Элей мектебі. Парменид пен Зенон 6 страница

«Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (Жаратушы біреу ғана, ол - Құдай), олар әртүрлі сатылық деңгейде бола-ды, ал ақыл-ойға келер болсақ, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдықтың түп-тамыры жатыр», - дейді Фома Аквинский.

Әрине, адам Құдайды, Дүниеде не істеу керектігін - бәрін біледі. Ерікті адам белгілі бір мақсатқа жету үшін өзін-өзі жетектейді. Ол садақшының жіберген оғы, адамдардың ойнайтын әуен кұралы емес.

Бірақ Дүниені түсіну мен соған сәйкес іс-әрекет ету - екі түрлі нәрсе. Адам күнәға батқанда, сол өзіне тән еріктіктің негізінде ақиқаттан алшақтап кетуі, тіпті оны ұмытьш кетуі мүмкін.

Фома Аквинский Дүниеде үш түрлі заңдар бар дейді. Олар:

1. мәңгілік заң;

2. табиғи заң;

адамдардың қабылдайтын заңдары;

бұлардан оқшау Құдайдың аяны бар.

Мәңгілік заң - ол Құдайдың ойынан шыққан жоспар, жаратылған Дүниедегі заттардың тәртібі, әрбір зат пен құбылыстың ішкі мақсаты (Аристотельдің тілімен айтқанда - энтелехиясы). Бұл заң тек Құдай мен әулиелерге мәлім. Адам да, әрине, саналы пенде ретінде болмыстың мәнгілік өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін.

Табиғи заң адамның ақыл-ойдың иесі ретіндегі жақсылық пен жамандықты айыруынан шығады. «Жақсылыққа ұмтыл, зұлымдықтан аулақ бол» деген қағида - ол табиғаттан шығатын заң. Табиғаттың ең биік құлдылығы - өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтауы керек, ол табиғи заңға жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің қосылуы, балаларды тәрбиелеу, басқа адамдармен бірге өмір сүру, өзара адамдардың бір-біріне көмектесуі, істеген нәрселерімен алмасуы, бәрі де - табиғи, адамның ақыл-ойынан шығатын нәрселер.

Адамдардың қабылдаған заңдарына келер болсақ, олар - қылмысқа, зұлымдықтың қайсыбір түріне қарсы бағытталған заңдар. Олар - адамның ақыл-ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп, оған жету жолында қандай құралдарды пайдалану керектігі көрсетіледі. Егер Августин заңдардың керектігін адамзаттың алғашқы тектік күнәсінан шығарса, Фома Аквинский оны табиғи қажеттіктен шығарады. Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің қайнар көзін бастап, соларға сәйкес келуі керек. Ой арқылы табиғи заңдардан адамдардың қүқы қү-растырылады. Ал соңғыдан оны нақтылау арқылы азаматтық құқ пайда болады. Мысалы, табиғи заң - өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі. Одан «Өлтірме» деген адам құқы пайда болады. Ал азаматтық құқта нақтылы түрде адам арам пиғылдың негізінде өлтірілді ме, әлде кездейсоқтық жағдайда қаза болды ма, әлде мас адамның іс-әрекетінен өлді ме, зерттелу негізінде әртүрлі жағы қолданылады.

Қайсыбір заң зұлымдық жолына тосқауыл қойып, оны бұзушыларғакүш жұмсау, қамау арқылы, қалған адамдардың бейбіт өмірін сақтайды. Сонымен табиғаты бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы уақытта сырттай оның талаптарына көнеді, жүре келе ол әдетке айналады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы да ғажап емес. Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады.

Адам - міні көп, кемеліне келмеген пенде. Заңның керектігі осы іргетасты қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есептеп оны заң арқылы тежеу мүмкін емес. Ал, бірақ бүкіл қоғамға, басқа адамдарға кеселін тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы, адам өлтіру, ұрлық жасау - ол бүкіл қоғамның өміріне қауіп туғызады. Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет.

Аса көңіл аударатын нәрсе - егер адамдардың шығарған заңы табиғи заңға қайшы келсе, - ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір заңның негізінде әділеттік жатуы керек, басқаша жағдайда, біз түгел шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек жайып кеткен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселелеріне әкеліп тірейді. Заңның моральдық құндылығы табиғи заңмен байланысты. Әділетсіз заң зорлық-зомбылыққа жеткізеді.

Адам заңы Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту керек. Тиранияға қарсы көтерілісті де ақтау керек, өйткені одан артық зұлымдық қоғамда жоқ.

Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік формасы жоқ, ол - тәртіп пен мемлекет бірлігінің көпілі. Ең жаман билік формасы - ол тирания, өйткені ол зорлық-зомбы-лыққа, заңсыздыққа негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі. Бұл билік күшейген сайын, оның зұлымдығы да арта түседі.

Мемлекет адамдарды игілік жолына бағытгап, бұзылған адам-дарды тәрбиелеп, ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы қоғам өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.

«...Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани ұмтылысын мақсаттарын өтей алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары да оған жеткіліксіз. Сондықтан Құдай адамдарды сүйіп, оларға аянмен берілген заңдарды үсынды (Іех сііуіпа). Сол себепті адамның басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Библиядағы заңдармен толықтырып отыруымыз керек», - деп қорытады Фома Аквинский. Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін қалдырды. Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі осы күнгі заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзаттың рухани өміріне әсерін тигізуде.

Уильям Оккам ілімі

Орта ғасырдағы ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі - Уильям Оккам (1280-1349жж.) Оксфорд университетін бітірген. Негізгі еңбектері: «Логика жинақтары», «Құпиялықтар жөніндегі трактат», «Сұхбаттар» т.с.с.

Егер Фома Аквинский схоластикалық философияда өзінің ең биік шыңына жетее, Уильям Оккамнан бастап, оның тек құндырауы басталады. Біріншіден, сенімнің ақыл-ойдан дербестігі оларды бір-бірінен ажыратады. Уильям Оккам сенім мен ақыл-ойды бір-бірінен айырып алыстатуға тырысады.

Логикаға негізделген ақыл-ой сезімдік дүниені тануға мүмкіндік береді, оларды тексеруге, дәлелдеуге болады.

Сенім ақиқаттарына келер болсақ, оны ақыл-ой арқылы түсіну де, Дәлелдеу де мүмкін емес. Аян ақиқаттарын біріктіретін логика емес, Сенім ғана. Мысалы христиан дінінің үштік қағидасына Уильям Оккам мынандай баға береді: «ол қайсыбір мән-мағына, ақыл-ойдан басым». Сондықтан ақыл-ой сенімге тірек бола алмайды. Сезім, ақыл-ой мен діни қағидаларды талдаудың өзі күнәға жақын, өйткені Құдай бізді сүйіп, өзінің аянын сыйлады, оны біз сол күйінде іштей қабылдауымыз керек.

«Егер Құдайдың құдіретті күші сондай шексіз, ал біздің Дүние оның ерікті түрде тудырған мүмкіндігінің бірі ғана болса, онда Құдай мен шектелген өтпелі Дүниенің арасында Құдайдың жасампаз еркі мен құдіретті ақыл-ойынан басқа не бар?» - деген өткір сұрақ қойып, өзі қойған сұраққа: «Олай болса, Августиннің универсалды мәндері жер мен Құдайды дәнекерлік етіп жалғастырып тұратын ол адамның бос тәкаппарлығы емес пе! - деп ашық жауап береді.

Уильям Оккамның номинализмі

Құдай мен жердегі өтпелі әлемді бір-бірінен айырғаннан кейін, Уильям Оккам: «Әлемде жекеліктен басқа еш нәрсе жоқ», - деген пікірге келеді. «Ақыл-оймен танылатын жанның сыртындағы

ІШ порсе өзіне, я болмаса, басқаға универсалды емес, ол адамның қай жағынан алғанда да есек емес екені саяқты». Универсалиялар - (жалпы ұғымдар) заттарға қойылған аттар ғана, олар шындықтың нетпі бола алмайды. Универсалияларды тудыртатын - заттардың бір-біріне ұқсастығы. Мысалы, Сократ - ол нақтылы адамның аты, нл «адам» - универсалия. Олай болса, Дүниенің ешқандай ең жалпы чпцдылықтары, олардың баспалдақтық бір-бірімен байланыстары т.с.с. жоқ.

«Универсалиялардан тұратын білім ешқандай нақтылы нәтижеге әкелмейді, оның ешқандай жемісі жоқ. Егер біз тәжірибеде кечдссетін заттардың арасындағы қайталанұлықты зерттеп, оның Гюлашақта болуы туралы болжам жасасак, сол жеткілікті», - деген иікірді Уильям Оккам ұсынады. Ал мұндай көзқарастан белгілі бір іаііым принципін шығару мүмкіндігі пайда болды.

Уильям Оккам ұстарасы. «Мән-мағынаны қажеттіктен жоғары көбейтпеу керек».

Күл - Уильям Оккамның ұстарасы. Ол арқылы Уильям Оккам метафизикалық ұғымдардың көбін теріске шығарады, өйткені олар дәлелденбейді және пайдасыз. Біз заттардың сапасы мен қасиет-терінен басқа тәжірибелік зерттеуде еш нәрсе таппаймыз. Олай болса, метафизикалық жалпы ұғымдар мәнсіз, тек таным процесін қиындатады. Сондықтан тек тәжірибелік танымға ғана сүйену керек. Ол - танымның іргетасы.

Әрине, мұндай көзқарас схоластикалық философияға үлкен соққы жасап, болашақ тәжірибелік танымға жол ашты. Ал оның қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тигізген әсерін алатын болсақ, онда жекелікті, жалқылықты ғана мойындау, діни көзқарасты ғылыми білімнен бөлу идеясына келеміз. Қоғамның саяси саласында діни биліктің саясаттан бөліну керектігі жөніндегі идеясын туғызады. Ал Дүниеге келген жаңа идея іске аспай қоймай-ді.і. Оның ар жағында жеке адамның құқы, оның мүддесінің жалпы қоғамның мүддесінен басымдығы жөніндегі идея да алыс емес.

Исламдық ортағасырлық мәдениет аясындағы арабтық-мұсылмандық философия. Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с. елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы философиялық ой-пікірлерді айтуға болады.

Көне заманның аяғында құл иеленушілікке негізделген қоғам сарқылып, Орта ғасырларда «тарихи белсенділік» Шығыс халықтарының үлесіне тиеді. Оның негізгі себебі - тайпалық-рұлық, соғыс демократиясының негізінде өмір сүріп жатқан, көп Құдайлыққа табынған араб тайпаларының басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажетгіктің негізінде Ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Арабтар империясы пайда болады. Ол Индтан Атлантика мұхитына дейін созылған мемлекет болды. Көшпенді араб тайпалары бастарының бірігуі олардың арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы байланыстардың өсуіне әкелді.

Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі - Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп, өз тіліне аударып, оны әрі қарай дамытуы.

Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды. Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің «Альмагестінен» бастап, Платон мен Аристотельдың шығармаларының бәріне дейін араб ғалымдары өз тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Бұл қозғалыс VII ғасырдың аяғынан бастап XI ғасырға дейін созылды.

Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келер болсақ, Абу-Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген еңбегі сол кездегі астрономиялық ілімнің биік шыңы болды. Аль-Батанидің жасаған астрономиялық кестелері латын тіліне аударылып, Еуропалық астрономия оқұлығына айналды. Синус пен қосинустарды астрономиялық есептеулерге алғаш енгізген де - сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап шығарды. Джабир Ибн-Афьян - алғашқы обсерваторияның негізін қалаған адам, ал Абу-Муса Джабирді «химия ғылымының әкесі» деп атайды. Закария Разидің «Барлығын қамтитын кітабы» да латын тіліне аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған.

Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері - ерекше әңгіме. Оны осы тарауда талдайтын боламыз.

ХІ-ХІІ ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құндылықтары Батыс Европа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды.

Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі Орта Азия халықтарының бірқұдайлыққа көшіп, Ислам дінін қабылдауы болды. М.Вебер уақытында айтқандай, ислам - көшіп-коиған жауынгер халықтарының діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүпие сезіміне бұл дін сай келіп, оның бергі тарихы осы діннің қисында өмір сүріп және бүгінгі таңға дейін дамып келеді.

Аль-Кинди (800 ж.-879 ж.) ақсүйектер отбасында дүниеге келеді. Бағдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген. Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері: «Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына жөніндегі кітап» т.с.с.

Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған кезде, екі субстанция жөнінде айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.

Заттардың сапалық жағын геометрия және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей, адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені ол -тұрақты және өзгермейді...

Аль-Кинди: «Адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы – философия». Оның мақсаты - заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-түрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек.

Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсыбір затты танудың себебі - ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе – бірінші ақиқат - Ала-тағала жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен 4 сұраққа жауап беру керектігін ойтады ойшыл.

· Ол бар ма?

· Ол не?

· Ол қандай? -!

· Себебі неде?

Аль-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние санайды. Ал айдың ар жағында әлемде ешқандай қозғалыс: деп Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол - тек қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 әлементтен тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді, тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін.

Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ мән-мағынадан алыста. Ол - сезімдік тану. Ол өне бойы өзге-рісте, тұрақты емес, уақытша ғана өмір сүретін заттарды танумен байланысты. Оның сан жағы тұрақты емес: үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте: ол өзіне үдсайды, ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді... Осы өзгеріп жатқан Дүниедегі заттардың бітімі қабылданады да, оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді.

Екінші таным түрі мән-мағынаға жақын болғанымен, бізден алыс, ол - ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Аль-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындап, айнала қоршаған ортаны зерттеп, ғылымды дамытуға шақырады.

Аль-Киндидің философиялық көзқарастарын әрі қарай дамы-тып, Аристотельдің еңбектерін араб тілінде аударып, оған көлемді түсініктер жасап және өзінің ерекше философиядағы ойларымен тарихта қалып, философия тарихында «Екінші мұғалім» атағын алған Әл-Фараби болды.

Әл-Фараби (толық аты Абу Насыр Мухамед Ибн Тархан Ибн Узлақ ат Тюрки) Қазақстан жерінде, Отырар қаласында 870-950 жж. дүниеге келген. Жас кезінде білім іздеп, Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін меңгеріп, антикалық философияны зерттейді.

Әл-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, өйткені ол, араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. Сонымен қатар оны қазақ халқының философы деп те атауға болады, өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, сонынан қазақ халқын құраған көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол кезде өмір сүрген бабаларымыздың дүниені түйсінуі мен дүние-танымын бойына жас кезінде сіңірген.

Бірақ ең жақсысы - оған Шығыс философиясының жүлдызы, гіпті дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға берсек, ол дұрыс болар еді.

Әл-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен «Ғылымдарды іріктеу жөнінде», «Ізгі қаланың түрғындарының көзқарасы жөнінде», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жөнінде» деген еңбектерін атап өтуге болады.

Әл-Фараби онтология ілімінің негізінде неоллатонизмнің «эманация» (тасу, ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин Дүниежүзілік Бір мен материялық өмірдің екі ортасында дүниежүзілік ақыл-ой (пош) және дүниежүзілік жан бар деп есептесе, Әл-Фараби Бұл көзқарасты анағұрлым күрделейді. Өзінің «Ізгі қала жөніндегі» еңбегінде Әл-Фараби: «Дүниені тудырған - «Бірінші Мән», - дейді. Ол бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол кемеліне келген, ешқандай мінсіз (одан басқа-лардың бәрінің де ең болмаса бір, я бірнеше кемшіліктері, міндері болады).

Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені олар - тек қана «ай астындағы Дүниеге» тән нәрселер. Сол себепті ол - мәңгілік, ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені: себепті, бітімді, мақсатты, ұмтылысты т.с.с. қажет етпейді, өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді.

Әл-Фараби «Алғашқы Мәнге» оның мән-мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады: «Ол - барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақиқат, Тірі, Өмір», - дейді.

Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған «белсенді ақыл-ой» (активті интеллект) деген ат қояды.

«Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз-өзіне сыймай, тасып ағады (эманациялайды). Ал Болмыстың Дүниеге келуі - оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате», - дейді ұлы ойшыл. Мысалы, сәбидің Дүниеге келуі оны тудырған әке-шешесінің Дүниеден кетуімен тең. Ал ол - біздің «ай астындағы» болмысқа ғана тән нәрсе. Ал Алғашқы Мәнге келер болсақ, ол басқа Болмысқа өмір бергенменен, өзі жойылмайды, мәңгілік, егер ол жойылса, онда ол оның Алғашқылығын жояр еді, оның сыртында одан да жетілген басқаның бар екенін көрсетер еді. Олай болса «Алғашқы Мән» өзі үшін өмір сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре алады.

«Бірінші Мән» өз-өзіне сыймай тасыған сәтте, екінші барлық дүниеге келеді, ол абсолютті денесіз, өзінің мән-мағынасын ашып және Алғашқы Мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып, қажетті түрде «үшінші Барлықты» тудырады. Ол да материя емес, өзінің мән-мағынасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді. Үшінші Барлықпен «Бірінші Аспанның» болмысы бітеді. Үшінші Барлық қажетті түрде төртіншіні тудырады. Ол әлі материя емес.

Барлық қажетті түрде «қозғалмайтын жұлдыздар» әлем болмысын төртінші тудырады.

Әл-Фараби оларды Сатурнның болмысынан бастайды. Ол Юпитерді тудырады, содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары дүниеге келеді. Аспан болмысы Аймен бітеді.

«Ай астындағы Болмыс», яғни біз өмір сүріп жатқан Дүние. Сонымен ол бірінші «Бірінші Мәннің» тудырған Болмысы болып шықты. Бұл болмыстың ерекшелігі - ол көптік әлемі, оның негізінде төрт табиғи нәрсе жатыр, ол: жер, от, су, ауа. Олардың әртүрлі қосындылары жер бетіндегі заттарды тудырады. Тіршілік әлеміне келер болсақ, Әл-Фараби оны үшке бөледі - өсімдіктер, ақыл-ойы жоқ жануарлар, ақылды жануар (адам).

Әл-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі

«Бірінші Мән» - белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті (ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (ponentia - лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды (act - лат. сөзі, шындық, іс-әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.

Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды алатын болсақ, олардың мән-мағынасы, бітімінің танылатындығында жатыр.

Актуальды интеллектіге келер болсақ, Әл-Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін актуальды интеллектінің объектіне айналады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow