double arrow

Кіріспе 5 страница

П.М.Жуковский (1950) ас бұршақтың мәдени және жабайы формаларын сақтап, оларды екі жеке түрге бөлген: 1. Егістік ас бұршақ - Pisum sativum және далалық ас бұршақ- Ріsum arvense L. (пелюшка).

Егістік ас бұршақ- біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндікті, көптеген ұсақ бүйір тамыршаларынан тұрады және 1,2-1,5 м терендікке дейін бойлайды.

Ас бұршақтың сабағы домалақ келген, айкындалмаған төртқырлы, іші қуыс, жеңіл жапырылады, ұзындығы 30-дан 150 см дейін және одан да жоғары.

Ас бұршақтың жапырағы күрделі: сағақтан, 2-3 жұп жапырақшадан, түр өзгерістеріне ұшыраған жапырақ болып табылатын дара санды мұртшалардан тұрады, соңғыларының көмегімен ас бұршақ кез келген тіреуге сүйеніп тік өсе алады.

Жапырақтардың, негізінде жартылай жүрек тәрізді пішіндегі ірі жапырақ серіктері орналасқан. Жапырақтар мен сабақтар балауыз қатпармен көмкерілген. Гүлдері ірі, ақ, жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден орналасқан. Жемісі – көп тұқымды бұршаққап, түзу немесе қылыш тәрізді мұқалған ұшымен аяқталады. Тұқымы- домалақ-бұрышты, әртүрлі шамада, көкшіл-жасыл, саргыш-жасыл, ашық-қызғылт түсті (8-сурет).

Сурет-9. Ас бұршақ өсімдігі кұрылысының кескіні. 1-сабақ; 2-буынаралық, 3-буын (түйін); 4- жапырақ; 5-жапырақ серігі; 6-жапырақ шыбығы (бұтағы); 7-жапырақ шыбығы; 8-жапырақша; 9-мұртша; 10-гүл тұғыры; 11-гүл; 12-жеміс сабағы;13-бұршақша.

Ас бұршақтың түр тармақтары-егістік ас бұршақ және далалық ас бұршақ - бір бірінен анық байқалған морфологиялық белгілерімен ажыратылады.

Ас бұршақтың аталған екі түр тармақтарының әрқайсысы 2 топқа бөлінеді: аршылған және катты.

Аршылған ас бұршақтың бұршақ қабының жармасында қалың пергамент қабаты болады, бұл оған каттылық береді. Қанттық ас бұршақтың бұршақ қабында мұндай пергамент қабаты болмайды. Оның жармалары жұмсақ келеді. Сондықтан қанттық ас бұршақтың бұршаққабы жасыл күйінде тағамға пайдаланылады.

Ас бұршақ түрлері екі топқа бөлінеді: жарылғыш және қантты.

Жарылғыш топтардың бұршақ қабының қабырғасында ерекше терілі кабат болады, ол бұршаққаптың қаттылығын қамтамасыз етеді. Соңдықтан ас бұршақтың жарылғыш сорттарын тамаққа пайдаланбайды.

Қантты топтың бұршақ қабының кабырғасында пергамент қабат болмайды. Бұршақ қабын жасыл күйінде азық-түлік мақсатында пайдаланады.

Егістік ас бұршақ түршелерін анықтау. Түршелерге сабағының, гүлшоғырының, бұршақ қабының және тұқымының әртүрлі белгілері бойынша біледі.

Сабақ биіктігі бойынша екі топқа бөлінеді: төмен сабақты (40 см дейін) және биік сабақты.

Гүлшоғыры пішіні. Гүлшоғырының кәдімгі пішініне бір-екі гүлді шашақша жатады, олар сабақтың жоғарғы бөлігінде жапырақ қолтығында орналасады.

Ботаникалық сипаттамсы. Асбұршақ- біржылдық дақыл, алайда қысы жылы болғанда оңтүстік аудандарында оның қыстайтын түрлерін күзде себу жолымен өсіруге болады.

Қазақстанда асбұршақты астыққа өсіруге жіберілген аудандастырылған сорттары: Зерногродский неосыпающися1989, Рамонский-77, Усач Казахстанский-1996.

Асбұршақ – суыққа төзімді, ылғал сүйгіш дақыл. Тұқым +1-20Сжылықта өне бастайды. Тәуліктік орташа жылылығы +4-50С болғанда асбұршұақ 20-25 күнде көктеп шығады.Ас бұршақтың тұқымы бөрту кезінде өзінің салмағының 100-110% мөлшерінде ылғал сіңіреді.

Асбршақ өсімдігі тез өседі. Көктеп шығып гүлденуіне дейін асбұршақтың көптеген сорттарына 30-40 күн қажет. Өсімдік төменгі қабаттан бастап гүлдейді.

Бұршаққа ең жақсы топырақтар- құрамында жеткілікті мөлшерде фосфор, калий бар және әктасты саздақ және құмдақ топырақтар. Құмды, сортаң, батпақтанған, қышқыл топырақ асбұршақ өсіруге жарамсыз.Ең қолайлы топырақ РН-6,0-7,0 бұларда түйнекті бактериялар белсенділігі жоғары. Асбұршақ қара –қоныр топырақта жақсы өседі.

Агротехникалық ерекшелігі. Қазақстанда асбұршақты ауыспалы егісте пардан кейінгі бидайдан соң 2-3 дақыл ретінде орналастырады. Ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген аудандарда және суармалы жерлерде отамалы, күздік және жаздық дәнді дақылдардан кейін орналастырады. Өз орнына асбұршақты 5-6 жылдан кейін орналастыру керек.

Асбұршақты қатардағы әдіспен сепкенде 0,8-1,0 млн/га, өнгіш тұқымды және тарқатылып сепкенде 1,2 млн/га өнгіш тұқымды ең қолайлы себу нормасы деп есептеу керек.

Ноқат. Ноқат Сіcer туыстығына жатады және 30-дан астам түрлерді біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр - мәдени ноқат (Сісеr аrietinum).

Бұл бір жылдық. өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Жапырақтары қысқа сағақты, дара қосқауырсынды, түкті, мұрттары болмайды. Гүлдері қосжынысты, ұсақ, ақ, кызғылт, қызыл-күлгін, кейде көкшіл түсті. Бұршаққаптары кысқа, қос дәнді, кампиган, сопақ пішінді, сабанды- сарғыш түсті молынан түктелген. Тұқымы бұрышты -домалақ, тұмсықты, ақ, сары, қызылдау, қара. Кейбір морфологиялық белгілері 9-суретте көрсетілген.

Сурет-10. Ноқат:

1,2-дамыған егін көгі және гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер;

3-сабақтың жоғарғы бөлігі; 4-жеміс; 5-тұқымдары.

Пайдаланута рұқсат етілген ноқаттың сорттары:

Краснокутский 123. Орташа мерзімде піседі. Қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, аурулармен орташа залалданады. 1000 тұқьшның массасы 250-330 г. 1986 (4,12).

Юбилейный. Орташа мерзімді пісетін сорт. Қуаңшылыққа, ауруларға төзімді. 1000 тұқымның массасы 260-315 г. 1967(1,2,6,9,13).

Ноқат тұқымында көп мөлшерде ақуыз (22-31%), май (4,1-7,2%) және азотсыз экстрактивті заттар(47-60%) бар. Ноқаттың басты бағалы қасиеті- қуаңшылыққа төзімділігі. Астық өнімі 16-20ц/га-ға дейін жетеді.

Морфологиялық ерекшеліктері. Мәдени түрдегі өсімдігінің биіктігі 20-700см, сабағы берік, жапырылмайды. Кіндік тамыры топыраққа терең бойлайды, гүлдері жекелеген, ұсақ, әдетте ақ түсті. Жемісі-1-2 тұқымды, қысқа, қампиған бұршақ. Тұқымдары домалақ, сәл сүйір бұрышталған, тұмсықты, қойдың немесе жапалақтың басына ұқсас.

Биологиялық ерекшеліктері. Ноқат асбұршаққа қарағанда жылылықты, әсіресе, гүлдену және пісу кезеңінде,көп тілейді.Тұқымдары +3-40С температурада өне бастайды, Қолайлы температура +16-180С, егін көгі 9-10 күн дегенде пайда болады.

Агротехникалық ерекшелігі. Ауыспалы егісте ноқат үшін таза пардан, отамалы дақылдардан кейінгі жаздық бидай ең жақсы алғы дақыл болып табылады. Топырақты терең өңдеу ноқаттың өнімін молайта түседі. Ноқатты себу үшін топырақ бидай, асбұршақ егістігіндей өңделеді. Еліміздің барлық аймақтарында ноқаттың тыңайтқышқа қайтарымы мол. Оның тұқымы өнгіштігін тез жоғалтады, сондықтан себу алдында оны тексеруден өткізеді. Жаңа орынға себілгенде түйінді бактериялардың түзілмеуі мүмкін, сондықтан ноқат тұқымын жұқартады. Қазақстанда оны 10-200 мамыр аралығында себеді. Оңтүстік аудандарда ертерек себуге тырысу керек.

Агротехникалық ерекшелігі. Майбұршақ ауыспалы егісте ең жақсы алғы дақылдардан кейін, Суармалы жерлерде жүгері, көкеніс дақылдары, күріштен кейін орналастырылады. Топырақты өңдеу жаздық бидай, арпаға ұқсас. Алқапта сұлыны айтарлықтай кеш піседі, мұның өзі аңызды арамшөптен, ең әуелі қара сұлыдан тазартуға мүмкіндік береді. Тыңайтқышты жоспарлаған өнімін парға, немесе отамалы дақылдарының астына еңгізіледі.

Солтүстік Қазақстанда ең қолайлы себу мерзімі- мамырдың аяғы мен мауысымның басы, мал азығына өсіргенде ең жоғары өнім- мауысымның алғашқы онкүндігінде алынады.

Дәріс №11 Сүрлемдік дақылдар

Жоспары:

1. Жүгері.

2. Күнбағыс.

3. Құмай.

4. Мақсыр.

Барлық көк шөпті, тек улы шөптен басқасын сүрлеуге болады. Бірақ құнды сүрлем арнаулы сүрлемдік дақылдардан ғана алынады. Олар ферма маң айындағы мал азғындық ауыспалы егісте өсетін дақылдар. Сонымен сүрлемдік дақылдарға жүгері, күнбағыс, құмай және мақсыр т.б. жатады. Сүрлену үшін өсімдіктің құрамында жеткілік қан болу керек және өзіндік құны төмен болғаны жөн. Өйткені күтіп баптауына қол күшті аз жұмсалып, барлық жұмыстар барынша ауыл шаруашылығы машиналарының көмегімен жүргізілуі керек.

Жоғарыда аталған өсімдіктердің ішінен Қазақстанда негізінен сүрлем жүгері мен күнбағыстан дайындалады. Өкінішке орай республиканың кейбір жерлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жүгері егісі кездеспейді. Солтүстік облыстарда жылы күндердің ұзақтығы- 120 күн. Сондықтан да мұнда көк балауса түсімі төмен ерте пісетін өсімдік сорттарын егіп, сүрлем дайындауға болады.

Шөл, шөлейт жерлерге сорго себуге болады. Қорыта келгенде сүрлем өте жұғымды мал азығы болып саналады. Ол әсіресе сауын сиыр үшін өте құнды. Сүрлем- испан тілінде шұқанақ немесе астық сақтайтын ұра деген сөз екен.

Сүрлемдік дақылдар барлық егістің 35% көлемін қамтиды және ірі қараның жылдық рационының 30% сүрлемнен тұрады.

Жыл сайын елімізде 200 млн.т сүрлем дайындайды.

Жүгері. Азық- түліктік және жемшөптік өте бағалы дақыл. Жүгеріден сүрлем ғана дайындалып қоймай, жем өндіру үшін де өсіреді. Оның дәні малға құнарлы азық. Мұндай азықтың 1 кг-да 78г қорытылған протейн және 1,34 азық өлшемі, ал 1кг сүрлемінде 14-18г қорытылатын протейн 0,2-0,25 азық өлшемі бар.

Жүгеріні сүрлемге арнап Волга жағалауында, Солтүстік Кавказда, Оралда, Қара топырақты емес аймақта, Украйнда және Қазақстанда егеді.

Қазақстанда аудандастырылған сүрлем үшін егістік жүгері сорттары мен будандары: Днепровский 56 ТВ, ВИР 156 ТВ, Днепровский 247 МВ, Кзахстанский 43 ТВ, Южный 3 ТВ, және т.б.

Биологиялық ерекшеліктері. Жүгері бір жылдық өсімдік, жылу сүйгіш, тұқымы 8-10 градуста өну қуаты жоғарылайды. Жүгері өсімдігі сүттеніп қамырланып пісу кезеңіне дейін жалпы жылу жиынтығының 1700-23000С болуы керек, ал толық жетілу кезінде 2200- 30000С болғаны дұрыс. Бірақ ол егілген сортына қарай өзгеріп отырады. Жүгерінің жаңа көктеп шыққан көгі көктемгі суыққа ұзақ төтеп бере алмайды. Жүгерінің дәні өне бастағанда әуелі 30-40 см тереңдікке тез бойлайтын бір ұрықтық тамыр түзеді, көпшілік сорттары мен будандарында 2-3 тәуліктен соң-ақ 2-ден 7-ге дейін бүйір тамырлары түзіледі, бірқатар сорттарында олар түзілмейді.

Сурет-11. Жүгері өсімдігінің кұрылысы: а-аталық гүлшоғыры, б-аналық гүлшоғыры. Сурет-12. Жүгерінің тамыр жүйесі (жоғары жағында ауа тамырлары көрініп тұр).

Гипокотильді бүйір тамырлары бұтақтанады және ұрықтық тамырлармен бірігіп бірінші дәрежелі тамырлар жүйесін қалыптастырады, олар бірінші кабаттың тамырлары деп есептеледі. Бұл тамырлар көктегеннен кейінгі алғашқы 2-3 аптада өсімдікті су жәнс қоректік заттармен қамтамасыз ету кызметін атқарады, ал соңынан мұндай ролі не төмендейді, немесе мүлде тоқтайды.

Эпикотильді тамыршалар өсімдіктің эпикотильді бөлігінен пайда болады, ұзындығы тұқымның топыраққа сіңірілу терендігіне байланысты өзгереді және өте терең сіңірілгенде (10-15 см) дамиды.

Бұл тамыршалар тамырлардың екінші қабатын құрайды, алайда өсімдіктердің қоректенуінде олардың ролі шамалы. Тамырлардың үшінші кабаты негізгі және өсімдіктер тіршілігіндегі барынша маңызды-түйін тамырлары, олар сабақтың алғашқы 3-5 жерасты түйіндерінен дамиды және олардың біріншісі, топырақ бетінен 3-4 см терендікте орналасады. Түйін тамырлар жан-жағына 1 м-ге дейін тарайды, соңынан 2-2,5 м-ге топыраққа бойлайды, бірақ олардың негізгі массасы 30 см топырақ кабатында шоғырланған.

Тіреуіш тамырлар сабақтың топыраққа жақын орналасқан 2-3 түйіндерінен тарайды. Бұл тамырлардың диаметрі түйін тамырларға қарағанда үлкен, қалың қорғаныш тканьмен қапталған, хлорофиль түзеді және жасылданады. Қолайлы жағдайларда негізгі қызметінен басқа - өсімдіктерді жапырылып қалмаудан сақтау-өсімдіктердің қоректенуінде рөл атқарады (тамырлардың 4-ші қабаты). Егін көгі шыққаннан кейін алғашқы 45-50 күнде жер үсті массасы баяу өседі, есесіне тамыр жүйесі пәрменді өседі де жер үсті массасынан бірнеше есе асып түседі.

Жүгерінің сабағы-цилиндр пішінді сорт, будан және өсіру ерекшеліктеріне қарай 0,5 м-ден 7 м дейін биіктікке жетеді. Солтүстік Казақстанда аудандастырылған ерте және ортадан ерте пісетін будандардың биіктігі 2,0-2,5 м дейін биік болады. Түйін және түйін аралықтарының саны будандар мен сорпарына қарай 8-40 аралығында, төменгі түйін (буын) аралықтарын барынша қысқа, ал жоғарғылары - барынша ұзын.

Сабақтың барынша пәрменді өсуі сіпсебастың жоғарғы жапырақ қынабынан шығарда және гүлденудің бас кезінде байқалады, жылы әрі ылғалды күндері тәулігіне 10-20 см дейін ұзынырақ қосады, гүлдену кезеңдері аяқталуымен жүгерінің бойлап өсуі тоқталады.

Сабақтың өзегі паренхима тканьдерімен толтырылған. Сабақта, орта қабаттағы жапырақтардың қолтығында сабықтар түзіледі.

Жүгерінің жапырағы, басқа астық тұқымдастардағы сияқты төменгі және орта түйін аралығын тығыз жауып тұратын жапырақ қынабынан және енді әрі ұзын жапырақ тақтасы мен кішірек келген тілшеден құралған. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы әртүрлі будандар жапырақтар санының әртүрлілігімен де ерекшеленеді және олардың саны 8-ден 30-40-қа дейін өзгереді. Осы заманғы жүйелеу бойынша пісу мерзіміне қарай жүгері будандары 7 топқа бөлінеді.

Жапырақтарының саны бойынша әрбір келесі топ
алдыңғысынан 2-3 жапыракқа және 2000С белсенді жиынтық
температураға ажырасады..

Солтүстік Казақстанда жапырақтар саны 15-16 болатын ортадан ерте және жапырақтар саны 12-14 болатын ерте пісетін будандар аудандастырылған.

Жүгерінің барлық жапырақтарын 4 негізгі топқа бөлуге болады: ұрықтық, нағыз сабақтық, төбе және орауыш. Жүгеріде ұрықтық жапырақтар саны 4-7, кейде одан да көп, собықтардың пісу карсаңында бұл жапырақтардың тақталары солып, түсіп калады. Нағыз сабақтық жапырақтарға қолтығында бұршіктер түзілетін жапырақтар жатады.

Төбе жапырақтары- бұршіктер қолтығынан шыққандар, осыған сәйкес бүйір өркендер түзілмейді.

Орауыш жапырақтар жапырақ қынабын құрайтын бөлігі, жапырақ тақтасы өте кішкентай, екінші дәрежелі қысқа өркендерде орналасқан, онда собық қалыптасады.

Жапырақ тақтасының эпидермис қабатында өте көп мөлшерде түтікшелер болады - бір өсімдікте 100-200 млн., мұның өзі өсімдіктерде ауа алмасуын жақсартады. Бір өсімдіктің жапырақ беті ауданы буданның пісу тобы мен өсіру жағдайларына байланысты 0,3-тан 1,2 шаршы метрге дейін өзгереді.

Гүл шоғыры мен гүлдің құрлысы. Жүгері бір үйлі, дербес жынысты өсімдік, үш типтегі гүлдер қалыптастырады - аталықтар, аналықтар, кейде косжыныстылар.

Аталық гүлдерде негізінеі аталық генеративті органдар аталықтар дамиды және олар аталық гүл шоғырында-сіпсебаста (шашақта) жинақталған. Мұнда аналық ұрықтар ерте солып калады.

Аналық гүлдерде аналық генеративтік органдар дамиды. Ал
аталық ұрық қаптары ерте солып қалады. Аналықтар қысқарған
бүйір өркендерінде калыптасады аналық шоғырын-собық.

Жүгерінің сіпсебасы басқа шашақты астықтан бүйір бұтақтарының әлсіз бұтақтануымен ерекшеленеді, жиі түрде 2-3-5 бүйір бұтақты сіпсебас кездеседі. Сіпсебаста масақшалар жұптасып орналасқан, біреуінің масақша білігі ұзын болады, екіншісінде екі гүлді қысқа масақшалар. Олардың әрқайсысы екі гүл қабықшалары мен үш аталықтан тұрады.

Собықта масақшалар, сіпсебастағы сияқты жұптасып орналасады да тығыз етті собық білігінің ұзына бойына бойлай қатарлар қалыптастырады. Собық масақшаларының құрылысы сіпсебастағыға ұқсас-екі гүлді. Алайда біреуі ерте сеніп қалады да екіншісі ғана бір дән түзеді, осыған сәйкес собықта көбінесе жұп қатарлы дәндер қалыптасады -4-8-12-16-20 және 32-ге дейін кейде дәндер қатарының саны 6-10-15-19 түрінде болады.

Собықтардың ұзындығы әртүрлі және масақшалар саны 20-дан 50-ге дейін және одан да көп болуы мүмкін. Собық бөлігінің жуандығы мен тығыздығы әртүрлі және піскен кездегі оның массасы бүкіл собықтың 18-25 пайызына тең.

Жүгерінің жемісі - дән, көпқабатты перикарный қабығынан тұрады. Жеміс кабығының түсі пигментке байланысты сары, кызыл, қызғылт, қоңыр-шие түсті, күлгін болып келеді, пигменттері болмағандағы негізгі түсі-ақ.

Сурет-13. Жүтері дәнінін бой кесіндісі: 1-кабығы; 2-мүйізді эндосперм; 3-ұнды эндосперм; 4- калқан (щиток); 5-калқанның сору бөлігі; 6- тамыр; 7-тамыр қынабы; 8-бұршік жас жапырақтарымен.

Эндоспермнің түсі-коңыр-сары, сары, ашық-сары және ақ.Эндосперм ұнды, мұйіз тәрізді, шынылы және балауызды болып бөлінеді. Дәннің төменгі жақ бүйірінде калқанымен ұрық орналасқан. Ұрықта 5-7 ұрық жапырақшалары бар алғашқы бұршікті ұрықтық тамыршаны және эпикотилді ажыратуға болады. 1000 дәннің массасы будандар мен сорттарына қарай әртүрлі ұсақ тұкымдыларда - 100-150 г, ірі тұқымдыларда- 300-400 г. Будан түрі мен өсіру жағдайларына карай бір собықта 200-ден 1000-га дейін (орта есеппен 500-600) дән қалыптасады.

Жүгері түртармақтарын анықтау. Қабылданған сыныптау бойынша Zеа mays L. түрі 8 түртармаққа бөлінеді. Олар бір-бірінен негізгі, үш белгілері бойынша ажыратылады:

1)дәннің қабықтылығы (жалаңаш немесе сыртында қауызы бар);

2) дәннің сырткы құрылысы (сыртының пішіні және қауызы бар);

3) дәннің ішкі құрылысы (ұнды және мүйізді эндоспермдердің орналасуы).

Жүгерінің әртүрлі формалары дәндерінің кұрылысы әрқилы және дән эндоспермі бір текті емес. Эндоспорм бірнеше бөліктен тұрады және олардың химиялық құрамы әртүрлі болады. Кабықтан басқа дән эндоспермі ұнды және мүйізді бөліктерден тұрады.

Сурет-14. Әртүрлі жүгері түр тармақтары дәндеріндегі ұзын және мүйізді эндосперм бөліктерінің ара катынасы (бой кимасы).

1-тіс тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-жарылмалы; 5 –қанттық.

Эндоспермнің ұнды бөлігі бос құрылысты дәндер арасында крахмал кездеседі. Крахмалды дәндер ұсақ және дөңгелек пішінді ал эндоспермнің мүйізді бөлігінде крахмалды дәндер тығыз орналасқан және ірі болып келеді. Крахмал дәндер арасы протеинмен және коллоидты көміртегімен толтырылған. Ұнды элдосперм негізінен крахмалдан тұрады да белогы аз, ал мүйізді эндосперим жоғарғы белок мазмұнымен ерекшеленеді.

Сурет-15. Жүгері түр тармақтарының собықтары:

1-кремниилі; 2-тіс тәрізді; 3-крахмалды; 4-қанттық; 5- жарылмалы

Ауыспалы егісте алатын орны. Қазақстанның оңтүстігіндегі және солтүстік шығысындағы суармалы жерлерде жүгері сүрлем үшұін көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерден кейін орын алады. Бақша дақылдрынан кейін, күздік бидайдың орнына себу нәтижесінде мол өнім алуға болады.Жүгері өсімдігі басқа дақылдарға қарағанда бір орында бірнеше жыл бойы өсе береді. Жүгерінің өзі де жаздық бидайдың, арпаның жақсы алғы дақылы болып саналып, оны дәнді дақыл ауыспалы егісінде отамалы дақыл танабында егу керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: