Жетекші белдік пен жарты осьтар

ЗиЛ автомобилінің жетекші белдігінің басты берілісі қосарланған, беріліс саны 6,32. ирек тісті конусты тісті дөңгелек жұбы мен цилиндрлі қиғаш тісті дөңгелек жұбынан тұрады. Жетекші конусты шестерня 11 білікпен 2 тұтасып жасалған,фланца 1 арқылы карданды білікпен жалғананып, білік екі аунақшалы ішпек 6, 9 арқылы айналады. Біліктің тұрқы 7 картерге 17 болттармен бекітілген. Жетектегі конусты тісті дөңгелегі 12 аралық біліктің 15 фланцасына бекітіліп, жетекші цилиндрлі тістегерішпен 16 тұтасып тұрады. Басты берілістің картері 17 мен жетекші біліктің тұрқының 7 аралық төсемі 10, жетекші тістегерішінің 11 тісі мен жетектегі тісті дөңгелектің 12 тістерінің байланысын реттеу үшін қойылады. Тұрқына 7 ішпек пен сальник қақпағы 3 бекітіледі.

Аралық білік 15 картер қақпағына 31 орнатылған конусты аунақшалы ішпекпен 14, 32 бекітіледі. Ішпектердің жетектегі конусты дөңгелектің 12 жетекші тістегеріштің 11 осіне қатысты қақпақ 31 астына төсемдер13 қойылуы арқылы реттеледі.

Дифференциал қорабы жабық қақпақтағы 18 конусты аунақшалы ішпекте 24 айналып тұрады, гайканың 25 көмегімен реттеледі. Дифференциал табағының ортасына шабақ (крестовина)30 орнатылып, оның ұштығына сателлиттер 28 отырғызылады. Олардың жарты осьтерінің тісті дөңгелегі мен сателлиттерінің 28 арасындағы үйкелісті азайту үшін тірек шайбалары 19,29 қойылады. Басты берілістің жұмыс істеуі кезінде, жетектегі тісті дөңгелектен 21 дифференциал қорабына бұрылу күші беріліп, одан кейін крестовина 30 мен сателлиттерге 28 жеткізіледі. Сателлиттер жартылай осьтің тісті дөңгелегімен 22 бірігіп, жартылай осьтарды 4 айналдырады.

Жарты осьтар дифференциалдан берілген бұрылу моментін жетекші дөңгелектерге жеткізу үшін орнатылады. Әрбір жарты ось ішкі ұштарындағы шлица арқылы дифференциалға орнатылған жартылай осьтік тістегерішпен жалғастырылған. Сырқы жағымен фланц арқылы дөңгелек күпшегіне болт арқылы бекітіледі. Бұралу моменті жатылай осьтан жетекші доңғалаққа ішпекті түйін арқылы беріледі. Осыған байланысты жарты осьтар екі негізгі түрге: жартылай түсірілген жарты осьтар, толық түсірілген жарты осьтар болып бөлінеді.

Жартылай түсірілген жарты осьтар дегеніміз – құндақтың ішіне орнатылған тірек шарикті ішпекке 2 орнатылып, бұралу моментін жеткізуімен бірге бұратылу мен қисаю моментін де қабылдайды.

Толық түсірілген жарты осьтар дегеніміз – бұратылу мен қисаю моментінен арылып, тек бұрылу моментін жеткізеді. Мұндай осьтар доңғалақ күпшегі құндаққа 3 орнатылып, екі кеңінен қойылған роликті ішпекке 6, 7 бекітіліп, қисаю моментін құндақ қабылдап, жарты осьтар 4 бұралу моментін ғана жеткізеді.

Барлық жеңіл автомобильдер мен ең кіші классты автобустар мен ең кіші классты жүк автомобильдерінде жартылай түсірілген жарты осьтар қолданылады. Барлық жүк автомобильдерінде және орта, үлкен классты автобустарға толық түсірілген жарты осьтар қолданылады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

1. Трансмиссиялардың түрлері мен құрылымдары қандай?

2. Серпімді серіппелі ілініс пен мембрана серіппелі іліністің құрылымдарының

айырмашылықтары қандай?

3. Бұралу тербелісін өшіргіштің құрылымы қандай?

4. Беріліс қорабының қызметі?

5. Беріліс қорабында неліктен бір мезгілде екі беріліске қосылмайды?

6. Үйлестіргіштің қызметі мен жұмыс істеуі?

7. Гидротрансформатордың жұмыс істеу тәсілі?

8. Дифференциалдың қызметі және қалай жұмыс істейді?

15 – тарау. АЛЫП ЖҮРУ ЖҮЙЕСІ, БАСҚАРЫЛУШЫ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: