лекция

Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үрдісін диагностикалау және жоспарлау

Жоспар:

1. Мектептегі — педагогикалық технологияны оқытудың жаңа жүйелері

2. Перспективалық жоспарлау жолдары

3. Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдістемесі

4. Педагогикалық талаптар

Негізгі ұғымдар: мектепшілік бақылау, диагностика, ақпарат, педагогикалық үдеріс сипаттамасы, диагностиканың әдістемесі, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспардың түрлері, мектеп құжаттары.

Бүгінгі таңдағы өркениетті елу елдің қатарына қосылуды мұрат тұтқан Тәуелсіз Қазақстанның қоғамы болашақ түлектерді, жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігінен оқу-білімдену жүйесіне жаңа да күрделі талаптар қоюда.

Бастауыш мектеп педагогикасы — кіші оқу жасындағы балаларды тәрбелеу, білімдендіру, оқыту заңдылықтарын зерттеумен айналысып, сол зандылықтарға орай білімдерді тәжірибелік іс-қызметте тиімді пайдаланудың жолдары мен әдістемелерін нақтылап ұсынушы ғылым. Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болып отыр. Сонымен бірге жаңа педагогикалық технологияның қажеттігі артуда.

«Педагогикалық технология дегеніміз — В.П. Беспальконың анықтамасы бойынша, — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер — оның құрамды бөлігі ғана». Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын қарастырады.

Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбиелік құралдардың (схема, сызба, диаграмма, карта) бірлігі негізінде іріктеліп алынған психологиялық — педагогикалық қондырғының жиынтығы деп түсіндіреді. Ал, технологиялық процесті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді.

Ғалым — дидактик В.В.Давыдов, М.Н.Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа әдістердің енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы түжырымдарды мүғалімдердің озат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.

В.В.Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шешудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады.

В.В.Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оның құрылымы мынадай: оқу қызметі, оқу мақсаты мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады. Оқыту әрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіну), оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалды меңгеру дәрежесі, ал қабылдау әрекетіне дағдылар мен біліктер жатады.

Мектептің оқу-тәрбие процесін одан әрі жақсарта түсу мақсатында бірнеше жылға арналған перспективалық жоспарлау, жасау үлгісі көптеген мектептердің іс-тәжірибесінде қолданылып келеді.

Бұл проблеманы ғылыми зерттеу нәтижесінде перспективалық жоспарлаудың қажеттілігін анықтап отыр. Негізінде бұл жоспарлау 3 не 5 жылға арналады.

Бұл жоспарлаудың басты ерекшеліктерінің бірі - ағымдағы жылдық жоспарлардың аясына сыймайтын, ұзақ мерзімді іс-шараларын жүзеге асыруға тура келетіндігі. Сондай-ақ, перспективалық жоспарлау ағымындағы жылдық жоспарлармен тығыз бірлікте, бірін-бірі толықтырып, басты мақсатқа жету жолындағы анық бағыттық мұндай жоспарлау аудандық, қалалық, обылыстық білім мекемелерінің практикасында кеңінен қолданып келеді. Әсірісе, олардың бастылары күрделі құрлыс, қосымша сынып бөлмелері мен кабинеттер, спорт залдары мен шеберханалар салу, күрделі жөндеулер, оқушылар контигентінің өсуіне байланысты жұмыстар, педагогикалық мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру т.б. күрделі мәселелерді қамтиды.

Ғылыми әдебиеттерде мектеп жұмысын жоспарлау бағытында нақтылы классификациялаудың жоқ екендігін байқаймыз. Біздің тұжырымдауымызша жоспарлау түрлері төмендегідей болуын ұсынамыз. Олар: ұзақ мерзімге арналған перспективалық жоспарлау (3-5 жылға арналған). Жылдық жоспарлау және ағымдағы жоспарлау. Ағымдағы жоспарлауға: тоқсандық, айлық, апталық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарлары, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының кестелік, календарлық жоспарлары жатады.

Лекция

Тақырыбы: ҚР–да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беру басқарудың тәсілдері

Жоспар:

1.Білім беруді басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары

2. Білім берудегі басқарудың мемлекеттік – қоғамдық қызметтері мен қағидалары.

3. ҚР – да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі.

Негізгі ұғымдар: білім беруді басқару, білім беруді басқару моделі, білім беруді басқарудың мемлекеттік – қоғамдық типі, білім берудегі серіктестік.

Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған елдерден АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр. Қазіргі кезде ҚР 107 мектебінде 12 жылдық білім беру үдерісі эксперимент түрінде жүргізілуде.

Бұл жүйенің басты мақсаты-жүйені ашық, заман талабына сай негізде дамыту. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби шеберлік.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

-жаңа білім технологияларының енгізілуі;

-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;

-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;

- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде-АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.

Сонымен, дүние жүзінде орта, жалпы білім беру келесідей бағыттарда жүзеге асырылатындығы анықталды, олар:

1.Барлық балаларға, жастарға бірдей білім беру; білімнің ашықтығы, біліммен ақпарат алудың барлық азаматтарға мүмкін болуы.

2.Оқу бағдарламаларының оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға және жеке тұлғалық оқу үдерісін ұйымдастыруға бағдарлануы.

3.Оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына, қоғамдық мәртебесіне, ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделген.

4.Жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып отыратын өзгерістерге тез бейімделуіне жол сілтеу болып табылады.

5.Әрбір оқушыға сол социумға сәйкес тарихи қалыптасқан, ең тұрақты рухани, дүниетаным және мәдени құндылықтарының таратылуы және бекуі.

Жоғарыда аталған әлемдік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы 12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан мектептерін:

1. Әлемдік деңгейге көтеруге жағдай жасайды.

2. Оқудың жылдық жүктемесі жеңілдейді.

3. Кәсіптік білім береді.

4. Жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер

19. Школьная педагогика: Учебник /Под ред. Г.Т. Хайрулина – Алматы: изд, «МИР», 2012 – 640 с

20. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К, Жалпы педагогика оқулық – Алматы: «Nurpress» 2011 – 228 с

21. Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б.,Құдиярова А.М. «Педагогика» - Электронды оқулық., Алматы, 2013 жыл

22. Джуринский А.Н, История педагогики и образование: учебник для бакалавра. Юрайт. 2011 – 675 с

23. Балгабаева К.С. «Организация и управления дошкольным воспитанием» Электрон. учебное пособие., Караганда 2010г.

24. Әбенбаев С, Әбиев Ж, Педагогика Оқу құралы, - Астана: 2009 ж

25. Жексенбаева У. Б. Компетентностно ореинтированно образование в современной школе. Учебное пособие – Алматы, 2009 - 190 с

26. Загадинский В.И. Методология и методы психолого – педагогического исследования: М. Индат центр «Академия», 2001

27. Загадинский В. И. Общая педагогика Гриф УМО МО РФ: Учебное пособие, 2008 - 391 с

28. История педагогики и образования: Учебное пособие для пед. уч. Нискунова – ТЦ «СФЕРА», 2001 – 512с

29. Коджаспирова Г.М. учебник – М: КНОРУС. 2010 – 744с

30. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. – Караганда, 2004 –

31. Мыңбаева А.К. Садвакасова З.М. Инновационные методы обучение или как интересно переподавать. – Алматы, 2009 – 341 с

32. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы, - Алматы: 2005

33. Педагогика тарихы. Оқулық. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2009 – 398

34. Сейталиев К.Б. Педагогика тарихы. Оқулық, - Алматы: Білім, 2008

35. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М: Народные образование, 1998 – 255 с

36. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы: оқу құралы, - Алматы: Print – S, 2005

Қосымша әдебиеттер

40. Бахишева С.М. Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы. Оқулық – Алматы, 2010ж

41. Аубакирова Р.Ж. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008 – 128 б

42. Ахметова Г.К. Педагогика: Оқулық, - Алматы университеті, 2006

43. Айтбаева А.Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: оқу құралы, - Алматы: Қазақ университеті, 2008ж

44. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: оқу құралы, - Алматы. 2006 – 476 б

45. Әлемдік педагогикалық ой – сана – 10 томдық, 1 – 2 том –Алматы, 2010

46. Бабаев С.Б, Жұмадиллаева А.А. Көрнекі педагогика, - Алматы, 2008 – 68 б

47. Баймолдаев Т.М. Мектеп басқару: даму тарихы, ғылыми және әдіснамалық негіздегі, тәжірибесі – Алматы, 2009 – 257 б

48. Ғаббасов С Педагогика мен психология негіздері: оқу құралы – А: 2008

49. Дайрабаев Е.Б. Педагогика пәнінің негіздері: оқу құралы, -Алматы, 2005

50. Джуринский А.Н. Зарубежная педагогика: Учебное пособие – М: Фардарики, 2008 – 383 с

51. Жолтабаева Қ.Ж. Тұлғаның дамуындағы жалпы заңдылықтар: Дәрістік Курс, - Алматы: Қазақ университеті, 2003 – 22 б

52. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік, Педагогика және Психология, - Алматы: Рауан, 2002 – 288 б

53. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі оқу құралы. – Алматы: 2005 – 80 б

54. Құсайынов А.Қ. Салыстырмалы педагогика: әдіснамасы мен әдістері – Алматы, 2008

55. Казанцев Е. Вараксин В.Н. Психология – педагогический практикум – Издано, Феникс, 2012 – 288 с

56. Калиева С.И. Медетбекова А.Т. Формирование гражданского самосознания старшекласников Метод пособие, - Алматы, 2008 ж

57. Коркина В.А. Дидактика в схемах и таблицах: Уч. Пособие. – Караганда 2004 – 221 с

58. Кошербаева А.Н. История педагогической мысли в эпоху ЦентральноАзиатского Ренессанса (X – XIY) – Алматы, 2010 ж

59. Красиский В.В. Общая основа педагогики. Гриф МО РФ. Учебное пособие – «Академия» 2008 – 256 с

60. Кусаинов А.К. Сравнительная педагогика: методология и методы иследования. Учебное пособие – Алматы: 2008 – 98 с

61. Нихачев Б.Т. Философия воспитания: спецкурс, - М: 2010 – 335

62. Мусаева С.А. др. Возрастная педагогика. Учебник. – Астана: Фолиант, 2000

63. Мынбаева А.К. Садвакасова З.М. Искусство преподавания: концепции и инновационнык методы обучения: Учебное пособие. – Алматы, 2012

64. Мұсаева С.А. Жас ерекшелік педагогикасы: оқулық, - Астана: Фолиант, 2006

65. Өстеміров К. Шәметов Р. Кәсіптік педагогика: оқулық, - Алматы, 2006

66. Педагогический энциклопедический словарь. Золотой фонд. Энциклопедия - __ «Дрофа», 2009 – 528 с

67. Нискунова А.И. Баркова Н.Н. и др. Хрестоматия по истории педагогики.Сфера, 2006 – 512 с

68. Прежников Н.С. Профориентация в школе: игры, упражнения, опросники. М, «ВАКО», 2005 – 287 с

69. Самыгин С.И. Столяренко Л.Д Психология и педагогика. Адаптированный курс бакалавров, - Изд: КНОРУС, 2012 – 480 с

70. Стастенин В.А. и др. Педагогика: Учеб. Пособие для студ. Выфсш. Пед. учеб.М, 2002 – 576 с

71. Таубаева Т.Ш. Методология и методика педагогического исследования. В помошь начинающему исследователю, - Астана: РНПЦ «Дарын», 2009

72. Хан Н.Н. Научно – практические основы сотрудничества и его реализация в педагогическом процессе школы. – Алматы, 2000 ж

73. Хуторской А.В. Педагогическая инноватика: Учебное пособие – М, Академия. 2010 – 254 с

74. Щуркова Н.Е. Классное руководство: теория, методика, технология, - М. Педагогическое общество России, 1999 – 222 с

75. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: Учебное пособие – Оренбург: ОГУ, 2005 – 230 с

76. Этнопедагогика.,Оқу-әдістемелік құрал.,Электронды рес, Қарағанды 2007ж

77. Карманова Ж.А. Психолого-педагогическая диагностика личности. Электронды оқулық- Қарағанды 2012ж

78. К.Г.Ельшибаева., Сезім. Отбасы. Энергетика., Электронды оқулық- Алматы 2013ж

Педагогика пәнінен реферат тақырыптары

1.Оқыту орындарының қызметін реттейтін, маңызды нормативтік құжаттар.

2. Қазақстан Республикасының білім берудегі саясаты.

3. Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы.

4. Білім жүйесін дамытудың тенденциясы.

5. Жеке тұлғаның қатынастарын қалыптастырудағы іс әрекеттің ролі.

6. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс - әрекетінің құралы мен жағдайы болатын қарым – қатынастың әлеуметтік ролі.

7.Педагогикалық процестің негізгі міндеттері.

8.Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілік және

өзін-өзі басқару.

9.Педагогикалық процесс – “ мұғалім – оқушылар” жүйесінің

үздіксіз қызметі.

10. Қарама –қайшылықтың негізгі топтары. Іскерлік қарым-қатынас

11. Қазіргі қоғамдағы тұлғаға қойылатын талаптар.

12. Ұжымдық шығармашылық.

13. Жұмысты басқару стилі.

14. Қазақстан Республикасының “ Білім туралы” заңы.

15. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.

16. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.

17.Орта білім беру жүйесінің даму тенденциясы.

18. Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің нег.бағ

19.“Мектепті басқару мен басшылық ету” ұғымының мәні

20. Мектеп басшылығының оқу – тәрбие жұмысын ұйымдас-у

21. Педагог кадрлардың әдістемелік жұмысы

22. Басқару негізі ретінде - педагогикалық процесс

диагностиканың мәні.

23. Педагогикалық ақпараттар түсінігі.

24. Негізгі сипаттамалар және педагогикалық процестің

көрсеткіштері.

25. ” Педагогикалық диагностика” ұғымына сипаттама.

26. Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.

27. Жоспардың сараптамалық бөлімін даярлау.

28. Мектептің жылдық жоспарының мазмұны.

«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары

1.Педагогика пәні, оның негізгі категориялары.

2.Педагогика ғылымының әдіснамалық негізі.

3.Педагогика ғылымының жүйесі және оның басқа ғылымдармен

байланысы.

4.Халықтық педагогика.

5.Педагогика ғылымының қазіргі кезеңдегі негізгі міндеттері.

6.ҚР-ның “Білім беру туралы заңы” және ондағы педагогика ғылымының

проблемалары.

7.Қазіргі қоғамның даму кезеңінде халықтық педагогиканың маңызы.

8.Қазақстан педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан

9.М.Жұмабаевтың“Педагогика” оқулығына шолу жасау.

10.Тұтас педагогикалық процесс,оның мәні.

11.Тұтас педагогикалық процестің құрылымы.

12.Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері, заңдылықтары.

13.Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбиенің мақсаты,

және оның проблемалары.

14.Қазіргі кезеңдегі тәрбие мақсаты.

15.Жеке тұлға туралы ұғым.

16.Жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру проблемасы.

17Жеке тұлғаның жан-жақты,үйлесімді дамуы туралы.

18.Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы.

9. Бала дамуының жас кезеңдері және оған сипаттама.

10. Баланың табиғи мүмкіндігі, оның тұтас педагогикалық процесте ескеру.

11. Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу ерекшелігі.

12. Мұғалім,оның мамандық қызметіне сипаттама.

13. Қоғамның қазіргі әлеуметтік- экономикалық өзгерістері жағдайындағы

мұғалімге қойылатын талаптар.

14. Мұғалім іс-әрекетінің обьектісі - жеке тұлға.

15. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.

16. Қазақстан білім беру жүйесі туралы.

17. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік,экономикалық дамуының негізгі бағыттары.

18. Мектептің жаңа түрлері, оның болашағы.

19. Тәрбиенің мақсаты,міндеті.

20. Жеке тұлғаның жан-жақтылығы жалпы азаматтық мәдениетті меңгерумен сипатталады.

31. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.

32. Тәрбие әдістері,түрлері,формалары.

33. Тәрбие әдістеріне сипаттама.

34. Тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда тәрбие әдістері түрлерінің,амалдарының алатын орны.

35. Ұжым туралы түсінік.

36. Балалар ұжымын ұйымдастыру және тәрбие жолдары.

37. Үлгі-өнегенің тәрбиелік әсерінің педагогикалық,психологиялық құндылығы неде?

38. Жаңа мектептер жүйесі және ондағы оқушылар ұжымын ұйымдастыру жолдары.

39. Сынып жетекшісі,оның тұтас педагогикалық процесте алатын орны.

40. Сынып жетекшісінің жұмыс мазмұны.

41. Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау,есепке алу.

42. Сынып жетекшісінің шығармашылықпен еңбек етуі дегенді қалай

сипаттайсыз?

43. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі.

44. Жеке тұлғаның қалыптасуында өздігінен білім алу мен өзін-өзі

тәрбиелеудің ролі.

45. Өздігінен білім алуға оқушылардың даярлығының айқындаушылық-

диагностикалық әдістері.

46. Балаларды жанұяда тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері, және қазіргі

кездегі проблемалары.

47. Қазақтың ұлы зиялыларының отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері.

48. Қазіргі отбасындағы балалар мен үлкендердің қарым-қатынасы.

49. Дидактика туралы түсінік.

50. Оқыту процесі.оның мәні.

51. Қазіргі мектептердегі білім мазмұны.

52. Оқу жоспарлары мен оқулықтар.

53. Оқытуды ұйымдастыру түрлері.

54. Қазіргі сабақ.

55. Сабаққа қойылатын талаптар.

56. Оқыту әдістері.

57. Білімді терең меңгерту жолдары.

58. Жаңашылдар тәжірибелерінің педагогикалық негізі.

59. Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың білімін есепке алу.

60. Білімді тексеру жолдары.

61. Оқушылардың ұжымдық және өзіндік таным әрекеттерін ұйымдастырудың педагогикалық негізі.

62. Балалар ұжымы туралы түсінік

63. Ұжымның даму кезеңдері.

64. Мектептің оқу-тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс.

65. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.

66. Тұтас оқу-тәрбие процесінде оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

67. Тұтас оқу-тәрбие процесінде оқушыларға азаматтық тәрбие беру.

68. Тұтас оқу-тәрбие процесінде оқушыларға адамгершілік - эстетикалық тәрбие беру.

69. Тұтас оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың дене тәрбиесі.

70. Оқушыларды мамандыққа баулу.

71. Саналы тәртіп, өзін-өзі тәрбиелеу.

72. Спорт және дене тәрбиесі құралдары.

73. Жаппай дене шынықтыру және сауықтырудың педагогикалық негізі.

74..Азаматтық тәрбие беру жолдары.

75. Азаматтық тәрбиені жақсарту жөнінде не істеу керек?

76. Мектепте оқушыларға азаматтық тәрбиені беру, тәрбие салаларының

ішіндегі өзектісі екенін дәлелдеңіз.

77. Адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері.

78.Адамгершілікке тәрбиелеудің және эстетикалық тәрбие берудің әдістері

мен жолдары.

79.Жанұяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің проблемалары.

80.Мектептегі эстетикалық тәрбиенің жүйесі.

81.Дене тәрбиенің мәні мен міндеттері.

82.Дене тәрбиесінің ерекшеліктері мен маңыздылығы.

83.Дене тәрбиесі сабағының әдістемесі.

84.Оқу күн режимінің ерекшеліктері.

85.Еңбек тәрбиесінің жеке адамның жан-жақты дамуындағы алатын орны.

86.Оқушылардың іс-әрекетінің, олардың интеллектуалдық дамуына және

мамандық таңдауына тигізетін ықпалын мектеп тәжірибесі арқылы

дәлелдеу.

87.Тәрбие процесінің мәні.

88.Тәрбие процесінің заңдылықтары мен қозғаушы күші.

89.Өзін-өзі тәрбиелеу.

90. Қазіргі мектептердегі қайта құру.

\ Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-33
28.05.2015.

Педагогика

(пәннің атауы)

Кафедра__ Педагогика және психология ___________________________

Тьютор____ Рысбекова Р.М. __________________

Мамандықтар: 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу»

Кредит саны__ 3 ______________________________________________

Пән циклі _____ міндетті_____________________________________

Әдебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Ескерту  
Кітапха-а және кафедра-а  
Негізгі   Ч31я73 А32 Айтбаева, А. Б. Әлеуметтік педагогика негіздері Оқу құралы / А. Б. Айтбаева.- Алматы: 2012ж 10 экз.    
  Ч30/49я73 А32 Айтбаева, А. Б. Білім берудегі жаңа технологиялар: Оқу құралы / Алматы: 2011. 65 экз.    
  Ч31 Ә52   Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. Т.10. ХҮ-ХХ ғғ. қазақ ойшыл оқымыстыларының тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері / Жетекшісі С.Қалиев.- Алматы: Таймас, 2011ж. 7экз.    
  Ч31я73 Ә54 Әлқожаева, Н. Әлеуметтік педагогика: Оқу құралы / Алматы: Қазақ университетi, 2011 20 экз.    
  Ч31я73 Б12 Бабаев, С.Б. Жалпы педагогика [Мәтін]: Оқулық / С.Б Бабаев, Ж.К Оңалбек.- Алматы: 2011ж 8 экз.    
    Ч31я73 Ә78 Әтемова, Қ. Т. Әлеуметтік педагогика [Мәтін]: Оқулық / Алматы: Қазақстан Республикасы ЖОО-ның қауымдастығы, 2012.ж 50 экз.    
    Ч31я6 Б 12 Бабаев, С.Б. Көрнекі педагогика.- Алматы: Заң әдебиеті, 2011ж. 15экз  
  Ч30вя7 Д20   Дәрістер кешені [Мәтін]: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы / Құр. А. Нұғысова, Г. Н. Жолтаева, А. С. Стамбекова, Ф. Бөрібекова.- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2012ж 5экз  
  Ч31я73 Д87 Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика: Оқулық / Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012.ж 50экз  
  Ч31я73 Ә1А Әбиев Ж.Ә, Бабаев С.Б.,Құдиярова А.М. «Педагогика» - Электронды оқулық., Алматы, 2013 жыл    
  Ч31я73 Ә14   Әбиев Ж. Педагогика: Оқу құралы / Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова, 2009ж 16экз  
  Ч31я73 Қ70   Қоянбаев Ж.Б. Педагогика: / Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев.- 3-ші басылымы.- Алматы: Эверо, 2007ж 25экз  
  Ч31я73 А94   Ахметова Г.К. Педагогика: Оқулық / Г.К. Ахметова, З.Ә. Исаева, Н.С. Әлқожаева.- Алматы: Қазақ университетi, 2009ж 10экз  
  Ч31я73 П23   Педагогика: Оқулық.- Алматы: PRINT-S, 2009.- 430бет. (Общее кол-во-20,Ост.-20) 17экз  
Қосымша   Ч31я73 Б12   Бабаев С.Б. Жалпы педагогика: Оқулық / С.Б. Бабаев, Ж.Қ. Оңалбек.- Алматы: Заң әдебиеті, 2009.- 228бет. 5экз  
  Ч31я73 Б45   Бержанов К. Педагогика тарихы. Қысқаша курс: / К. Бержанов, С. Мусин.- Өңделіп 2-ші басылуы.- Алматы: Мектеп, 2000ж 7кэз  
  Ч31я73 Д 14   Дайрабаев Е. Педагогика пәнінің негіздері: Оқу құралы / Е. Дайрабаев, Дайрабаева.- Алматы: Қазақ университетi, 2007. 16экз  
  Я20 Қ17 Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздiгi.- Алматы: РБК, 2000.- 185б 3экз  
  Ч31я7 М 85   Мұханбетжанова Ә. Педагогиканың жалпы негіздері: Дәріс құралы / Ә.Мұханбетжанова, Ш. Мұқанбетова.- Орал, 2008.- 14экз  
    Ч41я73 Б 20   «Организация и управления дошкольным воспитанием» Электрон. учебное пособие. Балгабаева К.С Караганда 2010г.      
    Ч33я73 Ұ23   Қазақ халық педагогикасы Оқу құралы., Ұзақбаева С Алматы 2013ж 70 экз  
             

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: