Элей мектебі. Парменид пен Зенон 10 страница

Өзінің философиялық қөзқарастарьшда Л. да Винчи адам мен табиғатты салыстырып, адамның дүниедегі барлық тіршіліктен жоғары екенін, ал ол жасаған мәдениет туындылары табиғаттың «жасаған» заттарынан анағұрлым биік екенін көрсетті.

Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып, Леонардо да Винчи эмпиризмнің алғашқы нышандарын жасады. Тәжірибе арқылы ғана ақиқатқа жақындауға болады. Әрі қарай тереңдеу үшін мақсатқа лайықты тәжірибе-эксперимент керек. Бірақ табиғат тәжірибеден тыс қалған көп себептерден де тұрады. Сондықтан ақиқатқа жетудің соңғы жолы - теория. «Ғылым қолбасшы болса, практика - әскер», - дейді Л. да Винчи.

Адам айнала қоршаған Дүниені тек қана ғылыми жолымен танып ғана қоймайды. Өнер - ол да танымның ерекше жолы.

Егер ғылым Дүниенің сандық жағын ғана зерттей алатын болса, онда өнер дүниенің сапалық, қайталанбайтын, әсем нақтылы жағын көрсете алады. Бұл жағынан ұлы суретші өнер ғылымнан биік деген пікірге келеді. Расында да, Л. да Винчи шығармаларын алып қарасақ, онда адамның дене құрылысының өлшемдері анатомия ғылымына сәйкес, ал бет-әлпеті мен жан дүниесін ол терең психолог ретінде көрсете білген.

Н.Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа енгізген төңкерісі. Астрономия ғылымы көне заманда пайда болған ілімдердің біріне жатады. Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен иланеталарға қарап, өздерінің бағыттарынан таймай көшіп-қонып отырған. Біздің қарастырып жатқан Қайта өрлеу заманындағы нстрономияның әрі қарай дамуына түрткі болған теңізбен сауда-саттық жасау, алыс елдерге мүхитты қақ жарып бару болды. Ол үшін теңіз жолдарын әрі қарай мұқият анықтау қажеттігі истрономиялық ізденістерді жандандырды. Екінші үлкен мәселе -ІОлий Цезарь заманында жасалған күнтізбені түзеу, ол да астроно-миялық зерттеулермен байланысты болды.

Үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің Геоцентрлік жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта практикалық жағынан еекірді.

Осындай жағдайда поляк ғалымы Н. Колерник (1473-1543 жж.) астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі еңбегі - «Аспан аймақтарының айналуы жөнінде». Бұл сңбектегі негізгі идея - Жер ғарыштың ортасы емес, ол біріншіден, озінінің діңгегінен айналады, екіншіден, Күнді айналады; Күн -дүниенің ортасында тұрған шамшырақ (Гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н.Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады.

Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птоло-мейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол - алыстағы қоз-ғалмайтын жұлдыздар ды Бұл Дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары біртекті деген пікірлер.

Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Колерниктің ашқан жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа Дәуірдегі ғылымға аттанатын жол ашты.

Джордано Бруноның натурфилософиялық ілімі. Джордано Бруно (1548-1600 жж.) Қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы, ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты.

Ол Дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз - шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде, олардан бөлек, я болмаса жоғары емес...». «Табиғат дегеніміз - ол заттардың ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан. «Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», - деген Д.Бруно ойы ертедегі философиядағы микро және макроқосмның тендігін көрсеткендей болады.

Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл Дүниенің жаны бар деп түсінеді. Дүниежүзілік жан - заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш-қуаты. Олай болса, бәрі де мақсатқа лайықты өмір сүреді (телеологизм). Ал оны білу -ғылымның негізгі ісі, - деп түсінді Д.Бруно. Д.Бруно тағдырына аянышты әсерін тигізіп, оны тарихи тұлғалық дәрежеге көтерген, әрине, оның қосмологиялық идеялары. Ол Н.Колерниктің идеяларын әрі қарай дамытып, «Күн - біздің Дүниенің орталығы ғана, ал Ғарышты алатын болсақ, ондағы саны шексіз жұлдыздар дың әрбіреуі - өзінше күн және олардың да планеталары бар. Ал онда өмір, рух болуы мүмкін», - деген батыл болжам айтты. Әрине, Мұндай көзқарастың тарауына христиан шіркеуі үзілді-кесілді қарсы болды.

Сондықтан ол 1592 ж. үхталып, түрмеге түсті. Инквизиторлар 8 жыл бойы ұлы ойшылға: «Көзқарастарыңнан бас тартсаң, өміріңді қалдырамыз», - деді. Бірақ Д.Бруно олардың ықтиярына көнбей, ақырында отқа жағылды.

Қорыта келе, философия бірте-бірте діни көзқарастан алшақ-тап, ақыл-ой елегінен өткізілген нақтылы өмірден алған тәжірибеге сүйене бастады. Табиғат жөніндегі ғылыми деректердің, табиғи құқ және моральдық мәселелердің мәні өсе бастады. Ал Бұл үрдістер Жаңа Дәуірдегі ғыльшның, жалпы танымның негіздерін қайта қарауға, философияның жеке ғылымдармен тығыз байланысының орнығуына әкелді. Сонымен келесі тарауда Жаңа капиталистік қоғам дүниеге келіп тудырған философияға тоқталатын боламыз.

Реформация кезеңі шіркеудің ішкі принциптерімен, негізгі ілімдерімен, әсіресе католик шіркеуі әкелерінің іс әрекеттеріне қанағаттанбаған қоғам қайраткерлері шіркеу мәселесін қайта қарастыру мәселесін көтерді. Шіркеуді мемлекет ісінен алашқтату мәселесін қозғады. Сол кездің реформаторлары: М.Лютер, Ж.Кальвин, Цвингли, Т.Мюнцер. Олар антиклерикализм принципін ұстанды.

Дәріс №6

Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық Философия

Дәрістің мақсаты: ғылымның, әсіресе жаратылыстану ғылымдары мен мехканико математикалық ғылымдардың дамуымен, олардың философиямен байланысын қарастыру, таным мәселесін талдау, түсіну.

1. Жаңа заман философиясының қалыптасу ерекшеліктері

2. Эмпиризм: Ф.Бэкон, Т.Гообс, Дж.Локк

3. Рационализм: Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц

4. Субъективті идеализм және агностицизм: Дж.Беркли, Д.Юм

5. Ағартушылар философиясы

Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, материализм ағымының механистік түрін тудырды. Ол Қайта өрлеу заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген құқы мен талғамы болмасын іс жүзінде сақтала басталды. Ғылым мен діннің арақатынасы бұрынғыдай «қос ақиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік бағыт күш ала бастайды. Деизм бағыты Құдайды мойындағанмен, оны тек алғашқы Дүниені жаратқан күш ретінде ғана түсінеді, ал содан кейін жаратылған Табиғат өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды, Құдай тағала оның өміріне енді ешқандай әсерін тигізбейді. Мұндай көзқарас ғалымдардың Табиғаттың терең жатқан сырларын ашуына кеңінен жол ашты.

Ал жаратылыстану ғылымдарының өзіне келер болсақ, онда бір-біріне қарсы тұрған екі әдіс кеңінен қолданыла бастады. Ол, бір жағынан алғанда, табиғат құбылыстарын тәжірибелік жолмен байқап зерттеу, екінші жағынан, Дүниені математикалық-ибстрактылық жолмен сараптау. Мұндай жағдайлар философия саласында ғылымға деген үлкен үміт тудырады, жаңа зерттеулер тұрғысынан Орта ғасырларда дүниеге келген схоластикалық ойлау жүйесі қатты сынға алына бастайды. Ешқандай тарихтағы болған ұлы тұлғалардың ой-пікірі жаңа дамып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарына кедергі болмауы керек, олар ерікті түрде өз пәнін зерттеуді қажет деген ой қоғамдық санада басымдыққа ие болады.

Ғылым Құдайға қарсы емес, керісінше, ол табиғаттың терең заңдылықтарын ашып, Жаратушының құдіреттілігін көрсетеді деген пікір кеңінен таратылады. Мінеки, осындай қайшылықты жол Жаңа Дәуірдегі философияны тудырып, оны әрі қарай дамытады. Енді нақтылы түрде соған назарымызды аударайық.

Ф.Бэкон - Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі. Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айна-лысқан тұлға. Оның мемлекеттік қызметте жеткен шыңы - ол 1618 ж. ең жоғарғы - лорд-канцлерлік - әкімшілік орынға ие болады. Король Яков I оған Верлуам деген жердегі үлкен қорғанды сыйға тартып, «Верлуам лорды» деген атақ береді. Алайда саясатта тұрақтылық жоқ, сондықтан жүре келе, ол бұл саладан кетуге мәжбүр болады. Енді оның философиямен айналысуына жол ашылады.

Ф. Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілгі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида» деген еңбектерін атап өтуге болады.

Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері - ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы - тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері - оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.

Тәжірибені талдай келе, Ф.Бэкон оны екіге бөледі. Олар - жемісті тәжірибе мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді.

Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, сала-салаға бөлу мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі, Оның ойынша, адамның жан дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды; толтастырудың негізінде жатуы қажет. Олар: 1. есте сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға - поэзия, ақыл-ойға - философия.

Тарих ғылымын Ф.Бэкон екіге беледі. Олар - жаратылыстану тарихы, екіншісі - азаматтық тарих.

Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.

Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф.Бэкон Құдай мәселесін «қос ақиқат» тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан ол теологияның шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.

Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екіге бөледі. Олар - теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі тәжірибелерге негізделсе, практикалық философия жемісті тәжірибелерге сүйеніп, табиғатта бұрын-соңды болмаған жаңа заттар мен құбылыстарды тудырады.

Адам мәселесі де екіге бөлінеді. Табиғат туындысы ретінде оны философиялық антролология, ал қоғамның мүшесі ретінде азаматтық философия зерттейді.

Таным мәселелері

Ф. Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселін тигізетін нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерелеу қажет. Сонда ғана жаңа әдістерге жол ашылып, зерттеулердің тиімділігі артады. Сол ғылымдағы кедергілерді Ф.Бэкон «идолдар», я болмаса «елестер» дейді. Олар - төртеу. Бірінші елес - тектік идолдар. Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны біз қазіргі «антроломорфизациялау» деп айтар едік. Ол сонау көне манда пайда болған мифологияға келіп тіреледі. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-білуге бағытталған кезде, оларды «өзіне ұқсатып» түсіндіруге тырысады. Текті елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкін емес. Ф.Бэконның бұл айтқан ойларын растау үшін мынандай мысал келтірейік. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниелердегі ақыл - оймен, рухпен кездесу қиялы XX ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөніндегі неше түрлі аңыздарды тудырды. Ол Қазіргі заманның тудырған мифтері бойынша, ұшып келген тарелкалардың ішінен шыққан пенделер нақ жердегі адамдар саяқты екі аяқты, қолды, екі көзді, тек олардың түсі көкшіл екен т.с.с.

Әрине, кең ғарыштың кеңістігінде басқа жұлдыздар аясындағы планеталарда өмір және сол өмірдің биік ғажап шыңы - рух пайда болуы мүмкін. Бірақ ол рухтың иесі тек адам саяқты болуы тіпті қажетті емес. Бірақ адам оны өзіне ұқсатып көргісі келеді... Ал ең жақын орналасқан жұлдыздың қашықтығы 5 сәулелік жыл ескерсек, яғни секундына 360 мың км. жылдамдықпен ұдайы 5 жыл ұшу қажет және А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына сай ондай жылдамдықтың шеңберінде заттың салмағы күрт өсіп, кеңістіктегі алатын орны қысқарып, уақыт баяуласа, онда қайсыбір тіршілік түрі. Мұндай қашықтықты өте алмайтындығына көзіміз жетеді. Сонымен ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тарелка мифінің» орынсыз екенін көруге болады. Міне, бұл - Ф.Бэконның айтқан тектік идолдарының бүгінгі таңдағы бір көрінісі ғана.

Екінші елес - ол үңгір идолы. «Әрбір адам белгілі бір отбасында, белгілі бір жерде дүниеге келіп, тәрбиелемеді, ересек адамға айналады. Біреу адам түгіл кұдай да ұмытқан ауылда, екіншісі аудан орталығында, үшіншісі астанада, ия болмаса үлкен қалада туып - тәрбиеленеді. Біреу кедей, екінші ауқатты отбасында өсіп-өнеді, көбінесе соған сәйкес білім алуға, өмірде өз орнын табуға мүмкіндіктер ашылады. Ол адамның болашақ тағдырына өзінің зор ықпалын тигізбей қоймайды. Ол сол өзін қалыптастырған «үңгірден» дүниеге қарайды, ал оның өзі «табиғаттың сәулесін әлсіретіп бұрмалайды», - дейді ұлы ойшыл. Ал бұл елестен құтылу жолы - дүниеден алған жеке тәжірибені жалпыхалықтық тәжірибемен ұштастыру болмақ. Үшінші - алаң, ия болмаса базар елестері. Олар қарапайым адамдар жиналған жерлерде пайда болады. Оның қайнар көзі - зат пен соны көрсететін, бейнелейтін сөзді толығынан теңеу. Ал шынына келсек, сөз - затқа қойылған ат қана. Сөз көбіне заттың не екенін емес, оның адамдарға деген маңызын ғана көрсетеді, - дейді ұлы ойшыл. Егер сөзді затқа теңесек, онда көбіне біз «жалған даналық» жолына түсіп кетеміз. Бұл елеске берген сыннан біз схоластикалық философияға қарсы бағытталған Ф. Бэконның көзқарасын болжаймыз.

Төртінші, соңғы елес - ол театрлар идолы. Олардың дүниеге келу себебі - тарихтағы өмір сүрген даналарға, ұлы тұлғаларға толығынан сену, солардың уақытында жасаған ғылыми тұжырымдамаларын «соңғы өзгермейтін мәңгі ақиқат» ретінде түсіну. Мысалы, белгілі бір мәселе бойынша Аристотель былай деп айтқан, ал сіз Аристотельден де ақылдысыз ба? - деген дау-дамайдан сол адамның «театр елесінің» шеңберінде екенін байқаймыз. «Ақиқат беделдің емес, тек өз заманындағы уақыттың қызы», - деп қорытады Ф.Бэкон. Жаңада ғана келмеске кеткен Кеңес заманының негізгі елесі осы «театр елесі» болды емес пе? Тек беделділердің аттары ғана өзгерген жоқ па? Олар К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин т.с.с. болды. Бүгінгі таңдағы қоғамды демократизациялау, көппікірлік принципке көшу бұл елестің өмірден кетуіне себеп болуда.

Сонымен жоғарыда көрсетілген идолдар қандай күшті болғанмен, ғылым жолына түскен адам өзінің ақыл-ойын, дүниесезімін олардан тазарту керек деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл пікірге толығынан қосылуға болады.

Тәжірибелік - индуктивтік әдістеме жасау. Ғылым жолын неше түрлі елестерден тазалағаннан кейін, Ф.Бэконның алдында жаңа зерттеу жолдарын жасау мәселесі пайда болды. Ол үшін ең алдымен сол кездегі философиядағы абстрактілі-схоластикалық әдістерді сынау қажет болды. Олар - нәтижесіз. Белгілі бір жалпы ұғымдарға негізделген Табиғаттың өзіне, сондағы құбылыстарға назар аудару керек. «Табиғаттың нәзік сырлары көп тұжырымдардан анағұрлым терең», - дейді Ф. Бэкон. Әрине, ойшыл жалпы ұғымдар керек емес деп оларды толығынан теріске шығарды деген пікірден біз аулақпыз. Әңгіме сол жалпы ұғымдардың қалай шығарылғанында. Егер олар кездейсоқтық деректерді жалпылаудың негізінде пайда болса, онда олардан шығарылған тұжырымдар бізді жалған жолға түсіреді, адастырады.

Жалпы ұғымдар тәжірибеден шығуы керек. Бірақ біз оны орқашан сынап, ой елегінен өткізіп отыруымыз қажет. Ғалым адам жолында жатқанның бәрін жинай беретін құмырсқаға (сол кездегі алхимиктер), сонымен қатар бәрін өз ішінен шығарып, өзінің торын тоқитын өрмекшіге (сол кездегі схоластар) ұқсамауы керек. Ол әрбір гүлге қонып, оның нәрін жинап, оларды қайта өңдеп балға айналдыратын араға ұқсас болуы қажет, - деп қорытады Ф. Бэкон.

Жекеден жалпылыққа өрлеуді - индуктивті әдістемені - алғаш рет Ф.Бэкон дүниеге келтірді десек, онда ол шындыққа лайықты болмас еді. Өз заманында ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдістемесін жасаған болатын. Орта ғасырларда да бұл әдістеме мүлде ұмыт болған жоқты.

Ф. Бэконның бұл әдістемеге енгізген негізгі жаңалығы - тек қана белгілі бір ұғымды дәлелдейтін деректерді ғана емес, сонымен қатар оған қайшы келетіндерді де зерттеу, олардың себебін табу болды. Жалқыдан жалпыға жету жолында үш кесте жасау керек. Зерттеу жолында бұл кестелер толтырылғаннан кейін, соларды салыстыру арқылы белгілі бір ұғымдарды тудыруға мүмкіндік пайда болады.

Сонымен Ф. Бэкон - жаңа Дәуірдегі қалыптасып жатқан тәжірибелік ғылымның дамуына зор әсерін тигізген ұлы тұлға.

Р. Декарттың рационалдық философиясы. Француз философы Рене де Карт (1596-1650 жж.) – Жаңа Дәуір философиясына өз үлесін қосып, негізін қалаған ірі тұлға. Уақытында өз заманының жақсы оқу орындарында оқып білім алған. Егер біз оны Ф. Бэконмен салыстырсақ, ол - бүкіл өмірін ғылым жолына арнаған тұлға ұлы математик, механик, физиологияның негізін жасаушы, психолог Декарт Аристотельден кейінгі жан-жақты дамыған, философияны жеке ғылымдардың нәтижелерімен ұштастыра білген бірден-бір ойшыл болды.

Негізгі еңбектері: «Диолтрика» күн сәулесін зерттеуге арналған, «Метеорлар» метеорологиялық мәселелерге арналған, «Геометрия», «Философияның бастаулары», «Әдістемелер жөніндегі ойлар» т. с.с. Болмыс жөніндегі көзқарасында Р. Декарт дуалистік (екілік) көзқараста болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнінде екі субстанцияны мойындауға тура келеді. Олардың біреуі - материалдық, заттық, денелік субстанция. Оның негізгі атрибуты (қасиеті) - созылу, кеңістікте белгілі бір орын алу. Екінші субстанция - рух. Оның негізгі атрибуты - ойлау. Жан-дүние бір сәт те тоқтамай, тұрақты ойлайды.

Бұл екі бір-бірінен тәуелсіз жатқан субстанция адам мәселесіне келген кезде үлкен қиындықтарды тудырады. Қалайша адамның денесі оның рухына, жан дүниесіне, ал соңғы оның денесіне сондай үйлесімді өз әсерін тигізе алады? Оны өз кезіндегі жаратылыстану тұрғысынан түсіндіре алмай, Р.Декарт Құдай идеясына келуге мәжбүр болады. Оның ойынша, тек Құдай ғана дене мен ойдың үйлесімді қарым-қатынасын тудыра алады.

Бірақ Р.Декарт өзінің космогониялық (ғарыштың дүниеге келуі жөніндегі) болжамында Құдайдың рөлін тек қана материяны жаратып, оны алғаш рет қозғап жіберуімен шектейді. Әрі қарай Дүние өзінің табиғи заңдылықтарының негізінде қалыптаса бастайды. Құйын саяқты қозғалған материалдық бөлшектер қыза келе жұлдыздар ға, күнге айналады. Екінші ұсақ дөңгелек қозғалғыш элементтерден аспан пайда болса, ең соңында үлкен аз қозғалатын бөлшектер бір-бірімен қосылып, жер және басқа планеталардың денесін құрайды.

Ал жер бетіндегі өмір сүріп жатқан тіршілікке келгенде, Р.Декарт бұрынғы философиядағы гилозоистік көзқарастардан бас тартады. Өз заманында Аристотельдің болжаған өсімдік пен сезімдік жандарын Р.Декарт жоққа шығарады. Оған себеп болған 1628 ж. Гарвейдің ашқан қан айналысы болса керек. Соған сәйкес, Р. Декарт жануардың өмірлік мүшесі - ол оның жүрегі деген пікірге келеді. Ол ғылымда алғашқы болып, жануарлардың сыртқы әсерге жасайтын ішкі реакциясының механизмін ашты. Оның ойынша, сыртқы әсерді миға жеткізетін - артериялар ішінде қозғалатын ең ұсақ қан бөлшектері. Әрине, бұгінгі физиология ғылымының тұрғысынан мұндай пікірді түрпайы деп бағалауға болар еді. Бірақ шартсыз рефлекстің алғашқы болжамын жасаған Р. Декарт екені сөзсіз. Сонымен егер жануарлардың жан дүниесі болмаса, онда олар өте күрделі машиналар.

Адам дене ретінде жануар әлеміне жақын, сонда ол да машина ма? деген сұрақ заңды түрде ойға келеді. Оған Р.Декарт үзілді-кесілді теріс жауап береді. Біріншіден, адам мақсатқа лайықты іс-әрекет жасай алады. Ол қандай да болсын сырттағы қалыптасқан ахуалға үйлесімді жауап бере алады, өйткені ол ақыл-ой елегінен барлығын өткізіп, шешімін табады. «Адамның ақыл-ойы, зердесі - жан-жақты құрал», - дейді Р. Декарт. Адамның екінші ерекшелігі - ол сөйлей алатын пенде. Олай болса, адамның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы - оның рухында.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow