Берілетін тапсырмалар 4 страница

 

Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
     

 

 

Математика Сабақ 18    
Сабақтың аты §18,19 Қайнау. Меншікті булану жылуы. Термодинамиканың І заңы
Жалпы мақсаты Қайнау. Меншікті булану жылуы. Термодинамиканың І заңы жайлы мағлұмат беру Оқушыларға қайнау процесін түбегейлі түсіндіре отырып, меншікті булану жылуы ұғымымен таныстыру, мәнін ашу Өзін -өзі бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Қайнау. Меншікті булану жылуы. Термодинамиканың І заңы жайлы мағлұмат алады Қайнау. Меншікті булану жылуы. Термодинамиканың І заңының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Өзін-өзі бағалай алатын болады
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Топқа бөлу Оқушыларға төрт жыл мезгілі туралы тақпақтарды беремін. Сол жыл мезгілдерінің санына байланысты төрт топқа бөлініп отырады
Ынтымақтастық атмосферасы Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық   Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Өткен тақырықа қатысты сұрақ- жауап Кім шапшаң әдісі бойынга Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру   Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 1. Бу жайында не білеміз? 2. Будың қандай түрлерін білеміз? 3. Ауа ылғалдылығы жайында не білеміз? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Қайнау дегенді қалай түсінесің? 2. Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады? 3. Оның математикалық өрнегін жазыңдар. Тірек сызба арқылы сабаққа талдау жасай отырып, сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақ Жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар пайддалану үшін «Автобустық аялдама» әдісін пайдалану Оқушылардың қабілеттеріне сай "Автобустық аялдама" әдісі бойынша әр топтың алдына сұрақ жазылған парақ беру. Олар жауап жазып келесі топқа жіберіп отырды. Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді; • Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды. Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған. Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС (Қалыты атмосфералық қысымда 105 Па)   сутек -253 су 100 сынап 357 Оттек -183 сүт 100 қорғасын 1740 эфир 35 спирт 78 мыс 2567 Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда, су 00С-та қайнайды.Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды.Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады.Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып, судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем-ра 200 0 С-қа дейін қызады.   Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады.Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады. Меншікті булану дегеніміз- сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады. Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігі Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді.     Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі: Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады. Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды. Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең. (а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі. Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы: Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы: Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет. Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы: Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды. Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы: Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:   А тобы 1. Неліктен өзеннен ыстық күні шомылып шыққанда тонамыз? 2. Далаға жайылған кір ашық желсіз күні тез кебе ме? Әлде желді күні тез кебеме?Неге? 3. 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? 4. 1000С-тан 00-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі? / Q= 21*105 Дж/ 5. Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 1000 С-қа тең, егер су тұмшалап жабылған ыдыста қыздырылса, қайнау температурасы өзгере ме? 6. «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген мақалдың тұрмыс-тіршіліктегі мағынасы және физикалық тұрғыдан түсіндір. 7. Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді дегенді физикалық тұрғыдан түсіндір. 8. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады, Күн батқан соң суарған суды жер жұтады.» деген мақалдың мағынасын физикалық тұрғыдан түсіндір   Қосымша есептер жинағы Б-тобы №1 0 0С температурада массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?   №2 0 0С температурадағы 2 кг мұзды ерітіп 20 0 С –қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері керек?(λ=3,4*105Дж/кг, c=4200 Дж/кг 0 С) №1 С-тобы   -10 0С температурадағы 2 кг мұзды толығымен буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек? (λ =3.4 *105Дж/кг,t 0= 00C, Cм =2100Дж/кг*0С, Ссу= 4200 Дж/кг* 0С, r= 2.3*106 Дж/кг)   №2 00 С-ғы 10 кг мұзы бар ыдысқа 900 С-ғы 3 кг су құйылды. Температура қандай болады? Мұз түгел ери ме? Түгел ерімесе, онық қандай бөлігі қатты күйде қалады? Ыдыстың жылусыйымдылығы есепке алынбайды. (λ=3,3*105 Дж/кг, с= 4200Дж/кг 0С)    
Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар әуенге билеп,сергиді
Ой толғаныс Оқулықпен жұмыс: 100 0 С –тағы су үшін τ= 2,3•106Дж/кг нені білдіреді? 1 кг суды қайнау температурасында толықтай буға айналдыру үшін 2,3·106 Дж жылу керек дегенді білдіреді.   . Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі. Практикада қалай қолданады екенбіз. Кезекті есептерге берелік.   Оқулықтарыңызды 79 бетте 11 жаттығу берілген. Соның 8-шісін орындайық: Берілгені: Шешуі: жұмсалған энергияның жалпы мөлшері: Q = Q1 + Q2 m1=0,75 кг Q1 – суды 20 ° С-тан 100° С-қа дейін қыздыруға қажетті энергия: t1 = 20° С Q1 =с m(t2 - t1) t2= 100° С Q2 – судың температурасын өзгертпей, оны буға айналдыру үшін m2=250 г =0,25 кг қажетті энергия: Q2 = r m с=4,2*103 дж/кг*° С Q=252*103Дж +0,575*106 Дж=252*10 3 + 575 * 103 =827 * r =2,3*106 дж/кг 103Дж=827кДж   Q -?   Есептер жинағынан: №299, 300, 303, 304, 306 есептерді шығару.   . Бекіту және оқушылардың білімін бағалау.
  1. Гауһарды мысқалдап өлшейді (Физикалық шама, оны өлшеу)
  2. Бір құмалақ, бір қарын майды өлшейді (Диффузия)
  3. Қазан отпен, адам әректпен қызады (Ішкі энергияның өзгеру тәсілдері)
  4. Тонның жылуы, терісінен емес жүнінен (жылу өткізгіштік)
  5. Қимылдаған қыр асар (Механикалық қозғалыс)
  Венн диаграммасы: булану және қайнау процестерін салыстыру   Қайнау дегеніміз не? Термодинамиканың І заңының формуласын жаз? Жүйеге 400 Дж жылу беру арқылы оның ішкі энергиясын 200 Дж-ға өзгертеді. Жүйенің атқарған жұмысын тап? Су буы мен суды салыстыр? Термодинамиканың І заңын күнделікті тұрмыста қолданылуын түсіндір? Суды қайнату үшін ыдыс түрлерінің маңызы қаншалықты?
Сабақты бекіту Тест тапсырмалары  
Үй тапсырмасы Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
3 мин Рефлексия Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. Стикер, Бағалау парағы
Не сәтті өтті?  
Не сәтсіз болды?  
Нені дамыта алар едім?  
           

 

Сабақ  
Сабақтың аты §20 Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс
Сынып: 8 Сабақ 19 :
Жалпы мақсаты Газ бен бу ұлғайғандағы жұмысы жайлы мағлұмат беру Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс ының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету Бірін-бірі бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс ы жайлы мағлұмат алады Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс ының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Бірін-бірі бағалай алатын болады
Жоспар
Басталуы Қызығушылықты ояту Оқушылар бір бірлеріне "Серпілген сауал" әдісі бойынша сұрақтар қояды. Сол арқылы Векторлар тарауын қорытындылаймыз. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамын. Үй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап Миға шабуыл Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау апқылы оқушыларды диалогқа түсіру   Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 1. Қайнау дегенді қалай түсінесің? 2. Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?
  1. Оның математикалық өрнегін жазыңдар
Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1. Термодинамикалық параметрлердің өзгерісінде қандай физикалық шамалар пайда болады? 2. Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер? 3.Әр түрлі термодинамикалық процестер үшін термодинамиканың І заңын жазыңдар Өткен сабақтан есте қалған ұғымдарды еске түсіріп, содан 3 сөйлемді тақтаға жазып сол сөйлемдерді кезек-кезек оқытып, топқа бөліну: І топ-мұз кесегін ерітіп,ІІ топ-әтірдің қақпағын ашып иісін шығару, ІІІ топ- балауыз кесегін жағып, енді осы өзгерістерді қайта қалпына келтіруге бола ма? Осы құбылыс негізінде мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін бе? Сонымен бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз
 
Ортасы Мағынаны тану Әр топқа қосымша мәліметтер және оқулықтарын беремін. сол арқылы "Өкіл" әдісін пайдаланып тарауды толық қорытындылаймыз. 3 топ бір бірін бағалайды Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі: Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады. Термодинамикалық жүйе ретінде цилиндрдің поршені астында орналасқан газды аламыз. Жылжымалы поршень цилиндр қабырғасын бойлай үйкеліссіз орын ауыстырады. Бастапқы күйде газдың температурасы қоршаған ортаның температурасына тең. Поршеньге түсетін ішкі және сыртқы қысым р бірдей болғандықтан, поршень тыныштықта тұрады. Газға біраз жылу жылу мөлшерін берейік. Газ ұлғая бастайды және поршень h қашықтыққа жоғары көтеріледі. Изопроцестердің 3 түрі бар: Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды. Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең. (а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі. Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы: Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы: Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет. Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы: Психологиялық есте сақтау жаттығуы: (1 минут) «Есте сақтаңыз, ұмытпаңыз, қателеспеңіз!!!» Аталған үш процесстің «Изо» сөзінен соң әріптерге мән берейік, изо Баралық процесс – Б әрпі Р әрпіне ұқсайды, демек, бұл процессте р – қысым тұрақты болады; Изо Хоралық процессте Х әрпінің үстіңгі бөлшегін аламыз V ға ұқсайды, демек, V – көлем тұрақты болатын процесс; Изо Термалық процесс демек, Т- температура тұрақты болатын процесс. Осылайша бір-бірінен ажырата, айыра аламыз. Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталықпроцесс деп атайды. Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы: Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады: Термодинамикалық процестерді жаз? Жабық ыдысқа 200 Дж жылу бергенде оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерді? Изахоралық және адиабаталық процестерді салыстыр? Термодинамиканың І заңының формуласының изопроцестерде өзгеруін жаз? Изопроцестердің техника үшін маңызы қаншалықты? Үлестірме қағаз 1-топ.: 2 -топ: 3 -топ:
Аяқталуы Ой қозғау Сабақ соңында тарау бойынша сұрақтар қою арқылы тарауды қорытындылаймыз «Конверттегі есептер»
  1. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы?
  2. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы?
«Стоп- кадр» әдісімен термодинамиканың ІІ заңына сүйеніп, осы процестердің 1 бөлігін бейнелейді, ал басқа топтар анықтайды .
 
Үйге Бақылау жұмысына дайындық жасау  
бағалау     Соңғы 5 есеп бойынша: 4 -5 есеп -5 2-3 есеп - 4 1 есеп -3  
Кері байланыс  
       

Сабақта сәтті шыққан тұстарым:


  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызуым

  2. Оқушылардың топтық жұмысты меңгеруі

  3. Өздігінен білім алу қалыптасты


Сабақта сәтсіз шыққан тұстарым:

 


  1. Уақытты ұтымды пайдалана алмауым

  2. Оқушылардың қысқа жауап қайтару

  3. Кейбір топтағы оқушылардың тақырыпты ашуда әлсіздік жасауы


Сәтсіздікті жою жолдарым:

 


  1. Тапсырмаларды берілген уақыт аясында жасауға жұмылдыру

  2. Оқушыларды көп сөйлетуді қажет ететін қосымша сұрақтарды қою

  3. Оқушылардың қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу және шектеуді болдырмау

 

 

Сабақтың тақырыбы: §21 Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы сабақ 20
Күні:  
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Ø Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы мағлұмат беру Ø Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету Ø Бірін-бірі бағалай білуге баулу
Оқыту мақсаттары Барлық оқушылар:Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы мағлұмат алады.
Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады,формуланы есеп шығаруда қолданады.
Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға жауап іздейді,бағалайды,барлайды.
Тілдік мақсат Оқушылар: Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы жайлы түсіне алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:Термодинамика, жылу, ішкі энергия, жұмыс, изобаралық, изохоралық, изотермиялық, адиабаталық процессттер, көлем,температура, қысым.
Алдыңғы оқу Заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Басталуы 10 мин   Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.   «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау Қайталау сұрақтары 1. Изотермалық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай? 2. Изохоралық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай? 3. Изобаралық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай? 4. Адиабаталық процесс дегеніміз не? Формуласы қандай? 5. Термодинамиканың I заңы дегеніміз не?   Есеп шығару 1. Газ ұлғайғанда 600Дж жұмыс жасалған. Процесс барысында тұрақты қысым 4•105Па-ға тең және өзгермеген болса, газдың көлемі қанша шамаға өзгерген? 2. Көлемі 20л, қысымы 80кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар. 3. Тұрақты 100кПа қысымда көлемі 3л-ден 10л-ге дейін ұлғайған газдың жасаған жұмысын график арқылы көрсетіңдер.   Ыстық орындық әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.      
Ортасы 30 мин           Термодинамиканың бірінші заңы - жылу процестері үшін энергияның сақталу және айналу заңы болып табылады. Термодинамиканың бірінші заңы энергияның бір түрден екінші түрге айналуының бағыты мен жылудың бір денеден екінші денеге берілу бағытына ешқандай шектеу қоймайды. Ол тек тұйық жүйелердегі энергияның толық қорының сақталуын талап етеді. Мысалы, жылу алмасу жолымен энергия өздігінен ыстық денеден анағұрлым салқын денеге өтеді, ал кері процесс өздігінен болмайды, яғни ол - қайтымсыз. Тас құлаған кезде механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы, вакуумдегі газдың ұлғаюы - қайтымсыз процестер. Диффузия процесі де - қайтымсыз. Мысалы, тұз немесе қант өздігінен суда ериді, бірақ олар өздігінен ерітіндіден бөліне алмайды және су тұщы бола алмайды. Табиғаттағы қайтымсыз процестерге мысал ретінде өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың тіршілігі мен даму процесін, ғаламдағы жұлдыздардың пайда болуын және сөнуін жатқыза аламыз. Табиғаттағы барлық процестер дерлік жылу алмасумен, үйкеліспен, диффузиямен қатар жүреді және сондықтан олар - қайтымсыз. Термодинамиканың екінші заңы ішкі энергияның механикалық энергияға айналуына шек қояды. Бұл қоршаған ортадан алынған жылу есебінен ғана, яғни бір дененің салқындауы есебінен ғана жұмыс істейтін мәшине жасау мүмкін еместігін білдіреді. Сондықтан термодинамиканың екінші заңын былай тұжырымдайды: екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес. Сонымен, термодинамиканың бірінші заңы жоқтан алынатын энергияның көмегімен жұмыс істейтін мәшиненің бар болуын жоққа шығарады. (Бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.) Ол процестің жүретінін, материяның жойылмайтынын білдіреді. Термодинамиканың екінші заңы - бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін мәшинені жасау мүмкіндігіне тыйым салады. (Екінші ретті мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.) Ол процестің бағытын білдіреді.   «Инсерт» әдісі бойынша тақырыпты оқуға әр топқа тапсырма беріледі: 1-топқа: Термодинамиканың екінші бастамасының физикалық мәні неде? 2- топқа: Қандай процестерді қайтымды деп атайды? Қайтымды процестерінің жүруінің қажетті шарттары қандай? 3- топқа: Қайтымсыз процестер Осы тақырыптар бойынша Кластер жасауға нұсқаулық беріледі     Есептер шығару. Ойлан,жұптас,талқыла әдісі  
Деңгейлік топтардың белгіленуі А – тобы Б – тобы С – тобы
Аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Жылу мөлшері Q Дж  
Дененің массасы m кг  
Бастапқы температура t1 ° С  
Ақырғы температура t2 ° С  
Меншікті жылу сыйымдылығы c Дж/кг*° С  
Температура өзгерісі t ° С  
Абсолют температура T К  

 

Тест сұрақтары

Жеке жұмыс

1.Жүйенің көлемі мен температурасы

өзгеріп,

қысымы тұрақты болатын

термодинамикалық

процесс

А. Изотермалық

В. Изохоралық

С. Иобаралық

D. Ииабаталық

Е. Изопроцесс.

2. Төменде келтірілген құрылғылардың

қайсысы жылу қозғалтқышына

жатпайды?

А.Іштен жану қозғалтқышы

В. Дизель

С. Газ турбинасы

D. Карбюратор

Е. Реактивті қозғалтқыш

3.Газға 5 кДж жылу мөлшері берілді

. Бұл кезде газ 2

кДж-ға тең жұмыс жасады. Газдың ішкі

энергиясының өзгеруі

А. 5 кДж-ға артты

В. 2кДж-ға артты

С. 3 кДж-ға артты

Д. 2 кДж-ға кеміді.

Е. 3кДж-ға кеміді

4. Жүйенің қысымы мен температурасы

өзгеріп,

көлемі тұрақты болатын

термодинамикалық процесс

А. Изотермалық

В. Изохоралық

С. Изобаралық

D. Адиабаталық

Е. Изопроцесс

 

Топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

- оқушылар жаңа тақырыпты Инсерт әдісі арқылы оқиды;

- топ болып тақырыпты талқылайды.

Берілген тақырыптарға топ болып Кластер жасайды. Топ ішінде спикер сайлап Кластерді қорғайды. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-бірін бағалайды

 

берілген есептерді тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: