Элей мектебі. Парменид пен Зенон 9 страница

Бұл ойын дәлелдеу үшін Н.Кузанский шеңбердің ішіндегі көпбұрышты келтіреді. Оның бүрыштарының санын көбейткен сайын ол шеңберге ұқсай береді, ал шексіз өсірсек, шеңберге ұла-сады, екі жағы тең үшбұрышты да ұзарта берсек, оның екі жағы бір-біріне жақындап, шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, яғни қарама-қарсылық бір-біріне өтіп, бірегейлікке ұласады..

Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі болғаннан кейін, өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам - сондықтан шығарма-шылыққа жаратылған пенде. Олай болса ол - адамдық Құдай (Ншпапиз Беиз).

Адам Құдайға, әсіресе өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (Sensus), ақыл-ой (гаtіо) және зерде, парасат (іntіеllесtus). Ақыл-ой - сезім мен зерденің арасындағы дәнекер.

Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен сарқылмайды. Тіпті сезім мен ақыл-ойдың түрпайы түрлері жануарларда да бар. Адамның басқа тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы ақыл-ойдың зердемен байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жоқ.

Зерде арқылы біз Дүниедегінің ең терең алғашқы негіздеріне дейін жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз. Зерденің «сезімдік-денелік» Дүниеге еш қатысы жоқ «Ол уақыттан да, өтпелі дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті». Егер сезімдік және ақыл-ой танымы айнала қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың бәрінен тәуелсіз, ол Құдайдың ақыл-ойына жақын, сондықтан ол ең жалпы, тұ_рақты, өшпейтінді аша алады.

Әрине, әр адам қанша ұлы болса да-өз заманының тұлғасы. Сондықтан Н.Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенім-ді жоғары түтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені «Зерде сеніммен бағытгалады, ал сенім зерде арқылы анықталады». Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай барлық жерде болғаннан кейін - ол «бәрі», ал еш жерде оның тұрақ-танып қалмағаннан кейін, ол - «бәрінің жоқтығы». Бүкіл Ғарышты өзі ішінде қамтығаннан кейін, ол - «абсолютті максимум», ал сонымен бірге ол көзге ілінер-ілінбес кішкентай да болғаннан кейін, ол - «абсолюттік минимум». Абсолютті максимум мен миниму-мның екі ортасында көз алдымыздағы бүкіл Дүние орналасқан.

Ақиқатқа жету мәселесіне келер болсақ, Бұл жолда өзінің қарама-карсылығы - жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық күн мен түн, сәуле мен түнек саяқты. Ең жоғарыдағы жарыққа толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі дүние қараңғыға толы болғанымен, сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. «Нағыз білетін өзінің білмейтінін біледі».

Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының болашақ, Жаңа Дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек.

Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік философиялық көзқарастар. НикоАло МакиавеАли

Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сана-сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалым-дардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға - Н.Макиавели.

Николла Макиавели (1469-1527 жж.) өз уақытындағы гуманистер саяқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді. Ол ертеден келе жатқан «алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфәлау» айдарымен өмір сүруге тырысты (ргіуиз уіуеге ёеіпёе рһііозорһагі).

Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. Сондықтан Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н.МакиавеАли өзінің негізгі еңбектерін жазады. Олар: «Патша», «Флоренция тарихы», «Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.с.с.

МакиавеАлидің адам тұжырымдамасы

Адам мәселесін Н.МакиавеАли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың «өзім дегенде түйедей күшім бар» деген саяқты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді тол -саудагерлер мен қолөнершілердің өмір салтын мүқият қарап, Н.МакиавеАли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі - өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. «Патша» деген еңбегінде Н.МакиавеАли «Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін», - дейді. «Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой (ологе) және сый-сияпат (ологі) келеді», - дейді ұлы ойшыл.

Осындай адамға деген көзқарасты универсалды аңықтама ретінде пайдаланып, Н.МакиавеАли өткен адамзат тарихын (ерте-дегі Греция мен Римді) осы тұрғыдан қарайды. Мұндай көзқарастың тарихтағы пессимистік нышанын айтпаса да көруге болады. «Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, қайсыбір төнген қауіптен қашады, оңай олжаға жүгіреді».

Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемле-кеттік ұйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен Н.Макиавелидің ойынша, мем-лекет адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ.

Н.Макиавелидің адамға деген көзқарастарының ғажап жері ол тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп, ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығады» деген пікірге келеді. Сонымен өзінің әлеуметтік-саяси философия-сында, Н.МакиавеАли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды.

Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті, киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығьшан бас тартқан адамдарды жүмаққа өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендердеп есептейді. Соңынан XIX ғ. Ф.Ницше хрис-тиан дінінің моральдық қағидаларын сынағанда, осы Н.Макиа-веАлидің идеяларына ұқсас пікірлер айтады.

Ал мұныңөзі Н.МакиавеАлидің айтуына қарағанда, кертартпалыққа әкеледі. Ол өткен Грек және Рим тарихында болған көп-құдайлыққа сүйсіне қарайды, өйткені олар белсенді адамдарды, батырлықты паш еткен. Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиын-дығына тезе алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес, - деген ащы пікірге келіп тоқталады ұлы ойшыл.

Қайта ерлеу заманындағы көп ойшылдар саяқты Н.Макиавели де өмірге деген самарқаұлыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы қойды. Ал адамның өмірін ол фортунамен тығыз байла-ныстырды. МакиавеАли заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы фатумнан анағұрлым бөлек (ТаШт - латын сөзі, тағдыр). Егер фатализм адамның өмірі, жүріс-түрысы мен іс-әрекеті алдын ила болжанған, онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оіам қарсы түруға болмайды деп есептесе, фортуна ұғымы аііеуметтік қажеттілікпен теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін толығынан жоя алмайды. Н.МакиавеАли: «Елу де слу» формуласына жақын фортуна біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздің өзіміздің еркіміз, ожеттілігіміз, қайрат-күшімізбен байланысты», - дейді. Сондықтан «абайлаудан гөрі батылдық жақсы», өйткені «фортуна - әйел, ал оиымен тіл табысу үшін оны оқтын-оқтын сабап алу керек», неге десеңіз, ол «әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-артына қарамай, батыл түрде тарпа бас салып, оны өз еркіне көндіреді».

Алайда толыққанды виртуды іске асыру әрбір адамның қолы-пан келе бермейді. Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің жүріс-түрыстарында «ортаңғы жолды» ұстайды, оның өзі үлкен нәтижелерге ешқашанда әкелмейді. Ал тарихтағы ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың жүріс-түрысы, іс-әрекеті тіпті басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып, бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол істі өмірге енгізуге тырысады.

Н.МакиавеАли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелілігі тек қана олардың айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пі-кірден аулақ. ұлы адамдардың қайратты іс-әрекетінің жемістілігі -сол заманның қойған талаптарына сай келуінде.

Қорыта келе, «вирту» ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі ретінде Қайта өрлеу заманының негізгі құнды-лығына айнала бастады. Өзінің мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. Адам - ерікті, саналы, айбын-ды, күш-қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл Н.МакиавеАлидің идеялары Жаңа заманның ой-өрісіне зор әсерін тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айналады.

Н.Макиавелидің саяси және моральдық философиясы. Н.Макиавели көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстары-мен тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда «ақсүйектердің ісі» болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік кубылыс ретінде өзін көрсете бастады.

Н.Макиавелидің көрегендігі - саясаттың дербес қү-былыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресің, содан кейін оны үстап түру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда, саяси технология) жасау болды. Енді Бұл арада біз макиавеАлизм деген ұғымнан Н.Макиа-веАлидің шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған оласыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүз-ділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеАлизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.МакиавеАлидің атымен айтамыз.

Алайда Мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін мұның өзі шынайы Н.МакиавеАлидің өзінің шығармашылығынан туатын көзқарасқа сай келмеуі де ғажап емес болар.

Осы бағалау тұрғысынан алып қарағанда, біз расында да, үлкен қайшылықты байқаймыз. Әрине, Орта ғасыр шеңберіндегі саясат жөніндегі түсінік қайта қаралды, саясаттың моральдан дербес, өзінше қажетті құбылыс екені анықталды, ал сонымен қатар Н.МакиавеАли қайсыбір саясаткердің зорлық-зомбылығын, оласыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, аулақ болды.

Н.Макиавелидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғам-дағы негізгі қызметі әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп, бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда үхтау болды. Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсак, «мүм-кіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлым-дықтан қашпау қажет» деген пікір айтқан болатын. Бірақ саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н.МакиавеАли: «Тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады», - деген пікір айтады. Оған себеп - қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты». Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қплыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет Гюлған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-ііп.ітын шығаруы керек».

Халық мемлекеттік билікке, бір жағынан, қорқынышпен, екінші жағынан, сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау - сенімдірек. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан, абай болуы керек. Бірақ шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы, бір жағынан, арыстанға, екінші жағынан, түлкіге ұқсас болуы қажет.

Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірак қалай дстенде де, жеңіс әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әртүрлі болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық жасалса, ол қоғамдағы жағдайды дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге ғана жұмсалып, тоқталуы керек. Екінші рет зомбылықты қолданудан алшақ болу керек, -деген пікір айтады ұлы ойшыл.

Н.Макиавели жөніндегі адамгершіліксіз саясаттың жақтау-іиысы деген пікір жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Тек XX ғ. екінші жартысында ғана Бұл ойшылдың еңбектері терең зерттеліп, басқаша пікір қалыптаса бастады. Ағылшын елінің ұлы философы Б.Рассел Бұл кісінің еңбектерін жоғары бағалап: «Н.МакиавеАли Ренессанс дәуірінің ең терең ойшысы», - деген пікір айтты.

Батыс елдеріндегі көп ғалымдар Н.МакиавеАлиді қазіргі саяси философияның негізін қалаушы ретінде бағалайды. Біздің ойымызша, XIV ғ. өмір сүрген араб ойшысы Ибн-Халдунды Бұл орынға қоюға әбден болар еді, өйткені ол Н.МакиавеАлиден бір жарым ғасыр ерте өмір сүрген болатын. Бірақ, қалай дегенде де, біздің ел саяқты ондаған мемлекеттер демократия жолына түсіп, қоғамда терең саяси өзгерістерді тудырып жатқан уақытта Н.МакиавеАлидің саясат пен моральдың айырмашылығы жөніндегі терең ойлары ешбір адамды жайбарақат қалдырмайды.

Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі

Қайсыбір өтпелі заманда рухани өмір де түбегейлі өзгеріс-терге түседі: ескі өмір құндылықтары әлсіреп, жаңа әлеуметтік нормалар, дүниесезім мен дүниетаным өмірге келеді.

Осы тұрғыдан қарағанда, Қайта өрлеу заманы христиан дінін-де үлкен өзгерістерді тудырды, өйткені моральдық жағынан азғындаған рим-католик шіркеуі халықтың санасында теріс баға алып, Римнен жіберілген әртүрлі аймақтардағы дін басшылары жемқор-лық жолына түсіп, қалың бұқараның санасында негізгі езушілер ретінде түсінілді.

Мұндай жағдайда христиан дінінің алғашқы нұсқаларына қайта оралып, оны орта ғасырлық схоластикалық бүркемдерден тазарту өзекті мәселелердің біріне айналады. Осы үлкен көлемді іске барлық жан-тәнін берген неміс теологы Мартин Лютер (1483-1546 жж.) болды.

М.Лютер рим-католик шіркеуінің Құдай мен адам арасын-дағы дәнекерлік қызметін теріске шығарып, адамның жалғыз ғана Құдайға деген сенімі оның құтқарылуына жеткілікті деген пікірге келді. Құдайға қызмет ету ол жалғыз дін қызметкерлерінің ғана ісі емес, бүкіл халықтың, әр адамның борышы деген пікір айтты. Ал мү.ның бәрі шіркеудің билігін әлсіретіп, оның догматтарын қысқартты. Мысалы, 7 қ^пиялықтың екеуі ғана қалды ол - крестеу мен қатысты болу (причащение). Икондар алынып тасталды.

М.Лютер дін мен философияның, сенім мен ақыл-ойдың ара-қатынасына үлкен ор қазып, христиан дінінің негізгі құжаттарын, киелі кітаптарын ақыл-оймен талдаудың мүмкін еместігін айтты. М.Лютер: «Ақыл-ой - шайтанның жезтырнағы және сенімге қарсы қылмыс», - деген сөзге дейін барды.

Олай болса, адам өз ақылы мен еркінің шеңберінде күнәдан қүтыла алмайды, өйткені алғашқы текті күнә оның табиғатын бұзды. Бұл мәселе бойынша оның пікірі Августиннің ойына жақын болды.

Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл - ол Жан Кальвин (1509-1564 жж.) «Хрис-тиандық сенімге тәлім» деген еңбегінде: «Сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы», - дейді. Ж.Кальвин адам-ның өмірінің өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын ала болжауына тәуелді екенін айтады. Ең ақыры, Иса пайғамбардың өзі барлық адамзат үшін емес, тек қана оның кішкентай таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал, бірақ ол ешкімге белгісіз.

Ж.Кальвин Қайта өрлеу заманындағы гуманистердің «фор-туна» ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығып «фатум» ұғымын биік дәрежеге көтерді, өйткені ол - Құдайдың адам тағдырын алдын ала болжауы.

Ж.Кальвин Библиядағы айтылған «Шақырылғандар көп, таңдалғандар аз» деген қағиданы толықтырып, «тек кім таңдалды, оны ешкім білмейді» деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам мен таңдалдым деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегіндебелгілі бір жетістіктерге жетее, онда ол оны Құдайдың мені қолда-гшіы деп есептеуіне болады. Ал біз ол кезде алғашқы капиталдың қорланғанын еске салсақ, Кальвиннің Бұл қағидасы алғашқы іскер цдамдарға өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор оссрін тигізді.

Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге мдамгершілік бағыт берген әсіресе, Ж.Кальвиннің аскеттік ілімі. Іігер сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, токаппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кемтарларға комектес, байлығынды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш т.с.с.

Сонымен Кальвинизм капиталдың қорланып өсуіне, кәсіби іскерліктің Құдай қалайтын, адамның абыройын көтеретін, сонымен қатар өте жауапты іс екеніндігіне, Жаңа Дәуірдің моральдық құндылықтарын анықтауға атсалысты.

Бүгінгі Қазақстан қоғамындағы өтпелі Дәуірдегі нарықтық жономика, жекеменшіктің қалыптасуы рухани қолдау таппай отыр. 1>із басқа елдердің өмір салты, деңгейі, тұлынатын тауарлары, мәде-пиеті жөнінде көп ақпараттар аламыз. Біздің адамдар «көпшілік мәдениеті» атанған шетел фильмдерін көріп, ондағы өмір жөнінде «безендірілген», көбіне ақиқатқа сай келмейтін пікірлерге ие болады. Сондықтан жаңа пайда болған іскерлер жинаған ақшалары, капиталын халық ізгілігіне жұмсаудың орнына (жаңа жұмыс орындарын ашу, мәдениетті қолдау, кемтарларға, кәрілерге көмек-тесу т.с), дереу үлкен сарай салып, астына шетелдегі байлар саяқты қымбат машина мінеді. Осы тұрғыдан қарағанда, қазір бізге де сонау Қайта өрлеу заманында болған реформацияға ұқсас рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырып, оны қоғамдық қатынастарға тезірек тиімді түрде енгізуіміз қажет.

Қайта өрлеу заманындағы ғылыми жетістіктер және олардың философиялық-ой пікірге тигізген әсері. Қайта өрлеу заманындағы жаңа келе жатқан капиталистік қа-тынастар жаратылыстану ғылымдарына қарай бетбұрысты туғызды.

Негізінен, ғылым Орта ғасырдағы ашылған университеттер мен суретші, мүсінші, сәулетші т.с.с. өнер қайраткерлерінің өнер-ханаларында дамыды. Егер университеттерде схоластикалық ағым осы уақытқа шейін әлі де болса басым болса, өнерханаларда математика, геометрия сияңты ғылымдар жақсы дами бастады. Адамның дене құрылысының өлшемі терең зерттелді. Сәулетшілер үлкен ғимараттардың жобасын жасау жолында олардың геометиялық пролорцияларын зерттейді. Механикалық заңдылықтарға көңіл бөледі.

Ғылым мен өнер саласындағы Қайта өрлеу заманының ең жан-жақты дамыған тұлғасы, тарихта өз ізін қалдырған Леонардо да Винчи болды (1452-1519 жж.) ұлы суретші, мүсінші, инженер, ойлап тапқыш - ол өз заманы емес, бүкіл адамзат тарихында болған шығармашылық мүмкіншілігі ғажап адам еді. Оны біз тіпті жан-жақты дамыған адамның идеалы деп те атасақ артық болмас.

Ол өзінің әйгілі «Джакондасымен» (Мона Лиза) я болмаса «Құпия кешкі отырыс» суреттерімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-анатомиялық, физиологиялық зерттеулерімен, неше түрлі техникалық жобаларымен (қазіргі танкті, мата тоқу станогін, әуе үліағын, парашютті, гидротехникадағы шлюздерді ойлап шығар-ған) тарихта мәңгі қалды. Ол өз заманындағы механика, физика, астрономия, геология, ботаника, анатомия және физиология мәсе-лелерімен айналысты.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow