Тапсырма. 1. Дөнді дақылдар өсімдіктерінің құрылысындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену

1. Дөнді дақылдар өсімдіктерінің құрылысындағы ерекшеліктерді оқып-үйрену.

2. Дөннің анатомиялық құрылысын оқып-үйрену.

3. Астық дақылдарының бірінші жөне екінші топтарының морфологиялық жөне биологиялық айырмашылықтарын оқып-үйрену.

4. Дөнді дақыддарды өскіндері, егін көгі, тілшелер мен құлақшалар, гүл шоғырлары мен дәндері бойынша оқып-білу.

5. Дәнді дақылдардың органогенез жөне өсіп-жетілу кезевдерін оқып-үйрену.

ӨСІМДІКТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дәнді дақылдардың тамыр жүйесі-шашақты. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық (алғашқы) тамыршалардың пайда болуынан басталады (олардьщ саны бидайда-3-5, қара бидайда-4, арпада-5-8, сұлыда-3, тары төрізді астықтарда-1). Соңынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлары түзіледі, олар топыраққа тез бойлайды (ылғадды жөне борпылдақ топырақта). Олар егін көгі шықаннан кейін сұлыда 2-3 төулікте (1-2 жапырақ кезеңі), бидай мен арпада-12-14 теуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі), қара бвдайда - 7-9, жүгеріде - 3-4, тарыда - 5-6 төулікте (4 жапырақ кезеңі) пайда болады.

Кәдімгі астықтың ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бүрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіл-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см жөне одан да ұзын шамаға жетеді. Алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жыддары, өдегге, түйін (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал бидай мен арпаның астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады жене 5-8 ц/га мөлшермен шектеледі.

Сабағы — сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырактар санына сэйкес келеді. Сабаны қуыс, жүгері мен шай жүгері да ғана паренхимамен толтырылған. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.

Жапырақтары дөнді дақылдардың көпшілігіңце 2 түрде - ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан жөне жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орныңца тілше (1и1а) деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың өтуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде (басында) ұзынша құлақшалар немесе мүйізшелер (аигісиіае) түзіледі, олар сабақты орай өседі.

Гүл шоғыры — масақ (бвдай, қара бидай, арпа) сіпсебас немесе шашақ (сүлы, шай жүгері, тары, күріш), жүгеріде - шашақ жөне собық.

Масақ мүшелі біліктен жэне масақшалардан түрады. Білік өзара ертүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден түрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Әдетге, мүшеліктер қысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. Білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.

Әрбір мүшеліктің тебесі жуанданып бітеді де тұғыр (кемер) деп аталады, онда масақшалар орналасады. Әдетге бидай мен қара бидайда біліктің өрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді, ал арпада үш масақша орналасқан. Әрбір масақша (5-сурет) екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан (қабығынан) тұрады.Масақша қабықшалары өртүрлі деңгейде дамыған, кейбіреулерінде (арпада) масақ сыртында орналасқан екі жіңішке қабықшаға айналады.

Сіпсебас, немесе шашақ түйіндері мен түйінаралықтары бар орталық біліктен тұрады, одан бірініші, екінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір бұтақтары өсіп шығады. Бұтақтардың үшар басында масақшалар орналасқан. Масақша екі масақша қабықшасы мен бір немесе бірнеше гүлден тұрады.

Масақша қабықшасы біркелкі дамымаған, бидайда қайықша құрылысын еске түсіреді, кең жөне көпжүйкелі, өрі ұзынша келген килі бар, қара бидайда бір жүйкелі өте жіңішке, арпада өте жіңішке жэне линиялы, сұлыда кең, өрі көптеген дөңес келген ұзынша жүйкелері бар.

Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалындау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, өрі нәзік келеді жөне оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды. Гүл қабықшаларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан.

Жемісі-дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған. Жалаңаш дәнді бидайлар мен қара бидай дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды, тары ажырайды, тары мен күріште гүл қабықшалары дәнді тығыз қабыстырады, ал қабықты арпада олар дөнмен бірігіп кеткен.

Дәннің анатомиялық құрылысы. Астық дақылдарының жемісі ұрық пен эндоспермнен жоне олармен бірігіп өскен тұқымдық жөне жемстік қабықтан құралған. Ұрық дәннің төменгі бөлігінде орналасқан, оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарғысында ұрықтық жапырақтары бар алғашқы сабақ болады. Ұрықтың маңында кішкене қалқан-дөннің жалғыз тұқым жарнағы-орналасқан.

5-с у р е т. Бидайдың масақшасы: 1-масақша; П-масақша құрылысының кескіні; Ш-аналық пен лодикуле; 1-масақша қауыздары; 2-сыртқы гүл қауызы; 3-ішкі гүл қауызы; 4-аталықтар; 5-аналық аузы; 6-жатын; 7-лодикуле; 8-гүл сабағы.



Эндоспермде дөн қабығына қабыса біткен сыртқы алейрон қабаты мен ішкі ұнды бөлігі ажыратылады. Алейрон қабаты белокқа бай бір қатарлы клеткалардан түрады (арпада 3-5 қатарлы келеді). Эндоспермнің ұнды бөлігіндегі клеткалар крахмал дөндерімен толтырылған, ал олардың аралықтарында белокты заттар орналасқан. Жемістік жөне тұқымдық қабықтар сыртқы орта мен өртүрлі саңырауқүлақ аурулары қоздырғыштарынан қорғаныш қызметін атқарады. Азық-түліктік маңызы жөнінен дәннің эндоспермі ерекше рөл атқарады, өйткені одан жоғары сортты үн өндіріледі және осыған байланысты дәннің құрам бөліктерінің мәні зор (36-кесте, 6-сурет).

6-с у р е т. Бидай дәнінін бойтілігі:

1 ұрық; 2-ұрық тамыршалары; 3-бүршікше; 4-щиток (гүл табақшасы); 5-6-жеміс қабықшалары; 7-8-тұқым қабықшалары; 9-эндоспермнің алейрон қабаты; 10-эндосперм; 11-айдар.Астық (дәңді) дақылдарды дәні бойынша ажырату. Астық дақылдарының дөндері қабықтылығы, пішіні, дөннің беті мен түсі және айдарының бар жоғына қарай ажыратылады (37-кесте).

Дәннің арқа жэне етек жағы болады. Арқа жағы дөңес келеді, оның төменгі бөлігівде ұрық орналасқан. Арқаға қарама-қарсы жақты етек жағы дейді, ал бвдай, қара бидай мен арпа дәндерінің осы бөлігіңце жіңішке түктерден тұратын айдары болады.

36-кестс Бидай мен қара бидай дәндерінін құрам бөліктеріяің орташа салмақтық қатынасы (%)

Туындыгер (автор) Эвдоспер м Ұрық Жеміс қабықшалары Тұқым қабықшары Алейрон қабаты
    Бидай  
Жирар 84,20 1,43 4,46 1,10 8,80
Гриценко 81,14 3,15 8,92 6,79
Роменский 81,60 3,20 15,50
    Қара бидай  
Казаков 77,69 3,71 5,10 2,32 11,8
Любарский 70,4-74,3 2,4-3,7 11,3-15,0 - 10,8-11,8

37-кесте

Дақыл Қабықтылығы Пішіні Дәннің беті Түсі Айдары
Бтек жагында дән ойығы болады (Iтоптын астығы)
Бвдай Әдетте жалаңаш Ұзынша-сопақ немесе бөшке тәрізді Тегіс Ақ, қызыл Бар кейде әлсіз көрінеді
Қара бидай Жалаңаш Ұзынша келген, негізіне қарай үшкірленген Ұсақ әжімді Жасыл-сарғыштау Бар
Арпа Қабықты, қабықтары дәнмен бірігіп өскен кейде жалаңаш Эллипс тәрізді, шеттеріне қарай үшкірленген Тегіс Қабықтыларында қара, сары, жалаңаштарында сары Жоқ
Сүлы Қабықты, қабықтары дөнмен бірігіп, өспеген, кейде жалаңаш Ұзынша елген, тобесіне қарай жіңішкереді Қабықтыларында тегіс, жалаңаштарында түкті Қабықтыларында ақ, сары, қоңыр, жалаңаштарында ашық-сары Бар
Етек жағындадән ойығы болмайды (II топтың астығы)
Жүгері Жалаңаш Домалақ, қырлы, тегіс кейде төбесіне қарай үшкірленген Тегіс немесе әжімді Ақ, сары ж.б.  
Тары Қабықты Домалақ, шеттері әлсіз үшкірленген Тегіс, жылтыр Ақ, сары, қызыл ж.б. -
Сорго шәй жүгері) Жалаңаш және қабықты Домалақ Тегіс, жылтырауық Ақ, сарғыш, қызыл, қоңыр т.б.  
Күріш Қабықты Ұзынша-сопақ, жаншылғандау Ұзынша-қырлы Сабан түстес-сары, қоңыр -

Астық дакылдары дәндерінің айырмашылық белгілері


Дәннің ұзындығы, ені мен қалындығы ажыратылады. Ұзындығы деп дәннің негізінен төбесіне дейінгі қашықтықты атайды, етегін төмен қаратып салғандағы дөннің кедденең диаметрі ені, ал тік диаметрі қалындығы деп есептеледі. Әдетте дөннің ені қалыңдығьгаан артық болады.

Дөннің пішіні әртурлі болуы мүмкін: шар тәрізді (тары, шай жүгері), ұзынша келген (бвдай, арпа, қара бидай, күріш), домалақ немесе қырлы — жүгері (7-сурет).

Дәннің пішіні астықты тазалап сұрыптағанда негізгі көрсеткіш болып табылады.

Дәннің беті тегіс (бидайда), өлсіз өжімденген (қара бидай), түкті (сұлы) болуы мүмкін. Түстері-ақ, сары, қызыл, сүр-қоңыр, қара.

7-с у р е т. Астық дақылдарының дәндері:

1-қатты бидай; 2-жұмсақ бидай; 3-қара бидай; 4-жүгері; 5-тары; 6-күріш; 7-арпа; 8-сүлы; 9-шәй жүгері.


Астық дақылдарының өсіп-даму кезеңдері.

Өсіп-жетілу кезеңінде дөнді дақылдар бірқатар фенологиялық фазалардан (кезендерден) өтеді де жаңа органдар түзе отырып сыртқы морфологиялық белгілермен ажыратылады. Тұқымның тыныштық күйден белсенді күйге ауысуьш (бөртуі мен өнуін) дөнді астық дақылдар тіршілігінің басталуы деп есептейді. Дәнді астық дақылдарында төмендегідей өсіп-даму кезеңдері ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану немесе шашақтану, гүлдену жөне пісу.

Кез-келген кезеңге өсімдікгердің 10% -ті енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-тінде-толық кезеңі белгіленеді.

Тұқымның өнуі-күрделі биохимиялық процесс, бұл құбылыс тұқымдарда тыныштық күйден белсенді тіршілік жағдайына ауыскднда жүреді де өскін мен тамыршаларының пайда болуымен, басқаша айтқанда, органогенездің бірінші кезеңімен аяқталады. Бұл кезде ұрықтық органдардьщ дифференциациясы мен өсуі жүреді. Тұқымның өнуінде 5 кезең ажыратылады: суды сіңіруі, бөртуі, түп (бірінші) тамыршалардың өсуі, өскіннің дамуы мен пайда болуы.

Астық дақылдарының дөндері енгенде еуелі тамыршалар өсе бастайды, дәннің қабығын жарып сыртқа шығады. Астық дақылдарының бірінші тобьюың өніп келе жатқан дәндеріндегі тамыршалар саны өртүрлі: күздік бидайда-3, кейде 5, жаздық бидайда-5, кейде 3-4, қара бидайда —4, кейде —5-6, -3, кейде —4-5, көпқатарлы арпада-5-6, ал қосқатарлы арпада-7-8.

Астық дақыддарының екінші тобында бір-ақ ұрықтық тамырша болады. тамыршалардан кейін іле сабақ өркені өсе бастайды, ол да дән қабығын жарып шығып жоғары қарай көтеріледі де жер бетіне шығады.

Егін көгі. Топырақ бетіне оуелі біз төрізді сабақ өркені шығады, ол тұр өзгерісіне ұшыраған жапырақ колеоптилемен көмкерілген. Ол өскіннің топырақты жарып, жоғары шығуына жеңілдік жасайды және оны жарақаттанудан сақтайды. Жер бетіне шыққаннан кейін колеоптиле өсуін тоқтатады. Сабақ өркеннің ұшындағы қысымның әсерінен колеоптиле ұзынынан жарьшады да сыртқа бірінші жасыл жапырақ шығады (8-сурет).

Төжірибеде мүны егін көгінің пайда болуы немесе көктеу кезеңі деп атайды. Бірінші жасыл жапырақ тақтасы қысқа, жапырақ қынабы өлі өспеген. 5-7 тәуліктен кейін екінші жөне үшінші ұрықтық жапырақтар түзіледі. Көптеген дақыддарда алғашқы үш жапырақтың ұзындығы аз озгереді. Органогенездің бірінші кезеңінің слңы, екінші кезеңінің басында ұрықтық жапырақтар тез жайылып өсімдіктердің ассимиляциялық беті ұлғаяды. Бұл кезеңде өсімдікгердің далалық өнгіштігі, өсімдік жиілігі сияқты өнімділік элементтері қалыптасады және олар реттеуге кенеді.

Астық дақылдары егін көгінің негізгі түсі жасыл болады (38-кесте), алайда ол түрлі реңді иеленеді. Алғашқы жапырақтар кендігі, түктілігі, топырақ бетінде орналасуына қарай ажыратылады. Олар белгілі бір бағытқа бұрылу қабілетімен ерекшеленеді: бидай мен арпа жапырақтары сағат тілінің бағытымен, ал сүлы жапырағы оған қарсы бағытта бұралып өседі.

8-с у р е т. Бидайдың егін көгі:

1-дән; 2-алғашқы (түп) тамырлар; 3-колеоптиль; 4-бірінші жапырақ.




Түптену. 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін жер асты бұтақтануы жүреді, түктену түйінінде екінші (түйін) тамырлары түзіледі және топырақ бетівде қосымша өркеңдер (сабақтар) пайда болады (9-сурет). Тәжірибеде мүны түптену кезеңі деп атайды. Астық дақыдцарыңца мүндай сапа өзгерісі органогенездің екінші-үшінші кезеңдеріне сәйкес келеді де өсу конусының түйіңдерге, түйінаралықтарына, сабақтық жапырақтарға, сонымен бірге гүл шоғырының білігіне дифференциацияланады, масақшалардьщ негізі қаланады.

38-кесте Астық дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері

Дақыл Жапырақ белгілері
  түсі ені түктілігі орналасуы
Бидай Жасыл Жіңішке, кейде нді Жалаңаш немесе жиі түкті Тік орналасқан
Қара бидай Күлгін-қоңыр Жіңішке Жалаңаш немесе өлсіз түкті Сондай
Арпа Көкшіл сүр жасылдау Орташа енді Сондай Сондай
Сұлы Ақшыл-жасыл Жіңішке Сондай Сондай
Жүгері жасыл Енді,май құйғыш тәрізді Сондай Сәл Төменқарылған
Тары Жасыл Сондай Жиі түктелген, түктері ұзын Сондай
Шәй жүгері Жасыл Орташа енді Жалаңаш немесе өлсіз түкті Сондай
Күріш Жасыл Жіңішке Жалаңаш, түкті Кейде тік орналасқан



9-сурет. Бидайдың түптенуі:


1 дән; 2-алғашқы (түп) тамырлар; 3-сабақ өркені; 4-ұрық буынынан шыққан бүйір өркендері; 5-түптену буыны (түйіні); 6-түптену тамырлары; 7-негізгі сабақ; 8-бүйір өркендері (сабақтары); 9-топырақ беті.



Топырақ бетіне бірінші бүйір өркеннің (сабақтың) шығуын түптену кезеңінің басталуы деп есептейді. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады немесе бұта қалыптастырады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ санын атайды, ал өнімді түптену-егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл шоғыры бар, бірақ дөн пісіп үлгермеген сабақтарды сабан өркен, ал гүл шоғыры жоқ сабақтарды мамық шөп деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайывда дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жүмсақ бидайда 1,2-1,3, қатты бидайда 0,9-1,1, арпада 1,3-1,5, сүлыда 1,2-1,3, тарыда 1,3-1,6. Жалпы түптену өнімді түптенуге қарағанда 0,2-0,3 жоғары болады.

Түтікке шығу. Бүл кезеңнің басында ұрықтық гүл шоғыры бар ұрықтық сабақ үзара түседі де жапырақ қынабының ішімен жоғары қарай көтерілген сабақ түйіндері қолмен жеңіл сезіледі. Әуелі төменгі түйін аралығы өсіп ұзара бастайды. Мүның қарқынды өсуі 5-7 теулікке созылады, соңынан өсуі саябырлайды да 10-15 тәулікте аяқталады, оның соңынан төменнен екінші, үшінші жөне одан кейінгілер өсіп-дами бастайды.

Дәнді дақылдардың түтікке шығу кезеңінде түйіндерді, түйінаралықтарын, тілшелер мен қүлақшаларды жеңіл ажыратуға болады. Тілшелер мен құлақшалар морфологиялық белгілер болып табылады, олар бойынша бірінші топтың дақылдарын гүл шоғыры пайда болғанға дейін ажыратуға болады (39-кесте, 10-сурет). Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғары жапырақ қынабынан шығуымен сипатталады. Түтікке шығудан масақтануға дейінгі кезең дәнді дақыддардың дамуындағы өте маңызды шақ. Бүл уақытта жапырақтар мен сабақ пөрменді өседі, масақ қалыптасады, өсімдіктің қоректік заттар мен ылғалға қажетсінуі өте жоғары.

39-кесте Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша туыстық айырмашылықтары

Айырмашылық белгілері Бидай Қара бидай Арпа Сұлы
Тілше Қысқа Қысқа Қысқа Күштірек да-мыған, шеттері ара тісті
Құлақша Кішірек, жиі түрде кірпікті Қысқа, кірпіксіз, ерте кеуіп қалады Өте ірі, кірпіксіз, бір-біріне кіріге орналасқан Жоқ



10-с у р е т. Астық дақылы жапырағының

бөлігі: 1 -жапырақ қынабы; 2-құлақшалар; 3-тілше; 4-жапырақ тақтасы.Астық дақыддары гүл шоғыры бойынша жеңіл ажыратылады және негізгі белгілері 40-кестеде келтірілген.

Гүлдену кезеңі көптеген дәні дақылдарда масақтанудан (шашақтанудан) кейін басталады. Арпада гүлдену кезеңі толық масақтануға дейін жүзеге асады, ал қара бидай одан 10-12 төуліктен соң гүлдейді. Гүлдену ерекшеліктеріне қарай дәнді дақыддар өздігінен тозанданатын (бидай, арпа, сүлы, тары, күріш) немесе өздігінен жөне айқас тозанданатын (қара бвдай, жүгері, шай жүгері) өсімдіктерге бөлінеді.

Масақты дақылдарда (бқдай, қара бидай, арпа) гүлдену масақтың орта бөлігіңде орналасқан масақшалардан басталады, ал бірінші пайда болған дөндер ірі келеді және олардың тұқымдық сапасы жоғары болады. Шашақты астықтарда (тары, күріш, сүлы) гүлдену шашақтың (сіпсебастың) ұшар басынан басталады, сондықтан сапалы астық гүл шоғырының жоғарғы бөлігінде қалыптасады (11-12-суреттер).

40-кесте Дәнді дақылдардың гүл шоғыры бойынша айырмашылық белгілері


Дақыл Гүл шоғыры Масақ білігінің тұғарынданемесе сіпсебас ұшындағы масақша саны Масақшадағы гүлдер саны Масақ қабықшалары Сыртқы гүл қабықшалар Қылтықтын, бекіген орны
Бидай Масақ   3-5 Кең, көп жүйкелі, ұзынша килі ен жоғарғы жағы істі Тегіс, килі жоқ Сыртқы гүл қабықшасының төбесіне қарай
Қара бидай Масақ   2 кейде 3 Өге жіңішке,бір жүйкелі, ұзынша килі бар Килі бар, шеттері кірпікші, ол қылтыққа ай-налады Сондай
Арпа Масақ     Өте жіңішке, ланцетті қылтық тәрізді жоғары қарай үшкірлеген Енді, бес жүй-келі, кылтыкка айналады (қыл-тықты түрле-рінде) Сондай
Сүлы Сіпсебас (шашақ)   2-4 Енді, жарғақты, ұзын жүйкелерімен Тегіс, килі жоқ Сыртқы гүл қабықшасынын. арқалығында
Жүгері Сіпсебас (аталық гүл шоғыры)     Енді, түкті, ұзынша жүйкелерімен Жұқа, қабықты Сыртқы гүл қабықшасының арқалығында
  Собық (ан-алық гүл шоғыры) Екеуден қосарланып тік орналасқан 2, тек жоғарғы жемісті Кішірек, дәннің үшар басында Кішірек, қабықты, дәннің ұшар басында Сыртқы гүл қабықшасының арқалығында
Тары сіпсебас   1-2 Д еңгел ек-дәңес, жарғақты, көп үйкелі, 2-ірі, үшіншісі қысқа Тегіс, жылтыр Сыртқы гүл қабықшасының арқалығында
Күріш Сіпсебас бірнешеу   Жіңішке линиялы-ланцетті Енді, үзынша қабырғалы, түкті Гүл қабықшасының төбесіне қарай
Шәй жүгері Сіпсебас 2-3 оның 1-і тісті   Дөңес, қалың, түкті немссе жылтыр Жұқа, нөзік Сыртқы гүл қабықшасының төбесіне қарай

Пісіп-жетілу кезеңі. Дәннің қалыптасу процесін Н.Н. Кулешов үш кезеңге - қалыптасу, толысу және пісу-бөледі.

Тұқымнын түзілуі - ұрықтанудан өсу нүктесі пайда болғанға дейінгі кезең. Ұрық өлсіз өскін бере алады, 1000 санының массасы 1,0 г, бұл кезеңнің ұзақтығы 7-9 тәулік және одан да көп.

11-сурет. Масақты астық дақылдарының гүл шоғырлары: 1-

қылтықты жұмсақ бидай; 2-қылтықсыз жұмсақ бидай; 3-қатты бидай; 4-қара бидай; 5-көпқатарлы арпа; 6-қосқатарлы арпа.

Тұқымның қалыптасуы - тұқымның түзілуінен дөннің түпкілікті ұзындығы белгіленгенге дейінгі кезең, құрғақ заттар мөлшері өлі темен, 1000 тұқымның массасы 8-12 г.

Толысу - эндоспермде крахмал жинақтала бастағаннан бұл процестің тоқтағанына дейінгі кезең, дөннің ылғаддылығы 38-40%-ке дейін төмендейді жөне кезең ұзақтығы 20-25 тәулікке созылады.

Толысу процесін өз кезегінде қосымша 4 кезеңге бөлуге болады:

1. Сулы күй кезеці - эндосперм клеткаларының қалыптаса бастаған кезі, қүрғақ затгар мелшері 2-3 %, кезеңнің үзақтығы 6 төулік.

2. Сүттене пісудіц алды — тұқымдағы сүйықтың реңі сүт түстес, құрғақ заттардың мөлшері 10%-ке дейін жетеді де кезеңнің ұзақтығы 6-7 тәулікке созылады.

3. Сүттенген күйі - дән сүт төрізді ақ сұйықтан тұрады, ұрғақ заттар мөлшері 35-50%-ке дейін, кезең 7-15 төулікке созылады.

4. Қамырланған күйі — эндосперм қамыр консистенциясына тән, құрғақ заттар мөлшері 60-64%, кезеңнің ұзақтығы 4-5 тәулік.

Пісу кезеңі пластикалық заттардыңдәнге жинақтауының тоқтауынан басталады. Дәннің ылғалдылығы 8-12%-ке дейін төмендейді, оны азық-түлікке пайдалануға болады, алайда тұқымның дамуы әлі аяқталмайды. Пісу үрдісін екі кезеңге бөледі (Г.В. Коренев, 1967).

12-сурет. Жүгері мен шашақты астық дақылдарының гүл шоғырлары: 1-жүгерінің собығы; 2-жүгерінің шашағы; 3-тарының шашағы; 4-күріштің шашағы; 5-сұлының шашағы.

1. Қамырланып пісу кезеңі — эндосперм қамыр төрізді, серпімді, қабығы сары, дәннің ылғаддылығы 40-21%, кезеңнің ұзақтығы-3-6 тәулік.

2. Толық пісу кезеңі-эндосперм қатты, жарғанда ұнды немесешыньшы, қабығы тығыз, қалың, түсі кәдімгі, аймаққа қарай ылғаддылығы 20% және одан төмен, кезеңнің ұзақтығы 3-5 тәулік. Бұл кезеңце күрделі биохимиялық процестер жүреді, соңынан тұқымның жаңа, ең бастысы тұқымдық белгісі-қалыпты өнгіштік пайда болады. Сондықтан қосымшада тағы екі кезең бөлінеді: егін жинағаннан кейінгі пісш-жетІлуі жөне толық пісуі. Егін жинағаннан кейінгі пісіп- жетілуінде жоғары молекулалы белоктық заттардың синтезі аяқталады, бейтарап май қышқыддары майға айналады, тыныс алуы саябырлайды. Толық пісуі тұқымның өсімдік тіршілігінің жаңа циклін бастауға дайын болғанда басталады.

Ф.М. Куперманның тұжырымы бойынша өзінің жеке дамуында-онтогенезде-дөнді дақылдар кезектесіп ететін 12-өсіп даму кезеңдерінен (этаптардан) өтеді, олардың өрқайсысы жаңа органдар (мүшелер) түзілуімен сипатталады және әрбір органның құрылысы өзгеріске ұшырайды:

I - сабақтың бастапқы есу конусының қалыптасуы;

II - конус негізінің ұрықтық буындарға, буын аралықтарына және сабақтық жапырақтарға дифференциясы;




Цвс- Молочнлп Воснооая вмие сгісяосгь спелость


13-с у р е т. Күздік бидайдың даму кезеңдері мен органогенез сатылары-этаптары (Ф.М. Куперман, З.П. Ростовцева бойынша):

1-егін көгі; 2-үшінші жапырақ жөне туптену; Ш-ГУ-У-түтікке шығу; VI- VII-сабақтың бойлай өсуі; УШ-масақтану; ІХ-Х-гүлдену; ХІ-сүттене пісу; XII- балауызданып пісу.

III - масақ сегментін түзе отырып өсу конусының ұзаруы;

IV- масақша төмпешіктерінің түзілуі жене қалыптасуы;

- гүл төмпешіктерінің түзілуі жөне қалыптасуы;

VI гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы;

VII масақтың барлық мүшелерінің (органдарының) қарқынды ұзара өсуі;

VIII - гүл шоғыры мен гүлдердің барлық мүшелерінің қалыптасып бітуі

Кезең Этап Өнімділік элементі
Тұқымның өнуі, көктеу I.Ұрықтық органдардың дифференциациясы мен өсуі Далалық өнгіштік, өсімдік бітіктігінің жиілігі
Үшінші жапырақ, түптену П.Конус негізінің ұрықтық буындарға түйін аралықтарына сабақтық жапырақтарға диффе-ренциациясы. Ш.Ұрықтық гүл шоғыры бас білігінің дифференциациясы Өсімдік габитусы (биік-тігі, жапырақ саны), түптену коэффициенті Масақ білігі мүшелерінің саны
Түтікке шығудың басы IV. конустардың түзілуі, екінші дәрежелердің есуі (масақ төмпешіктерінің) Масақтағы масақшалар саны
Түтікке шығу V. Гүл аталықтары мен аналығы қорғаныс органдарының салынуы Масақшадағы гүлдер саны
Сабақтану VI. Гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы (микро және макроспорогенез)  
  VII.Гаметофитогенез, қорғаныс органдарының өсуі, масақ білігінің мүшелерінің ұзаруы Гүлдердің ұрықтылығы, масақтың тығыздыгы
Масақтану VIII.Гаметофитогенез, гүл шоғыры мен гүлдердің барлық органдарының қалыптасуы процесінің аяқталуы.  
Гүлдену IX. Ұрықтану жөне зиготаның пайда болуы Масақтың дәнділігі
Дәннің қалыптасуы X.Дәннің өсуі мен қалыптасуы Дәннің шамасы
Тұқымның толысуы, сүттенген және қамырланған күйі XI.Дәнде қоректік заттардың жинақталуы Дәннің шамасы
Қамырланып жене толық пісу XII.Қоректік заттардың дәндегі қорлық заттарға айналуы. Дәннің массасы

(масақтану кезеңі);

41 – кесте Дәнді дақылдардың өсіп жетілу кезеңдері мен


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: