Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 6 страница

Тәрбиелік жұмысты жоспарлау – тәрбиелеу үдерісін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тәрбиелеу міндеттерін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен түрлерін де керсетеді.Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек?Біріншіден, балалардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне, мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтер ұжымының мүмкіндігін ескере отырып мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек. Екіншіден, балалар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын, икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым- қатынастарын, т. б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Үшіншіден, оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (оқушылардан сұрақтарға жазбаша жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.Төртіншіден, алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.Бесіншіден, барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсия лар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т. б. қажеттігін анықтау.Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар: 1) Жоспардың мақсаттылығы.2) Сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы мен әдістерінің әртүрлілігі (пікірсайыстар, сөзсайыстар, викториналар, кездесулер, т. б.). 3) Оқушыларды тәрбиелеудің жүйелілігі мен реттілігінің сабақтастығын қамтамасыз ету. 4) Жоспардың шынайылығы. 5) Жұмысты жоспарлаудағы келісімділік

28 марал

29.Тәрбие түрлері, оларды жүзеге асыру жолдары

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Қорыта айтқанда, тәрбие –қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

Тәрбиелік жұмысты жоспарлау – тәрбиелеу үдерісін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тәрбиелеу міндеттерін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен түрлерін де керсетеді.Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек?Біріншіден, балалардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне, мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтер ұжымының мүмкіндігін ескере отырып мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек. Екіншіден, балалар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын, икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым- қатынастарын, т. б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Үшіншіден, оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (оқушылардан сұрақтарға жазбаша жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.Төртіншіден, алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.Бесіншіден, барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсия лар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т. б. қажеттігін анықтау.Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар: 1) Жоспардың мақсаттылығы.2) Сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы мен әдістерінің әртүрлілігі (пікірсайыстар, сөзсайыстар, викториналар, кездесулер, т. б.). 3) Оқушыларды тәрбиелеудің жүйелілігі мен реттілігінің сабақтастығын қамтамасыз ету. 4) Жоспардың шынайылығы. 5) Жұмысты жоспарлаудағы келісімділік

30.ШЖБМ-те сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру

Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.

Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыстәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.

3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

3. Тәрбие жұмысының формасы

Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия»сөздігінде «форм»ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;

3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.

Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады.

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

«Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.

«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар,жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.

Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді.

Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т.с.

Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды.Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді.Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:

1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама,әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы);

2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу,кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);

3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.

4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:

1. Шараның басталуы, психолгиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби –музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;

2. Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;

3. Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;

4. Қорытынды бөлім:шарны қорытындылау,оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;

5. Педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу.Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.

31. ШЖБМ-те бастауыш сыныптарға арналған оқу әдістемелік кешен

Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім беру жүйелерінің практикалық іс-әрекетіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологиялар, дербес жағдайда, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге және түйінді құ-зыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған білім мазмұны моделін енгізу, оқу-әдістемелік кешен мен оның құрамына енетін құралдарды жетілдіру жә-не жаңғырту, жаңарту жүзеге асырылуда.

Оқу-әдістемелік кешен – оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қай-нар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында [1] тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшін білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі – оқу құралдарының сапа-сын жақсартып, оларды оқыту үдерісінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен.

Оқу-әдістемелік кешен – дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиын-тығы, оның негізіне алынатын оқулық, оқушының танымдық қызметін басқа-ратын біртұтас әдістемелік жүйені қамтамасыз етеді.

Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі:

- білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;

- әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;

- оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;

- оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.

Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - әр пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.

Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:

- мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;

- нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;

- оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;

- өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.

Оқу-әдістемелік кешен:

- мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;

- оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;

- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;

- оқушылардың мемелекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.

Қазақстанда қазіргі таңда иатематикадан жаңа буын оқу-әдістемелік ке-шен дайындалып, оның құрамын енетін құралдар бастауыш сыныптардың тә-жірибесіне ендірілді. Біз осы құралдардың ерекшеліктеріне тоқталсақ.

Сурет 1. Математикадан жаңа оқу-әдістемелік кешеннің құрамына енетін құралдар.

Оқу-әдістемелік кешеннің құрамды бөліктерінің бірі – бағдарлама. Бағ-дарлама–ресми-құқықтық нормативтік құжат. Бағдарлама– оқытудың мақ-саты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе [2].

Математиканы бастауыш оқыту бағдарламалары - төрт бөлімнен тұрады: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндет-тері, оқыту мазмұнына сипаттама; математикалық білім мазмұнының сынып-аралық бөлінуі; пәнаралық байланыстар, оқушылардың математикалық да-йындығына қойылатын талаптар.

Бастауыш сыныптардағы математиканың білім мазмұнын негізгі жеті мәселе қамтиды, мұндағы білімнің негізгі өзегі - сандардың арифметикасы, ал соның төңірегіне шамалар және олардың бірліктері, есептерді шығаруды оқытып-үйрету, алгебра мен геометрия элементтері сияқты мәселелер топтас-тырылған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: