Асырылады

Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген

көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарды сатып

Алу

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар

халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компонентті дәрілік зат сатып алынған

жағдайда оның құрамы көрсетіледі.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік

заттарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау мақсатында дәрілік

заттар уәкілетті орган белгілегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.

77-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы

бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету

жөніндегі бірыңғай дистрибьютор

1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз

ету жөніндегі бірыңғай дистрибьюторды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету

жөніндегі бірыңғай дистрибьютер қызметінің негізгі нысанасы өнім берушілерді таңдау және олармен

өнім беру шарттарын жасасу, тапсырысшыларды уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық

көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар

тізімі бойынша дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және беру жөніндегі қызметтерді

тапсырысшының ұсынуы болып табылады.

2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және

жүргізу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Өнім берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші не

өндірушінің ресми өкілі мәртебесінің болуы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды

сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютердің әлеуетті өнім берушіні

таңдауының негізгі критерийі болып табылады.

4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың принциптері:

1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндіктер

беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) сатып алу процесінің жариялылығы және ашықтығы;

5) отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.

5. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз

ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор өз міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісті дәрежеде

орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

78-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау

1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан

Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының

сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және тасымалданады.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау

қоймаларында техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда

белгіленген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға

қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін үй-жайлар, алаңдар, арнаулы жабдықтар, жиһаз,

мүкәммал, өртке қарсы жабдықтар, аспаптар болуға, сондай-ақ уәкілетті органның рұқсаты болуға

Тиіс.

2. Дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімін ұзартуға


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: