Жалпы ережелер. 1. Осы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) халықаралық

1. Осы Бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі - талаптар) халықаралық бағалау стандарттарын пайдалана отырып, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) негізінде әзірленді және бағалау туралы есептің нысаны мен мазмұнына, бағалау туралы есепте пайдаланылатын ақпаратқа, сондай-ақ әдіснамада және есептеуде қолданылатын бағалау туралы есептегі сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы талаптар Қазақстан Республикасының аумағында бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде қолдануға міндетті болып табылады.
3. Бағалау туралы есеп бағалау жүргізу қорытындысы бойынша жасалады. Бағалау туралы есеп Заңға, осы талаптарға, халықаралық стандарттарға және бағалау қызметі стандарттарына сәйкес жасалған құжатты білдіреді.
4. Есептің тапсырыс берушісі - бағалау объектісінің меншік иесі немесе бағалау туралы шарт жасауға құжат түрінде расталған негіздемесі бар өзге де адамдар, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда сот немесе уәкілетті орган.

11.2. Бағалау туралы есептің мазмұнына қойылатын талаптар

5. Бағалау объектісінің түріне қарамастан, бағалау туралы есепте мынадай міндетті бөлімдер мен бөліктер қамтылады:
1) титул парағы;
2) ілеспе хат (тапсырыс берушінің келісімі бойынша);
3) есептің мазмұны;
4) біліктілік сипаттамалары көрсетілген бағалаушылар тізімі;
5) есеп туралы жалпы мәліметтер;
6) бағалау объектісінің жалпы мәліметтері және сипаттамасы;
7) есептің есептеу бөлігі;
8) есептің қорытынды бөлігі;
9) қосымшалар.
Осы тармақтың 1-6) тармақшаларында санамаланған есептің бөліктері оның қосымшаларын есептемегенде, есеп мазмұнының жартысынан аспайды.
6. Титул парағы мыналарды қамтуы тиіс:
1) есептің атауы;
2) есептің нөмірі;
3) есептің жасалған күні;
4) объектінің атауы және орналасқан жері;
5) бағалау күні;
6) бағалау туралы шарттың нөмірі және жасалған күні;
7) айқындалатын құнның түрі (үлгісі);
8) тапсырыс берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты, оның орналасқан жері, банктік деректемелері;
9) бағалаушының толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты оның орналасқан жері, банктік деректемелері, бағалаушы мүшесі болып табылатын Бағалаушылар палатасының атауы;
10) бар болса, мөрмен куәландырылған есепті бекіткен адамның тегі, аты, әкесінің аты және қолы.
7. Ілеспе хатта мыналар қамтылады:
1) бағалаудың мақсаты мен нысанасы;
2) бағалау объектісін сәйкестендіретін жалпы ақпарат;
3) есепте пайдаланылған бағалау амалдары мен әдістері;
4) бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы.
8. Есеп мазмұны беттері көрсетілген оның құрамына енген
бөлімдерді (кіші бөлімдерді) көрсетеді.
9. Біліктілік сипаттамалары көрсетілген бағалаушылар тізімі.
10. Есеп туралы жалпы мәліметтер:
1) бағалауға тапсырма:
бағаланатын объект;
объектінің меншік иесі;
объектінің орналасқан жері;
бағаланатын құқық;
бағалау мақсаты;
бағалау түрі (бастамашылық немесе міндетті);
бағалау нысанасы (объект не үшін бағаланады) және осымен байланысты кез келген шектеу;
бағалау күні (бағалау жарамды болатын күн немесе уақыт аралығы) және есептің күні;
бағаланатын мүліктің (жылжымалы, жылжымайтын мүлік, жұмыс істейтін кәсіпорын (бизнес) немесе бағалауға жататын басқа да мүлік, сондай-ақ негізгі объектіден бөлек бағалауға енген мүліктердің басқа да сыныптары) сәйкестендірілуі;
мүліктік құқықтардың сәйкестендірілуі (жеке немесе мемлекеттік меншік, дара кәсіпкерлік, заңды тұлға немесе ішінара құқық, мысалы, жалға алу);
белгіленетін құнның базасы мен үлгісін айқындау;
2) бағалаушының біліктілік сипаттамалары:
егер бағалауды бағалаушы орындаса - жеке тұлға (дара кәсіпкер) туралы мәлімет;
егер бағалауды бағалау компаниясы орындаса бағалаушы, заңды тұлғаның лицензиясы туралы мәлімет;
бар болса, бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы мәлімет;
3) бағалауды жүргізу кезінде бағалаушы пайдаланған жорамалдар мен шектеу шарттары;
4) бағалау кезінде пайдаланылған құжаттар тізбесі:
бағалау үшін пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілер;
бағалау стандарттары;
бағалаушы пайдаланатын және бағалау объектісінің сандық және сапалық сипаттамасын белгілейтін құжаттар тізбесі;
оларды алған дерек көздері көрсетілген бағалау жүргізу кезінде пайдаланылған деректер тізбесі;
5) есепте қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар.
11. Жалпы мәліметтер және бағалау объектісінің сипаттамасы:
бағалау объектісі тексерілген күн;
объектінің сипаттамасы мен жай-күйі;
объектінің құрамы;
бағалау объектісінің нысаны мен ағымдағы пайдаланылуы;
бағалау объектісі орналасқан жердің сипаты;
құрамы тиісті стандарттарда белгіленетін бағаланатын объектінің негізгі сипаттамаларының сипаты;
кредит беру мақсатында кәсіпорындарды және ірі жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау кезінде қосымша мыналар көрсетіледі:
өңірдегі жалпы экономикалық ахуалға және әлеуметтік-экономикалық ахуалға шолу;
бағаланатын объектінің нарығында ағымдағы белсенділік пен беталыстарға шолу;
салалық шолу (егер белгілі бір тауарларды (қызмет көрсетулерді) өндіру ұйымдастырылған мүлік кешенінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік бағаланатын жағдайда жасалады).
12. Есептеу бөлігі мыналарды қамтиды:
1) бағалау әдіснамасы:
үш амалдағы әдіс мәнінің қысқаша жазылуы және осы есепте қолданылған амалдарды таңдау негіздемесі;
таңдап алынған амалдар/әдістер қолданылған бағалау процесінің сипаты;
2) шығындық амал әдісімен орындалған есептер мыналарды қамтиды:
шынайы ақпарат көзіне сілтемемен бағалау объектісінің толық қалпына келтіру құнының есебі;
жинақталған тозу есебі;
3) нарықтық әдіс амалымен орындалған есептер мыналарды қамтиды:
салыстырылатын объектілерді (кемінде екеу) таңдау;
салыстырылатын объектілер туралы ақпарат көздері, соның ішінде:
баспа басылымы үшін баспаның атауы, жылы, баспаның нөмірі, бетінің нөмірі көрсетіледі;
интернет-ресурстар үшін сілтеме, интернет-ресурстың атауы және /немесе компанияның атауы, тиісті сілтемеге жүгінген күні көрсетіледі;
электрондық почтамен алынған деректер басып шығарылады және қағаз нұсқасында тігіледі;
әрбір салыстырылатын объект үшін салыстыру бірлігі құнының түзетілген мәнінің есебі;
4) кірістік амал әдісімен орындалған есептер мыналарды қамтиды:
ақша ағынының болжамы;
кірістер мен шығыстар шамасының есебі;
дисконт ставкаларының және (немесе) капиталдандыру ставкаларының есебі;
терминалды (реверсиялық) құн есебі (қажет болған жағдайда); нарықтық құнының есебі;
5) «Бағалау нәтижелерін келісу» бөлімі мыналарды қамтиды: бағаланатын мүліктің ерекшеліктерін талдауға және бағалау нысанасына негізделген бағалау нәтижелерін келісу әдісінің негіздемесі, оған байланысты қорытынды құн ретінде тек бір нәтиже немесе мүлікті бағалаудың бірнеше алынған нәтижелерінің өлшенген шамасы қабылданады.
13. Есептің қорытынды бөлігі объект құнының шамасы туралы жиынтық қорытындыны қамтиды.
Құнның қорытынды шамасы Қазақстан Республикасының валютасында (теңгемен) көрсетіледі және жақшада осы сома жазбаша толық жазылып, мың теңгеге дейін дөңгелектелген цифр түрінде көрсетіледі. Тапсырыс берушімен уағдаластыққа сәйкес қорытынды баға бір теңгеге дейінгі дәлдікпен көрсетілуі мүмкін.
Төменде егер бағалау туралы есеп жасалған күннен бастап бағалау объектісімен мәміле жасалған күнге немесе жария оферта ұсынылған күнге дейін алты айдан аспаған болса, «Бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау объектісі құнының қорытынды шамасы, бағалау объектісімен мәміле жасау мақсаты үшін ұсынылады деп танылуы мүмкін» деп көрсетіледі.
Есептің қорытынды бөлігіне бағалау және есепті жасау жұмыстарына қатысқан бағалаушылар қол қояды.
14. Есепке қосымшаларда мыналар қамтылады:
1) осы талаптың 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бағалау
объектісін тексеру актісі;
2) Палатаға мүшелік туралы куәліктің көшірмесі;
3) бағалау объектісінің фотосуреті (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін);
4) есептеу кестелері (егер олар болса);
5) кәсіпорындардың активтер тізбесі және олардың нарықтық құны бар кестелер (қажет болса);
6) «Жылжымайтын мүліктің құнын бағалау» бағалау стандартының 17-тармағына сәйкес бастапқы деректер.

11.3. Бағалау туралы есеп нысанына қойылатын талаптар

15. Бағалау туралы есепке қосымша мыналарды қамтиды:
1) тексерілген күні, осы кезде қатысып отырған бағалаушының, тапсырыс берушінің және/немесе меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген бағалау объектісін тексеру актісін қамтиды және жоғарыда көрсетілген адамдардың қолы қоюы арқылы куәландырылады, бағалау объектісі қаржылық мүдде немесе басқа да материалдық емес бағалау объектілері болып табылатын жекелеген жағдайларда тексеру актісі талап етілмейді;
2) мынадай:
айқындалатын құнды есептеуді жүргізуге және есепке сараптама жасау кезінде ұқсас нәтижелерге әкелуге мүмкіндік бере отырып, бағалау объектісі жан-жақты сипатталатын;
қағаз тасымалдағышта көрсетуге болатын және бағалаушының мұрағатында бес жыл бойы сақталатын есептің данасына қоса берілетін дерек көзге нақты сілтемелермен расталған маңызды ақпарат;
3) бағалау стандарттарына сәйкес құнын есептеуді жүргізу негізделетін, қолданылатын амалдар мен тәсілдердің қысқаша сипаттамасы.
16. Титул парағынан басқа, бағалау туралы есептің парақтары беттері бойынша нөмірленеді, тігіледі және бағалауды жүргізген бағалаушылар әр бетіне қол қояды, бұл ретте факсимилені пайдалануға жол беріледі.
Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және дара кәсіпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрімен куәландырылады.
Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғаның есебіне бағалаушы (бағалаушылар) қол қояды, заңды тұлғаның басшысы бекітеді және мөрмен куәландырылады.
17. Шартта белгіленген тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес бағалау туралы есеп мынадай шарттар сақтала отырып орындалады және тапсырыс берушіге электронды түрде беріледі:
1) жіберілген есеп бағалаушыда қатаң дискіде есептердің электрондық базасында және көшірмесі лазерлі дискіде сақталады;
2) есеп автордан басқаға тапсырыс берушінің келісімімен, оған өзгерістер енгізуден есепті сенімді қорғауға мүмкіндік беретін форматта беріледі;
3) мұрағатта қағаз тасымалдағыштағы данамен есепті жіберушінің электронды мекенжайы, есепті берген оператордың тегі, аты, әкесінің аты, қабылданған күні мен уақыты туралы мәліметтері бар файлдардың басып шығарылғандары, сондай-ақ тапсырыс берушінің есепті алғанын растайтын ақпарат тігілуі тиіс;
4) егер тапсырыс берушіге электронды тасымалдағышта есепті беру қажет болған жағдайда, электрондық есеп бағалаушыда электронды цифрлық қолтаңбасы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте бағалаушының мұрағатында тапсырыс берушінің осы есепті қабылдағаны туралы қолбелгімен қағаз тасымалдағыштағы есептің нұсқасы сақталуы тиіс.

Өз-өзiн бақылау сұрақтары:

1. Бағалау туралы есепке қандай қосымша бар?

2. Бағалау туралы есептің мазмұнына қандай талаптар қойылады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

17. Закон Республики Казахстан от 30.11.2000 № 109–II «Об оценочной деятельности в Республике Казахстан» «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценочной деятельности» от 09.11.2009 № 197– 4 Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации: институты и механизмы развития Казахстана – Алматы, 2007, - 18 с.

18. Стандартты оценки Республики Казахстан Утвержден приказом Министра юстиции Республики Казахстан


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: