II тарау

Бастауыш сыныптарда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру

1.1. Мектепте фонетиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Қандай тiл болса да ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тiлдердiң негiзi – дыбыс. Ал сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөздi түсiну үшiн әуелi оны тыңдау керек. Ал сөздi дұрыс айта бiлу үйренушiнiң осы сөздi дұрыс тыңдай бiлуiмен тығыз байланысты. Тiлдi үйретудiң мақсаттарының бiрi үйренушiнi сөздi және таныс емес дыбыстарды тыңдай бiлуге үйрету. Сөздi тыңдау дегенiмiз – оның акустикалық формасын бiлу. Сондықтан сөздi айтуға үйрету оқушының тыңдау және сөйлеу дағдысы мн бiлiктiлiгiн қалыптастыруда үлкен орын алады.

Сөздi айту оны тыңдап мен сөйлеуден тұрса, жазу сөздiң дыбыстарының графикалық белгiленуi.

Сөздi дұрыс айтпау оны түсiнбеуге әкелiп соғады. Егер сөздi айтушы сөздiң бiр дыбысын өзгертiп айтса, сөздiң мағынасы өзгередi. Мысалы: white – wide, eat –it, pot – port.

Мұғалiм сөздi дұрыс айтудың маңызын жақсы бiлуi керек.

Әр тiлдiң өзiне тән дыбыстық жүйесi бар. Бұл ағылшын тiлiне де қатысты. Ағылшын тiлiнiң дыбыстары қазақ тiлiнiң дыбыстарымен бiрдей емес, бiрақ екi тiлде де ұқсас дыбыстар бар.

Ағылшын тiлiнiң мына дыбыстары айтуда қиындық туғызады: [w], [ð], [f], [ε„].

Сондай-ақ мынадай сөздердi mon ths, clo ths айтқанда [θs], дыбыстарының қосарланып келуi де айтуда қиындық туғызады. Ал [ ŋ ] дыбысы қазақ тiлiндегi [ ң ] дыбысының айтылуына ұқсас. Мысалы: English, think, song, sitting.

Ағылшын тiлiнде айтуға үйретуде негiз ретiнде ағылшын тiлiнiң әдеби айту нормалары алынады. Бұл әдеби норма – ол тiлдiң радиода, теледидарда, театрда, университеттерде, мектептерде қолданылатын түрi. Бiз оқушыларға ағылшын тiлiнiң осы түрiн оқытамыз. Бұл түрлердiң ерекшелiктерi мынадай:

1. анық ритмнiң сақталуы.

2. дыбыстардың анық айтылуы.

3. көмекшi етiстiктердi қысқартып пайдалану.

Сөздердi айтып үйренуде оқушылар ненi меңгеруi керек?

Олар мыналар:

1. ағылшын тiлiнiң дыбыстық жүйесi.

2. қазақ тiлi мен ағылшын тiлiнiң дыбыстық жүйесiндегi айырмашылықтарды бiлу.

3. сөзге екпiн қоя бiлу, сөйлемге дұрыс әуен қоя бiлу, сөйлемдi дыбыс, интонациялық топтарға бөле бiлу.

Ағылшын тiлiнде айтылған сөйлемдi тек қана оның айтылуы, интонациясы дұрыс болғанда түсiнуге болады.

1.2.Ағылшын тiлi дыбыстарын оқыту

Ағылшын тілінде 44 дыбыс бар, оның 20 –дауысты, 24 –дауыссыз.Ағылшын дауысты дыбыстары монофтонг және дифтонгтардан тұрады.

Ағылшын тілінің фонетикалық құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан оны үйренушілер тілдің дыбыстық және интонациялық құрылымын оқып үйренгенде көптеген қиындықтарға кездеседі. Шетел тілін үйренушінің басты мақсаты – тілдің дыбыстық құрамын меңгеру, дыбыстарды дұрыс айту және сол тілге тән интонациямен сөйлей білу.

Кез – келген тілдің дыбыстық құрылысының негізіне дыбыстар (фонемалар) жүйеcі жатады. Фонема – тілдің ең кіші дыбыстық бірлігі. Ағылшын тілінде сөзді құрайтын дыбыстар мен әріптердің саны сәйкес келе бермейді. Бұл ағылшын тілі орфографиясын меңгерудегі басты қиындықтың бірі. Мысалы: daughter – қыз деген сөзде 8 әріп болса, 4 дыбыс қана бар. Ағылшын тілінде 44 дыбыс, 26 әріп бар.

Ағылшын тілінің дыбыстарын айтуды меңгеру үшін әуелі сөйлеу органдары мен олардың жұмысымен танысу керек.

Сөйлеу органдары.

Сөйлеу органдары дегеніміз тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Дыбысты айту мүшелеріне ауыз, мұрын, тамақ және жұтқыншақ қатысады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз.

Дыбысты айтқан кезде ауа ағыны әуелі: 1. тамақ қуысынан өтеді, онда 2. дауыс шымылдығы орналасқан.

Дыбысты айтқан кезде үн шығатын болса, ондай дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Дауысты дыбысты айтқанда дауыс шымылдығы бір – біріне жақындайды, бірақ қосылмайды, ауа ағыны дыбыс шымылдығын қозғалысқа келдіреді.

Дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде ауа ағыны толық кедергіге ұшырайды. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда үн мен шу қатар шығады. Тамақ қуысынан шыққан ауа ағыны көмкйге барады, содан кейін ауыз қуысына барады. Ауыз бен мұрын қуысы таңдай мен кішкентай тілше арқылы бөлініп тұрады.

Ауыз қуысындағы маңызды сөйлеу органдарының бірі – тіл. Тілдің негізгі бөлігі тілдің арқасы деп аталады. Дыбыстардың айтылуын дұрыс суреттеу үшін тілді мынадай бөліктерге шартты түрде бөлеміз: алдыңғы бөлік (9), тілдің ұшы (8), ортаңғы және артқы бөлік.

Тілдің жоғары шекарасы қатты (6) және жұмсақ таңдай, ол кішкене тілшемен аяқталады. Жоғары тістер мен қаттытаңдайдың арасында 5 альвеола деп аталатын төмпешіктер орналасқан. Сөйлеу органдарына ерін және тістер де жатады.

Жалпы сөйлеу органдарына дыбыстауға қатысатын органдарды жатқызады. Олар: 1/ дауыс шымылдығы, таңдай, ерін, тіл.

Белсенді емес дауыс органдары дыбыс жасауға тікелей қатыспайды, тек қана көмектеседі. Олар: тістер, альвеола, қатты таңдай.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: