Элей мектебі. Парменид пен Зенон 11 страница

Р. Декарт «бәріне де күмәндану керек» деген шешімге келеді. Осы тұрғыдан сезімдік танымға келсек, ол көбіне бізге дүние жөнінде жалған пікір тудырады. Төртбұрышты нәрсеге алыстан қарасақ, ол дөңгелек саяқты болып көрінеді. Суға салынған таяқ сынған саяқты, күн кішкентай және жылы зат саяқты көрінеді. Кейбір кезде көзбен көргенді ұйқыдағы түспен шатастырып алуымызға болады. Ғылымдағы деректерге де күмәндануға болады. Сонымен, ең ақырында, біздің жан-дүниеміз толығынан күмәнға толады, онда бірде-бір күмәнданбайтын ақиқат қалмайды...

Олай болса, мұндай тұңғиықтан шығатын жол бар ма? Өзінің шашынан ұстап, өзін судан шығарған Мюнхаузен саяқты, Р. Декарт бұл тұңғиықтан шығаратын сол баяғы күмәндану дейді өйткені барлығына күмәнданғанмен, сол сәтте күмәнданып отырғаныңа күмәндана алмайсың. Онда мынандай тұжырымға келуге болады: «Ойлаймын, олай болса, өмір сүремін». Р. Декарттың ойынша, бұл тұжырым жөнінде ешкім күмәндана алмайды.

Бұл тұжырымнан шығатын бірінші қағида: адам, негізінен алғанда, - ойлай алатын пәнде. Біздің ойымыз өзімізге тікелей берілген. Ал сезім арқылы берілетін адамның денесі және айнала қоршаған заттардың қасиеттері ой елегінен өткенде, тек қана бұл дүниеде болуы мүмкін саяқты беріледі. Мысалы, егер мен ойлау! қабілетінен айырылсам, онда менің өмір сүріп жатқанымның дәлелі дереу жойылар еді. «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін» қағидасының тағы бір ғажаптығы - ол түсінікті, ашық және мөлдір.

Р. Декарт ойлауды өте көлемді де кең түрде түсінеді. Ойлана алатын зат күмәнданады, түсінеді, қабылдайды, тұжырымдайды, теріске шығарады, қиялданады, сезінеді, керек қылады т.с.с. Ең ақыр аяғы, ұйқы кезіндегі түс көрудің өзі ойлаудан шығады.

Адамның танымдық іс-әрекеті Р. Декарттың ойынша үш идеялар тобынан тұрады. Біріншісі - сырттан қабылданатын сезімдік мүшелерге өзінің әсерін тигізетін идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбір адамның санасында бар.

Екінші - адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсерді өзгерту арқылы пайда болуы мүмкін.

Соңғы үшінші идеялар - олар бізбен туа біткен, ең маңызды, таным процесінде шешуші рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция арқылы жетеді. Ал оған жеткізетін адамның жан дүниесіндегі табиғи ақыл сәулесі. Туа біткен идеялардың ерекшеліктері - олар сыртқы заттардан толығынан дербес, анық, түрпайы, адамның еркінен тәуелсіз. Бұған мысал ретінде Р.Декарт «екі шама үшіншіге тең болса, онда бір-бірімен де тең», «ештеңеден ештеңе пайда болмайды», «бір нәрсенің белгілі бір уақытта болуы мен болмауы мүмкін емес» т с.с. жатқызады. Туа біткен идеяға Р. Декарт «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін» принципін де жатқызады.

Рационалдық әдіс. Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа түлъш, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көрсе, Р.Декарт, керісінше, сезімдік білімнің құндылығын теріске шығарып, дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды. Дедуктивті әдістің негізгі талаптары - ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, түрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу;

Негізінен алғанда, Р.Декарттың әдістемесі - ол интелектуалдық интуиция арқылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды, тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа күрделі жол арқылы жетуге болады. Осы күрделі жолда бір ұғым байқалмай түсіп қалса, онда нәтижеге жету мүмкін болмай қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р. Декарт оны жасанды тәжірибе қойып, (эксперимент) тексеріп отыру қажет деген пікір айтады.

Р.Декарттың этикалық көзқарастары адамның құмарту сезімдерімен байланысты түрде қаралады. Олардың бәрін негізгі алты сезімге әкеліп теңеуге болады. Олар: таңғалу, сүю, жек көру, тілеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбі адамның сезімдік заттарға деген іңкәрінен туады да, адамның жан дүниесін зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы оларды жою мүмкін емес. Олай болса, олардың бәрін адамның жан дүниесіне сәйкес келетін бір құмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезімі болуы керек деген сұраққа ойшыл өзінше жауап береді. Оның ойынша, ол - дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дүниедегі құбылыстарға қызығушылықпен қарауы.

Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген көзқарастардың дамуына зор әсерін тигізгенін атап өтеміз. Сонымен қатар философияда әртүрлі қайшылықтар етек алып, әртүрлі бағыттардың арасындағы күрестер күшейе түседі. Солардың ішінде Ф.Бэконның философиясын әрі қарай дамытып, сонымен қатар Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшыл-дардың ішінде әсіресе Т.Гоббсты атап өтуге болады.

Т.Гоббстың философиялық көзқарастары. Томас Гоббс (1588-1679 жж.) - ағылшын философы, Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Азамат жөнінде», «Левиафан, я Материя, шіркеу мен азаматтық мем-лекеттің билігі мен бітімі» т. с.с.

Жаңа Дәуірдегі алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс философия пәнін ақыл-ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді-кесілді теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе ол оның моральдық жетілуінің тірегін құрайды.

Т.Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол Дүниені бүкіл өмірде болып жатқан барлық денелердің жиынтығы ретінде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Гоббстың ойынша, нақтылы өмір сүріп жатқан дененің өзі - сол субстанция. Ал дененің созылуы мен бітімі оның негізгі қасиеттеріне (акциденцияларына) жатады. Қозғалыс пен тұрақтылықты алар болсақ, олар, әрине, көп денелердің қасиеттері, бірақ қозғалмайтын денелер де болуы мүмкін. Ал заттардың иісі, түсі, дыбысын алар болсақ, Бұл қасиеттер пайда болып, келесі сәтте-ақ жоғалып жатады. Олар көбіне заттардан гөрі соларды қабылдайтын адамдардың түйсігіне байланысты.

Т.Гоббстың ойынша, қайсыбір субстанция нақтылы болған-нан кейін, абстрактілік субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесіз. Материя деген ұғым - ол тек қана бүкіл дүниедегі заттарға қойылған ат қана.

Т.Гоббс дене жоқ жерде кеңістік те жоқ деген пікірге келеді. Кеңістік - әрқашанда нақтылы заттың, дененің көлемі.

Уақыт та - қозғалып жатқан нақтылы заттардың өлшемі ғана. Ал Дүниеде болып жатқан таза ұзақтылықты ойшыл үзілді-кесілді теріске шығарады.

Дүниедегі себептілікке тоқталатын болсақ, Т.Гоббс «соңғы себеп», «формальды себеп» деген саяқты ұғымдарды теріске шығарып, тек қана материалдық және қозғаушы себептерді мойындайды. Бірақ осы жолда ол үлкен қиындықтарға кез болады. Дүниедегі саны шексіз заттардың қозғалысының қайнар көзі қайдан шығады? Тек XVIII ғ. материалистері оны материяның ішкі қасиеті деп мойындады. Ал Т.Гоббсқа келер болсақ, ол Декарт саяқты, Құдайды мойындауға мәжбүр болды, өйткені Ол - алғашқы Дүниені қозғаушы күш, ал содан кейін Дүние өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре бастайды.

Т.Гоббстың гносеологиясы (таным ілімі) тәжірибелік тұжырымынан шығады. «Алғашында түйсікте толығынан, я болмаса жартылай болмаған, ұғымда да жоқ» деген сенсуализм қағидасын Т.Гоббс толығынан мойындайды. Бірақ ғылыми ұғымдарды жасау үшін сезімдік саты, деректерді білу жеткіліксіз, өйткені ғылыми ұғымдар ең жалпылық, қажеттілік деңгейіне көтерілуі керек. Т.Гоббстың ойынша, ондай дәрежеге математика ғылымы ғана көтеріле алады. Р.Декарттың «туа біткен идеяларына» қарсы шығып, ол оның қайнар көзін тілдің сөздерінен іздейді. Оның ойынша, ойлау тілмен тең. Сөздер арқылы біз ішкі ойымызды сыртқа шығарып, басқа адамдарға жеткізе аламыз. Сонымен Т.Гоббс тілді белгі тұжырымдамасының шеңберінде түсінеді. Қайсыбір сөз - ол затқа қойылған ат қана. Ол әр түрлі мағынаны көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамдар бір-бірімен түсінісе алмайды. Ал адамдар белгілі бір келісімге келіп, сол қойылған атқа, таңбаға нақтылы мазмұн беретін болса, сонда ғана ол белгіге айналып, соның негізінде адамдар бір-бірімен түсінісе алады. «Адамның ақыл-ойының сәулесі - ол көпмағыналықтан тазартылған, нақтылы анықтамасы бар сөздер», - дейді ұлы ойшыл.

Т.Гоббс «Ойлаймын, олай болса өмір сүремін», - деген Р.Декарттың принципін өзінің танымдық ілімінің тұрғысынан қатты сынға алады. «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін» деген қағида бізді ойлана алатын дене бар екенін мойындауға әкеледі. Ал Р.Декарттың ойлайтын адам ойлауға тең деген пікірін «серуендеп жүрген адам серуен деген тұжырымға тең», - деп, материалистік тұрғыдан қатты соққыға жығады.

Т.Гоббс таным әдістемелері жөнінде де ерекше пікір айтады. Индуктивті және дедуктивті әдістерді бір-біріне қарсы қоймай, олардың екеуін де ғылыми зерттеулерде кең түрде қолдану қажет. Бірақ индуктивті әдіс табиғатты зерттегенде басымырақ қолданса, математика саласында және этика мен саясатты зерттегенде дедуктивті әдіс басым болуы қажет деген пікір айтады.

Адам мәселесі

Р.Декарттың «Адам - машина» деген көзқарасын әрі қарай жалғастырып, Т.Гоббс адам да дене ретінде күрделі механизм деді. «Өмір - бөлшектердің әр түрлі қозғалыстары «жүрек - серіппе, жүйке - жіптер, адамның аяқ-қолдары - машинаның дөңгелектері саяқты бүкіл денеге қозғалыс береді» т.с.с. Егер Р.Декарт адамның денелік емес жан дүниесін мойындаса, Т.Гоббс психиканың өзін механистік тұрғыдан түсіндіргісі келді.

Адамның моральдық қасиеттерін ойшыл оның табиғаты арқылы түсіндіреді. Бұл жағынан келгенде, оның көзқарасы Н.Макиавеллиге өте жақын. Адам табиғаты өзімшілдікке негізделген. «Адамдар өз табиғаты бойынша қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы т.с.с. хайуандыққа толы», ал қоғамдық пенде ретінде олар «пайда мен мансап» іздейді, тек өздерін ғана сүйеді, - дейді ұлы ойшыл.

Т. Гоббс адамдардың өзімшілдігінен шығатын мүдделері меи мақсаттарына көп көңіл бөледі. Қоғам өмірінде әртүрлі мүдделер бір-бірімен соқтығысып, құд ғылымының әділдікке негізделуінеі жол бермейді, заңдар бұрмаланады т.с.с. «Егер геометрияы қағидаларының адамдардың мүдделеріне қатысы болса, онда ол кітаптарды адамдар жағып жіберер еді», - деген нақыл сөз осы кісінікі. Сондықтан моральдық құндылықтардың негізінде мүддеден шығатын пайдалық жатыр. Жақсылық пен жамандық, игілік пен залымдық дегендеріміз не? деген сұраққа «жақсылық, игілік» деген сөздермен бізге ұнайтын, пайдасы бар нәрселерді айтамыз, ал залымдық деп оған қарама-қарсы жатқан нәрселерді көрсетеміз», - деп жауап береді. Мұндай мораль саласындағы көзқарасты біз утилитаризм дейміз.

Әрине, адам мәселесін талдағанда, еріктік мәселесін аттап өте алмаймыз. Т. Гоббс ерік тек қана адамның ахуалынан ғана шығып қоятын құбылыс емес деген тұжырымға келеді. Еріктік дегеніміз -барлық дүниедегі нәрселерге тән. Мысалы, ыдыс сынса, ішіндегі су еріктік алады.

Дегенмен адамның еріктігі өте қиын шаруа, өйткені ол жалғыз емес, өмір жолында мыңдаған басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан, бір жағынан, ерікті болса, екінші жағынан, қоғамдық қажеттіктен аттап өте алмайды. Олай болса, олар бір-бірін толықтырады. «өзендегі судың ағысы ерікті де қажетті, өйткені ол арнасынан шығып кете алмайды». Адам да сол саяқты деп қорытады ұлы ойшыл.

Мемлекетпен қоғам мәселелері. Сонау көне заманнан бері қоғам мен мемлекет мәселелеріне келген кезде, ойшылдар оны негізінен екі қарама-қарсы тұрғыдан қарады. Біреулер коғамдық пен мемлекеттіліктің басымдылығын (мысалы Аристотель, кеңес заманындағы идеология), екіншілер жеке адамның мемлекет пен қоғам алдындағы біріншілігін (атомистер, қазіргі өтпелі дәуірдегі кейбір реформаторлар) көрсетті. Т. Гоббсты бұл аталған екі багыттың қайсысына жатқызамыз? Әрине, екінші бағытқа, өйткені ол өзінің ілімінде мемлекеттілікті адамның өзімшіл табиғатынан шығарады. Әрбір адам ең алдымен өз мүддесін алға қояды, олай болса жалқылық, жекелік - бірінші, ал қоғамдық, мемлекеттілік - екінші орында.Т.Гоббстың ойынша, әр халық өзінің тарихында екі сатыдан отеді. Олар - мемлекеттікке дейінгі табиғи және мемлекеттік саты.

Алғашқы табиғи сатыда мемлекет те, жекеменшік те, мораль да әлі жоқ, тек қана адамдардың табиғи құқы бар. Ол адамның керек қылатын нәрселерінің бәріне деген құқы. Өзінің өмірін сақтап қалу жолында адам қандай іс-әрекет жасаса да, шектелген жоқ. Сондықтан Мұндай жағдайда әр адам өмірге керек құндылықтарды өзіне тартқаннан кейін, «бәрінің бәріне қарсы соғысы» басталады. Адамдар бір-біріне қасқыр саяқты болады. Мұндай жағдайда адамдардың өз-өздерін құрту қаупі туып, табиғи жағдайдан азаматтық мемлекеттік деңгейге көшу қажетгігі пайда болады.

Сондықтан адамдар өздерінің кейбір құқтарынан ерікті түрде бас тартып, оларды күшті орталандырылған билікке береді. Сонымен қоғамдық осындай шарттың негізінде мемлекет дүниеге келеді.

Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тілсіз іске аспас еді. «Тілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас еді».

Адамдардың мемлекеттікке өтуінде олардың табиғатында бар заң үлкен рөл атқарады. Ол заң - «өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама». Оны біз моральдың «алтын ережесі» дейміз.

Екіншіден, әрбір адам өлімнен қорқады, сондықтан ол бейбіт өмірдің қажеттігін сезінеді, ал мұның бәрі оны мемлекеттілікке қарай итермелейді.

Мемлекетке шарттық негізде өз еркімен берілген адамдардың құқтары енді қайтып алынбайды. Адамдар мемлекет заңдарын бұлжытпай орындаулары қажет. Сонымен қатар Т.Гоббс - құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бір жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, зандар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қарым-қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұсқан келеді. Бұл жерде Т.Гоббс тоталитаризмнің болуын болжаған секілді. Сондықтан заңдар ақыл-ой елегінен өткен қажетті қатынастарды ғана ретке келтіруге тиіс.

Әрине, мемлекеттің дүниеге келу мәселесі - өте күрделі құбылыс. Ол жөнінде әртүрлі болжамдар бар. Т.Гоббстың жасаған «конвенционалдық» (шарттық) тұжырымы, әрине, Бұл мәселенің мәнді бір жағын ғана көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, қайсыбір мемлекетті шарттық негізде өмір сүреді деп әбден айтуға болады.Біздің жас мемлекет те өзінің екінші «Ата заңын» (Конституциясын) 1995 ж. Бүкілхалықтық референдумда қабылдаған болатын. Ал мұның өзін белгілі шарт деп айтуға, әрине, болады.

Б.Спиноза философиясы. Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам қаласында еврей отбасында дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға тартып, ол оқу орнын бітіре алмай қалады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтаи ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларып өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді.

Негізгі еңбектері: «Ақыл-ойды жетілдіру жөніндегі трактат», «Этика», «Саяси трактат» т.с.с.

Онтологиялық мәселелер. Құдай – Субстанция - Табиғат

Спиноза болмыстың ең соңғы себебі Құдайда деп есептейді. «Құдай... барлық заттардың бірінші себебі және өз-өзінің себебі, өз-өзі арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын Дәлелдеу үшіп онтологиялық дәлелдемелер келтіреді. Бірақ ол Құдайға пантеистік мағына береді, яғни оны бізді қоршаған табиғатқа теңейді. Олай болса, Құдай табиғаттан тыс мәңгілік өмір сүріп жатқан рухани тұлға емес, оны тек қана зерде арқылы ғана түсінуге болады.

Мұндай көзқарас сол кездегі Құдай жөніндегі деистік пікірлерге қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенің ең алшақтағы соңғы себебі деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенің ең тікелей жақын себебі деген тұжырымға келеді.

Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретінде қаралады. Егер Р.Декарт Дүниенің негізінде екі бір-біріис тәуелсіз субстанция жатыр, ал олардың үстіндегі Құдай екеуін бір-бірімен үйлестіреді деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бір-бірімен қосып, оларды табиғатпен теңейді. Сондықган оның метафизикалық-онтологиялық негізгі формуласы - ол Құдай, ио Субстанция, иә Табиғат, өйткені оның бәрі - бірегей. Табиғаттың өзі Құдаймен тең болғаннан кейін, онда «Жаратушы» және «Жаратылған» деген діннің негізгі ұғымдары керек болмай қалады. Субстанция, я Табиғат, Б.Сшгаозаның ойынша, «өзіне-өзі себепті». Онымен бірегей Құдай ешқандай жаратушылық қасиеттерімен танылмайды. Осыған орай, Б.Спиноза деизмнің де негізгі қағидаларын теріске шығарады, өйткені ол, аз да болса, Құдайдың алгашқы сатыдағы Дүниені жаратқан қызметін мойындайды.

Табиғаттан жоғары Дуниені жаратқан Құдай болмағаннан кейін, Құдайдың өзі Табиғатпен тең болған соң, ол екі ұғымды пайдаланады. Ол «тудыратын табиғат» және «туды-рылған табиғат». Бірінші ұғым - ол интуитивтік ой олегі аркылы түсінілетін табиғат. Екінші ұғым - ол сезімдік білім тудыратын бізді қоршаған жеке заттар мен құбылыстар.

Б.Спиноза өзінің болмыс ілімінде Дүниенің бірлігіне аса көп көңіл бөледі. Оның негізінде бөлінбейтін субстанция жатыр. Ол - шынайы шексіз, абсолютті ұзақтық. Болмыстың екінші жағы - бір-бірінен бөлінген, сезім арқылы бізге берілген шектелген жеке заттар мен құбылыстар. Жоғарыда көрсеткендей, бірінші екіншіні тудырады. Егер субстанция мәңгілік болса, жеке заттар уақыт шең-берінен шыға алмайды, сол шеңберде өзгереді, туады, құриды.

Б.Спиноза нақтылы заттарды субстанцияның тудырған «модустары» ретінде қарайды. Заттар-модустар арқылы субстанция өз-өзін шектейді. Ал шектеу дегеннің өзі - ол терістеу. Нақтылы заттың шектелгені оны басқа заттардан бөледі, өзіне ғана тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан әр зат болмыста өзінің орнын алады, өйткені ол - сол зат, басқа оған толығынан ұқсас еш зат жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткені басқа жағынан алғанда анықталмайды.

Субстанцияның модустарынан басқа бірнеше атрибуттары (қасиеттері) бар. Олар - созылу және ойлау. Адам дүниені танығанда, оның осы қасиеттері арқылы нақтылыққа жете алады. Сонымен Р.Декарттың екі субстанциясы Б.Спинозаның бір субстанциясының екі негізгі қасиеттеріне айналады.

Енді субстанцияның осы екі негізгі қасиеттеріне сипаттама берелік. Сонымен Б.Спиноза заттықтың негізгі қасиетін созылудан, яғни кеңістіктен көрді. Онда мынандай сұрақ ойымызға келеді: осы айтылған кеңістікте саны шексіз болғанымен, неше түрлі шектелген заттар қалай пайда болады? Оның негізгі себебін ойшыл қозғалыс пен тұрақтылықтан көреді, ейткені олардың бір-біріне деген қатынасы мен көлемі нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбір заттың көлемі бар, ол бір жағынан, тұрақты, екінші жағынан, үнемі қозғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу қасиеті мен нақтылы шынайы өмірдегі заттардың арасындағы дәнекер ретінде қаралады.

Субстанцияның келесі атрибуты - оның «шексіз ойлау қабілетіне» келер болсақ, ол - бүкіл табиғатқа тән нәрсе. Олай, болса, Б.Спиноза бүкіл дүниені тірі деп есептейді. Мұндай көзқарасты гилозоизм дейді. Тек адам ғана емес, сонымен қатар барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әр-түрлі деңгейдегі тіршілікте, - дейді ұлы ойшыл.

Гносеология (дүниетаным) мәселелері. Таным мәселелеріне келгенде біз Б.Спинозаны рационализм бағытына жатқызамыз. Ол әрқашанда сезімдік танымды ой елегінен өткізген білімнен айыру керек екендігін басым айтқан. Сезімдік таным әрқашанда бұлдыр, көмеекі. Тек ақыл-ой ғана айқын білім береді. Ғылымдардың ішіндегі ең айқыны - математика.

Сезімдік танымның бұлдырлығы ол тек қана сыртқы затты ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің денесіндегі өзгерістермен, әсіресе сезім мүшелерімен байланыстырады.

Санадағы сезімдік бейнелердің бір-бірімен байланыстары кездейсоқ. Мысалы, аттың ізін көрген әскери адам жақындап қалған жауды есіне елестетсе, қарапайым шаруа соқа мен жыртылған жерді елестетеді, - дейді Б.Спиноза.

Бірақ сезімдік танымды толығынан жалған деп есептеуге де болмайды, олардың қайсыбірінде аз да болса ақиқаттың жұрнақтары бар. Мысалы, надан адамның «күн - кішкентай зат және жерге өте жақын орналасқан», - деген жалған пікірінің өзінде күннің өмір сүріп, бізге ықпалын тигізіп жатқаны жөнінде ақиқаттық пікір бар, - дейді ұлы ойшыл. Күнбе-күнгі өмірден алатын сезімдік таным - қалың бұқараның негізгі тәжірибесі, соның арқасында олар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, өмір сүріп жатады. Ақыл-ой арқылы алынатын білімнің шындығының өзін біз оқтын-оқтын тәжірибе арқылы тексеріп отыруымыз қажет, - деп қорытады Б.Спиноза.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow