Жергілікті жансыздандырушылар 21 страница

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Миастения, жайылған склероз, өзіндік емес ойық жара колиті, бас миының ісінуі, шоктық жағдайлар, тері аурулары (дерматиттер, псориаз, экзема), гепатиттер, ревматиодты артрит, коллагеноздар, ауыр аллергиялық аурулар (бронх демікпесі және бронхоспастикалық жағдайлар, рениттер, конъюнктивиттер және т.б.), бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметінің жетіспеушілігі.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Преднизолон мен гидрокортизонға ұқсас.

Шығарылу түрі. 4, 16, 32 және 100 мг таблеткада; 6, 8, 16, 20, 40, 15, 250, 500 және 1000 мг егуге арналған сауыттағы ұнтақ, құрамында еріткіші бар; 4% суспензия - депо 2 мл N.5 бұлшық етке және буын ішіне және жұмсақ тіндерге егуге арналған сауытта шығады; 0,1% жағынды 5, 10, 15, 30, 50 және 100 г тюбикте; 0,1% крем 15, 20, 25, 30, 50 және 100 г тюбикте; 0,1% эмульсия 20 және 50 г тубада сыртқа қолдануға арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Susp. Methylprednisoloni 4% - 2 ml

D.t.d. N.5

S. 2 мл буын ішіне аптасына 2 – 3 рет.

#

 

10.1.3. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының фтордан тұратын гормондары

 

Дексаметазан (Dexamethasonum), дексазон, сондекс. Дексомитозон метилирленген фторпреднизолон туындысы, синтетикалық глюкокортистероид. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, десенсибилизирлеуші, иммунодепрессивті, шоктарға қарсы және антитоксикалық әсер көрсетеді, эндогенді катехоламиндерге бета-адренорецепторлардың сезімталдығын жоғарылатады. Өзіндік цитоплазматикалық рецепторлармен әрекеттесіп (глюкокортикоидтар үшін рецепторлар барлық тіндерде бар, әсіресе олар бауырда көп), ақуыздың түзілуін (сонымен қатар, жасушаларда өмірге қажетті үрдістерді реттейтін ферменттерді) баяулататын комплекс түзейді. Одан әрі қарай гидрокортизонды, преднизолонды және метилпреднизолонды қара.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық аурулар, ревматоидты артрит, бронх демікпесі, ми ісігі және синтетикалық гормондарды қара. Ересектер үшін ішке 0,5 тен 15 мг-ға дейін тәулігіне, ал балаларға 0,25-2,5 мг тәулігіне тағайындайды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жасанды гормондарға ұқсас.

Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткада N. 10, 50, 100 және 1,5 мг және 4 мг N.10; 0,4% 1, 2 және 5 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,1% 5 мл сауыттағы-тамшы көз және құлақ тамшысының ерітіндісі; 0,1% көз жағындысы 3,5 г тубада; 0,1% көз суспензиясы 10 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Dexamethasoni 0,0005

D.t.d. N. 80 in tab.

S. 1-2 таблеткадан күніне.

#

 

Триамцинолон (Triamcinolonum), полькортолон, кеналог, фторокорт. Триамциналон айқын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті (иммунитетті төмендететін - ағзаның қорғаныс күші) әсер көрсетеді және көбінесе көмірсу мен ақуыз алмасуына әсер етеді. Бұл препаратты терапевтикалық мөлшерде қолданған кезде ағзада натрий иондарының ұсталуы және ісінулер байқалмайды, калий иондарының шығарылуы көтерілмейді, артериалды қысым жоғарламайды.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, коллагеноздар, аллергиялық аурулар, бронх демікпесінің ауыр түрлері және одан әрі синтетикалық гормондарды қара. Ересектерге 4-16 мг (40 мг дейін) мөлшерде тәулігіне, ал балаларға 4-12 мг тәулігіне тағайындайды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Жасанды гормондарға ұқсас.

Шығарылу түрі. 2, 4 және 8 мг таблеткада N.50, 100; 1 және 4 % сулы супензия 1 және 2 мл ампулада және 1 және 5 мл егуге арналған флакондағы ерітінді; 0,1% крем және жағынды 10, 15 және 30 г тубада; 0,1% стоматологиялық паста; мөлшерленген аэрозоль 120 және 240 мөлшер (55 және 100мкг/мөлшерге сәйкес).

Рецепт үлгісі. Rp.: Pastae Triamcinoloni 0,1% - 10,0

D.S. Тіс тесігіне күніне 1 рет салу қажет.

#

Бетаметазон (Betamethazonum), целестодерм В, целестон. Бетаметазон – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит және дәнекер тінінің аурулары, бронх демікпесі, экзема, нейродермиттер және т.б. Терінің қабыну ауралары, теренің және құлақтың аллергиялық аурулары. Ересектерге және жасөспірімдерге 0,25-8 мг ішке, ал балаларға 0,06-0,2 мг/кг тәулігіне тағайындайды.

Кері көрсеткіштері және жанама әсерлері. Басқа да жасанды гормондар сияқты.

Шығарылу түрі. 0,5 мг таблеткада N. 10, 30; 0,1% 5 мл флакондағы көз және құлақ тамшысына арналған ерітінді; 0,1% лосьон 30 мл флаконда; 0,2, 0,4 және 0,5% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 0,05% жағынды және крем 10, 20 және 30 г тубада; 0,064 және 0,1% жағынды және крем 15 және 30 г тубада; 0,1% көз жағындысы 5 г тубада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Lotionis Betamethazonі 0,1% - 30 ml

D.S. Терінің зақымдалған бөлімдеріне жағуға арналған.

#

 

10.1.4. Ингаляциялық жолмен қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар

Беклометозон (Beclometasonum) бекломет, бекодиск, бекотид. Беклометозон – қабынуға қарсы, ісінуге қарсы, аллергияға қарсы, демікпеге қарсы дәрі. Айқын глюкокортикоидты және әлсіз минералокортикоидты белсенділікке ие. Эндобронхиалды енгізу кезінде аллергиялық қабыну үрдісіне қатысатын (альвеолярлы макрофаг) жасушалардың көшуін және белсенділігін тежейді, эпителияның базальды мембранасын тығыздандырады, тостағанша жасушалардың кілегей секрециясын азайтады, бронхтың шырышты қабаттарындағы месше жасушалардың санын төмендетеді, брохтардың тегіс салалы бұлшықеттерін босатады, олардың адреномиметиктерге сезімталдығын қалпына келтіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, аллергиялық ринит. Ересектерге ингаляциялық жолмен тағайындайды 100-200мкг және балаларға 50-100мкг 2-4 рет тәулігіне. Интраназальды 1-2 әр мұрын саңылауына 2-4 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік (1 үш айында), емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсерлері. Дауыстың қырылдауы, мұрынның кебуі мен тітіркенуін сезіну, мұрыннан қан кету, атрофиялық ринит, фарингит, ларингит, көз ішілік қысымның жоғарылауы, лейкоцитоз, лимфопения, эозинопения, ауыздың және мұрынның кандидозы, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль ерітінді түрінде және суспензия ретінде 50, 100, 200 және 250 мкг/мөлшер (80 және 200 мөлшер) ингаляцияға арналған баллонда; 100, 200 және 400 мкг/мөлшер (200 мөлшер) ингаляцияға арналған капсуладағы ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Beclometasoni 0,00005

D.S. Тәулігіне 1 – 4 мөлшерден 2 – 3 рет

#

Будесонид (Budesonidum), апулеин, пульмикор. Будесонид – қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және бронхты кеңейтуші дәрілер.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, бронхоспастикалық жағдай, атопиялық дерматит, экзема, псориаз, Крон ауруы. Ингаляциялық жолмен ересектерге 1-4 мөлшерде будесонид митенің немесе 1-2 мөлшерде будесонид фортені, ал балаларға 1-2 мөлшерде будесонид митені 2 рет тәулігіне (0,2-0,8 мг тәулігіне), интраназальды 60-120 мкг (2-3 тамшыны әр мұрын саңылауына) 2 рет тәулігіне, сыртқа май немесе крем түрінде теріге 1-2 рет тәулігіне, ішке 3 мг капсула түрінде Крон ауруында тәулігіне 3 реттен қолданады.

Кері көрсеткіштері. Өкпе туберкулезінің белсенді сатысында, тыныс жолының саңырауқұлақтық инфекциясында, бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында, балалық шақта.

Жанама әсерлері. Беклометазан сияқты ингаляциялық және интраназальды қолдану үшін. Ішке қабылдау кезінде диспептикалық бұзылыстар, тромбтың түзілу тәуекелі, артерияды қысымның жоғарылауы, ульцерогендік әсері, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қызметі төмендеуі және т.б.

Шығарылу түрі. 0,025% жағынды және крем 15г тубада; мөлшерленген аэрозоль 50мкг/мөлшер – 200 мөлшер; 0,0125, 0,025 және 0,05% суспензия 2 мл N.4, 20 ингаляцияға арналған контейнерлер; мөлшерленген ұнтақ 100 және 200 мкг/мөлшер -100 және 200 мөлшер ингаляцияға арналған және капсулада 200 және 200 мкг/мөлшер – 100 және 200 мөлшер; 0,05% 5 мл интраназалды қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 3 мг капсула N.10 ішке қолдануға арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Budesonidi 0.003

D.t.d N.30 in caps.

S. Тәулігіне 1 капсуладан 3 рет.

#

Флунизолид (Flunisolidum) ингакорт. Флунизолид – фтордан тұратын, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, созылмалы обструктивті бронхит, аллергиялық риниттер. Ересектерге ингаляция ретінде 8 ретке дейін тәулігіне (мг), балаларға 2 рет (500мг) қолданылады.

Кері көрсеткіштері. Ауыз қуысының және бронхтың вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық инфекциялары, туберкулездің белсенді сатысында, жүктілік (1 үш айында), 5 жасқа дейін.

Жанама әсерлері. Ауыз-жұтқыншақтың кандидозы, дисфония, жөтел.

Шығарылу түрі. Мөлшерленген аэрозоль баллонда 250 мкг/мөлшер – 120 мөлшер.

Рецепт үлгісі. Rp.: Aerosoli Flunisolidi 0,000025

D.S Ингаляция ретінде 1–3 рет (тәулігіне 2- 8 мөлшер)

#

 

Флутиказон (Fluticasonum), кутивейт, фликсоназа, фликсотид. Флутиказон – фтордан тұратын қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және қышымаға қарсы дәрі.

Қолданылу көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бронх демікпесі, аллергиялық ринит, экзема, псориаз, нейродерматоздар. Ересектерге ингаляциялық 100-1000 мкг, ал балаларға 50-100мкг 2 реттен тәулігіне, ересектерге 100 мкг, ал балалаға 50 мкг интраназальды қолданады.

Кері көрсеткіштері. Вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсерлері. Жұтқыншақтың және мұрын қуысының кебуі мен тітіркенуі, бастың ауыруы, мұрыннан қан кету.

Шығарылу түрі. Мөлшерленген спрей (сулы суспензия) 50 мкг/мөлшер – 60, 120 және 150 мөлшер интраназалды енгізуге арналған флакондағы ерітінді; мөлшерленген аэрозоль 25, 50, 125 және 250 мкг/мөлшер – 60 және 120 мөлшер; ротадискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ 50, 100, 250 және 500 мкг/мөлшер – 4 мөлшер; 0,05% крем және 0,005% жағынды 15 г тубада.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung.Fluticosonі 0,005% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жеріне жағу қажет.

#

 

10.1.5. Жергілікті қолдануға арналған глюкокортикоидты препараттар

Клобетазол (Clobetasolum), дермовейт. Клобетазол – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолданылу көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Псориаз, созылмалы экзема, жалпақ теміретке. Жергілікті зақымдалған тері аймағына 0,5% майды 1-2 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері. Безеулер, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтық зақымдануда, жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Ұзақ қолдануда терінің атрофиясы.

Шығарылу түрі. 0,05% крем және жағынды 25 г тубада; 0,05% лосьон 30 және 100 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Crem Clobetasoli 0,05% - 25,0

D.S. Терінің зақымдалған жеріне жағу.

#

Мометазон (Mometasonum), элоком. Муметозон - қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық ринит, псориаз, атопиялық дерматит, бастың шашты бөлігінің терісінің зақымдалуы. Интраназальды 100-400мкг (1-4 ингаляция) күніне бір рет, жергілікті крем және май түрінде.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде, 12 жасқа дейін.

Жанама әсері. Мұрынның шырышты қабатын күйдіру мен тітіркендіру сезімі, фарингит, мұрыннан қан кетулер, тері атрофиясы, екіншілік инфекция және т.б.

Шығарылу түрі. Интраназальды енгізуге арналған баллондағы спрей 18 г 50 мкг/мөлшер -120 мөлшер; егуге арналған мөлшерленген ұнтақ 400мкг/мөлшер – 30, 60 мөлшер; 0,1% крем тубада 5 және 15 г және 5 г; 0,1 тубадағы жағынды; лосьон 20 мл флаконда.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Mometasonі 0,1% - 5,0

D.S, Терінің зақымдалған жеріне жағу.

#

Флуоцинолон ацетонид (Fluocinoloni acetonidum), синафлан, флуцинар. Флуоцинолон ацетонид – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі. Қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді. Теріге әсер ете бастаған кезде нейтрофилдердің шеткері аймақтарда шоғырлануын ескертеді, ол цитокин өнімдерін және қабыну экссудатының азаюына әкеледі; макрофагтардың көшуін тежейді, грануляция және инфильтрация үрдісін азайтады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Аллергиялық дерматиттер, терінің қабыну аурулары. Жергілікті 0,025% мазь терінің зақымдалған бөлігіне тәулігіне 2-4 реттен.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік, емшекпен емізу кезінде.

Жанама әсері. Ұйқысыздық, артериялды гипертензия, аритмия, остеопороз, сероидты қант диабеті, ішек атониясы, ісінулер, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 0,025% 10, 15 және 30 тюбиктегі жағынды; 0,025% 15 г тубиктегі гель (линимент); 0,1% 15мл флакондағы лосьон.

Рецепт үлгісі. Rp.: Gel Fiucinolonі acetonidі 0,025% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жеріне тәулігіне 2 реттен жағу.

#

Флуокортолон (Fluocortolonum) ультралан. Флуокортолон жергілікті қабынуға қарсы, десенсибилизирлеуші және аллергияға қарсы айқын көрсетеді, микротамырлардың өткізгіштік бұзылысын азайтады, терінің ісінуін, қышуын, ауыруын, тіндердің лейкоцитарлық жасуша аралық инфильтрациясын, қабыну медиаторының және аллергиялық реакциялардың түзілуін азайтады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жанаспалы дерматит, экзема, нейродерматит, псориаз, дискойдты қызыл жегі. Жергілікті май түрінде 0,25% зақымданған аймаққа тәулігіне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Туберкулезді және мерезді терінің зақымдануы, вирусты инфекция.

Жанама әсері. Терінің атрофиясы (ұзақ қолданғанда), периоральды дерматит, терінің аллергиялық реакциясы.

Шығарылу түрі. 0,25% май 10, 15 г тубта.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Fluocortolone 0,25 % - 10,0

D.S.Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін.

#

Флуметазон (Flumetasonum), локакортен, лоринден. Флуметазон – фтордан тұратын қабынуға қарсы және аллергияға қарсы дәрі. Ферменттердің синтезіне және белсенділігіне әсер етеді (ПГ және басқа да эндогенді биобелсенді қосылыстар), жасушалық мембрана мен тіннің құрылымына және өткізгіштігіне, тасымалдау үрдісіне әсер етеді. Резорбтивті әсер көрсетпейді, өйткені зақымдалмаған тері мен шырыштардан мүлдем өтпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Экзема, нейродермит, қышыма. Жергілікті крем және май түрінде 0,02% тері мен шырышты қабықтарына тәулігіне 2-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Туберкулезді, мерезді тері зақымдануы.

Жанама әсері. Аллергиялық реакция.

Шығарылу түрі. 0,02% 15 г тубтағы крем және жағынды; 0,02% 15мл флакондағы лосьон.

Рецепт үлгісі. Rp.: Crem Clobetasoli 0,02% - 15,0

D.S. Терінің зақымдалған жерлеріне жағу үшін. #

 

10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар тобының дәрілері

10.2.1.1 Салицил қышқылының туындысы

 

Ацетилсалицил қышқылы (Acidum acetysalicylicum), аспирин. Ацетилсалицил қышқылы қабыну ошағындағы жүріп жатқан үрдістерге әсер етеді: капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді, гиалуронидаза белсенділігін төмендетеді, АТФ түзілуін тежеу жолымен қабыну ошағының үрдісін энергетикалық қамтамасыз етуін шектейді. Қабынуға қарсы әсер ету механизмінің негізіне простогландин биосинтезін баяулату жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру сезімін басатын және қызуды басатын дәрі ретінде (қызбамен жүретін ауруларда, бас ауыру, бас сақинасы, невралгияда және т.б.) күніне 0,25-0,5-1 г 3-4 рет; балаларға жасына сай 0,1 -ден 0,3 г дейін бір реттік мөлшерде тағайындайды. Ревматизм, инфекционно-аллергиялық миокардитте, ревматоидты полиартритте ересектерге ұзақ уақыт тәулігіне 2-3 г (кейде 4 г), ал балаларға туған жыл санына тәулігіне 0,2 г тағайындайды. 1 жастағы балаларға бір реттік мөлшері 0,05 г, 2 жасқа — 0,1 г, 3 жасқа — 0,15 г, 4 жасқа — 0,2 г. 5 жастан бастап 0,25 г таблеткадан тағайындауға болады.

Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, қан кетулер, портальді гипертензия, қан айналымның бұзылуы, бронх демікпесі, бауыр және бүйректің ауыр қызметінің бұзылыстары.

Жанама әсері. Ульцерогенді әсері. Асқазан ішектік қан кетулер, бронхоспазм, естудің төмендеуі, нефротикалық синдром, аллергиялық реакция, ұзақ уақыт қолданғанда қаназдыққа, лейкопенияға, тромбоцитопенияға әкеледі.

Шығарылу түрі. 50, 75, 100, 250, 300, 325 және 500 мг таблеткалар N.10, 20, 100 және 100 мг балалар үшін N.10; 50, 100, 300 және 325 мг ішекте еритін таблеткалар N.10, 20; 25, 330, 350 және 500 мг шайнауға арналған таблеткалар N.10, 16, 20, 100 және балаларға арналған 81 мг таблеткалар N.36; 100г ішке қолдануға арналған қораптағы ұнтақтар.

Рецепт үлгісі. Rp.: Acidi acetysalicylici 0,1

D.t.d. N.10

S. Қораптың құрамындағы ұнтақты 100мл суға ерітіп, күніне 2 – 3 рет

#

Пиразолидин туындысы

Фенилбутазон (Phenylbutazonum), бутадион. Фенилбутазон –ауыруды басатын, қабынуға қарсы және қызуды түсіруші дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматизм, инфекциялық өзіндік емес полиартрит (бірнеше буынның қабынуы), Бехтерев ауруы, түйінді эритема (терінің шектеулі қызаруы), кіші хорея (бас миының ревматикалық зақымдануымен туындаған ауру) және т.б. Ішке 0,1-0,15 г–нан тәулігене 2-3-4 реттен.

Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы, қантүзуші ағзалардың ауруы, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ-ІІІ сатысы, артмиялар (жүректің жиырылу ырғағының бұзылуы).

Жанама әсері. Жүректің айнуы, асқазан тұсының ауыруы (шырышты қабаттың жаралануы мүмкін), тері бөртпелері, невриттер (жүйкенің қабынуы), қаназдық (қан құрамында гемоглобиннің төмендеуі), гематурия (зәрдегі қан) және т.б.

Шығарылу түрі. Балаларға арналған 30 және 50 мг таблеткалар және ересектерге арналған 150 мг таблеткалар N.10; 5% 20 г тубадағы жағынды.

10.2.1.3. Индол сірке қышқылының туындысы

Индометацин (Indometacinum), метиндол. Индометацин – тиімділігі жағынан ең белсенді қабынуға қарсы стероидты емес препарат болып табылады. Простогландиннің биосинтезін күшті баяулатады. Айқын ауыруды басатын белсенділік танытады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Артриттер, анкилозирлеуші спондилит, остиоартроздар, подагра, тромбофлебиттер. Ересектерге ішке 25-50 мг-нан тәулігіне 2-4 рет, тік ішекке 50 мг тәулігіне 1-3 реттен.

Кері көрсеткіштері. Асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жарасы, қан кетулер, бронх демікпесі, тромбоцитопения, ауыр бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік.

Жанама әсері. Диспепсиялық бұзылулар, асқазан-ішек жолының эрозивті-ойық жарасы, іштің қатуы, токсикалық гепатит, асқазан-ішек және тік ішек қан кетулері, артериалды гипертензия, аритмия, қаназдық, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гипергликемия, гиперкалемия, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 25, 30 және 50 мг капсулалар N.20, 30, 50, 100; 75 мг ретард капсулалар N.10, 50; 5, 10 және 25 мг таблеткалар N.10, 30. 50; 25 мг ішекте еритін таблеткалар; 25 мг дражелер N.30; 50 және 100 мг тік ішек балауыздары N.5, 6, 10; 3% 2 мл ерітінді N.10 бұлшық етке арналған ампуладағы ерітінді; 1 және 10% тубадағы гель 50 және 100 г және 5% 40 г; 5 және 10% 30 және 40 г тубадағы жағынды; 1% көз суспензиясы; 0,1% 5 мл флакондағы көз тамшысы ретінде қолданатын ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Dragee Indometacini 0,025

D.t.d. N. 30

S.1 дражеден күніне 3 рет.

#

Сулиндак (Sulindacum), клинорил. Сулиндак простагландин синтезінің тежелуі мен циклооксигеназаны баяулатуымен байланысты болатын, қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіруші әсер көрсетеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, остеоартрит, спондилоартрит, люмбаго. Ересектерге ішке 100-200мг, балаларға 4-6 мг/кг 1-2 реттен.

Кері көрсеткіштері және жанама әсері. Көбінесе индометацинге ұқсас.

Шығарылу түрі. 100, 150, 200 және 400мг таблеткалар; 1 және 4% балаларға араналған ішке қолданатын суспензия.

Этодолак (Etodolacum) эльдерин. Этодолактың қабынуға қарсы, қызуды басатын, және жалпы ауыруды басатын басты әсер ету механизмі, циклооксигеназа ферментін басуына байланысты, нәтижесінде арахидон қышқылынан түзілетін простагландиндердің, простациклиндердің және тромбоксанның биосинтездері бұзылады. Простагландин өнімдерінің азаю салдарынан, олардың гипоталамустағы жылуды реттеу орталығына пирогенді әсері төмендейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревмотоидты артрит, ревматизм, анкилозирлеуші спондилит, остеоартроз. Ішке 200-300мг 2 реттен тәулігіне тамақ арасында.

Кері көрсеткіштері. Негізі он екі елі ішектің және асқазанның ойық жарасы, асқазан-ішек жолдарынан қан кетулер, жүктілік, емшекпен емізу кезінде, балалық жас.

Жанама әсері. Диспепсиялық бұзылыстар.

Шығарылу түрі. 200 және 300 мг таблеткалар N.20.

10.2.1.4. Фенил сірке қышқылының туындысы

Диклофенак (Diclofenacum), вольтарен, ортофен. Диклофенак айқын қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер көрсетеді. Диклофенактың негізгі әсер ету механизмі экспериметальды жағдайларда белгіленген, онда простагландиндердің биосинтезін тежейді. Простагландиндер қабыну, ауыру, қызба генезінде маңызды рөл ойнайды. In vitro диклофенак натрий шоғырымы эквивалентті болуы науқастарды емдеуде көрінеді, олар шеміршек тінінде протеогликандар биосинтезін тежемейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: