Басты беріліс пен дифференциал

Басты беріліс берілген бұрылу моментін көбейтіп, оны дефференциал арқылы автомобильдің жартылай осьтеріне жеткізу үшін қолданылады. Құрылысы жағынан басты беріліс тісті және иірек (зубчатый, червячный) редуктордан тұрады.

Автомобильдерде көбінесе тісті басты беріліс қолданылады және сыңар берілісті, қос берілісті болып бөлінеді. Олардың беріліс саны айналу жылдамдығына, қозғалтқыштың қуатына, автомобильді пайдалануға және салмағына байланысты болады.

Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк автомобильдерде 6,5 – 9,0, ал жеңіл автомобильдерде 3,5 – 5,5 аралығында болады.

Сыңар басты беріліс иректелген бір жұпты конусты тісті дөңгелектен тұрады.

Мұндай берілісте бұрылу моменті айқартопсалы берілістен конусты жетекші

тістегерішке, одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм (дифференциал) мен жартылай осьтар арқылы автомобильдің жетекші дөңгелегіне беріледі. Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің осьтары қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің айқарьопсалы беріліспен жалғасуы шанақтың еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді, жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.

Қосарлы басты беріліс құрылысы бойынша бір картерде – орталықты немесе жекелеп бөлектелген болады. Ол екі жекеленген механизмнен: артқы белдіке орнатылған сыңарлы конусты тісті берілістен, цилиндрлі тісті берілістен – дөңгелек редукторынан тұрады.

Қосарлы орталық беріліс конусты және цилиндрлі тістегеріштер жұбынан тұрады.

Бұралу моменті жетекші конусты тістегеріштерден бір білікке орнатылған

жетекші дөңгелекке, одан цилиндрлі тістегерішке беріледі. Қос берілістер механикалық төзімділігі және беріліс санын көбейтуге мүмкіндігі, сыңар беріліске қарағанда жоғары болады.

Дифференциал. Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар кіші радиуспен, ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы артық болуы керек. Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың тозуына, автомобильді басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты берілістен берілген бұралу моментін жарты остарға

аралық доңғалақ дифференциал арқылы жеткізіледі.

Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.

Конусты симмериялы дифференциал басты беріліске орнатылған тістегерішті механизм.

Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар арқылы жетекші дөңгелектерге беріледі.

Ось аралық конусты дифференциал жоғары өткіштегі доңғалақ формуласы 6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына: флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина, сателлиттер, артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: