Біріктірілген сыныптарда сыныптан тыс шараларды дайындау. 5 страница

24. Өзіндік жұмыс және оны ұйымдастырудың әдістемесі.

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдыме н «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:-Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;-Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;-Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;-Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;-жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі-;мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;-оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.- Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.-Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.-Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады. Қ азақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады.Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды. 1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады. 2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өзбеттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады.3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық талдау жасайды. Жазбаша грамматикалық талдау жұмыстарын алғашқыда сызба бойынша өткізген қолайлы.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын басқару ісі 1-сыныптан басталады. Ал, 3-сыныпта жүргізілетін жұмыстар 2-сыныпқа қарағанда мазмұны және көлемі жағынан күрделі болады. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.

25 арай

26 ШЖМ-тің тарихи жағдайы мен ағымдағы жай-күйі.

Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.

Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.

Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.

Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.

2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.

Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.

ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.

ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.

ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.

Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.

Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды.

Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.

Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.

1870 жылғы 26 наурызда жарияланған «Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң» мен «Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы» ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды.

Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.

ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды.

Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - әдіскер, психолог, педагог сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тәжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.

Шағын жинақты бастауыш мектептерде де математика пәні қалыпты мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының көмегімен оқытылады.

Қазақстанда қазақ бастауыш мектептері төл оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әріден келе жатқан, нақтырақ айтсақ, бастауыш қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өзінен алатыны, бір жарым ғасырға жуық уақыт бойы күн тәртібінен түспеген мәселелердің бірі.

«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу-құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді Б.М.Қосанов.

ХХ-ғасырдың басында М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нәтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пәндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пәнінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жәленұлы, Қ.Сәтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дәрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.

1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай әрекетке ғалым-педагогтар тарапынан қарсылық болды.

1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту әдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мән береді.

1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мәселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне шолу жасай келіп, әрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен әдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады деген қорытынды жасайды.

1980 жылы Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мәселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы әрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, әрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.

1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен әдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мәселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пәндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мәселесіне қатысты әдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984), О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пәнді оқыту әдіс-тәсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тәрізді негізгі мәселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пәннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.

1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981).

Бұл еңбектерден шағын жинақты мектептегі оқу-тәрбие ісі жалпылама сөз болмай, негізгі жұмыс түрлері көбірек қамтылып, нақты нұсқаулар беріле бастағанын байқаймыз.

Бірақ, тек қана 1980 жылдары Самарқан Егізбаев, Төлеген Оспановтардың батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен әдістемелік құрал мәселесі Мәскеу ғалым-педагогтармен келісілді. Соның нәтижесінде 1986 жылы қазақ баласының табиғатына жақындау математика пәнінен оқулықтар шыға бастады. Бірақ бұл мәселе шешімін Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мәселе алға жылжыды.

Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді.

Соның арқасында және мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтын азаматтардың жігерлі қимылының негізінде Республика мектептері 1992-1993 оқу жылынан бастап төл оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге көше бастады. 1996-жылғы 26-маусымдағы № 1173-қаулысына сәйкес республика мектептерін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік топтамалармен қамтамасыз ету мақсатты бағдарламасы қабылданды. Осының негізінде 1997-1998 оқу жылынан бастап, барлық тілдегі бастауыш мектептер толығымен жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етілді.

Бұл құралдар ҚР бастауыш білімнің мемлекет стандартының негізінде дайындалған бағдарламаға сәйкес жазылған, қазіргі кезде негізгі құрал болып саналады.

Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.

Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.

27. ШЖБМ-тегі тәрбие жұмысының рөлі

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Қорыта айтқанда, тәрбие –қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: