Есеп № 1

Аудандық аурухананың 2 қабатты павильонында жер учаскесінің түпкірінде, басқа аурухана ғимараттарынан асфальталынған жол арқылы бөлінген, жеке кіретін жолы бар, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Барлық аурулар бір қабылдау-қарау боксында қабылданды. Әрбір науқастан соң, бокс және науқасты әкелген санитарлық машина арнайы бөлмеде дезинфекциядан өтеді. Өте қауіпті инфекциямен ауырған науқастарды қабылдау-қарау боксынан өткеннен кейін, бөлімше дәлізі арқылы 1-қабатта орналасқан бокстарға аустырады. Тәуір болғаннан соң, олар бокстан сыртқы есік арқылы шығады. Ауа-тамшылық инфекциясымен аурғандар 1- қабаттағы бокстарда жайластырылған, ал басқа инфекциялармен аурғандар - 2-қабатта. Әртүрлі инфекциямен сырқаттанғандардың бәрі бір бөлімде орналасқан. Диагнозы анықталмаған науқастар, диагнозын анықтағанға дейін бөлек палаталарда орналастырылады, екі қабатқа да бір ғана жедел көтергіш пен шығып-түсу басқышы бар. «Таза» және «лас» жолдарға бөлуді, уақыт бойынша шектеу арқылы іске асырылады. Дәліздер екі жақты орналасқан, палаталар мен бокстар солтүстік шығысқа және оңтүстік батысқа бағытталған, палаталық және боксты бөлімшелерде асхана мен балалар ойнайтын бөлме бар. Асқазан–ішек инфекцияларымен ауратын науқастар бәрі бір канализация жүйесін пайдаланылады. Тағам қалдықтары залалсыздандырылып, ыдыс-аяқ жуғыш заттармен өңделеді, 80 градус ыстық сумен шайылады. Төсек - орындар бөлімінің ішінде жуылады. Аурулардың ауруханада болған кездегі жағдайы, оның микроклимат, жарық режимінің, желдету жүйесінің жұмысы мен жылыту, және сумен қамтамасыз етілуінің, ауаның химиялық және бактериялық ластануы көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Қыста бокстың ішіндегі температура 15 - 20 град., температураның ауытқыуы көлденеңі боынша - 3,8 град., тігі бойынша - 2,6 град. Ауаның ылғалдылығы 80 %, ауа қозғалысының жылдамдығы- 0,06 м/сек, ауаның құрамындағы СО2 -0,30%.Бокста бір науқас бар, ауданы 15 м2,биіктігі-3 м.. Терезелері солтүстік-шығысқа бағытталған. ЖК-1:10. ТЖК- 0,5%. Палатадағы шамдардың меншікті қуаты- ­20 вт/м2. Ауаны дезинфекциялау БУВ-15 бактерицидтік шамы арқылы іске асырылады. Жасанды желдету: барлық бокстарға және палаталарға ауа берілуі және одан сорып акетуі бір каналмен жүргізіледі.. Ауа алмасу есесі: +1,5/ -2. Жылытатын құралдардың температурасы 56 град. аспайды. Сумен қамтамасыз ету - жергілікті, артезиан суынан. Судың сапасы:

Түсі - 20 град.

Мөлдірлігі – 20 см.

Иісі- 2 б

Дәмі - 3 б

сульфаттар - 520 мг/л

Хлоридтер - 120 мг/л

Жалпы кермектілігі - 10 ммоль/л

Аммиак - жоқ

Нитраттар - 10 мг/л

Фтор - 2,3 мг/л

Жалпы микроб саны - 150

Лямблий цисталары 50 мл суда –1.

Сұрақтар:

1. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудын қандай принциптерін білесіз?

2. Аурухананың жер учаскесінде жұқпалы аурулар бөлімі дұрыс орналасқан ба?

3. Жұқпалы аурулар бөлімі басқа бөлімдерден қалай қоршалуы тиіс? Шешілетін есепте ережелер сақталған ба?

4. Жұқпалы аурулар бөліміне өз алдына жеке көлік кіретін жолы болуы керек пе.Неге?

5. Жұқпалы аурулар бөлімінің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?

6. Жұқпалы ауруларды басқа қабылдау бөлімі арқылы қарауға болады ма?

7. Қабылдау-қарау боксы дегеніміз не? Қандай бөлмелері болуы керек? Шлюз бен 2 шығатын есік болуы, оның сыртқысы екі есікті және тамбурлы болуы не үшін қажет?

8. Әртүрлі инфекциямен ауырған науқастар қалай қабылданады? Барлық ауруды бір бокста қабылдауға болады ма? Есептегі ауруларды қабылдау дұрыс ұйымдастырылған ба?

9. Қандай ауруларды қабылдау-қарау боксында қалдырады немесе емдеу үшін басқа бөлімдердің бокстарына ауыстырады? Ауруды бөлімге жатқызуды қалай жүргізеді: ішкі дәлізі арқылы ма, әлде қарайтын-қабылдайтын сыртқы есігі арқылы жибереді ме? Есепте ауруды жатқызу дұрыс жүргізілген бе?

10. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудың ерекшеліктері. Барлық ауруларды бокстарда орналастыру керек пе?

11. Аурулардың жұқпалы ауруларының таралу жолдарына байланысты науқастар қалай орналасуы тиіс? Берілген есепте дұрыс орналастырылған ба?

12. «Таза»ң және «лас» жолдар дегеніміз не? Оларды қалай бөледі? Берілген есепте бұл талап орындалған ба? Ондай талаптарды орындалмау неге акеп соғыу мүмкін?

13. Жұқпалы аурулар бөлімінде дәліздердің қандай құрылысы оптималды болады, неліктен? Берілген есепте қандай?

14. Жұқпалы ауралар бөлімінің терезелері қай жаққа қарай бағытталауы тиіс, неліктен? Терезелердің солтүстікке, солтүстік –шығысқа бағытталуы неге акеп соғуы мүмкін?

15. Бөлімшедегі тағам қалдықтары мен ыдыс-аяқтар дұрыс өнделеді ме?

16. Аурлардың жалпы тұрмыстық канализацияны пайдалануылына болады ма, егер болатын болса, қандай жағдайларда?

17. Бокста микроклимат жағдайы қолайлы ма? Гигиеналық талаптарға сәйкес емес ауытқуларды атаңыз? Орын алып отырған микроклимат жағдайлары аурулардың ағзасына кандай әсер етуі мүмкін? Қолайлы микроклимат қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүргізу керек?

18. Бөлімде желдетуіш дұрыс ұйымдастырылған ба? Оның тиімділігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтауға болады? Ауаның құрамындағы СО2 концентрациясы нені көрсетеді?

19. Жұқпалы аурулар бөлімдегі желдетудін мұндай неге әкеп соғуы мүмкін? Теріс салдарының алдын алу үшін қандай шаралар жургізу керек?

20. Бөлмелердің ауасын залалсыздандыру үшін бір экрандалмаған бактерицидті БУВ-15 шамы жеткілікті ме? Адамдар бар кезде оны қолдануға бола ма? Осы бөлмені зарарсыздандыру үшін қанша экрандалған БУВ-15 бактерицидтік шамы керек?

21. Судың сапасын бағалаңыз, медицина қызметкерінің жұмыс жағдайына және науқастардың ағзасына қандай әсерін күтуге болады? Судың сапасын жақсарту үшін қандай шаралар ұсынасыз?

22. Жұқпалы аурулар бөлімі жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсетініз..

№2 есеп

4 қабатты аудандық аурухананың бас корпусының оң жақ шетінің 1-ші және 2-ші қабатында хирургия бөлімі орналасқан. 1-ші қабаттың сол жақ шетінде біріктірілген хирургия және терапия бөлімдерінің қабылдау бөлімшесі, анестезиология және реанимация бөлімі және операциядан кеінгі палаталар орналасқан; 2-ші қабатта – балалар бөлімі. Жоғарғы қабаттарында терапия, эндокринология, зертханалар және функционалды диагностика бөлімшелері орналасқан.

1-ші қабатта іріңді хирургия бөлімі орналасқан, 2-ші қабатта - травматология бөлімі. Бұл екі бөлімде өтпелі емес, палаталар дәліздердің бір жағында орналасқан. Палаталардың терезелері оңтүстік-шығысқа бағытталған. Бөлімнің құрамына палаталар, аурулардың күндізгі демалатын орны, дәрігерлер бөлмесі, емшара бөлмесі, медбике орындары, буфет, асхана, төсек-орын, шаруашылық бике бөлмесі, аға медбике және санитарлық бөлмелелер. Іріңді бөлімшесінде жара таңу бөлмесі бар, таза бөлімшедегі ауруларға жара таңулар процедура бөлмесінде жүргізіледі. Бөлімде 9 палата бар, әрқайсысының ауданы 30м2, 6 науқастан жатады, сондай-ақ, ауданы 10м2 2 төсекке есептелген 2 палата бар. Палатаның сыртқы қабырға мен төсектің арасындағы қашықтық - 0,3 м, төсектердің арасындағы қашықтық -1 м. Палаталардың биіктігі- 3,3, м. ЖК-1:8 ТЖК-1%. Жасанды жарық люминисцентік шамдардан тұрады, жарық деңгейі – 60 лк. Палаталардағы температура -28 градус, ылғалдылық - 55%, ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,05 м/сек. Желдетілуі табиғи, 1 сағатта 1 рет 15мин. форточка арқылы (ауданы 40 см, ауа қозғалысы-0.5 м/сек) желдетіледі. Санитарлық жүйелер тек екі төсекті палаталарда ғана бар, басқа палаталардағы аурулар дәліздің шетінде орналасқан жалпы санитарлық жүйені пайдаланады. Палаталық дәліздің ені- 2м. Медбикенің орны бөлімге кіре берісте орналасқан. Оперблок ғимараттың оң жақ шетінде, хирургиялық палата бөліміне қарсы орналасқан, одан дәліз арқылы бөлінеді. Бірінші қабатта іріңді бөлімнің оперблогі, 2-ші қабатта таза бөлімнің оперблогі орналасқан. Науқастар оперблокқа операция алдындағы бөлме арқылы өтеді. Операция алдындағы бөлмеде хирургтар мен медицина қызметкерлері қолдарын дезинфекциялық өңдеуден өткізеді, киімдерін стерилді киімдерге ауыстырады. Ауруды операцияға соңғы дайындауды операциялық бөлмеде анестезиолог жүргізеді. Оперблоктың құрамында 3 операциялық бөлме бар, әрқайсысының аудандары-36 м2, биіктігі-3 м, 2 операциялық столға есептелген. Операциялық бөлмелердің арасында стерильдеу бөлмелері бар. Операциялық бөлмелерідің терезелері солтүстік-батысқа бағытталған ЖК- 1:7, ТЖК- 1%. Бөлмелер люминисценттік шамдармен жарықтанады. Жасанды жарық деңгейі - 280 лк. Желдету, кондиционер арқылы, ауа алмасу есесі +5 / -10, ауа төменнен беріледі. Операцияға дейін және операциядан соң дезинфекциялаушы заттармен өңдеу жүргізіледі және төрт экрандалмаған БУВ-30 бактерицидті шаммен 15 минут бойына сәлелендіру жүргізіледі.Операция жасайтын бөлменің температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы-60-70 %, ауа қозғалысының жылдамдығы -0,3 м/сек. Температураның ауытқыуы көлденеңі боынша жазда – 2,6 град, қыста -2,1, тігі бойынша жазда - 3,1 град. және қыста - 1,8 град. Ауаның құрамындағы СО2 жазда -0,15%. Микроорагинзмдердің жалпы саны операцияға дейін-800, операциядан соң 2000, оның ішінде операцияға дейін1м3 ауда алтын түсті стафилококк -0, гемолитикалық стрептококк - 1, операциядан кейін әрқайсысы -6-дан. Сумен қамтамасыз ету –жергілікті су құбырынан, оларда авариялық жағдайлар болып тұрады.

Сынамаға алынған су сапасы:

Жалпы микробтар саны – 200

Ішек таяқшасы түрендігі бактериялардың жалпы саны 100 мл суда - 5

Нитраттар - 25 мг/л

Фтор - 1,2 мг/л

Аммиак - 0,25 мг/л

Нитриттер - 0,03 мг/л

Тотыққыштығы – 5 мг/л

Хлоридтер -150 мг/л

Сульфаттар - 80 мг/л

Жалпы кермектілігі - 5 ммоль/л

Иісі -3 балл

Дәмі-2 балл

Түсі -28 град

Мөлдірлігі-30 см

Кейінгі 2 жылда хирургия бөлімде операциядан кейінгі іріңді асқынулар мен асқазан ішек инфекцияларының саны көбейді.

Сұрақтар

1. Хирургиялық бөлімдерді жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіздер?

2. Хирургиялық бөлім қандай бөліктерден тұрады?

3. Хирургиялық бөлімнің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?Басқа бөлімдердің қабылдау бөлімшесінде хирургиялық аурулдарды қабылдауға бола ма?

4. Аурухана корпусында хирургия бөлімі дұрыс орналасқан ба?Хирургиялық палата бөлімін қандай жерде орналастыру ұсынылады? Олар өтпелі болуы мүмкін бе?

5. Палаталық хирургиялық бөлімнің құрамында қандай бөлмелер болу керек? Есептегі бөлмелер құрамы талаптарға сәйкес келе ме?

6. Таза және ірінді ауруларды бір бөлмеде орналастыруға бола ма? Болмаса, қалай орналастырады? Берілген есепте осы талаптар сақталған ба? Талаптардың орындалмау неге әкеп соғуы мүмкін?

7. Көпшілік палаталарда талаптар бойынша қанша төсек болу қажет? 1 және 2 төсектік палаталар қанша болу керек? Еепте бул талаптар орындалған ба? Палаталардағы төсек санының көбеюі неге әкеп соғуы мүмкін?

8. Төсектердің және төсек пен қабырғаның аралықтары жеткілікті ме? Қандай болу керек?

9. Медбикенің орны қай жерде орналасу тиіс, неліктен? Есепте дұрыс берілген бе?

10. Дәліздер неге кең болу керек? Есептегі ені дұрыс па?

11. Есептегі сан. жүйенің орналасуы дұрыс па?

12. Оперблок қай жерде орналасуы қажет? Таза және іріңді аурулар үшін бір опер блокты пайдалануға болады ма? Есептегі берілген оперблок гигиеналық талаптарға сәйкес пе?

13. Тазалық дәрежесі бойынша оперблокта қандай зоналарды бөліп көрсетеді? Есепте қандай кемшіліктерді байқадыңыздар?

14. Бір столға есептелген операциялық бөлменің ауданы қандай? Бірнеше столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па немесе бір столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па?

15. Операциялық бөлмелердің биіктігі неге 3,6 м болуы тиіс? Операциялық бөлменің терезелерін қай бағытка бағыттайды? Неліктен?

16. Операциялық бөлмеде табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар сақталған ба?

17. Операциялық бөлмеде желдету қалай ұйымдастырылуы тиіс және неге олай? Кондиционирлеудің артықшылықтары мен кемшіліктері? Есептегі желдетудің ұйымдастырылуы гигиеналық талаптарға сәйкес келе ме?

18. Операциялық бөлмелердегі дезинфекциялық өндеу дұрыс жүргізіледі ме? Есепте ол қаншалықты тиімді, оның тиімділігі туралы сіз қандай көрсеткіштер бойынша пікірге келесіз?

19. Залалсыздандыру үшін қанша БУВ-30 шамдары керек, және оны қанша уақыт жүргізу керек?

20. Есептегі операциялық бөлмелер мен палаталардағы микроклимат жағдайына қанадай баға беруге болады?

21. Ауруханаға берілетін су қауіпсіз бе? Қандай көрсеткіштері юойынша қауіпсіз?

22. Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың және аурухана ішілік ішек инфекциялардың көбеюнің себептері қандай деп ойлайсыздар?

23. Хирургия бөлімінің жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайын жақсарту туралы шараларды ұсыныңыз?

№3 есеп

Облыстық аурухана құрамына кіретін перзентхана жеке 2 қабатты ғимаратта, негізгі емдеу корпусынан 10м қашықтықта және шаруашылық алаңынан 20м қашықтықта орналасқан. Ұзындық осі бойынша ғимарат батысқа бағытталған, басқа ғимараттардан 3м қашықтықта отырғызылған ағаштардың жасыл жолағымен қоршалған. Перзентхананың акушерлік бөлімінде 40 төсек, жүкті әйелдердің патология бөліміне 20 төсек және гинекология бөлімінде 40 төсектік орын бар.

Перзентханаға босанатын әйелдер бас есіктен кіреді, вестибюльден қаралу кабинетіне бағытталады, ол жерден дәрігер тексергеннен және туу жоспарын жасағаннан кейін санитарлық өңдеуге бағытталады, содан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімге түседі. Обсервациялық бөлімге дене қызуы көтерілген және терінің іріңді аурулары бар, сонымен қатар жұқпалы ауруларға күдікті босануға келген әйелдер бағытталады. Негізгі кіретін есік арқылы гинекологиялық бөлімге де аурулар түседі. Босанған әйелдерді перзентхананың физилогиялық және обсервациялық бөлімінен шығару бір бөлмеде жүргізіледі. Обсервациялық бөлімі бірінші қабатта, физиологиялық екінші қабатта орналасқан. Бір бөлімнен екінші бөлімге өту үшін баспалдақ немесе лифт пайдаланылады. Бұл бөлімдердің әрқайсысының құрамына босану алдындағы палаталар, босану блогы, операция блогы, қарқынды терапия палаталары, босанғаннан кейінгі палаталар және қосалқы бөлмелер кіреді. Емдік-диагностикалық және қосалқы бөлмелер екі бөлімге де бірдей, бірақ график бойынша әртүрлі уақытта қолданылады. Медицина персонал әр бөлімге қатал бекітілмеген. Әр бөлімде, 4 төсекке есептелінген, ауданы 4м2 босану алдындағы бір палатадан бар. Босану залы мен операциялық блогі бір бөлікте орналасқан, босанғаннан кейінгі палаталардан кеңдігі 1,5 м коридормен бөлінген.

Босану залының ауданы 36м2, биіктігі 2,7м, босану 2 креслода кезекпен жүргізіледі, бұл креслолар әрбір босанғаннан кейін жуу ерітіндісі бар сумен өңделеді. Босану залы мен операциялық блоктағы операция жасайтын бөлме батысқа бағытталған. ЖК 1:7, ЖЖК -1,3%. Люминисцентті шам есебінен жасанды жарықтануы 300 лк. Жаз мезгілінде ауа температурасы – 29 Сº. Желдетілу- таза ауаны төменнен беріп кондиционерлеу арқылы жүргізіледі. Ауа алмасу еселігі -+5/-5. Ауысым соңында ылғалды жинаудан кейін БУВ-30 2 экрандалмаған шамдарымен 15 мин бойы зарарсыздандырды.

Ауданы 20м2 босанғаннан кейінгі палаталарда әр палатада 4 босанған әйелдер нәрестелерімен орналасады. Палаталардың толтырылуы босанатын әйелдердің түсуіне байланысты жүргізіледі. Терезелері шығысқа бағытталған. Ауа температурасы - 29-30 ºС, желдетілуі табиғи фрамуга арқылы табиғи түрде күшейтіп жүргізіледі. Ауа алмасы еселігі 2-ге дейін жетеді. Палаталарды зарарсыздандыру аптасына 1 рет концентрацияланған хлорамин ерітінділерімен өңделеді, кейін сумен жуады. Күніне 2 рет босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің болуы кезінде әрбір палатада бір шамнан орнатылған БУВ-30 экрандалған шамымен зарарсыздандыру жүргізіледі. Босану залының ауасында СО2 -1,8%. Ауысым басталарда жалпы микроорганизмдер саны -500, ауысым соңында 1500, соның ішінде алтынды стафилокок пен гемолитикалық стрептококк жұмыс басталар алдында 1м³ -қа 0 және 1 сәйкес болған, ауысым соңында 5 және 10. Сумен қамтамасыз ету – апаттық жағдайлар болып тұратын жергілікті су құбырымен қамтамасыз етіледі.

Су сапасының анализі:

Жалпы микроб саны- 130

Колиформды бактериалардың жалпы саны 100 мл -2

Нитраттар- 45мг/л

Тотықсыздануы – 5мг/л

Хлоридтер -450мг/л

Сульфаттар -380 мг/л

Жалпы тұтқырлығы -7,5 ммоль/л

Дәмділігі -2 б, Иісі- 3 б, Түстілігі -20 град.

Сұрақтар

1. Акушерлік бөлімдердің жоспарлануының қандай қағидаларын білесіз?

2. Перзентхана аурухана территориясында дұрыс орналасқан ба? Ауруханадан тыс басқа емдеу корпустарынан және тұрғын үйлерден қандай қашықтықта орналасуы қажет?

3. Перзентханалар үшін ғимараттың қайда бағытталуы ең қолайлы болып табылады? Сіз тапсырмадағы ғимараттың бағытталуы жайлы не айта аласыз?

4. Ғимараттан қандай қашықтықта ағаштар отырғызылуы қажет және неліктен? Тапсырмада талаптар сақталған ба?

5. Перзентхананың физиологиялық және обсервациялық бөлімдеріндебосанатын әйелдерді қабылдауды қай бөлмеде және кім жүргізуі тиіс? Тапсырмада босанатын әйелдерді бөлу дұрыс жүргізіле ме?

6. Қарау кабинетінде қандай сұрақтар шешіледі? Ауру және сау босанатын әйелдерді қабылдауды бір қарау кабинетінде жүргізу мүмкін бе?

7. Сіздің ойыңызша тапсырмада белгіленбеген қандай аурулар обсервациялық бөлімге бағыттауға тікелей көрсеткіштері бола алады?

8. Физиологиялық және обсервациялық бөлімдер дұрыс орналасқан ба?

9. Қабылдау бөлімі мен шығару бөлімі қалай ұйымдастырылуы керек? Гинекологиялық аурулары бар әйелдерді босанатын әйелдермен бірге қабылдауға болады ма?

10. Перзентхананың ішкі ортасы мен жоспарлануының гигиеналық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беріңіздер, жағдайды жақсартуға болатын шараларды көрсетіңіздер.

Тақырып № 9. Балалар мекемелерін жабдықтау және жоспарлаудың гигиеналық принциптері, санитарлық ережелері мен қалыптары. – 2 сағат

Мақсаты: Мектеп мекемелерін жоспарлауға, орналастыруға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру және мектеп жиһаздарын дұрыс таңдауды бағалау жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

- мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі жабдықтарды орналастыруға,жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру.

- Мектеп жиһазына қойылатын талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру

- Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін орналастыру және жоспарлауды бағалау дағдысын қалыптастыру

- Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін қолайлы орналастыру және жабдықтауды бағалау дағдысын қалыптастыру

Өткізу түрі: дискуссия

Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма № 1. Мектептерді санитарлық-гигиеналық зерттеу тәсілімен танысу (Гурова А.И..1991,С.128-137, В.Н.Кардашенко,1983.-С.179-189)

Таратылатын материал: жоқ

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Гигиена /Под ред акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.458-461.

2. Гурова А.И.,Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. – М.: Изд-во Университета Дружбы народов,1991.-С.128-137.

3. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э.,Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене.- М.: Медицина, 1983.- С.210-222.

Қосымша:

1. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. - М.:Медицина,1985. – С.346-350.

2. Гигиена детей и подростков / Под ред. акад. АМН СССР Г.Н.Сердюковской, М., Медицина: 1989. –С. 36-68.

3. «Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков»/ Под ред. В.Н. Кардашенко.- М.: Медицина, 1983. – С. 142-149, 169-185.

4. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. - М.: Медицина,2001. – С.288-343.

5. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. - Ростов н/Д: «Феникс».2002.- С.475-491.

6. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека.. 3-е изд. – М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С. 338-349.

7. Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных организаций от 4.07.03г. № 2.01.017.03.

8. Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях № 2.01.015.03.

9. СНиП РК 3.02-25-2004. Общеобразовательные учреждения.- Астана.2005.

10. СНиП РК 3.02-24-2004. Дошкольные учреждения.- Астана.2005.

Бақылау

Сұрақтар

1. Балалар мекемелерінің жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мен жалпы білім беру мекемелерінің жоспарлануына және орналастырылу принциптері.

3. Мектепке дейінгі балалар мекмелері мен мектептердің учаскесін аумақтарға бөлу.

4. Оқу және қосалқы бөлмелердің орналастырылуына, жоспарлануына, жарық және ауалық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.

5. Мектеп жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар.

Тақырып № 10. Тамақтану гигиенасы, ЕАБ гигиенасы және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша тарау бойынша білімдерін бақылау. -2 сағат.

Мақсаты: Тамақтану гигиенасы, ЕПМ гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша теориялық білімді меңгеру.

Міндеттері:

- Тамақтану гигиенасы, ЕПМ гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі тараулары бойынша білімдерін қалыптастыру.

- нормативтік-құқықтық құжаттармен өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Өткізу түрі: ауызша сұрау

Таратылатын материал: жоқ

Ауызша сұрау арқылы бастапқы білімдерін тексеру:

1. Тамақтану гигиенасының мақсаты мен міндеттері.

2. Энергетикалық баланс, түрлері.

3. Тәуліктік энерго шығын (реттелетін, реттелмейтін)

4. Рационалды тамақтану, негізгі принциптері.

5. Жеке адам мен ұжымдық тамақтанудың құндылығын бағалау әдістері.

6. Алиментарлық аурулар, жіктелуі.

7. Тамақтануды ұйымдастыруда және бақылау жүргізу барысында, оның гигиеналық және эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі санитарлық дәрігердің жұмысы.

8. Тағам өнімдерін санитарлық сараптау. Мақсаты, міндеттері, әдістері жүргізу тәртібі.

9. Тағам өнімдерінің сапа категориялары.

10. Сүттің эпидемиологиялық рөлі. Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу.

11. Сүт пен сүт өнімдерін органолептикалық және физикалық-химиялық зерттеу. Сүт құрамы бұзылмағандығының, жаңалығының және фальсификаттануының, химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

12. Еттің санитарлық сараптамасының әдістемесі: органолептикалық зерттеу, физикалық-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу. Еттің химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

13. Ет арқылы берілетін жануарлардың жұқпалы және инвазивтік аурулары, олардың алдын алу.

14. Консервілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігі. Консервілерді органолептикалық зерттеу әдістері. Шынайы және жалған бомбаж. Консервілердің химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздігінің көрсеткіштері.

15. Тамақтан уланулар, түсінігі, жіктелуі.

16. Этиологиясы бактериялық тамақтан уланулар-токсикоинфекциялар және токсикоздар, көздері, қоздырғыштардың берілу механизмдері мен факторлары, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

1. Тағам микотоксикоздары (эрготизм, фузариотоксикоздар, афлотоксикоздар) этиологиясы, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

2. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар:

4.1.Улы өсімдіктерден және жануарлардың тіндерінен уланулар және олардын алу.

4.2.Белгілі бір жағдайларда улы азықтардан (тағамнан) болатын тамақтан уланулар және олардын алу.

4.3.Азықтардағы химиялық заттардың қоспаларынан уланулар:

· Тағамдық азықтарды ластаушы негізгі көздері және ластанатын жолдары

· Таралғандығына және улылығына байланысты ең қауіпті контаминаттар: ауыр металдар, антибиотиктер, пестицидтер, нитраттар, нитрозаминдер, диоксиндер және диоксинтәрізді заттар, көп циклді ароматтық көмірсутектер (КАК), радионуклидтер, тағамдық қоспалар. Олардан туатын уланулар. Канцерогендік және мутагендік қауіптілігі және басқа да әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі эффектілері.

· Бөгде химиялық заттардан уланулардың алдын алу.

· Бөгде химиялық заттармен және радионуклидтермен ластанған аумақтарды тұратын халықтың экологиялық қорғаушы тамақтанудың негізгі принциптері.

· Этиологиясы анықталмаған тамақтан уланулар және олардың алдын алу.

· Тамақтан улануды тексеру үлгісі.

· Тамақтан улану жағдайындағы емдеу қызметкерінің тактикасы және оның міндетті түрде жүргізетін шаралары

· Тағам инфециялары мен, гельминтоздарының дамуындағы әртүрлі азықтардың эпидемиологиялық маңызы.

17. Ауруханаларды жоспарлау, құрылысының принциптері.

18. Жалпы соматикалық, мамандандырылған ауруханалардың орналастырылуына қойлытаын гигиеналық талаптар. Жер учаскесін таңдау.

19. Елді мекен аймағында аурухананың дұрыс орналасқандығын бағалау үшін аурухананың жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.

20. Аурухана құрылысының жүйелері олардың артықшяылықтары мен кемшіліктері.

21. Аурухананың алаңын аумақтарға бөлу, оның гигиеналық маңызы.

22. ЕПМ мекмелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері, олардың орналастырылуына, жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

23. Ас блоктарының орналастырылуына, ішкі жоспарлануына және жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

24. Ас өнімдерінің тасымалдауға, кулинарлық өңдеуге қойылатын негізгі талаптар. Тағамды тарату тәртібі.

25. Ас блогының санитарлық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар. Ас блогының санитарлық тәртібіне қойлытан гигиеналық талаптар. Ыдыстар мен аспаптарды өңдеу тәртібі. Ас блогының құжаттары.

26. Хирургиялық бөлімдердің орналастырылуына және жоспарлануының прициптері.

27. Ауруханалардың жұқпалы бөлімшелерінің жоспарлануы мен орналастыруының принциптері. Қабылдау-қарау бокстары, жабдықталуы.

28. Акушерлік бөлімшелер мен перзентхана үйлерінің жоспарлануының принциптері.

29. Балалар бөлімшесінің жоспарлануы мен орналастыру прнициптері.

30. Емханалық бөлімшелердің орналастырылуы мен жоспарлану ерекшеліктері.

31. Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда санитарлық дәрігердің жұмыс тәртібі. АІИ алдын алу бойынша шаралар: арнайы емес (архитектуралық-жоспарлау, санитарлық- техникалық, санитарлық- эпидемияға қарсы, дезинфекциялық-стерилизациялық) және арнайы емес (жоспарлау және жедел).

32. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттері.

33. «Денсаулық» түсінігі. Денсаулық жағдайын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер.

34. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары.

35. Дене дамуы-денсаулық көрсеткіштерінің негізі ретінде. Балалардың бойының өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.

36. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дене дамуының көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері.

37. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дене дамуын бағалайтын әдістер.

38. Физикалық дамуды бағалаудың кешенді әдістері. Биологиялық даму көрсеткіштері.

39. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене шынықтыру топтары.

40. Шынығу, принциптері және шынықтыру заттары мен түрлері.

41. Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Оның негізгі бөліктері.

42. Мектептердегі балаларды оқытудың гигиеналық принциптері. Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы.

43. Оқытуды гигиеналық нормалау: оқу жүктемелерінің күндік, апталық, жылдық жүктемелерін құрастыру. Сабақ кестесін бағалау мен құрастыруда пәндердің қиындығы бойынша шкала құрастыру.

44. ТОҚ пайдалануда және компьютерлермен жұмыс істеу барысында оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

45. Компьютерлермен жұмыс істеуде адамның денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторлар.

46. Жұмыс бөлмелерін ұйымдастыруға, жұмыс орындары мен жұмыс кестесіне және компьютерлік сыныптардың жабдықталуына, жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар. Оқытуды ұйымдастыруға медициналық бақылау жүргізу.

47. Балалар мекмелері мен мектепді орналастырудың гигиеналық принциптері.

48. Мектепке дейінгі балалар мекмелерін аумақтарға бөлу.

49. Оқу бөлмелері мен қосымша бөлмелердің орналастырылуына, жабдықталуына, жылулық және жарықтық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп жиҺаздарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Әдебиеттер

Негізгі:

1. Гигиена /Под ред акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.458-461.

2. Гурова А.И.,Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене. – М.: Изд-во Университета Дружбы народов,1991.-С.128-137.

3. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э.,Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене.- М.: Медицина, 1983.- С.210-222.

Қосымша:

1. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. - М.:Медицина,1985. – С.346-350.

2. Гигиена детей и подростков / Под ред. акад. АМН СССР Г.Н.Сердюковской, М., Медицина: 1989. –С. 36-68.

3. «Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков»/ Под ред. В.Н. Кардашенко.- М.: Медицина, 1983. – С. 142-149, 169-185.

4. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. - М.: Медицина,2001. – С.288-343.

5. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. - Ростов н/Д: «Феникс».2002.- С.475-491.

6. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.,. Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/ Под ред. У.И. Кенесариева.- Алматы: «Самара-Принт», 2009.-688 с., стр.251-490.

Тақырып № 11. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу. – 2 сағат

Мақсаты: Өндірістік уларға және кәсіптік улануларға сипаттама беру,олардың жұмыс істейтін адамдарға қолайсыз әсерлерінің алдын-алу шараларын құрастыру жөніндегі білімін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

- улар туралы жалпы түсінік, олардың әсер ету сипаты жөніндегі білімін қалыптастыру

- өндірістік улардың жалпы жіктелуі жөніндегі білімді қалыптастыру;

- ең көп таралған және қауіпті өнеркәсіп уларының адам ағзасына әрекетімен таныстыру жөніндегі білімді қалыптастыру;

- кәсіби уланулардың алдын алу шаралары кешені жөніндегі білімді қалыптастыру;

- жұмысшыларға өндірістік улардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу бойынша шаралар кешенін тағайындау дағдысын қалыптастыру.

Өткізу түрі: оқу –зерттеу тапсырмаларын орындау және ситуациялық есептерді шешу, кіші топпен жұмыс істеу

Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма№ 1. ҚР ДМ № 243 «Алдын ала және кезеңдік медициналық тексеруден өткізу»

Тапсырма№ 2. Жеке басты қорғау заттары бойынша ситуациялық есептерді шешу

Тапсырма№ 3. Тесттік сұрақтарға жауап беру

Таратылатын материал: жоқ

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена /Под ред. акад.РАМН Г.И.Румянцева. - М.:ГЭОТАР МЕДИЦИНА.2000.-494-513.

2. Гурова А.И, Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене- М.: Изд-во Университета дружбы народов, 1991-С. 162-167

3. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. –Ростов н/Дону: «Феникс»,2002.- С.305-317.

4. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГРУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001. –С.214-226.

Қосымша:

1.Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. - М.: Медицина, 1988-С.227-255.

2.Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др.- Общая гигиена: пропедевтика гигиены. – К.: Вища шк.,1999.- С.428-451, 488-511.

3. О порядке проведения предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов и определения профессиональной пригодности. Приказ МЗ РК № 243.

4. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене. М.: Медицина, 1983 – С.161-171

5. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена, М.: Медицина,1985 – С.354-385.

6. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда /под ред. В.Ф.Кириллова – 2-е изд. - М.: Медицина, 2001. – С.189-223.

7. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности.- Часть. 1- Омск: ИПК «Омич»,1995. – 479 с.

Бақылау:

Сұрақтар

1. Кәсіптік улар, жіктелуі.

2. Удың ағзада айналымы және шығуы,түсу жолдары

3. Жедел және созылмалы кәсіптік уланулар. Ағзаға улардың бұрынғы өтіп кеткен әсерінен кейінгі әсерлері.

4. Өнеркәсіптік улармен шақырылатын кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.

5. Өндірістік улардың қолайсыз әсерін алдын алу жөнінде шаралар жүйесі.

Жағдайлық есептер.

№1 Есеп

Химиялық өндірістің аппаратшысы азот және күкіртқышқылдарымен ылғи жұғысады. Осы жағдайда жұмысшылар үшін жеке қорғаундың қандай түрлері керек?

№2 Есеп

Мартен цехы болат қорытушысы қандай жеке қорғану жабдығымен жабдықталуы керек?

№3 Есеп

Резина шлангтарды опалау үшін тальк қолданылады, жұмыстық қимылдардың 80 % қолмен жүргізіледі. Қадай жеке қорғану жабдықтары пайдалану қажеттілігін көрсетіңіз?

№4 Есеп

Компрессорлық бөлімшеде шу деңгейі 8 дБ құрайды, аппаратшы жұмыс уақытының 80 % аспаптардың көрсетулерін алуға жұмсайды. Берілген жағдайда жеке қорғанудың қандай жабдықтарын пайдалануға болады?

№5 Есеп

Цех дәрігеріне 6 жыл стажы бар жұмысшы шынтағы мен саусақтарының қатты қышуына шағымданады. Ол пульверизатормен бөлшектерді бояуда көмекші қызметін атқарады. Бояу жұмысы жеделдетілмейтін арнайы бокстарда жүргізіледі. Объективті бөртулер. Осы симптомдар жұмысшыда бояу мен жұғысқаннан кейін шықты. Бояу құрамына органикалық еріткіштер кіреді. Жұмыста қандай жеке қорғану жабдықтарын пайдалану керек?

3. Тест сұрақтары:

1. Функционалды куммуляция –бұл:

А) удың әсерінен пайда болатын өзгерістердің жиынтығы;

Б) ағзада удың жиналуы;

В) Жедел улануды тудыру қабілеті;

Г) химиялық заттарды өндіру жағдайындағы қауіпті эффектілердің пайда болу мүмкіндігі;

2 Липидо ерігіш заттар көбінесе жиналады:

А) сүйекте

Б) бұлшықетте

В) өтте

Г) мишықта

Д) қалқанша безде

3. Қорғасын қорға жиналады:

А) өтте

Б) сүйекте

В) ішекте

Г) бұлшықетте

Д) бүйрек үсті безінде

4. Жедел токсинді бронхиолит төмендегі улардың әсерінен пайда болады:

А) нейротропты әсері бар

Б) қанның уы

В) тітіркендіргіш әсері бар

Г) канцерогенді әсері бар

Д) сенсибилизациялаушы әсері бар

5. Удың тәуелсіз әсері, бұл:

А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

6. Антогонистік әсер, бұл:

А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

7. Синергизм немесе потенциялық әсер, бұл:

А) бұл кезде улардың аралас әсерінің жке әсерінен айырмашылығы жоқ

Б) бұл кезде улардың аралас әсер салдары жай жиынтық әсері кезінде гікүтілетін нәтижеден аздау

В) бұл кезде әсер салдарының күшеюі байқалады

Г) бұл кезде қоспалардың жиынтық әсер салдары әсер ететін құрам бөліктерінің әсер салдарының қосындыларына тең

Д) табиғаты әртүрлі факторлардың ағзаға әсері;

8. Удың ағзаға әсерінен біраз уақыт өткеннен кейінгі салдарына жататыны:

А) тітіркендіргіш әсер

Б) тері-резорбтивті әсер

В) канцерогенді әсер

Г) гемолитикалық әсер

Д) нефротоксикалық әсер

9. Аз концентрацияда бір рет әсер еткеннен кейін кәсіптік аурулардың дамуына төмендегі улардың қайсысы әкеп соғуы мүмкін:

А) қорғасын

Б) бериллий

В) мырыш

Г) сынап

Д) ДЦТ

10. Удың куммуляция дәрежесін сипаттайды:

А) созылмалы интоксикацияның даму қауіптілігі

Б) жедел интоксикацияның даму қауіптілігі

В) ауа арқылы удың даму қауіптілігі

Г) уға ағзаның бейімделу мүмкіндігі

Д) ағзада удың химиялық айналу мүмкіндігі

11. Терінің ластану дәрежесіне мүмкін болатын шек қандай улар үшін қойылады:

А) ағзаға ауа арқылы түсетін

Б) асқазан –ішек арқылы түсетін

В) көздің шырышты қабаты арқылы түсетін

Г) тері-резорбтивті әсері бар

Д) ағзаға ауа арқылы түсетін, асқазан-ішек арқылы түсетін

Тақырып №12. Радиациялық гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қызметкердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері.- 1 сағат

Мақсаты. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде қызметкердің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар жөніндегі білімін қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

- РГ негізгі түсініктерді, атауларды және анықтамалар жөніндегі білімін қалыптастыру;

- ИС табиғи және жасанды көздерін және олардың адамдардың сәулеленуге ұшырауына қосатын үлесі жөніндегі білімін қалыптастыру;

- Ашық және жабық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қызметкерді қорғау жөніндегі негізгі қағидалары мен шаралары жөніндегі білімін қалыптастыру;

Өткізу түрі: ситуациялық есептерді шешу, кіші топта жұмыс істеу

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма № 1. Иондағыш сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасызлдау принциптерімен танысу (білім құзіреттілігі)

Тапсырма № 2. ИС көздерімен жұмыс істеу кезінде медперсоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыздау бойынша ситуациялық есептерді шешу (тәжірибелік дағды)

Таратылатын материал: жоқ

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.

2. Гигиена / Под ред. Акад.РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.394- 419.

3. Бекмагамбетова Ж.Д.. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения.-Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304 с.

4. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- М.:Изд.центр «Академия», 2004.- С.372-383.

5. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. -М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001.- С. 235-253.

Қосымша:

1. Закон Республики Казахстан «О радиационной безопасности» - Акмола. - 23.04.98.

2. Гурова А.И., Горлова О.Е.- Практикум по общей гигиене. - М.: Издательство Университета дружбы народов, 1991-С.138-152.

3. Кириллов В. Ф., Книжников В. А., Коренков И. П. – Радиационная гигиена⁄ Учебник – М.: Медицина, 1999. – С.27-175,196-222, 346-351.

4. Кириллов В.Ф., Архангельский В.И., Коренков И.П. Руководство к практическим занятиям по радиационной гигиене. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. – С.6-24, 26-29, 87-101.

5. Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99. – Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999. – 79 с.

6. Пивоваров Ю.П., Гоева О.Э., Величко А.Л. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. – М.:Медицине,1983. –С.114-135.

7. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А. Общая гигиена. – М.:Медицина, 1985. – С.301-327.

8. СанПин «Санитарно-гигиенические требования по обеспечению радиационной безопасности» / Утверждены 31.01.2003, № 97. – Астана, 2003.

9. Холл Э.Дж. Радиация и жизнь. – М.:Медицина,1989. – 256с.

Бақылау.

Сұрақтар:

1. ИС табиғи (жердің табиғи радиациялық фоны) және жасанды (техногендік және медициналық) көздері, олардың адамның сәулеленуге ұшырауына қосатын үлесі. ИС көздерінің медицинада қолданылуы.

2. Сыңдарлы (критические) мүшелер туралы түсінік. Сыңдарлы мүшелер тобы.

3. ИС-мен жұмыс істеу кезінде персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.

4. Жеке басты қорғайтын заттар.

Ситуациялық есептер

· Медицина қызметкерлерінің ИС көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Сұрақтары:

1. Сәулелік диагностика кабинетінің орналасуын, жоспарлануын, бөлмелер құрамын, жабдықталуын, ішкі өңделуін бағалаңыз.

2. Жыл, ай, күн ішіндегі дәрігердің алатын доза жүктемесін (эффективті, эквивалентті дозасын) бағалаңыз.

3. Жұмыс орнындағы доза қуатын бағалаңыз.

4. Дәрігер қолданған жеке басты қорғайтын заттардың тиімділігін бағалаңыз.

5. Жүргізілген дозиметрлік бақылауды бағалаңыз (жеке адамға, жұмыс орнындағы), ол үшін қандай аспап қолданылуы мүмкін.

№1 Есеп

Сәулелік диагностика кабинеті жеке тұрған емхана ғимаратының жер асты қабатында орналасқан. Кабинетті пайдалануға құқық беретін төлқұжат 1,5 жыл бұрын берілген. кабинет электржылытқышпен жылытылады, сумен, канализациямен жабдықталған. Ауаның температурасы 20 градус.Процедура бөлмесінде табиғи және жасанды жарық бар, пульт тұрған бөлмеде тек жасанды жарық. Барлық рентгенологиялық процедуралар, сәулемен қараудан басқасы, табиғи жарық жағдайында жүргізілуі тиіс. ЖК – 1:20. Барлық кабинеттері механикалық қоздырғышы бар енбелі-сормалы желдетумен жабдықталған. Ауа енуі бойына ауа алмасуы 1 есе, сорып әкетуі – 2 есе, енбнлі желдету жүйесі ауа жылытқышпен және сүзгімен қамтамасыз етілген. Ауа сорып әкетуі бөлменің жоғарғы зонасынан, ауа енуі төменгі зонасына жүргізіледі.Сәулелік диагностика кабинеті бөлмелерінің едені бетон еденнің бетіне жабылған линолеумнен жасалған, қабырғалары, төбесі эмульсиялық сырмен қара түске боялған, фотозертхана, санитарлық бөлменің едені ағаштан жасалған, қабырғалары сыланған.Процедуралық бөлмеде 2 рентген аппараты орналасқан. Фотозертхана сәулелік диагностика кабинетінің басқа бөлмелерінен қашықта 1-қабатында орналасқан. Басқару бөлмесі (пульт тұрған) процедуралықпен сөйлесетін құрылғымен, сондай-ақ есік және пациенттерді қарауға арналған, әдеттегі шыны салынған қарайтын тереземен байланысқан.Сәулелік диагностика кабинетінде тек кабинет қызметкерінің сәулелік жүктемесіне бақылау жүргізіледі. Қызметкердің жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеу кезеңділігі 3 жылда бір рет. Жеке адам алатын дозаны өлшеу кезеңділігі тұрақты түрде жүргізіледі, нәтижелерің квартал сайын тіркеп отырады. Дәрігер рентгенологтың бір аптада алатын эффективті эквивалентті дозасы 0,5 мЗв.Диагностикалық кабинеттегі дәрігер-рентгенологтың жұмыс орнындағы доза қуаты 3 мкЗв/сек.Дәрігер жеке басты қорғайтын заттарды қолданбайды. Рентген пленкалары және рентгенограммалар қақпағы жабылатын металдан жасалған жәшікте сақталады. Сәулелік диагностика кабинетінде 3 кг рентген пленкасы мен рентгенограмма сақталады. Рентген кабинеттің лаборанты процедуралық бөлмеде тағам қабылдайды, темекі шегеді. Жұмыс біткеннен кейін сәулелік диагностика кабинетінде құрғақ жинау жүргізеді.

№2 Есеп

Жеке меншік клиниканың сәулелік диагностика кабинеті тұрғын үйге жалғап салған құрылыста, тұрғын үйді қорғау жөніндегі шараларды қолданып орналастырған. Оны пайдалану жөніндегі санитарлық төлқұжаты жоқ. Бөлмелер құрамы: процедуралық, пульттік, фотозертхана. Сәулелік диагностика кабинеті жылытылады, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және канализациясы бар. Бөлмедегі ауаның температурасы 18 градус. Пульт тұрған бөлме мен процедуралық бөлмеде табиғи және жасанды жарық бар. Пульт тұрған бөлме процедуралықтан гипсокартоннан жасалған қорғасын араластырған шынылы терезесі бар пернемен бөлінген. ЖК 1:8.Желдету табиғи форточка арқылы. Едені бетонға төселген ағаш паркеттен жасалған. Қабырғалары мен төбесі ақ түсті әкпен ақталған. Қабырғаларының панелі майлы сырмен сырланған. Фотозертхананың панелі глазурленген плиткамен жабылған. Процедура бөлмесінде 2 рентген аппараты орналасқан сәуле түтігі пульттік бөлменің қарсы жағындағы негізгі қалың қабырғаға қарай бағытталған. Фотозертхана сәулелік диагностика кабинетіне көршілес бөлмеде орналасқан және пульт тұрған бөлмеден кіретін есік бар.Басқару бөлмесінде (пульттік) сөйлесетін құрылғы жоқ. Сәулелік диагностика кабинетінде кабинет қызметкеріне және рентген процедурасы жүргізілетін пациенттерге түсетін сәулелік жүктемеге бақылау жүргізіледі.Қызметкерге түсетін сәулелік жүктемені бақылау жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеуді қамтиды. Жұмыс орнындағы экспозициялық доза қуатын өлшеу кезеңділігі жылына бір рет. Жеке адам алатын дозаларды өлшемейді. Кабинет қызметкерінің жұмыс орнындағы доза қуаты 2 мкр/сек. дейін жетеді.Дәрігер рентгенологтың 1 ай ішінде алатын эквивалентті эффективті дозасы 2 мЗв тең. Жеке басты қорғайтын заттардан екі жақты алжапқышты пайдаланады. Рентген пленкалары мен рентгенограммалар пульт тұрған бөлмеде сақталады, салмағы 2 кг.Қорғасыннан жасалған және қорғасын араластырған резинадан жасалған жеке басты қорғайтын заттар, киім шкафта ашық күйінде сақталады.Жұмыс алдында және соңында сәулелік диагностика кабинетінде еденді жуып рентген аппаратының элементтерін зерттеу кезінде дәрігер аурулар тиетін заттарын дезинфекциялап ылғалдап жинау (тазалау) жүргізіледі. Айына 2 рет сірке қышқылының 1-2 % ерітіндісін қолданып ылғалдап тазалау жүргізіледі.Сәулелік диагностика кабинетінің ауасындағы азот тотығы – 0,09 мг/м3, озон- 0,01 мг/м3, қорғасын 0,007 мг/м3.

№3 Есеп

Рентгеноскопия кабинеті терапия бөлімінің құрамында ауруларға арналған палаталармен көршілес орналасқан. Жарықтандырылуы табиғи және жасанды, ЖК = 1:9. Желдетілуі енбелі-сормалы механикалық қозғаушы арқылы іске асырылады. Едені бетоннан жасалған, әр жерлері темір қаңылтырмен жабылған. Қабырғасы, төбесі майлы сырмен сырланған. Рентген аппаратының иондағыш сәулесінің шоғыры терезеге қарай бағытталған. Диагностикалық шаралардың ішінен негізінен кеуде, іш қуыстары мүшелеріне рентгеноскопия жүргізіледі. Рентгеноскопия кезінде (торакоскопия жағдайында) дәрігер-рентгенолог экранның қорғасынды шынысымен қорғал&


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: