Берілетін тапсырмалар 1 страница

Ішкі энергия

 

1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз.

2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.

3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы артса, дененің тепмпературасы артады оның ішкі энергиясы да артады.

Жылу берілу дегеніміз не?

Денемен жұмыс істелмей немесе дененің өзі жұмыс істелмей тұрғандағы ішкі энергиясының щзгеру процесі жылу берілу деп аталады.

5. Химиялық реакция дегеніміз не?

Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады.

6. Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

 

Жылу өткізгіштік

 

1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

Ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады.

2. Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?

Сұйықтар, газдар жылуды нашар өткізеді.

3. Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?

Металдар жылуды жақсы өткізеді

4. Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?

Түрлі заттардың ішкі құрылысына қарай олардың жылу өткізгіштігі әр түрлі болып келеді.

5. Жылу өткізгіштігі нашар заттар қайда қолдаланылады?

Конвекция

1. Конвекция құбылысы дегеніміз не?

Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.

2. Конвекцияның жылу өткізгіштіктен айырмашылығы неде?

Конвекция сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасынады, жылуөткізгіштікде ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы беріледі.

3. Қай жерде конвекция болмайды?

Қатты денелер мен вакуумда конвекция болмайды.

4. Атмосферадағы конвекциялық ағынның рөлі қандай?

Атмосферадағы конвекциялық ағын тек жылу берілуде ғана үлкен рөл атқарып қоймай, сонымен қатар жел тұрғызады. Олар ауаның үнемі араласуын тудырады, соның арқасында жер бетінің әр түрлі бөліктерінде ауаның құрамы бірдей болады.

5. Табиғи және еріксіз конвекциясина мысалдар келтіріңдер?

Тұрмыста және техникада кеңінен қолданылатын табиғи конвекция жеткіліксіз болғанда, еріксіз конвекцияны пайдаланады.

Сәуле шығару

1. Сәулелік жылу алмасу дегеніміз не?

Сәулелік жылу алмасу деп бір денеден келесісіне электромагниттік сәуле шығарудың жәрдемімен энергияның тасымалдану процесін айтады.

2. Жылу алмасудың қандай түрлері вакуумда болуы мүмкін?

Сәулелену арқылы энергияның берілуі — ортаны қажет етпейді: жылу сәулелері вакуум арқылы да таралады.

3. Қандай денелер сәулені жақсы жұтады?

Қара денелер – сәулені жақсы жұтады және жақсы шығарады

4. Өрт сөндірушілер неге бастарына жылтыр металл дулыға киеді?

Өрт сөндірушілер өрт саулесін артқа қайтару үшін бастарына жылтыр металл дулыға киеді

5. Кун сәулесінің табиғат және техникаға ролі қандай? Мысал келтіріңіз.

Қосымша 2

 

 

кестені толтырады

 

 

Аталуы Белгіленуі Өлшем бірлігі Формуласы
Жылу мөлшері      
Дененің массасы      
Бастапқы температура      
Ақырғы температура      
Меншікті жылу сыйымдылығы      
Температура өзгерісі      
Абсолют температура      

 

Тапсырма

І-деңгей ІІ-деңгей ІІІ-деңгей

 

 

Қосымша 5

Сабақтың кері байланысы

Оқушыларға кері байланыс парағын толтыру ұсынылады.


1. Бүгін мен білдім...

2. Маған ұнағаны

3. Мен қосымша алдым...

4. Мені қызықтырғаны...

5. Күнделікті өмірде қалай қолдану керектігін үйрендім...

6. Мен қалаймын...

 

Сабақтың аты №1 Зертханалық жұмыс сабақ 8
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Жылу мөлшерін есептеу жайлы мағлұмат беру Ø Жұмыс барысында жылу мөлшерінің формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету Ø Өзін-өзі бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Ø Жылу мөлшерін есептеу жайлы мағлұмат алады Ø Жұмыс барысында жылу мөлшерінің формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Ø Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Әр түрлі температурадағы суды араластыру арқылы судың берген немесе алған жылу мөлшерін анықтау. ; өлшем бірлігі Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп атайды. ; өлшем бірлігі  
Тапсырмалар Топтық жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру ( 2 минут)

1.1. Сәлемдесу

1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут )

4. Жылу мөлшері дегеніміз не?

5. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір?

6. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді?

ІІІ. Қажетті құралдармен таныстыру (2 минут)

1. Калориметр

2. Өлшеуіш цилиндр

3. Термометр, стақан,

4. Ыстық және салқын су

ІҮ. Топтық жұмыс (20 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Жұмыстың орындалу реті бойынша топ мүшелері оқып, талқылап, жұмыс жасайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
  Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
  Міндетін атқару        
  Топтық жұмысқа атсалысуы        
           

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

  Білу Жылу мөлшері дегеніміз не?    
  Түсіну Жылу мөлшерінің формуласын жаз?  
  Қолдану Массасы 5 кг суды 100-тан 800-қа дейін қыздыру үшін қаншама жылу мөлшері қажет?  
  Талдау Массалары бірдей мыс мен алтынды 500-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін салыстыр?  
  Жинақтау Судың алған немесе берген жылу мөлшерін қалай анықтаймыз?  
  Бағалау жылу мөлшерін есептеуде дене массасының маңызы қаншалықты қажет?  

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар 9-10 тақырыптарды қайталау
Кейінгі оқу Қайталау

 

 

  Сабақ 9    
Сабақтың аты §11 Отынның энергиясы
Жалпы мақсаты Отынның энергиясы жайлы мағлұмат беру Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Отынның энергиясы жайлы мағлұмат алады Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Топта бағалай алатын болады
  Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Бағалау парақшасымен таныстыру Жетондар
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі. Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
Ынтымақтастық атмосферасы Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.   Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын пысықтау Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. 1. Жылу мөлшері дегеніміз не? 2. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір. 3. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді? 4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді? 5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай? Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады? 6. Үйге берілген есептердің шығарылуын түсіндіру.? Талқылау үшін сұрақтар беріледі(2 минут) 1.Табиғатта отынның қандай түрлері кездеседі? 2.Отынның энергиясы дегенді қалай түсінесің? 3. Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?
Жаңа сабақ Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді (35 - сурет)   Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг. Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек: Қазақстан Республикасында отын - энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын - энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50 - жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты. Қазақстанда 300 - ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33, 5 - 33, 6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31, 8 - 34, 3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27, 2 - 28, 9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29, 3 - 31, 4 МДж/кг. Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау». Өткен ғасырдың 80 - жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол – Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны. Отын - энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%- і жинақталған.     16 және 36 – суреттерде көрсетілген тәжірибелерге назар аударайық. Қорғасыннан жасалған шар қорғасын тақтаға соғылған кеде шардың толық механикалық энергиясы шар мен тақтаның ішкі энергиясына айнала алтындығын көрсетеді.   Егер цилиндрдегі газды қыздырсақ (38 – сурет), онда қыздырғыштан газға берілетін Q жылу мөлшері, оның ішкі энергиясының артуына әкеледі., сол мезетте поршеньді биіктікке В жағдайдан С жағдайға көтеру үшін жұмыс атқарылады. Бұл газдың ішкі энергиясының артуы және өзінің ұлғаюы кезінде поршеньді көтеріп жұмыс істеуі, оған біршама жылу берілгендіктен болатындығын білдіреді. Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.   Механикалық W энергия мен ішкі U энергияның қосындысын денелер жүйесінің толық энергиясы деп атайды және Е деп белгілейді:   E = W + U = En + Er + U Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады. Энергияның сақталу және айналу заңы: Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы - осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады. Топтық жұмыс 1 топ –Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады? 2 топ – кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуын қалай түсіндіруге болады? 3 топ – Қазақстан Республикасында отын –энергетикалық ресурстары Есептер шығару. 1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1, 0•107 Дж/кг). A) 2•10 - 6Дж. B) 2•107Дж. C) 2•102Дж. D) 2•108Дж. E) 5•105Дж. 2. Ұзындығы 100 м, ені 6 м, тереңдігі 2 м бассейндегі суды 150С - тан 250С - қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (с = 4200 Дж/кг•0С) A) 4•108 Дж. B) 400 кДж. C) 5, 04•1010 Дж. D) 400 Дж. E) 20 кДж. 3. Отынның меншікті жану жылуы деп 1) отынның толық жануы 2) отынның жануы 4. Массасы 1кг отын түгел жанғандағы жылу мөлшері 5. 1954ж салынған бірінші атом электростанциясы 1 күнде массасы 30г ядролық жанғыш зат шығарғанда қанша жылу береді? (q=8*10кДж/кг) 1) 9, 2*10кДж 2) 10кДж 3) 2, 4*10кДж 4) 2, 4*10кДж 5) 4, 6*10кДж 6. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек? 1) 10кг 2) 5кг 3) 3кг 4) 15кг 5) 8кг
Сергіту сәті    
Ой толғаныс Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау. Жұптық жұмыс«Пилот - Штурман» (5 минут) (Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) Жұптар берілген формуланы және өлшем бірлікті түсіндіреді. 1) 2) Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру Оқушылар дайындаған жұмбақтарды шешу: 1.Көк аспанның төрінде Бұлттар жүзіп барады Күн күркіреуі тегін бе? Жаңбыр неге жауады? Жауабы: Булану, конденсация есебінен, Көктен жаңбыр жауады дер едім мен. Ауаның да біркелкі қызбауынан, Тағы оның себебін көремін мен. 2.Жылдың төрт мезгілінде де, Мазасыз жел соғады. Әлде бұл өздігінен бе? Себебі, бұл неден болады? Жауабы: Температура бірдей болмай ауадағы, Жылы ауа ағыны таралады. Конвекция процесі пайда болып, Біздіңше ол, жел соқты деп саналады. 3.Қыста аспан түнеріп, Қар жауады себелеп. Себебін бізде білелік, Сұрақ қойдың «неге» деп. Жауабы: Қыс күнінде қардың жауу себебін, Ауадағы су кристалдануы дер едім. Жерге қарай оның құлап түсуін, Ауырлық күші әсерінен көремін.   Отынның энергиясы дегеніміз не? Отынның энергиясының формуласын ата? Массасы 0,5 т құрғақ отын жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? Массасы 0,5 кг тас көмір мен ағаш көмірдің бөлінетін жылу мөлшерін салыстыр? Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Күнделікті тұрмыста отынның меншікті жану жылуы қаншалықты  
Сабақты бекіту Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?  
Үй тапсырмасы № 5.   Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу. Бағалау парақшасын толтырады
Кеі байланыс
         

 

Физика Сабақ 10
Сабақтың аты Есептер шығару
Жалпы мақсаты Отынның энергиясы жайлы мағлұмат беру Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету
Күтілетін нәтиже Отынның энергиясы жайлы мағлұмат алады Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді Өзін-өзі бағалай алатын болады
Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Серпілген сауал», «Үш шапалақ», Топтық жұмыс
Сабақ барысы:
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
2 мин Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Сынып оқушыларын 3 топқа
10 мин «Топтық жұмыс». Берілген жаңа тақырыпты топта оқып шығып, талдап, постерге қорғайды. 6-жаттығу. (4). Бер: Шеш: Q=168кДж=168000Дж Q=cm( = m=4л   Т/К:t-?   5.Бер: Шеш: m=1кг Q=cm( = =130 Q=13000Дж t=100 С Т/К: с-?   9. Бер: Шеш: Q=178,8 кДж Q=cm( = m=   Т/к: m-?  
5 мин «Серпілген сауал». Әр топ келесі топ мүшелеріне қағазға сұрақ жазып тапсырады. Сұраққа топтан кез келген оқушы жауап бере алады. Есептер шығару. 1 - деңгей 7 - жаттығу.№1, №2, №3 №4 2 - деңгей 1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1, 0•107 Дж/кг). A) 2•10 - 6Дж. B) 2•107Дж. C) 2•102Дж. D) 2•108Дж. E) 5•105Дж. 2. Ұзындығы 100 м, ені 6 м, тереңдігі 2 м бассейндегі суды 150С - тан 250С - қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (с = 4200 Дж/кг•0С) A) 4•108 Дж. B) 400 кДж. C) 5, 04•1010 Дж. D) 400 Дж. E) 20 кДж. 3. Отынныңменшіктіжанужылуыдеп 1) отынныңтолықжануы 2) отынныңжануы 4. Массасы 1кг отынтүгелжанғандағыжылумөлшері 5. 1954ж салынғанбірінші атом электростанциясы 1 күндемассасы 30г ядролықжанғышзатшығарғандақаншажылубереді? (q=8*10кДж/кг) 1) 9, 2*10кДж 2) 10кДж 3) 2, 4*10кДж 4) 2, 4*10кДж 5) 4, 6*10кДж 6.. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алуүшінқанша бензин жағукерек? 1) 10кг 2) 5кг 3) 3кг 4) 15кг 5) 8кг
35 мин Оқулықпен жұмыс. Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі. Тапсырманы орындап болған топтан бір оқушы шығып тақтаға жазады, ал қалған топ қатесін тауып бағалайды. Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын –көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарыман қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг. Есеп. 7-жаттыгу (1) Бер: q= шеш: m=100кг Q=qm=   Т/К: Q-? 4.Бер: шеш: Q= Q=qm. q=Q/m; q= m=5л Т/к: q-? 5.Бер: шеш: Q= Q=qm. m=Q/q= / =100кг. q= Т/к: m-? Тест. 1.Макроскопиялық параметрлерді көрсет? А) V,S,t. B) P,U,W C) P,V,T. 2.Денені құрайтын ұсақ бөлшектердің қозғалысы..... деп аталады. А) Жылулық қозғалыс В)Броундық қозғалыс С) Жылу. 3.Жылулық қозғалыс дегеніміз? А) Молекулалардың ретсіз қозғалысы В)Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы С) Газдар мен сұйықтардың ағысы 4.Бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларына ену құбылысы? А) конвекция В) \Диффузия С) жылуөткізгіштік 5.Ішкі энергия дегеніміз не? А) дененің кинетикалық энергиясы мен потенциалдық энергиясының қосындысы. В)Дененің кинетикалық энергиясы С)Дененің потенциалдық энергиясы 6.Дененің ішкі энергиясын өзгертетін тәсілдерді көрсет: А) Конвекция,жылуөткізгіштік,сәулелену В)механикалық жұмыс істеу және конвекция С) Механикалық жұмыс істеу және жылу асмасу 7.Ішкі энергияның көбірек қыздырылған бөлігінен азырақ қыздырылған бөлігіне берілу құбылысы? А) Жылуөткізгіштік. В) Конвекция С) Сәулелену 8.Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді? А) v,m,t B) c,m,t C) c,E,P 9.Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі А) В) Дж С) кг 10.Денені қыздыру кезінде немесе салқындағанда одан бөлінетін жылу мөлшерін есептейтін А) Q=cmv B) Q=ct C) Q=cm(
3 мин Қорытынды Рефлексия «Не білдім?» «Не үйрендім?» «Не қиын болды?» Үйге тапсырма беру: 3-тапсырма Рефлексия Оқушылар өздерінің сабақты қаншалықты түсінгендігін стикерге жазып, плакатқа апарып іледі. Беріл Векторды санға көбейту мен қасиеттерін ы тарау тақырыбымен байланыстыра отырып түсіну арқылы тақырыпты жетілдіреді, өмірмен байланыстыруға мүмкіндік жасап, тақырыптың идеясын ашдыген тапсырманы үйден орындау
       

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: