Картерлік газдарды тазалау

Қозғалтқыштың цилиндр ішінде жанған қоспалардың газдары, поршеньдерінің сақиналарының тығыздалмауының әсерінен картерге газдар өтіп кетіп, майдың буымен араласады, сол картерлік газдарды тазарту қажет. Картерлік газдарды тазалаудың тиімділігі, қозғалтқыштың картерінің ішіндегі қысымды атмосфералық қысыммен теңестіріп тұруға, майдың ластануын, тығыздауыш сальниктерінен майдың ағуын болдырмайды, сонымен бірге газдардың жүк автомобилінің кабинасына және жеңіл автомобильдің салонына баруын тоқтатады.

Картерлік газдарды тазалаудың ашық – табиғи түрі және жабық – еріксіз түрі болады. Ашық түрде тазалау кезінде, катерлік газдар сыртқы атмосфераға шығарылады, ал жабық түрде тазалау кезінде, қозғалтқыштың жіберу құбырына жіберіледі.

Ашық жүйедегі картерлік газдарды тазалау КамАЗ, МАЗ, ГАЗ–53.12, ГАЗ «Волга» автомобильдерінің қозғалтқыштарында қолданылады.

ЯМЗ және КамАЗ дизельді қозғалтқыштарында картерлік газдарды тазалау, цилиндр блогының оң жағының қуысындағы 5 сермер картерінің ұясына орналастырлған лабиринт тәрізді сапун 1 арқылы жүзеге асырылады.

Сапунның негізгі бөліктеріне жоғарғы, ортаңғы, ішкі стақандары және газ шығару түтігі 3 жатады. Пайдаланылған газдар мен жанармай буларының қозғалтқыш картерінен атмосфераға шығарылуы, автомобильдің жүрісі кезінде газ шығару түтігінен сырытқа қарай сейілту арқылы орындалады. Лабиринт

тәрізді сапуннан майдың газ шығару түтігі арқылы шығып кетуін болдырмайды, өйіткені лабиринт каналдарынан өткенде газдардың бағыттары жылдам өзгереді, газдардың құрамындағы май түйіршіктері бөлініп, май картеріне қайтадан құйылады. ЗМЗ қозғалтқышының ашық түрде катерлік газдарды тазалау жоғарыда жазылған бойынша жүгізіледі, бірақ сыртқа шығарылатын газдардан май түйіршіктерінің бөлінуінде біршама ерекшеліктері болады.

ЗИЛ–508.10, ВАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарында жабық түрдегі катерлік газдарды сору құрылғысы арқылы еріксіз жіберу құбырына бағытталып, сонан соң жанғыш қоспамен араластырылып қозғалтқыш цилиндріне түседі. Мұндай тазалау жүйесі өте жетілдірілген болып табылады, өйіткені картерлік газдардың зиянды құрамдарының сыртқы атмосфераға шығуын едәуір төмендетеді.

ЗИЛ–508.10 қозғалтқышының жабық түрдегі картерлік газдарды тазалау

(5.8. сур.), майұстағыш 7, клапан 9, және түтік 8 арқылы жіберу құбырына сорылып алынып, сонан кейін жанғыш қоспамен араластырылып, қозғалтқыштың цилиндріне жіберіледі. Майұстағыш 7 сорылып алынған газдардағы майдың тамшыларын бөліп тұрады, ал сейілту қысымының күші арқылы картерден сорылып алынған газдардың мөлшерін клапан 9 түтіктегі 8 штуцердің 10 биіктігіндей шамада түтік 8 тесігінен өтуін реттеп тұрады. Тазартылған ауа катерге май құйатын қылта ауызына орнатылған сүзгі 6 арқылы барады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Жарылайсұйықты үйкелісті дегеніміз не?

2. Қозғалтқыштың майлау жүйесі қандай негізгі механизмдер мен аспаптардан

тұрады?

3. Қозғалтқыштың қандай бөлшектері қысыммен майланады?

4. Қозғалтқыштың майын тазарту үшін қандай сүзгілер қолданылады?

5. Май cорабының құрылысы және оның жұмыс істеу тәсілі қандай?

6. Картерлік газдарды тазалау не үшін қажет және қалай жүргізіледі?

6 –тарау. КАРБЮРАТОРЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ.

       
 
 
   


6.1. ЖАНАРМАЙДЫҢ АУАМЕН АРАЛАСУЫ ЖӘНЕ ЖАНҒЫШ ҚОСПАНЫҢ ҚҰРАМЫ.

Карбюраторлы қозғалтқышта жанғыш қоспаның қажетті құрамы тозаңдалып бүркілген бензиннің ауамен араласып булануын карбюрация деп, ал оны дайындайтын арнайы аспапты – карбюратор деп атайды. Карбюратордың негізгі міндеті қозғалтқыштың мүмкіндігінше барлық жұмыс істеу режимінде цилиндрлеріне керекті мөлшерде бензинді жіберу болады. Бүркіліп буланған бензин мен ауаның құрамы жанғыш қоспа деп аталады. Қозғалтқыштың цилиндрінде өткен жұмыстық циклдан қалған пайдаланған газдармен араласып жұмыстық қоспаны құрайды. Карбюраторлы қозғалтқышта жанармайдың ауамен араласуы қас қағым сәтте өткізіледі, бұл уақыт ішінде карбюратордың араластыру камерасындағы бензин қажеттілігінше бүркіліп ауамен араласып, булануы тиіс. Жанармайдың бүркілуі ауа мен жанармайдың түсу жылдамдығына байланысты болады. Карбюратордың араластыру камерасына түсірілген жанармайдың жоғарғы жылдамдығы 5–7 м/с, ал ауаның жылдамдығы – 20–25 есе көп,

100–150 м/с жылдамдықты құрайды. Ауаның жылдамдығы араластыру камерасында көбейген сайын бензиннің бүркіліп тозаңдалуы да артады, бұл жанармайдың булану жылдамдығын да арттырады. Бензиннің булану жылдамдығының артуы, цилиндрлердің керегесінің, жану камерасы мен поршеньнің түбінің қызуының көмегімен жанғыш қоспаны қыздырыу арқылы жүргізіледі. Егер қоспаның мұндай қыздырылуы жеткіліксіз болса, онда карбюраторды қозғалтқыштың цилиндрлерімен жалғастыратын енгізу құбырына жекеленген қыздырғыш қолданылады. Жанғыш қоспаның ең жоғарғы араласуы 45 – 65о С температурасында қамтамасыз етіледі.

Жанғыш қоспаның құрамы – бұл қарбюраторда майда тозаңдатылған отынның

(бензиннің) буларынан және ауадан дайындалған қоспа. 1 кг бензиннің толық жануы үшін 15 кг (12,5 мз) ауа қажет. Мұндай қатыстықтағы бензин мен ауаның қоспасы қалыпты деп есептеледі.

Ауа артық болған жағдайда қоспа тапшы (1 кг бензинге 15–17 кг ауа қажет) немесе жұтаң (17 кг–нан артық ауа) деп аталады. Бензин мен ауаның 1:21 және одан да жоғары қатынасындағы қоспа тұтанбайды.

Ауа жетіспегенде байытылған (13–15 кг ауа) немесе бай (13 кг–нан аз ауа) қоспа деп аталады. Егер 1 кг бензинген 15 кг–нан кем ауа келсе, қоспа тұтанбайды.

Пайдалану кезінде қозғалтқыштар иінді біліктің өзгеретін күшімен және айналу жиілігімен жұмыс істейді. Қозғалтқыштың жұмыс істеу режиміне сәйкес карбюратор дайындайтын жанғыш қоспаның құрамы да өзгеруге тиіс. Мысалы, қозғалтқышты от алдыру кезінде бай қоспа, ал оның толық күшінде ең үлкен қуатына жету үшін және бос жүрісте – байытылған, ал орташа күште тапшы қоспа қажет.

Детонация– бұл қопарлыс тәрізді, отынның тез жануы. Қозғалтқыштың детонациямен жұмыс істеуіне болмайды, өйткені поршеньге, поршень саусақтарына, бұлғаққа және түпкі ішпектерге соққылы күшпен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен, қозғалтқыштың қуатының төмендеуімен және отын жұмсалуының артуымен қабаттаса жүреді. Детонацияның пайда болуына, сондай–ақ шапшаң режим мен қозғалтқыштың күші, поршень мен цилиндрдің қалпақшасында күйенің қалыңдауы, ерте от алу т.б әсер етеді.

Бензиннің антидеторациялық қасиеттері октан санымен бағаланады. Бензин екі отын қоспасымен – гептанмен және изооктанмен салыстырылады. Гептан күшті детонациялайды және октан саны ол үшін шартты түрде нөлге тең деп алынады. Изооктан нашар детонациялайды және октан саны ол үшін шартты түрде 100 бірлікке тең деп алынады.

Отындағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын отынмен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның % -дық құрамын айтады. Мыслы, егер 76% изооктаннан және 24% гептаннан(көлемі бойынша) тұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәйкес келсе,онда мұндай бензиннің октан саны 76-ға тең болады. Отындағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонцияға қарсы беріктілігі соғұрлым артығырақ болады. 2084 – 67 ГОСТ – сәйкес АИ-80; АИ – 92; АИ - 93; АИ – 96; АИ – 98; автомобиль бензинінің маркалары шығарылды: А әріпі – автомобиль бензині екендігін, ал цифры– бензиннің октан санын көсетеді. Бензиннің АИ–98 маркасынан басқалары, жаздық және қыстық болып бөлінеді. Антидетонациялық беріктігін арттыру үшін кейде бензинге антидетонатор (этил сұйығы) құйылады. АИ-76 маркалы бензин этилденбеген. Өнеркәсіп басқа маркалы бензиндердің этилденбеген де түрлерін шығарады. Этилденген бензиндер мынадай түстерге боялған: АИ– 80 – қызғылт сары, АИ– 93-көк және АИ – 96– сары.

Бензинмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелері қатаң сақталуы керек, өйткені ол оңай тұтанады. Боялған бөлшектер мен резинкеге тамған бензин, оларды бүлдіреді, бояу мен резинкені ерітеді.

Әсіресе этилденген спиртпен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керек, өйткені ол адамның организіміне тигенде уландыруы мүмкін. Этилденген бензинмен қолды бөлшектерді, киімді жууға, түтік арқылы ауызбен сорып пайдалануға тиым салынған. Этилденген бензин теріге тиген жағдайда дереу керосинмен, сонан соң сабынды сумен жуу қажет.

6.2. ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЖӘНЕ ҚАРАПАЙЫМ КАРБЮРАТОР.

Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі жанғыш қоспаны дайындауға, оны қозғалтқыштың цилиндрлеріне жеткізуге, жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін сырытқы атмосфераға шығару үшін қолданылады.

Қоректендіру жүйесі: ауа мен жанармайды тазарту мен жеткізу, жанғыш қоспаны дайындау, өтелген газдарды шығару мен шыққан газдардың дыбысын бәсеңдететін өшіргіш, жанармай сақтайтын орыны мен оның мөлшерін бақылайтын құрылғыларынан тұрады.

Автомобильдің карбюраторлы қозғалтқышында отын бактан 10, ашық тұрған краннан 12, тұндырғыш – сүзгіге 16 және отын өткізгіш 7 арқылы насоспен 22 сорылады да карбюраторға 3 жіберіледі. Енгізу тактсінде капот астындағы каналдан 1 атмосфера ауасы ауа сүзгі тазартқыштан 2 өтіп басқа қоспалардан тазартылады да тозаңданған отынмен араласады және жіберу түтігіне (коллектор) бағытталады. Жаңғыш қоспа карбюратордың араласу камерасында дайындалып, енгізу түтігінде жалғасады, онда отын буланады және ауамен араласып қозғалтқыштың цилиндрлеріне беріледі. Жұмыстық қоспа жанып болғаннан кейін өтелген газ шығаратын өткізгіштен 21, қабылдағыш түтікке 20 және өшіргіш 18 арқылы газ шығару түтігінен 13 шығар кезде газдардың дыбысы бәсеңделіп, сыртқы атмосфераға шығарылады. Жүк автомобильдерінің өшіргіші цилиндрлі тұрқыдан жасалған, ішін бірнеше бөлікке қалқалармен бөлінген, алдыңғы 19 және артқы 14 түбіне саңылаулы үш түтік орнатылған.

Қарапайым карбюратор. (6.2. сурет) Карбюраторлар қалтқылы және қалтқысыз (диафрагмалы) болып бөлінеді. Автомобиль қозғалтқыштарында эмульсионды қалтқылы карбюраторлар орнатылады. Оның жұмыс істеу тәсілі араластыру құрылғысынан өтетін ауа мен жанармайдың жылдамдықтарының үлкен айырмашылықтарының қатынасында, тозаңдатылып шашыратылған булы-ауа жанғыш қоспасының дайындалуы болады. Қарапайым карбюратор қалтқы бөлмешегінен 7, шашыратқыш 15 бар жиклерден 6, диффузордан 16, араластырғыш бөлмешектен 17, дроссельді қалқалағыштан 5 тұрады. Түтікөткізгішпен 10 отын багынан берілген жанармай қалтқы камерасына 7 жіберіледі және қалытқының 8, инелі клапанның 9 көмегімен жанармайдың қалыпты деңгейі ұсталып тұрады. Жиклерден 6 шашыратқыш 15 арқылы диффузорға 16 белгіленген мөлшерде жанармай беріледі. Қалтқы бөлмешегінде атмосфералық қысымның қалыпты болуы үшін саңылау 11 жасалған.

Жіберу ырғағы кезінде поршеньнің 1 төмен қозғалысында, цилиндрдің 2 ішіндегі поршеньнің жоғарғы жағында сейілту жүргізіледі, ашылған жіберу клапаны 3 арқылы газ өткізгішке беріледі. Сейілтудің әсерінен ауа сүзгісі 12 мен толық ашылған ауа қалқалағышынан 14 өткен ауа, диффузордың 16 қысылған қуысында ауаның жылдамдығы жоғарылайды, сонымен бірге шашыратқыштың 15 қиығындағы сейілту де артады. Араластырғыш 17 пен қалытқы бөлмешегіндегі қысымдардың айырмашылықтарының нәтижесінен жанармай ағылады және ауаның жоғарғы жылдамдығының әсерінен ұсақ түйіршіктерге айналып жылдам буланады да булы – ауа жанғыш қоспасына айналады. Қозғалтқыш цилиндрлеріне берілген жанғыш қоспаның сапасы мен мөлшері дроссельді қалқалағышының 5 көмегімен реттеледі. Қозғалтқышты оталдырған кезде ауаның жүретін түтігін 13, ауа қалқалағышының 14 көмегімен жартылай немесе толық жауып азайтады, соның нәтижесінде карбюратордың араластырғыш бөлмешегінде сейілтудің әсері артады, сонымен бірге шашыратқыштан берілген жанармайдың да мөлшері көбейеді. Қарастырылған бір жиклерлі қарапайым карбюраторлар қажетті қоспалардың құрамы қозғалтқыштың белгілі жұмыс істеу режиміне арналған, карбюраторлы қозғалтқыштың пайдалану режимдері әртүрлі болғандықтан мұндай карбюраторлар автомобиль қозғалтқыштарына жарамсыз болады.

Автомобильдерді пайдалану шарттарына байланысты карбюраторлы қозғалтқыштарда келесі негізгі жұмыстық режимдер қажет.

салқын қозғалтқышты оталдыру режимі – цилиндрлер мен енгізу құбырларының жылытылмаған керегесіне жанасқанда жанармайдың нашар булануының әсерінен өте бай қоспа (α ═ 0,3÷ 0,5) қажет болады.

бос жүрістегі мен кіші салмақты режимі – байқоспаны талап етеді (α ═ 0,60 ÷ 0,80). Бұл режимдерде жанғыш қоспаны цилиндрлерге толтыруды азайту үшін дроссельдік қалқалағышы жабыңқы болады, соның нәтижесінде жұмыстық қоспадағы пайдаланылған газдардың салыстырмалы құрамы көбейеді. Бұл шартта қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыс істеуі үшін жанғыш қоспа бай болуы керек.

жартылай (орта) салмақты режимінде, дроссель қалқалағышы 80% ашық болады. Мұндай салмақтағы режимде қозғалтқыш көп уақыт жұмыс істейді, сондықтан бұл режимде үнемделген қоспаның құрамы қажет, қоспа кедейленген (α ═ 1,05÷1,15) болуы тиіс.

толық(максималды) салмақты режимінде, қозғалтқыштың максималды қуаттылығы қажет болады. Әдетте бұл режимде аздаған уақытта қолданылады (автомобильді жылдамдату үшін, оның максималды жылдамдықта жүргізуге, тік жоталарға көтерілуге және т.б.). Көрсетілген режимде үнемділікті қажет етпей байытылған қоспаны (α ═ 0,85÷ 0,90) пайдалану керек. Мұндай шарттағы қозғалыста дроссельдік қалқалағыш жылдам және толық ашылуы тиіс, сондықтан

енгізілген ауаның көлеміне кедейленген жанғыш қоспамен қамтамасыз етуге болмайды. Кедейленген жанғыш қоспаны болдырмау үшін, карбюраторларда арнайы қоспа байыту құрылғысы болады. әртүрлі пайдалану шарттарына байланысты қалыпты жұмыс істеуіне, карбюратордың үнемдеуіш жүйесінде келесі құрамдағы жанғыш қоспалар дайындалады:

үнемделген барлық салмақтық режимдерде (дроссельдік қалқалағышының ашылуының өзгеруі) және жылдамдық (айналу жиілігінің өзгеруінде) режимінде дроссельдік қалқалағыштың жартылай ашылғанында болады;

қуаттылықты дроссель қалқалағышының толық ашылған кезінде барлық жылдамдық режимінде болады;

байытылған дроссельдік қалқалағышты шапшаң ашқанда және автомобильді жеделдетіп жүргізгенде болады;

өте байытылған салқын қозғалтқышты оталдырып кезде болады бос жүріс режиміне ауыстырылғанда жәйлап кедейленген қоспаға ауыстырылуы тиіс;

Сонымен бірге карбюраторлар қозғалтқыштың барлық жұмыстық режимдерінде өтелген газдарда минималды уытты бөліктері болуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл айтылған көптеген қарама – қарсы талаптарды азайту мақсатында қазіргі карбюраторларға қоспа үнемдегіш жүйелер мен құрылғылар орнатылды, олардың бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде қалыпты(оптимал) қоспа құрамына жақындады. Мұндай жүйелер мен құрылғыларға бос жүріс пен басты үнемдегіш жүйелері, оталдыру құрылғысы, экономайзер – үнемдегіш, жеделдету сорабы жатады.

6.3. ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬДЕР ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ КАРБЮРАТОРЛАРЫ.

Қазіргі жеңіл автомобильдер қозғалтқыштарында цилиндрлерді жанғыш қоспамен жеделдетіп жақсы толтыратын эмульсиялық типті карбюраторлар орнатылған. Мұндай карбюраторлар бірнеше бөлмешектері бар әрбір цилиндрлер қатарына паралел қосылатын, біріккен бір корпусқа орналастырлған бір немесе екі араластырғыш бөлмешектен тұрады. Бұл карбюраторлар жанғыш қоспаны жақсы үнемдеудің және цилиндрлерге дұрыс таратудың нәтижесінде қозғалтқыштың қуаттылығын арттырады. Екібөлмешекті, араластырғыш бөлмешегі кезектесіп қосылатын карбюраторларда көптеп қолданылуда. Мұндай карбюраторларда ең алдымен біреуі, бірінші(негізгі) бөлмешегі, ал салмақ көбейген сайын екінші(қосымша) бөлмешегі іске қосылады. Мұндай карбюраторлар ВАЗ, ГАЗ, Москвич автомобильдерінің қозғалтқыштарына орнатылған.

Карбюратор 2108 – 1107010. Алдыңғы жетекті ВАЗ-2108 «Спутник», ВАЗ-2109 жеңіл автомобильдерінде екібөлмешекті еркін екпінді дроссельдік қалқалғышы кезектесіп ашылатын 2108 – 1107010 карбюраторы орнатылған. Бұл карбюратордың қалытқылы бөлмешегі, бос жүрістің жүйесі, өткізетін жүйесі, басты үнемдегіш жүйесі, қуаттылық режимінің экономайзері, толық салмақтың эконостаты (экономайзер) және өтелген газдардың уыттылығын азайтатын жүйесі бар.

Карбюратордың қалытқы бөлмешегі теңгерулі, екі саңылауы 5 арқылы ауа тазартқыш сүзгімен жалғастырылған. Қалтқылы бөлмешегінің екі жалғастырылған көлемі арқылы араластырғыш бөлмешегі екі шетінен қоршалған, жанармай сүзгісінен 6 оған берілген жанармай, автомобильдің қатты қозғалысында да жеткілікті беріліп тұрады. Карбюратор тығыздауыш құрылғымен 8 жалғастырылған эбонит материалынан жасалған қосарланған қалтқысы 10 және жиклері бар түтік 7 арқылы артық қалған жанармай кері қарай жанармай багына қайтарылады.

Бос жүріс жүйесі иінді біліктің кіші айналу жиілігінде жанғыш қоспаның құрамын реттеп, сонымен бірге қозғалтқыштың кіші салмақты және орта салмақты жұмыстық режимдерінде жұмыс істеуінде реттейді. Бос жүріс режимінде дроссельдік қалқалағыштың бірінші 13 және екінші 11 бөлмешектері жабық болады, диффузордағы сейілту жанармай ағысына жеткіліксіз, ал дроссельдік қалқалағыштың бірінші бөлмешегінің астында сейілту жоғары болды және жүйенің барлық каналдарына беріледі. Бұл кезде қалтқылы бөлмешегінен 9 берілген жанармай басты жанармай жиклері 12 мен эмульсиялық құдық арқылы отын каналымен жоғары көтеріліп жиклерден 3 өтеді, ауа

жиклерінен 4 берілген ауамен араласып, эмульсиялық каналдан 1 эмульсия тәрізді қоспа ретінде реттеуіш винттің 15 астынан шығады. Ауа саңылауы 14 арқылы эмульсиямен бірге араластырғыш бөлмешекке ауа сорылып алынады. Араластырғыш бөлмешекте дайындалған байытылған жанғыш қоспа жіберу құбырына, сонан соң қозғалтқыштың цилиндріне жеткізіледі. Бос жүрісте берілетін қоспаның мөлшері дроссельдік қалқалағышының рычагына орнатылған таяныш винт арқылы реттеледі. Винтті бұрап жапқан кезде дроссельдік қалқалағышы ашылады. Бұл карбюраторда оталдыру қосқышын өшіргенде электромагнитті клапан 2 ажыратылады, клапан инесі серіппенің әсерінен отын жиклерін 3 бекітеді де, жүйенің жұмыс істеуі тоқтатылады.

Өткізетін жүйелер карбюраторды кері қайтатын жалыннан қорғайды. Қозғалтқышқа берілген салмақтың ұлғаюына байланысты екінші бөлмешектің дроссельдік қалқалағышы 11 ашылады, енгізілетін ауаның көлемі көбейеді де жанғыш қоспаның құрамы кедейленеді. Сол уақытта ауа сүзгісіне қарай жалынның кері қайтуы мүмкін. Мұндай құбылысты болдырмас үшін екінші бөлмешекте шығару саңылауы 10 бар өткізетін жүйе орнатылған, екінші бөлмешектің дроссельдік қалқалағышы ашыла бастаған кезде бір режимнен екінші режимге баяулап өтуді қамтамасыз етеді. Көрсетілген өткізетін жүйе, бірінші бөлмешектің өткізетін жүйесінің саңылауы 14 сияқты жұмыс істейді. Бірінші бөлмешек қалытқылы бөлмешегінен 9 жиклер 6 арқылы берілген отынмен қоректенеді. Сол кезде отын ауа жиклері 8 арқылы берілген аумен араласып, эмульсия тәрізді қоспа ретінде канал 7 мен шығару саңылауы 10 арқылы дроссельдік қалқалағыштың астына бағытталады. Дросселдік қалқалағыштың көбірек ашылуына байланысты екінші бөлмешектің диффузорында сейілту күші артады, ал саңылауда 10 кемиді, соның әсерінен екінші бөлмешектің басты үнемдегіш жүйесі баяулап іске қосыла бастайды.

Басты мөлшерлегіш жүйе сі қозғалтқыштың жекеленген салмақтағы режимінде жұмыс істеуіне қажетті жанғыш қоспаның құрамын, дроссельдік қалқалағыштардың 14, 11 толық ашылған кезінде дайындайды. Бұл кезде отын қалтқылы бөлмешегінен 9 жиклер 13 арқылы эмульсиялық түтік 12 орналасқан эмульсиялық құдыққа беріледі, онда ауа жиклері 4 арқылы берілген ауамен араласады. Сонан соң отын мен ауа қоспасы каналмен 3 шашыратқышқа 2 беріледі де, диффузор 1 арқылы ағып келген ауамен араластырғыш бөлмешегінде араласып, жанғыш қоспаға айналады. Эмульсиялық құдыққа жиклер 4 арқылы берілген ауаның мөлшерін үнемдеу, жиклердің 13 алдындағы сиретуді өзгерту арқылы жүргізіледі. Бұл кезде жанармайдың қалыпты берілуі азаяды(тежеледі), ал эмульсиялық түтіктің 12 тесігінде жақсы эмульсияланған жанармаймен қамтамасыз етіледі. Ауа жиклерінің 4 қажетті мөлшерін пайдаланғанда жанарамай жиклеріндегі 13 сейілтуді өзгертеді, дроссельдік қалқалағышты шамалап ашу арқылы және диффузордағы сейілтуді көбейтіп, жанғыш қоспаны ауаның артық коэффицентінің мөлшеріне дейін азайтуға болады. Қозғалтқышқа берілген қоспаның мөлшері дроссельдік қалқалағыштың ашылуымен реттеледі. Бұл үшін бірінші бөлмешектің дроссельдік қалқалағышы 14, екінші бөлмешектің дроссельдік қалқалағышымен 11 механикалы жалғастырылған, соның әсерінен бірінші дроссельдік қалқалағыштың толық ашылуына 2/3 бөлігі қалған кезде, екінші бөлмешектің дроссельдік қалқалағышы 11 ашыла бастайды. Сондықтан дроссельдік режимде негізінен бірінші араластырғыш бөлмешек жұмыс істейді де, қозғалтқыштың кең көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қуаттылық режимдерінің экономайзері (6.5. сурет.)қуаттылық режиміне жанғыш қоспаны байытып(дроссельдік қалқалағыштың кең және толық ашылуы кезінде) осы режимдерге сәйкестендіріп жанғыш қоспаны дайындауды қамтамасыз етеді. Дроссельдік қалқалағыштың толық ашылған кезінде үзіліп сиретілу жүргізіліп жанғыш қоспаның тербелісіне әкеледі және иінді біліктің айналу жиілігінің азайуына байланысты көбейеді. Экономайзер мембраналы болады. Ол жанармай жиклерлері 2, 4 орнатылған канал 10 арқылы қалытқылы бөлмешегімен жалғастырылған. Мембрананың 7 үстіндегі қуыс, ауа каналы 6 арқылы дроссельдің астыңғы кеңейтілген қуысына жалғастырылған. Экономайзердің жиклері 9 жанармай каналына 10 орнатылады. Шарикті клапан 8 арқылы диафрагманың астындағы ішкі қуысы мен карбюратордың қалтқылы бөлмешегі жалғастырылған.

Дроссельдік қалқалағышты 5 сейілтудің үлкен бұрышына ашқанда жіберу құбырында азайады, сонымен бірге канал 6 арқылы оның мембранаға 7 берілетін әсері де азайады. Соның нәтижесінде серіппе өзіне жалғасқан мембрана 7 мен

клапанды 8 оң жағына қысады. Сол кезде жанармайдың қосымша мөлшері жиклер 9 арқылы арнамен 10 жанғыш қоспаны байытып басты үнемдегіш жүйеге береді.

Толық салмақтың эконостаты (экономайзер) екінші араластырғыш бөлмешекпен бірігіп жұмыс істейді және салмақтық пен жылдамдық шектігіне жақын режимдерінде, дроссельдік қалқалағыштардың 5, 1 толық ашылғанында қозғалтқыштың максималды қуаттылығына жеткізуге қажетті жанғыш қоспаны байытуға іске қосылады. Сол үшін жанармай жиклер 3 арқылы эмульсиялық түтік 11 және отын каналымен басты үнемдегіш жүйенің шашыратқышының үстіне орнатылған эконостаттың шашыратқыш түтігіне 12 беріледі.

Жеделдеткіш сорғы (6.6. сурет) автомобильдің жүрісін жылдамдату кезінде қысқа уақыт жанғыш қоспаны байытуға арналған. Оның құрылысының ерекшелігі әрбір араластырғыш бөлмешектегі орнатылған шашыратқыш 1 болып табылады. Жеделдеткіш сорғысының мембраналық түрі дроссельдік қалқалағыштың 7 өсіне орнатылған жұдырықша 6 арқылы іске қосылады. Сораптың өнімділігі реттелмейді, ол тек жұдырықшаның 6 қырына байланысты өзгереді. Дроссельдік қалқалағышты 7 кенеттен ашқанда жұдырықша 6 рычагты 5 қозғалтады және түрткіш 4 арқылы кері қайтару серіппесінің кедергісін жойып мембрананы 3 басады. Мембрана жеделдеткіш сораптың құдығы арқылы шарикті клапан 2 мен шашыратқыштан 1 бірінші мен екінші араластырғыш бөлмешектеріне отын жібереді, соның нәтижесінде жанғыш қоспаның байытылуын қамтамасыз етеді. Мембрананы бастапқы қалпына қайтарғанда отын қалытқылы бөлмешегінен кері қайтарғыш шарикті клапан 8 арқылы сорылып, жеделдеткіш сораптың жұмыстық қуысына беріледі. Карбюраторда бос жүріс жүйесінен шығатын кезде жанғыш қоспаны жылытатын қуысы және өтелген газдардың уыттылығын азайтатын жүйесі бар.

Өтелген газдардың уыттылығын азайтатын жүйесі (6.7. сурет.) карбюратордың 4 электромагнитті клапанын 3, экономайзердің еріксіз бос жүрісіндегі жұмыс істеуінде (ЭЕБЖ) қосып және ажыратуды басқарады. Бұл, мысалы, автомобильдің еңіске қарай жүрісінде немесе автомобильді жедел тежегенде, иіндібіліктің айналу жиілігі жоғары болып тұрғанда дроссельдік қалқалағышы кенет жабылған кезде болады. Бұл режимде электромагнитті клапанның көмегімен бос жүріс жүйесіне жанармайдың берілуі тоқтатылып, отынның шығыны кемиді, сонымен бірге өтелген газдардың уыттылығы азаяды.

Электронды басқару блогы (ЭББ) 2 экономайзердің еріксіз бос жүрісінің және карбюраторға орнатылған барлық уыттылықты азайту жүйесінің негізгі буыны болып есептеледі. Басқару блогына екі каналмен хабарлар келіп түседі:

дроссельдік қалқалағыштың орналасуының соңғы ажыратқышынан 10 және иіндібіліктің айналу жиілігін хабарлайтын электронды коммутатормен ЭК жалғастырылған оталдыру катушкасынан 1 беріледі. Иіндібіліктің айналу жиілігінің хабары кернеулік импульсы ретінде беріледі. Екі каналмен берілген хабарлар басқару блогында өңделеді және қажетті мезгілде электромагнитті жапқыш клапанды қосуға арналған кернеулікті береді. Реттеуіш винттің 8 соңғы ажыратқышы 10 басқару блогының 2 бесінші клеммасын дроссельдік қалқалағыштың 5 жабық тұрған кезінде автомобиль массасымен жалғастырады. Басқару жүйесінің электромагниттік клапанының жұмыс істеуі келесі тәсілде жүргізіледі. Қозғалтқышты оталдыру алдында карбюратордың бірінші

бөлмешегінің дроссельдік қалқалағышы жабық болады. Соның әсерінен жанармай мөлшерін реттегіш винт 8 дроссельдік қалқалағыштың жетегінің рычагымен 6 түйісіп, электр тізбегін тұйықтайды. Соның нәтижесінде карбюратордың 4 тұрқы арқылы электр тогы электронды басқару блогының 2 бесінші қысқышына содан кейін алтыншы қысқышы арқылы бос жүріс арнасына 9 орнатылған отын жиклерін ашатын экономайзердің еріксіз бос жүрісінің электромагниттік клапанына 3 беріледі.

Қозғалтқыштың оталғанынан кейін және оның бос жүрісінде электромагнитті клапан 3 электронды басқару блогынан қоректенеді.

Иіндібіліктің айналу жиілігін 1900 айн/мин арттырған кезде басқару блогы 2 ажыратылып электромагнитті клапанға әсер етпейді, бірақ оның катушкасына ток беріліп тұрады, тек басқару блогының бесінші қысқышы автомобиль массасымен жалғастырылмайды. Еріксіз бос жүрісіндегі орында дроссельдік қалқалағышты кенеттен жапқан кезде рычаг 6 реттегіш винтке 8 тіреліп, бесінші қысқышты массамен шунттейді. Бұл кезде электромагнитті клапан жабылады, өйткені оған ток берілмейді және клапан инесі бос жүрістің отын жиклерін жауып, жанғыш қоспаның берілуін тоқтатады. Иіндібіліктің айналу жиілігін 1650 айн/мин азайтқан

кезде басқару блогы 2 қосылады, электромагнитті клапанға 3 қайтадан ток беріледі де отын жиклерін ашылып, бос жүріс жүйесінің каналынан 9 жанғыш қоспа беріледі.

Кейбір ВАЗ-2108 «Спутник» автомобильдерінде электронды басқару блогы электромагнитті клапанды 1700 айн/мин иіндібіліктің айналу жиілігінде ажыратып және оны 1400 айн/мин жиілігінде қосады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: