Элей мектебі. Парменид пен Зенон 24 страница

«Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,

Жау келсе, ел тебіренер».

«Бақыт белгісі - білім мен ақыл», «Әдептің басы - тіл».

«Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі», «ұлық болсаң, кішік бол», «Батыр майданда, ғалым әңгімеде сыналар», «Кеңесті іс келісе береді, кеңессіз іс кері кетеді» т.с.с.

Қорыта келе, М.Қашқаридің шығармалары көне түрік тайпа-ларының дүниесезімі мен дүниетанымымен таныстыратын бірден-бір құнды қүжат екенін айтып кетуді жөн көрдік.

XII ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А. Иугнекиді (Әдіб-Ахмед Махмуд Жүйнеки) жатқызуға болады. Ол жөнінде «...ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады», - деген өлең сөздер қалған. Негізгі еңбегі - «Ақиқат сыйы». Бұл дастаңда көтерілген негізгі мәселе - ол адам өмірінің мәні. Осы орайда ойшыл моральдық мәселелерге көп көңіл бөледі. Адам - саналы түрде іс-әрекет жасай алатын пенде, ал оның санасын, рухын дамытатын - білім. Ойшыл олжөнінде:

«Білімдар «істі біліп, бекін!» - дейді,

Ақылмен іс істеген өкінбейді.

Білмеген талай жұмыс істеп жүріп,

Амал жоқ, түбінде сол олық жейді».

Ойшылдың көтерген Бұл ойлары бүгінгі таңдағы Қазақстан халқына өзінің өзектілігімен көрінеді: бүгінгі жұмыссыз жүрген көп азаматтардың білімі мен мамандығьшың төмендігі соның негізгі себептерінің бірі емес пе? Тек қана Дүниеде жинақталған жаңа технологияларды терең игеріп, оларды шығармашылық деңгейде пайдалану арқылы ғана біз дүниежүзілік қауымның терезесі тең мүшесіне айналамыз. Ал ол үшін халықты ағарту, ғылымдағы жетістіктерді оқу-білу қажет. Алайда біз Бұл жолда «технократизм», «сциентизм» шырмауында қалып қойып, өзіміздің мыңдаған жыл-дар бойы қалыптасқан дүнисезімімізден айырылып қалмаймыз ба деген ащы ой еріксізден көкірегімізге ұялайды. А.Жүйнекидің даналығы - ол білімді қажетті түрде моральдық санамен бірге үлдтастырып қарайды. Ол бізге «дәрежең өскен сайын үстамдырақ бол, тәкаппарлықтан құлыл, кішіпейілдік үхта. ұлықсынба, абайла, ол - бір Құдай!» - деген тамаша өсиеттерді қалдырды. А.Жүйне-кидің біршама моральдық қағидалары Библия, я болмаса Қүран саяқты діни құжаттарда берілген терең ойлармен үндесіп жатады. Мысалы, «қанды қанмен жусаң тазармайды», өйткені алғашқы қанның ізі кеткенмен, жаңа қанның ізі қалады. «Біреу зәбір жасаса, қарымына рақат көрсет, кешір, зәбірлік жасама», - дейді ұлы ойшыл.

«Бал бар жерде ара да бар. Ең алдымен араның зәрін байқап көр», - деген бабамыздың сөзінен біз Дүниенің қайшылығын бай-қаймыз. Ойшылдың пікірінше, «небір асқан өнерде бірер мін болады», сондықтан «бір айыпқа бола бас кесуші Дүниеде тірі адамсыз қалады». А.Жүйнеки білімді соншалықты зор бағалаған-мен, сол білімді тудыратын, насихаттайтын адамдардың еңбегінің ақысы қайсыбір болмасын қоғамда төмен болатындығын қынжыла аитады. Оны біз мынау ойдан көреміз: «өнер арқылы дәулеттің келуі мүмкш емес. қиындық атаұлының ең қиыны - осы. Дүние арамдарды көтеріп, адалды шалады», - деп қынжылады ұлы ойшыл.

Дүниені танып-білудегі сөз құқіретіне ежелгі түріктер өте үлкен мән берген. Оны біз А.ЖүЙнекидің шығармашылық жолынан да табамыз. Ол әсіресе оның мәнін адамдардың қарым-қатынасына типзетш әсерінен байқайды:

«...Есепті сөз - ер сөзінің асылы,

Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста», - дейді ойшыл. Ол адамды мағыналы сөйлеуге, сыр сақтай білуге шақырады:

«Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,

Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.

Оқ жарасы жазылады, бірақ та тіл жарасы жазылмайды: түбі не», - деп тебіренеді ұлы ойшыл шын сөз бал секшді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді деп, ұлы ойшыл адамды әділдікке, шындыққа, ұстамдыққа шақырады.

Орта ғасырдағы аскеттік өмір салтына сәйкес, ойшыл адам-дардың қарым- қатынасындағы жомарттық пен сараңдық мәселесіне де тоқтап, оларға талдау жасайды.

.і «Жомарт ер білім жолын жете білер, Мал беріп, атақ алып өте білер.

Жарылқап кем-кетікті білімменен,

Жақсы атпен дүниеден кете білер», - деп тебіренеді ш
оишыл.

А.Жүйнекидің ойынша, «сараң - малдың құлы», ол емдеген-мен жазылмайтын ауру, оның түбі - менмендік, өркөкіректік тәкап-парлық, ол - нағыз адамның табиғатына сай келмейтін, мүлдем жат нәрселер. Қорыта келе, ойшыл адам өмірге жамандық емес жақсылық, иплікті істер жасау үшін келеді деген түйін жасайды:

«...Іспен тәуір жұрттың көңілін анықтап,

Өз бойыңды парықсыздан аулақ сап.

Әуелі істер жұмыс иінін ойлап ал,

Керек пе, әлде жоқ па екен деп анықтап», - деген ғибрат сөздерді айтады.

ұлы тұлғалардың ойларының ерекшелігі - олар әрқашанда өзшщ өзектшігімен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда көрсетшген ұлы бабамыздың ойлары бүгінгі заманда өрлеу үстіндегі халқымызға ауадай қажет.

Қожа-Ахмет Яссауидің шығармашылық ойлары. Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың ішінде солылық философия ерекше орын алады. «Солы» деген сөздің төркіні, шамасы, «зорһоз» - «дана» деген грек сөзінен шықса керек. Солылық философия ислам дінінің шеңберінде пайда болған мистикалық (құпия) - аскеггік (өз-өзін шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебін жете түсіну үшін, біз назарымызды ислам дінінің кейбір ерекшеліктеріне аударуымыз қажет.

Ислам діні - тарихи ең соңғы дүниеге келген дүниежүзілік дін. Сондықтан Бұл діндегі аса үлкен басымдық - бірлік, бірқріайлық, ол - абсолютті, оған ешқандай күмән келтірілмеуі керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейін бытыраған көшпенді араб тайпаларының басын біріктіріп, оларды бір халыққа айналдырып, үлкен мемлекет құру қажеттігі жатқан еді. Иудаизм мен христиандық дін аз да болса «көпқұдайлықтың» сарқыттарынан әлде де болса арылған жоқты (мысалы, Құдайды адамға ұқсатып бейнелеу - икона, бір Құдайдың үштігі: құдай, әке, ұл және киелі рух т.с.с). Ислам дініндегі «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, қаһарлы, қатал, адамды саналы пенде етіп жаратқанмен, өзіне ұқсас еткен жоқ. Сондықтан адам адасып кетпес үшін Ол қоғам өміріндегі болуға тиіс тәртіптің негіздерін, адамның өмірдегі жүріс-тұрысының қағидаларын Мұхаммед пайғамбар арқылы құрандағы Шариғатта алдын ала берген және олар Бұлжытпай орындалуы керек.

Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмір өне бойы өзгерісте болғаннан кейін, ресми мешіттің бұлжымас қағидалары шынайы өмірде әртүрлі қайшылықтарды тудырады. Сондықтан жаңа дінді уағыздаушылар көп ұзамай, екі топқа бөлінеді. Олардың бірін «абид» (Құдайдың қ£лы) десе, екіншісін «захид» (дәруіш) деп атады. Біріншілері діннің талаптарын ойланбастан Бұлжытпай орындауға тырысса, екіншілері өз ізденістері мен тебіреністері арқылы Алла тағаланы жете түсінуге, оған рухани жетілу арқылы жақындасып, онымен қосылуға, сіңісуге тырысты. Міне, осы екінші бағыт ислам дінінің шеңберінде солылық ағымды тудырады.

Алғашқы уақыттағы солылар пендешілікке қарсы шығып, дүниеқорлық, байлықты жинаудан бас тартып (зухд), Алла тағаламен бірге болуға тырысты (тақуа). Бұл ауыр жолда олар Мүхаммед пайғамбардьщ өмір жолын өнеге етті, өйткені ол қандай керемет бай өмір сүру мүмкіншіліктеріне қарамастан, өзін өте әдепті ұстап, қайыршы мен кедейлерге қол ұшын беруге тырысты. Алғашқы солылардың бірі Хасен Басри: «Бұл дүние үшін о дүниені сатқан екі дүниеден біржола айырылады, бірақ о дүние үшін Бұл дүниені сатқан екі дүниеге де ие болады», - деген екен. Яссауи бабамыздың сыйлаған, өнеге түлжан солыларының бірі - осы Хасен Басри. Ол жөнінде Яссауи:

«Нәпсісін тыйып қаһар қылды Хасен Басри...

әзіздердің жағында болғым келер...», - деген екен. Сонымен солылық философия адамдарды аскетгік өмірге, дүниенің алдамыш қызықтарына құмартпауға, рухты биік дәрежеде ұстауға шақырды.

Солылық жолдың екінші үлкен басымдығы - Құдайды шын жүрекпен сүйіп, оған толығынан берілу мәселесі. Ол үшін адам өзінің менмендігін толығынан ұмытып, күндіз-түні тек Алла тағалаға деген құштарлық, ғашықтық сезімде болуы қажет. Сонда ғана адамның өзіндік сана-сезімі жойылып, Құдайлыққа жол ашылады. Мұндай жан-дүние ахуалын солылар фана (бейболмыс, Құдайға жетіп, сіңісу) деген ұғыммен берген. Орта ғасырлардағы Шығыс жұлдыздар ының бірі Руми Джалаледдин төмендегідей нақыл сөздер арқылы бізге оны ашық та айқын түсіндіреді:

«Біреу сүйген жарының (Абсолюттің) есігін қағады. «Бұл кім?» - деген сұраққа: «Менмін», - деп жауап береді. Есіктің ар жағынан: «Бұл үйге Менімен Сен сыймайсың», - деген дауыс естіледі. Есік жабық қалпында қала береді. Ол тақыр далаға кетіп, жалғыздықтың азабын тартып, аузын берік ұстап, күндіз-түні Құдайға қулшылық етеді. Бір жылдан кейін қайтып оралып, есікті тағы қағады. «Бұл кім?», - деген сұраққа, Ол: «Сенсің», - дейді. Сол сәтте есік дереу ашылады.» Сонымен тек «мендік» толығынан Құдайлықтың шеңберінде еріп-сіңген кезде ғана, адам рухтың ең биік сатысына көтеріліп, Алланың құліағына қосылады.

Солыларды ресми мешіт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да, қарапайым халық арасында олардың беделі өсе берді. Олар тек қана Қүранның аяттарын, шариғаттың қағидаларын түсіндіріп қана қоймай, дінді философиялық тұрғыдан тереңдете білді. Солылар-дың ойынша, Шариғатты терең игеріп, оның талаптарын Бұлжытпай орындау - ол Құдайшылдықтың бірінші сатысы ғана.

Өйткені, адамның сыртқы іс-әрекеттері мен оның ішкі пиғылы, ниеттері бір-бірінен тіпті алшақ болуы да мүмкін. Құдайлыққа өтудің екінші сатысында адам осы екі ортада ешқандай қийшылықтар болмауы үшін іс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла ішаланың алдындағы ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін адам өзіндік сана-сезіміне өне бойы тереңдей түсіп, ііііы Жаратушының Құдіретті күштеріне бейімдеуі қажет, Бұл -мдамньщ екінші сатыдан - Тариқаттан өтуімен тең.

Сонда ғана адам Құдайға, яғни үшінші саты - Ақиқатқа котеріліп, Алла тағаланы жүрекпен сезініп, онымен қауышады. Алайда Бұл сиқырлық - мистикалық қиын жол, ол адамның Қү-дайды іздеудің жолында күндіз-түні құлшылық етіп, өне бойы рухани ізденісте болуын талап етеді. Сонда ғана оның ішкі көкей козі (интуиция) ашылып, аян арқылы ол Алла тағаламен сүхбат-іаса алады.

Міне, осындай солылық философияның Орта Азиядағы көр-искті өкілі ретінде Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 жж.) бабамыз-ды айтуға болады. Ол халықтың ділінде аса ұлы діни қайраткер ретінде осы уақытқа дейін сақталған. «Меккеде - Мұхаммед, Түркістаңда - Қожа Ахмет!» деген сөздердің өзі оны бізге ашық көрсетеді. Негізгі осы уақытқа шейін жеткен еңбегі - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Бұл еңбекті, негізінен алғанда, адамның рухани даму жолын жарқыратып, көрсетіп тұратын шамшырақ ретінде қарауға болады.

Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негізгі мәселе - ол адам болмысы, ал оның өзінің екі жағы бар. Біріншіден, адам -дене, оның қажеттіктері өтелмей өмір сүру мүмкін емес; екіншіден, адам - рух, ол - оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі, аса баға жетпейтін қасиеті. Бұл арада Қ.А.Яссауи үзілді-кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұңғиығынан іздейді. Бұл көзқарас XX ғ. өмір сүрген неміс ойшылы К.Ясперстің «нағыз адамның өмір сүру ахуалы - рухани ахуал» деген сөзімен үндеседі. Өзінің жас кезіндегі пендешіліктің шыр-мауында болғанын жасырмай сышй келіп, ріы ойшыл былай дейді:

«Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім харап,

Ғашық жолында бола алмадым мысал толырақ.

Халім харап, бауыр кәуәп, көз Бұлдырап,

Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне».

Пендешіліктің жолында (байлыққа, билікке, дене ләззатта-рына үмтылу т.с.с) адам өз өмірінің мәнін ашып, адамгершілік қасиеттерін сақтап қалуы мүмкін емес: ол жалған жолға түседі.

«Нәпсіге сен ерік берсең, не тілемес,

Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас.

Қолға алсаң, жаман кұстай қолға қонбас...», - дейді ұлы ойшыл.

Сондықтан Алла тағалаға жақындау жолы - пендешіліктен арылу, нәпсіні тыю. Ойшыл Бұл жолдағы өнегелік мысал ретінде Пареы патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтіреді. Руми Джалаледдин ол аңыз жөнінде былай дейді:

Бір күні Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естиді. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап алып, Әдхамның алдына әкеледі. «Мұнда не істеп жүретң-дер?» - деген сұраққа, олар: «Түйелерімізді іздеп жүр едік», - депті. «Қай заманда кім түйені шатырдан іздеген екен?» - деген сұраққа, олар: «Біз сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламен жақындасқың келмей ме? Қай заманда кімде-кім осындай орыннан Құдайға жақындаған», - депті. Осыдан кейін Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезіп, дәруіштік жолға түскен екен. Міне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етіп былай дейді:

«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл,

Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер».

Солылық философияның көрнекті өкілі Баязитті де өнеге тұлып: «Шайық Баязит жетпіс рет өзін сатты,

Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты», - дейді.

Әрине, Мұндай пікірлер кейбір оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай келмеуі мүмкін. Бүгінгі жекеменшікті қалып-тастырып, оны әрі қарай дамыту жолында «баю идеологиясы» көп насихатталғаны баршаға мәлім, - саяси тұрғыдан алғанда, ол керек те болған шығар, өйткені бұрынғы Кеңес Одағындағы өндірісті бірегей (тотальды) мемлекеттендіру адамдардың өндірісті дамытуға деген ынталарын су сепкендей басып, өндіргіш күштерді тоқырау-латқан болатын. Негізінен, сол себепті ол қоғам да құндырап, келмеске кетті емес пе? Алайда тек дүние қуу жолында дұрыс қоғам орнату мүмкін бе? Әрине, жоқ. Бұл жөнінде Қ.А.Яссауи былай дейді:

«Дүние менікі дегендер - жаһан малын алғандар, Қүзғын қүстай арамға белшесінен батқандар. Молда, мүфти болғандар - жалған жала жапқандар, <мітү«Ақты қара қылғандар: ол тамүққа түседі. кіічі Қазы, имам болғандар - нақақ жала қылғандар,

Есектей болып жегіліп, жүк астында қалады.

Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер,

Өз бармағын өзі шайнап, өкінішпен қалады».

Шамасы, Қ.А.Яссауидің өмір сүрген заманы ерте феодалдық қатынастардың қалыптасып, қарқынды даму, таптық қатынастар қайшылықтарының өсу кезеңі болса керек. Енді бүгінгі күнге көз жіберсек «қазы, имам болғандар» (қазіргі соттар), «пара алған окімдер», «ар-үждан, әдеп, үят, имандылық, қайырымдылық, әділет-тілік» т.с.с. рухани құндылықтардың құндырауы Қ.А.Яссауидің чаманына үдсамай ма екен? - деген ащы сұрақ ойымызға келеді.

Жоғарыда қойылған сұрақка жауап беру үшін, біз қысқаша болса да, өткен жақын тарихқа көз жіберуіміз керек. Кеңес өкіметі бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттендіріп, жекеменшікті түбірінен олырып, оның иелерін қуғын-сүргінге ұшыратып, қоғам өміріне түрпайы теңдік принципін енгізген болатын. Мұндай жағдайда адамдар ерікті еңбек етіп, өз қалауынша өмір сүре алмай, ішінен тынып, екіжүзділікке, айтылған сөзбен ой арасындағы алшақтыққа баруға мәжбүр болды. Енді міне, үш ұрпақ бойы (75 ж.) жаншылған сріктікке деген ынта, ырық түрпайы социализмнен бас тартқан кезде, өзінің арнасынан шығып, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарына өзінің теріс әсерін тигізді. Көркемдеп айтсақ, көп жылдар бойы беті жабық ыстық қазанның ішінде жиналған бу үлкен жарылысқа әкеліп, қоғамның біршама рухани іргетастарына зақым келтірді. Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелен-діру басталған кезде біршама байлық «тістегеннің аузында, ухтағанның қолында» кете барды, лезде бай, өте бай адамдар пайда болып, халықтың көпшілігі кедейленіп, біршама бөлігі тіпті қайыр-шылық жағдайға кез болды. Кеңес заманында шын билікке жете алмай, мәскёу партократтарының қолшоқпарларына айналған, сол рухта ондаған жылдар бойы тәрбиеленген көп шен иелері жаңа ғана қалыптасып жатқан мемлекеттің шеңберінде өздерін бүкілұлттық сана-сезімнің, талаптардың деңгейінде ұстай алмай, өз қамын ойлауға, жемқорлыққа көшкендерінің негізгі себебі де осында жатса керек. Қ.А.Яссауи бабамыздың сөздерімен айтсақ, сол кезде пендешілік руханияттылықтан басым болып, «өзімшілдік», қоғамдық мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады.

Бүтінгі таңда, мемлекетті басқаруға жаңа ұрпақтар легі келген кезде, нарықтық қатынастар бірте-бірте занды жолға қойыла бастады да, сол себепті қоғамдық ахуал да басқаша өзгере бастады. Қазіргі басты міндеттердің бірі - қоғамның рухани өмірін жандандырып, адамгершілікті басым ұстау болып отыр. Сонда ғана қоғамның бірлігін нығайтып, қарапайым адамдардың өмірге деген ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзі біздің бостандығы-мыздың іргетастарын ныгайтып, бүкіладамзаттық қауымның шеңберінде абыройлы орын алуға мүмкіншілік береді. Расында да, адам Бұл өмірде жалғыздан-жалғыз өмір сүрмейді, менің еркімнің шеңбері екінші адамның еркінің аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгілі француз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «еркіндік дегеніміз адамның басқалардың алдындағы жауапкершілігінің ауыр жүгі». Біреу күйзеліс пен зардап шегуде болған жағдайда, екіншінің қанша дәулеті тасығанымен, бақытты болуы мүмкін емес.

Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы - қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын қайсыбір зорлық-зомбылықтан, Қантөгістен, төңке-рістен іздемеуі. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс - адамның өзін-өзі жеңе білуі» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды:

Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болатындығына біз кәміл сенеміз.

ХУ-ХУШ ғғ. қазақ жырауларының шығармашылығы XV ғ. қарай тарихының тамыры көне заманға кететін түркі тайпаларының өмірінде елеулі өзгерістер басталады. Мыңдаған жылдар бойы лек-легімен сонау Байқал көлі мен Алтайдан бастап Балқан тауларына шейін ағылған, ерікті өмір сүрген, басқа белгілі бір жерлерде орын тепкен мемлекеттердің аузы батпаған, керісінше, сол мемлекеттерді әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпенділер тарихының сарқылу кезеңі басталады. Өйткені осы кезде дүние-жүзілік тарихта, нақтылай келе, Еуропа топырағында, Жаңа Дәуірге өту кезеңі - Қайта өрлеу заманы басталады. «ұлы мәртебелі Табиғаттың» балалары - көшпенділер - өзінің өмір аясының сарқы-ла бастағанын ішкі көкей көзімен болса да бірте-бірте сезіне бастай-ды: садақ пен найзаның, шоқпар мен білектің күшінің мүмкіншілігі азая түседі. Батыс қоғамдарында машиналық өндірістің негіздері қалыптаса бастайды, зеңбіректер мен мылтық оқтары соғыс техно-логиясын күрт өзгертеді.

Х^-Х^ІП ғғ. дүниеге келген философиялық ой-талғамдар, негізінен алғанда, жыраұлық түрде таралып өмір сүрді. Өйткені көшпенділердің арасында сауаты ашылған, жазылған сөзді оқитын адамдардың саны көп болмай, олар көбіне ақсүйектерге ғана тән болатын. Қарапайым сөзбен жеткізілген ой біреуден-екіншіге тарау жолында өзгеріп, алғашқы мән-мағынасын тез жоғалтатыны барша-ға мәлім. Тек қана өткір де терең, нақышына келтірілген өлең шумақтары адамның ақыл-ойымен қатар, оның сана-сезіміне өзінің зор әсерін тигізіп, халықтың жадында сақталып, оның дүниеге деген көзқарасы мен іс-әрекетіне өзгертулер енгізе алды. Жалпы алғанда, Бұл тек қана қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Қай заманда да, қай халық, өз поэзиясын жан-тәнімен сүймеген, ол әрқашанда адамның жан-дүниесін билейтін әміршісі емес пе?! XX ғ. өмір сүрген неміс философы М.Хайдеггердің өз өмірінің соңына қарай поэзияға бетбұрыс жасап, болмыс жөніндегі нағыз терең ойларды ұлы өлеңшілердің шығармаларынан іздегені осыған байланысты болса керек. Сол себепті де біз қазақ халқының қалыптасу жолындағы терең философиялық мәселелерді жыраулардың шығармашылық жолдарынан іздеуіміз керек.

Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен аса көрнекті тұлғалар ретінде Сыпыра жырауды (XIV ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлын (XV ғ.), Доспамбет пен Шалкиіз жырауларды (XVI ғ.), Жиембет пен Марғасқа жырауларды (XVII ғ.), Ақтамберді мен Тәтіқара, Бұқар жырау мен Шал ақынды (XVIII ғ.) атап өтуте болады.

Асан қайғы - қазақ жерінен шыққан алғашқы утолист. Елдің ауыр түрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты күйзелтеді. Табиғатқа карсы түру, оны өзгерту керектігі саяқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпенділерге тән нәрсе емес еді. Сондықтан ұлы жыраудың назары «жерұйықты» іздеуге бағытталады. Оның суы - сүт, топырағы - май, тасы - алтын, онда халық зардабы, соғыс, тартыс-қырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей де жоқ, бәрі де - жеткілікті, бәрі де - бақытты. Ол Мұндай «жұпар қорығын» өмір бойы іздеді. Ол, әрине, қай халық болмасын, бақытты өмірді аңсаған арман-дарының бір көрінісі еді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow