ІІ-ші типтегі кламмер

а) кламмердің типтік қондырғысы

б) кламмердің тісте орналасуы, Т тәрізді өсінді меже сызығын қиып өтеді және оның тіреу бөлігі зонада жатады.

Үшінші типті кламмер көпшілік жағдайда бірінші жіне екінші типтердегі кламмер немесе комбинерленген деп те атайды.

ІІІ-тип кламмерлері


төртінші типтегі кламмер окклюзиялық бастырмалы бір иықты кері әсер етеді. Кламмердің қатты бөлімі меже сызығының үстінде орналасады,мысалы,тістің ұрт бетінде (егерде тіс тіл жаққа қисайған болса),бұл жағдайда тірек аймағының мөлшері жеткілікті болады.Кламмер тіл бетінде меже сызығын кесіп өтеді және өзінің серпімді ұшымен мойынға іргелес аймақта аяқталып,протездің ұстап тұруына ықпал жасайды.Кламмердің протез қаңқасымен байланысатын орны тістің қисаюына байланысты тіл (таңдай) немесе вестибульярлы жағында болуы мүмкін.

IV-тип кламмері

 

Бесінші типті кламмер екі окклюзиялды бастырмасы бар сақиналы. Кламмердің денесі тірек аймағында толық орналасады,демек тісті толық айналып өтеді, осыған байланысты оны сақиналы деп атайды. Иықтың серіппелі ұшы тістің қисайған жағында мойнына іргелес аймаққа кіреді және ретенциялық (ұстатқыш) әрекеті өте әлсіз.Бұл кламмердің екі окклюзиялық үстемеліктерінің болуы және тісті толық айналып жатуы,оның тіректік көрсеткіштігін жақсартады,ал ұстап тұрғыштың көрсеткіштігі өте әлсіз.

V-тип кламмері

 

Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.

• Тістерін толық жоғалтқан науқастарды емдеу функционалды және эстетикалық жағынан толыққанды протездерді жасауда күрделі мәселелерді тудырады

• Протез негізі (базис) –дегеніміз жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған пластинка.

• Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы,протездің негізн металдан даярлауға мәжбүр етуде.

Тістердің жартылай немесе толық жоғалуы көбіне 60 және оданда жоғары жаста жиі кездеседі.Тістерді толық жоғалтуының себептері әртүрлі. Жиі тіс жегі және олардың асқынуы,пародонтит, пародонтоз, жарақат, ісіктер т.б.

Нақасты қарағанда бет-әлпетінің өзгерісіне, кәрілік прогениясына, шайнау және сөйлеу қызметінің бұзылуына,альвеола өсіндісінің атрофиясына, қаттты таңдайды жауып жатқан шырышты қабық жағыдайына көңіл бөлінеді.Табиғи тістердің орнын жасанды протездермен ауыстырғанда, келесі мақсаттар орындалуы қажет:

Бұл емдік мақсаттар

1.шайнау қызметін қалыпқа келтіру:

2.беттің эстетикалық нормаларын, сөйлудің және адамның психологиялық жағыдайын қалыпқа кетіру.

Профилактикалық мақсаттар:

А.асқазан –ішек жолдарының ауруларының алдын алу;

Б. Самай-төменгі жақ буынының ауруларының алдын алу;

В. Бұлшықеттің атрофиясының ауруларының алдын алу т.б.

Ортопедиялық стоматологияда бет-әлпеті үш бөлікке бөлінеді:

· Жоғарғы

· Ортанғы

· Төменгі бұл жа,ыдай антропометриялық деп аталады

Жоғарғы бөлігінің 1/3-і шашпен маңлайдың шегарасы және қас үсті доғасының ортанғы сызығы арсында болады, содан мұрын қосалқасы негізіне дейін- ортанғы 1/3-і болады, мұрын қосалқасы негізінен иек шетіне дейін-төменгі 1/3-іболады.

Беттің ортанғы бөлігі аз өзгеріске ұшырайды. Сондықтан,орталық окклюзияның окклюзионды биіктігі етіп беттің орталық бөлігінің ұзындығы алынады.

Протез шекаралары

Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен жабылады..

Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді.

Протез негізі анатомиялық ретенциялардың айқындығына, шырышты қабаттың басымдылық дәрежесіне, бекіту тәсіліне және т.б. факторларға байланысты болады. Жақ сүйекте сақталған табиғи тістер саны неғұрылым аз болса, протез негізінің ауданы соғұрлым үлкен болады.

Биік альвеолярлы өсінді, шығыңқы үстіңгі жақ сүйек төмпешіктері, қатты таңдайдың терең болуы протез негізін кішірейтуге мүмкіндік береді. Кламмерлер мен әртүрлі бекіту элементтерінің саны көбейген сайын, протез негізін кішірейтуге мүмкүндік туады.

 

алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау:

• олардың қатты тіндері мен пародонт жағдайына;

• анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына;

• тістем түріне байланысты болады.

Көрсеткіштер

Имплант қоюға қарсы көрсеткіш болса.

Клиникалық кезең:

1.Нау қастың ауыз қуысын зертеп, тексеріп, диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп, альгинатты немес силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.

2. Жақ сүйегінен альгинитты массамен анотомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады.. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем екі жақтанда алынады, зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

1. Қалыптық өлшем қарапайым гипспен ғанышталады.

2. Гипстік мүсінді қалыптық өлшемнен ажыратып,болашақ алмалы-салмалы пластинкалы протездің шегарасы химиялық қаламен сызылады.

Жоғары жақтағы протездің шгарасы:қатты және жұмсақ таңдай шегарасындағы А сызығына 1мм жетпейді, вестебуляр беткейде жоғарғы ерін үзбесінің альвеола өсіндісіне біріккен төменгі нүктесіне 1. мм, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпардың шегарасына 1мм жеткізбей сызып алынады. Жоғары жақ дөңесі міндетті түрде протезбен жабылуы қажет, бұл оны бекіту мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.

Төменгі жақтағы протездің шегарасы: вестибуляр беткейде, төменгі ерін үзенгісіңің альвеолаға біріккен жоғары нүктесінен, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпарына және альвеола өсіндісінің дистал бөлігіндегі қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Ал ауыз қуысының оралды бөлігінде, тіл үзенгісінің альвеола өсіндісіне біріккен жоғары нүктесінен, ауыз қуысы табанының қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Тірек тістердің шегарасы сызылады.

Қазақ ғалымы, м.ғ.к. К.М. Садығалиевтің зерттеуі бойынша ұрт, тіл, ерін шырышты тартпасын босату үшін алмалы салмалы протезде ойықты дөңгелек пішінде жасайды.

3. Пластинкалы мүсіндеуші балауызбен(қалындығы 2мм, ұзындығы 170мм, ені 80 мм) болашақ протездің негізі(базисі,ғаныштық мүсінде сызылған шегаралар бойынша) мүсінделеді. Сол балауыздан, альвеола өсіндісінің тіс қатары кемістігі аймағына (балауызды жастықша)білік қойылады, олардың бүйірлік бөлігіндегі ені 1-1.2мм, ал алдынғы тістер аймағында ені 0.6-0.8мм аспауы керек. Біліктердің биіктігі 5мм болуы қажет, келешекте олардың орнына жасанды тістер қойылады. Балауыздан дайындалған протезді шаблоны клиникаға шақтап көруге жіберіледі.

Клиникалық кезең:

3. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.

4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, орталы окклюзияға негізделіп тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзенгілерін түзу сызық біріктіреді, фонтал тістердің шегарасы мұрын қанаттарының шегарасымен сызылады, ал күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы көз қарашықтарына негізделіп сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

4.. Балауыздан дайындалған протездің шаблонын орталы окклюзияға негізделіп окклюдаторға орнатады.

5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі.

6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.

7. Кюветаны преспен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.

8. Кюветаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кюеталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.

9. Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз(изакол), 15 минут қатуы күтіледі.

10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.

11.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, (пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.

12. Кюветаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).

Тегістеу және жылтырату

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)

3. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған жартылай алмалы-салмалы протезді малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. жартылай алмалы-салмалы протезді жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуылады.

8. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникаға жіберіледі.

Клиникалық кезең:

6. Дайын боклған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникада медикаменті өңделіп, ауыз қуысында шақтап көріледі. Протезге коррекция жасалып, кеңес беріледі.

 

Шырышты қабаттың классификациясы (Суппле, Люнд)

 

Классификация Суппле бойынша. Ең басты көңілді протез орнының шырышты қабығының жағдайына бөле отырып, төрт классқа бөлген: 1. Бірінші класс: жоғарғы жақ сияқты төменгі жақта да шырышты қабығы сәл икемді жабылған жақсы айқындалған альвеолярлы өсінділер бар.   Таңдайдың үштен бір бөлігі шырышты қабықтың біркелкі қабатымен жабылған. Шырышты қабықтың табиғи қатпарлары (ерін, тіл және ұрттың үзбелері) жоғарғы жақ сияқты төменгі жақта да альвеолярлы өсіндінің ұшынан жеткілікті алып тасталынған. Шырышты қабықтың бұл классы протезге ыңғайлы тірек болып табылады, сонымен қатар металды негізбен де. 2. Екінші класс: шырышты қабық жансызданған, альвеолярлы өсінді және таңдайды жұқа қабатпен жабады. Табиғи қатпарлардың бекіген жерлері альвеолярлы өсіндінің ұшына шамалап жақын орналасқан. Тығыз және жұқарған шырышты қабық алмалы протездiң тiрегi үшiн ыңғайлы, әсіресе металл базис үшін. 3. Үшінші класс: альвеолярлы өсінділер және қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігі қопсытылған шырышты қабықпен жабылған. Шырышты қабықтың бұндай күйі альвеолярлы өсіндінің төмен болуымен үйлеседі. Осындай шырышты қабықпен келген емделушілер ең алдымен емделуі керек. Протездеуден кейін оларға протез қолданудың қатаң тәртібін ұстану керек және міндетті түрде дәрігердің байқауында болу керек. 4. Төртінші класс: шырышты қабықтың қозғалмалы жүктері бойлай және оттискті массаның шамалы ғана қысымында жеңіл ығысады. Жүктер қысылып, протездің қолдануын қиындату немесе қолдануын мүмкін емес қылдырады. Бұндай қатпарлар төменгі жақта байқалады, көбінесе альвеолярлы өсінділер жоқ болғанда. Бұл түрге тағы да бос жұмсақ қыры бар альвеолярлы өсінділер де жатады. Бұл жағдайда протездеу тек оны алып тастағаннан кейін ғана мүмкін болады.

Тіс қатарының кемістігі Гаврилов классификациясы бойынша:

Тіс қатарлары бөлінеді.Оның ерекшелігі бір тіс

сақталған жақтарды бөлек бір топқа бөлген. Бұл жіктелуде ақаулар төрт топқа бөлінеді.
1) шеткері (біржақты және екіжақты);

2)ішінара (бүйірлі – біржақты, екіжақты және алдыңғы);

3)комбинирленген;

4)жалғыз тісті жақтар. Бұндай ақауларды протездеудің дайындығы мен әдісінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Тіс қатарының кемістігі Бетельман классификациясы бойынша:

Тіс қатарының кемістігі Бетельман классификациясы бойынша 2 классқа бөлеміз,әрбір класс 2 түрге бөлінеді.

Бірінші класс – бір немесе бірнеше ақауы бар тіс доғалары, бірақ біреуі немесе екеуі шеткі болады.

Екінші класс – ішінара ақауы бар тіс қатарлары. Бұдан басқа әр класстың кіші класстары бар екенін айтып кеткен.

Кеннеди классификациясы:


Тіс қатарлары ақаулары 4 классқа бөлінеді.

Бірінші класқа екіжақты шеткі ақауы бар тіс доғасы жатады.

Екінші класқа – біржақты шеткі ақауы бар тіс доғасы.

Үшінші класқа – бүйір бөлімдегі тіс доғасының ішінара ақауы.

Төртінші класқа – тіс доғасының алдыңғы бөлімінің ішінара ақауы. Соңғысынан басқа класстар кіші класстарға бөлінеді.

Кеннеди жіктелуімен тіс доғасының бірнеше ақауы болғанда пайдалану қиынға соғады. Осындай жағдайларда Кеннеди келесі ережелерді ұсынады.

Егер әр түрлі класстарға жататын тіс доғасынң бірнеше ақауы болатын болса,оны жоғарыдан төменге қарай қарастырып,төменгі класстарға жатқызамыз. Мысалы, тіс қатарының 00004300|00045600 формуласында бірінші және төртінші класс ақауы бар. Бұл жағдайда тіс доғасын бірінші классқа жатқызамыз. Тіс қатарының формуласы 87654000|1000340000 болса бұл ақау төртінші және екінші классқа жатады. Бұл жағдайда тіс қатары екінші классқа жатады.

 

Алмалы-салмалы доғалы протез түрлері.

Доғалы протез немесе металл базисті протез- тіс қатарының кіші, орташа және үлкен кетіктерін ортопедиялық емдеу үшін арналған протез.

Алмалы-салмалы доғалы протездің түрлері:

1. Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез.

2. Алмалы-салмалы аттачменті бекітілетін доғалы протез.

3. Алмалы-салмалы телескопиялық тіссауытымен бекітілетін доғалы протез.

4. Алмалы-салмалы балкілі бекітілетін доғалы протез.

5. Алмалы-салмалы магнитті бекітілетін және инплпнтантты доғалы протез.

Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.

Доғалы протез элементері: металл қанқа, жасанды тістер, полимер негізінен тұрады.

Металл қанқаның құрамын: металды доға, ершіктер, тірек- ұстағыш элементері кіреді.

Доға - құрылым элементерін өзара біріктіреді.

Ершік - металл қанқаның бір бөлшегі болып, ол альвеола өсіндісінің кетік аймағында орналасады және шырышты қабатқа 2 мм жанаспайды.

Тірек-ұстатқыш элементері: протезді ауыз қуысында бекіту үшін арналған және төрт негізгі қызметі бар:

Тіректік, ретенциялық, қармау, ығысуға қарсы әсер көрсетеді.

Доғалы протезбен емдеуге көрсеткіштер:

Кеннеди классификация бойынша I, II, III, IV класстар.

Тірект тістердің сауыты биік болғанда

Тірект тістердің пародонты сау болғанда

Шырышты қабат сау болғанда

Доғалы протезді жасаудың кері көрсеткіші:

Төмен клиникалы сауыт

Еңкіш тірек тістер

Терең тістем

Айқын білінетін торус

Альвеола өсіндісінің атрофиясы

Металға және пластмассаға аллергия.

Параллелометр - жақтын екі немесе оданда көп тістердің осьтерінің салыстырмалы параллельдігін анықтайтын, межелік сызықты сызу, кламмер орнын анықтау, протезді ауыз қуысына енгізу және шығару жолдарын анықтайтын құрал.

Параллелометр- құрылымы:

-бағана

-кронштат

-магнитті үстел

-стержіндер жиындығы.

Ол стерженьдер жинақтығымен жабдықталған. Олар: талдайтын(анализ жасайды) стержень, дискілі стержень(өлшеуге арналған), межелік сызықты анықтайтын графитті стержень, артық балауызы сүретін стержень немес ұстара және мүсінді бекітуші шарнирлі үстелден тұрады.

Талдайтын стержінь жазық, аралық сызықтарды неғұрлым оңтайлы анықтау үшін, демек протезді жеңіл енгізіп, жақсы бекітуді қамтамасыз ететін кламмерлердің орналасуын айқындауға қызмет етеді.

Параллелометрдің түрлері:

1.Стандартты

2.Арнайы(ауызішілік микропараллелометр)

3.Әмбебап(көпфункционалды)

Межелік сызықтың негізгі орналасу түрлері.

1.Орталық (межелік сызық тіссауытының вестибуляр және оралды бетткейінің орталығынан өтеді) Кламмер 1типті.

2. Диогналды (межелік сызық тіссауытының мойын бөлігіне жылжыған дефекті бар жағында, ал керісінше басқа беткейінде межелік сызық окклюзиялык беткейге жақын өтеді) кламмер окклюзиялық беткейде.

3. Жоғары( межелік сызық тіссауытының окклюзиялык беткейге жақын) кламмер окклюзиялық беткейде немес жасанды тіссауыт

4.Төмен (межелік сызық тіссауытының мойын бөлігінде)тірек кламмері немесе жасанды тіссауыт.

5.Бөлінбелі( межелік сызық тіссауытының мойын бөлігіне және окклюзиялық беткейге бөледі)

Межелі сызық –паралеллометр құралының жәрдемінде анықталатын сызық,ол тіссауытын екі беткейге бөледі: окклюзиялық (тіреуші) және ретенционды (ұстағшы)

Параллелометрия әдістері:

Протезді енгізу жолдары -протездің кламмерлі элементтерінің тірек тістерімен протез орнының тіндеріне дейін бастапқы жақындасу кезіндегі жылжыу, бұдан кейін окклюзиялық бастырмалап өз орындарына орналасады, ал негізгі базис портез орнына дәл түседі.

Жасанды тістер-пластмассалы, фарфордан, металл қопадан жасалған жасанды тістер.

Жасанды тістер тіс қатарының кемтігін толтырады және шайнау қызметін, эстетикасын қалыпқа келтіреді.

Протезді шығару- оның кері бағыттағы қозғалысы, яғни базис негізі протез орнының шырышты қабатынан алудан басталып, тірек тіс және бекіту элементерінің тірек тістермен қатынасының толық аяқталуымен бітеді.

Кламмерлердің серпімді ретенциялық аумақта орналасқаны жөн, керісінше кламмерлердің қатты тірек элементері тек тірек аумағында орналасады.

Тістегі тірек және ретенциялық аумақтар экватор сызығының орналасуына байланысты, мұның өзі паралеллометрия өткізгенде модельдің еңкею бағытына тәуелді.Қазірде паралеллометрияда модельдің еңкею бұрышын таңдауда үш негізгі әдіс кең тараған:

1. Еркін әдіс:

2.Тірек тістердің ұзына (осьтерінің ортақ осін) бойы еңкеюінің орталық бұрышын табу бойынша;

3.Таңдама әдісі(логикалық)

Кламмерлер жүйесі;

Тірек ұстағыш кламмері барлық үш қызметті(тіреу,тұрақтандырушы, кідіртетін) бір атқаратын неғұрлым жетілген кламмерлер түрі болып табылады.

Құйылған тірек ұстағыш кламердің құрылымы төрт негізгі элементі қамтиді: екі иықты(ветибуляр және ауыздық) окклюзиялық бастырманы(тістің окклюзиялық бетінде орналасқан),дененсі(,бұл байланыстырушы элемент,ол тісте түрлі нұсқада орналасады), өсінді(ол кламмердің өзін доғал протездің металл қанқасымен қосады).

Кламмерлер түрлері;

Ней фирмасы оның негізді типтерін жүйелеп, бөліп көрсетеді.

I.Аккердің қатты тірек ұстағыш -кламмері;

II.Роучтың эластикалық тірек- ұстағыш;

III. Аралас кламмер;

IV.Артқы(кері) әрекеттің немесе жартылай бір иықты кламмері;

V.Дөңгелек немесе сақиналы кламмер;

Сонғы жылдары стоматологияда дәлдігі жоғары технологиялардың қарқынды дамуына байланыты кламмерсіз бекітілетін тіс протездерінің құрылымдары жетілдірілді.

Протез бекітудің мынадай түрлері кең тарауда;

-магнит элементері көмегімен;

-телескопиялық сауыттар көмегімен;

-құлыпты бекіту(аттачмендер);

Балкалы бекітуші;

- магниттті бекіткіштер екі қызмет атқарады: тірек және ретенциялық, сондықтан олар бекітудің қосымша элементері ретінде қолданылады.

телескопиялық сауыттар-екі сауыттан тұратын жүйе, бір сауыт(ішкі немесе патрица)дайындалған тірек тіске цементелген, екіншісі (сыртқы немесе матрица)үйлестірілген құрылғының алмалы-салмалы бөлігі қанқасына орналасады

Балкалы бекітуші -екі құйма тіссауытынан және оларды біріктіретін балкадан тұрады.Бұл әдіс, төменгі жақ доғалы протездерін дайындауда қолданылады.

-құлыпты бекіту(аттачмендер)- бұл жүйеде аттачментер құймалы керамикалық тіссауыттарына бекітіледі.

Дайындалу технологиясы бойынша аттачмендер екі топқа бөлінеді.

· Металды –ол стандарты болады

· пластикті-индивидуальды дайындалады.

· Жайғасу орнына байланысты аттачментер болады:

Сауытішілік

· Сауытсыртылық

· Түбірішілік

· Түбірсыртылық

· Ригельді

· Штанглі

· Шартәрізді

· рельсті

Кең тараған аттачмен бұл – Шартәрізді түрі

· Тірек тіс және протез конструкциясына түсетін шайнау күшіне байланысты аттачмендер болады:ротационды, қатты, шарнирлы

· Әсеретуіне байланысты;

· Аттачменді доғалы протездер қозғалмайды және қымбат металдан дайындалған доғалы қанқа (каркас)арқылы шайнау күшінің негізі тірек тістерге түседі.

· Аттчмендер арқылы алмалы-салмалы протездердің ретенциясы мен тұрақтылығы күшейтіледі.Доға констукциясының негізі

· -металды қанқа және металдан жасалған,егер тәрізді жасанды қызыл иектен тұрады.

· Аттачмен элементері:

· Патрица-ол тірек тіссауытында, тіссауытында,имплантанта, түбірде орналасады (сыртқы).

· Матрица-ол алмалы –салмалы протез конструкциясында орналасады(ішкі).

· Аттачменті конструкциялы протездер сенімді бекітіледі(фиксацияланады).

Аттачменті бекітілген конструкциялы протездердердің артықшалығы:

· жоғары эстетикалық эфект;

· конструкцияның нақты және тұрақты бекітілуі;

· шайнау күшінің тірек тістерге біркелкі таралуы;

· аттачментер сынғанда оларды жөндеу мүмкіншілігі;

· қолданудың қарапайымдығы;

· протезге тез үйрену;

· қолданудың қолайлылығы;

· ұзақ пайдалану мүмкіндігі;

· қанқа материалдың биосәйкестігі

· сөздің бұзылмауы.

· Аттачменті доғалы конструкцияның кемшіліктері;

· Нарқының қымбаттығы;

· Жөндеудің қиындығы (қосалық бөлшекітерің қымбаттығы);

· Тірек тістің депульпациясы.

· Аттачменті доғалы конструкцияның қодануға көрсеткітері;

· Біржақты және екіжақты тіс аққаулары;

· Шайнау және сөйлеу функциясының бұзылуы;

· Патологиялық тіс қажалу;

· Парадонт аурулары;

· Жоғарғы жақ төпешігінің айқындығы;

· Алынбайтын протезді қоюдың мүмкіншілігі жоқтығы;

· Альвеола өсіндісінің атрофиясы;

· Бруксизим.

· Аттачменті доғалы конструкцияның қолдануға кері көрсеткітері;

· Тіссауытының кетігі;

· Периодонт аурулары;

· Тіссауытының клиникалық төмендігі.(аттачменді орнатуға орын болмауы)

аттачмендер-тіс протезінің алмалы-салмалы және алынып-салынбайтын бөліктерін байланыстырып, бекітуге арналған механикалық құылпты құрылғылар, олар патрицалық және матрицалық бөліктерден тұрады. Біреуі алынбайтын бөлігінде бекітіледі (патрица), екіншісі-«жауап ретінде»(матрица)- алмалы-салмалы бөліктерден тұрады.

Қазрігі құлыптық бекіткіштер тірек тіске бекітілу орнына байланысты мынадай үш топқа бөлінеді:

1.Сауытішілік -Сауытішілік құлыптық бекіткіштердің матрицлық бөлігі толықтай сауыт ішінде жылжиды, екінші бөлігі-патрица алмалы салмалы протезге тиесілі матрица ішінде жылжиды.

2. Сауыттан тыс -тістің жасанды сауытының сыртқы жағында орналасады, протез неізімен байланысу әдісіне қарай

-штангалық

-консольді болып бөлінеді, соңғысы өз кезеңінде –қатты, жартылай тұрақсыз, тұрақсыз болып бөлінеді.

3. Түбірішілік -толығымен бір бөлігі ғана табиғи тіс түбірнде орналасады. Протездің бұл тәсілі жабынды алмалы-салмалы протездерді дайындағанда қолданылады.

Құрылымына қарай құлыптық бекітушілер:

-рельстік;

-шар тәрізді;

-аралық;

-буынды қосылыстар;

-штекерлі-бұрылыстық бекіткіштер болып бөлінеді.

 

Протездің негізі(базис).

Альвеолды өсіндінің қарқынды семуі (атрофиясы) салмақ көп түсуінен болады.Сол себепті протездің негізін барынша үлкен етіп жасау абзал немесе альвеола өсіндісіне түсетін салмақты басқа жолмен жоюға болады.Мұндай әдіске негіздің тірек тіске тікелей жанасуы жатады,ол үшін тіректі базистің екі үшына жасау қажет және мұндай базис тіректің сипаты бойынша көпір тәрізді протезбен ұқсас.протездік базис тірек тіске көбінше мезиалды шетімен тіркеледі.

Доғалы протезді дайындау кезеңдері

Клиникалық кезең:

1.Нау қастың ауыз қуысын зертеп, тексеріп, диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп, альгинатты немес силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.

2. Жақ сүйегінен альгинитты массамен анотомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады. Таңдалған қасыққа базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем зертханаға жіберіледі

Зертханалық кезең:

1.Қос қабаты қалыптық өлшемді супергипспен ғаныштайды.

2.Жақтың гипстік мүсінінде болашақ протездің шегарасы химиялық қаламен сызылады.Онда шарты түрде тірек тістің шегарасы, өтперлі қатпар шегарасы(нейтралды зона), қатты таңдайдағы А сызығының шегарасына 1-2мм жетпейтіндей етіп белгілеу, еріннің және тілдің үзенгілерінің шегаралары сызып алынады.Ескеретін жайыт, төменгі жақтының альвеолалық өсіндісінің оралды беткейіндегі ауыз қуысының табанындағы өтперлі қатпарды анық етіп сызудың маңызы зор.

3.Арнайы доғалы протезге қолданылатын, қалындығы 0.2 мм болатын, ішкі беті тегіс, сыртқы беті кедір-будырлы балауызбен болашақ протездің металдық негізі(базисін) мүсінделеді.

4.Альвеола өсіндісінің кетік аймағы ершікк е арналған(сетка тәрізді) балауызбен мүсінделеді, оныңда қалындығы 0.2 мм болады.

5. Жақтың оригинал гипстік мүсінінен «дубликат» алу. Бұл үшін табаны ашылатын опокер ыдысына, оригинал гипстік мүсінді орнатып, оның үстіне сұйық қарылған альгинатты (қалыптық өлшемге арналған) масса құйылады.

6. Сұйық қарылған альгинатты (қалыптық өлшемге арналған) масса қатқаннан соң, одан оригинал гипстік мүсін ажыратылады. Осы әдіспен оригинал гипстік мүсіннің (ниготиві) альгинатты көшірмесі (қалыпты өлшемі) дайындалады.

7. Дайындалған альгинатты көшірмесге (қалыпты өлшемге) вакуммдік араластырғышта дайындалған формативтік масса құйылады (отқа төзімді масса). формативтік масса қатқаннан соң альгинатты көшірмеден (қалыпты өлшемнен) ажыратылады. Осылайша оригинал гипстік мүсінінің «дубликаты» дайын болады.

8. Оригинал гипстік мүсінді шетке қойып, «дубликатпен» жұмыс істеледі(жұмысшы мүсін).

9. «дубликат» (немесе жұмысшы) мүсінде паралеллометрия аспабының жәрдемінде, межелі сызықтар жүргізіліп, кламмер бекітілетін орын анықталады.

10. «дубликат» (немесе жұмысшы) мүсінде жоғарыда қойылған (0.2мм) балауыздардың ізі төмпешік түрінде көрінеді. Сол төмпешік іздің үсті қалындығы 2мм болатын пластинкалы балауыздармен қайта мүсінделеді.

11.Альвеола өсіндісінің кетік аймағы ершікке арналған(сетка тәрізді) балауызбен мүсінделеді.

12. Тірек тістердің белгіленген орындарына ней жүйесінің пішіндеріне сәйкес дайындалған, стандарт балауыздан кламмерлер мүсінделеді.

13.Доғалы протездің балауызды мүсініне құю жолдары бекітіледі(ш.т.м.) Доғалы протездің металды қанқасы құюға дайындалды.

14..Доғалы протездің балауызды мүсіні аппокер ыдысына салынады, ваккумді араластырғышта дайындалған формативтік масса құйылады. «Манжетке алынады».

15. Керамикалық тигель ыдысына өлшенген металл қоспасының бөлшектері салынады.

16.«Манжет» ыдыстан ажыратылып, муфель пешіне қойылады. Муфелдік пештің температурасы 1сағаттың ішінде 0º -950º шейін көтеріледі, тағы 30 минут сол градусты устап тұрады, бұл уақытта «Манжеттің» ішіндегі балауызды шырша тәрізді мүсін (ш.т.м) (ёлка) толығымен еріп, бу болып үшып кетеді.

17. Муфелдік пештің ішіне, металлы бар тигельді 10 минутқа салынып, (металды) ерітуге қойылады

18. Одан соң тигельді және «Манжетті» пештен алып центрофуганың ішіне, тигельдің саңлауын манжеттің конусына туырлап жайғастырады.

19. Центрофуганы қосқанда, тигельдің ішіндегі қайнаптұрған металл қоспасы, манжеттің ішіндегі (балауыз еріп кеткен соң пайда болған) қуысты металға толтырады. Осы жолмен доғалы протездің металдық қаңқасы дайындалады. Осы жағыдай «Металл қанқасын» «құю процссі» деп аталады.

20. Техниктің балғасымен «Манжетті» (огнеупорный гипс) ұрып сындырып, Металл қанқасын манжеттен ажыратады.

21. Құмсепкіш аппаратымен «Металл қанқасын» тегістеп, жылтыратады.

22. Металл қанқаны окклюдатордағы мүсінге отырғызып, шақтап көріледі, кемшіліктері туырланады.

23. Металл қанқаның ершік аймағын базистік балауызбен мүсінделеді.

24. Оның үстіне балауызды білте (жастықша) қойылады. Протезді орталық окклюзияны және тістем биіктігін (окклюзиялық биіктікті) анықтау үшін клиникаға жіберіледі.

 

Клиника кезең:

5.Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.Жақтарда кемінде бір жұп қарама қарыс тістер болса,окклюзиялық шаблонды антогонист тістермен тістетіліп,орталық окклюзия және окклюзия биіктігі анықталады.

6.Доғалы протездің металл қанқасын медициналық өңдеп, ауыз қуысында кламмерледі тірек тіске кигізіп шақтап көріледі.

7. Балауыздан дайындалған біліктерді электрошпателде жұмсартып, антогонист тістермен орталық окклюзияда тістетіледі. Протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.

Зертханалық кезең:

25. Орталық окклюзияға негізделе отырып, біліктердің орнына жасанды тістер теріледі.

26. Кюветаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, доғалы протездің металл қанқасы және кламмерлер гипспен көміледі немесе арнайы термопластик жапқыштармен жабылады, балауызды шаблонды ашық қалады. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.

27. Ондағы балауызды ыстық суда 20мин қайнатып,балауыз ерітіліп жұып жіберіледі.

28. Кювейтаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып, кювейталарды ашамыз.. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.

29.Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағылады(изакол), 15 минут ашық ауада кептіріледі.

30.доғалы протездің металды қанқасына ЭДА жапқыш лагі жағылады, кептіріледі.

31. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда, онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кюветаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.

32.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кюветаны салып қайнатылады, (пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кюветаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.

33. Кювейтаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған доғалы протездегі пластмассаның артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).

Тегістеу және жылтырату

1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.

2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)

3. доғалы протездің пластмассасына пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

4. доғалы протездің пластмассасына пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.

5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған доғалы протездің пластмассасын малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.

6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.

7. доғалы протездің пластмассасы жуғыш ұнтағы бар жылы суда щеткамен жақсылап жуылады. Дайын болған протез клиникаға жіберіледі.

Клиника кезеңі:

8. Дайын болғандоғалы протездің пластмассасын ағын суда жуып, кептіріп, спиртпен өңделеді.

9. Пацентің ауыз қуысында доғалы протездің кламмерлерін тірке тіске кигізіп шақтап көріледі, бәрі дұрыс болса, доғалы протезді пайдаланғанда гигиеналық күтімін түсіндіріп, кеңес береді.

 

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: