Белдік пен аспалар

   
 
 
 


15.1. РАМА МЕН ТАРТҚЫШ – ТІРКЕМЕ ҚҰРЫЛҒЫ.

Рама – автомобильдің көтермелі жүйесіне жатады. Ол автомобиль жүрісі кезінде пайда болған барлық күштерді қабылдайды және оған қозғалтқыш, трансмиссия агрегаттары, басқару жүйесі, қосымша және арнайыланған құрылғыларды орнатады. Барлық жүк автомобильдер мен қозғалтқыштың жұмыс көлемі үлкен

жеңіл автомобильдерде рама болады. Кіші көлемді жеңіл автомобильдер мен

автобустарда рама орнына шанақ немесе салон орнатылады.

Рама құрылымы бойынша лонжеронды (баспалдақты), орталықты (омыртқалы) болып екіге бөлінеді.

Лонжеронды рама екі бойлық балкадан, бірнеше көлденең қиықтан тұрады.

Тартқыш – тіркеме құрылғы.

Автокөлік құралдарында тіркеме құрылғылары екі негізгі түрге бөлінеді: тартқыш – тіркеме мен ершікті – тіркеме.

Бұл құрылғыларға автомобиль – тягачтарды тіркеме құрамына жалғап, оларды ағытуға, сонымен бірге жүру мен маневр жасау үшін бір қатар талаптар қойылады.

Тартқыш – тіркеме құрылғы автомобильді тіркемемен жалғастыруға және

жүріс кезінде автомобиль мен тіркеме арасында пайда болған екі жағына бірдей берілген осьтік жұлқынысты азайтуға көмектеседі

Тартқыш – тіркеме құрылғы автомобиль – тягачтарды тіркемемен сенімді жалғануды қамтамасыз етуі тиіс, автомобил поездің тіркемемен қозғалысы кезінде қажетті жылдамдық пен маневрді автомобиль – тягачқа қатынасты болуы тиіс, орнынан қозғалғанда ттіркемеге артқыш күш әсерін жайлы жатықтықта жеткізуі керек, сонымен бірге қозғалыс кезінде, әсіресе жәйсіз жол бедерімен жүрген кезінде автомобиль – тягач пен тіркеменің арасында болатын динамикалық жүктемелікті азайтуы тиіс.

Сонымен бірге, бұл құрылғы автомобиль поезді жылдам жалғануға және ажыратуға қолайлы болуы шарт. Тартқыш – тіркеме құрылғы негізінен құрылымы бойынша түрленеді: жанасатын жұптар{ілгек — бұғау), шкворньді {шкворень—бұғау), шарлы {шарлы—бұғау). Көп тараған тіркеме – резеңкелі серпімді элементі бар ілгек құрылғы (ілгек—бұғау), ол динамикалық жүктеменің берілуін жеңілдетеді. ЗИЛ-4314, -4333 автомобиль-тягач модельдерінің тарқыш –

тіркеме құрылғысы 15.2.суретте көрсетілген. Оның болаттан құйылған ілгегі 12 бар, стерженінде екі таяныш тығырықтың 3, 14 ортасына сомынмен 2 қыстырылған резеңкелі серпімді элемент — буфер 4 орнатылған. Ілгек стержені

буфермен 4 жинақталып тұрқының 5 ішіне кигізіліп, қақпақпен 13 бірге бұранда арқылы раманың артқы көлденең белдемесіне 6 бекітілген. Стеженьнің стаканнан шығып тұрған ұшы сомынмен тартылып, қақпақпен 1 жабылған.

15.2. АЛДЫҢҒЫ БАСҚАРЫЛУШЫ БЕЛДІК.

Алдыңғы басқарушы белдік, балкаға шарнирлі жалғаған бұру цафалардың көмегімен автомобильді бұрып басқарады. Басқарушы белдікке автомобильдің тік тартылыс күшінен басқа, дөңгелектен берілген тежеу және бұрылу кезінде

бойлық пен көлденең күштер мен моменттер әсер етеді.

Алдыңғы басқарушы белдіктің құрылысына: балка, бұру цафасының бойлық және көлденең жетектерінен тұрады.

Балка көміртекті болаттан дайындалып, екі шетіне тігінен жасалған ойыққа кіндіктемір арқылы балкаға бұру цафасы топсалы орнатылады. Кіндіктемірдің ойықта айналып тұрмас үшін, оның кертілген қуысына сыналы штифт арқылы

бекітіледі. Бұру цафасының екі сыртқы шетіне втулка престеліп, шкворньнің екі ұшына кигізіледі. Сол арқылы цафа екі жағына бұрылып тұрады. Басқару дөңгелегін жеңілдету үшін, балка мен цафаның төменгі фланцасының ортасына тығырық қойылады.

Бұру цафасына аунақшалы ішпектер арқылы алдыңғы доңғалақ күпшекпен айналып тұрады. Ішпектің ішкі сақинасы цафаның мойнына отырғызылып, сыртқы сақинасы доңғалақ күпшегінің ұясына престеліп орнатылады. Ішпекті сомынның, құлыпты

Күпшектің ішкі жағына фланцаға сақинаның, құлыпты тығырықтың және қосымша сомынның көмегімен реттеледі. бұрандалар арқылы тежеуіш барабаны бекітілген, сыртқы жағына престелген шпилькаға автомобильдің басқарушы доңғалағының дискісі орнатылған.

15.2.1. АЛДЫҢҒЫ ДОҢҒАЛАҚТЫҢ ОРНАЛАСУ БҰРЫШЫ.

Автомобиль бұрылғаннан кейін қайтадан түзу жүруі тиіс, шиналары жолдың үстінде сырғанамауы керек, ол шинаның ерте тозуына әсер етеді.

Автомобильдің алды
Осындай міндеттердің дұрыс орындалуы үшін алдыңғы басқару доңғалағының бұру цафасын белгілі бұрыштықта орналастырады. Алдыңғы белдіктің конструкциясы бойынша, алдыңғы доңғалақтың алшақтығы мен жақындасуын, сонымен бірге шкворннің көлденең және бойлық бұрыштық жантаюы қарастырылады.

Доңғалақтың бұрыштық алшақтығы бұру цафасыныңеңкіштеу бұрышы төмен бағытталып, доңғалақтың жоғарғы бөлігі тік жазықтық бойынша сыртқа жантайып тұрса, онда мұндай алшақтық дұрыс деп есептеледі.. Алшақтық бұрышы автомобильдердің модельдері бойынша 0 – 2о аралығында болады.

Доңғалақтың жақындаушы бұрышы паралельді тербелісін түзетеді. Автомобильдің жүрісі кезінде доңғалақтардың алдыңғы жағы сыртқа қарай алшақтайды. Доңғалақтың алды мен артқы жағы тең айналуы үшін, оның алдыңғы жағындағы екі дөңгелектің арасын артқы жағының арасына қарағанда қысқартып орналастырады. Соның әсерінен дөңгелектер бойлық жазықтықта параллеьді қозғалыста болады, шиналардың тозуын болдырмайды.

Кіндіктемірдің көлденең жантаюы доңғалақ бұрышының алшақтығымен, кіндіктемірдің геометриялық осьі мен жолдың қиылысу нүтесінің арасын азайтады, автомобильдің жүрісі кезінде бұруды жеңілдетеді. Мұндай бұрыштық еңкіштік 6о – 10о аралығында болады.

15.3. АВТОМОБИЛЬДІҢ СЕРПІМДІ АСПАЛАРЫ.

Автомобильдің аспалары жолдың бедерінен дөңгелектер арқылы берілген соққыларды жұмсартып, рама мен шанақтың тербелісін өшіріп, жүріс жүйесіне берілген динамикалық салмақты азайтуға қолданылады.

Аспалар үш негізгі бөліктен: серпімді элемент, өшіргіш элемент және бағыттаушы құрылғыдан тұрады.

Серпімді элемент раманы алдыңғы және артқы доңғалақтарды жалғастырып,жолдың бедерінен автомобиль жүрісі кезінде пайда болған соққыларды жеңілдетіп, жұмсақ жүруін қамтамасыз етеді.

Өшіргіш элемент – амортизатор автомобиль шанағы мен рамасының тік бұрыштық тербелісін азайтып жоюға арналған.

Бағыттаушы құрылғы дөңгелектің тік қозғалысын және итеруші мен тежеуші күштерді дөңгелектен рамаға немесе шанаққа жеткізуді жеңілдетеді. Асқыштардың түрлері бойынша тәуелсіз серпімді (серіппелі), тәуелді серпімді (рессорлы, балансирлі) болып бөлінеді.

15.3.1. ТӘУЕЛДІ СЕРПІМДІ АСПАЛАР.

Жүк автомобильдердің алдыңғы мен артқы белдіктері, кейбір жеңіл автомобильдердің артқы белдіктері тәуелді аспалар арқылы бекітіледі. Мұндай асқыштардың ерекшелігі жолдың тегіс емес бетінен берілген тербелісті жұмсартуымен бірге дөңгелектен рамаға берілген жетекші және тежеуші күштерді жеткізеді.

Механизмдер мен бөлшектердің дөңгелекпен рессор арқылы байланысы автомобильдің рессорастылық бөлігі болып, ал бөлшектердің дөңгелек арқылы байланысы (балка, рычагтар, жетектер, т. б.) рессорастылық емес болып орналасады.

Тәуелді серпімді аспалар автомобильдің дөңгелектері рессор арқылы рамаға қаттыланып бекітіледі, дөңгелектердің жазықтықтағы қозғалысы бір–біріне қатысты болады. Жүк автомобилінің алдыңғы асқышы рамаға жартылай серпімді рессор мен амортизатор арқылы бекітіледі. Әрбір рессорлар кремнийлі болаттан жасалған бірнеше беттерден тұрады, ұзындау екі беті негізі болып есептеледі.

Рессордың алдыңғы жағы рамаға топсалы жалғанып (кронштейн) бекіткіш көлбеу тірекпен рамаға бекітіледі. Рессордың ортасы тартпа (стремянка) арқылы белдікке қаттылап орнатылады.

15.3.2. ТӘУЕЛСІЗ СЕРПІМДІ АСПАЛАР.

Тәуелсіз серпімді аспаларда доңғалақтар рама мен шанаққа жекеленіп орнатылып, олардың жазықтықтағы қозғалысы бір – біріне қатысты болмайды.

Мұндай тәуелсіз аспалар рычаг пен цилиндрлі серіппелер, екі телескопты амортизаторлар мен көлденең қалыптылықты сақтаушы стабилизатормен бірігіп жұмыс атқарады.

Оның құрылысына: стабилизатор тірегі, стабилизатор, резина төсем, бұру цафасы, төменгі мен жоғарғы рычагтар, рычаг осьі, топса, серімді серіппе, амортизатордан тұрады. Серпімді серіппелердің төменгі жағы тірек табағына, ал жоғарғы жағы көлденең тіректің штампталған қалпақшасына беітіледі. Серіппенің ортасынан телескопты екі бағытта жұмыс істейтін амортизатор орнатылып, серіппе мен амотизатор автомобилдің тербелісін азайтады. Автомобильдің бұрылыстарда қалыпты қозғалысын жақсарту үшін және оның жанына қисайуын азайтуға алдыңғы аспаға торсинды стабилизатор қойылады. Стабилизатор автомобильдің шұғыл бұрылыстарда жанына қисаюын 15 – 25 % азайтады.

15.3.3. БАЛАНСИРЛІ (ТЕҢГЕРУЛІ) АСПАЛАР.

Үш осьті автомобильдерде ортаңғы мен артқы белдіктің араларының жақындығына байланысты оларға жартылай эпиллипталық рессорлы балансирлі аспалар(15.5.сурет.) орнатылады. Мұндай аспалар төрт белдікті автомобильдер мен көп осьті тіркемелерге орнатылады. Екі белдіктің ортасына рамаға кронштейнге көлденең ось 6 бекітіліп, оның екі шетіне втулка арқылы күпшек 7 орнатылып, (стремянка) тартқыш білік арқылы рессорды 5 төңкеріп, ортасынан теңестіріп бекітеді. Рессордың ұшытары екі белдіктің жарты осьтің құндақтарының 4, 8 кронштейніне 3 кигізіледі.

Жетекші белдіктер рамаға штангалар 1 арқылы жалғанып, итергіш күшті жеткізіп тұрады. Сол үшін әрбір жетекші белдіктің төменгі кронштейні раманың төменгі кронштейнімен, жоғарғы кронштейні жоғарғы кронштейндерімен штангалар 2 жалғап тұрады. Штангалардың кронштейнге бекітілер ұштарына шарлы саусақ орнатылады.

Теңгерулі аспалы жетекші белдіктер арба тәрізді, рессормен бірге осьте 6 тербетіліп тұрады. Сонымен қатар рессорларға салмақ күші түскенде әрбір жетекші белдіктер тегіс емес жолдың бетінде жекеленіп тәуелсіз жоғары өткізгіштікпен қозғалады. Рессорлар 5 иілген кезде олардың ұштары тірек кронштейнінде сырғып тұрады.

15.4. ГИДРАВЛИКАЛЫҚ АМОТИЗАТОРЛАР.

Автомобильдің қозғалысы кезінде рессорлар мен серіппелердің деформация әсерінен, рама мен шанақтан пайда болған көлденең тербелістерді амортизаторлар баяулатады. Автомобильдер мен автобустарда гидравликалық амортизаторлар кеңінен қолданылуда. Мұндай амортизаторларда тұтқырлы сұйықтықтың кіші диаметрлі калибрлі тесігі мен клапанның шектеулі қуысының ішкі кедергісінен жүруі арқылы жұмыс істейді.

Раманың белдік пен дөңгелекке қатысты толық циклды тербелісі екі мезгілде болады:

· рессордың қысымды жүрісі, рессор астының бөлігі, рама мен шанақ, белдік пен дөңгелекке жақын келуі;

· рессордың қайтару жүрісі, рессор астының бөлігі рессор үстінің бөлігінен алыстауы;

Амортизаторлар екі топқа бөлінеді: екі жағына бірдей жұмыс істеуі, бір жағына жұмыс істеуі, соңғысы қайтару кезіндегі тербелісті тоқтатады.

Екі жағына бірдей жұмыс істейтін амотизаторлар жұмсақ жұмыс істейді, сондықтан кеңінен пайдаланып келеді.

Автомобильдің жүрсі кезінде амортизаторлар рессордан берілген бос тербелісті бәсеңдетіп, рессордың сығылуы кезінде оның қаттылығын арттырмауы тиіс.

Сондықтан сығылу жүрісінің кедергісі 25 – 30 % кері қайту кедергісіне болады.

15.5. ДОҢҒАЛАҚТАР МЕН ШИНАЛАР.

Доғалақтар автомобильдің тегіс емес жолдармен жүрген кезде жұмсақ жүрісін

қамтамасыз етіп, соққысын азайтады.

Автомобиль доңғалағы дискіден 2, доңғалақ құрсауынан 4, шинадан3 тұрады. Доңғалақ күпшегі1 автомобиль белдіктерінің бөлшектерінің жиынына қосылады. Күпшек 1 дискінің 2 біріктіру бөлігімен доңғалақ құрсауымен 4 жалғанып, оған пневматикалық шина орнатылады.

Құрылысы бойынша біріктіру бөлігі үш түрге, дискілі, дискісіз, шабақты болып бөлінеді. Шабақты біріктіру бөлігі жеңіл және жарыстық автомобильдерде қолданылады. Көп қолданылатын түрі дискілі доңғалақтар, жиегі терең ажыратылмайтын, жиегі жалпақ ажыратылмалы құрсаулы болады.

Жеңіл автомобильдердерде көпнесе дискілі жиегі терең құрсаулы ажыратылмайтын болып, құрсау дискіге электрлі пісіріп бекітілген, сыртқы жағында қаттыланған қабырғалы 5 және декоративті қалпақ кигізетін қыры 7 бар. Ортаңғы бөлігінде шинаны алып – салуға арналған тереңдетілген сақиналы жиегі орнатылған, оған шина борты ұсталып тұрады.

Бекіту тесіктері конусты фаскасы, дискіні орталандырып және бекіту гайкасының өздігінен ағытылуынан сақтайды.

Жүк автомобильдерінде жиегі жалпақ ажыратылмалы алынып – салынуға қолайлы болып жасалады. Құрсау 4 дискіге 2 пісіріліп бекітілген, борттық сақина құлпылау сақинасымен бекітіледі. Кейбірінде борттық сақина кесілген түрінде жасалынып, оған құлпылау сақинасы қажет болмайды.

Жүк автомобильдерінің дискісі күпшекке шпилька мен конусты сомын арқылы бекітіледі. Сомын өздігінен ағытылып кетпесі үшін, оң жағының шпилькасының бұрандасын оңға, сол жағының бұрандасын солға қарай бұралатын болып жасалады.

Артқы белдіктің доңғалақтары қосақталып бекітілетін болғандықтан, оны ішіне және сыртына бұранда салынған қалпақты сомынмен шпилькаға ішкі доңғалақты, конусты фаскалы гайкамен сыртқы доңғалақты бекітеді.

МАЗ, КамАЗ автомобильдерінде дискісіз доңғалақтар болғандықтан, оларды арнайы қысылатын сыналарымен шпилькаға гайкамен бекітіледі.

Шиналар асқышпен бірігіп жолдың тегіс еместігінен пайда болған соққылардың энергиясын, ішіне толтырылған ауаның көмегімен жояды.

Шинадағы ауаның максималды қысымы, жеңіл және кіші салмақты автомобильдерде 0,2 – 0,3 МПа, жүк автомобильдер, автобустар мен тіркемелерде – 0,5 – 0,7 МПа болады.

Шиналар қолданылуна байланысты камералы және камерасыз болып келеді, камерасыз жеңіл автомобильдерде пайдаланады.

Камералы шина покрышкадан 9, камера 10 вентильімен 8 және құрсау лентасынан 7 тұрады.(жеңіл автомобидьдерінің шиналарының құрсау лентасы болмайды)

Покрышка ауа қысымын қабылдап, камераны құрсауда ұстап оны бұзылудан сақтайды.

Камерасыз шиналардың ішіне камераның орнына ауа жібермейтін, қалыңдығы 2 – 3 мм арнайы герметикалық қаптама желімделіп жасалады. Винтиль 12 дискінің құрсауына герметикалы бекітіледі.

Каркасының құрылымды жасалуына байланысты шина қаптаулары диагнальды, радиальды болып бөлінеді.

Диагналды қаптаулардың қаптамасының жіптері бір – біріне ромб тәрізді болып қиғашталып орналасады.

Радиальды қаптаулардың қаптамасының жіптері бір жиегінен екінші жиегіне қарай көлденеңделіп орнатылады. Мұндай орналасуы ішкі үйкелісті және каркастың қызуын азайтып, оның пайдалануын арттырады. Радиальды шиналар R әрпімен белгіленеді. Егер олардың ажыратылатын протекторы — RC (С — шешілетін) болса, онда мұндай шиналар жүк автомобилінде қолданылады.

Автомобиль шиналарының размерлері екі сандармен керегесіне жазылып белгіленеді. Бірінші сандары оның профильінің енін В, екінші сандары оның орнату диаметрін D білдіреді.

Мысалы: ЗИЛ-431410 автомобилінде 260R508, профиль ені – 260мм, орнату диаметрі – 508 мм; 280 – 508Р, профиль ені – 280 мм, орнату диаметрі – 508 мм, R – радиалды. МАЗ- жүк автомобилінде радиалды шина320R508 орнатылады.

ВАЗ-2105 и ГАЗ-31029 «Волга» жеңіл автомобильдерінде 175 / 70 R13 және 205 / 70 R14, мұнда 165, 205 - профиль ені мм, 70 - профиль биіктігі пайыз бойынша, 13, 14 – орнату диаметрі дюйм бойынша, R-радиальды. S — индекс максималды қолдану жылдамдығы. Ол келесі әріптерімен белгіленеді: S — 180 км/сағ;

Q — 160 км/сағ; Р - 150 км/сағ; L — 120 км/сағ.жылдамдықтарды білдіреді.

Профиль формасы бойынша шиналар қалыпты профильді, төмен профильді, жалпақ профильді, өзекті профилді болып бөлінеді.

Қалыпты профилді - профиль биіктігі мен ені Н / В теңдеулі, 80 % төмен болмауы тиіс, жүк автомобильдері мен автобустарда қолданылады.

Төмен профильді - профиль биіктігі енінен төмен (Н /В - 0,6 – 0,7), максималды жылдамдығы 140 км/сағ жоғары болатын жеңіл автомобильдерде қолданылады.

Жалпақ профильді – профиль биіктігі төмен (Н/В – 0,5-0,6), ауа қысымы 0,2 – 0,35 МПа болғандықтан автомобилдің жүрісіне жайлы жоғары жүрістікті береді. Мұндай шиналар күрделі жол жағдайында жұмыс істейтін автомобильдерде қолданылады.

Өзекті профильді - шиналар камерасыз ауа қысымы төмен (0,05 – 0,15 МПа), профильдің ені жалпақ (Н/В – 0,3 – 0, 0,50), олардың жер бедерімен жанасу биіктігі 35...40 мм болады. Мұндай шиналар ортаңғы және артқы белдіктің қосақталған доңғалақтарына орнатылады.

Өзекті шиналар әртүрлі автокөлік құралдарының жолсыз жағдайда жоғары өтімділігін қамтамасыз етеді.

Завод – дайындаушы шиналарды маркалағанда шығырғын мезгілін, сериялы нөмірін, шинаның өлшемін көрсетіп белгілейді. Камерасыз шиналардың бүйірлеріне «Бескамерная», аязға төзімді шиналарға — «Север» деген жазу белгіленеді.

* Кепілдік жүрісі — бұл шинаның жүрісінің пайдалану барысында завод – дайындаушының тұтынушыдан шинаның сапалылығын талап етуін қабылдауын айтады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Лонжеронды рама мен орталықты раманың құрылымдарының айырмашылықтары қандай?

2. Тартқыш – тіркеме құрылғының қызметі мен оның негізгі бөліктерін атаңыз?

3. Алдыңғы доңғалақтардың орналасу бұрышының міндеті мен орналасуы қандай болады?

4. Теңгерулі аспаның құрылым ерекшеліктері қандай?

5. Шиналардың түрлері, қандай параметрлермен және өлшемдермен белгіленеді?

16 – тарау. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ.

       
 
 
   


16.1. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ.

Рульдік басқару жүйесі жүргізушінің қалауына қарай жүру бағытын өзгертіп, жеңіл басқарып,

бұруы үшін қажет. Негізгі бағытты өзгерту алдыңғы доңғалақтардың бұрылуы арқылы жүргізіледі. Басқару жүйесі автомобильдердің түзу жүруін сақтапу және жеңіл бұрылып дұрыс кинематикалық бұрылыс пен қауіпсіз жүрісті қамтамасыз етуі шарт. Басқару жүйесі доңғалақтарды кездейсоқ жол соққыларынан, кедір – бұдыр жол бедерінен қалыпты бағытын өзгертіп отырады. Сол үшін алдыңғы және соңғы дөңгелектер бір орталық бұрылу шеңбері арқылы айналады. Бұл кезде алдыңғы дөңгелектер әртүрлі бұрыштық бағытта бұрылады. Бұрылу орталығын О десек, бұл барлық дөңгелектердің осьтерінің қиылысу нүктесі болады.

Бұрылу кезінде бұрылу ортасынан қарағанда сыртқы доңғалақтардың бұрылу бұрышы аз болады, ал ішкі доңғалақтар үлкен бұрышта бұрылады. Бұрылу кезінде алдыңғы доңғалақтардың жанына қарай сырғанауы пайда болады. Автомобильдердің айналу радиусы R, оның базалық ұзындығы L байланысты болады. Базалық ұзындығы қысқа болса, доңғалақтардың бұрылу бұрышы аз, ал бұрылу бұрышы азайған сайын автомобильге бұрылуға аз орын қажет болады. Бұл талаптың орындалуы рульдік трапецияны қамтамасыз етеді, мұнда автомобильдің алдыңғы осі мен көлденең рулдік тартқыш – негізгісі болып, ал бүйір жақтары цафа бұрылысының рычагтары атқарады

Рульдік басқару – рулдік механизмнен, рульдік жетектен және күшейткіштен тұрады. Рульді бұру кезінде бойлық және көлденең жетектерді қозғалтып, бұрылу дөңгелегіне әсер етеді.

Рульдік механизм – руль дөңгелегінен, руль білігінен, руль бағанынан, (червяк роликті, рейкалы, винтті, аралас) рулдік жетектен, бұрылу цафасы мен сошкадан тұрады.

Рульдік жетектің кострукциясы басқарушы дөгелектердің автомобиль рамасына тәуелді немесе тәуелсіз болып бекітіледі.

Тәуелді іліністе басқарушы дөңгелектер ажыратылмайтын көлденең жетек арқылы басқарылады. Руль дөңгелегін айналдыру арқылы руль білігімен рулдік механизмді қозғалтамыз. Рулдік механизм сошкаға әсер етуі арқылы көлденең жетек сол жақтағы бұрылу сол цафасынмен дөңгелегін, оң жақтағы көлденең жетек арқылы оң цафаны дөңгелегімен бұрып қозғалтады. Дөңгелектердің бұрылу бұрышының шектелуі автомобильдердің типтеріне байланысты 28о – 35о аралығында өзгеріп тұрады. Бұрылу бұрышының шектелуі дөңгелектердің автомобиль рамасына, дөңгелек қанатына, тағыда басқа бөлшектерге тиіп тұрмас үшін керек.

Тәуелсіз іліністе басқарушы дөңгелектер ажыратылатын рульдік трапециядан, руль сошкасы мен маятникті рычагтан қозғалмалы түрде орналастырылады. Руль сошкасын ортадағы көлденең жетек арқылы маятник рычагына жалғастырылған. Ортадағы жетек бүйірдегі жетектермен рычагтарда жалғастырылып тұрады. Бүйірдегі жетектің ұзындығы муфтаның көмегімен реттеледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: