Элей мектебі. Парменид пен Зенон 27 страница

Шәкәрімнің заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физика ғылымы тек өзінің алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр еді. Болашақ болатын апатты әлі ешкім сезінген жоқты. Ғылымяың тез қарқынмен дамуының негізінде сциентистік-технократиялық (таза ғылым мен техниканың шешуші рөлін мойындайтын ілім) көзқарастар кең етек алған болатын. Міне, осындай ахуалда ұлы бабамыз көрегендік танытып, болашақта болуы мүмкін апаттарды алдын ала болжай білді. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын мыңдаған жылдарға созылған қазақ руханиятының квинтәссенциясы (түздығы) десек те болар.

Өкінішке қарай, қазақ еліндегі реформаларды жүргізу саты-ларының алғашқы кезеңдерінде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ділі мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негізделген саясат басым болып, оның қаншама теріс әсерін тигізгенін қазір ғана сезініп жатырмыз. Менмендік, қоғамдық пікірмен санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терістеу, адамдардың бір-бірінен жаттануы, шен иелерінің жемқорлығы, екіжүзділік, тәкаппарлық т.с.с. келеңсіз құбылыстар тек адамгер-шілікке, ар-үл«данға негізделген саясат арқылы ғана жеңіледі. Оны естен шығармауымыз керек.

Қазіргі жаңару сатымызда Шәкәрімнің айтқан көп ағарту-шылық ақыл-ойлары да бізге рухани азық болмақ.

«Ақ ісіңе Құдай жақ,»; Адамнан тіпті шошыма» немесе: з Құдай таза жаратты, сен таза бол,

V ұқсаң анық айттым ғой, Бұл - таза жол», - дейді ақын. Сонымен бірге ол әрбір адамды жасампаздық еңбекке шақырады:

«Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,

Бәрін Құдай қылады дегенге ерме», - деп ескертеді. Әсіресе,
мына жолдар бізге ауадай қажет саяқты:

«Өнер қылма ар сатып жалданбақты,

ұлық болып елді жеп мақтанбақты.

Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,

Қашан жақсы көруші ек алданбақты».

Қорыта келе, Шәкәрімнің философиясы өте биік, нәзік т терең, өз заманынан озған десек, қателеспейміз. Оның идеялар қазақ руханиятынан тыс бүкіләлемдік білімге өз үлесін қосты деп айтуға әбден болады.

XX ғасырдың басындағы ағартушы-демократтардың философиялық ой-пікірлері. ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империя-сы терең күйзеліске ұшырап, оның кұрамындағы халықтардың ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғүрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретінде Ж.Аймауы-тов, А.Байтәдрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхаме-дов, М.Ж^мабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақты білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарьш бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с).

Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар «Алаш» партиясын үзіымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрде демократия-лық реформалар арқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл Қантөгіс оларды қатты қынжылтты. ұлы Мағжанға сөз берсек:

«Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.

Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ,

Батыр хандар, асқақ жандар ұмытылды.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның Бұл шу-мағынан өткенді романтизациялаумен қатар, сол кездегі халықтың аянышты жағдайын ашық та батыл көрсеткенін байқаймыз.

Оны біз А.Байтүрсынұлының мына шумақтарынан да көруі-мізге болады:

«Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған».

Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар гоқтатқан жоқ. Өйткені олар халыктың болашағын көздеді, ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сенді және сол үшін қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады. Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқулық-тар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдерді, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мүраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады. Оны біз Ахаңның мына жолдарынан байқаймыз:

«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

Жұрт үқпаса, үқпасын - жабықпаймын:

Ел бүгіншіл, менікі - ертенгі үшін» (қараңыз: Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993, № 4, 3 б.).

Ақырында, бәрі де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан «мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды.

Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме саяси және құқтық философия төңірегінде өрбімек.

XX ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байт^рсынұлы (1873-1937 жж.) кейпі бүкіл сол кездегі ұлттық-демократиялық ағымда-ғы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. Оқулықтың көлеміне бай-ланысты, осы Ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы оқырманның сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз.

Халықтың Жаңа Дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себеп-терін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің су қараңғылығы мен надан-дығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқынды-ғы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйқыдаі жатқан» халықты ояту керек, ол үшін басқа амал болмаса, оның «маса» сияқгы шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын.

Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуі - алыста! жатқан, стратегиялык, мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстан-ның автономиялық дәрежесіне, өзін-өзі басқару мүмкіндігіне жетіп, халықты ағарту, мәдениетті жаңарту арқылы көптен бері созылған халықтың ауруы каранғылык пен еріншектік, енжар-лықтан құтқару мақсатын қойды.

А.Байтүрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - демократиялық урдісті дамыту, адам құқтарын сақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрін заңды жетілдіру арқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көр-ген еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: ол рулардың, я болмаса қалталылардыц ара-сындағы тартыс емес. Өкінішке қарай, қарапайым халық Дәл солай деп ойлайды. Соның Нәтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына түседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да түсінетін болар.

Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруалары-на жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан:

«Бар жерді күннен-күнге алып жатыр,

Біреулер алып қала салып жатыр.

Қырылысып өзді-өзіне қазақ сорлы,

Жерінен аузын ашып қалып жатыр», - деп ашына толғаған болатын. А.Байтүрсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз.құқтарының қандай екенін, жерлерін занды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығы мен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халық-гың оянуына, саяси-құқтық санасының өсуіне өзінің пайдасын гигізді.

Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып өмір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жаңа шаруашылық түрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.)- А.Байтүрсынұлының Бұл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Бүгінгі XXI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетін болар, өсудің орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазіргі тілмен айтқанда, әкстенсивтік шаруашылық формаларын интен-сивтікке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесі тең қоғамға айналуы екіталай, - деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгінгі таңдағы тоқтап тұрған көп өндіріс орындары осы ойды Дәлелдейді. Егер біз тіпті жанкешті талпыныспен соларды іске қосып, қаншама энергия, шикізат, адам еңбегін жұмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де, ғасырдың басындағы саяқты, жаңа техноло-гияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті нәрсе емес пе?!

Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жүмабаев, М.Дулатов саяқты зия-лылар оның тетігін қазақ әйелдерінің әмансипациясымен (теңді-гімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Ду-латовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жүмабаевтың көп-теген өлеңдерінде қазақ әйелінің аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы теңқүқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» түсіп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.

А.Байтүрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсіру-дің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсібіі дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсыі балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулая жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халыіі арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулезЯ бруцеАлез т.с.с. жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде күңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ] шешер.

Кеңестік дәуірдегі отандық философия. Кеңес дәуірінің бастапқы кезіндегі ахуалды біз жоғарыда әңгіме еткен болатынбыз. Әрине, кеңес заманын сыңаржақты баға-лауға болмайды. Көп нәрсені жоғалтқанымызбен бірге жетістік-теріміз де аз болған жоқ. Әсіресе 50-ші жылдардың аяғынан бастап, жеке тұлғаға табыну әшкереленгеннен кейін, қоғамның өрлеуі басталды. Қазақстаңдағы тың игеру үрдісі елді көпұлттық қоғамға әкелді. Жер байлығы игеріліп, жаңа қалалар, жоғары оқу орындары, театрлар мен кітапханалар, мүражайлар бой көтерді.

Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекетгік уни-верситетінде арнаұлы факультет ашылып, кәсіби философия дүние-ге келіп, олар зиялылар тобының ішінде ерекше орынға ие болды. Сонымен ұлттық тарихта классикалық философия дискурсының үлгісімен қалыптасқан философиялық ой-өріс дүниеге келді.

Қазақ философтары маркстік парадигманьщ (үлгінің) шең-берінде әсіресе 60-шы жылдары үлкен жетістіктерге жетті. Біршама дарынды жас философтар жоғарыдан түсірілетін «тапсырмалы тақырыптардан» бас тартып, сол кездегі саяси жағынан алғанда қауіпсіз логика саласына өз назарын аударады. Олардың айрықша көзге көрініп, дүниежүзілік деңгейге көтерген философия саласы -ол диалектикалық логиқаның категориялық құрылымын байытып, тереңдетуге арналған зерттеулер еді. Бұл зерттеулерге аса қомақты үлес қосқан Ж.Әбділдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов және олардың шәкірттерін айтуға болады. Философия мен жаратылыс-тану саласындағы байланыстарды зерттеуге Қ.РахматуАлин, М.Сәбитов, З.Мұқашев, А.Балғымбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б. ғалымдар өз үлесін қосты.

Неміс классикалық философиясының (Г.Гегель, И.Фихте) қойған адам мәселесі оның еріктігі мен жасампаздық іс-әрекеті, жаттану, т.с.с. мәселелерін терең талдап, маркстік тұрғыдан дамытқан көрнекті ғалым Қ.Әбішевті және оның шәкірттерін ерекше атауға болатын саяқты.

Қазақ философиясында ерекше орны бар тұлға - А.Қасым-жанов. Ол алғашқылардың бірі болып, Әл-Фарабидің философия-сын зерттеп, оны өз халқымен тағы да қауыштырды. Сонымен қатар өз халқының тағдыры, қазақ, жалпы түркі руханиятына арналған оның еңбектері - ғалымнан болашақ ұрпақтарға қалған асыл мұра.

Философияның өзекті салалары саналатын этика ғылымының отандық философиядағы іргесін қалаған Г.Ақмамбетовті, әстетика бойынша Б.Қазыханова, Қ.Нұрланованы және олардың шәкіртте-рінің қызметін атап кетуге болады.

Енді әлеуметтік философияға келер болсақ, қазақ халқының тарихына алғашқылардың бірі болып философиялық сараптау жасап, көшпенділіктен жаңа өмірге өту үрдісін мазмұнды талдаған Д.Кішібеков болды. Қазақ халқының ғасырдың аяғында тағы да бір өтпелі кезеңнен өту үрдісіне байланысты ғалым бүгінгі таңдағы өзгерістерді сараптап, нақтылы да тиімді үхыныстар берді.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын терең талдап, бүгінгі өтпелі қоғамдағы әлеуметтік рестратификация (қайта құрылу) мәселесін зерттеуге қомақты үлесін қосып жүрген М.Әженовті және оның шәкірттерін атаймыз. Бұл тұлғаның философиялық кадрларды дайындауға қосқан үлесі де ерекше.

Қазақстанның кеңес заманында «халықтар достығының лабо-раториясына» айналуына байланысты ұлт аралық қатынастарды зерттеуге ерекше көңіл бөлінген болатын. Бұл мәселені зерттеуге қомақты үлес қосқан Н.Жанділдин, М.Сужиков, А.Айталы, Т.Сәрсенбаев, Р.Әбсаттаров, Н.Байтенова, Н.Малинин т.б. ғалымдарды атауға болады.

60-80-ші жылдары қоғамдық қатынастардың нормативтік табиғатын, дәстүрлі мәдениеттің даму жолдарын зерттеп, өзіндік ізін қалдырған көрнекті ғалым Н.Сәрсенбаевты атау керек.

80-ші жылдардан бастап әлеуметтік таным методологиясын дамытуға өз қомақты үлесін қосқан, Сонымен қатар отандық (|іилософия тарихын зерттеуге атсалысып жүрген ғалым А.Қаса-бек - зиялы қауымға жақсы таныс. Осы кезде ғылыми-техникалық революция және тұлғаның дамуына байланысты Ә.Түрғынбаевтың біршама нәтижелі еңбектері жарық көрді.

Саяси және құқтық философияға өз үлесін қосқан Л.Бай-делдинов, Т.Мустафин, М.Баймаханов, Л.Вайсбергті атап өтуге болады.

Бұл жылдары қоғамның рухани өмірі, қоғамдық сана мәсе-лелері де зерттеуден тыс қалған жоқ. Оған ерекше ізін қалдырған галымдар Қ.Шүлембаев, С.Темірбеков, О.Сегізбаев, Е.Шехтер-ман, Л.Славин т.б. ғалымдар болды.

Әрине, кеңес заманында өмір сүріп, шығармашылық түрғыда сңбек еткен ғалымдардың бәрін атап, олардың еңбектеріне талдау жасау мүмкін емес, ол үшін арнаұлы кітап жазу керек. Жоғарыда аталған тұлғалардың өздері-ақ еліміздегі кәсіби философияның биік деңгейде болғанын көрсетеді деген ойдамыз.

Егемен Қазақстан және философиялық ой-пікірдің дамуы. Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпіліс пен шабыт тудырды. Отандық философия сахнасына жоғарыда аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтеріліп, өзінің қомақты үлесін қосты. Қазақ халқының мыңдаған жылдық терең-дікке кететін руханияты, ділі, дүниесезімі қайта тексеріліп, зерт-теліп, төл мәдениетімізді байытты. Бұл мәселелерге арналған М.Орынбековтің бірнеше нәтижелі еңбектері жарық көрді. Со-нымен қатар Бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерін атауға болады. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқтық, рухани сараптау жасаған Ж.Молдабековтің еңбектерін атау қажет. Орта ғасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз үлесін қосқан Ж.Алтаев болды.

Қазақ мәдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны ең соңғы мәдениеттанудағы көкжиектермен ұштастыра білген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген Т.Ғаби-товтың еңбектері ерекше қызықты да нәтижелі деп есептейміз.

Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ділі мен дүниесезімінің ерекшеліктерін нәзік те терең көрсете білген Қ.Нұрланованың еңбектерін атап өткен абзал. Отандық рухани мұраны зерхтеуге Т.Айтқазин, Т.Бү-рбаев, К.Бегалинова өз үлестерін қосты.

Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берері әлі көп. Бұл арада «Абайтану» саласын жаңа биік дәрежеге көтеріп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты үлесін қосып жүрген Ғ.Есімнің еңбектері ерекше аталуға тиіс.

Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгеруі, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар Дәуірдің қойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап беру, Дүниежүзілік көштен қалып қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталды, біршама қомақты еңбектер жарық көрді.

Бұл арада неміс классикалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа толы-рағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз рухания-тымызбен салыстырып, мәдени философия саласьшда компара-тивті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым Б.Нұржановтың еңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгеріс-терді тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Соңғы жылдары ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтарбағдар-ламасы, өтпелі Дәуірдегі адамның экзистенциалдық вақуумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге қолымыз жетгі. Оған өз үлесін қосқандар -С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов, И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қдиышев, Р.Қадыржаиов, З.Сәрсенбаева т.б. ғалымдар болды.

Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтің еңбектері де өз ерекшеліктерімен үндесіп жатады.

Өтпелі Дәуірде философиялық деңгейде қажетті түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көш-тен тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар.

Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-әрекетіне негізделген Батыс цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамның игілігіне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік сатысы бүгінгі таңда постиндустриалдық цивилизацияның шеңберінде өмір сүріп жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техникалық жағынан қан-дай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендеді, оның Дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенция-ларына (бағыт) байланысты дөрекі мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауьшыз керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: