Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 2 страница

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;

- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;

- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.

ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.

9. ШЖБМ-те оқыту нәтижелерін бақылау

Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.

Үлгерімді бағалаудың білімділік және тәрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тәрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.

Білімді, білікті және дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-әрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

- оқушы білімінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін дәлелдеу;

- баға әділетті болуы қажет;

- әрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тәрбиелік құрал;

- бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

- оқушылар білімін тексеруді және бағалауды сабақтың әрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тәжірибелерінде әр түрлі әдістерді және құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар әр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.

ШЖБМ оқушыларының білім, білік және дағдылар деңгейін бағалау кезінде тест әдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест әдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру және тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.

Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нәтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нәтижелерін салыстыру процестеріне арналған және арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін.

Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды зерттеумен айналысқан ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар екендігі тағайындаған. Ал кейбір әдіскерлер және практик мұғалімдер мектептің бастауыш буынында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін ұсынады.

Біріншісі - білімді қарапайым түрде еске түсіруді жүзеге асыруға арналған “ашық” немесе “конструктивті” тест. Мұнда жауап беруші тестің талабына сай тапсырманы әрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса графикпен жалғастырады: Мысалы: математикадан тест тапсырмаларын келтірейік.

А) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ------------------------

ә) Үшбұрыштың периметрін табу үшін ---------------------------

б) Нөлді бірге бөлсем, ---- шығады.

в) Куб тәріздес фигураның көлемін табу үшін -----.

Тесттің бұл түрін құрастыруда оқушының беретін жауабы сөйлемнің соңында келетіндей нақты әрі қысқа болуы тиіс.

Тесттің келесі түрі - тапсырмаға сәйкес келетін жауапты таңдап алу, яғни “сәйкестендіру” тесті. Мұнда тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші бағанға жазылады да, жауап беруші тапсырма - жауап түрінде жұптап, тізіп жазады. М: а) тік төртбұрыштың ұзындығы, ені және ауданының өлшем бірліктерін таңдап ал да, оларды жазып көрсет:

1.Ұзындығы А м

2.Ені Б см

3.Ауданы В м

Жауабы: 1-Б, 2-В, 3-А

Тесттің кең тараған түрінің бірі-қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате, ақиқат-жалған, жоқ-иә) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама –қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.

М: а) Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығын еніне көбейту қажет.

Жауабы: 1)дұрыс 2) қате

ә) көбейткіштердің орны ауысқаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.

1) жоқ 2) иә

б) 48-дің 8-ге бөліндісі 9-ға тең.

1) дұрыс 2) қате т.б

Тестің тәжірибеде жиі қолданылатын түрі ретінде нақты тапсырма бойынша бірнеше жауаптар (ішінде біреуі дұрыс, бірнеше) берілетін тесті айтуға болады. М:

а) Көлемнің өлшем бірлігі:

А) см В) кг С) сағ Д) см3 Е) см2

Жауабы: Д

ә) Мектеп бағында 4 алмұрт ағашы және одан 2-еуі артық алма ағашы бар. Алма ағашы нешеу?

А) 4 В) 5 С) 6 Д) 7 Е) 8 Жауабы: С

Мектеп тәжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни берілген тестің барлық түрінде орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып беру көзделеді.

 

10 марал

11. ШЖБМ оқушыларының білімдерін бағалау

Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау және есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижені, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мәселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші-лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай және дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тәсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріпотырғандығын – осының бәрін ескеріп, бағалаған жөн.

12.Бақылау түрлері және мониторинг

Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші педагогикалық Бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру)[1] – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегіконференциясының алдында (1972) “ бақылау ” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді

13.Шағын жинақты бастауыш мектепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыру

Шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды, басқаша айтқанда, бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;

- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады, себебі бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды, яғни, шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады;

- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады, сол үшін мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты пайдалануды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;

- біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын ғана жұмсайтындықтан, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді;

- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;

- оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;

- бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған;

- шағын жинақты мектепте сабақ өздік жұмыс арқылы ұйымдастырылады, ал өздігінше жұмыс істеу әдісі бүгінгі күнге дейін кең қолданыс таппаған;

- шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты мектептердің кітапханалық қоры нашар.

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру Екі сыныппен жүргізілетін жұмыстың сапалы болуы үшін күнұзаққа жүргізілетін жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуының да шешуші маңызы бар. Кейбір мұғалімдер екі сыныпты бір мезгілде оқытудан қашып, сабақты екіге бөліп жүргізеді. Бұлай жасауға үзілді-кесілді қарсы болу керек.

Мұғалім күніне сегіз сағат жұмыс істейтін болса, онда ақырғы сабақтарда мұғалім жұмысының сапасы төмендейтіндігі сөзсіз, сабақты бұлай етіп жүргізу көбінесе сабақтың жетілік сағат санын азайтуға әкеліп соғады. Сонымен бірге, ауылдық жерлерде сабақты екіге бөліп жүргізу кейде мектепке 2-3 км қашықтықтан келетін балалар үшін бірқатар қолайсыздық туғызады.

Шағын жинақты бастауыш мектептің оқу-тәрбие ісінде уақытты дұрыс пайдалану − ең маңызды мәселелердің бірі. Уақытты дұрыс пайдалану үшін, мұғалім ең алдымен, орындалатын жұмыс түрлерін: мазмұндама, шығарма жоспарын, қазақ тілі, дүниетану, орыс тілі, сурет, еңбек сабағына керекті сызбалар, лото, түрлі-түсті суреттер сериясын күні бұрын даярлап алудан бастайды. Бұл жерде уақытты үнемдеудің оқушылардың сабаққа деген ынтасына да елеулі ықпалы барын ескерген жөн. Мысалы, балалар бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 5-10 минут шамасында тапсырма берілді. Бұл кезде басқа сынып оқушылары өздігінен орындайтын жұмыстармен айналысады. Ал өздігінен орындалатын тапсырманың мақсаты айқын болуы тиіс. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады. Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды салыстырайық:

2-сынып 3-сынып 4-сынып
М Ө Ө
Ө М Ө
Ө Ө М

(М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен орындалатын жұмыс).

2-сынып 3-сынып 4-сынып
Біріктірілген (ортақ) бөлім (жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі)
Сараланған бөлім (жаттықтыру кезеңі)
Біріктірілген (ортақ) бөлім (бекіту кезеңі)

 

Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4-сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердн бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды шамамен сабақтың алғашқы 10-15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау көп қиындық туғызатыны сөзсіз. Екінші жағдайға келсек, мазмұны, идеясы жақын тақырыптарды алдын-ала іріктеп, оны барлық сыныпта бір мезгілде өту барысында мұғалім жаңа материал жайлы кіріспе әңгімесін, тіпті материалдың өзін барлығына бірдей түсіндіре алады және оқушыларды қатыстыра отырып, сұрай алады.

Мұғалім бір сыныпта сабақты түсіндірген кезде, екінші бір сыныптың балалары мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмысқа өз бетімен әзірленеді. Төменгі сыныпта да, жоғары сыныптарда да жаңа материалды түсіндіру балаларға өздігінен істейтін жұмыстарды тапсырумен аяқталады. Балалар өздігінен істейтін жұмыстарды, алдымен мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Бұл үшін жаңа сабақты түсіндіруге арналған уақыттың бірнеше минуты бөлінеді. Содан кейін балалар өздігінен жұмыс істеуге көшеді. Олар уақытқа байланысты тапсырманың біразын сыныпта орындайды, біразын үйде орындайды. Мұғалім сабақтың екінші жартысында жаңа материалды түсіндірген сыныптың балалары сыныпта өздігінен орындайтын жұмыстың аз ғана бөлігін орындайды − жұмысты сыныпта бастап, үйде аяқтайды.

Бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, ал екінші сыныпта өткенді пысықтаунемесе қайталау, оқушылардың білімін есепке алу сабағын жоспарлағанда жұмыстың барысы жаңа материалдың қай сыныпта түсіндірілетініне қарай анықталады. Мәселен, егер мұғалім жаңа материалды жоғары сыныпта түсіндіретін болса, сабақтың жоспары, шамамен айтқанда, мынадай болып құрылуы мүмкін:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: