Элей мектебі. Парменид пен Зенон 15 страница

Өзінің әлеуметтік философиясында ғалым адамдарды азаматтылыққа, заңға көнуге, елді қорғауға, қайсыбір саясаттағы озбырлыққа қарсы күресуге, жоғары мәдениетті басқару жүйесін орнатуға шақырады.

Мораль саласындағы негізгі құндылықтарға ол ізгілік, ақиқат, зердені жатқызып, тек соларға ғана табынуға болады деген пікірге келеді. Ол қайсыбір діни көзқарастарды қабылдамай, діни надан-дықтан арылуға шақырады.

Дидро (1713-1784 жж.) - ұлы француз ағартушыларының бірі. Оның басшылығы мен ұйымдастыру қабілетінің арқасында XVIII ғ. «Француз энциклоледиясы» басылып шыға бастады (салыстырыңыз: Қазақ совет энциклоледиясы XX ғ. 70-ші жылдарында жарық көре бастады). Онда сол кезге дейін жиналған ғылыми деректердің негізінде дүниеге жаңа көзқарас, жаңа саяси, құқтық, гуманистік идеялар дүниеге келіп, кеңінен қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына өзінің өшпес ізін қалдырды.

Негізгі еңбектері: «Табиғатты түсінудегі ойлар жөнінде», «Д'Аламбердің Дидромен сұхбаты», «Материя мен қозғалыстың философиялық принциптері» т.с.с.

Егер француз ағартушыларының көпшілігі деистік көзқараста болса, Дидро өзінің философиялық көзқарастарында таза материалистік бағытқа көшеді.

Дүниедегі субстанция біреу ғана - ол материя, ал оның себебі өзінің ішінде, сондықтан оны түсініп, тану үшін ешқандай Құдай идеясы керек емес. Материяны ешкім жаратқан жоқ, ол өзінің даму заңдылықтарының негізінде мәңгілік өмір сүріп жатыр. Дидро материяның өмір сүру тәсілін қозғалыстан көреді, сондықтан оларды бір-бірінен ажырата алмаймыз. Бүкіл табиғат мәңгі қозғалыста, бір нәрселер жойылып, екіншілері оның орнына келіп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы: ол материяның өзіндік ішкі күштерін мойындап және оның қайнар көзін ішкі қайшылықтардан іздейді.

Адам мәселесіне келер болсақ, Дидро оны басқа тіршіліктер саяқты өзінің қалыптасу, жетілу тарихынан өтті деген пікірге келеді. Адамның санасы ол Құдайдың оған берген сыйы емес, ол -материяның даму жолында пайда болған құбылыс. Ол тіршіліктің күрделену жолында пайда болады.

«Қоғамдық шарт» теориясына сүйене отырып, Дидро корольдің билігінің Құдай берген билігі жөніндегі сол кездегі кең тараған пікірге қарсы шығып, оны әшкерлейді. Ол конституциямен шек-іслген монархияны жақтап, ағарған биліктің қажет екенін көрсету жолында талай ойларды қозғайды.

Адамның өзімшілдігін мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен тежеп, басқалардың да мүдделерін түсініп, адам өзін-өзі гежей, шеңберлей алатын дәрежеге кетерілуі керек деген гума-ішстік ойларды келтіреді.

Қорыта келе, біз француз ағартушыларының философия тарихындағы алатын ерекше орнын тағы да атап өткіміз келеді. Олардың айтып кеткен көп ойлары осы күнге дейін өзінің өзектілігімен бізді таңғалдырып, ішкі дүниемізде шабыт оятып, жаңа ой-пікірлерді тудырады.

Дәріс №7

ХVIII-ХІХ ғғ. Неміс мәдениет аясындағы классикалық философия

Дәрістің мақсаты: неміс классикалық ойшылдарының негізгі философиялық ілімдерімен танысу. Неміс классикалық философиясындағы және антика философяисындағы диалектика іліміне салыстырмалы талдау жасау.

1. Неміс классикалық философиясының ерекшелігі

2. И.Канттың философиялық ілімі

3. Фихтенің философиялық көзқарастары

4. Шеллингтің натурфилософиясы

5. Г.Гегельдің философиялық жүйесі

6. Фейербахтың антропологиялық материализмі

Неміс халқының рухы тудырған XVII-ХІХ ғғ. философияға уақытында Ф.Энгельс «неміс классикалық философиясы» деген ат қойған болатын. Мұның өзінен біз өте биік бағаны, деңгейді сезінеміз, өйткені «классика» деп адамзат тарихындағы қоғамның қайсыбір саласындағы мәңгі өшпес жетістіктерді айтамыз. Мысалы, қазақ халқының рухани өмірінде, өнерінде классикалық орын алатындар - Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, М.Әуезов т.с.с. ғұламалар. Олар тек қана қазақ халқына емес, бүкіл адамзат тарихына өзінің өшпес ізін қалдырған ірі ағалар.

Ал неміс классикалық философиясының өкілдеріне келер болсақ, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Л.Фейербах саяқты ғұламалардың атын, шығармашылық еңбектерін бүгінгі барлық елдердегі білімді қауым біледі.

Әңгіменің қызығы - өз заманының ең биік деңгейіне көтерілген неміс философиясы сол кездегі басқа Еуропа елдеріне қарағанда әлеуметтік-экономикалық жағдайы анағұрлым артта қалып қойған елде пайда болады. Мұның өзі қоғамның материалдық дамуы мен оның рухани деңгейі әрқашанда бір-біріне сәйкес келе бермейтінін көрсетеді.

Сол кездегі неміс елі жүздеген кішігірім мемлекеттерден тұрған болатын. Бұл елдердегі әрбір князь, граф, герцог өзін білімді дана елбасы ретінде көрсеткісі келіп, ұлы ойшыл, жазушы, суреткер, әуенші т.с.с. адамдарды өздеріне тартып, олардың өмірге керек қаражаттарын өз мойындарына алып, шығармашылық еңбекпен айналысуға мүмкіншілік жасады. Уақытында Ф.Ницше айтқандай, шығармашылықпен айналысуға, біріншіден, бос уақыт, екіншіден, адам күнбе-күнгі материалдық мұқтаждықтардан құтылуы қажет.

Әрине, бұл ойшылдардың көбі өз заманындағы алпауыттарға тәуелді болды. Бірақ, соған қарамастан, олар өздерінің философиясында, астыртын түрде болса да, сол кездегі халықтың аянышты жағдайына қарсы шығып, адам рухани пенде ретінде айнала қоршаған ортаны өзгерте алатындығы және өзгерту керектігі жөнінде тамаша ойларды философияға енгізді. Ол үшін олар философияға диалектиқаны, яғни даму тұжырымдамаларын өмірге енгізді.

Неміс философиясының келесі ерекшелігі - Л.Фейербахтан басқа барлық неміс ойшылдары - идеализм бағытының өкілдері. Егер француз ағартушыларының көбі материалистік атеистік бағытта болса, И.Кант, Г.Гегель, И.Фихте саяқты ұлы философтарды біз материалистік бағытқа жатқыза алмаймыз. Бұлар, керісінше, адамның санасы, рухының құдіретті күшін көрсете білді. Сонымен қатар олар рухтың тарихи дамуын, ақыл-ой мен зерденің арасындағы қайшылықтың бар екенін, рухани өмірдегі ақиқат пен еріктің, ізгілік пен әсемдіктің дүниедегі ең биік тамаша құндылықтар екенін көрсете білді. Енді әңгімені нақтылай түсіп, сол неміс классикалық философиясының көрнекті өкілдерінің шығармашылық жолын сараптайық.

Иммануил Кант ( 1724-1804 жж.) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазіргі Калининград) қаласында дүниеге келіп, өмір бойы сол жерде өмір сүрген. Жастайынан әлсіз бала болып, өзінің денсаұлығына мұқият қарауға мәжбүр болған. Өмірінің аяғына шейін қатаң тәртіптің негізінде өмір сүріп, денсаұлығын сақтап қалу үшін тіпті отбасын құрудан да бас тартқан.

И.Кант 1745 ж. жергілікті университетті бітіргеннен кейін жаратылыстану мәселелерімен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмірінің соңына дейін философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмір кезеңін «сындық кезең» деп зерттеушілер атап кеткен. Себебі, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негізгі еңбектері «сын» деген сөзден басталады. «Таза зердені сынау», негізінен, дүниетаным мәселелеріне арналған, «Практикалық зердені сынау» мораль мәселелеріне, ал «Пайымдау қабілетін сынау» табиғат философиясы мен өнер мәселелеріне арналған.

Өзінің «сындық кезеңге» дейінгі өмір сатысында И.Кант күн жүйесінің пайда болуы жөнінде болжам жасайды. Оның ойынша, ғарышта тараған әртүрлі материалдық бөлшектер тарту күші арқылы үлкен бұлттарды құрайды, ал оның ішіндегі тарту және оған қарсы бағытталған итеру күштері үлкен дауылдарды тудырып, шарға ұқсайтын ұсақ бөлшектердің үйкелесуінің негізінде қызып жанатын объектілер дүниеге келеді.

Ғарышта бір жұлдыздық жүйелер пайда болып, екіншілері сөніп жатады. И.Канттың ойынша, біз өмір сүріп жатқан жер планетасы саяқты ғарышта сан алуан объектілер бар. Ал олардың көбі біз саяқты саналы пенделерді тудыруы мүмкін. Табиғат, жалпы алғанда, мәңгілік іс-әрекет пен жаңару жолында өмір сүреді, ол өзінің бітпейтін қайта құру әрекетін тоқтатпайды.

Өмірінің «сындық кезеңінде» И.Кант өзінің алдына бірнеше көлемді философиялық сұрақтар қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: «Мен нені біле аламын?», «Мен не істеуім керек?», «Мен не нәрсеге үміттене аламын?», «Адам дегеніміз не және ол өзі не бола алады?».

И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған «колерникандық төңкерісі» «мен нені біле аламын?» деген сұраққа жауап беруінен шығады. Біріншіден, И.Кант білімді екіге бөледі. Олар тәжірибелік (апостериорлық) білім және априорлық (яғни тәжірибеден бұрын, таза, оны тіпті туа біткен деген мағынада да түсінуге болады, өйткені ол тәжірибеге дейін бізге берілген).

Өзінің практикалық философиясында, яғни моральдық ілімінде, априорлық деп дүниедегі барлықты емес, болуға тиіс, керектігін көрсететінді айтады.

И.Канттың таным теориясындағы тағы да жиі кездесетін категориялары - ол трансцендентальдық және трансценденттік.

Трансцендентальдық деп И.Кант тәжірибенің алдында және сол тәжірибелік танымның мүмкіндігін жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттік деп тәжірибелік шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады.

Келесі екі ұғым - ол «зат өз ішінде», яғни заттың өзіндігі, оны И.Кант «ноумен» деген ұғыммен береді, ол - мән. Ал заттардың сыртқы құбылысын ол «феномен» деген атпен береді. Оларды біз сезімдік және ақыл-ойдың бітімдері арқылы ретке келтіріп, тани аламыз. Ал ноуменді алсақ, ол танылмайды. Біріншіден, өзіндік зат жөнінде біз тек қана оның өмір сүріп жатқанын көреміз. Олар біздің түйсіктерімізді қоздырушы күштер ғана, ал үшінші мағынасы - өзіндік зат тәжірибенің әр жағында жатыр. Төртіншіден, оларды таным үрдісінде бірті-бірте жақындай беретін идеалдар, неше түрлі рухани құндылықтар ретінде түсінеді. Бұл жағынан алып карағанда, ол сенім аймағына жатады.

Егер И.Кантқа дейінгі ойшылдар танымның негізі табиғатты байқап қарауда жатыр деп есептесе, ол дүниетануды адамның белсенді іс-әрекетімен байланыстырып, осы жолда адам дүниені өзінің априорлық формалары арқылы ретке келтіріп құрады деген пікірге келеді. Философиядағы И.Канттың жасаған колерникандық төңкерісі деп біз осыны айтамыз.

И.Канттың танымдық теориясы түйсіктер арқылы берілетін әртүрлі құбылыстардан басталады. Оларды белгілі бір ретке келтіретін априорлық сезімдік аңдау формалары бар. Олар -кеңістік пен уақыт.

И.Канттың ойынша, кеңістік пен уақыт - белгілі бір сапасыз, біртекті және шексіз созылымдар. Сезімдік байқаудың таза формалары (трансценденталилер) ретінде олар идеалды, ал материалдық тәжірибемен қосылған кезде шынайы болып келеді. Егер кеңістік байқаудың априорлық сыртқы формасы болса, уақыт априорлық ішкі формасына жатады, өйткені уақыт адамға сырттай берілмеген, біз оны тек іштей санау арқылы ғана сезіне аламыз.

И.Канттың ойынша, кеңістік пен уақытты андау математика ғылымының қайнар көзін құрайды. Егер геометрияның негізінде кеңістік жатса, арифметика мен алгебраның негізінде уақыт жатыр, өйткені сандарды есептеу, бірінің соңынан екіншісін келтіру уақыт шеңберінде оларды санауды қажет етеді. Алайда сезімдік байқау, қайсыбір одан шығатын тәжірибе әрқашанда кездейсоқты, ал білім жалпымағыналық және қажеттік, зандылық дәрежесіне көтерілуі керек. Оған жететін жол - априор-лық ақыл-ой формалары, оларды И.Кант категориялар дейді. Ол категориялардың қайнар көзін тәжірибеден шығармайды, олар да кеңістік пен уақыт саяқты, априорлық табиғатымен сипатталады. И.Канттың сараптауы бойынша ақыл-ойдың априорлық категорияларына сан, сапа, қарым-қатынас, модальдық т.с.с. жатады. Әңгіменің ғажаптығы - И.Кант осы көрсетілген категорияларды үштік арқылы келтіреді. Мысалы, сан категориясын «бірлік», «көптік», «біртұтастық» арқылы, сапаны «реалдық» (шынайылық), «терістеу», «шектеу» т.с.с. шығарады. И.Кант философия саласында Жаңа Дәуірде алғаш рет категориялардың таным жолындағы аса үлкен рөлін көрсете білді.

Сонымен категориялар арқылы біз сезімдік аңдаумен алынған дүние жөніндегі қабылдауларды қажеттілік, жалпымағыналық дәрежеге көтереміз. И.Канттың айтуына қарағанда, сезімсіз бірде-бір зат бізге берілмеген болар еді, ал ақыл-ойсыз бірде-бір нәрсені ойлауға болмас еді. Ал осы адамның екі қабілетін бір-бірімен қоссақ, онда біз толыққанды білім дәрежесіне көтеріле аламыз. Оны И.Кант тәжірибе дейді. Сонымен субъект категориялар арқылы заңдылық пен тәртіпті құбылыстар ға беріп, оны табиғат деген атпен береді. Адам - табиғатқа зандылық беруші. Мұндай көзқарасты, әрине, субъективті-идеалистік философия деп айтуға әбден болады.

И.Канттың негізгі бұл саладағы кемшілігі - адамның дүниетанымдағы ой белсенділігін асыра көрсетуінде. Әрине, таным процесінде адамның шығармашылык іс-әрекеті улкен рөл аткарады. Осы шығармашылык іс-әрекеттің негізінде адамзат «екінші» тағы табиғатқа қарсы тұрған дүниені жасайды. Алайда біз бұл «екінші» табиғаттың тек бірінші алғашқы табиғаттың негізінде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз жөн.

И.Канттың таным теориясын әрі карай жалғастырсақ, онда біз оның тәжірибелік танымның әрқашанда толық емес екендігі жөніндегі ойын байқаймыз: трансценденттік әлемге ақыл-ой жете алмайды. Ал бірақ адамның санасында ешқашанда жойылмайтын бүкіл дүние жөнінде «соңғы ақиқатқа» деген кұштар бар. Ал мұндай істі өзінің мойнына ақыл-ой емес, зерде алады.

Егер ақыл-ой қабілеті арқылы біз категориялық ғылыми таным дәрежесіне көтерілсек, зерде арқылы біз толыққанды танымның «соңғы кірпішіне» дейін көтерілуге тырысамыз. Сананың шексіздікке деген құштарлығын зерде шешкісі келеді. И.Кант, жалпы алғанда, ақыл-ой мен зердені адамның ойлау қабілетінің екі бұтағы ретінде қарайды. Егер ақыл-ой дүниедегі құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтірсе, зерде құбылыстың әр жағында жатқан өзіндік заттың ішкі сырын ашқысы келеді. Зерде ақыл-ой шеңберінен аттап, трансценденттік әлемге өтуге тырысады.

Ақыл-ой мен зерденің арасындағы айырмашылықты жете көрсету үшін И.Кант «идея» ұғымын қолданады. Ақыл-ой категорияларды қолданса, зерде идеяларды басшылыққа алады. «Қай-сыбір адамның дүниетануы аңдаудан басталып, ұғымдарға өтеді де, идеялармен бітеді». Яғни идеялардың өрісі ғылыми категориялардан кең, ол - метафизикалық категориялар. Идеялар арқылы біз тәжірибенің әр жағына өткіміз келеді, бірақ ол іс-әрекетіміз бізді нәтижеге әкелмейді. «Идеялар жетілгендік, кемеліне келгендікті көрсетеді, оған жақындауға болғанмен, бірақ толығынан жетуге болмайды», - деп қорытады ұлы ойшыл. Сонымен зерде ұстай алмайтынды ұстағысы, шешілмейтінді шешкісі келеді.

И.Канттың ойынша, идеялардың үш түрі бар: жан-дүние, әлем және Құдай мәселелері. Әлем мәселесіне келер болсақ, ол жөнінде И.Кант төрт тұжырым жасап, оған қарсы тұрған төрт пікір келтіреді. Ойшыл оны антиномия дейді, өйткені бірінші тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуі де тең дәлелденеді. Осының әсерінен зерде шешілмейтін қайшылыққа келіп тіреледі. Әрине, И.Канттың жоғарыда көрсетілген антиномияларында іргетасты философиялық мәселелер көтерілген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан тұжырымдар өте өткір түрде берілген, сондықтан оларды диалектикалық тұрғыдан шешуге итереді. Оның қойған бұл мәселелерін болашақта Г.Гегель диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады.

Сонымен Жаңа Дәуірде И.Кант Қайта өрлеу заманындағы ғалымдардың ілімдерін жаңартып, таным жолындағы қайшылықтың іргетастығын әлемге паш етті.

Енді И.Канттың теориялық зердесінен өтіп, оның практикалық философиясына көшуге уақыт келді. «Практикалық зерде» деп ол моральдық салаға әртүрлі принциптер мен нормалар беретін зерденің қабілетін айтады. И.Канттың ойынша, «Еріктіктің негізінде болуы мүмкіннің бәрі практикалық зердеге жатады».

И.Кант өзінің философиясында моральдық саланы ғылыми салаға қарағанда анағұрлым жоғары қояды, өйткені моральдық сала өз-өзіне жеткілікті, автономиялық ахуалда өмір сүреді. Мораль адамды дүниеде болып жатқан емес, болуға тиіс биіктіктерге итереді. Адамның әртүрлі сезімдерінен шығатын тілек, өзіме ғана болсын деген ойдан шығатын іс-қимыл, пайдалықты көздейтін әрекет - мұның бәрі де моральдық салада есепке алынбауы керек, өйткені оның бәрі де күнбе-күнгі күйкі өмірлік тәжірибеден пайда болады. Практикалық зерде априорлық жолмен өз-өзіне моральдық принциптерді ұсынады: біз өмірден емес, тек таза моральдық еріктен шығатын нормаларды біз басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты парыз этикасы деп айтуға әбден болады.

Адамды белгілі бір іс-әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив дейді. Оның екі түрі бар. Біріншісі - гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері өмірде қалыптасатын нақгылы жағдайларға байланысты, ал соңғылар әрқашанда өзгерісте. Гипотетикалық императивтер, сондықтан адамның сыртқы, яғни гетерономдық жүріс-тұрысын ғана анықтайды, оның ішкі мотивтерін есепке алмайды. Мысалы, «егер сатып алушылардан айырылып қалғың келмесе, онда сауда-саттықта олармен адал бол», «егер өзіңе пайда болсын десең, онда басқаларға қызмет ет» т.с.с. Мұндай ережелерге сай жүріс-түрыс, әрине, құпталады. Сонымен қатар олар орындалмаған жағдайдағы жазалау мумкіндігі де адамға өз әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай жүріс-түрысқа И.Кант легальды, яғни заңға қарсы емес деген ат қояды.

Императивтердің екінші түрі - ол категорикалық императивтер - оның ережелерінің түп-тамыры моральдық салаға кетеді. Оның талаптары үзілді-кесілді, қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмірден алынған тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды. Сонымен қатар гипотетикалық императивтер моральдық ережелерге қарағанда төмен болғанымен, соңғыларға қарсы емес. Мысалы, егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кісі сол үшін сый алу мақсатымен суға түссе, онда оның іс-әрекеті легальды.

Ал ондай есеп болмай, тек қана парыздың негізінде, өз өмірін ойламай, басқа адамды судан шығарамын, өлімнен құтқарамын деген оймен суға тап берген адамның іс-әрекеті - моральды. Сонымен легальдық пен моральдықтың шекарасы адамның ішкі сана-сезімі арқылы өтеді екен.

Енді сол И.Канттың моральдық салада жасаған категори-калық императивін талдайық. Ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс-түрысыңның ережесі бүкіл адамзаттың талабына сай келсін», яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолын-да адам ешқандай пайдақорлықты іздемеуі керек. Тек басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды алуымыз қажет.

Категорикалық императивтің екінші ережесі «әркашанда адамзатқа, - ол өзің, иә болмаса басқа адам болса да, - ешқашанда құрал ретінде қарама, әрқашанда оны мақсат тұт». Адам - Бұл дүниедегі ең биік құндылық, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистік принцип қайсыбір діндегі адамды төмендететін қағидаларға қарсы бағытталған. Оны И.Канттың моральдық философиясының күшті жақтарына жатқызуға болады.

Ал енді И.Канттың моральдық философиясыныңәлсіз жақтарына келер болсақ - ол парыз бен бақытты бір-біріне қарсы қою. Егер мен басқа адамға жақсылықты оны сүюдің, жақсы көрудің негізінде жасасам, онда ол іс-әрекет өзінің моральдық жағын жояды. Моральдық жолда адам тек қана парызды басшы-лыққа алуы қажет. И.Канттың ойынша, тек қана «Парызды орындадым» деген ой ғана адамды өзін бақыттьшын деген сезімге әкеледі. «Парыз, сен сәулетті, ұлы сөзсің!» - деп қорытады И.Кант.

Әрине, адамдардың қарым-қатынасында, олардың ішкі ойлары мен сезімдері үлкен орын алады және адамдар оны аса бағалайды. Бірақ нақтылы жасалған іс-әрекетті де естен шығармаған жөн. Нақтылы күнбе-күнгі өмірде біз біреуді сүйеміз, екін-шіні жек көреміз, үшіншіні сыйлаймыз т.с.с. Адамның сезім тебі-ренісінсіз ешқандай қарым-қатынас жоқ, олай болса мораль саласынан адамның сана-сезімін алып тастау тек қана абстрактылық теорияда ғана болса керек.

И.Канттың ойынша, адам ерікті түрде категорикалық императивтің талаптарын мүмкіндігінше толық орындауы керек. Зорлық- тың негізінде атқарылатын моральдық императивтер жоқ. Бірақ Бұл теорияда ғана. Ал нақтылы өмірде, құбылыстар әлемінде, адам көбінесе гипотетикалық императивтермен кездеседі. Бір жағдай оның жан дүниесінде үлкен қайшылықтар тудырады.

Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант категорикалық императив шынайы өмірде толығынан емес, тек соның талабына шексіз жақындау арқылы шешіледі деген пікір айтады. «Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете ала ма?» - деген сұраққа ол былайша жауап береді: «Мораль біздің өзімізді қалайша бақытты қылуымыз керек жөніндегі ілім емес. Ол біз қалайша бақытқа сай болуымыз керектігін көрсетеді».

- Бақытты адам деп біз өмірден ләззат алғанды, иә болмаса барлық нәрсе соның еркі мен тілегі арқылы орындалғанды емес, тек қана өзінің өмірдегі парызын орындап, іс-қимылына қанағат еткенді айтамыз, - деп қорытады ұлы ойшыл.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: