К О Н Ц Е Н Т А Ц И Я. Т И Т Р

 

Ерітінділер деп екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын тепе-теңдіктегі гомогенді жүйені айтады.

Жүйе деп қоршап тұрған ортада беткейі арқылы бөлініп тұрған компоненттерді айтады.

Ерітінді екі компоненттен тұрады: еріткіш және еріген зат. Жүйедегі қайсы компонент көп мөлшерде болса және ерігенге дейінгі және ерігеннен кейін де өзінің агрегаттық күйін өзгертпейтін компонент еріткіш болады.

Еру - ерiткiш пен ерiген заттың химиялық әрекеттесуi.

Ерітiндiнiң құрамын көрсету

1) Массалық үлес (w%) - 100г. ерітiндiде ерiген заттың %-пен берiлген массасы.

Мысалы: Массалық үлесi 20% ерітiндi дегенiмiз: 80г. суда 20г. зат ерiген деген сөз, ал ерітiндiнiң жалпы массасы 100г.

Есеп: Массалық үлесi 15% 400г. ерітiндi дайындау үшiн керек сiлтiнiң массасын табу керек.

Шығару жолы: 100г. ерітiндiде 15г. сiлтi бар

ал 400 г. ерітiндiде х г. сілтi бар.

х = 400×15/100 = 60г.

2) Мольдік (молярлық) концентрация (См) - 1л ерітiндiдегi еріген заттың мөлшерi. Моль -1л - 1М, 0,1 моль - деци, 0,01 моль - санти, т.б.

Есеп: 600мл 0,15 М ерітiндi дайындау үшiн керек NaCI массасын табыңыз.

Шешуi: M(NaCI) = 58,5г. 1 М - 1л - 58,5г.

0,15М - 0,6л - х г.

яғни, m = M×VC = 58,5×0,15×0,6 = 5,265г.

3) Эквиваленттік (нормальдық) концентрация (Сэкв.) - 1л ерітiндiдегi ерiген заттың эквивалент мөлшерi.

4) Моляльдық концентрация (в)- 1кг (1000г) еріткіштегі ерiген зат мөлшерi.

Мысалы: 3m H2SO4 дегенiмiз, 1000г. H2O-да 3 моль 100% H2SO4 бар деген сөз.

5) Ерітiндiнiң титрi (Т) - 1мл ерітiндiдегi ерiген заттың (г) мөлшерi. Титр эквиваленттік концентрацияның (нормальдықтың) эквивалентке көбейтiндiсiне тең болады.

Т= Сэкв×Э/1000

Т=m/V

Ерітiндiлердiң қасиеттері. Осмос қысымы

Қысыммен таза судан су молекулалары ішкі ерітіндіге ұмтылады. Міне, осындай қысым - осмос қысымы деп аталады. Осмос қысымының еріген зат концентрациясымен байланысы: (бейэлектролиттер үшін):

Росм =С×R×Т

Росм -осмос қысымының шамасы;

С- ерітіндінің мольдік концентрациясы;

R- универсаль газ тұрақтысы;

Т- термодинамикалық температура.

Бұл өрнек - Вант-Гоффтың осмос заңы деп те аталынады.

Осмос қысымының мәні концентрацияға көп байланысты.

Ерітiндi бу қысымының төмендеуi. Раульдiң бiрiншi заңы

Фазалардың (сұйық-газ) бөлiну шекарасында екi құбылыс пайда болды - булану-концентрациялану (қайтадан сұйықтыққа айналу). Ерiткiш молекулалары буланып, газ күйiне өтедi де, ерітiндi бетiнде белгiлi мөлшерде су буынының қысымын туғызады. Бу сұйықтыққа конденсацияланып, қысым төмендейдi. Ең соңында белгiлi температурада (250С немесе 2980К) булану-конденсациялану тепе-теңдiгi орнайды да, су буының қысымы (яғни ерiткiштің) тұрақты болды. Оны Р0 деп белгiлеймiз. Егер сол температурада буға айналмайтын (мысалы, қант) электролит емес затты ерiтсе, онда қанттың гидратталған молекулалары ерітiндiнiң барлық көлемiнде және беткейiнде жайылып, булану беткейiн жабады да, судың булану алаңы кемидi. Сонымен дәл сол уақыт мөлшерiнде және дәл сол температурада ерітiндiнiң беткейiнен судың аз молекуласы буланады да, будың қысымы кемидi. Сондықтан ерітiндiнiң бу қысымы барлық уақытта таза еріткiш қысымынан аз болады. Ерітiндiнiң бу қысымын Р -деп белгiлеймiз. Таза еріткiш қысымына Р0 салыстырылып алынған қысымдар “Р0-Р” айырмашылығы - ерітiндiнiң бу қысымының салыстырмалы төмендеуi деп аталады, яғни Р0-Р. Ол ерiген зат концентрациясына байланысты, ол неғұрлым көп болса, төмендеуi де көп болады.

Раульдiң I-заңы: сұйытылған электролит емес ерітiндiлер үшiн ерітiндi бу қысымның салыстырмалы төмендеуi буланбайтын ерiген заттың мольдік үлесiне тең болады,

Р0-Р/Р = х2.

Электролит емес ерітiндiлердiң қату температурасының төмендеуi және t0 қайнау температурасының жоғарылауы. Раульдiң II заңы

Кез келген таза ерiткiш секiлдi судың қату және қайнау температурасы бар. Егер қысым қалыпты болса, яғни 101325Па-тең болса, су t0=1000С қайнайды, t0=00С қатады. Бұл байланыс- Раульдың II заңымен көрсетiледi: Dt0қайнау =Е×в; Dt0қату = К×в

Dt - температураның жоғарылауы немесе төмендеуi,

Е=эбулиоскопиялық (қайнау) констатасы; Е(Н2О)=0,520С

К - криоскопиялық (қату) константасы; К(Н2О)=1,820С

в-ерiген заттың моляльдық концентрациясы.

в=m1×1000/M×m2

m1,m2 - ерiген зат пен ерiткiштiң массасы;

М - ерiген заттың молярлық массасы;

1000г. - су массасы.

Заңның көрiнiсi: (эбулиоскопиялық әдіс)

(криоскопиялық әдіс)

М-еріген заттың молярлық массасы; г/моль

m 1- еріген заттың массасы, г

m 2- еріткіш массасы, г

 

$$$ 88

1000 мл ерiтiндiде 4,9 г H2SO4 бар болса, осы ерiтiндiнiң нормалдығы (моль/л) қандай? M(Н2SO4)=98 г/моль.

А) 1н;

В) 0,02н;

С) 2н;

D) 0,1н;

Е) 0,5н.

 

$$$ 89

Ерiтiндiнiң эквиваленттiк концентрациясын (моль/л) анықтаңыз, егер 100 мл ерiтiндiде 63 г HNO3 болса.

А) 0,5;

В) 10,0;

С) 2,0;

D) 0,1;

Е) 0,2.

 

$$$ 260

Массасы 1,8 кг ерітіндіде еріген заттың массасы неге тең, егер оның массалық үлесі 20% болса?

А) 0,36кг;

В) 1,9кг;

С) 15,6кг;

D) 0,89кг;

Е) 123кг.

 

$$$ 124

1 л ерітіндіде 5,85 г NaCI бар. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясы неге тең (моль/л)? М(NaCI)=58,5 г/моль.

А) 1;

В) 0,1;

С) 0,2;

D) 2;

Е) 3.

 

$$$ 252

Ерітіндінің титрі деп... аталады.

А) заттың грамм мөлшері ерітіндінің 1 мл-де;

В) заттың эквивалент мөлшері ерітіндінің 1 л-де;

С) зат мөлшері ерітіндінің 1 л-де;

D) ерiген зат массасының ерiтінді жалпы массасына қатынасы;

Е) заттың нормалдығы және оның эквивалентінің көбейтіндісі.

 

$$$ 253

80%-тік сірке қышқылының 1000 г-на 3 л су қосылған. Алынған ерітіндінің проценттік концентрациясын анықтаңыз.

А) 25%

В) 20%

С) 10%

D) 35%

Е) 90%

 

$$$ 125

Массасы 5,0 г затты 200 г суда ерiту нәтижесiнде электр тогын өткiзбейтiн және кристалдану температурасы тең ерiтiндi алынады. Ерiген заттың молекулалық массасын (г/моль) анықтаңыз. Судың криоскопиялық тұрақтысы 1,860 тең.

А) 20;

В) 24;

С) 30;

D) 32;

Е) 38.

 

$$$ 132

200 г Н2О-да 40 г қантты (С12Н22О11) ерiткенде қант ерiтiндiсiнiң қайнау температурасы қанша градусқа өседi? М(С12H22O11)=342 г/моль, Е(Н2О)=0,520.

А) 0,30С;

В) 0,60С;

С) 0,90С;

D) 1,20С;

Е) 1,50С.

 

$$$ 133

100 г Н2О-да 10 г глицеринді (С3Н8О3) ерiткенде глицерин ерiтiндiсiнiң қату температурасы қанша градусқа төмендейдi? М(С3Н8O3)=92г/моль, К(Н2О)=1,860.

А) 1,010С;

В) 2,020С;

С) 4,040С;

D) 100С;

Е) 9,20С.

 

$$$ 126

Ерiген зат мөлшерiнiң ерiткiш массасына қатынасы деп... аталады:

А) нормалдық концентрация;

В) молярлық концентрация;

С) молялдық концентрация;

D) мольдік үлес;

Е) титр.

 

$$$ 127

Ерiген заттың эквивалент мөлшерінің ерiтiндi көлемiне қатынасы деп... аталады:

А) массалық үлес;

В) нормалдық концентрация;

С) мольдік үлес;

D) титр;

Е) молялдық.

 

$$$ 255

Массалық үлеске дәл анықтама беріңіз:

A) ерiген зат массасының ерiтінді көлеміне қатынасы;

B) ерiген зат массасының ерiткiш массасына қатынасы;

C) ерiген зат массасының ерiтінді жалпы массасына қатынасы;

D) ерiген зат эквивалент санының ерiтiндi 1 л көлемiне қатынасы;

E) ерiген зат мөлшерi санының ерiтiндi 1 л көлемiне қатынасы.

 

$$$ 256

Ерітінді титры қай теңдеу бойынша анықталынады:

А)T = n/V

B)T = N×Э

C)T = m×V

D)T = m×N

Е)Т = m/V

 

$$$ 257

Молярлық концентрация қай теңдеу бойынша анықталынады:

A) M = m/V;

B) C = m/V;

C) C = n/V;

D) N = C×V;

E) C = N×V.

 

$$$ 258

HCI және H2SO4 ерітінділерінің нормальдығы неге тең, егер олардың титрлері сәйкес тең 0,00359 г/мл және 0,004805 г/мл?

А) HCI = 0,0984; H2SO4 = 0,0981;

В) HCI = 0,00985; H2SO4 = 0,009806;

С) HCI = 0,000985; H2SO4 = 0,0009806;

D) HCI = 0,9850; H2SO4 = 0,9806;

Е) HCI = 0,1; H2SO4 = 0,1.

 

$$$ 115

Массасы 120 г ерiтiндiде 24 г калий гидроксидi бар болса, осы ерiтiндiнiң массалық үлесi қандай (w, %)?

А) 24;

В) 12;

С) 20;

D) 40;

Е) 60.

 

$$$ 116

Құрамында 10,5 г натрий фторидi бар 250 мл сулы ерiтiндiсінің нормалдық концентрациясы неге тең (моль/л)? MNaF=42г/моль.

А) 2;

В) 3;

С) 1;

D) 4;

Е) 16.

 

$$$ 118

400 г 50%-тік H2SO4 ерiтiндiсiнен (массасы бойынша) буландырып 100 г суды бөлiп алды. Қалған ерiтiндiдегi H2SO4 массалық үлесi (%) неге тең?

А) 44,5;

В) 66,7;

С) 50,4;

D) 45,4;

Е) 30,8.

 

$$$ 119

200 мл суға мөлшері 0,062 моль бейэлектролит ерiтiлген. Осы ерiтiндi қандай температурада (0С) қайнау керек? Судың эбулиоскопиялық константасы Е=0,520.

А) 100,160С;

В) 90,90С;

С) 1500С;

D) 123,40С;

Е) 0,980С.

 

$$$ 120

Массасы 125 г ерiтiндiде 25 г натрий гидроксидi бар. Осы заттың ерiтiндiдегi массалық үлесi неге тең (w, %)?

А) 25;

В) 24;

С) 23;

D) 21;

Е) 20.

 

$$$ 112

250 г суға 54 г глюкоза (C6H12O6) ерiтiлген. Осы ерiтiндi қандай температурада (0С) кристалданады? Судың криоскопиялық константасы 1,860 тең.

А) -100С;

В) 2,20С;

С) -790С;

D) -1,50С;

Е) -2,230С.

 

$$$ 108

Құрамында 3,46 г мочевина (CO(NH2)2), 100 мл суы бар ерiтiндiнiң қайнау температурасын анықтаңыз. Судың эбулиоскопиялық константасы 0,520 тең.

А) 100,8;

В) 100,3;

С) 103,0;

D) 100,5;

Е) 97,0.

 

$$$ 109

100 мл ерiтiндiде 3,4г AgNO3 болса, осы ерiтiндiнiң нормалдығы қандай (моль/л)? M(AgNO3)=170г/моль.

А) 0,2н;

В) 0,02н;

С) 2н;

D) 1н;

Е) 20н.

 

$$ 104

100 мл ерiтiндiде 49 г H2SO4 бар болса, осы ерiтiндiнiң нормалдығы қандай (моль/л)?

А) 10;

В) 5;

С) 1;

D) 0,5;

Е) 20.

 

$$$ 101

Құрамында 50 г тұзбен 200 г суы бар ерiтiндiдегi тұздың массалық ұлесiн (%) есептеңiз:

А) 50;

В) 20;

С) 10;

D) 25;

E) 15.

 

$$$ 102

20%-дық ерiтiндi дайындау үшiн 400 г суда NaNO3-тың қандай мөлшерiн ерiту керек?

А) 50 г;

В) 400 г;

С) 200 г;

D) 100 г;

Е) 150 г.

 

10. 100 г Н2О-да 9 г глюкозаны (С6Н12О6) ерiткенде судың қайнау температурасы қанша градусқа өседi? Судың эбулиоскопиялық тұрақтысы 0,520 тең.

А) 7 градусқа;

В) 2,9 градусқа;

С) 0,26 градусқа;

D) өзгермейді;

Е) 0,15 градусқа.

 

$$$ 60

Көлемі 400 мл және молярлық концентрациясы 0,3 моль/л ерітіндідегі калий хлоридінің масасы қанша?

А) 12,9 г;

В) 8,94 г;

С) 10 г;

D) 15,8г;

Е) 0,6г.

 

$$$ 34

Кристалдану температураны 1 градусқа төмендету үшін 100 г суда қанша грамм сахароза (С12Н22О11) еріту керек? К(Н2О)=1,860.

А) 100г;

В) 0,98г;

С) 18,4г;

D) 78,6г;

Е) 23г.

 

$$$ 35

1,12 м3 аммиактың зат мөлшері және массасы қандай (қ.ж.)?

А) 0,9 кг; 0,9 кмоль;

В) 0,85 кг; 0,05 кмоль;

С) 1,0 кг; 1,0 кмоль;

D) 10 кг; 0,7 кмоль;

Е) 1,23 кг; 3 кмоль.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: