double arrow

Кіріспе 3 страница

3.Ет-сүттін исін бұзаттындар: орман сарымсағы, пияз шытыр,қыша.шөлден барлық жерлерде өседі.

4.Пішен күйінде малды жарақаттайтындар: түйетікен,селеу,қылтаншөп, мысыққұйрық.

5.Сүттің бұзылуына ықпал ететіндер: татыран,сүттіген.

Алдын ала күрес. Улы шөптердін ұрығын шашпай тұрғанда шауып тастау,карантин орнату, тұқым сепкенде улы немесе зиянды өскен жерді оттау аркылы жүргізеді.

Дәріс №6 Шабындықтарды және жайылымдарды пайдалану

Жоспар:

1. Жайылымды тиімді пайдалану жолдары.

2. Шабындықтарды тиімді пайдалану.

1. Жайылымды тиімді пайдалану шараларына мал қажетті жер отынның режимін, жайылымның азықтық сыйымдылығын анықтау, оны мал дәрігерлік-зоотехникалық зерттеу, суат сапасы, отарларды, үйір мен табындарды мал санына ыңғайлап құру, мал дәрігерлік қамту, мал көшірілетін жайылымдарға малды дұрыс орналастыру, оны алыстағы жайылымдарға айдау, мал жаю жүйесі мен техникасының тиімді жүйесін жүзеге асыру, ауыспалы жайылымдарды ұйымдастыру, т.б. жатады.

Жайылым – мал үшін табиғи ем. Өйткені қыс бойы қорада тұрғандықтан пайда болған кейбір жұқпайтын аурулар жойылады. Күннің көзі, таза ауа, көгал бәрі-бәрі малға жақсы әсер етеді.

Жайылымдық шөптердің құнарлылығы да өте жоғары. Олдар белокқа бай, барлық аминқышқылдары түрлерімен толықтырылған, углеводтар, минералды тұздар және витаминдер де ойдағыдай болады.

Мал жайылымда өзіне керекті шөп түрін және өсімдіктің тек жапырағы мен бұтағын өсу кезеңіне сәйкес таңдап жейді. Сондықтанда жайылымдық азықтың қуаты пішенге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Жайылымдарды дұрыс пайдаланбау, малды жүйесіз жаю оның өнімділігінің өте төмендеп, онда өндірілетін өнімнің өзіндік құнының артуына әсер етеді.

Жайылымды пайдаланудың айдап және шалғай жайылым деп аталатын екі жүйесі бар.

Малды айдап жаю деп егер жайылым фермадан 2-3 шақырым қашықта болып, малды сонда жайып қайтқанды айтамыз. Бұл жүйеде мал қосымша жеммен, көк азықпен, сурлеммен азықтандырылып, суарылады.

Егер жайылым мал қорасынан 100км және одан да астам қашықта орналасса, шалғай мал жайылымы дейміз. Қазақстанда мұндай жайылым өте көп. Шалғай мал жайылымында мал түнейтін, сиыр сауатын лапастар, сонымен қатар мал күтушілерге ұй салынады.

Малды бір жайылымнан екінші жайылымға айдағанда, олардың жүретін жолдын белгілеп, әрбір 6-8 км қашықтықта мал қанып ішетін су көзі болуы керек. Оның өзен, арық көл және құдық болуы мүмкін.

Мал жаю әдістері. Негізінде мал жаюдың үш әдісі қолданылады: 1.Еркін немесе жүйесіз жаю; 2. Өрістеп немесе жүйелі жаю; 3. Арқандап жаю.

Мал еркін жайылғанда жайылымның әр өрісіне реттеп жаю мүмкігшілігі болмайды. Өрістеп жаю кезінде, жайылым бірнеше өріске бөлінеді және оларда көк шөптің өсіп-жетілуіне сәйкес мал кезек жайылады.

Арқандап жаю әдісі екпе жайылымда, мал саны 20-дан аспағанда қолданылады. Бұнда көк шөп өрістеп жаюға қарағанда өте тиімді пайдаланылады. Бұл әдіспен сүтті сиырларды және асыл тұқымды бұқаларды жаяды.

Малды өрістеп жаю жайылымды тиімді пайдаланудың негізі болып саналады. Өйткені малды еркін жайғанда олар бүкіл жюайылымды шарлап, тек құнды өсімдіктерді ғана теріп жейді.

2. Бұрынғы ССРО-да 35 млн.га табиғи шабындық бар. Соның 45 проценттен астамы орманды аймақта орналасқан, 35 проценті орманды-далалық және далалық аймақтарда, 452 мың га қуаң далалық аймақта 2100 мың га, шөл шөлейт аймақтарда – 10 процент, яғни 2756 мың гектар, таулы аймақтарда 7 процент, тундра және орманды-тундралы жерде 2 процент шабындық жер кездеседі.

Осы табиғи шабындықтардан дайындаған пішен барлық жиналған пішен қорының 50 процентін құрады. Қалған пішен көпжылдық екпе шөптерден дайындалады. Бұдан табиғи шабындықтардың өнімі жыл сайын өте төмен болатындығын көреміз.

Біз жыл сайын табиғи шабындық пен жайылымдықтан 140 млн.т азық өлшемін алуымыз керек. Мал шаруашылығын толық жемшөп қорымен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 112 млн.т пішен, 865 млн.т пішендеме, 330 млн.т сүрлем және 860 млн.т көк азық өндіруіміз керек.

Пішен – қыстық азықтың ең негізгісіне жатады. Қыс айларыда мал пішеннен 40-45 процент азық өлшемін және 50 процент қорытылатын протеин алады.

Шөп шабу мерзімін дұрыс анықтау шабындықты тиімді пайдаланудың ең негізгі әдісі болып табылады. Өйткені ол пішен өніміне әсер етіп қана қоймай, алынған азықтың құнарлылығына және өсімдік көгінің қайта көктеп шығуына тікелей әсер етеді. Егер өсімдіктерді кеш шапса оның қайта көктеуі нашарлайды.

Шөптесінді жер бетінен шабу биіктілі, пішен өніміне және оның сапасына тікелей қатысы бар. Шөпті шабу биіктігін дұрыс сақтау – пішен өнімінің кепілі.

Дәріс №7 Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығы

Жоспары:

1. Көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығына сипаттама

2. Агротехникалық ерекшеліктері

1. Тұқым шаруашылығының негізгі міндеті-сортты тұқымдарды көбейту, олардың тазалығын,биологиялық және өнімділік қасиетін сақтау болып табылады. Бұл мал шаруашылығынөркендетудің ең басты көзі алдымен жемшөп негізінен табиғи жайылымдар мен шабындықтарды түбегейлі жақсартумаен бірге ол жерден, әсіресе суармалы егістіктерден сапалы пішен дайындау арқылы қолжетеді. Әріне бұл міндет көпжылдық шөптердің егіс көлемі мен олардың өнімін арттыру арқылы шешіледі. Сондықтан да көпжылдық шөптердің тұқым шаруашылығын дұрыс жолға қою керек. Бірақ көптеген колхоздармен совхоздарда шөп тұқымының жоқтығы оның егіс көлемін кеңейтуге кедергі жасап келеді. Әрбір шаруашщылықта жылма-жыл жеткілікті мөлшерде жоғары сапалы шөп тұқымаы болмайынша, өзіндік құны арзан жем-шөп дайындау, екпе шөптердің көлемін арттыру және табиғи жайылымдар мен шабындықтарды жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді суармалы екпе жайылым және шабындық жасау мүмкін емес.

Республика шаруашылықтарында қазіргі уақытта шөп тұқымын өсіруді дұрыс ұйымдастырып, оның көлемін кеңейту және өнімін арттыру үшін қажетті мүмкіншіліктердің бәрі бар.Шөп тұқымын өндіруге материалдық ынталандыру шаралары арттырылды және мемлекетке сату бағасы жоғарылады.Мысалы жоңышқаның бір центнер тұқымның бағасы 300 сомнан асты.

Көптеген аудандарда аудандастырылған шөп соттарының жоғары репродукциялы- товарлы тұқымдарын өсіретін шаруашылықтар құрылады. Республикамызда мұндай колхоздар мен совхоздар қазірдің өзінде 110-ға жетті.

Елімізде ауыл шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтттарының облыстық, мемлекеттік ауыл шаруашылығы жоғар оқу орындарының көптеген саналатын тәжірибе және оқу шаруашылықтары қабылданған тұқым шаруашылығы жүйесіне сәйкес шөптің элита бірінші репродукциялы тұқымдарын өндірумен шұғылданады.

Бұл шаруашылықтарда жаңадан аудандастырылған шөп тұқымын өсіріп,бұрыннан келе жатқан сорттарды жақсарту жұмыстарымен шұғылданады. Сонымен бір жағдайда тұқымды сорт алмастыруға және екінші ретте сорт жақсартуға пайдаланады. Колхоздармен совхоздарда сорт 5-6 жылдан кейін бір рет жаңартылады.

Жоғарыдағы тәжірибе шаруашылықтардың арнаулы тұқым шаруашылығына элита тұқымы келіп түседі. Олар бірінші және екінші репродукциялы тұқым өсіріп көбейтеді. Ал колхоздар мен совхоздар өздерінің тұқым учаскілеріне екінші және үшінші репродукциялы тұқымдар өсіреді. Малазығы үшін үшінші және одан да кейінгі репродукциялар қолданылады.

Көпжылдық шөптердің тұқымын алуға бірінші кластан төмен сорттар пайдаланбайды. Егер шаруашылықта аудандастырылған шөптің сортты тұқымы болмаған жағдайда, шабындық пен жайылымдық жерлерден ең жақсы жергілікті сорт тұқымын жинап алады.

Жаңадан жинап алған тұқымды кептіру керек ижәне күн көзіне дегдітіп, жел жақсы алмасатын қоймаға сақтайды.

Көпшілік астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымы қауызды, қылтанақты болғандықтан тұқым себу кезінде бір-біріне жабысып, жерге түсуі нашарлайды. Сондықтан да қылтықсыз арпабас, шалғындық түлкіқұйрық биік үйбидайық тұқымын арнаулы елеуіштен өткізіп, олардың сусу қасиетін жоғарлатады. Бұл жұмысты тұқым себуден 1,5-2 ай бұрын жүргізеді. Ондағы мақсат- тұқымның өнгіштігін жоғалтпау.

Кейбір өсімдіктер тұқымын,ының қабығы өте қатты болады. Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктер тұқымының қабығын бұзады. Мұндай тұқымдардың өніп шығуы жылдамдайды. Оған қосымша бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымын нитрогинмен дәрілейді.

Көпжылдық шөп тұқымын себуге 2-3 жеті бұрын түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы улы заттармен өңдейді. Бұл жұмысты арнаулы жерлерде, ауылдан, мал қораларынан қашық жерде жүргізеді. Тұқымның әрбір центнеріне 100-200г улы зат қажет.

Сапалы тұқым- мол өнімнің кепілі. Сол себепті ұрық алу үшін көп жылдық шөптерді жақсы алғы дақылдардан кейн орнпластыру керек.

Қазақстанның қуаншылық орманды- далдалы, далалы және қуаң далалы аймақтарында ылғалды ойпат жерлерді тұқымдық шөп егуге қалдырады. Сор, жеңіл, құмдақ, қышқыл топырақты және арам шөп мол өсетін жерлер жарамайды.Ең жақсы алғы дақыл- отамалы дақылдар (картоп, тамыржемістілер), орташа- күздік дақылдар (қара бидай және бидай) және бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптер:сиыржоңышқа және мал азғындық бұршақ, нашар алғы дақылдар – сұлы, арпа және бір жылдық үйбидайық.

Жоңышқа, қызыл беде тұқымын орман немесе бұталы жерге жақын еккенде тозаңдатқыш жабайы аралар көп болады.

Көпжылдық шөптердің селекциялық және жергілікті сорттарын іріктеп алып (суперэлита) питомник жасаған кезде жаңадан егілетін сорттың тұқымын алдын ала солтұқым көбейтілген учаскіден алынады. Егер ондай учаске бірнешеу болса, онда питомникке егілген тұқым егіні ең бітік шыққан учаскелерден алынады да, себер алдында араластырады. Ірітелген тұқым егілетін питомникке кең таралған тұқым сорттры себілетін болса, онда тұқым ғылыми- зерттеу мекемелерінің тұқым учаскелерінен ғана емес, сонымаен қатар колхоздар мен совхоздарының егістерінен де тікелей тандап алынады.

Топырақ, ауа райы жоғары агротехника жағдайында өскен учаскелерден іріктеліп алынған тұқым иатериалы да себер алдында араластырылады. Бұл оның өңгіштігін арттырады.

Агротехникалық ерекшеліктері. Арнаулы тұқымдық алқаптарда тұқым өсіргенде негізіне, тұқымның жоғары өнімін алуына мүмкіндік жасайтын мынадай технология элементтерін белгілей отырып көпшілік мақұлдаған шөптерді мал азығына өсіру технологиясын қолданған жөн:

1.Ылғалдылығы жоғары учаскелерде орналастыру.

2.Ең жақсы арамшөптерден таза алғы дақылдардан кейін, ең жақсысы тыңайтқыш енгізілген сүртанаптан кейін орналастыру.

3. Бұршақ тұқымдас шөптерді тозаңдатқыш жәндіктердің ұялары орналасатын жерлерді ескере отырып, орман маңайына және т.б жерлерге орналастыру.

4. Себу мерзімін сақтау арқылы қуаншылық аудандарда ерте көктемде, астық тұқымдастарды қысқа қарай себуге болады (тамыз айының бірінші он күндігі).

5. Топырақты ұқыпты түрде өндеу және себу алдында міндетті түрде тығыздау.

6. Кең қатарлы әдіспен себу- бұршақ тұқымдастар 45-60см, астық тұқымдастар 23-46 немесе 30-45см.

7. Себу мөлшерін мал азығына себу мөлшерімен салыстырғанда төмендету.

Дәріс №8 Мал азықтық егін шаруашылығы

Жоспары:

1. Сүрлемдік дақылдар

2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар

3. Көпжылдық астық тұқымдастар

4. Біржылдық бұршақ тұқымдастар

5. Біржылдық астық тұқымдастар

6. Малазықтық тамыржемістілер

7. Мал азықтық бақша дақылдар

8. Жемазықты дақылдар

Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қзақстанда малдар қорада тұратын кезеңде және жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі.

Одан басқа аз тараған және дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері және судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты- сүрлем алу және жаздың екінші жартысында (тамыз- қыркүйек басында)жасыл балаусамен үстеме азықтандыру.

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме,дәруменді шөп ұны және жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а.ө-ге 180-250г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын амин қышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен,пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.

Бір жылдық шөптер пішен, пішендеме, жемазық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ,ноғаттық, т.б. жатады.

Малазықтық тамыржемістілер күзгі- қысқы мерзімде шырынды диетикалық және дәруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сәбіз, тарна, турнепс өсіріледі. Қазақстанда бұл дақылдардың үлесі аз.

Аз тараған, дәстүрлі емес малазықтық өсімдіктерге жерсіндірілген, табиғи флорадан енгізілген немесе ертеде бұл аймақта өсірілмеген мәдени дақылдар жатады, қазіргі уақытта олар аз өсіріледі.

Мал азығының бірнеше жіктеуі бар. Мысалы, барлық мал азығын екі топқа бөлуге болады: өсімдік және мал өнімдерінен жасалатын, ерекше топқа минералды және дәруменді үстеме қоректену жатады.

Жасыл балауса- өте арзан мал азығы. Табиғи малазықтық жерлерде малды жаю әдісі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ең арзан ет өнімін береді.

Көптеген аймақтарда пішен, сабан, топан мал азығының рационының негізгі, ал қыс кезеңінде барлық малға жемшөп болып табылады.

Пішен. Оның қоректілігі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, шөптердің жиналу мерзіміне, кептіру және сақтау әдісіне байланысты. Гүлдену кезеңіңде жиналған бұршақ және астық тұқымдас шөптерден жасалған пішен өте құнарлы болып саналады. Пішеннің сипаттамасын берерде оның ботаникалық құрамын бағалау керек.

Пішеннің ең құнды бөлігі- бұршақ және астық тұқымдас өсімдіктер. Қалған шөптердің бәрі әр түрлі шөптер тобына жатады. Көп тұрып қалған, әрі түрлі шөптерден жасалған пішен қоректілігі өте төмен, өйткені өсімдіктің ең маңызды бөлігі- жапырақтар жылдам түсіп қалады.

Пішендеме. Пішендеме дайындауда ғылыми дәлелденген технологияны сақтаған жағдайда, көпжылдық біржылдық және шалғындық шөптерден консервілеу әдісі ең тиімді деп есептеледі.

Сабан. Сүтті мал шаруашылығы қарқынды жүргізген жағдайда және малдардың жоғары өнім алу үшін рационында сабан болмау керек, бірақ та орташа сауын сүт 2500-3000кг болғанда сабан мал азығы ретінде берілуі мүмкін. Өте жоғары сұлы, арпа, тары және бұршақ тұқымдас өсімдіктер сабаны бағалы болады. Қоректілігі дәнді астық астық дақылдардың түріне байланысты.

Топан. Ол масақ бөліктерінен, жапырақтардан, дәнді және арамшөп өсімдіктердің тұқымынан тұрады. Қоректілігі бойынша топан сол өсімдіктің сабанынан біршама жоғары. Тек 100кг сұлы топаннында 42 азықтық өлшем болады. Топан нашар кебеді, ылғалды жеңіл сіңіреді, нашар сақталады. Азықтандыру алдында оны буландырады, сулап алады, шырынды мал азығымен араластырады немесе мал азығын сүрлеуде қолданылады. Бапталмаған қылтығы бар астықтьың топанын малдарға беруге болмайды. Беде, ноғаттық және майбұршақ топанының қоректілігі өте жоғары және жақсы желінеді.

Бұтақты мал азығы. Орманды аймақтарда ешкі мен қойларды бұтақты мал азығымен азықтандырады. Оны жазда қайың, жөке ағаштың, шетеннің, көктеректің жапырақтанған бұтақтарынан дайындайды. Жапырақтар мен кептірілген бұтақтарды жуаңдығы 30-40см етіп байлап құрғақ қора-қопсыда сақтайды. Жапырақты ағш тұқымнан жасалған бұтақты мал азығы қоректілігі бойынша орта сапалы пішенге тең.

Шырынды мал азығы көп малазықтық дақылдар тобы мен сүрлемді біріктіреді. Бұл мал азығында көп мөлшерде су және аз мөлшерде құрғақ зат болады. Тамыржемістілер және түйнекжемістілер жеңіл қорытылатын қоректік заттар- көмірсуларға бай. Олардың кейбіреулерінде дәруменкөп, бірақта протеин, кальций, фосфор аз.

Тамыржемістілер. Малдарды азықтандыру тәжірибесінде малазықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз,қант қызылшасы кең қолданылады.

Жартылай қант қызылшасы құрамы және малазықтық сапасы бойынша малазықтық және қант қызылшасының ортасында тұрады.

Сәбіз- жас малдарға, құстарға, буаз сиырларға және шошқаларға таптырмайтын мал азығы.

Турнепс құрамы 90-92% су болады, сондықтан ол нашар сақталады. Оны малға жинағаннан кейін сақтамай бірден береді. Турнепсті көп бергенде сүт және сүт өнімдерінің сапасы төмендейді.

Бақша дақылдары. Бақша дақылдарына малазықтық қарбыз, қауын, асқабақ, жатады. Мал ағзасына химиялық құрамы және физиологиялық әсер етуі бойынша олар тамыржемістілермен бірдей. Бақша дақылдарын малдарға әдетінше ұсақ турап шикі түрінде береді.

Жемазықты дақылдар. Сүрленген жемшөп. Сүрлеу – жасыл балаусаны және басқа шырынды мал азығын консевілеудің ең арзан әдісі. Дұрыс дайындалған сүрлем қоректік заттар мөлшері бойынша алғашқы шикізат мөлшерінен кем емес. Бір сиырға орташа есеппен 8-10 тонна сүрлем салу керек деп есептелінеді.

Құрама жем азығына астық, бұршақ тұқымдас дақылдардың дәні және майлы дақылдардың тұқымы мен олардың өндірісінің қалдықтары жатады. Астық дақылдарының дәнінде 70% дейін крахмал және 8-14% протеин болады, бірақта минералды заттар біршама аз.

Сұлы- кең тараған құрама жем. Оның дәндері жұқа қабықпен жабылған. Жақсы сұлының қабығы дән салмағының 30%- ын құрайды, солған және ұсақ дән 40%-ға дейін.

Арпа- бағалы құрама жем. Дәні жоғары қоректілігімен ерекшеленеді. Оның дәнінде көп мөлшерде ақуыз және азотсыз экстрактивті заттар бар, олар шошқалар, құстар, және басқа малдарды азықтандыруға пайдаланылады.

Жүгері- барлық мал үшін ең жақсы мал азығы, бірақ онда басқа дақылдарға қарағанда протеин мөлшері аз және биологиялық құндылығы төмен.

Тары-қолға үйретілген құстарға (тауық, күркетауық) жақсы мал азығы. Оны мен бүтін немесе жаңышталған түрінде азықтандырады.

Бұршақ тұқымдас дақылдардың астығы барлық малдарға қоректілігі мол құрама жем азығы. Онда ақуыз дәнді астық дақылдарға қарағанда 2-3 есе көп болады.

Дәріс №9 Малазықтық дақылдардың өсіру технологиясы

Өсімдіктер мал азығының негізгі көздері- егістікте және шалғындықта мал азығын өндіру, бірақ –орманды- дала және далалы аймақтарда көп жыртылған жер көлеміне байланысты егістікте азық өндіру мал шаруашылығына 70%- ға дейін барлық мал азығын береді, бұл көрсеткіш құрғақ далалы аймақтарда 50-60% -ға дейін, шөл және шөлейт аймақтарда 20-30%-ға дейін төмендейді. Егістікте дәнді жемшөп дақылдар, сүрлем дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, пішен, пішендеме, құрама жем, дәруменді шөп ұнының шикізатын алу үшін өсіреді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: