Жоюына жатады

Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

80-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техниканы әкелу тәртiбi

1. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан

Республикасының аумағына әкелу Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден

заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанцияларды, сондай-ақ

осы баптың 3-тармағында, осы Кодекстің 80-2-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.

3. Егер Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техника:

1) клиникалық зерттеулер жүргізуге;

2) дәрілік заттарды сараптауға;

3) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік

тіркеуді жүзеге асыруға;

4) нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек

кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне

медициналық көмек көрсетуге;

5) оларды кейіннен сату құқығынсыз көрмелер өткiзуге;

6) төтенше жағдайларды болғызбауға және (немесе) олардың салдарларын жоюға;

7) денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген баламасы жоқ бірегей

медициналық техникамен, сондай-ақ бірегей медициналық техниканы жинақтауға жататын және соған

арналған медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруға;

8) инновациялық медициналық технологияларды енгізуге арналған болса, оларды уәкілетті

орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: