Кіріспе 1 страница

Қазіргі ауыл шаруашылғында мал азығын өндіру ең маңызды саланың бірі болып есептеледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруда мал азықтық дақылдарын өсірудің негізгі ғылыми-техникалық прогресін барынша жеделдету бүгінгі күннің басым бағыттарының бірі. Оның негізі әр бір аймақта мал азығына қажетті дақылдарды өсірудің жаңа интенсивті технологиялық әдістерді енгізу, мол өнімді сорт түрін көбейту, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден және арам шөптерден қорғайтын құрал табу, топырақ құнарлығын арттыру және сақтау, өндіріс процесін кешенді механикаландыру, кең көлемді мелиорациялау, еңбек ұйымдастырудың прогрестік әдістерін жүзеге асыру жолдары.

Шалғын шаруашылығының теориялық негізі болып шалғын жүргізу- табиғи малазық алқаптарындағы өсімдіктердің дамуы, тіршілігінің заңдылықтары және биологиясы туралы ғылым болып табылады. Себебі өсімдіктердің биологиясын, оның өскен ортасындағы қарым қатынастар жүйесін ашатын экологиялық қасиеттрін білу арқылы ғана малазықтық алқаптарды пайдалану жүйесін дұрыс жасауға, оларды жақсартып,өнімділігін арттыруға жол ашады. Шалғын жүргізу өз кезегінде басқа ғылыммен- өсімдік қауымдастықтар (фитоценоздар, өсімдік ассоциациялары) зерттейтін геоботаникамен тығыз байланысты.

Мал шаруашылығын, егістік және шалғындық малазығы шаруашылығын қарқындатуға байланысты қойылған міндеттерді табысты шешу- студенттерді, болашақ агономдарды, фермерлерді және басқа мамандарды дайарлауды жетілдірумен, олардың малазықтық дақылдардың биологиясын, нақтылы топырақты-климаттық жағдайда өсіру технологиясын терең зерттеумен тығыз байланысты.

Дәріс №1 Кіріспе

Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың негізі ғылыми- техникалық прогресті барынша жеделдету. Оның өсімдік шаруашылығындағы мақсаты- жаңа интенсивті технологиялық әдістерді енгізу, мол өнімді сорт түрлерін көбейту, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден және арам шөптерден қорғайтын құралдар табу, топырақ құнарлығын арттыру,өндіріс процесін комплексті механикаландыру, кең көлемде мелиорациялау, еңбек ұйымдастырудың прогрестік әдістерін және тағы басқаларды жүзеге асыру.

Сонымен, өсімдік шаруашылығы- ауыл шаруашылығы өндірісінің ең негізгі бөлігі болып саналады. Сондай-ақ ол екпе және жабайы өсімдіктерді зерттеп, оларды адамдарға тамақ, малға азық, өнеркәсіпке шикізат алу үшін өсіру жолдарын зерттейтін ғылым. Ол агрономияның бір бөлімі. Өсімдік шаруашылығы басқа да ғылымдармен: агрохимиямен, егіншілікпен, селекциямен, тұқым шаруашылығымен және басқа да биология саласындағы ғылымдармен тығыз байланысты.

Тек өсімдік шаруашылығында жасыл өсімдіктер ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралына айналады. Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығымен де тығыз байланысты. Өйткені ол шаруашылықты жем шөппен қамтамасыз етсе, мал шаруашылығы топырақ құнарлығын арттырып, дақылдар өнімін молайтатын органикалық тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.

Дүние жүзінде 20 мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі. Солардың ішіндегі ең маңыздысы 640- тан, ал егістікте кездесетін түрі 90-нан аспайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі, оның сапасы көптеген дақылдарының жинақталған көрінісі. Солардың ішіндегі ең бастысы- ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені ұдайы енгізу есебінен технологияны жүйелі түрде жетілдіруді, екінші жағынан, ұсынылған барлық агроәдістер комплексінің сақталуына нақты бақылау жасауды қамтамасыз ету мол өнімнің кепілі деп санаймыз.

Қазақ халқы баяғы заманнан мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал тірлігінің негізі болған, оған себеп болған табиғи мал азықтық жерлердің орасан зор аумағы.

VII ғасырдың соңынан XX ғасырға дейін халық қауымға бөлініп, көшпелі тұрмыс қалыпымен өмір сүрген. Бірқатар зерттеушілердің жазбалары бойынша, (Ашмарин, Шахматов және т.б) әрбір қауым 40-50 жанұядан бірнеше ауылға бөлінген (205-300 адам) және қоныс аударғанда ауыл -ауыл болып ауысқан, ал бұл жайылымдарды тиімді пайдалану қажеттілігімен жүргізілген: жердің орталығы неғұрлым биік және қалың болса, соғұрлым ол жерде мал көп жайылған, жер оттылығы нашар болса, малды көп тұрақтатпаған, алақсақалдар ерте бастан әрбір жайылымға мал сиымдылығын анықтап отырған.

Ежелден келе жатқан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, табиғи мал азықтық жерлерін тиімді пайдалану және мал шаруашылығы өнімін аз шығынмен өндіру ХХ ғасырдың басында бұзыла бастады.

Тың жерлерді игерудегі 50- жылдары тек ғана астық шаруашылығы емес және сонымен бірге мал шаруашылығының барлық салалары дамудың жаңа сатысына көтеріле бастады, сонымен қатар мал азығын өндіру саласы да жақсы қарқын алды. Қазақстанда 1990 жылы 198 млн. га таяу ауыл шаруашылық жерлер болды, оның ішінде жайылым мен шабындықтар 161,5 млн.га және 11 млн. гектарға таяу егіс алқабында біржылдық және көпжылдық малазықтық дақылдар өсіріледі.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің кемуі салдрынан халықтың етті, сүтті, жұмыртқаны тұтынуы азайып, алыс және шетелдердің өнімін импорттау үлесі өсті.

Қазіргі уақытта егістікте өсірілетін малазықтық дақылдар малдар қорада тұратын кезеңдегі мұқтаждығының 10%-ын ғана қамтамасыз етеді, ал қажеттілігін өнімділігі төмен, өсімдігі тапшы шабындықтардан, жайылымдардан және т.б жерлерден пішен дайарлау және сонымен қатар сабан астық қалдықтары арқылы қамтиды.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай отырып, соңғы 15 жыл бойымалдар саны кенет азайады, өнімі төмендеді шаруашылықтарға байланысты малдардың сакнының орналасуы өзгерді, сонымен қатар жемшөп дайарлау өндірісі де тоқырады, сондықтан малшаруашылығын осындай деңгейде ұйымдастыру арқылы және малазығын өндіру саласының қазіргі жағдайында мал шаруашылығы жоғары өнімі мен сапасын алу мүмкін емес.

Малазық өндірісі оқулық және ғылыми пән ретінде өсімдік шаруашылығымен тығыз байланысты. Бірақ оның ерекшеліктері ғылымның дербес саласына айналуына мүмкіндік береді. Малазық өндірісінің басты мақсаты - әртүрлі климаттық аймақтарда жоғары өнімді және тұрақты малазық дақылдарын өндірудің теориялық негіздерпін жасап, оны іс-жүзінде қолданудың тиімді жолдарын көрсету.

Мал азығын өндіру дегеніміз- егістік пен табиғи шабындықтар мен жайылымдарда ұйымдық- шаруашылық және агротехникалық жұмыстардың мал азықтық базасын құрудың кешенді шаралары.

Мал азығы өндірісі 2 бөлімнен тұрады: егістік және шалғындық. Егістіктегі мал азығы өндірісі мал азық дақылдарын егіп өсірудің кешенді мәселелерін, оларды өндірудің биологиялық және технологиялық әдістерін зерттейді.

Шалғандықтағы мал азығы өндірісі ауыл шаруашылығының саласы ретінде мал шаруашылығын толық мөлшерде қамтамасыз етудің кешенді шараларынан тұрады, сондай-ақ табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланудың, оларды өндіру әдістері жақсартудың арқасында пішен, пішендеме, сүрлемнен қамтамасыз етеді және жайылымдар мен шабындықтарды ұтымды пайдалану жолдарын анықтайды.

Шалғын шаруашылығы ғылымретінде табиғи алқаптарда өсетін малазықтық шөптерді, өсімдіктердің биологиясы мен экологиясын зерттеумен, табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту шараларын негіздеумен, жасанды шабындықтар мен жайылымдар құрумен, шөп қоспаларын сынаумен, малазық алқаптарының өнімділігінің көп жылдар бойы жолдарын қарастырумен, шабындық және жайылымдық алқаптардың тиімді жолдарын анықтаумен айналысады.

Шалғын шаруашылығының теориялық негізі болып шалғын жүргізу- табиғи малазық алқаптарындағы өсімдіктердің дамуы, тіршілігінің заңдылықтары және биологиясы туралы ғылым болып табылады. Себебі өсімдіктердің биологиясын, оның өскен ортасындағы қарым қатынастар жүйесін ашатын экологиялық қасиеттрін білу арқылы ғана малазықтық алқаптарды пайдалану жүйесін дұрыс жасауға, оларды жақсартып,өнімділігін арттыруға жол ашады. Шалғын жүргізу өз кезегінде басқа ғылыммен- өсімдік қауымдастықтар зерттейтін геоботаникамен тығыз байланысты.

Мал шаруашылығын, егістік және шалғындықмалазығы шаруашылығын қарқындатуға байланыстықойылған міндеттерді табысты шешу- студенттерді, болашақ агономдарды, фермерлерді және басқа мамандарды дайарлауды жетілдірумен, олардың малазықтық дақылдардың биологиясын, нақтылы топырақты-климаттық жағдайда өсіру технологиясын терең зерттеумен тығыз байланысты.

Бақылау сұрақтар

1. Мал азықтарының құнарлығы анықтау жолдары

2. Қазіргі замандағы мал азығын дайындау технологиялары

3. Қазақстандағы мал азықтық егістік көлемі

Дәріс №2 Шалғындық және жайылымдық мал азығы шаруашылығы

Жоспары:

1. Шалғындық және жайылымдық жерлердің аймақтарға бөлінуі

2. Шабындық және жайылым өсімдіктерінің тіршілігіне тигізетін биологиялық және ортаның өзгеру факторы

Бұрынғы ССРО-да табиғи шабындық, жайылым көлемі 350 млн гектар. Ал табиғи шабындық пен жайылым деп пішен шабуға, мал жаюға пайдаланылатын табиғи өсімдіктер өскен жер алқабын айтады. Бұрынғы ССРО-да табиғи жайылым, шабындық жем- шөптің негізгі базасы. Одан сол елге бір жылға қажет пішенннің 2/3 бөлігі алынған. Қазақстанда, Орта Азия, Солтүстік Кавказда т.б қой шаруашылығы табиғи жайылымдар мен шабындық жерлер негізінде дамыған.

Қазақстанда табиғи жайылымдық пен шабындық жерлердің көлемі 188,8 млн. гектар, оның ішінде табиғи жайылымдық 172,2млн га, жақсартылған жерлер -10,8 млн.га және шабындық-5,8 млн.га. Мұның 68 млн гектарды далалық, 34,5 млн. гектары шөлейт, 74,3 млн. гектары шөл және 6,2 млн. гектары тау жайылымы.

Жайылым табиғат жағдайына байланысты әрбір жыл мауысымында мысалы, 80,5 млн. га жаз айларында, 78,3 млн. га көктемде, күзде, ал 24,2 млн. га қыста пайдаланылады.

Мұнда еліміздегі уақ малдың (қой мен ешкінің) төрттен біріне жуығы, түйе мен жылқының бірізы өсіріледі. Ал барлық қаракөл елтірісінің үштен бірі Қазақстанда өндіріледі.

Қазақстан жері топырақ құрамы, ауа райы, өсімдік түрлерінің өзгешеліктеріне қарай алты табиғи аймаққа бөлінеді: 1. Орманды далалы аймаққа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау облыстарының солтүстік аудандары жатады. Бұл- республиканың ең жауын- шашыны көп аймағы. Мұнда астық тұқымдас шөптер мен боз, бетеге аралас өседі, шабындық шөптерден бидайық, қылтықсыз арпабас, далалық атқонақ, беде, қозықұлақ, эспарцет, сиыржоңышқа, жалбыз т.б. төбелі биік болып өседі, гектарынан 6-10 ц пішен жиналады. Бұл жайылымда ірі қара көктемнен күзге дейін жайылады.Ол онтүстігі құрғату бозды болып келеді. Көктемнен күзге дейін ірі қара, жылқы, қой жайылады.

2. Далалық аймақ- Павлодар, Ақмола облыстарының көп жері, Қостанайдың орталық аудандары, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Семей облыстарының солтүстігі. Өсімдігі көбіне боз, бетеге, еркекшөп, боз бетеге, ақ жусан, қара жусан, көкпек т.б. өседі, әр гектарынан 2-4 ц пішен шабылады.

3. Шөлейт аймақ- Ақтөбе, Орал, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Семей облыстарының көп жерні. Негізгі өсімдік құрамы-боз, бетеге, селеулі боз, кермек. Қара жусанды жайылымдарына қой жайылады. Ылғал мол жылдары гектарынан 4-5 ц пішен алынады. Құм төбелі жайылымдарда теріскен, қияқ, ебелек, изен, жүзген, жыңғыл.

4. Шөлаймағы- Қазақстанның барлық оңтүстік аудандары. Ең құрғақшылық аудандары- Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жезқазған облыстары. Шөл аймағының жайылымы 280-300 күн пайдаланылады, сондықтан бұнда төрт түлік мал түгел өсіріледі. Шөл аймағының үштен бірі құм жайылымы. Құм жайылымының солтүстігінде жусан, әсіресе көк жусан, бұйрығын, баялғыш, көкпек, изен, шағыр, еркешөп өседі. Бұл ауданда жусанды жайылымның көлемі 32 млн. га. Ол күзде, қыста пайдаланылады. Әр гектардан 1-3 ц көк балауса шөп орылады. Мұнда сексеуіл, дүзгін, қара жусан секілді бұталар да кездеседі.

5. Таулы аймақ- Батыс Тянь- Шань, Қаратау, Іле алатауы, Шу – Іле таулары (Шымкент, Жамбыл, Алматы,Талдықорған). Тау жайылымдарында бидайық, қылтықсыз арпабас, итмұрын, қазтабан, түйе жоңышқа, доңызсырт, жусан т.б. өседі. Әр гектарынан 20 центнерден көк балауса алынады. Бұлжайылымға мал жаз бойы 2-3 рет қайталап жайылады. Тау жайылымдарының орта деңгейінде әр түрлі астық тұқымдас көпжылдық шөптер өседі, тау бөктерінен пішенге шөп шабылады.

6. Алтай аймағы- барлық- Шығыс Қазақстан облысын қамтиды. Таулы Алтай аймағының ауа райы, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Таулы өлкелер географиялық жағынан алып қарағанда бір қалыпты орналасқанмен жоғары қарай өрмелеген сайын табиғатының климат өзгешелігі байқала береді.

Алтай аймағының тау етегінен жоғары көтерілген сайын өзгеруін академик Н.В Павлов төрт сатылы топқа бөледі. Біріншісі- бозды бетегелі дала, екіншісі- боз аралас шөпті дала, үшіншіс – орманды алқап, төртіншісі альпілік шалғын.

Альпілік шалғын аймағы орналасқан жердің теңіз деңгейінен биіктігі 1700 м және одан да жоғары. Бұның төменгі етегінде өсетін астық тұқымдас шөптер және аралас альпілік шөптер- альпілік атқонақ, қияқөлең, астралар және басқалар. Ең төбесінде қыналар басып тұрады.

Қазақстанда соншалықты мол да, түрлі жайылымдары бола тұра, республикада мал шаруашылығының қазіргі жайы мүмкіндіктен көп төмен екенің мойындауымыз керке. Дегенмен және шөлейт жайылымдардың өнімін арттыру жайында арнайы ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынып, ол жерлерді суландыру, топырақты эрозиядан қорғау, сусымалы құмдарды тосқауылдау сияқты шаралар жемісті жүзеге асырылуда.

Жайылымдық және шабындық жерлерді тиімді пайдалану үшін оның өнім сақтау және түсімін молайтуда өсімдік түрлерін, жетілу дәуірін, сіңімділігін және басқада қасиеттерін білу қажет.

Қазақстан өсімдіктерін зерттеу революциядан бұрын басталған еді. Бірақ Қазақстан өсімдіктерін ботаникалық құрамы толық зерттеу совет өкіметі орнағаннан кейін басылып қалды.

Қазақстан Республикасы ғылым академиясы және ғалымдар көптеген монографиялар және геоботаникалық карталар шығарды. Соңғы жылдары Қазақстанда 140 млн. гектар жердің толық геоботаникалық және гидрогеологиялық суреттері түсірілді.

Қазақстан жайылымдарының 55% сораңды –жусанды түрі қамтиды, ал таза сораңды жайылым шөл аймақтың 30% алып жатады.

Республиканың солтүстігінде жауын- шашын мол болғандықтан әсіресе Шығыс және Оңтүстік- Шығыс тауларда сиректеу болса да Оңтүстік Қазақстанда жайылым өсімдіктерінің ішінде көпжылдық астық тұқымдас және аралас шөптер басым орын алады. Бұлар негізінен жазғы жайылым- жайлау болып саналады. Олардың көлемі шамамен 40 млн. гектар. Оңтүстік- Шығыс, Оңтүстік, Оңтүстік- Батыс Қазақстанда жусанды және сораңды шөптер кездеседі, ал құмды жерлерде оған бұталы, бұташықты өсімдіктер қосылады. Мұндай жайылымдар негізінен қыс айларында пайдаланылады. Орта есеппен олардың егіс көлемі33 млн. гектар.

Көктемгі (көктеу)және күзгі (күздеу) жайылымдарда негізінен эфемерлі және жусанды- соранды өсімдіктер өседі. Мұндай жайылымдар көлемі шамамен 57 млн. гектар. Олардың көпшілігі Орталық және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.

Жоғарыда айтылған жайылымдардан бөлек 35 млн. гектар жерді жыл бойы мал жаюға пайдалануға болады.

Бақылау сұрақтар

1. Шалғындық мал азықтың ерекшеліктері

2. Шалғындық мал азықтың құнарлығы

3. Жайылымдық мал азықтың құнарлығы

Дәріс №3 Шалғынның және жайылым өсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері

Жоспары:

1. Бұтақтар және бұтақшалар биіктігі

2. Жартылай бұтақты және жартылай бұтақшалар

3. Көпжылдық шөптер

4. Вегетация фазалары

5. Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі

Белгілі бір топырақ-климат және тұрақты табиғи іріктелу негізінде табиғи малазықтық жерлерде морфологиялық және биологиялық айырмашылықтары бар нақты өсімдік түрі жағдайларға бейімделген түрлері пайда болды. Барлық өсімдіктер жалпы малазықтықтық сипаттама беру үшін сыртқы көрсеткіштеріне байланысты жіктеледі, сонымен қатар белгілі дәрежеде олардың сыртқы эволюциялық формасы анықталады.

Қазақстанда мал азығын өндіруде практикалық маңызы бар өсімдік түрлері мынадай: жайылымда және шабындықтағы көпжылдық және біржылдық шөптер, сонымен қатар шөлді аймақта малазықтық маңызы бар бұтақты, жартылай бұтақты бұтақшалар.

Бұтақтар және бұтақшалар биіктігі бірнеше сантиметрден 3-5 метрге дейін жетеді, соның ішінде осы циапазонда бұтақшалардың биіктігі ең кішкентай болады. Олардың орташа тіршілік ұзақтығы 20-30 жыл, ал кейбіреулерінде 100 жыл және оданда көп болады. Қазақстанда практикалық маңызы бар сұр теріскен, қара сексеуіл, ақ сексеуіл, жүзгіннің көп түрлері, меркез сортаң және тағы басқа.

Жартылай бұтақты және жартылай бұтақшалар – жартылай ағаш өсімдіктер түріне жатады, олардың көбісі бұтақтарға жақын келеді.

Жартылай бұтақтарда жылдам өсетін генеративті өркендері бар, вегетативті өркендері қысқа, соған байланысты ағашты өсімдіктерге қарағанда олардың өсетін және түсетін мүшелері көп болады.

Жартылай бұтақтылар, жартылай бұтақшалардан тек көлемі бойынша ғана емес, сонымен қатар көпжылдық және біржылдық өркен бөліктерінің ұзындығымен ерекшеленеді.

Жартылай бұтақтылар шөлді және жартылай шөлді, далалық аймақта таралған, олар: Жусандар, алабұталар, көкпек және т.б.

Көпжылдық шөптер. Көпжылдық шөптерде вегетация санына қарай жер үсті өркендері түгелдей опат болады, көктемде вегетативті жолмен қайта жанданады, шөп оты қалыптасқан жерлерде тұқыммен көбеюі шектеулі. Көпжылдық шөптердің қайта жандану бүршігі тамыржемісінде немесе сабақтың төменгі бөлігінде пиязшығында, тамырында, түйнектерінде орналасады. Түптену түйіні немесе түптену аумағы, онда бүршік болады, одан жыл сайын шөп отын жаңартатын жаңа өркендр өсіп шығады.

Вегетация фазалары. Барлық өсімдіктерде болатын сияқты шөптесін өсімдіктермен жартылай бұтақтардың вегетациялық кезеңдері болады, ал екінші және одан кейінгі тіршілік жылдары мынадай негізгі фазаларға бөлінеді: көктемгі қайта жандануы, ерте көктемгі және көктемгі толық түптену, түтікке шығу (астық тұқымдастар және қияқөлеңдер), бұтақтану (бұршақ тұқымдастар және әр түрлі шөптер), масақтану (бүрлену), гүлдену, жеміс беру, жаздық тыныштық күйі, бастапқы және толық жазғы-күзгі түптену, қысқа өту алдындағы жағдай, қыстық тыныштық күйі.

Көктемгі өсу әр түрлі дақылдарда орташа тәуліктік температура 3-50 С -тан асқанда басталады. Қазақстанның далалық және орманды далалық аймақтарында жандану көктемгі метерологиялық жағдайларға байланысты 58 тәулік ауытқуымен сәуір айының ортасында басталады.

Қайта жандануы басталған бастап 15-20 тәулік өткеннен кейін өсімдік биіктігі 8-10см болады, одан толық түптену фазасына ауысады: түптену аймағынан жаңа өркендердің пайда болуы.

Сабақтану кезеңі – түтікке шығу және бұтақтану кезеңдерінде шөптер өркендерінің тәулігіне 2-5 см-ге дейін қарқынды өсу байқалады.

Масақтану кезеңі: астық тұқымдастарында және қияқөлең тұқымдастарында жапырақ қынабының жоғарғы бөлігінен гүл шоғырының шығуы және гүлденудің басталуына дейін, бұршақ тұқымдастары мен әр түрлі шөптерде – гүл шоғырының қалыптасуынан бастап гүлденудің басына дейін.

Шөптердің гүлдену фазасы орташа 6-12 тәулікте өтеді, ал бұршақ тұқымдастар мен әр түрлі шөптерде 25-30 тәулікке созылуы мүмкін.

Гүлдену фазасынан кейін жеміс байлану фазасы келеді, ол түк байланғаннан, олардың пісуіне дейін 10-15 тәулік бойы созылады, ал тұқым толық піскеннен кейін өркендердің солу кезеңі басталады.

Биологиялық және морфологиялық белгілеріне байланысты өсімдіктер типі. Барлық малазықтық дақылдар негізгі 4 топқа бөлінеді:

а) қоңырбас(астық) тұқымдастар

ә) бұршақ тұқымдастар

б) әр түрлі шөптер

в) қияқөлең тұқымдастар.

Бұларды топтастыру биологиялық және морфологиялық белгілер бойынша жүргізіледі:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: