Элей мектебі. Парменид пен Зенон 23 страница

Жоғарыда айтылған тұрғыдан бұл мәселеге көз жіберсек, онда біздің ата-бабаларымыз таңдап алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең, малдың соңында көшіп-қонуға мол мүмкіншілігі бар кеңістікте орналасқан болатын. Ал табиғаты жұмсақ, суы мол жерлерде (мысалы, Сырдария, Шу өзендерінің т.с.с. бойларында) халық жерге тұрақтанып, егін егіп, қолөнерін дамытып, қалалар түрғызды. Оған мысал ретінде «Жібек жолы» бойында орналасқан Орта ғасырдағы қалаларды айтуға болады (Отырар, Жүйнек, Мерке, Құлан, Талғар, Алматы т.с.с).

Негізінен алғанда, Жаңа Дәуірге - машиналық индустрия пайда болғанға дейін - қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы - көшпенді мал шаруашылығы болды. Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас июді, оған табынуды галап етті, қазақ халқы басқа да Шығыс халықтары саяқты, ешқашанда табиғаттың патшасы болу, оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ. Сондықтан ежелден қазақ халқының, қазіргі тілмен айтқанда, экологиялық санасы биік деңгейде болған.

Екіншіден, біздің бабаларымыз тұрақты бір жерге байлан-бағандықтан ерікті болып, бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерінде ешқашанда құндық болмаған.

Үшіншіден, негізінен алғанда, көшпенділік теңдікті талап етеді, оған тән саяси формалар - соғыс демократиясы, әрі кеткенде, алғашқы феодалдық қатынастар, дамыған феодализм қазақ жерінде ешқашанда болған жоқ, ол көшпенділік шаруашылық формасының табиғатынан шығады.

Төртіншіден, көшпенді халықтың арасындағы әлеуметтік айырмашылықтар аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы. Сондықтан да бүгінгі таңда жүріп жатқан қайта әлеуметтік толталу - рестратификация - (аса байлармен қатар кедей, қайыршылардың пайда болуы) адамдардың жан-дүниесінде ауыр жарақаттар қалдыруда.

Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі, ар-намысты жоғары ұстау - бұл да халықтың қанына терең сіңген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де - қазаққа тән нәрсе.

Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау - ол да көшпенділік өмір салтынан шығатын құндылық.

Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында әрқашанда неше түрлі қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келеді, ол ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті. Сондықтан беске келгенде жылқының жалыпда ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты армандап, біздің бабаларымыздың көбі 20-25-інде елін аман сақтау жолында өмірлерін қия білген. ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары осы ұлттық қасиетті бүкіл әлемге айқын көрсетті. Қазақ халқының дербестігін көтере алмай жүрген кейбір арам пиғылды саясаткерлер оны білуі қажет.

Сегізіншіден, көшпендінің өмірі қысқа, өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін, ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, өмірден алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді тойдуманға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, неше түрлі сайыстарға қатысу, «бір сырлы, сегіз қырлы болу» - бабаларымызға тән нәрселер болған.

Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген ашықтық, қиналғандарға риясыз қол үшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі.

Оныншыдан, көшпенділердің негізгі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлауы.

Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталуға мүмкіншілік пайда болды.

Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялык (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі, адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.

Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне экзистенциалдық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын еске түсірсек, түсінікті де болар.

Үшіншіден, отандық философияда абстрактілі-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.

Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой, т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады.

Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады.

Алтыншыдан, отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені онда құндылық әлеміне зор көңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік.

Басқа халықтардың философиясы саяқты отандық философия да ез қайнар көзін көне аңыздар мен дастаңдар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздарған бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар, өйткені өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды - ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.

Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, негізінен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.

Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір, Жаратқан әлеміне жатқызған. Адамдар мен басқа тіршілік өмір сүріп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемі, ал өлгендердің паналайтын орны - ол Жерасты әлемі. Білге каған мен Күлтегіннің кұрметіне тасқа ойылып жазылған ескерткіште Дүние былайша суреттеледі: «Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасынан адам баласы жаратылған...» Тәңірге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан айнала қоршаған ортаға деген, бір жағынан, тәуелділік, табиғаттың стихиялық күштерінен үрейлену, екінші жағынан, ризашылық сезімдермен байланысты болса керек, өйткені олардың түсінігінше, Бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсімдіктердің жемістерін сыйлаған. Сонымен қатар көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай - Ұмай болды. Ол үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, содан кейін өнердің қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келеді. Кейбір ғалымдар Ұмайды ежелгі Үнді құдайы ұмамен салыстырады, ол да Ұмай саяқты міндеттерді атқарған. Ұмай деген сөздің өзі «бала орны», «ана құрсағы» саяқты ұғымдарға сай келеді. Тұқым тарату Құдайы болып табылатын Ұмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы ұйық өзенінің бойынан табылған түрік ескерткішінде былай деп жазылған: «20 жасымда мен еліммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлік даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менің сүрген өмірім! Мен сендерді тастап кетіп барамын, туыстарым». Жас жігіт майдан даласында өліп бара жатып, өзінің осы өмірдегі соңғы сәтінде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысьша өзі өсіре алмаған кішкене балалар алдындағы кінәсін, туысқандарының артқан үмітін ақтай алмағанын айтады. Мұның өзі туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадір-қасиетінің зор маңыздылығын көрсетеді.

Ежелгі түріктер үшін қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сиынып, ақ мүйізді, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап, арнайы қырық күн от жағылды, өлікті жерлегенде онымен бірге үй заттарын, тағамды бірге жерледі т.с.с.

Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысыл-ган кездерінде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәті түскен іс болса аруақтың көмегі деп білді. Өлген ата-бабаларын түсінде көрсе, «аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейді, оларға арнап мал сойып тілек тілейді. Мысалы, «Шора батыр» поэмасында шешесі Шораның әкесіне: «Түйеден - пар, жылқыдан - айғыр, сиырдан - бұқа, қодан-қошқар алып, бала тілеуге барайық», - дейді. Қобыланды және Алпамыс жырларында да олардың ата-аналары бала тілеп, «әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып» жұрген кезде, Баба-түкті Шашты-әзиз олардың: тілегін орындайды.

Көне бабалар «киелі» және оған қарсы «кесір» деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. Өздерінің жартылай көшпелі мысындағы пайда келтіретін әртүрлі заттарға ерекше күш таңады.

Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлық-бақыт орнап, «құт» қонады. Ал әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлікке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесірге айналады. Сонымен бірге «қызыр» немесе «қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. «Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етеді» деген нақыл сөздерді осы уақытқа шейін естуге болады. Енді көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебіреністеріне тоқталуға уақыт келген саяқты.

Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, көне грек ой-өрісінде өзінің өшпес ізін қалдырған Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарыстың қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнінде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-білімге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам болса керек. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп, ел билеудің жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған.

Грек философиясында Анахарсисті өздерінің дана жеті бабаларының біреуі деп санайды. Олар артында үлкен кітаптар қалдырмағанмен, өздерінің нақыл сөздері арқылы даналыққа ие йолды. Анахарсис: «Жүзім шыбығы бір шоқ ләззат, содан кейін мастық, соңында жеркеніштілік әкеледі», - деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздің ішкі сыры әр нәрсенің өлшемін біліп, сақтауда болса керек. Оған арнап гректердің қойған ескерткішінде оның мынандай сөзі жазылған: «Тілің мен құлқыныңды, нәпсіңді ауыздықтай біл!». Анахарсис «Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не?» деген сұраққа: «Тіл», - деп жауап беріпті. Кезекті бір пікірталас үстінде, істің барысын тыңдап отырып, Анахарсис былай депті: «Мұнда сөзді ақылдылар айтады да, мәселені ақымақтар шешеді». «Жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсіз адамдар қазылар алқасында жүреді», - деген сөзді де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, «адам мен адамның айырмашылығы - тілі мен атақ-даңқында емес, - ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық - ең қасиетсіз сезімдер». Грек елінің бір іпаматы: «Сен жат елдің тұқымысың», - деп кемсіткенде, ол: «Мен үшін - елім қайғы, ал сен - еліңе қайғысың», - деген екен.

Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетін, нарықтық қатынастарды сынға алады: «Саудагерлер салықты ашықтан-ашық алдап жатқанда, қалайша өтірікке тыйым салуға болады».

Әсіресе бізді таңғалдыратын мәселе - Анахарсис XX ғ. пайда болған кзистенциализм философиясында қойылған кейбір мәселелерді сол кезде-ақ сезініп, тебіренген. «Кімдер көп: өлілер ме, әлде - тірілер ме?» - деген сұраққа, ол: «Теңізде жүзіп келе жатқандарды кімге жатқызуға болады?» - деген қарсы сұрақты қойыпты. Ол сұрақтың шын мәні - адам өмірінің нәзіктігі, оның өне бойы өмір мен өлім арасында болуы, ал мұның өзі экзистенциалдық философияның негізгі мәселесіне жатады. Біреулерден кеменің тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенін білген Анахарсис: «Кемешілер өлімнен төрт саусақтай қашықтықта жүзіп келе жатыр», - деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам күтпейтін салыстырмалар, әрине, Анахарсистің өз заманының ғұламасы болғанын көрсетеді.

Анахарсис грек елінен тәлім-тәрбие алып, өз еліне қайта оралып, сондағы игерген білімін өз еліне қолдануға тырысады. Оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған біреудің қанды жебесінен қазаға ұшырайды. Соңғы демі үзілерде ол: «Алайда жерінде мені ақылым қорғап еді, өз елімде қызғаныштың құрбаны болдым», - деген екен. Философиялық ой-пікір бүкіл дүниежүзілік деңгейде б.з.; VII-V ғғ. пайда бола бастаған кезде, біздің бабаларымыз да ас кемеңгер дана тұлғаны - Анарысты тудырды. Олай болса, біз сол заманнан бері бүкіл дүниежүзілік рухани көштен қалмай тарш халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны біз әрқашандаі мақтан етуіміз керек.

Орта ғасырдағы отандық философия

Жоғарыда айтып өткеніміздей, біздің бабалар көшпенділік мал шаруашылығымен қатар «Жібек жолы» мен Сырдарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, егін егіп, қолөнерді дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен философия да биік деңгейге көтерілген.

Орта ғасырдағы отандық философияның айқын жұлдызы - ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» аталған дана бабамыз Әл-Фараби. Біз оның шығармашылық жолын «араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткені ол түріктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар Орта ғасырларда басқа да көрнекті тұлғалар өмір сүріп, өздерінің тамаша ойларын халыққа сыйлаған.

Орта ғасырлардағы отандық философияның бастауын ғалымдар VIII ғ. өмір сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тірейді және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт - VIII ғ. Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, қобызшы, аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы» - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, өмір салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық-тарихи мүра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы - өзінше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың түп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетеді, сондықтан олардың құндылығы да, міне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің кеңесі бойынша, хан қарапайым халыққа садақа үлестіріп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңірден бала тілеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны үшін, Бұқаш аталып кетеді. Мұндай желіс қазақ дастандарында көп кездеседі. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой атап» ата-бабалар қабіріне түнеп, көп тілектерден кейін барып туады. Осылайша өмірге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады (Ертөстік, Алпамыс, Қобыланды т.с.с).

«Қорқыт ата кітабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда «Жалғыз көзді дәу» ертегісінде кездеседі) өзінің іс-әрекеті, ой-мақсаты, қатыгездігі жағынан «Одиссей» жырының үрейлі кейіпкерін еске тусіртеді.

Кітаптың бесінші тарауындағы «Тоқа баласы Ержүрек Дом-рул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместік мәселесі талданады.

Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кітабындағы» көтерілген әлеу-меттік мәселелерге келер болсақ, олар: халықтың бірлігін сақтау, әлеумеггік әділеттілікті жақтау, жер мен суды ақылмен пайда-лану, қылмыскерлермен завды жолмен күресу, әдет-ғүрыпты сақтау, елді жаулардан қорғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша, Қорқыт ата өмірінің соңғы кезінде қобызын тартып, неше турлі әуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күш-терін, адам жанының көңіл күйлерін, сезімін ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткізе білген. Ол өлгенде, оның артында шығарған күйлері қалады. «Қорқыт күйлері» осы уақытқа дейін ойналады.

Қорқыт атаның артьшда қалған нақыл сөздері өзінің дана-лығымен тарихта сақталып, осы уақытқа дейін бізді таңғалдырады. «Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес». Қазіргі экономикалық реформалардың барысында әрбір іскер адам, жалпы алғанда, әрбір азамат осы нақыл сөздерді терең сезінуі қажет, ол қазіргі бизнес этикасының негізгі қағидаларының бірі болса екен дейміз. Сонда ғана іскерлер «Мерседес» мінудің орнына, жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орьшдарын ашып, өзін қарапайым ұстап, шынайы халықтың алғысына кенеліп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтік топқа айналады. «Тәкаппарлықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер де жоғарыдағы айтылған ойларға жақын екенін оқырман сезінген болар.

«Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас», «Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек - күзге бармас» деген нақыл сөздердің де терең сыры бар. Өйткені дүниедегі барлық құбылыстар мен заттар уақыттың шеңберінде өмір сүреді, олай болса, әр нәрсе өз уақытында ғана құнды, оның өз өлшемі бар.

«Ат қиналмай жол шалмас», «Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ» деген нақыл сөздер де өмірлік тәжірибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшін қиындықтар мен қайшылықтардан етіп, тек ақылмен жасалған үлағатты істер атқару қажет деген ойға әкеледі. «Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер» деген нақыл сөз тек көпшіліктің мүддесі үшін істелген істер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетігі, негізі деп қарағаны болып шығады.

Сонымен Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бірлік үшін күресу, ізгі ниетте болу, үлағатты іс-әрекеттермен халықтың рухында қалып, өлместік дәрежесіне көтерілу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретініне біз кәміл сенеміз.

Орта ғасырлардағы отандық философияда ерекше орын алатын, бүкіл дүлиежүзілік ағарған қауымға мәлім тұлға Жүсіп Хас Хаджиб Баласағ^н (1017-1083 жж.) Баласағүн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегі Қараханид мемлекетінің сауда, қолөнер, мәдениеті дамыған басты қалаларының бірі болған.

Негізгі еңбегі «Құтадғу біліг» (Құтты білік) - түрік тілінде жазылған алғашқы мәдени-Эстетикалық, философиялық дастан. Ол - қазіргі түркі тілдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылым мен әдебиеті, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда, мәдениеті жөнінде қыруар мол деректер бар туынды.

Ж. Баласағұнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тіршіліктерге қарағанда, ерекше жаратылған пенде. Оның жан-дүниесінен өнер, білім, ақыл-ой, көңіл, ^ятты табуға болады. Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген болатын. Әсіресе таным, білім мәселелерін ойшыл жоғары орынға қояды:

«Білім биік, ақыл ұлық,

Білімсіздік - ауру...», - деп қорытады ұлы ойшыл.

Дастанның арқауы ретінде 4 қағиданы көрсетуге болады. Біріншісі - әділеттілік, өйткені мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратын әділ заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша, кісіге үш дүние пайдалы: Ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі - ұят, үшіншісі - әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Ісі ізгі болса, бүкіл халық сүйеді. Ісі әділ болса, төрге шығады.

Екіншісі - бақ-дәулет. «Барлық ізгі нәрсені байқап көр», -дейді ұлы бабамыз.

Үшіншісі - ақыл-парасат. «Білік берді - адам бүгін жетілді,Ақыл берді - талай түйін шешілді».

Төртіншісі - қанағат-ынсап:

«Дүние сүйікті болғаны үшін бүкіл айыбы

Саған игілік болып көрінеді, ей, елден асқан қьшбаттым!

Кімде-кім дүниеге көңіл байласа,

Тіршілігі оған ауыр тауқымет әкеледі».

Орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың біріне Махмуд Қашқа-риді (XI ғ.) жатқызуға болады. Негізгі еңбегі - Диуани лұғат аттүрік (Түркі сөздерінің жинағы). Бұл - қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мүра. Бұл еңбектен біз сол кездегі түркі тайпаларының тілдері мен жалпы мәдениетінің деңгейін ғана емес, сонымен қатар, олардың қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік жағдайын, көне тарихы мен әдет-ғүрыптары жөнінде сан алуан мәліметтер аламыз. «Диуанида» 200-ден астам өлең, ЗОО-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлар өте ертеде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Тіл ғалымдарының айтуына қарағанда, «Диуанидағы» 875 сөз бен 60-ка жуық мақал-мәтел қазақ тілінде казіргі өмірде сол қалпында қолданылады екен. Кейбіреулерін келтірейік:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: