Коммуникацияны жетілдіру 4 страница

Қорытынды

Ұйымдастыру - бұл басқарушы және басқарылатын жүйе ішіліктерді таңдап алу және негіздеу,сондай-ақ олар арасындағы уақыттық-кеңістіктік және себеп-салдарлық байланысты қалыптастыру

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Тақырыпта менеджмент теориясы мен тәжірибесінде кең пайдаланылатын негізгі категориялар, терминдер және түсініктердің анықтамалары кездеседі. Менеджменттің теориялық негіздері пайымдалынады.

Әдебиеттер

1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

Тақырып 11 - Менеджменттегі жоспарлау

Мақсаты: Басқарудың жоспарлау қызметінің мазмұнын ашу, жоспарлау түрлері мен кезеңдерін анықтау және негізгі принциптерін жіктеу

1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың мазмұны мен міндеттері

2. Жоспарлау принциптері

3.Стратегиялық жоспарлау

4.Ағымдық жоспарлау

1. Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:

  • Ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
  • Алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
  • Міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.

Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда, жоспарлау сұрақтарға жауап береді.

Біздің қазірігі бүгінігі күнгі жағдайымыз қандай?

Болашақта біз қандай болуымыз керек?

Осы жолда нендей кедергілер орын алған?

Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?

Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмандегідей міндеттерді атап өтуге болады:

1. Нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;

2. қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;

3. басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқының реттеу;

4. еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;

5. сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.

Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым

өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.

Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мн қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.

Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді.Міндеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылу мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.

Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.

Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.

Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерістер еңгізу әрекеттері орындалады.

Фирма ішілік жоспарлаудың басқару қызметі ретінде міндеттері мен мазмұны нарық сұранысы мен оны қамтамасыз ететін материалдық көздерін есепке ала отырып өндірісті дамыту және негізгі бағыттарды анықтау болып табылады. Жоспарлаудың қалыптасуы фирманың және әрбір жекелеген бөлімшенің берілген кезеңдегі даму барысындағы мақсаттарын нақтылауда, шаруашылық міндеттерін, оларға жету құралдарын,мерзімі мен жүзеге асырылуын; алдыға қойылған міндеттерді шешуге қажет еңбек, қаржы, материалдық ресурстарды анықтау.

Мазмұнына, мақсаттарына және міндеттеріне байланысты жоспарлаудын келесі формаларын көрсетуге болады: стратегиялық немесе дамушы; ағымдық немесе оперативтік.

Тақырыпты жақсы игеру үшін жоспарлау мен байланысты келесі терминдерді қарастыру керек:

Жоспар түрінде жүргізу - басқару негізі;

Жоспарлылығы - басқару принципі;

Жоспарлау - басқарудың маңызды қызметі;

Жоспарлы тапсырмалар - басқару әдісі;

Жоспарлауды өңдеу және өткізу - басқару процесінің негізгі мазмұны.

2. Ағымдық және стратегиялық жоспарлау сапасы оны жүзеге асыру барысында ғылыми бағыттар мен жоспарлау принциптерін қолдану мүмкүндіктеріне байланысты.

Жоспарлау принциптерін қарастырайық:

1. Әлеуметтік бағыттылығы;

2. Жоспарлау обьектісін ранжирлеу;

3. Адекваттылығы:

4. Келісімділігі;

5. Нұсқаулығы;

6. Тепе-теңдігі;

7. Экономикалық негізделуі;

8. Жоспарлау жүйесін автоматтандыру;

9. Кері байланысты қамтамасыз ету.

Жоспарлау ұйымның барлық мүшелерінің оның жалпы мақсаттарына жету үшін күш-жігерлерін бір бағытқа жұмылуын қамтамасыз етеді, өндірістік процессті тиімділігі мен нәтижені алдын ала көруге мүмкіндік береді.

Қамту дәрежесі бойынша: жалпы және бөлшектеп жоспарлау; кәсіпкерлік саясат аспектісіндегі жоспарлау мазмұны бойынша - стратегиялық, тактикалық және оперативті жоспарлау; жоспарлау бұйымы бойынша (жоспарлау объектілері) - мақсатты, құралдарды, бағдарламалық және әрекеттерді жоспарлау; қызмет көрсету саласы бойынша - өткізуді, персоналды, дайындауды, инвестициялық, қаржылық және кеңейтілген жалпы жоспарлау; жоспарлау тереңдігі бойынша - берілген рамкамен шектелген глобалды, контурлы және бөлшектеп жоспарлау; мерзімі бойынша - қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау; құрылымдық ұйымдастыру көзқарасы бойынша – жалпы жоспарлау (өндірісті ең жоғары жоспарлау) және кәсіпорынның орналасу жерін, қызмет көрсету саласын, учаскелер мен бөлімдерін жоспарлау; жеке жоспарлардың орындалу уақыттарын байланыстыру бойынша - тізбектеп және бір уақытты жоспарлау; деректердің өзгерісін есепке алу бойынша - қатаң және икемді жоспарлау; уақыт бойындағы кезегі бойынша - реттелген ағымдағы, сырғанақ және кезектен тыс, эвентуалды жоспарлау.

Жоспарлаудың негізін салушы принциптерге жоспарлаудың толықтылығы, бөлшектігі, дәлдігі, қарапайымдылығы мен түсініктілігі, үздіксіздігі, икемділігі, үнемділігі, «жоспарлауды түзету заңы» жатады.

Жоспарлаумен шешілетін міндеттер сферасында жоспармен атқарылатын қызметтің сапасы да қарастырлады: күрделілікті азайту, инициативаны көбейту, болжау қызметі, басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, тиімділік қызметі, интеграция мен координация қызметтері, реттеу қызметі, бақылау қызметі, тәрбиелейтін әсер мен оқыту қызметі, құжаттандыру қызметі.

Жоспарлаудың келесі кезеңдері ажыратылады: мүмкіндіктерді бағалау, міндеттерді қою, болжау, альтернативті іс-қимылды анықтау, альтернативті іс-қимылды бағалау, іс-қимылдық бағытын таңдау, туынды жоспарлаудың құрылуы, жоспарлаудың сандық сипатты құралы ретінде бюджетті құру.

Жоспарлаудың мынандай құраушылары бар: мақсаттар, бағдарламалар, нормативтер, ережелер, процедуралар, сметалар.

1) жоспарлау амалдары;

2) жоспарлау техникасы;

3) жоспарлау жүйесі;

4) стратегиялық жоспарлау;

5) тактикалық және оперативті жоспарлау;

6) жоспарлау проблемалары.

Жоспарлаудың келесі амалдары бар: «төменнен жоғары» (прогрессивті амал), «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты амал) және шеңберлі амал (екі жақты жоспарлау).

Жоспарлау техникасы жоспар құрылуында уақыт аралығын анықтайды; кезекті жоспарлау, қатаң және икемді жоспарлауға бөлінеді.

Жоспарлау жүйесі – кәсіпорынның бір-бірімен өзара келісімдерімен және тәуелділігімен жоспарлау процесі. Жоспарлау процесі іс-қимылдың шекараларын анықтаса, басқаға қарағанда жоғары тұрады, ал төмен тұратын процесс оларды есепке алады (жоғары тұрған жоспардың басымдылығы). Бұдан басқа, иерархиямен байланысты жоспар кейбір «туынды қатынаста» бір-бірін толықтырады, яғни төмен тұратын жағдай қажет болғанда жоғарыдан шығады.

Жоспарлаудың бір-біріне бағыныштылығына байланысты келесі түрлерін көрсетуге болады:

а) жалпы жоспарлау - ұзақ мерзімді негізін қалаушы жоспарлау, кәсіпорын концепциясы;

б) мақсатқа бағытталған стратегиялық жоспарлау, мысалы, өндірісті, өткізу саласын, қаржыландыруды, персоналды дамытуды бес не он жылдық жоспарлау;

в) тактикалық жоспарлау – шаруашылық операциялардың жағдайын жоспарлау;

г) оперативті жоспарлау – ақшалар мен істердің нақты бағдарламасын жоспарлау.

3. Стратегиялық жоспарлау басқарушылармен қабылданған ұйым мақсатына жетуге арналған спецификалық стратегияларды жасауға апаратын шешімдер мен іс-қимылдардың жиынтығы болып табылады, яғни кәсіпорынның нәтижелілігін ұзақ мерзімді қызмет ету мен жаңа мүмкіндіктерін білу мақсаты болады. Осылайша ең алдымен қоршаған ортамен байланысты барынша берік иелену керек. Және оларды келістіру керек.

Бақыланбайтын күштер мен критикалық тенденциялар қоршаған орта жағынан алдын алуы және оның кәсіпорынға әсер ету мүмкіндігі шектеулі болу керек. өзінің негізгі сипаттарын мақсаты бойынша, идеяны тасушы, проблема, горизонт, интенсивтілігі, қамтылатын облысы және принциптері бойынша ие болады.

Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативті жоспарлау және ұйвм ішіндегі жоспарлау орын алады.

Стратегиялық жоспарлау. “Стратегия” ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында “генерал шеберлігін” береді.

Старатегиялық жоспарлау – ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтаң қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда старатегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.

Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.

Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз – стратегияны іс жүзінде асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері еңгізілді.

Ұйымдық стратегияны ұғыну басқарудағы осыған дейіңгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қортындылай келе, ұйымдаодағы стратегияны анықтап өтейік.

Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі стратегия.

1. ӨНДІРІС:

Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай?

Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала есептелгені орынды?

Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?

Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келеме?

Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін кімнің жасағаны дұрыс?

2. ҚАРЖЫ:

Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?

Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады?

Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?

Қаржы көздері ауқымы қандай?

2. МАРКЕТИНГ:

Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет?

Өнімді өткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек?

Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?

Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?

Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?

3. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

Персоналды (қызметкер құрамын) оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай?

Басшы мен қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар қандай?

Іс-әрекетті бағалау, ынталандыру мұқият орындала ма?

Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?

Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады?

4. МӘДЕНИЕТ:

Әдеп-ғұрып пен дәстүрді қолдауға қандай шаралар қажет?

Фирма репутациясын (беделін) сақтап қалу жолдары қандай?

Ұйымдағы қарым-қатынасты қалайша жетілдіруге болады?

Қоғамдық пікірді жақсарту шаралары қандай?

Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның

болашағын анықтайтын, нақтылы деректермен негізделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асырады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне, осының бәрі стратегилық жоспардың белгілерін анықтап береді.

Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.

Тактика – ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.

Саясат – мақсатқа жетуді жеңілдету үшін шешім қабылдау мен іс-қимылды жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.

Іс-жосығы (процедура) ұйым қызметінің барысы қайталанатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақты бір іс-қимылдың басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бірқатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі болады. Және де процедура нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама (альтернатива) беріледі, ал бұл бірқатар кедергілер мен келіспеушіліктер тудырады.

Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.

Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарғы ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ-та өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бесжылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар, батыстағы ірі концеріндер өзкәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.

Өндіріс пен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.

Тактикалық жоспарлау. Ұйымның дамуын бейнелейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындауда басшылық қысқа мерзімге есептелінген, егжей-тегжейлі тактикалық жоспарға сүйенеді. Тактиканың сипатты белгілері:

1. Стратегиның дамуында әзірленуі;

2. Орта буындағы басшылықтың қабылдауы;

3. Стратегияға қарағанда, қысқа мерзімге есептелінуі;

4. Нәтижені бағалау тез уақытта нақтылы іс-әрекеттің орындалуына қарай жүргізілуі.

Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен

бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.

Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық қызметті орындаудағы әр қилы басқару саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары орын алады.

Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер еңгізіліп, жетілдіріліп отырады,яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.

Индикативті жоспарлау. Қазіргі кездегі өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағадарламаларына негізделегн индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жапонияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді. Оның себебі қоғамдық және жеке, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттағы мүдделерді тепе-теңдікті ұстауда жүйеге әкімшілік араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал етуінде.

Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.

Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.

Индикативті жоспарлау жүйесі: стратегиялық, орта мерзімді және ағымдағы жоспарлардан құралады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер: - әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау; - әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы; - бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер; - ұлттық бағдарламалар.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өдіріс мүмкіндіктерінің, экономиканың сыртқы және ішкі даму теңденциялараның мемлекеттік реттеу жүйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігінің өндіргіш күштердің салалық дамуы мен қозғаласының деңгейін бейнелейді.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басылымдықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылады.

Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің кәсіпорындардың құрылымын, мемлекеттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.

Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегияларемн мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауда бастапқы құрал болып табылады.

Президент Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты Қазақстан халқына Жолдауында айқан көрсетілген.

Ұйым ішіндегі жоспарлау. Жалпы экономиканың жетістіктері оның әрбір субъектісінің, жекелеген фирмалармен кәсіпорындардың өндіріс нәтижесімен анықталады. Сондықтан да қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында өндіріс саласын басқарудың алғашқы буыны – микродеңгейде немесе ұйымдарда – жоспарлауға маңызды көңіл бөлу қажет.

Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын, мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.

Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты: ұйым сыртқы ортасындағы белгісіздік пен тұрақсыздықтың кертартпа зардаптарын жою; күш-жігер мен көңіл-күйді негізгі мақсаттарды орындауға бағыттау; экономикалық қызмет жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады.

Фирма деңгейіндегі жоспарлау ұйым болашағынбейнелей отырып келесі кезеңдерден тұрады:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: