Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 3 страница

Төменгі сынып Жоғары сынып
1. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Үйге берілген тапсырманы тексеру; өткенді пысықтау мақсатымен балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру − 10 мин. 1. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Үйге берілген тапсырманы тексеру; Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстарға даярлануға байланысты әртүрлі тапсырмаларды орындау − 10 мин
2. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Әртүрлі жаттығулар орындау (көшіріп жазу) − 20-25 мин 2. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Оқушылардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру; жаңа материалды түсіндіру; сыныпта және үйде өздігінен орындау үшін тапсырма беру − 20-25 мин.
3. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Оқушылардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру; өткенді пысықтауға байланысты жаттығу жасау немесе әңгіме өткізу; үйге тапсырма беру − 10-15 мин. 3. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалімнің түсіндірген материалын пысықтауға байланысты әртүрлі тапсырмаларды орындау − 10-15 мин.

Сабақ төменгі сыныптарда мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстан және жоғары сыныптарда балалардың өздігінен істелетін жұмысынан басталады. Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, екінші бір сыныпта өткенді пысықтау, қайталау немесе балалардың білімін есепке алудан басталатын сабақтың бұл түрі, әдетте көп кездеседі. Егер өткен сабақты пысықтау немесе қайталау жүргізетін сынып өткен сабақта өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алған болса немесе балалар осы сабақта үйде орындалған тапсырманы әрі қарай орындайтын болса ғана мұғалім екінші бір сыныпта сабақты балалармен тікелей жұмыс істеуден бастай алады. Осыған байланысты әрбір сыныптағы балалардың сабақта өздігінен істейтін жұмыстарын бөлу де өзгереді. Дегенмен, мұғалім көбінесе мына тәртіпті басшылыққа алуы керек: бұл тәрізді сабақтарды өткенді пысықтау немесе қайталау, оқушылардың білімін жазба жұмыстары арқылы тексеру, белгіленген сыныптарға тапсырма беруден бастау керек. Бұл мұғалімге келесі сыныпқа жаңа материалды түсіндіруге уақытты молырақ қалдыруға мүмкіншілік береді. Дегенмен өткенді пысықтау немесе қайталау болатын сыныпта, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарынан кейін, мұғалімнің басшылығымен істейтін жұмыстар үшін 10-15 минут шамасында уақыт қалдыру қажет екендігін естен шығармау керек. Осылай жасағанда ғана өткен материалды пысықтау және қайталау ойдағыдай болады.

Екі сыныптың екеуінде де өткен материалды қайталауға арналған сабақты құрудың ешбір айтарлықтай қиындығы жоқ. Бұл сияқты сабақтарда, алдағы айтылған сабақты өткізудің екі түрінен гөрі, балалардың өздігінен істейтін жұмыстарын өткізу мүмкіншілігі мол болады. Өткен материалды қайталау арқылы өтетін сабақтың үлгі жоспары мынадай болып жасалуы мүмкін:

Төменгі сынып: Жоғары сынып:
1.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау, қайталау, үйге берілген тапсырманы әрі қарай жүргізу; мұғалімнің басшылығымен өткізілетін сабаққа даярлану − 10 мин 1. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Өткенді өздігінен қайталау немесе пысықтау үшін берілген тапсырманы тексеру үшін бақылау жұмысы − 10 мин.
2. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеру, өткенді қайталауға немесе пысықтауға байланысты жаттығулар жасау немесе әңгіме өткізу; сыныпта немесе үйде балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру − 20-25 мин. 2. Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары Өткенді пысықтауға немесе қайталауға, балалардың білімін тексеру мақсатымен берілген мұғалімнің тапсырмасын орындау (сынып бойынша оқу, жаттығу жұмысы т.б.) − 20-25 мин.
3.Балалардың өздігінен істейтін жұмыстары. Өткенді пысықтау және қайталау үшін берілген мұғалім тапсырмасының біразын орындау (жазбаша жаттығу, кітап оқу) − 10 мин. 3. Мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыс. Балалардың өздігінен істелетін жұмыстарын тексеру; балалармен өткенді қайталау − 10 мин.

Мұғалім мұндай сабақтарда балалармен тікелей жұмыс істеуді өздігінен жұмыс істеу оңайыраққа түсетін сыныптан бастайды немесе балалардың өздігінен орындайтын жұмысы үшін алдын ала ауызша жаттығулар мен әңгімелерді қажет ететін сыныптардан бастайды. Егер де осы айтылған сыныптардың бірінде жазбаша бақылау жұмыстарын өткізу белгіленсе, онда мұғалім жұмысты сол сыныптан бастайды. Мұғалім бақылау жұмысын алғаннан кейін, балалар сол сағат бойына өздігінен жұмыс істей алады.

Ал екі сыныптың екеуінде де өткенді пысықтау немесе қайталау жұмысы жүргізілетін болса, онда мұғалім екі сыныптың екеуімен де тікелей жұмыстар жүргізеді не балалардың өздігінен жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда келтірілген сызбада төменгі сыныптарда мұғалімнің басшылығымен тікелей істелетін жұмыстар сабақтың алдында, жоғары сыныпқа беретін тапсырмадан кейін басталады. Ал жоғары сыныптарда мұғалімнің басшылығымен өткенді қайталау немесе пысықтау бойынша балалармен жүргізетін тікелей жұмыстары балалардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін берілетін тапсырмаларды түсіндіруге байланысты сабақтың алдында, одан кейін балалардың өздігінен істеген жұмыстарының нәтижесіне байланысты сабақтың соңында жүргізіледі.

Мұғалім үш және төрт сыныпты қатар оқытудың сабағын жоспарлағанда уақытты бөлу ең алдымен жеке сыныптарда істелетін жұмыстардың күрделілігіне байланысты болады. Сабақтың материалы қиындау болған сыныпта балалармен тікелей жұмыс істеуге мұғалімнің көбірек уақыт бөлетіні өзінен өзі түсінікті. Жаңа материалды түсіндіру, әдетте, өткен сабақты пысықтауға немесе қайталауға қарағанда мұғалімнің балалармен көбірек тікелей жұмыстар жүргізуін талап етеді. Мұғалімнің бұрын даярлап берген материалдары бойынша өздігінен жұмыс істейтін сыныптарда, өздік жұмыс көп уақытты алатындықтан, мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстардың шамасы ол сыныптарда 5-10 минуттан аспайды. Балалардың орындаған жұмыстарына қарап шығуға қажетті нұсқаулар беруге, болмаса тапсырманың сипатын өзгертуге бұл уақыт толығынан жетіп жатыр.

Бірнеше сыныппен жүргізілетін сабақ жоспарының жалпы сызбасын төмендегідей етіп жасауға болады: 1) мұғалімнің алдымен өткізетін сыныбына өздігінен орындауы үшін аздаған тапсырмалар беру; 2) қалған сыныптардың әрқайсысына бұрынғы бастап қойған жаттығуларды әрі қарай жүргізу үшін немесе бұрын даярланып қойылған жұмыстарды балалардың өздігінен орындауы үшін тапсырма беру; 3) мұғалімнің сабақты бастаған сыныбындағы балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын тексеру. Осы сыныпта жаңа материалды түсіндіру немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен жаттығу жұмыстарын жүргізу. Мұның екеуінде де мұғалімнің басшылығымен тікелей жүргізілетін жұмыстар балалардың сыныпта және үйде өздігінен орындаулары үшін тапсырма берумен аяқталады. 4) Мұның алдындағы сыныпта мұғалімнің тікелей жүргізген жұмыстарының уақытына оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарынаң уақыты сай келетін сыныпқа ауысу; Мұғалім бұл сыныпта балалардың өздігінен орындаған жұмыстарын көз жүгіртіп қарап шығады және оны әрі қарай жүргізе беруге нұсқау береді немесе 10-15 минуттан артық уақыт алмайтын жаңа материалды түсіндіріді, осыдан кейін балалардың өздігінен сыныпта және үйде орындауы үшін тапсырма береді немесе жаттығу жұмыстарын жүргізеді де, оны балалардың өздігінен жұмыс істеуімен жалғастырады; 5) Қалған уақытта басқа сыныптармен де тікелей жұмыс істеу үшін дәл жоғарыдағыдай жолдармен ауысып отыру керек. Егер уақыт шектеулі болса (10-15 мин), екі сыныптың екеуінде де балалардың өздігінен істеген жұмыстарына көз жүгіртіп қарап өтіп, үйге тапсырма беру керек. Ал уақыт жеткілікті болған жағдайда (20-25 мин), балалардың өздігінен істеген жұмыстарын тексеріп оны әрі қарай жүргізе беру жөнінде нұсқаулар береді. Ал, басқа сыныпта жаңа материалды түсіндіреді немесе сабақтың ақырына дейін жаттығу жұмысын жүргізеді.

14. Шағын жинақты бастауыш мектеп жағдайында оқу іс-әрекеттерін жоспарлау мен ұйымдастыру ерекшеліктері.

ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.

ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

· өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

· сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

· осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.

Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;

- біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын ғана жұмсайтындықтан, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

- бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған;

- шағын жинақты мектепте сабақ өздік жұмыс арқылы ұйымдастырылады, ал өздігінше жұмыс істеу әдісі бүгінгі күнге дейін кең қолданыс таппаған;

- шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты мектептердің кітапханалық қоры нашар.

15 т акерке

16. ШЖБМ-тегі сабақтың түрлері

Педагогика ғылымында сабақтың түрлері өте көп, олардың ішіндегі жиі қолданылатындары - сабақтың дидактикалық мақсатына қарай жіктелетін түрлері. Атап айтсақ: -аралас сабақ;

- мұғалімнің жаңа білімді хабарлау сабағы;

- оқылған материалды бекіту сабағы;

- оқылған материалды қайталау, жүйелеу, жалпылау сабағы;

- тексеру және оқушылардың білімдерін есепке алу сабағы.

Математика сабағы көбінесе аралас сабақ болып келеді. Әрбір сабақтың түріне қарай оның кезеңдері де әр түрлі болуы тиіс. Дегенмен қазіргі кездегі сабақ мұғалімнің түсіндірмесінен, дәптермен және оқулықпен, дидактикалық материалдармен жұмыстан тұрады.

Сабақта қолданылатын әдіс түрлері - сөздік, практикалық және көрнекілік әдістер. Бұлардың да түрлері әрбір сабақта, тіптен әрбір сыныпта әр түрлі болуы мүмкін.

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.

17.ШЖБМ-тегі бір пәндік, әр пәндік сабақ кестесінің түрлері.

Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.

Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.

Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.

Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.

Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері – оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда

екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.

Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..

Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пәндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамыз.

18 Бастауыш сыныптарда оқытылатын оқу пәндерінің пәнішіндік және пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру

Жаңа мемлекеттік стандартқа сай дайындалған бастауыш мектеп бағдарламаларында “Пәнаралық байланыс” деген арнайы бөлім берілген. Математиканы оқыту үдерісінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. “Математика” курсының бағдарламасында: пәнаралық байланыс - “ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруда табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады” делінген. Сонда оқушының бір сабақта алған білімі, әсері, ойы, қиялы басқа пәнге келгенде тежеліп қалмай, ары қарай жалғасып, дами түседі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Математика мен қазақ тілі арасындағы байланыстар:

- грамматикалық және математикалық ережелердің пайдаланылуы;

- математикалық терминдер енгізу арқылы тіл байлығының арттырылуы;

- сөйлем құрастыру барысында модельдеудің пайдаланылуы;

- сөйлемдегі сөздер байланысының сызбасының көмегімен өрнектелуі;

- сөйлем құрау, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің дамытылуы;

- математикалық тілдің қалыптастырылуы. («Математика» бағдарламасы, 1-4-сыныптар).

Математика мен әдебиеттік оқу арасындағы байланыстар:

- ортақ немесе дербес белгілерін салыстыру арқылы анықтау немесе ажырату;

- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер, ойын өлеңдердің және т.б. математика сабақтарында қолданылуы;

- көркем шынармаларда сипатталатын ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, үлгі-өнеге, тәлім тәрбиелік материалдарды математика мазмұнына сіңіру;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: