Берілетін тапсырмалар 3 страница

Сабақ № 15  
Сабақтың аты Есептер шығару
Жалпы мақсаты Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы жайлы мағлұмат беру Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету Өзін-өзі бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы жайлы мағлұмат алады Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Өзін-өзі бағалай алатын болады
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, оқулық, плакаттар мен суреттер, презентация, үлестірмелі материалдар
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, топтық жұмыс, диалог, "Жиксо" әдісі, көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлату.
Орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері Оқушының орындалатын іс-әрекеттері
1. Ұйымдастыру. (3-5 мин). 1. Сыныпта тәртіп қалыптастыру, оқушылардың сурет қималарын біріктіру бойынша топтасуы.
2. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық: Топтастырылған сурет бойынша ой білдіруге бағыттау Үй тапсырмасын сұрау(5 минут) 1.Қандай құбылысты булану деп атайды? 2.Қай кезде булануды кебу деп атайды? 3.Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты? 4.Қандай буды қаныққан бу деп атайды? Қанықпаған бу деп ше? 5.Қаныққан будың қысымы көлемге, температураға, затқа тәуелді ме? 4. Егер аздаған суы бар жабық ыдысқа су буын жіберсе, онда не болады? Сұйықтың булану шапшаңдығы қандай себептерге байланысты? Конденсация деген не?  
  Сақина салмақ» арқылы сұрақтар мен тапсырмалвр беру Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сақина саламақ әдісі арқылы әр топқа арнайы сұрақтар беру, олар сол сұравқ арқы түсініктері салмақты түрде айта біледі Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу 1-тапсырма: І топқа «Булану, қаныққан булар бойынша» ІІ топқа «Конденсация, қанықпаған булар бойынша» сұрақтар беріледі.Топтағы оқушылар өз жауаптарын айтқаннан кейін, оған көз жеткізу үшін тақтадан дұрыс жауабы шығарылады. Оқушылар өздерінің берген жауаптарын салыстырады. Сұйықтың буға айналу құбылысын булану деп аталады. Сұйықтың бетінде жүретін булану кебудеп аталады. Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан бу түзіледі. Сұйық молекулаларының кез келген бағытта еркін қозғалады. Бұл - заттың қатты күйінде молекулалары арасында болатын байланыстың үзілуінің салдары. Бірақ сұйық молекулаларының арасында үлкен тартылыс күштері сақталады. Шапшаң қозғалатын молекулалардың біразы сұйықтан ұшып шығып кетеді, демек, сұйықта қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы кемиді. Осыған сәйкес кебетін сұйықтың температурасы да төмендейді. Булану жылуды жұтумен қатар жүреді. Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсациядеп аталады. Кебу кезінде қанша жылу жұтылса, будың конденсациясы кезінде бірлік массаға сай сонша жылу бөлінеді. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, онда булану соғұрлым тезірек жүреді. Сұйықтың булануы және конденсациялану қатар жүретіндіктен, жабық ыдыстағы сұйықтың массасы өзгермейді. Сұйықтың тек беті кебеді. Беттің ауданының үлкеюі кебу жылдамдығын арттырады және сұйықтың тезірек кебуіне мүмкіндік береді. Уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны, сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе-теңдігі деп аталады. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды. Әр түрлі сұйықтардың буымен динамикалық тепе-теңдігі будың тығыздығы әр түрліболғанда орнығады. Қаныққан будың қасиеттері қанықпаған будың немесе газдың қасиеттеріне өзгеше. Қаныққан будың қысымы, оның алып тұрған көлеміне байланысты еместігі тәжірибе арқылы анықталды. ІІ тапсырма:ойлан –тап сұрақтары
  1. Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды?
  2. Жайылған кір мен шабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді?
  3. Өзенге шомылып, жағаға шыққанда салқынды сеземіз?
  4. Ылғал ағаш құрғақ ағашқа қарағанда отта баяу жанады. Себебін түсіндіріңдер.
ІІІ тапсырма:ыстық орындық ұйымдастыру. (әр топтан бір адамнан шығын ыстық орындыққа отырады. Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.) Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. 1. Массасы 1 кг қорғасында 1000С-қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалды. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар. Оны кестедегі мәнмен салыстырыңдар. 2. 150С-та суды 1000С-қа қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж-ге артты. Судың массасын анықтаңдар. 3. 1000С-та 5 л қайнаған су қоршаған ауаға 1680 кДж энергиясын бере отырып, қандай температураға дейін салқындайды? 4. 100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? 5. Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар. 6. Сыйымдылығы 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Толық жануы кезінде 23ּ107 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма? 7. 440ּ107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? 8. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?    
6. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру: Практикалық тапсырмалар орындау. Көзбен көретін айғақтар бойынша сыни тұрғыда ойлауларын байқау 6. Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар 1. Сыныпта шығарылатын есептер. Оқушыларға оқулықтан 10- жаттығу орындауға нұсқау беру. Оқушылар оқулықтан жаттығуды дәптерлеріне орындайды. Оқулық, қосымша материалдар. №1. Буланады. №2. №3.№4. Жел тұрмаса, судың беттік қабаты тығыз орналасады да булану баяу жүреді. №5. Бала жағаға шыққанда оның денесінен судың буланып ұшуына кететін эн. шығынының артуына б/ты суықты сезеді. №6. №7. С. Ішкі эн/сы кему есебінен булану жүреді, сондақтан сұйық пен оған жанасқан дене де сұй. бастайды. №8. Жаңбыр жауғанда атм/лық ауа эн/ң кемуі жүреді және оның алып жатқан булану ауданы ұлғаяды. 4. Суреттермен жұмыс жасау, сыни ойлауларының артуы Топпен жұмыс. 1-топ. Булану – техникада 2-топ. Булану – тұрмыста 3-топ. Булану – табиғатта.  
7. Сабақты бекіту: Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тексеріп, бекіту. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:   1 топ.Спирт, су және майдың қайсысы тез буланады? Неліктен? 2 топ.Стақан мен табақшада теңдей мөлшерде су бар. Қайсысында су тезірек буланады? Неліктен? 3 топ. Бірдей ыдыста теңдей мөлшердебензин, су, май құйылған. Бірнеше күннен кейін бензиннің қалмағанын, судың жартылай буланғанын, майдың айтарлықтай өзгермегендігін көреміз. Неліктен? 4 топ.Жаңбырдан қалған шалшық су қашан тез кебеді? Неліктен? /5мин/     Булану және конденсация дегеніміз не? Булану және конденсация қалай жүзеге асады? Күнделікті тұрмыста булану және конденсацияға мысал келтір? Заттың булануы мен кебуін салыстыр? Ылғал заттың кебуі қандай күндері тез әрі жылдам кебеді? Булану және конденсацияның ауа ылғалдылығына маңызы қаншалықты
8. Үй тапсырмасын хабарлау және оқушылардың білімін тексеру, бағалау: а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру. 8. Сабақты қорытындылау: а) Үй тапсырмасын хабарлау: ә) Оқушылардың білімін тексеру, бағалау критерий, топтық бағалау нәтижелері бойынша өзін-өзі бағалау әдісін қолдану.

 

Сабақ 16

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты Бақылау жұмысы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы жайлы мағлұмат беру Ø Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету Ø Өзін-өзі бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ø Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы жайлы мағлұмат алады Ø Ішкі энергия және заттың агрегаттық күйлері тарауы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Ø Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар ; өлшем бірлігі Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп атайды. ; өлшем бірлігі Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек: 1 кг кристалл затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын Q жылу мөлшерін осы затттың меншікті балқу жылуы деп атайды және λ деп белгілейді.
Тапсырмалар Жеке жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.4. Сәлемдесу

1.5. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.6. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (2 минут )

1. 1,2- тарау формулаларын еске түсіру

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

2. 1,2- тарау формулаларын еске түсіру

ІV. Жеке жұмыс (36 минут)

І нұсқа

1. Температура және оны өлшеу тәсілдерін ата

2. Егер 10 кг ағаш көмір жанғанда, 340 МДж энергия бөлінетін болса, онда оның меншікті жану жылуы неге тең?

3. 10кг суды 1000С-та буға айналдыру үшін 23ּ106 Дж энергия жұмсалады. Осы температурадағы су буы түзілісінің меншікті булану жылуы қандай?

4. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін қыздырып, одан кейін 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады?

ІІ нұсқа

9. Ішкі энергия және оны өзгерту тәсілдерін ата?

10. Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.

11. 440ּ107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек?

12. Егер адам 400С-тағы бір стакан (100 г) ыстық суды ішсе, осының нәтижесінде адам организмі қандай жылу мөлшерін алады? Адам денесінің температурасы 370С

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар қайталау
Кейінгі оқу 1-2 тарауды қайталау

 

  Сабақ 17    
Сабақтың аты §16,17 Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы
Жалпы мақсаты Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы жайлы мағлұмат беру Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету Бірін-бірі бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығы жайлы мағлұмат алады Қаныққан және қанықпаған булар. Ауа ылғалдылығының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Бірін-бірі бағалай алатын болады
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру Жетондар
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.   Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Өткен тақырыбы бойынша үй тапсырмасы тек сұрақ-жауап арқылы сұралады. Ол үшін Миға шабуыл әдісін пайдалану Сұрақтарды ауызша айтып әрқайсысына қойып отырамын.Өткен тақырып аррналған а үй тасырмасын қайталау ға сұрақтар жасалып, арнайы плакатқа жазылып тақтаға ілінеді, крассворд, карточкалар Өткен сабақты қайталау Физикалық диктант.Термодинамика негіздері. 1. Жұмыс атқармай, энергияның бір денеден екінші бір денеге берілу процесін...алмасу немесе жылудың берілуі деп аталады.(жылу) 2. Тұрақты температурада 1 кг сұйықты буға айналдыруға кететін жылу мөлшерін...жылуы деп атайды.(меншікті булану) 3. Массасы 1 кг заттың температурасы 1К-ге тең өзгергенде алатын немесе беретін жылу мөлшерінің формуласы? (Q=cm(t2 - t1)=cm t) 4. Балқу температурасы 1 кг кристалл затты сол температурада сұйыққа айналдыруға кететін 1 кг жылу мөлшерін меншікті... деп атайды. (балқу жылуы.) 5. Тек белгілі бір бағытта ғана өз-өзімен жүре алатын процесті.. деп атайды (қайтымсыз) 6. Жылу қозғалтқыштың негізгі түрлері: бу турбиналары, іштен жану.. және реактивті...(қозғалтқыштар) 7. Жылу алмасуда... 1 түрден 2-ші түрге айналуы болмайды, ыстық денедегі ішкі.... біразы суық денеге беріледі.(энергияның) 8. Жылудан оқшауланған жүйедегі процесс....деп аталады.(адиабаталық) 9. Ішкі энергияның белгіленуі мынаған тең...? (U) 10. Неміс ғалымы..... термодинамиканың 2-ші заңын былай тұжырымдады. Екі жүйеде немесе қоршаған денелерде бір мезгілде басқадай өзгерістер болмаған жағдайда, суығырақ жүйеден ыстығырақ жүйеге жылу берілуі мүмкін емес. (Р.Клаузиус) 11. Газ ұлғайғанда...жұмыс жасайды (оң) 12. Жылу әрқашанда ыстық денелерден суыққа беріледі, ал макроскопиялық денелердің механикалық энергиясы -... айналады. (ішкі энергия)
Мағананы тану Жаңа сабақ Жаңа тақырыпқа тапсырмалар қолданып жетілдіру үшіін Үш қадамды сұхбат пайдалану Үш қадамды сұхбат " әдісі бойынша топ оқушылары үш-үштен бөлінеді. Бірінші оқушы екінші оқушыға құрастырған сұрағын қояды, үшінші оқушы екінші оқушының жауабын жазып отырады 1. Қаныққан және қанықпаған бу.Егер сұйық құйылған ыдысты тығыз жабатын болсақ, онда сұйықтың азаюы тез арада тоқтайды. Температура өзгермеген жағдайда буланумен қатар конденсация жүріп отырады және бірін-бірі теңгереді. Алғашқы кезде сұйық буланады да, оның үстіндегі будың тығыздығы арта бастайды. Ал сұйыққа қайта оралатын молекулалардың саны да артады. Сұйық бетінен шығып кеткен молекулалар санымен, сол уақыт ішінде сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының саны тең болдаы. өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Қаныққан будың қысымы.Температура тұрақты болған жағдайда қаныққанбудың қысымы оның алатын көлемі байланысты болмайды. Сұйық өзінің буымен тепе-теңдікте болған жағдайда, көлемге тәуелсіз бу қысымы қаныққан бу қысымы делінеді. Қаныққан будың қысымы көлемге тәуелсіз болғандықтан температураға тәуелді болады. Қаныққан будың қысымы тек температураға тәуелді емес, бу молекулаларының шоғырына(тығыздығына) да тәуелді болады. Сұйық түгел буланып болғанда, одан әрі қыздырғанда қаныққан бу температураға тура пропорционал болып өседі. 2. Қайнау 2-Проблемалық сұрақтар: 1. Шәугімнің қақпағын ашқанда үстіңгі жағынан нені байқадың? 2. Көпіршіктер қайдан пайда болды? 3. Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады? 4. Ызыл неге естіледі? 5. Неге көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады? Жауаптары: 1. Құтының үстіңгі жағынан тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады да және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. 2. Бұлар – судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. 3. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. 4. Су қызған сайын көпіршіктер үлкейе береді. Көпіршіктер үлкеюмен қатар оларды судан ығыстырып шығаратын Архимед күші де артады да, олар су бетіне қалқып шығып жарылады да, ызылдаған дыбыс естіледі. 5. Көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымынан жоғары. Сондықтан көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Ауаның ылғалдылығы 3. Проблемалық сұрақтар: 1. Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр? 2.Ауадағы су буы қаныққан ба, әлде қанықпаған ба? 3.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не? 4. Ауа ылғалдылығын өлщейтін құрал? 5. Ауадағы су буының маңызы қандай? 6. Ауа ылғалдылығының маңызы туралы не білеміз? Жауаптары: 1. Жер бетінің бөлігін су алып жатыр. 2. Атмосфералық ауаның өзі түрлі газдардың және су буының қоспасы болып саналады. Ауадағы су буының қанығудан қаншалықты алыс екенін көрсететін шама салыстырмалы ылғалдылық. Ауадағы су буы қаныққан буға жатпайды. 3. Берілген температурада ауа құрамындағы су буы парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың қысымына,пайызбен өрнектеліп алынған, қатынасы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады. 4. Гигрометр, психрометр құрылғыларымен өлшейді. 5. Су буы қаныққан буға айналатын температура шық нүктесі делінеді. Ауа шық нүктесіне дейін салқындағанда будың конденсациясы басталады; тұман пайда болады, щық түседі. Шық нүктесі су буының парциал қысымын, салыстырмалы ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді. 6. Адам терісінің бетіндегі ылғалдың буланып кебу шамасы ауаға байланысты болады. Адам денесінің температурасын тұрақты ұстап тұру үшін ылғалдың булануының маңызы өте зор. Ауа райын күні бұрын болжауға болады. Атмосферадағы су буының мөлшері 1 %-ке жуық, бұл шама атмосферада құбылыстарда айтарлықтай өзгерістер тудырады. Бұйымды сақтауда да ылғалдылықты білу маңызды. 1. Есеп шығару Массасы 1,2 кг суды қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет. Судың бастапқы температурасы С. Судың менікті жылу сыйымдылығы 4200 . 2. Осындай энергияны бөліп щығару үшін қанша ағащ отын жағу керек? Жылу мөлшері 4,1 * Дж. Ағащ отынның меншіктіжану жылуы Дж/кг. 3. Су қандай қысымда 190 С – де қайнайды? 4. 160 С температурада 4 м3 ауада 40 г су буы бар. Салыстырмалы ылғалдылықты табыңдар. 5. 150 С темперадурада, көлемі 120 м3 бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылық 60 %. Бөлме ауасындағы су буының массасы табыңдар. Қаныққан будың қысымы 12,8 мм.сын.бағ.тең
Сергіту сәті    
Ой толғаныс Сабақты бекіту үшін мына сұрақтарға жауап берейік: 2.Қызықты сұрақтар 1.Көсеу ұзын болса қол күймес – қандай физикалық құбылыс жасырылған? (жылу өтгізгіштік) 2.Темірді қызғанда соқ – мақалында қандай физикалық құбылыс көрсетілген (қатты дененің балқуы) 3.Тоңған тонын мақтайды – неліктен (тон жылуды нашар өткізеді) 4.Уайым түбі теңіз батасыңда кетесің, тәуекел түбі қайық мінесің де кетесің – қандай физикалық құбылыс (Архимед заңы) 5.Жақсы кісінің ашуы шайы орамал кепкенше – (кебу) 6.Терек қисайған жағына жығылады (күштің әсері) 7. Қазан отпен, адал әрекетпен қызады – (жылулық қозғалыс, ішкі энергияның өгеруі) 8.Тонның жылуы тігісінен емес жүнінен (жылу өткізгіштік) 9.Ескі мұз ерігіш, жаңа дос жерігіш – (жылу берілу) 10. Қармен бір жүргенде неге сықырлайды? (Қар қатты дене. сынады) 11.Шындықты іздеген табады (отын энергиясы) 12.Азықсыз адам алысқа бармас (энергияның сақталу заңы)     Ауа ылғалдылығы дегеніміз не? Ауа ылғалдылығының формуласын жаз? Күнделікті тұрмыста ауа ылғалдылығына мысал келтір? Қаныққан және қанықпаған буларды салыстыр? Бу түрлерінің ауа ылғалдылығына қандай байланысы бар? Адам денсаулығына немесе жалпы ауа ылғалдылығының маңызы қаншалықты?
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік?   Саған қайсы тапсырма қиын болды?  
Үй тапсырмасы Көбейту кестесін жаттау   Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Рефлексия Стикерлер таратылады. 1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Сабақтан алған әсерім? 3.Бүгінгі көңіл-күйім? Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
           

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: