Коммуникацияны жетілдіру 1 страница

Ұйымдағы ақпарат алмасуды жетілдірудің кейбір тәсілдерін қарастырайық. Ақпараттың ағымын реттеу. Басшы өзі және ұйымдағы басқа ақпарат тұтынушыларын ақпарат қажеттілігінің сандық және сапалық жақтарын былай белгілеу керек. Ол ақпараттың алмасудағы минимум мен максимумды анықтауға тырысу керек.

Басқарушылық әрекет. Жоспарлау, жүзеге асыру, бақылау ақпараттық алмасуды жетілдіруге бағытталған басқарушылық іс-әрекеттің мүмкіндігін қалыптастырады. Көздегенді тиімді жүзеге асыруға қажетті жаңа жоспарларды, стратегияның нұсқауларын, мақсаттары мен міндеттерін нақтылау - басшының билігіндегі қосымша іс-әрекеттер.

Кері байланыс ұғымындағы бақылау - басқарушылық ақпараттық жүйенің бөлігін құрайды. Кері байланыс жүйесінің бір варианты белгілі бір сұрақтарды талқылау үшін адамның, ұйымның бір бөлігінен басқа бөлігіне орын ауыстырылуы. Мысалы, қандай қиындықтарға тап болып жатыр, жұмысқа қажетті ақпаратты уақытылы және нақты алып тұра ала ма, басшы ұсыныстарды таңдауға дайын ба, жұмысына әсер етіп болатын өзгерістер туралы хабардар ма т.с.с.

Ұсыныс жинау жүйесі ақпараттың жоғарыға жетпеуін жеңілдету мақсатымен жасалған. Барлық жұмысшылар қоректің кез-келген аспектісін жеделдіруге қатысты ой қозғауға мүмкіндік алады. Мұндай жүйенің мақсаты ойдың төменнен жоғарыға жүру жолында фильтрлеу мен қабылдауды азайту.

Ақпараттық бюллетендер, жариялар. Ірі ұйымдарда барлық жұмысшыларға арналған ай сайынғы бюллетендер шығарып отырады. Мұндай жағдайда басқару, жұмыскерлердің денсаулығын қорғау, жаңа келісім-шарт, өнім мен қызметтің жаңа түрі, «ай жұмысшысын» таңдау, басшылықтың қарапайым жұмысшылар сұрақтарына, жауаптарына шолу жазылған мақалалар кіреді. Жазба материалдар бейне таспалармен толықтырылуы мүмкін.

Қазіргі заманғы ақпараттық технология. Ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктер ұйымдағы ақпарат алмасуды жетілдіруге себептер болды. Компьютер басшылар, көмекші персонал және жұмысшылар тарапынан және алатын ақпаратқа әсер етті. Электрондық пошта, ұйымдағы кез-келген адамға жазбаша хабар беруге мүмкіндік береді. Бұл телефондық әңгімені азайту керек. Сонымен бірге электрондық пошта әртүрлі офистерде, қаладағы, облыстағы, тіпті елдегі адамдар арасындағы тиімді байланыс құралы болып табылады.

Қорытынды

Қолданбалы бағдарламалар пакетін дайындаумен ірі де шағын мамандандырылған ұйымдар шұғылданады. Біреулер бір ғана түрдегі дербес компьютерлер үшін бағдарламалар құруға, екіншілері – дербес электрондық есептеу машиналарының әр түрлілігіне байланысты бағдарламалар пакетін дайындауға бағытталған.

Қолданбалы бағдарламалар пакетін құрумен нақты тапсырыстар мен келісім-шарттар негізінде мемлекеттік мекемелер, университеттер мамандары да айналысады.

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару әдістеріне аса көңіл аудару керек және де әсер ететін факторлардың сипаттарына назар аудару керек.

Әдебиеттер

  1. Анафияева Ж. Менеджмент: Оқу құралы. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, 2008. – 146 б.
  2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
  3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

Тақырып 8 - Менеджменттегі басқару шешімдері

Мақсаты: Басқару шешімдерінің маңыздылығын ашу және оның ұйым қызметі барысындағы орынын анықтау. Басқару шешімдерін қабылдау жолдарын анықтау және оны жүзеге асырудың негізгі жолдарын қарастыру

1. Басқару шешімдері түсінігі

2. Басқару шешімдерінің жіктелуі

3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы

1. Басқару шешімдері-бұл шығармашылық нәтижесі, проблемалық жағдайды шешуге мақсатты бағытталу, даму жолдарын таңдап алу, менеджмент жүйесіне сәйкес әдістер мен тәсілдерді таңдау болып табылады.

Әрбір адам өз өмірінде күнделікті шешім қабылдайды. Бұл шешімдердің кейбіреуі аса маңызды болмаса, ал кейбіреулері аса маңызды және көп ойланып, жан-жақты талдауды қажет етеді.

Менеджерлер үшін басқару шешімдері-бұл тұрақты түрдегі жауапкершілік. Басқару шешімдерінің негізі, кез-келген деңгейдегі басшылардың қызметтері мен жауапкершіліктерін айқын түсіну және ұйым мақсаттарын нақтылап, олардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Басқару аймағындағы табыстылыққа жету үшін кез-келген адам оның мазмұны мен ерекшеліктерін түсіне білуі керек. Басқару шешімдерін өңдеумен қабылдау-бұл басшы қызметіндегі шығармашылықтық процесс. Ол талаптарға сәйкес келесі кезеңдерден тұрады:

- алдыға мақсат қою және оны шешу;

- проблеманы зерттеу;

- қабылданатын шешімдердің жүзеге асырылуы мен тиімділігі анықталады қабылданатын шешімдердің нұсқаларын қарастыру;

- шешімдерді нақты өңдеу және таңдау;

- шешімдерді қабылдау;

- шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету.

Басқарушылық шешімдер – мәселесін жағдай, жолды таңдауға, әдістерге менеджмент жұйесінің мақсатына сәйкес оларды шешудің құралдарына мақсатты бағыттанған талдаудың шығармаларының нәтижесі.

Басқарушылық шешімге болып мәселені жоюдың қажеттілігі, оның маңыздылығының төмендеуі немесе жойылуы, яғни объектілердің шынайы параметрлерінің қалаулы, болжаулы параметрлерге жақындауы. Талдау неғұрлым шынайы себептерді табуға және растуға мүмкіндік береді. Көбінесе әңгіме мына факторлар жайында болады.

Ұйымның қызметі негізделетін дұрыс емес принциптер ұйымның қызметін бағалаудың қате шарттары, бөлімшелер, ұжым және жұмысының қызметін бағалаудың қате шарттары (асырмалы шарттар шынында мәселе жоқ жерде мәселе тудырады, ал төмендетілгендер, керісінше, мәселенің шынайы мәнін төмендетеді);

- алға қойылған мақсаттарға жету процессіндегі бұзушылықтар, олар тек кездейсоқ емес, сонымен қатар,қасақана, ұйымға және тұлғаға зиян тигізу мақсатында жасалған болуы мүмкін;

- күипеген жағдайлар, мысалы, табиғи, техногенді апаттар, Чернобыль оқиғасы сияқты, саяси және экономикалық катаклизимдер.

Көбіне қызығушылықты шешімдерді кезекті өзара байланысқан кезеңдер, басқарушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінің этаптары ретінде қарай отырып қабылдау туғызады.

Басқарушылық шешімге бірнеше жалпы талаптар қойылады.

Жан-жақты негізделетін неғұрлым толық және шыңайы ақпараттың негізінде шешім қабылдаудың қажеттілігін білдіреді. Бірақ бқл жеткіліксіз. Шешім барлық сұрақтарды қамтуы қажет, басқарылатын жүйенің барлық қажеттіліктерін қамтуы қажет. Ол үшін басқарылатын жүйенің қоршаған ортаның даму жолдарын, ерекшеліктерін білу қажет. Ресурстың қамтамасыз етудің, ғылыми-техникалық мүмкіндіктердің, дамудың мақсаттың қызметтерін, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік преспективаларын ұлттық және әлемдік экономиканы талдау қажет. Шешімнің жан-жақты негізделуі жаңа фактолармен ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты, яғни озық кәсіби ойлауды, оның анамистикалық-синтетикалық қызметті іздеуді қажет етеді.

Жаңашылдық әлеуметтік-экономикалық жүйені қажеттіліктері мен міндеттері қабылданған шешімнен қалыс немесе озық болмауын білдіреді. Ерте қабылданған шешім жүзеге асырылуға негіз таппайды және жағымсыз тенденцияларды дамуына импульс болады. Олар тек онсыз да қажетсіз процестерді қиындатады.

Қажетті мазмұнның толықтылығын шешім барлық басқарушылық басқарушы объектісі, оның қызметінің барлық саласын, дамуының барлық бағыттарын қамту қажет екенін білдіреді. Неғұрлым басқарудың жалпы формасындағы шешім мынаны қамтуы қажет:

- қызмет етудің мақсаты (жиынтық мақсаттар) және жүйенің дамуы;

- осы мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен ресурстар;

- мақсатқа жетудің мерзімі;

- бөлімшелер мен орындаушылар арасындағы арақатынас тәртібі;

- шешімдер жүзеге асырудың барлық этаптарында жұмысты орындаудың ұйымдастырылуы.

Құзіреттілік – басқару субъектісінің басқарудың жоғарғы деңгейімен белгіленген құқық пен құзіретті қатаң сақтау. Әрбір орган, басқару деңгейінің жауапкершілігі мен құқықтарының баланстануы – тұрақты проблема. Ол дамудың жаңа міндеттерінің пайда болуымен, регламентация реттеу жүйесінің олардан қалыс болуына байланысты.

Бұрын қабылданған шешімдермен сәйкестік – дамудың қолайсыздығын білдіру. Ол заңды, қаулыларды, бұйрықтарды сақтау үшін қажет. Және ұйымның деңгейінде сәйкестік ғылыми-техникалық, нарықтық, әлеуметтік саясаты, өндірістік аппараттың қызметін жүзеге асыру үшін қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен сәйкестік сонымен қатар қоғамдық дамумен, нақты себеп-салдар байланыс үшін қажет. Қызмет балансы, жүйенің қызмет етудің жаңа шарттарына қанша мемлекеттік бұрынғы шешімдерді алып талдауменен. Бір-біріне қарама қайшы шешімдердің пайда болуы дұрыс емес дамудың, басқарушылық мәдениет деңгейінің төмендігінің нәтижесі.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру жоғары кәсібилік деңгейін және жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік-психологиялық қажеттерін басқару қажет етеді, бұл қасиеттер жоғары білімді адамның барлығында бола бермейді. Шешімдердің қабылдануы мен жүзеге асырып манджменттік мықты бранто – қазіргі---------- құралдары, есептеуші жүйлер мен шешімдер. Олар математика, программалау, техникалық құралдарды қолданудың технологиясында мүмкіншіліктің жоғары деңгейін талап етеді. Бірақ ілімдерді қабылдап, нұсқа таңдау процессінің шығармашылық қалып басады және нақты бір тұлғаға байланысты болады.

Шешім қабылданған кезде, әдетте, үш кезең болады: интуиция, ойлап-талқылау, тиімділік.

Интуицияға сүйеніп шешім қабылдағанда адамдар өзінің ол шешім дұрыс екендігінің сезіміне сүйенеді. Бұны «алдамшы сезім» деуге болады.

Ойлап-талқылауға негізделетін шешімдер, интуициялы шешімдерге ұқсайды, себебі, бір қарағанда оларда логика жоқ сияқты. Бірақ олардың негізінде білім мен тәжірибе жатыр. Бүл шешм жылдам және арзан болғанымен, өте сенімді емес.

Интуициялы және ойлап-талқылауға негізделген шешімдер персаналды басқару кезінде қабылданады. Стратегиялық және практикалық басқару үшін тиімділігін шешімдері қабылдайды олар экономиканың талдау, негіздеу, оптимизация әдістеріне негізделеді.

Шешімдерді адамдар қабылдайтын болғандықтан, оларда менджердің өзіне тән қасиеттер де байқалады. Осыған байланысты теңестірілген, серпінді, инертті, тәуекелді айқампаз шшешімдер ажыратылады.

Теңестірілген шешімдерді менджерлер қабылдайды, олар әдетте, өзінің әс-әрекетіне, гипотезаларына, олардың тексеруге үлкен қырағылықпен қарайды. Әдетте, олар шешімді қабылдамас бұрын, өздерінің бастапқы ойларын қалыптастырып алады. Серпінді шешімдерді қабылдаушылар әр түрлі идеализмді көп мөлшерде қолдана береді, бірақ оларды тиісті мөлшерде тексеріп, бағалар, анықтап алуға мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан шешімдер тиісті мқлшерде негізделген, бәрін болмайды.

Тәуекелді шешімдердің серпінді шешімдерден айырмашылығы – олардың авторлары өзінің гипотезаларын негіздемейді және өздерін болса, қауіптен де қорықпайды.

Инертті шешімдер – байқампаз ізденідің нәтижесінде қабылданады. Мұндай шешімдерде бақылаушы, тексеруші әс-әрекеттер маңыздырақ, сондықтан оларға ерекшелік, жаңалық, өзгешелік бомайды.

Байқампаз шешімдер қабылдау негізінде менеджерлер барлық нұсқаларды бақылайды, бағалайды, сын көзбен қарайды. Оларда жаңашылдық пен өзгешелікпен инертті шешімдер де аз болады.

  1. Басқару шешімдерінің жіктелуі

Басқару шешімдерін көптеген сипаттарына қарай жіктеуге болады.

Ұйымның болашағына әсер ету дәрежесіне қарай шешімдерді стратегиялық және тактикалық деп бөледі.

Уақыт шегіне қарай преспективалық шешімдер туралы айтуға болады, олар болашақта жүзеге асырылуы және ағымдағы шешімдер бүгінгі күннің қажеттіліктеріне байланысты қабылдану.

Басқару субъектісі бойынша мемлкеттік, шаруашылық, кәсіпкерлік және қоғамдық ұймдардың шешімдері болады.

Функционалды тағайындалуы бойынша ұйымдастырушылық реттеуші, координациялаушы, белсенділендіреуші, бақылаушы шешімдерді ажыратамыз.

Қабылдау тәсілі бойынша таңдаулы және жүйелі шешімдер болады. Алғашқысы, әдетте, қарастыратын мәселеге жақын бір немесе бірнеше аспектіге байланысты болады, екіншісі мәселені толығымен қамтып қарастырады.

Шешімді қабылдаушылардың санына байланысты жеке және ұжымдық шешімдер болады.

Қабылдау тәсілі бойынша кеңестің, серіктестік, парламенттік болады.

Ауқымдау көлемі бойынша жалпы және арнайы шешімдер анықталады.

Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор.Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі.Олардың алуан түрлілігін жүйелеу,реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.

Басқару субьектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

1. Әкімшілік шешімі

2. Қоғамдық ұйымдар шешімі т.б.

Басқару обьектісі бойынша шешімдерді жалпы және тікелей,күрделі және қарапайым деп бөледі.Жалпы шешім,әдетте,бүкіл шаруашылықтың мүддесін қорғайды.Жекелей шешімнің жедел сипаты болады,бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету обьектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды,әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен,сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады.Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.Уақыт өлшеміне қарай шешімді:перспективалық,күнделікті(ағымдағы),және жедел деп бөледі.

Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт(3-5 жыл және одан астам) керек.Мәселен,ірі мал шаруашылық кешендерін салу,кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жатады.Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді,еңбек,материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды.Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан,перспективалық жоспарларды көрсетіледі.Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір екі жыл аралығында жүзеге асырылады.Жедел шешім,әдетте,қысқа уақыт ішінде(бірнеше апта,күн,ай) жүзеге асырылады.Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Жекелей шешім-бұл басшының ұжыммен,немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз,әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі.Бұл көбінесе ұсақ түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім.Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін.Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.Алқалы шешім-бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен (алқа,кеңес т.б.) бірлесіп,ақылдасып отырып жасалатын шешім.Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді,әрі онда көптеген мәселелер қамтылады.Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып,сонда қабылданады.Қызметтік мақсатында орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық,технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.А.И.Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында басқару шешімдерін былайша жіктейді.

  1. Мұқият айқындалған типтік шешім,оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейдінемесе шамалы әсер етеді.Бұған кадр мәселелері (жұмысқа қабылдау және шығару),агрономиялық,инженерлік және зоотехникалық малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және т.б.жатады.Мұндай шешімдерді ойластырғанда алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
  2. Ынталы шешім,яғни онша айқындалмаған шешім,мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
  3. Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған жетуді көздейді.Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды.Мұндай шешімнің мысалына кәсіпорындағы ғылыми техникалық прогресті,оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы мүмкін.Атап көрсететін жайт,мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті түрде сол шаруашылықтың жұмыскерлері,оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы тиіс.

Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді.Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі,былайша айтқанда,шешімнің математикалық теңдеуі.Әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі,сондықтан да таңдау ісі ұйым белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс.Бағдарланбаған шешім біршама жаңа,ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады.Мұндай шешімдерге мыналар жатады:ұйым мақсаты қандай болу керек,басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек.Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептері аталған факторлардың біреуі болуы мүмкін.Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады.

3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы

Шешімдерді қабылдау технологиясы дегеніміз – оның құрамы мен керектілігі, олар ұйымның мәселелерін шешуге әкеледі. Менджерді алаңдататын басты мәселе – нақты басқарушылық мәселені шешіміз. Ол үшін шешімдердің белгілі бір керектілігі қажет, ал бастысы – олардың жүзеге асуы. Сондықтан келісім бір мезеттегі ант емес, ол белгілі құрылымы бар, уақыт бойынша дамитын процестің нәтижесі.

Жағдайды талдау

нәтижелерді мәселенің

бақылау, идентификациясы

бағалау

 
 


Жүзеге асыруды Таңдау

критерийлерін

басқару анықтау

       
 
   
 


шешімдегі баламаларды

келіспеушілік құру

 
 


Баламаны таңдау

Сурет 1 - Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі

Шешімдерді қабылдау процессі - басқару субъектісінің іс-әрекетінің йиклді жүйесі, олар ұйымның мәселелерін шешуге бағытталған, шешім қабылдағанда жағалай талданып, оның орындалуы да қарастырылады.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің кезеңдерінің құрамы мен кезектілігі. Шешімдерді қабылдау процесінің кезеідерін қарастырсақ.

Жағдайды талдау. Басқарушылық шешімді қабылдау қажеттілігі сыртқы не ішкі әсерден белгі берілген кезде туындауды, ол жүйенің қызмет етуінің ауытқуына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан шешімді қабылдаудың басты шарттарының бірі – жағдайды талдау.

Жағдайды талдау ақпаратты жинауды және талдауды қажет етеді. Сыртқы ортаның негізгі орталықтарының жағдайы, ұйымның жұмыстары туралы мәліметтер менджерлер мен мамандарға түседі. Олар ақпаратты классификацияламайды, талдайды нақты мәндерді жалғанған мәндермен салыстырад, шешу қажет міселелерді анықтайды.

Мәселені идентификациялау шешімді қабылдаудың алғашқы қадамы - осы анықтап алу. Мәселенің мәніне екі көзқарас бар. Біріншісінде мәселе ретінде алға қойған мақсат орындалмағанда не алынған бағыттан ауытқу болған жағдай қарастырылады. Екіншісінде - нәтижелілікті көтеру мәселесі. Екеуін қосып, мәселе ретінде қалаулы мен шынайы жағайлардың бөлінуін қараймыз.

Ұйымда барлық жұымстар мен элименттер өзара байланысты екенін ұмытпауымыз керек, ұйымның бір мәселесінің шешілуі – екіншісі мәселені қалдыруы мүмкін. Сондықтан мәселені шешкенде одан туындайтын басқа мәселелер минималды болу керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: