Тапсырма. 1. Негізгі екпе дақылдардың қолайлы жиілігіне тұқымның ебу мөлшерін есептеу өдістемесін меңгеру

1. Негізгі екпе дақылдардың қолайлы жиілігіне тұқымның ебу мөлшерін есептеу өдістемесін меңгеру.

2. Жоспарланған сабақ жиілігіне есептелген себу мөлшерін сынылған шамамен салыстыру және көрсеткіштердегі ауытқу ебептерін негіздеу.

Нақты танапқа тиімді ылғал қорын, өсіп-жетілу кезеңіндегі ылғалдану жағдайларын, топырақ құрлығын, арамшөптермен ластануын т.б. факторларды ескере отырып дұрыс себу мелшерін анықтау-агрономнан үлкен білгірлікті талап етеді, өйткені сабақ жиілігі жапырақ беті ауданына, фотосинтетикалық потенциалға, егістіктегі дақылдың, сорттың таза өнімділігіне тікелей байланысты, ал сондықтан алынатын өніммен де байланысты.

Бұл көрсеткіштің ең қолайлы мәні топырақ-климат аймағында ылғаддану жағдайларына, нақты танапта белгілі бір дақылға қалыптасқан нақты жылдың ылғалдануына тікелей байланысты, өйткені қолайлы жапырақ беті ауданына егістіктің қалыпты транспирациясын топырақ ылғалымен қамтамасыз етілетін мөлшері алынады. Сондықтан ойсаналық (теориялық) негізде айтсақ-ылғалмен қамтамасыз етілуі неғүрлым нашар болса, солғүрлым жапырақ беті ауданы төмен болуға тиіс. Соның нәтижесінде бір өлшем егістікте сабақ жиілігі да азаюға тиіс. Кейде агрномдардың кемшілігін табиғат өзі түзейді: тым тұқым көп себіліп, егістік жиілігі жоғарылап кеткенде қуаңшылықтың есерінен көп өсімдіктер опат болады, немесе олар нашар түптенеді, массасы азаяды, басқаша айтқанда сабақ жиілігі мен жапырақ беті ауданының қалыптасуы өздігінен реттеледі. Пәрменді есіру технологиясын қолданғавда ылғалдылыққа байланысты жиіліктің өздігінен реттелуіне жіберуге болмайды, оның үстіне ол артық тұқым шығынына өкеліп соғады жөне өнім төмендейді.

тұқым себу мөлшерін есептеуде екі негізгі әдісті қодцанады.

1. Тәжірибелер негізінде алынған жөне аймақ, облыс, аудан үшін ұсынылған гектарьша млн. өнгіш тұқым (себу мөлшерінің коэффициенті). Салмақтық себу мелшерін есептеуге мына анықтама пайдаланылады:

СН=М * К * 100: Сж,

Мұнда, Сң - тұқымның себу млшері, кг/га; М - 1000 тқымның массасы, г; К - ұынылған себу мелшері, млн/га өнгіш тұқым; Сж ~ тұқымның себу жарамдылығы, %.Бұл өдістің кемшілігі-өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңіндегі түқымның далалық өнгіштігі, өсімдіктердің сақталуы мен тірі қалуы жеткіліксіз ескеріледі, басқаша айтқанда, сабақ жиілігінің қалыптасуы процесінде агрономның рөлі айтарлықтай емес.

2. Егін жинау қарсаңындағы қолайлы сабақ жиілігін тұқымның далалық өнгіштігін, өсімдіктердің сақталуы мен себу жарамдылығын ескере отырып тұқым себу мөлшерін есептеу. Бұл жағдайда әрбір танапты, дақылды, сортты көктемгі қалыптасқан жағдайларға бейімдеп, ылғалдану жөне агротехниканың басқа шараларын ескеріп, бірінші төсілдегідей, бұрынғы дағдымен емес, есімдіктің өсу жағдайларын үлгілеп, тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталу мүмкіндіктерін болжау арқылы себу мөлшерін анықтайды.

Себу мөлшерін есептеуде дөнді жөне мал азықтьщ дақылдарда бірқатар ерекшеліктер бар.

Дәнді дақылдар ушін себу мөлшерін нақты аймаққа бейімдей отырып, егін жинау қарсаңындағы 1 м2 егістіктегі қолайлы сабақ жиілігіне есептеу қажет. Қолайлы сабақ жиілігінің мәнін шаруашылықтың топырақ-климат жағдайлары мен алғы дақылға байланысты алады. Есеп жүргізгенде тұқымның далалық өнгіштігін, өсімдіктердің сақталуын, өнщді түптенуді жөне тұқымның себу сапасын болжаған дұрыс. Есептеу мына анықтамамен іске асырылады: Сн= (С * М * 100): (К * В * Сж), мүнда Сн - себу мөлшері (нормасы), кг/га; С — егін жинау қарсаңыңдағы 1 м2 алаңдағы сабақ саны, дана; М - 1000 тұқымның массасы, г; К - өнімді түптену коэффициенті, дана; В - тірі қалу көрсеткіші, тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіктің сақталуын қоса есептегендегі байланыс, %; Сж ~~ түқымның себуге жарамдылығы, %.

Солтүстік Қазақстанда өсірілетін жаздық дәңді дақыддарда өнімді түптену 1,2-1,3 деңгейіңде және өр жылдары, әртүрлі танаптарда ылғалдануға, алғы дақыл, есіру технологиясы, дақыл жөне сортқа байланысты 1-ден 2,5-3,0 шамасына дейін өзгереді.

Орта есеппен тұқымның далалық өнгіштігі 70-90%, өсімдіктің тірі қалуы 65-70%, бірақ 50-ден 85%-ға дейін өзгеруі мүмкін.

Егін жинау қарсаңында 1 м2 егістікте дөнді дақылдардың сабақ саны ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай 200-360 дана аралыгында болуы мүмкін.

Мал азықтық дақылдар егістігінде қолайлы сабақ жиілігін құрастыру біздің зерттеулеріміздің деректері негізінде іске асырылуға тиіс, олар 27-кестеде келтірілген.

Ең жоғары өнім алу үшін ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты дақыддың, немесе дақылдар тобының ең қолайлы сабақ бітіктігі жиілігін бағдарлаған дүрыс. Соңынан тұқымның себу жарамдылығына, далалық өнгіштігіне, өсімдіктердің сақталуына және шығындалуына (егін көгін тырмалағанда, қатараралықты өңцегенде ж.б.) түзету енгізіледі. Өсімдіктің тірі (сақталып) қалуын проценттік көрсеткішті пайдаланып себілген тұқым арқылы мына анықтамамен есептеуге болады:

Сө=Пв * Вө: 100,Мұнда, - өсімдіктің тірі қалуы, %;

Пв ~ тұқымның болжаулы далалық өнгіштігі, %; Вө - өсімдіктердіц болжаулы тірі қалуы, %.

27 кесте Солтүстік Қазақстанда ең жоғары өніммен қамтамасыз ететін

Мал азықтық дақылдардың егін жинау алдындағы өсімдік жиілігі дана

 
Дақылдар Ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесі
  суару немесе табиғи жақсы ылғалдану суармасыз жөне қанағаттанарлық ылғалдану
Көпжылдық шөптер тіршілігінің 2-4 жылдарында
Жоңышқа 80-100 60-80
эспарцет 90-100 70-100
Қылтықсыз арпабас 120-160 100-120
Еркекшөп 60-90 60-90
Біржылдық шөптер
Судан шөбі 110-140 100-120
Сұлы, итқонақ ж.б. 200-300 150-200
Кең қатарлап себілген сүрлемдік дақылдар
Жүгері, күнбағыс 15-18 8-12
Шай жүгері 35-40 15-25

Сақталған өсімдіктің табылған мәні егін жинау қарсаңындағы бағдарланған қолайлы өсімдік санына сөйкес келеді. Себу мөлшерін (нормасын) төмендегі анықтама бойынша есептейді:

Сн=Ск * 100: Сө,

Мұнда, Сн "~ тұқымның себу мөлшері, дана/га;

Ск ~ егін жинау алдындағы (қарсаңындағы) қолайлы (жобалы) саны, дана/га:

Сө - өсімдіктің сақталуы, %.

Әрі қарай 1000 тұқымның массасы арқылы (- бетте) келтірілген анықтама бойынша салмақтық себу мелшерін есептеу қиын емес. Солтүстік Қазақстанда жүргізілген тәжірибелерге негізделе отырып 28-кестеде бірқатар мал азықтық дақылдардың далалық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталу көрсеткіштері келтірілген.

28-кссте Тұқымның далалық онгіштігі мен өсімдіктер сақталуының орташа мәндері (%) (Можаев Н.И., 1996)

Дақылдар Тұқымның далалық өнгіштігі Өсімдіктердің сақталуы
Жүгері 50-70 70-90
Күнбағыс 70-80 80-90
Шай жүгері 60-70 70-90
Жоңышқа 25-60 85-95
Эспарцет 40-45 90-95
Еркекшөп 25-50 60-90
Судан шөбі 60-70 80-95

Тұқымның далалық өнгіштігі мен өсімдіктердің сақталу мәселесі-бүл қалыптасқан жағдайға сөйкес қолайлы себу мерзімін, егістікті күтіп-баптау, тұымның сіңіру тереңцігін т.б. тандап алу.Сонымен, далалық өнгіштікті лабораториялық көрсеткішке, ал өсімдіктердің сақталуын 100%-ке жақындату мумкіндіктері көп ретте білім мен істей білуге байланысты. Барлық жұмыс әрбір тұқымнан толық бағалы егін көгін алуға өрбір алынған өсщціктің піскенге дейін сақталуын қамтамасыз етуге бағытгалуға тиіс.

Бақылау сұрақтары

1. Мал азықтық дақылдардың, тұқымның егістік сапасына егізгі қойылатын талаптар. Тұқымкондициясының көрсеткіштері.

2. Тұқымның себуге жарамдылығы және оны анықтауәдістемесі.

3. Тұқымның танаптық өнгіштігі және оны анықтау әдістемесІ.

4. Танаптық және зертханалық (лабораториялық)өнгіштіктерінің айырмашылықтарының негізгі себептері.Бұл айырмашылықтарды кемітудің негізгі агротехникалық тәсіддері және олдары.

5. Өсімдіктердің сақталуы жөне тірі қалуы оларды анықтау дістемелері. Бүл көрсеткіштерді арггырудың негізгі агротехникалықтөсілдері.

6. Әр түрлі дақыддардың сабақ жиілігі туралы тусінік жәнеоның топырақ-климат жағдайына және қоршаған орта факторларынабайланыстығы.

7. Егістік дақылдардың себу мөлшерін анықтайтьш қазіргі кезде қолданатын негізгі әдістері.

8. Тұқымның себуге жарамдылығын, олардың өнгіштігін жәнеөсімдіктің сақталуын ескеріл жоспарлаған себу мөлшерін есептеу.

9. Мал азықтық дақылдардың ФП, сабақ жиілігі менөнімділігі арасывдағы байланысы бар оңтайлы қүрылымды егістіктерінқалыптастыру.

10. Қарқынды технологаяда өнімді бағдарламадағанда ескерудіқажет ететін егіншілік жөне өсімдік шаруашылығының негізгі заңдары.

БАҒДАРЛАМАЛАНҒАН ӨНІМГЕ ТЫҢАЙТҚЫШ

МӨЛШЕРІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: