Молдабаева Роза Апакбаевна

Курс:4

Семестр: 7

Қарағанды 2015

Құрастырған: Молдабаева Р.А. - аға оқытушы

ОӘК 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған. Курстың негізгі мақсаты - психологиялық пәндерді оқыту процесінде болашақ мамандардың кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырып, психологияның теориялық білімдерімен қаруландыру.

ОӘК мазмұны оқу жоспары мен оқыту формасына сәйкес құрастырылған.

«Педагогикалық психология» пәні бойынша 5В050300 – «Психология» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Дайынд. Р.А. Молдабаева - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. - б.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2015

1. Пәннің типтік оқу жоспары

2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу мерзімі Курс Семестр Кредит саны Лекиялар Семиарлар Лаборатор соөж сөж Барлығы Бақылау түрі
                    Емтихан
2 (2)       К-9 В-9           Емтихан
2 (3)       К-9 В-9           Емтихан
№№ Тақырып атауы Лекциялар Семинар-лық сабақ Лаборато-риялық сабақ СОӨЖ СӨЖ
  Педагогикалық психология негізгі мәселелері, принциптері және негізгі категориялары          
  Педагогикалық психология құрылымы және зерттеудің негізгі әдістері          
  Педагогикалық психологияның даму тарихы, әдіснамалық негізі          
  Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі педагогикалық бағыттары          
  Оқу-іс әрекетінің қалыптасуы және құрылымы          
  Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайлары          
  Қазіргі кездегі білім          
  Тәрбие психологиясы          
  Қиын оқушылар –педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылар.          
  Оқыту педагогикалық серіктестік және білім беру процесіндегі қарым-қатынас          
  Мұғалім психологиясы          
  Оқыту тәрбиелеу процесінің тиімділігінің мұғалімнің қарым-қатынас стилдеріне тигізетін әсері          
  Педагог тұлғасы          
  Педагогикалық такті мен этиканың психологиялық негіздері          
  Педагогтың қарым-қатынасының стилі педагогикалық мәселе ретінде          
  Барлығы (сағат)          

2.1Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары

Оқу жоспарының көшірмесі

Оқу мерзімі Курс Семестр Кредит саны Лекиялар Семиарлар Лаборатор соөж сөж Барлығы Бақылау түрі
2 жыл       К-9 В-9           Емтихан
3 жыл       К-9 В-9           Емтихан
Тақырып атауы Лекциялар Семинар-лық сабақ Лаб.сабақ СОӨЖ СӨЖ
2к(2) 2к(3) 2к(2) 2к(3)   2к(2) 2к(3) 2к(2) 2к(3)
  Педагогикалық психология негізгі мәселелері, принциптері және негізгі категориялары                  
  Педагогикалық психология құрылымы және зерттеудің негізгі әдістері                  
  Педагогикалық психологияның даму тарихы, әдіснамалық негізі                  
  Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі педагогикалық бағыттары                  
  Оқу-іс әрекетінің қалыптасуы және құрылымы                  
  Оқыту процесіндегі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайлары                  
  Қазіргі кездегі білім                  
  Тәрбие психологиясы                  
  Қиын оқушылар –педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылар.                  
  Оқыту педагогикалық серіктестік және білім беру процесіндегі қарым-қатынас                  
  Мұғалім психологиясы                  
  Оқыту тәрбиелеу процесінің тиімділігінің мұғалімнің қарым-қатынас стилдеріне тигізетін әсері                  
  Педагог тұлғасы                  
  Педагогикалық такті мен этиканың психологиялық негіздері                  
  Педагогтың қарым-қатынасының стилі педагогикалық мәселе ретінде                  
  Барлығы (сағат)                  

3. Пән бойынша оқу бағдарламасы (syllabus)

3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Молдабаева Роза Апақбаевна – аға оқытушы,

Психология кафедрасы, ж/т 77-03-59.

Оқу корпусы № 8 - 317

3.2 Пререквизиттері: Пәнді жемісті меңгеру үшін күндізгі оқу түрінің 4 жылдық оқу мерзімінде оқитын студенттер келесі пәндерге сүйенеді: «Мамандыққа кіріспе», «Жалпы психология», «Әлеуметтік психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Мамандану практикумы», «Еңбек психологиясы».

Сырттай оқу түрінің 3 жылдық оқу мерзімінде оқитын студенттер келесі пәндерге сүйенеді: «Мамандыққа кіріспе», «Жалпы психология», «Әлеуметтік психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Мамандану практикумы», «Еңбек психологиясы».

Сырттай оқу түрінің 2 жылдық оқу мерзімінде оқитын студенттер келесі пәндерге сүйенеді: «Мамандыққа кіріспе», «Жалпы психология», «Әлеуметтік психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Мамандану практикумы», «Еңбек психологиясы».

3.3 Постреквизиттері: курсты меңгергеннен кейін алған білімдері мен іскерліктерін, дағдыларын күндізгі оқу түрінің 4 жылдық оқу мерзімінде оқитын студенттер келесі пәндерді игеруде қолданады: «Этнопсихолргия», «Мамандану практикумы», «Кәсіби кеңес беру негіздері».

Сырттай оқу түрінің 3 жылдық оқу мерзімінде оқитын студенттер келесі пәндерді игеруде қолданады: «Педагогикалық психология»; «Этнопсихология», «Мамандану практикумы», «Кәсіби кеңес беру негіздері».

Сырттай оқу түрінің 2 жылдық оқу мерзімінде оқитын студенттер келесі пәндерді игеруде қолданады: «Педагогикалық психология»; «Этнопсихология», «Мамандану практикумы», «Кәсіби кеңес беру негіздері».

3.4 Курстың қысқаша мазмұны

Пәнді оқытудың мақсаты - жалпы психология пәннің оқыту процесінде болашақ педагог мамандарының кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырып, психологиялық теориялық білім негіздерімен қаруландыру.

Пәнді оқытудың міндеттері: студенттерге педагогикалық психологияны, оқыту формалары туралы түсінік беру, пәнді игеру барысында алған білімдері мен іскерліктері мен дағдыларын тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Жұмыс түрлері Тапсырма мақсаты және мазмұны Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер Бақылау түрі Балдар Есеп беру түрі Орындау мерзімі
  Коллоквиум Педагогикалық психологияпәні бойынша меңгерген білімді бағалау п.5 -8, 9, 10, 11 Ағымдық бақылау 50-100 Ауызша 4 апта
  Эссе Психологияны оқытудың ерекшеліктері п. 5 - 12, 13, 14 Ағымдық бақылау 50-100 Жазбаша 6 апта
  Баяндама Оқыту формалары п. 5 - 1, 2, 6, 7 Ағымдық бақылау 50-100 Жазбаша 9 апта
  Термин сөздік құрастыру Пән бойынша жинақталған білімдерді пысықтау п.5 - 1, 2, 3, 6, 7 Ағымдық бақылау 50-100 Жазбаша 13 апта
  Белсенділігі үшін Оқу курсы бойынша тапсырмаларды орындау п. 5 - 12, 13, 14 Ағымдық бақылау 50-100   15 апта
  1. Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының атауы КарМУ кітапханасындағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны
  1.Негізгі әдебиеттер*  
  Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Екінш., толықт., түзет. және қайта өңд. бас./ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. - М.: Логос;Алматы:TST-company, 2005. – 368 б..  
  Жас ерекшелік және педагогикалық психология. А.В. Петровский редакциясымен. Москва, 2001.  
  Жалпы психологияға кіріспе: оқу құралы/ жауапты ред. С. М. Жақыпов. - Алматы: Қаз. ун-ті, 2007. - 229 б  
  Бапаева М.Қ. Жоғары мектепте психологиялық білім беруді жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы, 2011. – 231 б.  
  Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В. Гамезо. Москва, 1994.  
  Н. А. Кударова. Даму психологиясы: Оқу- әдістемелік құралы. – Павлодар: Кереку, 2012. – 71 б.  
  Аяпбергенова Г.С., Мухантаева Е.К. Әлеуметтік – психологиялық тренинг: оқу әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ, 2009. -150 б.  
  Базарбаева К.К.Қарым-қатынас психологиясы. Оқу құралы.– Астана, 2011. – 172 б  
  Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 2002.  
  Жарықбаев Қ. Жантану пәнін орта мектептерде оқытудың мәселелері/ Жарықбаев, Қ.; Құдиярова, А.. - Алматы: Дарын, 2004. - 107б.  
  В.Н.Карандашев. Методика преподавания психологии: Учебное пособие. — СПб.: Пи­тер, 2006. — 250 с  
  Жұмажанова Г.И., Сәрсенбаева Б.Ғ. Психология пәні бойынша әдіснамалық негіздері. Оқу құралы/ - Павлодар: ПМПИ, 2009. - 157 б.    
     
  2.Қосымша әдебиеттер*  
  Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы, 1996. – 159 б.  
  1. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. –Москва «Владос», 2008.  
  Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. –М., 2005.-77с  
  Давыдов В.В. Виды общения в обучении.- М., 2007  
  Бархаев Б.П. Методическое обеспечение преподавания психологии. – М., 2010.  
  2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар) тізімі
  Жарикбаев К.Б. Психологическая наука и ее состояние в период перехода страны к рыночным отношениям. Мат. Межд. к-ции «ХIХ век: время понимания великих традиций» - Алматы, 2001.
  Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане ХХ веке (История и этапы развития). - Алматы: КазНУ, 2002.
  2. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы: 10 томдық/құраст.: С. М. Жақыпов, О. Х. Аймағанбетова; ауд.: О. Х. Аймағанбетова [ж.б.]; ред. алқасы: Ж. М. Әбділдин [ж.б.]: 7-том: Когнитивті психология.- Алматы, Таймас, 2006.- 480 б.
  Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы: 10 томдық/ред. алқасы: Ә. Н. Нысанбаев [ж. б.]; құраст.: С. М. Жақыпов, С. Қ. Бердібаева; ауд. И. К. Аманова [ж. б.]; сарапшы: Ж. Т. Түркпенов: 4-том.: Психологиядағы ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы.- Алматы, Таймас, 2005.- 480 б.
2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі
  Бап - Баба С. Б. Жалпы психология: жантану негіздері: оқу құралы. - Алматы: Дарын, 2003. - 273 б.. - Библиогр.: 262-267 б. 1 экз., 1 электронный опт. диск 546 Кб
  Ахметова Н.Ш. Возрастные особенности детского, подросткового и юношеского возраста, 2003 1 экз., 1 электронный опт. диск 348 Кб
  Сабирова Р.Ш. Некоторые аспекты социально-психологического климата коллектива, 2003 1 экз., 1 электронный опт. диск 256 Кб
  Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева Р.А., Нургалиева С.М., Жас ерекшелік психологиясы, 2010) свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 020 1 экз., 1 электронный опт. диск 256 Кб
 
  3. А.Toom, J. Husu. Finnish teachers as ‘makers of the many’Balancing between Broad Pedagogical Freedom and Responsibility// Miracle of Education.- 2012, Part I, Pages 39-54 /springer.com
  4. Sonja Sheridan. Pedagogical Quality in Preschool: A Commentary// International perspectives on early childhood education and development, 2011, Volume 4, 223-242 /springer.com.
  5. Maeghan N. Edwards, Kelli Higley, Jill A. Zeruth and P. Karen Murphy. Pedagogical practices: examining preservice teachers’ perceptions of their abilities, Volume 35, Number 5 (2007), 443-465
  http://psy-lit.livejournal.com
  http://www.nntt.org/viewtopic.php
  http://ihtik.lib.ru/
  1. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1 дәріс. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Дәріс тезистері.

Педагогикалық психология — оқыту мен тәрбиелеу процесі мен нәтижесі барысында жеке тлғпның өзгерістерін зерттейтін ілім. Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылған жүйесіндегі тұлғаның белгілі бір қалыптасу кезеңінде қалай өзгеретіндігін; ата-аналар, педагогтар және басқа да адамдардың жетекшілігі арқасында ол белгілі бір нормалар мен құндалақтарды қалай меңгеретіндігін түсіндіреді.

Педагогикалық психологияның пәні – бір адам (ата-ана, оқытушы, отбасы мүшелері, басқа ересектер және құрдастары) немесе оқу-тәрбиелеу мекемелердің тұлғаның қалыптасуына тигізетін әсерінің процестері мен нәтижелері болып келеді.

Педагогикалық психология оқу процесінің құрылымын, қасиеттері мен заңдылықтарын да зерттейді. Оның негізгі мәселесі оқытудың жоғары дамытушы және тәрбиелеуші эффектісін беретін білімдер мен ептіліктердің дұрыс меңгерілуін қамтамасыз ететін шарттарды анықтау болып табылады. Педагогикалық психологияда балалардың, әсіресе, мектепке дейінгі мен бастауыш мектеп жасындағы жастық мүмкіншіліктерін зерттеу міндетті маңызды орын алады.

Адамның дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы жүреді. Бұл процесс баланың алғашқы күндерінен басталып, өмірінің соңына дейін жүреді. Мектепке дейін бала ойын процесі барысында көп нәрселерді меңгереді. Мұндай меңгеру ойын іс әрекетінің қосынды өнімі болып келеді.

Бала мектепке келген кезде, мақсаты тікелей әлеуметтік тәжірибені меңгеру болып келетін іс әрекетпен айналысады. Бұл іс әрекеттің тағы бір ерекшелігі – ол арнайы түрде ұйымдастырылып, мұғалімдердің көмегімен жүреді. Меңгерудің бұл түрі оқу деп аталады.

Педагогикалық психология оқу процесін зерттейді: оның құрылымы, сипаттамалары, өту заңдылықтары. Педагогикалық психология оқудың жастық және индивидуалды ерекшеліктерні де қарастырады. Дамудың елеулі эффектісін беретін шарттарды зерттеу басты орын алады.

Адам оқу барысында тек интеллектуалды тәжірибе ғана емес, сонымен бірге, өнегелі, эстетикалы, т.б. тәжірибелердің түрін меңгереді. Тәжірибенің осы түрлерін меңгеру туралы айтқанда, бұл процесс тәрбиелеу деп аталады. Сөйтіп, педагогикалық псиологияның объекті оқу мен тәрбиелеу процестері болып келеді.

Педагогикалық психологияда қолданылатын ұғымдарды түрлі психологтар әр түрлі мазмұнынға толтырады. Ең кең тараған ұғым – оқу іс әрекеті. Бұл ұғыммен оқытушы мен оқушының бірлескен іс әрекеті белгіленеді. Осы ұғымға эквивалентті оқу процесі деген термин қолданылады. Меңгеру деп әлеуметтік тәжірибе элементтерінің индивидуалды тәжірибеге өту процесін түсінеді. Мұндай көшу әлеуметтік тәжірибені меңгеріп жатқан субъекттің іс әрееті туралы айтады. Меңгеру әр түрлі іс әрекет барысынды жүреді: ойында, еңбекте, оқуда.

Педагогикалық психологияның міндеттері:

Оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және басқару ерекшеліктерін анықтау

Оқу іс-әрекет процесінің жеке адам дамуына және оның белсенділігіне әсерін анықтау.

Педагог іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттеу.

Дамыта отырып оқытудың оның ішінде ғылыми теориялық ойлаудың даму фактілерін, механизмдерін, заңдылықтарын анықтау.

Білімді меңгерудің жағдайларын, критерилерін анықтау.

Білім беру жүйесінде оқу процесінің әрі қарайғы дамуының психологиялық негіздерін өңдеу.

Педагогикалық психологияның құрылымы: педагогикалық психологияның үш тарауы бар:

1. Оқыту психологиясы

2. Тәрбие психологиясы

3. Ұстаз психологиясы

Педагогикалық психологияның құрылымына мыналар кіреді:

1. Білім беру іс-әрекетінің психологиясы

2. Оқу іс-әрекетімен оның субъектісінің психологиясы

3.Оқу педагогикалық іс-әрекет пен оның субъектісінің психологиясы

4.Оқу педагогикалық ынтымақтастық пен қарым-қатынас психологиясы

Негізгі әдебиеттер:2,3,4,6,8,10,11,12,14,16.

Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29.

2 дәріс. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

Дәріс тезистері.

Байқау қай кезде де мақсатты, ағни байқау процесіне кезінде шешілуі тиіс мідеттер мен мақсаттар әрқашанда айқын анықталуы қажет. Сондай-ақ, байқау жаппай бола ма, соған орай адамныңбелгілі уақыт ішіндегі барлық әрекетін, қылықтарын, айтатын сөзін түгел есепке алып отыру керек пе әлде байқау ішінара бола ма сондықтан психикалық көріністердің белгілі бір қырына ғана қатысты фактілер есепке алына ма, осы жағын анықтауда маңызды.

Эксперименттік әдіс. Басқада көптеген ғылымдардағыдай психологияның негізгі әдісі-эксперименттік әдіс болып табылады. Оның маңызды артықшылығы зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында.

Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамдардың шама – шарқы мен дағдыларды, жұмысқа деген құлқы, кейде қабілеті мен білім денгейі сияқты психологиялық ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте қызмет нәтижелерін ғана емес, оларды әзірлеу процесін өзін де зерттеу өте маңызды, өйткені қызмет процесі кезінде адамның психикалық ерекшеліктері анағұрлым айқын анғарылады.

Анкета әдісі. Бұл әдісті пайдаланған кезде сұрақтар мазмұнының айқындығын және олардың дұрыс құрылуының, анкетті толтыру тәртібі жөніндегі егжей-тегжейлі нұсқаудың, алынған материалдарды сандық және сапалық жағынан ұқыпты өңдеудің, статистикалық әдістерін дұрыс қолданудың үлкен маңызы бар

Тестер әдісі. Тесчтер деп аталатын (тест – сынау, тексеріп көру) әдістер ерекше бір топ ұрайды. Тестер басқа әдістермен ең алдымен, жаңа заңдылықтар ашу үшін емес, сыннан өтетін адам белгілі бір қасиеттердің бар екенін анықтауға қолданылғанымен ерекшелінеді. Тестің мазмұны мен құрлымы алдын ала жүргізілген көптеген эксперименттер негізінде сынап өтеп, тексереді. Тестердің көмегімен адамдардың белгілі бір іс-әрекетті орындауға әзірлік деңгейін анықтайды.

Модельдеу әдісі. Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұқрғыдан модельдеудің басталуы кибернетикалық және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты.

Табиғи жағдайдағы эксперимент. Оның лабораториялық эксперименттен айырмашылығы - адам әдеттегі жағдайдағы сыннан өтеді. Табиғи жағдайдағы эксперименттің барысында қызметтіңэдетті жағдайы ескеріледі. Эксперименттің бұл түрін мектеп оқушыларының психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін алғаш рет А.Ф.Лазурский 1874-1917 жасады. Табиғи жағдайдағы эксперименттің жүргізу кезінде алдын ала баланың белгілі іс-әрекеттері зерттеледі және онда қандай психикалықерекшеліктері айқындалып көрініс беретіндігі анықталады. Бұдан кейін жаңағы іс-әрекет эксперимент міндетіне сәйкес ұйымдастырылады және оның барысында оқушы қажетті психалогиялық зерттеуден өтеді.

Әңгімелесу әдісі. Әңгімелесу әдісін қолданғанда әңгіме мақсатын алдын-ала айқын анықтау және негізгі сұрақтарды әзірлеу өте маңызды. әңгіме барысында сұрақтардың негізгі мазмұны мен бағытын сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шуақ, ықыласты жағдайды сақтаудың маңызы аса зор.

Зерттеу материалдарын сапа жағынын өңдеу. Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтарымен ерекшеліктерін ашу және жеке адамның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығыда кеңінен пайданылды. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен жеке адамның психикалық көріністерінің сапалықсипаттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме дәл іріктелінеді де, дұрыс тусіндіріледі.

Негізгі әдебиеттер:2,3,4,6,8,10,11,12,14,16.

Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29.

3-дәріс ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ, ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

Дәріс тезистері.

1657 жылғы Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика” еңбегіндегі алғашқы педагогикалық ойлар педагогикалық теория мен мектептегі оқытуды ұымдастырудың дамуына алғашқы жол ашты. Бұл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жылдан астам уақыт бойы қалыптасуының негізі деп атауға болады, ол XIX ғасырдың аяғында жеке ғылым ретінде өз бетімен дами бастады. Педагогикалық психологияның қалыптасуы мен дамуын 3 кезеңге бөлеміз.

1-кезеңі – XVII ғ. ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейінгі жалпы дедактикалық кезең. Бұл кезең Ян Амос Коменский (1592-1670), Жан-Жак Руссо (1713-1778), Генрих Песталоцци (1746-1827), Иоган Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д.Ушинский (1824-1870), П.Ф.Каптерев (1849-1922) есімдерімен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның дамуында педагог-ойшылдар, дамыту, оқыту, тәрбие байланысы, оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеті және оның дамуы, ұстаздың жеке басының ролі, оқытуды ұйымдастыру және т.б. мәселелер төңірегінде үлкен еңбек етті.

2 кезеңі - XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың 50-жылдарына дейінгі кезең, педагогикалық психология ғылымының жеке саласы бола бастады, психологиялық эксперименттік зерттеулердің нәтижесіне сүйеніп, қолданды, нақты педагогикалық жүйелер құрылды. Л.С. Выготский, педагогикалық психология – кейінгі бірнеше жылдар жемісі, бұл жаңа ғылым, ол қолданбалы психологияның бөлімі болып табылады, медициналық, заң психологиясымен бірге ол өзіндік ғылым - деген. Өзіндік психологиялық проблемалар А.П.Нечаев, А.Бине мен Б.Анри, М.Оффнер, Э.Мейман, В.А.Лай және т.б. еңбектерінде көрінеді, есте сақтау, тіл дамыту, интеллектуалдық даму және т.б. ерекшеліктер зерттелінді. Фрнцияда - А.Бине, Б.Анри, Т.Симон, Америкада - Дж.Кеттелл зерттеулері тестік психологияның, психодиагностиканың дамуына әсерін тигізді. М.В.Гамезо бұл кезеңде мектептерден көп лабораториялар ашылды дейді. Германияда Э.Мейманның лабораториясы ашылды. Университет лабораториясында құрылған приборлар мен әдістемелер оқу және тәрбие міндеттерін шешуге қолданылды. 1907ж. Мейманның “Экспериментальды психологиядан лекциялар” еңбегі шықты, онда “Экспериментальды дидактикадан” жұмыстарға шолу жасайды. Англияда оқушылардың типологиялық ерекшеліктерін зерттеумен балалар психологы Джеймс Селли айналысты, оның “Балалық шақ психологиясынан очерктер” (1898ж.) еңбегі бар. Францияда А.Бине Т.Симонмен бірге ақыл-ойы артта қалғандарды арнайы мектептерге бөлу әдісін жасайды. Бұл әдістеменің негізі тестер әдісі.

3 кезең - оқытудың көптеген өзіндік психологиялық теориялары құрылды, педагогикалық психологияның теориялық негіздері қайта өңделді. 1954ж. Б.Ф.Скиннер- бағдарламалық оқыту идеясын ұсынды, 60-жылдары Л.Н.Ланда оның алгоритмизация теориясн қайта өңдеді, 70-80 жылдары В.Оконь, М.М.Махмутов проблемалық оқытудың біртұтас жүйесін құрды, бұл бір жағынан Дж.Дьюи жүйесін жалғастырса (оқыту проблеманы шешу арқылы жүру керек), екінші жағынан С.Л.Рубинштейн, А.М.Матюшкин және т.б. ойлаудың сипаттамасының мәселесі, олардың фазалары, проблемалық ситуациядағы әрбір ойдың тууы туралы ойлармен байланысты болды. 1957-1958ж. П.Я.Гальпериннің, 1970ж. басында Н.Ф.Талызинаның бірінші публикациялары жарық көрді, онда ақыл-ой әрекетінің кезең бойынша қалыптасу теориясының негізгі позициялары айтылады. 70ж. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов еңбектерінде дамыта оқыту теориясы қарастырылған.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.

Қосымша әдебиеттер:24, 25, 26.

4 дәріс ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

Дәріс тезистері.

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе,ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.

Әрекет - дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.» Әрекетіміз дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби,-біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін....аңықтап алуға тиіспіз.»Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды.Адам іс-әрекеті –күрделі процесс.Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.Іс-әрекетұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет.

Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең,ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағым бөлігі,единицасы.Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады,әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады.

Адам іс-әрекеттің белгілі белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап,оны шамасынша өзгертіп отырады.

Іс-әрекет құрылымы жөіндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешім табуда үлкен маңызға ие.Іс-әрекет құрылымын жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырлыды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылдау (Ф.Тейлер, Д.Джильберт). Әрқандай іс-әрекет осы элементтердің бірізді тізбегі.

Сонымен,іс-әрекет –адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі.Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып,обьекті күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсатты түрі болып табылады.

Белгілі мақсатты болуынан әрқандай белсенділікті іс-әрекет деп санауға болады. Ал іс-әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі сеп түрткі, іс-әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өндеу, шешім қабылдау бірде сезілсе,көбіне еске ала бермейді. Алынған күнде толық болмауы, кейде тіпті қате де болуы мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы мақсат оның қажетті белгісі.

Жаттығу, үйренунәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекетібірліктерініңавтоматты түрде орындалуы - дағды атамасын алған. Әңгіме әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның қалған қалыпта іс-әрекеті сана басқаруымен болатыны белгілі.Бір міндетке байланысты әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістәрін қолдану үшін ойланып -толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп, енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағыттайды.

Адамның қай әрекеті болмасын үш тарап тан тұрады: қимылдық, сезімдік және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.

Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып, дағды қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді.

а) әрекет орындалуы- майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, кажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;

ә) әрекетке сезімдік бақылау- қимылды көзбен бақылауға қажетті бағыт-бағдар сараптау қабілеті дамиды:

б) әрекетті санамен реттеп бару- зейіннің әрекет тәсілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі кейбір есеп-қисаптық санаға байланысты бірлікті әрі ықшам қабылданады.Кейбір қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ орындалады.

Мақсат дегеніміз- іс-әрекет бағытталған обьект, іс-әрекет нәтижесін көрсету Қажеттілік-міндетті түрде керек нәрсені белгілейді.

Іс-әрекеттің құрылымы: мотив, әрекет, мақсат;

Әрекет: ішкі (ақыл-ой),сыртқы (заттық);

Интериозиация – ішкі әрекет; Экстериозиация – сыртқы әрекет болып табылады. Интериозиация – сыртқы әркеттің ішкі амалға ауысуын айтамыз; Экстериозиация - ақыл ой әрекетінің заттармен әрекет ету түрінде сыртқы шығуын айтамыз. Сонымен ішкі ақыл ойдың психикалық әрекеті және дененің затпен айналысуы сыртқы моторлық болып бөлінеді. Совет психологы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Я.Гальперин зерттеулері арқылы ақыл ой әрекеті әуелде сыртқы әрекет түрінде көрініп бірте–бірте психикалық амалға ауысаиының дәлелдеді.

Оқу дамытуға септік тигізе алады.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.

Қосымша әдебиеттер:24, 25, 26.

5. дәріс. Оқу іс-әректінің қалыптасуы Және құрылымы.

Дәріс тезистары.

Оқу іс-әрекеті дегеніміз – оқытушылық және тәрбиелік әсер берудің, оқытушы мен оқушы арасындағы өзара тығыз қарым-қатынас.

Кез-келген әрекет сияқты оқу іс-әрекетінде субъективтілікпен, белсенділікпен, пәнділікпен, мақсаттылықпен, саналылықпен сипатталады.

Белсенділіктің өзі оқу іс-әрекетінде оқушының бойында көрінетін сапа, қасиет. Білімді меңгеру әрекеттің жалпы тәсілдерін игеру әрекеттің тәсілдері мен құрылымдарын өңдеу, олардың бағдарламасын өңдеу, міндеттерді шешу. Міне осы процесте оқушы дамиды, яғни осының өзі оқу іс-әрекетінің пәні, мазмұны болып табылады. Оқу іс-әрекетінің құралдарын үш жоспарда қарастырған жөн, өйткені оқу іс-әрекеті осы үш жоспар арқылы жүзеге асырылады.

1. Интеллектуалдық әрекет (Рубинштейн бойынша ойлау операциясы). Интеллектуалдық әрекет оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеу функциясының негізінде жатыр. (Мысалы, анализ, синтез, пікір, жалпылау, жіктеу)

2. Білім меңгерілетін формалар (вербальды, вербальды емес құралдар)

3. Оқушының белсенділігі

Оқу іс-әрекетінің тәсілдері өте көп:

Репродуктивті тәсіл

Проблемалық шығармашылық тәсіл

Зерттеу танымдық әрекеттер

Оқу іс-әрекетінің тәсілдері дегеніміз – қалай оқу қажет қандай тәсілмен білім алуға болады деген сұрақтарға жауап.

Оқу іс-әрекетінің нәтижесі дегеніміз – субъектінің мінез-құлық немесе бұл іс-әрекетті жалғастыру қажеттілгі.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы мынандай компоненттерден тұрады:

Мотивация

Оқу міндеттері

Оқу әрекеттері

Бақылау

Баға

Оқу мотивациясы бірнеше арнайы факторлармен анықталады.

Білім беру жүйесімен білім беру мекемесімен

Білім беру процесін ұйымдастырумен

Оқушының субъективтік ерекшеліктерімен (жынысы, жасы, қабілеті, өзін-өзі бағалауы, дамуы).

Педагогтың субъективтік ерекшеліктерімен (оқушыға жұмыстық қатынасы).

Оқу пәнінің спецификасымен анықталады. (ерекшелігі, әр пәннің сапасы).

Оқу мотивациясы жүйелі болып келеді, ол бағыттылықпен, тұрақтылықпен, динамикалылықпен сипатталады. Оқу мотивациясы жүйелі процесс.

Негізгі әдебиеттер:2,3,4,6,8,10,11,12,14,16.

Қосымша әдебиеттер: 1,9,24,25,27,28,29.

6 дәріс. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЛАРЫ

Дәріс тезистары.

Баланың оқу іс әрекетіне психикалық дайындығы туралы айтудан алдын мотивациондық-қажеттілікті аспектті қарастыру керек. Баланың жаңа іс әрекетке көшкісі келе ме, онымен айналысқысы келе ме, оқудың мақсатын құрайтын білімдерді алуда оның қызығушылығы бар ма дегендерді біліп алу маңызды болып келеді.

Бала оны мектеп өміріне ұмтылдыратын мотивтерді әрқашан да саналы сезе бермейді.

Мұндай мотивтердің негізгі екі тобын бөледі. Біріншісі – ең бастысы – жаңа позицияға ие болу. Ерексектердің көз алдында оқушының позициясы жоғары бағаланатынын бала біледі. Бала оқуды өзін ересектеу ететін, айналасындағылар маңызды, қоғамдық мәнді деп бағалайтын іс әрекет деп түсінеді. Әрине, баланың оқу іс әрекетіне деген мұндай көзқарасты ересектер дайындайды.

Баланың мектепке деген дайындығын тексерудің адекватты жолы бұл негізгі психикалық функциялардың – қабылдау, ес, зейін, ерік т.б. – даму дәрежесін тексеру болып келеді.

Баланың мектепке дайындығының критерийі. Жас ерекшелік психологиясы саласындағы специалисттердің айтуынша, баланың мектепке дайындығын оның психикасының ерекшеліктерін тұтас бейнелейтін және оның ойын кезеңінде пайда болған жаңақұрылымдары болып келетін, және оқуға өтуге дайындайтын сипаттамалар бойынша айтуға болады деп есептейді.

Берілген жаңақұрылым баланың мектепке дайындығын диагностикалаудағы негізгі болып келеді.

Н.Г. Салмина, мектепке барардың алдында баланың бойында белгілік-символдық іс әрекеттің орын алмастыру (орыны ауыстырылған заттың өзі орындайтын функцияны атқаратын орынбасарларды қолдану.

Кодтау – белгілік-символдық іс әрекеттің екінші бір түрі. Оның мәні құбылысты, оқиғаны белгілі бір алфавитпен, белгілі бір ереже бойынша көрсете білуде.

Схематизация және модельдеу.

Бірқатар авторлар дайындыққа баланың қарым-қатынасының белгілі бірдеңгейін де енгізеді. (М.И. Лисина, Н.Г. Салмина, Е.Е. Кравцова).

Әрине, бұл баланың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші. Қарым-қатынас барысында бала ережелерге бағынуды, әлеуметтік нормаларға сүйенуді үйренеді. М.И. Лисина дайындықтың көрсеткіші ретінде баланың бойындағы жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынастың қалыптасқан деңгейін есептейді. Қарым-қатынастың бұл түрі баланың жаныашырлық пен түсіністікке ұмтылысымен сипатталады.

Бастауыш мектепті бітірген кезде оқушылар ойша – ақылдық планда әрекеттерді орындай алады. Бұл олардың интеллектуалды дамуы жаңа сатыға көшкендігін білдіреді, олардың бойында әрекеттердің ішкі планы қалыптасады.

Сөйтіп, бастауыш мектепті бітірген оқушының психикалық іс әрекеті үш жаңақұрылымдармен: ырықтылық, рефлексия және әрекеттердің ішкі планымен сипатталуы керек.

Осының арқасында қабылдау мен естің дамуы интеллектуализациялау жолы бойынша жүреді. Оқушылар қабылдау, есте қалдыру және қайта жаңғыртуға байланысты міндеттерді шешу барысында ақыл-ой әрекеттерін қолданады.

Қазіргі заманға психологиялық берілгендерге жүгінсек, бастауыш мектеп оқушыларының ақыл-ой дамуының резерві едәуір. Жаппай мектептерде бұл резервтер мүлдем қолданылмайды. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдованың көпжылдық зерттеулері олардың дамуының жаңа әлеуметтік жағдайлары арқасында осыған дейінгіге қарағанда әрі кеңірек, әрі бай ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыруға болатындығын көрсетті.

Оқу процесін ұйымдастырудың кәдімгі жағдайында оқу жұмысын индивидуализациялау қиын екендігін түсіне отырып, мына сұрақтардың қойылуын маңызды деп білеміз: осы күнге дейін қолданылмаған оқу процесіндегі резервтердің едәуір екендігін оқытушы көре білу керек.

Берілген жолдың басты айырмашылығы әуел бастан ұғымдардың негізінде жататын әрекеттер бөліп алынады. Осы әрекеттерді оқушылар арнайы түрде меңгереді, олардың құрылу процесі үнемі қадағаланады. Мұғалім, сөйтіп, ұғымдардың қалыптасуына әкелетін оқушылардың танымдық іс әрекетіне қол жеткізеді.

Біз ұғымдарды меңгеру процесін тек анықтамаларды (сипаттамаларда) көрсетілген қасиеттер шегінде ғана қарастырдық. Бұл ғылыми ұғымдардың қалыптасуының басы.

Ұғымдармен кейінгі жұмыс жаңа әрекеттердің – логикалық, спецификалық – енгізілуін талап етеді. Қарастырылған ұғымдарды қалыптастыру әдісінің қолдану кеңдігі туралы сұрақ туады. Егер ұғымдардың белгілері анық көрсетіліп, мазмұны бойынша оқушыға түсінікті болса, оны барлық жерде қолдануға болады. егер осы шарттардың тек біреуі ғана орындалмаса, бұл әдістің көмегімен ұғымдарды қалыптастыру мүмкін емес болады. Ғылыми ұғым жеткілікті дәрежеде құрастырылмаған жерде меңгерудің нағыз ұғымдық Егер ғылыми ұғым белгілерінің нақты жүйесіне ие болса, бірақ олар оқушы үшін түсініксіз болып келетін жағдайда, тани алу әрекеттерін қолдану мүмкін емес болады. Алайда мұндай жағдайда осы ұғымның табиғатына адекватты әрекеттердің басқа жүйесі табылуы мүмкін. Көпшілік жағдайда, меңгерілетін ғылыми ұғымдардың белгілері айқындалған болғандықтан, ұғымдарды қалыптастырудың қарастырылған тәсілі кеңінен қолданылуы мүмкін.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.

Қосымша әдебиеттер:16,18, 24, 25, 26.

7 дәріс. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ БІЛІМ

Дәріс тезистері

Білім беру әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол қоғамның әлеуметтік бір құрылымы болып табылады. Білім мен мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты. Себебі, біріншіден, білім беру ол әлеуметтік институт, күрделі жүйе, өзіне көптеген элементтер мен байланыстарды біріктіреді. Оған: басқару, ұйымдастыру, кадрлар және т.б. жатады. Бұл жүйе мақсат, мазмұн, оқу бағдарламалары мен жоспарлар арқылы сипатталады.

Білім беру үш өлшеммен қарастырылады:

1.Әлеуметтік масштабта қарастыру, яғни әлемдегі, белгілі бір елдегі, қоғамдағы, аймақтағы, ұйымдағы және т.б. білім. Бұл жерде мемлекеттік, жеке, қоғамдық білім беру жүйесі бар.

2.Білім сатысы. Мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, толық емес орталау және орта білім, әр түрлі деңгейдегі жоғарғы білім, бакалавриат, магистратура, біліктілікті жоғарылату, аспирантура, докторантура, мамандарды тереңдетіп даярлау.

3.Білім профилі: жалпы, арнайы, математикалық, гуманитарлы, қоғамдық – ғылыми және т.б.

Білім беру мазмұнынын қалыптастырудың негізгі

Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке тұлға қоғамға қажетті әлеуметтік құндылықты іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті.

Білім беру мазмұнын орнықтырудың орнықтыру оқыту процесінің жаңартуды және сонымен бірге гуманитарландыруға негіз болады яғни оқушылар артық білімдік ақпараттардан босатылып, жеке өзінің шығармашылығының дамуына мүмкіндік алады. Жалпы білім беру мазмұнының барлық компоненттері және жеке тұлғаның негізгі мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты. Білімсіз дағды мүмкін емес, шығармашылық іс- әрекет белгісі бір біліммен дағдының негізінде қалыптасады, тәрбиелік осы іс-әрекеттегі білімге байланысты, яғни біреумен қарым-қатынас жасағанда өзінің немесе басқанын білдіретін эмоциясына тәртіптілік дағдысын, іскерлігін қарастырады.

Оқытуды ұйымдастыру тәсілі бойынша оқытудың белсенді формалары мен әдістері және дәстүрлі, яғни ақпаратты, хабарлаушы оқыту бөлініп шығады. Білім беруде дәстүрлі оқытудан басқа бағыттар да қалыптасқан. Олар: проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, ақыл-ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру теориясына негізделген оқыту (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина), оқытудың алгоритмизациясы (Л.Н. Ланда), жобалап оқыту және т.б. Е. А. Климовтың жіктеуі бойынша педагогтың кәсібі «адам –адам» типтегі мамандықтарға жатады. Оқытушының іс әрекетінде мұғалім еңбегінің пәні болып келетін басқа адамға ықпал ете алу принципиалды болып келетіндігін көрсетеді. Басқаныфң тұлғасын қалыптастырып, дамыту мақсатында оған әсер ету – педагогтың іс әрекетінің мақсаты болып табылады. Басқа іс әрекет түрлері секілді педагогикалық іс әрекеттің өз формасы мен мазмұны, мақсаты мен оған жету құралдары болады.

Негізгі әдебиеттер: 2,3,9,10,12.

Қосымша әдебиеттер:16,18, 24, 25, 26.

8.дәріс: ТӘРБИЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Дәріс тезистері.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты

Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты

міндеттерін шешуге бағытталған.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды.

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Тәрбие жұмысы - жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады.

Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).

О


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: