double arrow

Кубаев К.Е., Байшоланова К.С. Инновационный бизнес (учебное пособие). Алматы: «Экономика», 2011. 2 страница

Жоғарыда нарық инфрақұрылым жиынтығында көлемді орынды делдалдық жүйелер алатынын айтқамыз. Делдалдық жүйе құрылымдарына түрлі қорлар, аукциондардағы: ағылшын және голланд тәсілі бойынша өткізілетін тауар сату түрлері, биржалар: валюталық, тауарлық, фондылық (қор)биржа құрамдары кіреді. Биржа (лат. Burga әмиян, қапшық) нарықтың ұиымдасқан формасы, мунда сураныс пен ұсыныс негізінде тауар мен (тауар биржасы), бағалы қаеғаздармен (қор биржасы, валюталық биржа сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен енбек биржасы) айналысады.Қазіргі кезде биржа көтерме сауданың ерекше түрі ретінде, арнаулы салынған ғимаратта, үиде бәсеке саудаласуы жүргізіледі. Тауар биржасы боп жүиелі түрдегі функционалды тұрақты жумыс істейтін шикі затпен, тутыну товарлардың көтерме саудасы. Биржа саудасының ерекшелігі казіргі кезде биржада жоқ тауарды сатып келісү. Бұл тауардың тұрақтылығына, біртектілігіне байланысты және тауардың партияларын ауыстыру мүмкіншілігіне байланысты.Тауарлық партиялар сан, салмақ, размеріне сәйкес айқындалып, ауыстырылуына мумкіншілік туғызады. Таурлық биржа тауар саудасында делдалдық қызымет атқарады Тауарлық биржа түрлі тауар сату мен алу процеесстеріне арналған.Биржадағы сауда делдалы, брокер контрагенттерді алдын ала ойлау келісіміне көмектесетін және келісім шарттың ескерілетін жағдайларына қатынасады. Қәзіргі кезде биржа жумыстары біздін мемлкетте тауарлық биржаның нақты инфра құрылымыдары қалыптасу үстінде. Фондылық, қор биржалары ірі корпорациялар және банк мекемелерінің акцияларын орналастыру жумысын қолға алып алғашқы Казақстандық тәжрибеге иеленді.

2 дәріс. Инновацияның ерекшеліктері және инновациялық тәуекелділіктің қалыптасуы

1. Инновация туралы түсінік

2. Инновациялық рөлі мен функциялары

3. Кәсіпкерлік инновациялық қызметі

4. Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

5. Инновациялық қызметкерліктің стратегиясының қалыптасуы.

Инновация- жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комплекстік немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы «инновация» мен әжаңалықә терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаментальды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру; өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация-жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация-жаңалықты енгізудің нәтижесі.

Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде «жаңалық» және «инновация» дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. «Жаңалық» деген айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға таяу.

«Жаңалық енгізу»-бұл жаңа техника мен технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың жақсарған әдістері.

Инновация-бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Инновация-бұл жаңалық енгізудің жалпы процесі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.

Фирма жүйесінің «кірісі»сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың «шығысында» тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру-технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, оларды басқа салаларға таратуды (диффузия), инновациялық қызметті айтады.

Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:

а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;

б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;

в) ұсынылған жіктелу беліглерінің ғылыми жаңалығы;

Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты- басты жолы, қандай да бір қызмет саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқы экономикалық және т.б) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады. Кез-келген саясаттың негізгі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның иноовация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәскеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.

Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзінде асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыру үшін сатылады.

Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;

Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрстекіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т.б факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды.

Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен қарқындық негізгі көрсеткіштердің бірі оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады. Экономикалық тиімділікті кіріс формасында алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын кешенді көтеру және датытуды іс жүзіне асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне потенциалды экономикалық тиімділікті алып жүреді.

Инновациялық рөлі мен функциялары

Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет рөлінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:

-мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;

-ұйымның рационалды құрылымын талдау;

-ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;

-ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;

-ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәскестікті талдау;

-ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;

-инновация және жаңалық портфелі ұйымның құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);

-жоба экспертизасының сапасын талдау;

-ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапасын анықтау;

-инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;

Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтау отырып іс жүзіне асыру керек.

-диалектика (жүйеліктің келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципті, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;

-талдау мен жинақтау бірлігі;

-ранжирлеу,

-баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;

-оперативтілік;

-сандық анықтамалығы және т.б.

Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б

Инновация бұл-экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.

Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.

Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.

Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:

-өндірістік;

-инвестициялық;

-ынталандырушы;

Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.

Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.

Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі.

Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.

Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолданылуы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.

Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация пайдасы инновацияның инвестициялық функциясын құрайды.

Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің латын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға, қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б) қызғушылық тудырады. Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның құрамын құрайды.

Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.

Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен, тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен мекеніне байланысты экономикалық формалардың және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға болады. Нарықтық мехнизмге бағалар, ақша, несие және басқа да бағалы категориялар жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы мен ұсынысы, бағалар машстабы, жаңалықтардың өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты. Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының байланысына қызмет етеді және оны басқарудың факторы болып табылады. Сонымен бірге де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің қолданысы үшін пайдаланылады.

Астыдағы кестеде жаңалықтар нарығының тауарлары мен инновациялық тауарлар топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде берілген:

Инновацияның тауарлардың түрлері тауар мінездемесі

Бірлік жаңалық белгілі бір өмір уақыты мен моральдық қартаюының интеллектуалдық іс-шаралары ретіндегі өнімді білдіретін инновациялық тауар.

Обьектік жаңалық жаңа қолданушы бағалықты құрайтын және техника мен технологияның дамуына белгілі тенденцияларды ұсынатын бірнеше біртектік байланысты жаңалық түрі.

Негізгі жаңалық жаңа өнімдерге сұранысты немесе экономиикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңалықтардың біртектік комплексі.

Программалық жаңалық жаңа сұраынысты қамтамасыз ететін бірлік обьектер мен негізгі жаңалықтардың, және де бірыңғай өзгермелі комплексі.

Кәсіпкерлік инновациялық қызметі

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі- бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамынң мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

-өнімділік;

-үрдістік.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияларға неігзделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация-бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпкерліктің иноовациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

-жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

-өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;

-жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесстерді әзірлеу;

-қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

-жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

-қажетті ақпараттақ ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

-қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

-лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу және қажетті құжаттарды алу;

-инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңіне- жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі.

Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткеіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштері әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне,сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа тезника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

Техникалық және ұйвымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төменгі топтарға бөлінеді:

-еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс ісьеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;

-материалдық қайтарымның үстелуі(материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;

-қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы реасурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;

-пайданың немесе өнімнің өзіндік құынынң үстелуі;

-кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.

Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.

Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:

Біріншікезең- бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажеттің шығындарды анықтау;

Екінші кезең-бұлқаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең- бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономиккалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең-бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салымстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.

Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

-өнімде және қызет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;

-қолданысты жаңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;

-қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;

-банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;

-валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.

Экономикалық нәтижелілік-бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік- бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды босатып алу; материалдық, еңбек және қаржы.

Техникалық нәтижелілік-бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелілік- бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбігінің үлесін төмендету, т.б.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: