелер алынады: тұқымның физикалық тазалығы — 99,7%, лабораториялық өнгіштігі 96%. Себуге жарамдылығы

Сж - 99,7 -96:100=95,7 немесе 96%.

Тұқымның себуге жарамдылығын оның нақты салмақтық себу өлшерін (нормасын) есептеу үшін қолданады.

Кепілдемелерде, оқулықтарда т.б. құралдарда себу мөлшері сандық есеппен (гектарьша млн. дана өнгіш тұқым), немесе 100%, себу жарамдылығына келтірілген салмақтық өлшеммен беріледі. Әрбір тұқым үшін себер аддывда себуге жарамдылықты ескеріп нақты себу мөлшерін анықтайды. Мысалы: Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалық аймағынның қара-қоңыр топырақтарывда таза парға 1000 тұқымның массасы 36,0 г және себуге жарамдылығы 95% Целинная Юбилейная жаздық бидайының өр гектарға 3,0 млн данасын себу керек; нақты себу мөлшері

Сн = К-М-100:Сж,

мұңда К - себу коэффициенті (гекгарына млн. өнгіш тұқым); М - 1000 түқымның массасы, г; Сж — себуге жарамдылық, %.

Совда Сн =3,0 36,• 100:95=113,7 немесе 114 кг/га. Айта кету керек, ортүрлі екпе дақылдар жөне топырақ-климат іймақтары (тіпті Солтүстік Қазақстан піеңберінде) үшін тұқымның:ебу мөлшерін анықтау мен есептеудің бірнеше төсілдері қолданылады кәне міндетті түрде себуге жарамдылықты пайдаланып түзету енгізеді.

1. Салмақтық тәсіл. Бұл экспериментгік жолмен далалық кәне өндірістік төжірибелер жүргізіп, тұқымның орташа салмақтықебу мөлшерін анықтауға негізделген. Тұқымның себу мөлшері нақтыопырақ-климат аймақтары үшін белгіленеді.

2. Даналық (сандық) тәсіл. Бұл тәсіл бойынша 1 га егістік кеебілетін тұқым санын анықтайды. Сандық себу мөлшері дексперимент жолымен анықталады. Бір өлшем егістікке себілетінуқым данасын (санын) біле отырып, жоғарыд келтірілгеннықтаманы пайдаланьш салмақтық себу мөлшерін белгшеуге болады.

3. Қолайлы сабақ жиілігі бойынша тұқымның себу мөлшерін ;ептеудің әдістемесі. Бұл тәсілді проф. М.С. Савицкий ұсынған жөнеи өсімдіктердің биологаялық көрсеткіштеріне егін жинаузр саңындағы дақылдың қолайлы сабақ бітікгігі жиілігіне, түптену коэффициенті мен есімдікгердің жалпы тірі қалуына негізделген. Қолайлы сабақ бітікгігінің жиілігі деп нақты жағдайда бір өлшем жерде ең жоғары өнім қалыптастыратын өнімді сабақ санын атайды. Өсімдіктердің жалпы тірі қалуы дегеніміз егін жинау кезіндегі бір өлшем аландағы (1 кв. м) есімдік санының осы аланға себіжен өнгіш тұқым санына қатынасын 100-ге көбейткенге тең шама. Себу мелшері мына анықтамамен есептеледі:

Сн=(Ск-М-100):(К-СӨ'Сж),

мұнда Сң ~ тұқымның себу мөлшері, кг/га;

Ск ~ егін жинау кезіндегі нақты аймаққа есептелген

сорттың сабақ бітіктігінің жиілігі, дана/м2;

М — 1000 тұқымның массасы, г;

К - енімді түгггену коэффициенті;

Се - өсімдіктің жалпы тірі қалуы (сақталуы), %;

Сж - түқымның себуге жарамдылшы, %.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Тұқымтанудага негізгі түсінікгерге (тұқым тобы, бақылау бірлігі, орташа үлгі т.б.) анықтама беріңіз.

2. Үйіндіде сақтаулы тұқым тобынан біріктірілген үлгі қалай сұрыпталады?

3. Қаптардағы тұқымнан біріктірілген үлгі сұрыгггаудың әдістемесі қавдай?

4. Біріктірілген үлгіден орташа үдгі қалай ұрьпталады?

5. Орташа үлгі қалай құжатталады?

6. Тұқым тазалъны деп нені атайды және оны анықтау үшін шөкім сүрыігтаудың өдістемесі қандай?

7. Тұқым тазалығын анықтау төртібін көрсетіңіз. Орташа арифметикалық шаманы есептеу өдістемесі.

8. Тұқым тазалығының орташа арифметикалық көрсеткішін есеіггеудің дұрыстығы қалай тексеріледі?

9. Тұқымның өнгіштігі және өну энергиясы түсініктеріне анықтама беріңіз?

10. Тұқымды өнгіштікке салу жөне лабораториялық внгіштік пен өну энергиясын анықтау өдістемесі қандай?

11. 1000 тұқымның массасьш анықтау жөне оның дұрыстығын тексеру әдістемесі.

12. Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі деген не жоне оның анықтау әдістемелері.

13. Тұқымның тіршілікке қабілетгілігш тетразол және қышқыл фуксин ерітінділерінде анықтау өдістемелерін атаңыз.

14. Тұқымның ылғалдылығы деген не жөне оның анықтау әдістемесі.

15. Электрылғалөлшегіштерде тұқым ылғалдылығын анықтаудың мөні неде?

16. Кептіру төсілімен тұқым ылғалдылығын анықтау өдістемесін түсіндіріңіз және орташ арифметикалық шаманың дүрыстығы қалай тексеріледі?

17. 17. Тұқымның өсу күші деп нені айтады? Өлшем бірліктерін көрсетіңіз жөне оның анықтау әдістемесі қаңдай?

18.Түқымның аурулармен залалдануын қандай тәсілдермен анықтайды?

19.Тұқымның зиянкестермен жарақаттану турлерін атаңыз.

20. Тұқымның зиянкестермен жасырын жарақаттануьш анықтаудың мені неде?

21. Тұқымның зиянкестермен айқын жарақаттануын қандай өдістеме бойынша анықтайды?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: