Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 4 страница

- ауызша шығарылатын халықтық логикалық ежелгі есептердің мазмұнын сапалы түсіну;

- Математика мен дүниетану арасындағы байланыстар:

- өзіндік пікір айту және оны дәлелдеу, өз көзқарасын білдіру;

- математикалық есептердің мазмұны арқылы өзін қоршаған ортамен, табиғатпен және қоғаммен баланы қарым-қатынасқа келтіру;

- айналадағы дүниеден танып-білген, жинақтаған деректер мен мағлұматтарды математика сабағында қолдану;

- еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, байлығын, шаруашылығының түрлерін, ғылым мен мәдениетін, табиғатын сипаттайтын фактілерді, деректерді, мәліметтерді және анықтағыш материалдарды пайдалану.

Математика мен бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстар:

- заттарды түсіне, пішініне, өлшеміне қарай салыстыру, теңестіру, кеңістік жайында түсінік қалыптастыру,;

- кескіндеу,бейнелеу, безендіру, құрастыру жұмыстары барысында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

- Ұлттық ою-өрнектер мен таңбаларда геометриялық фигуралардың қолданылуы.

Математика мен еңбекке үйретудің арасындағы байланыстар:

- баланың еңбекке дайын болуын, математикалық білімдерін өмірде, нақтылы жағдайларда практикалық мәселелерді шешу үшін пайдалана алуын қалыптастыру.

- күнделікті өмірге және тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауда математикалық білім, білік, дағдылардың пайдаланылуы;

- құрастыру және бұйым жасау жұмыстарында математикалық дәлдіктің және симметрияның пайдаланылуы.

Математика мен саздың арасындағы байланыс:

- сазды әуен мен ырғақта матеметикалық дәлсіздіктің және сан мен үлестің пайдаланылуы;

- нота сауатында математикалық білімнің пайдаланылуы;

- саздық аспаптардың жасалуында және құрылымында математикалық білімнің пайдалануы;

- халықтық ән, күй, би, айтыс және терминдерді математика мазмұнына сіңіру;

Математика мен дене тәрбиесінің арасындағы байланыстар:

- баланың кеңістікті болжауы және сәйкес түсінікті пайдалануы;

- уақыт аралығы жайындағы түсініктердің қалыптастырылуы;

- баланың қимыл қозғалысындағы реттік тәртіп пен дәлдік;

- қозғалмалы ұлттық ойындардың қолданылуы;

19. ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау

Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершлігін сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалың хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесө бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тарбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға дөген комплексті көзқарасты қамтамасыэ етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет. Жоспар жасағанда сынып жеткяшісінің окушылардың жас өрекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектеп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бектуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді директор оқу тәрбие жұмысы жөніндөгі орынбасарына немесе сыныптан тыс тарбие жұмысын үйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен

Оқу жоспары,оқу бағдарламасы негізінде қандай мәселелер қарастырылды Әдістемелік нұсқауда оқыту бағдарламасын құруға және рәсімдеуге арналған басты талаптар, студенттер мен оқытушыларға арналған оқу бағдарламасының үлгілері, бағдарлама бөлімдерін толтыру ережелері мен құрылымы көрсетілген.
Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасын құрушыларға тәжірибелік жетекші құрал болып табылады.

Пән әдістемелік тұрғысынан төмендегілерді қамтуы керек:

пәннің оқыту бағдарламасының екі түрі: студенттер үшін (syllabus) және оқытушылар үшін;

әрбір пән бойынша аудиториялық жұмысқа арналған материалдар: дәріс мәтіні, семинар жоспары, тәжірибелік, зертханалық жұмыстар, аудиториялық оқытуды мультимедиямен жүргізу (аудио-видеоматериалдар, электрондық тасымалдаушы ақпараттар);

студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үй тапсырмасының мәтіні, баяндама, реферат, бақылау жұмысы, курстық жұмыс және басқа оқыту материалдарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау;

студенттер білімін бақылау материалдары: жазбаша тапсырма сұрақтары, әңгімелесуге арналған сұрақтар, емтихан сұрақтары, тест сұрақтары;

оқыту, өндірістік, диплом алдындағы іс-тәжірибеден өту және есеп құжаттарын толтыруға арналған әдістемелік нұсқау.

20. ШЖБМ оқушыларының оқу әрекетінің ерекшеліктері

 

Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек;біріктірілген сыныптарда мұғалім бір сыныпқа сабақтың жарты уақытын ғана жұмсайтындықтан, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 және 7-9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді;өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;оқушылар, әсіресе, бастауыш сынып оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын жинақты мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмаған;шағын жинақты мектепте сабақ өздік жұмыс арқылы ұйымдастырылады, ал өздігінше жұмыс істеу әдісі бүгінгі күнге дейін кең қолданыс таппаған шағын жинақты мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдары өте аз, сонымен бірге шағын жинақты мектептердің кітапханалық қоры нашар.Шағын жинақты мектептің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады;оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда, сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс. 2. Оқушыларды тәрбиелеу процесі әртүрлі формалар көмегімен іске асырылады. Тәрбие жұмысының формаларын таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиешінің шеберлігіне, т.б. жағдайларға байланысты.Сыныптан тыс жұмыс барлық оқушылар үшін міндетті емес болып табылады. Ол төменгі жастағы оқушылардың өз еркіне, инициативасына, белсенділігіне негізделеді. Оның мазмұны оқу бағдарламасынан асып түсуі де мүмкін. Сыныптан тыс жұмыс көбіне сабақтан тыс жұмыстың тікелей жалғасы да болып кетеді, онда оқушылардаң алған мәліметтерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі. Мысалы, мұғалімнің тапсырмасы бойынша балалар тірі табиғат бұрышында бағдарламалық бақылау өткізеді – бұл сабақтан тыс жұмыс. Сыныптан тыс жұмыста олар бұл бақылауды жалғастырулары мүмкін, бірақ енді оқу процесі үстінде алған білімдерін едәуір кеңейтіп, тереңдететін бағдарлама бойынша жалғастырады. Сыныптан тыс жұмыстың топтық формаларының ішіндегі негізгісі ұйымдасқан формасы үйірме болып табылады. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің практикасында жиі кездесетіні жас табиғат әуесқойларының үйірмесі. Сыныптан тыс жұмыстың көпшілік формалары өте үлкен маңызы бар, олар оқушылардың бүкіл ұжымын шаруаларға қатысуға тартуға мүмкіндік береді. Балалар әр алуан жұмыс түрлерін орындай алады: сурет салу, жапсыру, желімдеу, қолдан жасалатын құралдар істеу, жұмбақтар мен жұмбақ сөздер ойлау немесе іздеп табу, тақырыптық кештерге арналған өлеңдер мен тақпақтар дайындау және т.б. Осындай жұмыс формаларының бір сыныптан тыс өлкетану экскурссиялары. Табиғатпен тікелей қатынас жасау оқушыларды табиғатты зерттеп білуге ықыластануларына жағдай жасайды және олардың эстетикалық тәрбиесіне көмектеседі.

21 Өзіндік жұмыстың түрлері.

Өзіндік жұмыстың түрлері

Әрбір ұстаздын басты міндеті жаңа технологияның ең озық әдіс - тәсілдерін дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дамыту, одан жақсы нәтиже шығара білу деп ойлаймын.

Өзіндік жұмыс түрлері сан алуан. Оларды топтастыру күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) жаңа білімді меңгеру, материалды жан – жақты талдау.

ә) жаңа білімді бекіту, түрлі жаттығулар, практикалық жұмыс, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, реферат пен баяндамалар, тест жұмысын орындау.

Қазақ тілі сабақтарында түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима-қағаздар мен перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, онын қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Негізінде, қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардын барлығын оқушыларға өздігінен жұмыс жасатуды көздейді. Жаттығу - мұғалімнін басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірбиелік жұмыс.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру – сабқтын ең күрделі кезеңі. Өйткені жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяұтамайды. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Мұндай жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бірін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы – тек орындаушы ғана.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті, тәсілдері, мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарлайды, оны бір мақсатта бағыттап, сапасын анықтайды.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары: жеке оқушы, топпен жұмыс, барлық оқушылармен. Өздік жұмыстар әр сабақта міңдетті түрде жүргізіліп отыруы қажет.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін тапсырмалар дұрыс таңдап алынып, құрастырылуы байланысты болады.

Оқушының өзінідік әрекетінің нәтиежесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1.Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.

2.Оқуға деген қабілеттілігінің артуы.

3.Берілген білімді игеру.

4.Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуі.

5.Рухани байлығы молайады.

6.Өз ойының дербестігі байқалады.

Қорыта келгенде, оқушының өздік жұмысын жасауға үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімділік деңгейін көтеру болып табылады.

39.ШЖБМ жағдайындағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:
• сабақтағы тәрбие жұмысы;
• сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;
• елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.
Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 4-5 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.
Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.
Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер. Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.
Ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлкен үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндетін шағын жинақталған мектептер де бірге атқаруы керек.

22 клара

23ШЖБМ дегі өзіндік жұмысты жүргізудің уақыты менорны Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15 - тен аспайтын болса, 1 - сынып комплект, 15 - тен жоғары 2 немесе 3 - сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 - сынып – комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген.(Гигенические требования к условиям обучения школников в различных видах современных общеобразовательных учреждений №2. 01. 07.- 99г.§2 Пункт 9. 11 - 21 стр.) Мұнда екі сынып - комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5 - тен 15 - ке дейін ғана бала болса онда 1 сынып – комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызыметің ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерді» (- 2000 ж.№32(6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оқу - тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген. ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ – нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ - тегі оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтын мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8 - 16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32 - 40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеннің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет;
- бір сабақтын үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой - өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шындалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қауіпі туады;
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырлатын өздік жұмыстардың мазмұның, көлемін, оларды орындау әдіс - тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім денгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет;
- өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.
ШЖМ - нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге, жеке - дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3 - 4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім денгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының денгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кенінен қолдануға тырысады.
ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз денгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады:
- егер мұғалім ШЖМ - нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ - гі математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс - әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Қазіргі таңда мемлекетімізде ауыл жұртшылығының демографиялық ахуалының өзгеруіне байланысты мектептерде бала саны азайып, шағын жинақты мектептер саны, оның ішінде қосарланған сынып сандары көбеюде. Біздің мектепте де оқушы саны аздығына байланысты, қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары тек қосарланған сыныптарда оқытылады. Шағын жинақталған мектептердегі қосарланған сыныптарда оқушылардың білім сапасын және шығармашылық қабілеттерін арттыру әр ауыл мұғалімінің көкейтесті мәселесі болып табылып отыр. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап көрсетті. Біздің мектептің алға қойған өзекті мәселесі: «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру». Осы мәселе негізінде әдістеме бірлестігі, оның ішінде әр пән мұғалімі өз алдына шешуді қажет ететін өзекті мәселелер қойды. Менің алдыма қойылған өзекті мәселем «Қосарланған сынып жанашылдық пен шығармашылық әдіс - тәсілдері арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, білім денгейін көтеру». Бұл мәселені шешу үшін мен өз денгейімді, сонымен қатар оқушылардың денгейін ескере келе алдыма мақсат пен міндеттерді қоюды жөн санадым.
Міндетім:
- Өзімнің теориялық білімді күнделікті заман талабына сәйкес етіп жетілдіру.
- Жаңа оқу технологияларының элементтерін тиімді пайдалану.
- Сабақ жоспарлары бойынша түрлендіріп, оқушы білімінің сапасын арттыруға негіздеу.
- Сабақта пайдаланатын қажетті көрнекілік құрал жабдықтардың, сонымен қатар талапқа сай болуын ескеру.
Мақсатым:
- Біріктірілген сыныптардағы әр оқушының алған білім денгейі мемлекеттік білім стандартына негізделген және бағдарламаға сәйкес болуын көздеу.
- Оқушылардың шығармашылық денгейін арттырып, өз беттерінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Ата аналармен тығыз карым - қатынас құру арқылы оқушылардың саналы да тәртіпті шәкірт болуын қалыптастыру, тапсырмаларын орындау барысында жоғары денгейдегі тапсырмаларды орындауға жетекшілік етемін. Бұл мәселе, біріктірілген сыныптар үшін оңай емес, бір 45 минут ішінде екі сыныпқа бірдей білім мазмұнынын толық жақты болуы талап етеді. Мұғалім, яғни ұстаз өз білімділігімен шығармашылық әрекетін толық көрсетіп, балаға берген білімі мол болса, оқушы да оны қабылдап алуға мүмкіндігі болады. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойлаумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне де мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Шағын жинақты мектептің педагогикалық ерекшеліктерін ескерген мұғалім ғана өзінің шығармашылық жұмысын ұйымдастыра алады. Кез - келген әрекет талдаудан басталады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушыларды талдауға үйретуде тәсілдер жүйесін мақсатты түрде пайдалана білген жөн. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізі. Демек әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыру. Сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Сол үшін бүгін жақсы оқытуымыз керек, ал ертең бүгіннен де жақсы оқуға тиіспіз. Ал, ең бастысы оқушының психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған жөн.
Шағын жинақты бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз болғандықтан, оқушылардың сабақ үстінде бір біріне аландайтындары белгілі. Шағын жинақты мектептің көпшілігіне тән жағдай бір ғана мұғалім басқаратын қосарланған сыныптың сабақ процесі. Мұндай сабақты өткізу мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Сөз соңында өз ойымды белгілі педогог К. Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: