double arrow

Кіріспе 2 страница

1. Вегетациялық кезеңінде даму процесінің жүруі.

2. Көпжылдық өсімдіктердің көбейю және қайта жаңдану тәдістері.

3. Өсімдіктердің тіршілік ұзақтығы (өнімділігі және биологиялық ұзақтығы).

4. Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына қатысы (суға, топыраққа, жарыққа, ауа температурасына, қысқа төзімділігіне, топырақ құнарлығына).

5. Мал азықтық құндылығы, алшынкөктігі, вегетация кезеңіне байланысты шабылуы және желінуі.

6. Өркендерінің пайда болуы және түптену түрі.

7. Жапырақ орналасу түрі.

8. Тамыр жүйесінің орналасу тереңдігі.

Көпжылдық шөптер вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты 4 топқа бөлінеді: Өте ерте пісетін, ерте пісетін, орташа және кеш пісетіндер.

Өте ерте пісетін эфемерлер және эфемеройдттардың гүлденуі және жеміс беруі көктемнің аяғында аяқталады, эфемеройдтардың эфемерге қарағанда қолайлы метерологиялық жағдайда күзде қайта жандану мүмкіндігі бар.

Ерте немесе тез пісетін көпжылдық шөптер көктемнің соңында гүлдеп, жаздың басында жеміс береді. Далалық аймақта кең тарағандары: бетеге, бетеге-боз, шисабақ қоңырбас, т.б.

Орташа немесе тез пісетін көпжылдық шөптер жаздың басында гүлдеп аяғында жеміс береді. Далалық аймақта бұл топқа еркекшөптер, қылтықсыз арпабас, жоңышқа, құмдақ эспарцет, түйе жоңышқалар, көген тамырсыз бидайық, т.б.

Кеш пісетін көпжылдық шөптер. Жаздың ортасында гүлдеп,соңында жеміс береді. Далалы аймақта бұл топқа жататын шөптер жатаған бидайық,тырса.

Орманды және орманды- дала аймақтарында кеш пісетін шөптерге ақ суоты, жатаған бидайық және т.б.

Малазықтық шөптер өмір сүру ұзақтығы бойынша 5 топқа бөлінеді: Бір жылдықтар, екі жылдықтар, аз өмір сүретін(4 жылға дейін), орташа өмір сүретін(5-7 жылға дейін) және ұзақ өмір сүретін (7 жылдан көп).

Өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығын екі жақтан қарстыруға болады: Биологиялық өмір ұзақтығы және шаруашылық өмір ұзақтығы.

Агротехника дәрежесіне, ылғалдану жағдайына,т.б. факторларына байланысты өнімнің иөмір ұзақтығы (егер бұл биологиясына байланысты болмаса, екі жылдықтар) қысқарып немесе ұзарып отырады.

Табиғи малазықтық жерлерде бір жылдық шөптердің үлес салмағы аз- өсімдік массасының 10-15% оның көпшілігі құрғақ далалы, жартылай шөлді және шөлді аймақта, әсіресе, жайылымдарда өседі.

Екі жылдық өсімдіктер - дара жемісті, олар аз өмірінде бір рет гүлдейді және жеміс береді.

Орташа жылдық шөптерге жоңышқа, мүйізді пышан,шалғындық атқонақ, шалғындық бетеге, тарғақ шөп т.б. жатады.

Жаздық күздік және жартылай күздік. Түптену үрдісінде пайда болатын көп жылдық шөптердің өркені барлық жеке даму жолын өту керек.

Күздік типтегі өсімдіктер бастапқы өсу- даму кезеңдерінде қыста немесе күзде төмен темперетура талап етеді, себілген жылы қыс түскенге дейін 4-5 жапырағы бар қысқа өркендері дамиды және қыстан шыққаннан кейін келесі жылы ғана, ал кейде қыстан шыққаннан кейін олрада жеміс беретін генеративті өркендері пайда болады.

Жаздық типтегі өсімдіктердің бастапқы өсу- даму кезеңдері жаздық температураларда өтеді, сондықтан себілген жылы жеміс беретін генеративті өркендер қалыптасады, ал соңғы жылдары екі немесе бірнеше ұрпақты генеративті ұрпақтарын қалыптастырады.

Жартылай күздік типті шөптер ерте мерзімде себілген жағдайда себілген жылы және алғашқы шабысынан кейін, кейінгі жылдары вегетативті өркен ғана емес, бірнеше өсімдік және генеративтік өркендер қалыптастырады. Бұл топқа жататын өсімдіктер: еркекшөп, қылтықсыз арпабас, қызыл беде және т.б.

Бақылау сұрақтары

1. Шалғындық мал азықтардың пісу ерешеліктері

2. Шалғындық мал азықтардың типтерініңс ерекшеліктері

Дәріс №4 Табиғи шабындық пен жайылымды жақсарту әдістері

Жоспар:

1. Табиғи жемшөптік жерлерді жақсарту.

2. Табиғи жайылымдық пен шабындықты жеңіл-желпі жақсарту.

3. Табиғи жемшөптік жерлерді түбегейлі жақсарту.

1.Мал шаруашылығын толық және белокты жемшөппен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы мамандарының ең басты міндеті. Сонымен бұл саланы одан әрі интенсивтендіру, жемшөп ресурстарын ұтымды пайдалана отырып, жемшөп базасын мал өнімділігін бұдан артық қамтамасыз ете алатындай дәрежеге көтеру болып табылады.

Табиғи жемшөптік жерлердің өнімділігі онда қалыптасқан ауа райы мен өніп-өсетін шөп өнімділігіне тікелей байланысты. Демек бұл көрсеткіш, яғни өнімділік ауытқып отырады. Көптеген тәжірибеден шөл және шөлейт жерлердің табиғи жайылымдығы мен шабындығының өнімділігін ұзақ мерзімде арттырып, тұрақтандыруға болатындығын көріп отырмыз. Ол үшін қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін, озат шаруашылықтардың тәжірибелері кеңінен пайдалану керек.

Көктемде тасып, ал жазда құрғап қалатын өзен аңғарлары шұрайлы жайылым көзі болып табылады. Бұрын тасқын кезінде өзен суларын шөлге кеңінен жайып, оларды суарып өтетін. Қазіргі уақытта суармалы егіншілікті өркендетуге, өзен бассейндеріндегі су жиналатын алқаптарды егіс айналымына қосуға және олардың ағысын реттеуге байланысты жайылымдықтардағы жер асты сулары деңгейінің төмендегені, өзен арналарындағы сулардың азайғаны байқалады.

Қазақстанда 25 млн. гектар шалғын мен жайылым түбегейлі және жеңіл-желпі жақсартуды талап етеді. Алда тұрған талаптарға сай қоғамдық мал басының жыл сайын өсіп тұрғандығын ескерсек, мұндай жұмыстарға ерекше көңіл бөлу қажет екендігі өзінен-өзі түсінікті.

Ғылым жетістіктері мен озат шаруашылықтардың тәжірибесі арқылы жемшөптік жерлерді жақсартып, өнімділігін арттырудың тиімді әдістері зерттеліп, жасалды. Ендігі мәселе соларды ауыл шаруашылығы өндірісіне кеңінен енгізуде болып отыр.

Табиғи жемшөптік жерді жақсарту шаралары екі жүйеге топталады: жеңіл-желпі жақсарту және түбегейлі жақсарту.

Жеңіл-желпі жақсарту деп табиғи жайылымдық пен шабындық жердің қазіргі шөптесінін жоймай, оның өнімін және сапасын арттырады.

Түбегейлі жақсарту деп бұрынғы табиғи өсімдіктер шымын жыртып, оның орнына қайтадан құнды мал азығындық өсімдіктерден жаңа екпе шабындық және жайылымдық жасауды айтады.

Бұл екі жақсарту жүйесінің алдында табиғи жемшөптік жерді тексереді, ондағы өскен өсімдіктер түрлерін, олардың өнімін, таралуын анықтайды.

2. Табиғи жемшөптік жерлерді жеңіл-желпі жақсартқанда негізгі технологилық жұмыстардың табиғи шөп өсуіне сәйкес бірнеше топқа жіктеледі. Солардың ішінде Қазақстанда пайдаланылатыны мыналар:

1.Мәдени-техникалық жұмыстар;

2.Агротехникалық шаралар;

3.Гидротехникалық жұмыстар, ылғал режимдерін дұрыстау;

Сурет-1. Табиғи жемшөптік жайылым

Мәдени-техникалық жұмыстар. Төмпешіктерді жою. Жайылымдар мен шабындықтарда шығу тегі жағынан неше түрлі төмпешіктер кездеседі. Оларды жою табиғи жемшөптік жерді жақсартудың ең негізгі шарасы болып табылады.

Көгалда төмпешіктің пайда болуы себебі түрліше. Соған байланысты төмпешіктің түрлерін бірнеше топқа бөледі. Тышқан және көртышқан қазғаннан кейінгі пайда болған төмпешіктер, құмырсқа илеуі, ылғалды жерде жайылған мал тұяқтарынан түскен ойдым-ойдым төмпешіктер, томарлы төмпешіктер. Бұл төмпешіктердің биіктігі 25-40 см аралығында және одан да биік, ал орташа диаметрі 40-60 см болады. Тышқан қазған кішігірім төмпешіктерді зиг-зиг тырмасын төңкеріп тастап сүйрету жолымен жояды.

Табиғи жемшөптік жерді бұталардан тазарту. Бұл бұталы жердің зияндылығымен қатар халық шаруашылығына маңызы да бар. Бір жағдайда әсіресе тікенді бұталар, көк шалғынды дұрыс пайдалануға кесірін тигізеді, малдың жүнін бүлдіреді және денесін тырнайды. Ал кейбірде қар тоқтатады және ылғал режимін дұрыстайды, топырақ эрозиясы болудан сақтайды және малға қосымша азық бола алады.

Жалпақтығы 4-5 метр бұталар қалдырады, ал қалған 50-80 м жердің бұтасын тазартады.

Табиғи жемшөптік жерді түрлі тікенді бұталардан тазартуда үш түрлі әдіс қолданылады: механикалық, химиялық және өртеу.

Агротехникалық шаралар. Табиғи жемшөптік жердегі зиянды, улы шөптермен күресу керек. Оның үш әдісі бар: а) зиянды, улы шөптерді тұқымдары піскенше шауып тастау. Оларды құрту үшін шалғымен орады, көлеміедәуір болса тракторлы шалғы салады.

б) табиғи жайылымдық пен шабындықтың өнімін өсіруге қолайлы жағдай туғызу үшін оларды тиімді пайдалану жолдары, ауыспалы жайылымдық және шабындықтар енгізу, пішенге шабу мен жайылымға пайдалану әдістерін ауыстырып отыру.

Сурет-2. Табиғи жемшөптік жинайтын агротехникалық құралдар

в) химиялық әдіс қолдану. Қазақстанның табиғи жемшөптік жерлерінде көп тараған зиянды және улы шөптер – адыраспан, ермен және есек мия. Бұталы өсімдіктерден шеңгелді атауға болады. Оларға қарсы гербицид, 2,4 – Д бутильді эфирі және 2,4 – Д амин тұзы қолданылады.

Сурет-3. Дәнді дақылдарды жинайтын агротехникалық құралдар

Тыңайтқыш енгізу. Шалғын жердің құнарлылығын арттыруға тыңайтқыштарды уақтылы, дұрыс қолдану, ондағы өсетін мал азығындық өсімдіктердің өсіп-өнуіне және азықтық сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

Сурет-4. Егістікке себетін тыңайтқыш

Шаруашылықта тыңайтқыш бірінші рет шөбі құнды табиғи жемшөптік жерлерге енгізеді. Сонымен қатар, ол жерде ылғал мол болуы керек. Өйткені ылғал болмаса минералды тыңайтқыш ерімейді де, өсімдіктер бойына сіңбейді. Сол себепті тыңайтқыш шашар алдында, алғалдануына қарай жер таңдайды және минералды тыңайтқыш беру мөлшерін анықтайды.

Шөптестік жерге қосымша тұқым себу және жаңарту. Табиғи жемшөптік жерге қосымша көпжылдық шөп тұқымын себу негізгі агротехникалық шаралардың бірі. Қосымша тұқымды су жайылмасына және шалғынды жерлерге, әсіресе ылғал жеткілікті болған жағдайда себуге болады. Қосымша тұқымды шалғынға ерте көктемде, қар суы басылған соң себу керек. Өсімдіктер шымы алдын ала дискіленіп, кейде дымқыл жерге өңдемей-ақ дискілі тұқым сепкіші бар селкамен әр гектарға 15-17 кг-нан 30-34кг аралығында шөп қоспасы себіледі. Тұқым сепкеннен кейін топырақты дөңбектейді.

Шөптесінді жаңартуға шалғындық жерде табиғи жайылымдық пен шабындықты жеңіл-желпі жақсартуға дискілеу немесе қайырмасыз соқамен жырту жұмысы жатады.

Гидротехникалық шаралар мен су режимін дұрыстау. Бұл шаралар техникалық орындалуына қарай жәй және күрделі болып бөлінеді. Жәй түріне көп қаржы жұмсалсайды, ал күрделі түріне инженерлік құрылыстар салынады және арнаулы жобалау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен, жәй түріне қар тоқтату жатады. Негізінен қар тоқтатуды далалық және шөлейт аймақтарда және қардың қалыңдығы кем дегенде 20-30см болса ғана жүргізіледі.

Гидротехникалық жұмыстарға суландыру мәселесі жатады. Бұл жұмыстар арнаулы жобалар жасалынап, күрделі қаржы бөлу арқылы жүргізіледі. Көлдете және арықтап суландыру мәселесін іске асыру жағдайында топырақтан тоспа құрады. Олар табиғи шымды бұзбай жасалынса, жеңіл-желпі жақсарту дейді, егер жерді жыртып, көпжылдық шөп сепкен жағдайда оны түбегейлі жақсарту дейді.

3. Сонымен түбегейлі жақсарту деп бұрынғы табиғи шөптесіндік орнына жаңадан екпе жайылым немесе шабындық жасауды айтады. Түбегейлі жақсарту өнімі төмен, шымы жойыла бастаған немесе улы және зиянды өсімдіктер қаптап кеткен мал азығына жарамды жерлерде жүргізеді.

Жайылымдық пен шабындық жерлерді түбегейлі жақсартқанда ең алдымен азықтық шөптер селекция сының жетістіктерін пайдаланып, астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптердің жаңа, мол өнімді сорттарын және олардың қоспаларын шығымдылығы төмен түрилі табиғи шөп өскен жерлерге себеді.

Табиғи жемшөптік жерді түбегейлі жақсартудың екі әдісі бар. Соның бірі - жеделдетіп шымдау. Ылғалы мол аудандарда табиғи жерді жыртқан соң немесе бір жыл парға қалдырғаннан кейін бірден көпжылдық шөп егеді. Екінші әдіс – алдын ала, 1 немесе 3 жыл қатарынан бір жылдық мал азығындық шөптер өсіріп, кейін көпжылдық шөп егуді алдын ала шымдау дейді.

Орманды-далалық және далалық аймақтарда түбегейлі жақсартыға егіншілікке пайдаланылған барлық жер аралықтары, төбелер мен жоталар аралықтары және аз өнімді сортаңдау жайылымдар мен шабындықтар жатады.

Қуаң далалы және қуаңшылық жерлерді түбегейлі жақсартқанда көпжылдық шөпті бүркемелемей таза себу әдісі қолданылады.

Дәріс №5 Табиғи шабындық және жайылымның негізгі өсімдіктер сипаттамасы

Жоспары:

1. Өсімдіктердің шаруашылық-ботаникалық топтары

2. Қоңырбастылар,алаботалар,күрделі гүлділер тұқымдасы

3. Бұршақ тұқымдастар

4. Қияқөлеңдер тұқымдасы

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өсімдіктердің 10 мыңнан астам түрлері, оның ішінде 133 тұқымдасқа жататын, әрі кең тараған 46 өсімдік түрі өседі.

Қазақстанның табиғи малазықтық жерлерінде көбінесе үш тұқымдасқа жататын өсімдіктер тараған: қоңырбастылар, алабұталар, күрделі гүлділер және бұршақ тұқымдастар мен қияқөлеңдер.

Шабындық пен жайылым шөптердің үлес салмағы ылғалдану жағдайына және республикамыздың топырақ- климат аймақтарына байланысты өзгереді. Мысалы, орманды-дала және далалы аймақтарда құрғақ аңғар шабындық пен жайылымдарда қоңырбастылар үлесі 50-52%-ға жетеді, бұршақ тұқымдастылар 4-6%, алабұталар 1-3%, күрделі гүлділер 2-8%, ал қалғандары басқа өсімдік тұқымдасына жатады. Құрғақшылық аймақтарда астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас шөптердің үлесі азайады, бірақ күрделі гүлділер мен алабұта тұқымдас шөптердің үлесі жоғарылайды, ал шөлейт және шөл аймақтарында астық тұқымдас шөптердің үлесі 15-20%, бұршақ тұқымдастарда0,5-1%, күрделі гүлділердің үлесі 30-32%, алабұталардың 31-40%--ға дейін көтеріледі. Шаруашылық қажеттілігі және басқа да ерекшеліктеріне байланысты барлық малазықтық өсімдіктер түрін 4 топқа бөлуге болады:астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар,қияқөлеңдер және әр түрлі шөптер.

Қоңырбастар тобынан (қоңырбастылар тұқымдасы) Қазақстанның табиғи малазықтық жерлерінде көпшілігі: селеулер(қызыл, лессинг), бетеге, арпабас, шалғындық және қызыл бетеге, еркекшөптер, атқонақ, ақмамық, т.б.

Бұршақ тұқымдастар – түйе жоңышқалар (сары және ақ), құндақ эспарцет, жоңышқа(сары және көк), шалғындық ноғаттық, түйетікен, таспа, т.б.

Әр түрлі шөптер тобына көптеген тұқымдастың өсімдіктері кіреді, бірақ Қазақстанның табиғи малазықтық жерлерінде кең тараған күрделі гүлділер тұқымдасының өкілдері – жусан(ақ, сүрі, құндақ) және изен, теріскен, сексеуіл, көкбек, т.б.

Қияқөлеңдер – ылғал сүйгіш топқа жататын өсімдіктер – ран, бұта қияқөлең және құрғақшылық тобына – құм қияқөлеңі және т.б.

Астық тұқымдастар. Жайылымдық шөптің ең көп мөлшерін масақтану кезеңінде береді. Оның 100кг құрғақ затында 30,2 азықтық өлшем, 1,4 сіңімді протеин болады. Бұл көп жылдық шөп тез қатаяды: гүлдене бастағанда мөлшерінде 35-75% жасұнық, 6-8% протеин болады. Қыстың басында бұл шөп қайтадан жұмсарып мал жеуге жарайды.

Сібірлік қияқ. (Elymus Sibiricus) Көпжылдық сирек бұтақты биіктігі 60-120см өсімдік. Жайылымы шалғандарда, құрғақ аңғарларда орман және орманды-дала аудандарында кездеседі. 20-30 ц/га өнім береді.

Ақ мамық (Atropis histans). Ылғалды сортаң және сортаңдау топырақтарда өсетін көпжылдық өсімдік. Гүлденген кезеңінде жылқы мен сиыр жақсы жейді. Пішен,жайылым шөбінде 30-32 азықтық өлшем, 5-6 кг сіңімді протеин болады.

Тарлан қияқ (Elumus juncea). Қуаңшылыққа төзімді, көпжылдық жайылым шөбі.100 кг пішенінде түтіктенген кезеңінде 32 азықтық өлшем, 7,7 кг сіңімді протейн болады.

Қылтықсыз арпабас (Bromapsis inermis Leyss) Көпжылдық тамырсабақты шөп, биіктігі 70-150см. орман-дала, далалы аймақтарда кең тараған. Бірнеше рет шауып алуға болады.

Жаға арпабассы(Bromopsis riparia) Қазақстанның таулары мен өзектерінде өседі. 100 кг пішенінде 45-52 азықтық өлшем, 4,5-5,2 кг сіңімді протейн болады. Гүлдену кезеңінде дейін малдар жақсы жейді, одан кейін нашар желінеді. Аудандастыруға жіберілген сорты:Целиноградский-30.

Шалғындық бетеге (Festuca pratensis Huds.) Орташа ұзақты сирек бұтақты өсімдік, биіктігі 75-120см.Орманды, орманды-дала және тауарлардың орманды белдеулерінде кең тараған. Барлық мал жақсы жейді. Қазақстан Республикасында аудандастыруға жіберілген сорттары: Каргалинская, Пензенская-1.

Ақ батауық (Calamagrostis epigeios)Көпжылдық үстіңгі қабатында орналасқан тамырсабақты шөп, биіктігі 60-120см. Орман шектесінде, өзен жағасында өседі. Жақсы пішен гүлдену кезеңіне дейін шауып алғанда алуға болады.

Бұршақ тұқымдастар(Fabaceae Lindl).Бұл топқа жататын Қазақстанның табиғи жерлерінде кең тараған өсімдіктердің (жоңышқа, эспарцет, түйежоңышқа) сипаттамасы II бөлімде бұршақ тұқымдас шөптер тарауында келтірілген.

Тышқан бұршақ (Vicia cracca). Шалғындық жас жайылымдық көпжылдық шөп. 100кг пішенінде 60 азықтық өлшем, 5кг сіңімді протейн болады.

Ақ беде(Trifolium alba). Қазақстанның ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарда кең тараған. Көк балауса мен пішенін мал сүйсіне жейді. Толық гүлдеген кезеңінде 100кг көк балаусасында 20 азықтық өлшем, 3,1 сіңімді протейн болады,пішенінде тиісінше 47 және 8.

Қияқөлеңдер (Cyperaceae J.) Қияқөлең тұқымдасына көпжылдық және сирек біржылдық шөптер жатады. Бұл тұқымдасқа 85 –ке жуық туыс және 3000-нан астам түр жатады.

Малазықтық құндылығы бойынша қияқөлеңдерді 3 топқа бөледі:

1)ылғал сүйгіш қияқөлеңдер, көбінесе үлкен, әрі қатты жапырақтары болғандықтан желінбейді неменсе нашар желінеді;

2) ылғал сүйгіш қияқөлеңдер,қанағаттанарлық немесе жақсы желінеді;

3)жақсы желінетін далалы, шөл және таулы аудандардың ұсақ қияқөлеңдер.

Алабұталар (Chenopodiaceae Less). Изен- шөл және шөлейт жердің мал жақсы жейтін жабайы өсімдігі. Оны мал жыл бойы жеп шығады,әсіресе күз бен қыста қой жақсы жейді, маңызы да жақсы. 100кг көк балаусасында 19% азықты өлшем, 3,2%сіңімді протейн болады, пішінінде тиісінше 53 және 7.

Ақ сексеуіл (Holoxylon persiclim). Бұл ағаш құмдағы ең маңызды өсімдік болып табылады. Қой мен жылқы бұтағын қоймайды, топырағы сүйір, жемісін күзде және қыста береді. 100кг құрғақ массасында 52 азықтық өлшем, 6,8% кг сіңімді протейн болады.

Күйреуік (Zalsoba rigiha). Мал оның жас жапырағын жыл бойы жейді. Жұғымдылығы жақсы, 100кг жайылымдылық азығында гүлденгенге дейін 20,2% азық өлшем,3,6%кг сіңімді протейн болады.

Күрделігүлділер (Asteraceae). Малазықтық құндылығы бойынша күрделігүлділерді 3 топқа бөлуге болады:

1)Жайылымдарда орташа желініп, пішенінде жақсы желінеді, өсімдіктердің көбі жоғары қоректілік бағасымен ерекшеленеді.

2)Жайылымдарда нашар және пішен түрінде орташа желінетін өсімдіктер.

3)Жайылымда желінбейтін және пішені нашар желінетін улы және зичнкес өсімдіктер.

Жайылымдағы улы және зиянды өсімдіктер.

Зиянды өсімдіктер. зиянды шөптерді мал жегенде оның өнімін бүлдіріп, малға механикалық зардабын тигізеді.

1.Сүттің дәмін бұзатындар: ащы жусан, Саверс жусаны. Батпақты жерден басқа республикамыздың барлық жерінде тараған.

2.Сүттін түсін бұзып, оны сары немесе көгілдір түске бояйтындар: ойран шөп, алабота.Бұлар Қазақстанның таулы және орманды далаларында тараған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: