Элей мектебі. Парменид пен Зенон 25 страница

Жоғарыда көрсетілген ой-толғаулар XVI ғ. өмір сүрген жы-раулардың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнің көрнекті өкілі өмірден жастай кеткен Доспамбет жырау болды (30 жасқа келгенде, Астрахан маңындағы бір шайқаста қаза табады). Оның толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңіндегі көшпенділердің ерік пен теңдік, өз елін қорғаудағы ержүректік қасиеттерін мадақтап, мақтаныш еткенін байқаймыз.

«...Айнала Бұлақ басы тең,

Азаұлының СтамБұлдан несі кем? - деген сұрақ қойып, олай болса,

«...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ,

Би ұлынан несі кем! Тәңірінің өзі берген күнінде,

Хан ұлынан артық еді менің несібем!» - деп, өзін ең жоғары тұрған тұлғалардан кем санамайды. Шіркін, осы белгілі бір орталыққа бағынбауды мойындамайтын еркөкіректік болашақта халықты қандай апатқа әкелетінін, әрине, ол сезіне алмады: айнала қоршаған әлеуметтік ахуал оны мүмкін қылмады.

Ел-жұрт үшін ерлік жасағанын мақтаныш етіп, өз өмірінің әрбір күніне қанағат етеді:

«Тоғай, тоғай, тоғай су. Тоғай қондым өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Тол бастадым, өкінбен. Бүгін-соңды өкінбен,

Ер Мамайдың алдында Шахид кештім, өкінбен».

Жыраудың ойынша, әңгіме Бұл өтпелі фәниде ұзақ та солғын өмір кешуде емес, оны мазмұнды өткізуде. Яғни ол қазіргі тілмен айтсақ, өмірден алу, иелену, байлыққа масаттану емес, керісінше, болуды аңсаған ержүрек батыр.

XVI ғ. көрнекті жырау Шалкиіз Тіленшцмы болды. Жыраудың ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмірін той-думанмен өткізу, әлсізге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегі тақы-рыптарға арналса да, өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, халықтың белгілі бір орталық билікке бағыну керектігі. Темір биге арналған толғауында жырау:

«Сен алтынсың - мен пүлмын, Сен жібексің - мен жүнмін,

Сен сұлтансың - мен құлмын», - деп, оның лауазымын мойындайды. Басқа жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойыл-майтынына оның көзі жетеді. Жыраудың ойынша, халықтың бірлігін арттыратын - жақсылық жолы, сондықтан ол «жығылғанды түрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет», - дейді.

Адамды аспанға көтеретін де, құзға құлататын да - Тәңір. «Тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе - Тәңірі етті», - дейді жырау. Мұндай көзқарастың жүрнақтары осы күнгі қазақтардың да бойында бары сөзсіз. Өмірі толығынан қауіп-қатерге толы, ертеңгі күні не болатынын білмейтін көшпендінің дүниесезіміне Мұндай өмір философиясы оған тірек болып, оны батырлыққа итерді.

Табиғат және оның ажырамас бөлігі - адам – Шалкиіздің шығармашылығының өзекті тақырыбы. Қазіргі тілмен айтсақ, жырау - философиялық антролологизм бағытын ұстаған ойшыл.
Адам - табиғаттың төл туындысы, сондықтан ол оның қасиеттерінтабиғатпен салыстырып қарайды.

«Алма мойын сам үйрек,

Ана Еділден көксіген

Көлді тастап қырға үшса,

Бір тарланға жолығар!...». Сондықтан ер-жігіттер әрбіреуі әр жаща тартпай, біріккенде ғана, елді жаудан аман сақтап қала алады:

Атаның ұлы ерлерге,

Малыңды бер де, басың қос.

Басыңды қос та бек сыйлас,

Күндердің күні болғанда,

Басың жауда қалар ма!» - деп қорытады жырау.

Шалкиіздің ойынша, адамдар өз табиғаты бойынша жамандар аден жақсыларға бөлінеді:
«Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса,

Қоңқалаған көп жаман, сол жақсыны көре алмас...».

«Құсты жисаң бүркіт жи, қыстауыңды түлкі етер. Бір жақсымен дос болсаң, азбас, тозбас мүлік етер,

Бір жаманмен дос болсаң, күндердің күні болғанда,

Жұмыла ғаламға күлкі етер», - дейді ақын.

Бұл дүние өтпелі, «...мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған», - дейді жырау. Сондықтан адам Бұл дүниедегі қызықты тегіс көріп, өмірді думандатып өткізу керек. Бірақ оның да өлшемі бар: «...Жүйрікпін деп мақтанба,

О дағы бір құба арланға жолығар,

Еріккенде қызыл тілін тыймаған,

О дағы бір пәлеге жолығар.

Салмақтама немеңді,... Тәңірі тесер төбеңді!» - деп, жырау адамды өлшемдікке, ұстамдыққа, әдет-ғдаыпты бұзбауға шақырады.

Тарих сахнасына келген XVII ғ. әлі басы бірікпеген қазақ халқына жаңа қиындықтар әкелді. Бір жағынан, күннен-күнге күшейіп келе жатқан Ресей мемлекетінің суық лебі бұрынғыдан да гөрі айқын сезіле басталса, екінші жағынан, осы ғасырдың бірінші жартысында Шығыста жатқан Жоңғарлардың ру-тайпалары бастарын біріктіріп, өз хандығын дүниеге келтіреді. Шығыста жатқан Қытай мемлекетіне бата алмаған қалмақтар өз өрісін қазақ жерлерін жаулап алу арқылы кеңейткісі келді. Осыдан қазақ халқының басына орасан зор қауіп туады. 1723 ж. ойраттар қазақ жеріне бас салып, бытырап жатқан қазақ руларын орасан зор күйзеліске үшыратады, халықтың үштен бірі қырылып, қыруар мал жау қолына түседі. Халықтың санасында Бұл апат «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихқа кірді.

Әрбіреуі өз жағына бұратын қазақ билерінің есі енді ғана жиналып, жоңғарларға төтеп беру үшін біріге бастады. Мұндай қауіп-қатер туған жағдайда халық өз ішінен ұлы саясаткер-билерді: Төле, Қазыбек, Айтеке т.с.с. тудырды. Халық арасынан Отан үшін өз жанын беруге даяр Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Қарасай т.с.с. мыңдаған батырлар шығып, халықтың басын біріктірді. Шешуші кезең де келіп қалды. 1730 ж. Балқаш көлінің төңірегіндегі шайқаста қазақтар жоңғарларға ойсырата соққы беріп, күйрете жеңіп, өз жерін жаулардан босатты. Халық Бұл шайқасқа Аңырақай жеңісі деген ат қойды.

Әлсіреген қазақ халқы екі жаққа бірдей тойтарыс бере алмады. Сондықтан осы кезден бастап, Ресей қазақ жерлерін өзіне қоса бастады.

Міне, жоғарыдағы көрсетілген ауыр қайғы-зардапқа толы тарих кезеңдері халықтың өзіндік сана-сезімін жаңа деңгейге көтерді. Сол уақытга өмір сүрген жыраулардың, ойшыл-билердің де шығармаларындағы халық тарихы, тағдыры жөніндегі ойлары пісіп-жетіліп, жаңа сапалық деңгейде көріне бастады.

Осы кездегі жыраулардың ішінен Ақтамберді, Үмбетей, Қожаберген, Бұқар, Шал ақынды ерекше атауға болатын саяқты. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайы, арманы мен мұңы Бұл жыраулардың шығармаларында кеңінен орын алды. Өкінішке қарай, оқулықтың көлемі жыраулардың бәріне де тоқтауға мүмкіншілік бермейді.

XVIII ғ. қазақ халқының ой-өрісіне жыраулармен қатар өзінің үлесін қосқан дана «қара қылды қақ жарған» билер болды. Атақты Қазыбек, Айтеке мен Төле билерді қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттігіне қосқан үлесін ешқашан есінен шығармаған. Сол заманда өмір сүрген Жаңыл ақын:

«Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке Асқартау - Қазықүрттай білімді еді, бірі күн, бірі туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді», - деген екен.

" ' Қазіргі тілмен айтсақ, Бұл билердің шешімдері адамдардың «табиғи құқтарына», олардың бір-біріне деген теңдігі мен ерік-тігіне негізделген болатын. Сонымен қатар олардың өмір, адам-дардың қарым-қатынастары жөнінде айтқан талай-талай нақыл сөздері осы күнге шейін бізді таңғалдырады, олардың әрбіреуі үлкен кітапқа парапар.

Қазақ халқының тарихындағы XIX ғ. келер болсақ, Ресей империясының бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттің шеңберінде жаңаша, негізінен, жерде отырып өмір сүру жолдарына икемделу, осы күрделі де қиын жағдайда халықтың өзін-өзі сақтап қалу мәселесі өмірдің алғышарттары ретінде тарихи сахнаға шығады. Халықтың тарихында бұрын-соңды болмаған Мұндай өткір бетбұрыс философия саласында ағартушылық ағымды тудырады.

Бұл арада айтып кететін нәрсе - әрбір халық өзінің өмірінің шешуші кезеңдерінде Тарихтың қойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап қайтаруы керек. Ол үшін ескі құндылықтар жүйесін өзгер-тіп, Дүниеге деген жаңа көзқарас енгізу қажет. Мұндай күрделі істі зиялылар қауымының алдыңғы қатарлы өкілдері жасап, халықтың сана-сезімін өзгертуге тырысады, оны біз ағартушылық саты деп атаймыз. Ондай кезең уақытында барлық елдерде болған.

Отандық ағартушылықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі -рұлық, одан әрі асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы, көшпенділік өмір салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқтық жағдайда, болуы мүмкін апаттан аман сақтап қалып, оның сана-сезіміне жаңа құндылықтарды енгізу арқылы оны жерге тұрақтандыру болды. Өйткені көшпен-ділік өмір салтының негізгі факторы - жер көлемі - кедейленген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп отырғызу саясатының негізінде жылдан-жылға қысқара бастады. Ал мұның өзі күйзелісте тұрған көшпенділік мал шаруашылығын толығынан күйретіп, елде аштықпен қатар мыңдаған жылдар бойы созылып келген өмір салты, әдет-ғұрып құндылықтары адамдардың жандүниесінен ажыратыла бастады. Бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардағы тарихында болмаған «зар заманды» тудырып, адамдар өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалдық вақуумге келіп тірелді. Халықгың өзін-өзі жоғалту қаупі туды. Мұндай ахуалда көп жыраулар бұрынғы өткен өмірді көкседі (қазіргі кеңес қоғамын көксеп жүрген кейбір саясаткерлер саяқты).

Алайда Тарих өткен жолдарын қайталамайды, сондықтан өткенді көксеу - тарихи тұйықтыққа әкеліп тірейді. Мұны түсінген халық ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтьшсарин, Абай Кұнанбаев секілді ұлы тұлғалар халықты жаңа өмірге баұлып, оны сауаттықты ашуға, білімге, еңбекқорлыққа, белсенді өмір салтына, жасампаздыққа шақырды.

Қазақ даласындағы ағартушылық көшін бастаған аса дарынды ұлы тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 жж.) бол-ды. Өзінің қысқа өмірінің шеңберінде ол өте көп істер тындырып, тек қана қазақ халқының өткен тарихын, әдет-ғұрпын, жалпы руханиятын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар сол кездегі нақтылы өміршеңді мәселелерге атсалысып, қалың бұқараның мүдделерін аса батылдықпен қорғап, соның жолында «аққан жүлдыздай», өкінішке қарай, ерте жаньш кетті.

Шоқанның онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, ол күнбе-күнгі адамның тәжірибесінен шығатын, сол кездегі жаратылыстану ғылымдарына сүйенетін материалистік бағытта болды. Оның тікелей болмыс жөніндегі еңбектері болма-ғанмен, оны біз Шоқанның қазақтардың шамандық (бақсылық) өмірсезімін талдауынан байқаймыз. Шамандықты көшпенділердің алғашқы көне діні ретінде қарап, ойшыл Табиғаттың сиқырлы да үрейлі күштерінің осы дінде бейнеленгені жөнінде айтады. Яғни Табиғат бірінші де, адамның өзі сол табиғаттың төл туындысы болғаннан кейін, өзінің сана-сезімінде айнала ортаны дұрыс, я болмаса қияли бейнелейді.

Енді ойшылдың әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқараста-рына келер болсақ, ол «географиялық детерминизм» бағытын Ү-Стағанын байқаймыз. Қоғамның дамуына айнала қоршаған орта-ның жазықтығы, я болмаса тау-тастығы ауа райы, жер құларлығы т.с.с. факторлар жатады. Сондықтан шегі жоқ жазық дала мал баққан көшпендінің енжарлығын, еріншектігін т.с.с. қасиеттерін қалыптастырса, тау мен тасқа толы, сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлі қауіпке толы аймақтар, керісінше, адамның жинақтылығын талап етеді. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы француз ағартушыларының ойларына сай келеді: мұның өзі ойшылдың тек Орыс ғалымдарьшен ғана емес, сонымен қатар Ііатыс философиясымен де таныс болғанын Дәлелдей келе, оның өз іаманының ой-өрісінен қалмағанын көрсетеді.

Олай болмақ түгіл, ол бүгінгі таңдағы мәселелерді тереңірек гүсінуге көмектеседі. Мысалы, реформалардың басында ауыл шаруашылығындағы ірі ұжымдық мекемелерді жойып, олардың орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жүргііілді. Әрине, Мұндай саясатта елдің географиялық ерекшеліктері сскерілген жоқ. Қазақстан АҚШ, я болмаса Бразилия немесе Франция емес. Енді бүгінгі таңда ғана біз жіберген қателіктерімізді Гіайқап, талдап жатырмыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа доуірге дейін, елдің сайын даласында тек қана көшпенді мал шаруашылығы ең тиімді шаруашылық формасы болғанын Шоқаннан кейінгі бізге де мойындауға тура келеді. Тек қана индустриялық-машиналық өндіріс пайда болып, өндіргіш күштер юр даму қарқынын алған кезден бастап қана, солтүстік және орталық өңірлерде жерге тұрақ-тану мүмкіншілігі пайда болып, сол кезден бастап қазақ жерлеріне басқа мемлекеттердің «қызығушы-лығы» пайда бола бастады.

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-саяси, құқтық көзқараста-рына келер болсақ, ойшыл жан-тәнімен халықтың қамын ойлап, «әділетті басқару» жүйесі арқылы «парасатты реформалардың» негізінде халықтың хал-ахуалын өзгертуге болатынына сенді және оны жақындату үшін барлық күш-жігерін салды. Ол 1862 ж. Атбасар аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңіп алу үшін сайлауға түсіп жеңгенмен, патша үкіметі оны Бұл орынға бекітпей қойды. Одан кейін Шоқан «Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты өзінің ғылыми еңбегін жазады. Осы кездегі Ресей мемлеке-тінде буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүріп жатқанымен, «азиаттық деспотия», пара алу, заңды бүзу, қарапайым адамның ар-намысын аяққа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты. Сондықтан Шоқан Ресей мемлекетінің құқтығына зор күмән келтіреді. «Құқтық мемлекетте заңдардың үстемдігі әрқашанда сақталуы қажет, оны сшкімнің де аттап өтуіне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза оділ сот арқылы берілуі керек», - деп қорытады ойшыл.

Шоқан Патша өкіметінің Ресей сот институтын өзгертпеген, бейімделмеген түрде қазақ қоғамының өміріне енгізуіне үзілдікесілді қарсы шығып, оның негізсіздігін көрсетеді. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктерін, халықтың тарихи қалыптасқан құқтық көзқарастарын ескермейді. Шоқанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншікті, халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра түру қажет.

Ш.Уәлиханов қазақ халқының рухани өмірін зерттеуге ду қомақты үлес қосты. Оның даналығы - болашақтағы халықтыц рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр-дастаңдардың, аңыздардың, т.с.с. халык туындыла-рының маңыздылығын үғып, олардың әртүрлі түпнүхқаларын қағазға түсіріп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың ішінде «Қозы Көрпеш - Баян Су_лу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер ^ Көкше» саяқты жырлар бар. Туысқан қырғыз халқының аса көр-і некті туындысы - «Манасты» да алғаш рет қағазға түсіріп, оны, орыс мәдениет зерттеушілеріне көрсеткен де Ш.Уәлиханов болды. Егер біз орыс ұлы ойшылы А.Ф.Лосевтің: «Қайсыбір халықтыц мәдениетінің биіктігі мен шоқтығы оның тарих тудырған аңыздары мен жыр-дастаңдарының байлығына байланысты», - деген пікірінс құлақ түрсек, Шоқанның Бұл еңбегін асыра бағалау өте қиыи жү.мыс болар. Осы ойларға сәйкес, біз қазақ халқының мәдениетінід әлі талай-талай шыңдарға жететініне күмәніміз жоқ, өйткені оның іргетасы мықты, ол ғажап інжу-маржандармен безенген, мыңдағаіі жылдарды артына тастап, біздің өмірімізге дейін жеткен - халық мифологиясы. Ол - қазіргі қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше өзіндік сипат беретін саркылмайтын Бұлақ, рухани тірек.

Ш.Уәлиханов халықтың діни омірін де терең зерттеп, оны ағарту жолында көп еңбек етеді. Ол шамандықты (бақсылықты) көшпенділердің Табиғатқа табыну жолында тудырған дүниесезімі ретінде қарайды. Бұл ізденіс жолында халық осы Дүниені жаратқап «Тәңірді», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардыц рухы - «аруақты» табады. Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға (тарауы көшпенділердің рухани өмірінің өзгеруіне әкелгенін айтады. «Дегенмен де қазақ дүниесезімінде ислам қағидалары шамандықпеи I араласып, бір жағынан, Аллаға тағзым етумен қатар, екінші жағы-1 нан, отқа табынумен жалғасып жатты», - деп қорытады ойшыл.

Жалпы алғанда, ойшыл ислам дініне теріс көзбен қарайды, молдалар халықты қараңғылық пен надандықтың шырмауынан шығармайды, сол кездегі қазақ жеріндегі мешіттердің көп салынуы-на алаңдаушылықпен қарап, оларды халықты бодандаудың бір құралы санайды.

Мүмкін, Бұл - жаңа бодандық жағдайдағы халықтың өзш-өзі еақтап қалу шараларының бірі болуы да ғажап емес, бірақ Шоқан ондай ойға келген жоқты. Дегенмен оның кейбір терең ойлары йүгінгі таңдағы діни салада болып жатқан күрделі өзгерістерді, соиың ішінде мистицизм, діни фанатизм және әкстремизм саяқты шіеңсіз құбылыстарды сараптауға көмектеседі.

Ағартушылық ағымның көрнекті өкілі Ыбырай Алтын-сарин (1841-1889 жж.): «Халықты аман сақтап қалудың, жаңа қалыптасып жатқан ахуалға сай келуінің бірден-бір жолы - оның ічіуаттығын арттыру, білімін жетілдіру, орыс мәдениеті мен тілін мгеру», - деп есептеді. Сондықтан ол өзінің барлық күш-жігерін жаңа мектептер ашуға, балаларға арналған қызықты оқулықтар жазуға жұмсады.

Өзінің Дүниеге деген көзқарастарында ол діни бағытта болып Құдайды мойындағанымен, діни фанатизмге қарсы шығып, шала-сауатты қазақ мен Бұхарадан келген молдалардың халыққа тигізетін тсріс әсерлерін әшкерелейді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз», «Өзен» т.с.с. өлеңдері осы күнге дейін өзінің Эстетикалық әсемдігі, гуманистік идеялары, тәрбиелік мүмкіндіктерімен білім беру еаласындағы жас ұрпаққа оң әсерін тигізуде.

Ағартушылық философияның аса алып тұлғасы Абай Қүнанбайұлы (1845-1904 жж.) - тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік руханиятта өзінің өшпес ізін қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бүкіл Адамзат көлемінде атап өтіліп, қазақ халқының мерейін биік шыңға көтерді. Абайтану бүгінгі таңда тек қана қазақ шялыларының үлесінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл дүние-жүзілік құбылысқа айналды. Соңғы кезде бірталай мәнді де терең зерттеулер жарық көріп, қазақ халқының руханиятының дамуына өз үлесін қосты. Біздің ойымызша, «Абайтану» саласының мерзімді түрде шығып тұратын өз журналының да шығуына көп уақыт қалмаған саяқты. Өйткені біз әрі қарай дербес мемлекет ретінде дамыған сайын, Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз омірімізде дұрыс бағыт ұстауға мүмкіндік аламыз.

Әрине, шағын оқулықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сараптау мүмкін емес. Сондықтан біз Абайдың бүгінгі күндегі көкейкесті мәселелерге байланысты ойларына көбірек көңіл бөлсек дейміз. Қосымша әдебиетті талантты оқырман қиындық көрмей-ақ, бүгінгі кітапханалардан табады. Осы орайда біз белгілі абайтанушы проф. Ғ.Есімнің еңбектерін ерекше үсынар едік.

Абай еуропалық мағынада айтылатын классикалық білім] алған жоқ (университеттерде оқыған жоқ). Бірақ өзінің ішкі жалы-1 ны, дүниені, өмірді тануға деген зор құштарлығы мен шабытының арқасында, ол араб, парсы, орыс тілдері мен мәдениетін терең '. игеріп, өзінің дүниеге деген көзқарасында олардың негізгі нәтиже-лерін қазақ руханиятымен біріктіре білді. Абайдың шығармашыльщ еңбегі жанжақты универсализмдігімен таңғалдырады: ол - ақын, сазгер, философ, аудармашы, қүқтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай, «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі Бұл күйде түрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай қүрметі күннен-күнге артар». Міне, бүгін сол күндер келді, ал жастарға қойылатын талап - ұлы Абайды мұқият зерттеп, өз жан-дүниесіне сіңіру болмақ. Ол - біздің хакім-ата алдындағы парызымыз.

Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап та терең, өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын діннің шеңберіндегі философиялық антролология деп бағалауға болатын саяқты. Жаратқан, Дүние, Адам - міне, осы үш категория Абай философиясының іргетасын құрайды. Абай өз философиясының осы негіздерін өзінін, 38-ші қара сөзінде егжей-тегжей талдайды. Дүние Жаратқанның құдіретті күші арқылы пайда болып, өмір сүріп жатыр және онда белгілі бір заңдылықтар, мақсатқа лайықтылық бар, соңғылардың негізі Ғы-лымда. Жаратқанның үшінші сипаты - Хаят, яғни Тіршілік (қара-ңыз: Абай. Алматы. Ел.,1993, 84 б.). Мұның сыртында Абай тағы Алланың 5 сипатын көрсетеді, бірақ олар жоғарыда көрсетілген негізгі 3 сипатты нақтылайтын, түсіндіретін құндылықтар. Олар: Басар (қырағылық), Сәміг (сергектік), Ирада (қалау), Кәлам (сөз), Тәкин (жасампаздық, болмысқа келтіруші).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: