Мультфильмы: Верните Рекса 11 страница

С.Кеншинбаева

Тақырыбы: Кешірімділік – көңіл кеңдігі

Құндылық: Дұрыс «іс-әрекет Қасиеттер: ақкөңіділік, адалдық, ізеттілік

Мүғалім: Корпебаева Гулжан Сынып: 8а Оқушы саны: 28

Сабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірім мен түсінушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету.

Міндеттері: -«кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру;

· айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;

· кешірімділікке тәрбиелеу;

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Тыныштық сәті (2-5 минут)

Баяу әуен қосылып тұрады. Балалар денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Тыныштық бар жерде.... Тыныштық бар әлемде.... Күлімдеген күн, әсем табиғат, барлық адамдардың жүзі мейірімге толы, қандай әсем, қандай керемет. Біздің де жан дүниеміз бір тыныштық тапқандай бір рахат күйдеміз. Осы сезімімізбен біраз уақыт өз жан дүниемізге үңіліп жақсы ойға шомайық.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Мұқағали Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңінен берілген үзіндіден түсінік сұраймын.. Берілген сұрақтарға жауап береді.

· Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болды?

· Күндестік, бқталастық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

· Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

· Адам адамға тек қана қуаныш сыйлауы керек деген пікірге келісесің бе?

Жаңа тақырып

Балалар бүгін біз жаңа сабақ «Кешірімділік – көңіл кеңдігі» атты тақырыппен танысамыз.

ІҮ. Дәйексөз

Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде «Кешірімділік анадан, кішіпейілділік данадан» деген мақлды талдауды ұсынамын.

Ү. Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы) Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген құмырсқа ашуланып: «Әй, Аллаһтың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік Иесі Аллаһ Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» – дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, құмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін», – дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Біріншіден, бірнәрсе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Аллаһтың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Аллаһтың кеңшілігінен қалайша тиясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Аллаһ Тағала екенін есіңде тұт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» – дейді. Сүлеймен оған, «Аллаһ қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», – деп уәде беред і.

ҮІ.Шығармашылық жұмыс

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген тапсырманы орындап, біткен соң жария етеді.

ҮІІ.Топпен ән айту

«Асыл арман» әнін оқушылармен бірге үнтаспаға қосылып орындайды.

ҮІІІ. Үй тапсырмасы

А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты әңгімесін түсініп оқып келу

ІХ. Соңғы тыныштық сәті

Баяу әуен қосылады. Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.

Бекітемін

Мектеп директоры: ______Ө.Дүйсәлі

«__» «_____» 2015 жыл

 

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Мерзiм: 21.11.2015 Мұғалiм: Құспанова Аңсағаным.

Сынып: 8 Оқушылар саны: __

Тақырып: Кешірімділік – көңіл кеңдігі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиет (сапа): мейірімділік, ақылдылық, рақымшылдық, адамгершілік

 

Мақсаты:

Оқушыларға кешірімді болу адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға кешірімділіктің дұрыс әрекет екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың кешіре білу қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың мейірімділік, ақылдылық, рақымшылдық, адамгершілік қасиеттерін көрсете білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Интерактивті тақта, слайд, музыка, ватман, қағаздан жасалған гүлдер

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» сақтау)

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырайық. Денемізді түзу ұстайық. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тіземіздің үстіне болмаса үстел үстіне қойып аламыз. Көздерімізді жұмайық. Елестетіп көрейікші:

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға барды. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы нұрды жүрегіңізге апарыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Сабақ барысын талдау:

2. Үй тапсырмасын тексеру

Кітаптағы 48-беттегі М.Мақатаевтың «Күндестік

құрысын» өлеңінен берілген үзіндіден түсінік сұрау. Берілген сұрақтарға жауап береді.

· Адамдар арасындағы реніштің тууына не

себеп болды?

· Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай

түсінесіңдер?

· Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес

берер едіңдер?

· Адам адамға тек қана қуаныш сыйлауы керек

деген пікірге келісесің бе?

· Біреуге өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай

сезіндіңдер?

Ендеше қорытындылайық. Адамдарға ренжу, өкпелеу – еш пайда әкелмейді. Күйзеліске апарады, денсаулыққа зиян тигізеді, отбасының берекесін алады, жүректі қатайтады. Сондықтан адам адамға түсіністікпен, кешірімділікпен, жылы сөзбен қарым-қатынас жасағаны жөн. Қолымыздан келгенінше қуаныш сыйлағаны дұрыс, сонда адами қасиеттерімізді, адамгершілігімізді жоғалтпаймыз.

 

3. Дәйексөзбен жұмыс.

«Кешірімділік – анадан, кішіпейілділік - данадан»

Халық даналығы

 

4. Әңгімелеу (Мұғалім сыйы):

«Көк ту және достар» мультфильмі

Сұрақтар:

1. Бұл мультфильмді көре отырып, қандай ой түйдіңіздер?

2.Адамның жасаған жақсылығын есте сақтап, ал жамандықты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Адамдардың сенімін жоғалтпас үшін оларға деген өкпеңді кешіру білу керек пе?

4. Айналаңдағы адамдар сені ренжіткен кезде өзіңді қалай сезінер едің?

5. Өзіңнің бойыңда қандай рақымшылдық қасиеттер бар?

 

5. Сергіту сәті. «Қара жорға»

 

6. Шығармашылық әрекет, топтық жұмыс.

«Кешірімшіл баламыз!» тақырыбында өлең құрастыру

1-топқа:

1. Мейірімді баламыз,

......................................,

Нұрлы күн сөнбесін!

......................................,

Өшігуді білмейміз,

.....................................!

2-топқа:

2. Тату өмір сүрейік,

...................................,

Бақытты баламыз!

....................................,

Жақсыға бой түзейік.

.....................................!

3-топқа: «Кешірімділік – дұрыс әрекет» тақырыбына сурет салу

 

6. Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы, бауырлар!»

Сөзі: Серік Қалиев

Әні: Құрмаш Маханов

Көркем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

 

6. Ойын. « Кешірім гүлін сыйлау»

· Балалар, сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен

адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар.

(Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден кешірім сұрап, кешірім гүлін сыйлайды.

 

6. Үй тапсырмасы.

«Кешірімділік» туралы өз ойларын жазып келу.

 

6. Соңғы тыныштық сәті.

· Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі

өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсем де көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол – жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Северный орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:
«Кешірімділік көңіл кеңдігі»

Өткізген: Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Идирова Н.Ж.
8 «б» класы

2010-2011 оқу жылы
Күні: 18.11.2010 ж
Пәні: Өзін-өзі тану.
Класы: 8 «б»
Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі
Мақсаты: 1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың
пайдасы туралы түсіндіру.
2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген
көзқарасын қалыптастыру.
3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу,тренингтер.
Көрнекілігі: слайд, гүлдер, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
-Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.
Жаңа сабақ:
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып «Адам» әнін орындау.
-Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
-Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді?
-Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б.
Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды».
-Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы)
- Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар.
Жаңа ақпарат.
Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керке. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек.
Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.
Жағдаятты шешу.
Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді.Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды.Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды.Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.
Тапсырма: Берілген өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой тұжырымдарды
Көзқарас

Себеп

Мысал

қорытындылау
әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.
- Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек.
- Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма?
Ойын: Кешірім гүлін сыйлау.
- Балалар сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап кешірім гүлін сыйлайды.)
Сабақты қорыту:
Топтастыру әдісімен жаңа сабақты бекіту.
Балалар берілген сөздерді барлығы хормен айтады.

Мейірімділік
Ақылдылық
Ізгілік
Кешірімділік Рақымшылдық
Адамгершілік
Азаматтық
Ақкөңілділік

Үйге тапсырма:
Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым» әнін жаттап келу.
Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын....» атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Некрасов атындағы №9-гимназия
Мерзім:12.11.15.
Сынып: 8 «а».
Оқушылар саны: 24.
Тақырып:№10 Кешірімділік-көңіл кеңдігі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, отаншылдық
Мұғалім: Абдураимова В.С
Мақсаты:Оқушыларға «ақиқат құндылығы» арқылы кешірімділік адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіре отырып,ізгілікпен қарауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: оқушы бойында өз-өзіне деген адалдық, кешірімділік қасиеттерді дамыта түсу;
Дамытушылық: айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру;
Тәрбиелілік: оқушыларды шыншылдыққа,отаншылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар (құралдар,
мәліметтер,
оқулық, слайд, күнделік, дөңгелекше қағаздар,
түрлі – түсті суреттер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.Орманға ойша серуен.
Баяу әуен қойылады.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып,күлімсіреңіз!
Үй тапсырмасын тексеру
Ә.Рудакидің өлең жолдарына өз ойларын жазып келу. Көзқарас.Оқушы өз көзқарасын айтады.
Себебі.Оқушы ойлау себептерін көрсетеді.
Мысал.Оқушы мысал келтіреді.
Оқушы өз дәлелін келтіріп қорытады.
Ескерту:
5 Т-ны есте сақтау:
Тәртіп
Тазалық
Татулық
Тыныштық
Талап
Дәйексөз.
«Кешіре білген адам күшті адам» А.Иүгінеки
-Кешіру деген не?
-Кемшіліксіз адам бола ма?
-Өзгелерді кешіру арқылы не туындайды?
Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.
АҚИҚАТ ДҮКЕНІ
Бір адам маңдайшасында «Ақиқат дүкені» деген жазуы бар дүкенге бас сұғыпты.
Қандай ақиқат алғыңыз келеді, толық па, әлде жартылай ма,-деп сұрапты сатушы.
Әрине толық! – сенімділікпен жауап берді алушы. – Мен ешқандай өсек-өтірікті, болжамды, түсіндірулерді қабылдамаймын. Менің ақиқатымның бұрмаланбай анық, нақты, таза болғанын қалаймын.
Сатушы оны дүкеннің төріне алып барып «Қымбат» деген жазуы бар,
ақиқаттың бағасын көрсетті.
Неше тұрса да сатып алуға шешім қабылдаған ол:
Қанша тұрады?-деп сұрады.
Бағасы, Сіздің жан тыныштығыңыз,-деп жауап берді сатушы.
Адам ауыр, шаршаған, шаншыған жүрегімен сыртқа шықты.
Талдау сұрақтары:
1. Сатушы нені сатпақ болды?
2.Адамның жан тыныштығы неде?
3.Неліктен адамның жүрегі шаншыды?
4.Ақиқатты сатып алуға бола ма?
5. Ойланып көрейікші! Адам өмірінде ақиқат болмаса не болар еді?

Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. (Сыныпты түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы 3-топқа бөлу)
1- топ. Парақты екіге бөліп сызып, бір бағанға өзіне жақын адамдарды жазу. Екінші бағанға сол адамдардан не күтетінін (сезімі, әрекеттері) тізбектеп жазу.
2-топ. Кешірімділікке байланысты сөздерді теріп жазу.
3-топ. Әдептілік, кешірімділік, сыйластыққа байланысты мақал-мәтелдер жазу.

Топпен ән айту.Армандастар сөзі: Т.Молдағалиевтікі
әні: Ә.Бейсеуовтікі
Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар - құрдастар

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзалдостар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арманқуған, қиялқуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Солалғашқыалаулағансезім қайда?
Армандастар - құрдастар

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзалдостар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!

Қайырмасы:
Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзалдостар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: